Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден



бет1/4
Дата22.02.2019
өлшемі0.73 Mb.
#99282
  1   2   3   4


К І Р І С П Е




Халық шаруашылығындағы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен және бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні – деп айтуға болады, немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға – деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылыуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.


Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден

болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған орай қазіргі таңда мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі қайтару, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істелініп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын рөлінің ұшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай гүлденіп, дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.

Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақыланып отырылатын мәселелер арасында күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” атты стратегялық бағдарламасында “Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты шағын және орта бизнесті дамыту” - деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырғыш күш деп білуі қажет.

Шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп көңіл бөлінуіне байланысты елімізде күннен-күнге бухгалтер және аудитор мамандарына деген сұраныс артуда. Әрине олардың кәсіпкерлік шаруашылығын дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі әрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі таңда халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірибесін тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір жүйеге келтіру болып табылады.

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы “ Бухгалтерлік есеп туралы” , “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалынған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы және Кіріс министрліктерінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады. Еліміздің егемендік алып өз алдына ел болғанына да он жылдай уақыт өтті. Осы жылдардың арасында көптеген өзгерістер болды. Кеңестер Одағы тұсында жоспарлы экономика жолымен дамып келген шаруашылықтарды нарықтық жолға көшіруге тура келді. Осыған сәйкес шаруашылық субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп жұмысына да өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды.

1995-ші жылғы желтоқсан айының 26-жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің “ Бухгалтерлік есеп туралы” Заң күші бар номері 2732-ші Жарлығы қабылданды. Бұл заң жарық көргеннен бері оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы заңға сәйкес 1996-шы жылғы қараша айының 25-ші жұлдызында қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспары бекітіліп, 1997-ші жылғы қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық субъектілері жаңа бухгалтерлік есеп стандарты бойынша өз жұмыстарын жүргізе бпстады. Қазақстан Республикасында қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі экономиканы көтеруге, оны ішкі және сыртқы инвесторлар үшін неғырлым тиімді етіп құруға мүмкіндік береді.

Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп (дайындап, жасап) шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімінің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтап оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда шаруашылық субъектінің материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады. Осы жоғарыда айтылғандарды дұрыс жүргізу үшін кәсіпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын рөлі ерекше. Жаңа үлгідегі, сапасы жоғары еңбек құралдары болмайынша кәсіпорынның айтарлықтай жетістікке жетуі мүмкін емес. Сондықтан да “Негізгі құралдардың есебі және аудиті” тақырыбы бүгінгі күнгі актуалды тақырып болып табылады. Осы себептен жоғарыда аталған тақырып диплом жұмысын жазу үшін таңдалынып алынды. Диплом жұмысын жазу үшін “ЮПМ” ашық акционерлік қоғамының материалдары пайдаланылды.



1-Тарау. Негізгі құралдар есебінің теориялық негізі

1.1. Шаруашылық субъектінің экономикалық сипаттамасы
Жабық нысандағы акционерлік қоғам Южполиметалл Қазақстан Республикасының әділеттік министрлігінің ОҚО әділеттік басқаруында кәсіпорын ретінде 22.01.1999 жылы тіркелді.

Құқықтық тұлғаның мемлекеттік тіркелу куәлігінің тіркеу нөмірі 10037-1958-АҚ.



Меншікті иелігі- жеке

АҚ негізгі қызметі: түсті, асыл, құнды, сирек кездесетін металдарды, өнеркәсіптік өнімдерді және металлургиялық өндірістің қалдықтарын өндіру, өңдеу, сақтау және сатумен қоса, минералды шикізаттарды өңдеу, түсті және қара металдардың сынықтарын жинау, сақтау, өңдеу және сату, халық және әртүрлі ұйымдарға көрсету және тағы басқалары болып табылады. Іс-әрекеттердің негізгі мақсаты пайданы таба отырып акционерлердің мүддесін қорғау және өндірісті дамыту мен қоғамдық топтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттылған.

Южполиметалл ЖАҚ бухгалтерлік есепті және қаржылық есеп беруді, салық есебін, ішкі бақылау мен аудитті ұйымдастыруда Заңды күші бар ҚР Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» жарғысына 26.12.1995ж. нөм. 2732, ҚР салық кодексіне, бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандарттарына, басқадай ҚР заңды және нормативтік актілер мен ережелерге, тәжірибелік нұсқауларға, ҚР қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит департаментінің нұсқауларына сүйенеді. ЖАҚ есептік саясатын құрастырғанда келесі принциптерді негізге алған: есептеу, үздіксіздік, түсініктілік, мәнділік, мағыналылық, дұрыстылық, тәуелсіздік, сапалылық, жан-жақтылық, толықтылық, аяқталғандылық, салыстырмалылық, реттік.

Южполиметалл ЖАҚ полиметалдық шикізаттардан қорғасын, жанама түрде кездесетін сирек түсті металдарды ала алатын өндірушілердің алпауыттарының бірі. Негізгі өнімі болып- халықаралық стандарттарға сай келетін қорғасын табылады. Ол Лондондық биржада 1989 жылдан тіркелген, тіркеу нөмірі 89/389.

ЖАҚ қорғасын, күкірт қышқылды және сирек кездесетін металдардың өндірістері, ең таза металдарды алатын қорғасын прокатын және басқадай қорғасыннан алынатын түрлі бұйымдардың цехтары бар.

Зауытта полиметалдық шикізаттан 13 элемент пен 30 түрлі өнім: рафинацияланған қорғасын, штейндегі мыс, возгондағы және сульфаттағы мырыш, антимонаттағы сурьма, перренаттағы рений, жоғарғы тазалылығы бар қорғасынды сурик, қорғасын прокаты және алтынды-күміс құймасы (ДОРЕ құймасы).

Кәсіпорында қорғасын 1934 жылдан бастап өндіріліп келеді. 1946-1955 жылдары бірінші ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1960-1978 жылдар аралығында кейінгі қайта жөндеу жұмыстарымен қоса кәсіпорын қуатын жылына 167 мың тоннаға дейін өндіретін мүмкіндіктерін жасады. Осының нәтижесінде зауыт дүниежүзінде қорғасын өндірісінде 2-ші орынға ие болды. Зауытта қорғасын өндірісінің классикалық пирометаллургиялық құрылымы пайдалануда, 99,999 пайыздан 999,999 пайызға дейін таза қорғасын, висмут, кадмий, талий, телур және сурьма ала алатын жоғарғы өндірістік технология пайда болып өндіріске енгізілді. Жоғарғы тазалығы бар қорғасынды-суриктік құйманың өндірісі игеріліп, табиғи газ бен пешті бумен суытуды пайдалана отырып құрамында мырышы бар шлактардың жоғарғы тиімділікті фьюменгтік технологиясы пайдалануда. Бұл металлургия саласындағы жұмыс істейтін үлкен компаниялардың қызығушылығын тудыруда.

Шикізаттардың жоқтылығы мен өзіндік капиталдың жеткіліксіздігі бар жағдайында өндірістің құлдырауын басып өту үшін біздің- бизнес-жоспарымыз өндірісті тұрақтандыру бағдарламасын ұсынып отыр. Бұл жергілікті және ТМД елдеріндегі шикізаттарды пайдалана отырып рафинацияланған қорғасынның өндірілуі айына 10 мың тонна болған кезде, алтынды-күміс құймасының және висмут, мыс штейні, қорғасын прокаты мен сурикінің өндіру көлеміе ұлғайтқанда ғана тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ал кейіннен күкірт қышқылды қорғасын мен қорғасын құймасын, оптикті-волокнолық кабельді шығаруды қолға алу.

Осындай өндіріс көлемінің нәтижесінде жоғарғы рентабельділікке қол жеткізу және инвестициялардың келуіне мүмкіндік туғызар еді.

Южполиметалл ЖАҚ негізгі құралдарына келесілер кіреді: жер, үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары және басқалары. Балансты құру кезіндегі есептелген амортизация аударымын шегергендегі негізгі құралдардың алғашқы құны бойынша есепке алынады.

01.01.2004 жылға негізгі құралдардың алғашқы құны: 1443802 мың теңгені құрады. Оның ішінде:



  1. жер- 367 мың теңге;

  2. үйлер мен ғимараттар- 580343 мың теңге;

  3. машиналар мен жабдықтар- 787367 мың теңге;

  4. негізгі құралдардың басқадай түрлері- 75639.

2004 жылдағы негізгі құралдарды енгізу алғашқы құны бойынша 259568 мың теңгені құрады, ал қалдық құны бойынша 131960 мың теңгені құрады. 2004 жылы 248985 мың теңгеге негізгі құралдар шығып кетті, соның ішінде: 27673 мың теңгеге сатылды, жарғылық капитал үлесіне 11822 мың теңге тиді және 209490 мың теңгеге негізгі құралдар ескіруге сәйкес алғашқы құны бойынша шығарылып тасталды.

Амортизация бір қалыпты түзу сызықты әдісі бойынша есептеледі / 2004жыл бойынша амортизациялық шығыстар 49921 мың теңге құрады, соның ішінде өндірістік негізгі құралдар бойынша 44719 мың теңге, жалпы және әкімшілік негізгі құралдар бойынша 48 мың теңге, өндірістік емес негізгі құралдар бойынша 927 мың теңге, жалға берілген негізгі құралдар бойынша 227 мың теңгені құрады.

2005 жылға ескірудің жинақталған соммасы 941574 мың теңгені құрады, ал 2004 жылға бұл 909614 мың теңгеге тең болды. 01.01.2005 жылға негізгі құралдардың алғашқы құны 1454386 мың теңгені құрады, соның ішінде:


  1. жер –8053 мың теңге;

  2. үйлер мен ғимараттар– 640974 мың теңге;

  3. машиналар мен жабдықтар- 744938 мың теңге;

  4. негізгі құралдардың басқадай түрлері- 60421 мың теңге.

01.01.2005 жылғы негізгі құралдардың қалдық құны 544772 мың теңгені құрады, соның ішінде:

  1. жер- 8053 мың теңге;

  2. үйлер мен ұимараттар- 307805 мың теңге;

  3. машиналар мен жабдықтар- 187148 мың теңге.

01.01.2005 жылға негізгі құралдардың қайта бағалануы нарықтың орташа бағаларының деңгейі жоғарылағанның нәтижесінде жүргізілмеді.

Амортизациясы және бюджетке аударымдар толық есептелген эксплуатациядағы негізгі құралдардың алғашқы құны 01.01.2005 жылы 370928 мың теңгені құрады, соның ішінде:



  1. жер- 31642 мың теңге;

  2. үцлер мен ғимараттар- 13347 мың теңге;

  3. өткізу құрылғысы- 68526 мың теңге;

  4. машиналар мен жабдықтар- 255184 мың теңге;

  5. көлік құралдары- 1692 мың теңге;

  6. қосалқы заттар- 537 мың теңге.

Аяқталмаған құрылыстың құны 01.01.2004 жылға 180434 мың теңгені құрады, соның ішінде: қоймадағы жабдықтар- 180434 мың теңге құрады. Ал 01.01.2005 жылға аяқталмаған құрылыстың құны 202434 мың теңгені құрады, соның ішінде:

  1. құрылыс материалдары- 4631 мың теңге;

  2. сонаждағы жабдықтар- 10135 мың теңге;

  3. қоймадағы жабдықтар- 187668 мың теңге.

2004 жылы негізгі құралдарды жөндеу жұмыстары 74608 мың теңгеге жүргізілді, соның ішінде:

  1. өндірістік негізгі құралдар бойынша- 73727 мың теңге;

  2. жалпы және әкімшілік негізгі құралдар бойынша- 584 мың теңге;

  3. өндірістік емес қорлар бойынша- 297 мың теңгені құрады.

Өндірістік және әкімшілік негізгі құралдарды жөндеу жұмыстар шығындарына 74311 мың теңге құқықтық тұлғалардан алынатын қосалқы құн салығы бойынша тек 23989 мың теңге шегеріске жіберілді, яғни бар болғаны 10 пайызға ғана.

Жарғылық қорға – 600 мың теңге аударылды;

Медициналық орталыққа – 11810 мың теңге;

2004 жылдың инвестицияларының қалдығы – 12410

мың теңгені құрады.

2007 жылдың балансынан





Активтер

Жыл басы

Жыл аяғы

Ауытқулар

(+ ; -)


Негізгі құралдар

1443802

1454386

10584

Жер

453

8053

7600

Үйлер мен ғимараттар

580343

640974

60631

Машиналар мен жабдықтар

787367

744938

-42429

Басқадай негізгі құралдар

75639

60421

-15218

Жинақталған ескіру

941574

909614

-31960

Қалдық құн

502228

544772

42544

Аяқталмаған құрылыс

180434

202434

22000

Жалпы есепті жылда негізгі құралдар көбейді, оның құраған сомасы 10584 теңге болды. Бұл үйлер мен ғимараттардың көбеюіне байланысты болды, ол 60631 теңгені құрады. Сонымен қатар ол 42429 теңгеге төмендеді. Негізгі құралдардың белсенді бөлігі машиналар мен жабдықтар және басқадай негізгі құралдар 15218 теңгені құрады. Айта кететін жай, кестедегі мәліметтерге сәйкес кәсіпорынның негізгі құралдарының негізгі бөлігі ескірген, оны біз ескіру мәліметтері және қалдық құнынан көре аламыз. Мұндай негізгі құралдар кәсіпорындағы барлық негізгі құралдардың 2/3 бөлігін алып отыр. Сондықтан да кәсіпорын басшыларының алдында қазір негізгі құралдардың, әсіресе белсенді бөлігін жаңарту қажеттілігі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Осыған орай бұл мәселе дипломдық жұмыстың талдау бөлімінде ашылып көрсетілген.


1.2.Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебі
Жалпы негізгі құралдар – деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 “Негізгі қорлар (құрал-жабдықтар) есебі” –деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.

“Негізгі құралдарға”- қозғалмайтын мүлік, жер участкілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатқызылады.

Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатқызылмайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалынып (салынып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірместен ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатқызылмайды.

Барлық “негізгі құралдар” өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатқызылады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларында және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталынады.

“Негізгі құралдарды” халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.

Егер шаруашылық субъектінің балансында осы субъектінің негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын өызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатқызылады.

Шаруашылық субъектісінің балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатқызылады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма, тағы басқалары);

ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар, тағы басқалар);

б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбылдар, тағы басқалары);

в) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер электроаппараттық трансформаторлар, эксковаторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар, кассалық аппараттар ментағы да басқалары);

г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы басқалары;

ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер тағы да басқа негізгі құралдар);

д) шаруашылық – құрал жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтар, тағы да басқалары);

е) жұмыс және өнім малдары;

ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;

з) жер (шаруашылық субъектінің сатып алған жер көлемінің құны);

и) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;

к) басқа негізгі құралдар (кітапхана қорлары тағы басқалары).

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы 001-ші “Жалға алынған негізгі құралдар”- деп аталатын шотта есептейді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған –деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатқызылады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатқызылады.

Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай

а) негізгі құралдар

ә) тауарлы-материалдық қорлар немесе

б) қаржылық инвестициялар

болып бөлініп есептелінеді.

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны –ол активті салуға, сатып алуға , әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін процент (пайыз) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез-келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады). Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және қажет болып саналмайтын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады.Негізгі құралдардың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынандай шығындар кіргізіледі:

а) жер участкісінің бастапқы құнына:

Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісім шартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі(кіргізіледі).

ә) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:

Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі).

Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген процент сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатқызылады және де негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.

Шаруашылық субъектінің өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындары: материалдар, жұмысшы қызметкерлерге төленген еңбек ақы сомалары, еңбек ақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиенің проценттері, заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алуға кеткен шығындар мен басқа да шығындар енгізіледі.

Шаруашылық субъектілері жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды бір тұтас ретінде пайдалануға сатып алынса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер участкесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі объектілерді қоса) шығынның қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.

Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:



  • Үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша.

  • Шаруашылық субъектісі негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша.

  • Шаруашылық субъектісі негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік (сараптамалау) жолымен.

Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл шаруашылық субъектінің белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтық бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың баланстық құны – бұл шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.

Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны – негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты болатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастауарқылы анықталады.

Негізгі құралдардың келісілген құны – кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушы арасындағы келісілген құн болып табылады.

Бухгалтерлік шоттарда есептелінген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:

а) Негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсағанда (кеңейткенде, жаңартқанда тағы да) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде.

ә) Үкіметтің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.

Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объект бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ.Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбек ақысы жалпы негізгі құралды өндіру салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалынған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын уақыт өте қайтадан бағалап тұрады. Негізгі құралдарды қайта бағалау үкіметтің қаулысымен барлық жерде шаруашылық субъектілерінде белгілі бір күнде, мезгілде жүргізіледі.

Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі салу өндіру құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Шаруашылық субъектілерде негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағаланғаннан бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.

Негізгі құралдардың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі бағасының өсуі 12-ші бас шоттың тиістісінің дебетіне 541-ші “Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал” шотының кредитіне жазылады.

Қайта бағалау жүргізілген күні шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа апарылып отырылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив есептен шығарылған сәті ғана ауыстырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет