Азылық деп атауы осыдан шыққан. Қазылық Манас жырында да айтылып отырады. В. В



Pdf көрінісі
Дата27.09.2018
өлшемі50.13 Kb.
#85065

Атақты ғалым Ә. 

М а р ғ ұ л а н : 

Қ

арқаралының күншығысында Семейдің 



күнбатысында тұратын биік тауларды (Кент, Мыржық, 

Абралы.Дегелең) ерте заманда Қарлықтардың 

қ

оныстанып отырғанын қытай тарихы ашық 



жазған.Сондықтан кейбір ғалымдардың Қарлықты -

Қ

азылық деп атауы осыдан шыққан. Қазылық «Манас 



жырында да айтылып отырады. В.В. Радлов Қазылық 

тауы» Қазақстан жерінде екенін ашық мысалмен кел-

тірген - дейді 

(Марғұлан Ә. Ежелгі-

жыр аңыздар.Алматы, 

1985,172 6). Бұдан 

Қ

арқаралы, Қаракесек, 



Қ

арлық атауларының 

бір «қар» түбірінен 

жасалғаны көрініп 

тұр.Көне түркі тілінде 

бұл түбір сөз кебінесе 

тау мағынасын береді. 

Қ

арқаралыны Қазылық 



тауы деп те атауы соның дәлелі.Әбілғазының «Түрік 

шежіресінде» Оғыз ханның алты ұлы бар еді.Үлкенінің 

аты - Күн хан, екіншісі - Ай хан, үшіншісі - Жұлдыз хан, 

төртіншісі - Көк хан, бесіншісі Тау хан, алтыншысы -

Теңіз хан. Бұл алтауының әрқайсысының 

қ

атындарынан туған төрт-төрттен ұлдары бар еді. Тау 



ханның Салұр, Емүр, Ала атты және Үркер атты төрт 

ұ

лы болған(Әбілғазы. Түрік шежіресі.Алматы, 1991.24-



25 б.). Шежіредегі Тау хан деген атау сол хан елінің 

таулы аймақта тұратындығын мегзейді.Қарлықтар 

ежелден Алтай тауларының батысы мен Қазақстанның 

шығыс және орталық таулы ( Сарыарқа) аймақтарын 

мекендегені белгілі.Алтайдың батысындағы Мұзтау 

қ

арлықтардың ежелден тәңіріге табынатын орны 



эолған. Мұзтау туралы «Оғызнаме» тарихи даста-

нында: Оғыз қаған бір Шауқартаң (деген) айғырға мініп 

күруші еді. Осы айғырды бек қатты сүйетін еді. Жолда 

ол айғыр көзден ғайып болды, қашып кетті. (Сол 

арада) үлкен бір тау бар еді. Ұша-қырқасы тоң және 

мұз болатын. Оның аты Мұзтау еді. Оғыз қағанның 

айғыры осы Мұзтаудың ішіне қашып кетті. Оғыз қаған 

бұған көп уақыт қапа шекті. Әскерде бір зор қайратты 

ер, өзі бек кісі бар еді. Анау- мынаудан қорықпайтын 

еді, қиын жүрісте, боранды шақта оңтайлы, икемді ер 

еді. Осы бек тауға кірді (қарап) жүрді. Тоғыз күннен соң 

Оғуз қағанға айғыр атты алып келді. Мұзтауда суық, 

аяз болғаннан ол бек қырауға малынған, аппақ еді. 

Оғыз қаған қуана кулді, күліп айтты: 

"Ай, сен бектерге бек болған бастық, 

Менен саған ат болсын Қағарлық!"- деп айтты. Қымбат 

бұйым сыйлады (Щербак А.М. Огуз-наме, Мухаббат-

наме. М.1959, с.22-42).«Оғызнамені» жете зерттеген 

ғалым Қ.Өмірәлиев қағарлықтың бектерге бек бо-

луына ерекше көңіл аударып: "Осы жерде тарихи 

деректің ізі бар: Қағарлығ ер бек - Қарлық тайпасының 

жиынтық образы — дейді (Өмірәлиев Қ. Оғуз қаған 

эпосының тілі. Алматы," Ғылым , 1988. 926,). Егерде 

"Мұзтау" қарлықтардың ертеден қоныс қылған Алтай 

таулы өлкесін нұсқаса, ал "бектерге бек болу" — оның 

Жетісуда түргештерді жеңіп, қарлықтардың өз мемле-

кетін (VIII ғ. ортасы) құруын мегзейді. 

Жоғарыда келтірілген «Оғызнаме» тарихи 

аңызындағы Оғыз ханның жоғалған Шауқартаң 

айғырын Мұзтаудан Қарлық бектің тауып әкелуі де осы 

қ

арлықтарда ала аттардың болғанын мегзейді. 



"Шауқар" - көне түркі тілінде ала деген мағынаны біл-

дірген.Ала түсі Қазақтың үш жүзінің бөлініп, жеке ел 

болуы туралы аңызда да айтылады.Мысалы аңызда: 

Ерте-ерте ертеде бір хан ұлды болады. Ол өзі ала 

болған екен. Хан масқаралықтан кұтылмақшы болып, 

оны даладағы бір кемпірге асырауға беріп жібереді. Ұл 

— ержүрек, батыл, әрі ақылы да көркіне сай болып ер 

жетіпті. мұны естіген хан өзінің атақ дәрежесіне нұқсан 

келтірмейтінін біліп, ұлын алып келуге қарамағында 

жүз жауынгері бар Үйсін қолбасшыны жібереді. 

Ханның баласы 

қ

айтып келмегені былай тұрсын, Үйсінді әскерімен 



бірге біржола өз жанында қалдырады. Бір жыл өткен 

соң хан тағы бір жүздікпен Болатты жібереді. Бірақ, ол 

да хан баласының тұрған жерінің сұлулығы мен 

байлығына қызығып, қалып қояды. Осылай, кейін жі-

берген Алшын да өз жүздігімен сол жерде қалып, сол 

үш жүзден қазақ халқы пайда болады. Екінші бір 

аңызда бұл жүздіктердің кейбірінен тұтас халықтар 

қ

алыптасып көбейеді, ал кейбірі соғыста қырылып 



азаяды. Сондықтан олардан азғана ұрпақ қалады. Ұлы 

жүзде - Үйсіннің, Орта жүзде — Болаттың, ал кіші 

жүзде Алшынның ұрпақтары қалған (Потанин Г.Н. 

Казах-киргизские и алтайские предания, Пг. 1916,52-

53бб.).Аңызда хан баласының ала" болуы ерекше 

көңіл аударарлық. Ертеде ғұн дәуірінде-ақ, әр ірі ру 

тайпалардың сарбаздары бір түсті ат мінген. Ал оның 

ішінде қарлық аттары, жабайы жылқылармен 

будандастырылғаннан түсі ала болғаны белгілі. 

Аңызда "бала" түсінің ала болуының сыры осында 

жатқан болуы керек. Сондықтан Үйсін, Болат және 

Алшынның өз жүздіктерімен ханның ала ұлына барып 

қ

алып қоюын, олардың қарлық ру-тайпалық бірлесті-



гіне енгенін меңзеитіні анық. 

Сонымен, Тау хан ұлының Ала аттылы деп аталуы да 

қ

арлықтардың ала аттарды өсіріп ұстағанын көрсетеді. 



Олар ала атты таулы аймақтардағы жабайы 

жылқыларды (құлан.тұрпан) үй жылқысымен буданда-

стыру арқылы алып, қолға үйретіп ұстаған. Осы ат-

тарды ежелгі түркілер «булак ат», яғни ала, тұқымы 

араласқан ат деген мағына берген. Белгілі ориента-

лист Ю.А.Зуев түркі тілінің үндестігіне сәйкес, «булат» 

- болатты (қаракесектің атасы Болат) Ьulа - аt 

аt< Ьulag аt деп, қалпына келтіреді. Бұл аттардың 

ерекшелігі: ұзақ жүріске, жорықтарға, шөлге өте 

төзімді, арқасы кең, тұяғы кішілеу, бойы аласа, 

қ

осымша күту бағуды кажет етпеген.үй жылқыларынан 



артықшылығы көп болған.Кезінде Араб халифаты мен 

басқа Шығыс елдері осы аттарды қарлықтардан сатып 

алу үшін арнайы экспедиция жабдықтап отырған. (Езіп 

Е.Тһе һогсе іп tuгсіс агt / Сеntгаі Азіаtіс Jоuгnаі,



 VOL.10, 

3-4,р.201-209).0сы қарлықтар мінген ала аттарды 

«қазылық» аты (тау аты) деп атаған. Қорқыт Ата кіта-

бында бұл аттар туралы: «Сайрап жүрген Қазылық 

атына міңгейсің» - делін-ген. Мұны Ә. Марғұлан да ке-

зінде тамсана отырып жазған. 

Махмуд Қашғари бұл аттарды өз сөздігінде «аркун» -

жабайы жылқымен үй жылқысын будандастырылуы-

нан алынған, олар бәйгеде бірінші орын алады - деп 

жазған (Махмуд Кашгарий.Тур-кий сузлар девони (Де-

вону луготит турк)т.1.Ташкент, 1960,132 б.). Түркі ті-

лінде «аркун» термині (аргун -арғын) осы уақытқа 

дейін «аралас», «метис» мағынасын береді (Шербак 

А.М.Обозначения домашних и диких животных./Исто-

рическое развитие лексики тюркских 

языков.М.1961,88-89бб.).Осы мағынада «алача» 

(Алаша) термині де қолданылған (GаbаіnА. \/оп Gtерре 

undStadt іm Іеbеп der аіtеsten Tuгken./Der Іslam, 1947, 

Вd.29). 

Этникалық тұрғыдан алғанда Қарлықтардың құрамы 

толықтай қазақ шежіресіндегі каракесектерден 

тұрады. Үш Қарлықтың басты бір «моула», яғни болат 

тайпасы Қазақ шежі-ресіндегі Арғынның құрамына кі-

ретін үш қаракесектің атасы Болатқожа болып табы-

лады.Ал «чисы» - чик - шігіл тайпасы қазақтың кіші 

жүзіндегі қаракесек бірлестігіндегі Әлімұлының басты 

руы шектілер. Шөмен, Шөмекей де ұраны қаракесектің 

«дөйт» болып осы бірлестікке кіреді. 

Сонымен жоғарыда айтылған Қарқаралы, 

Қ

аракесек, Қарлық барлығы бір ортақ - тау 



мағынасында синонимдік атаулар тізбегін құрайды 

десек болады. Қарқаралы географиялық жер атауы 

(таулы жер),ал қаракесек пен қарлық (тау халқы) 

этникалық тұрғыдан синонимдік сипатқа ие. Ендеше 

тұрған жері де, оны мекен еткен халқы да бірлікте 

екені дәлелденіп тұр. 

Енді мұндай жағдайда, яғни тұрғын халқы мен оның 

мекен еткен жері бір болса, олардың ел мемлекет 

құ

рған уақыты анықталу керек. Сонда ғана ол елдің 



жасы мен тарих сахнасына мемлекет құрып шыққан 

уақытын белгілеуге мүмкіндік туады. 

Бұл мәселені шешуде қарлық елінің мемлекет 

құ

рған уақытын анықтау қажет.Тарихта белгілі үш 



қ

арлық тайпасы тарих сахнасына ҮІ- ғасырдың 

соңына карай шыққаны қытай деректерінде айты-

лады.Содан әуелде Батыс Түрік қағанаты құрамында 

болып, кейін күшейген Шығыс Түрік қағанатына 

тәуелді болды. Алайда ҮІІІ -ғасырдың ортасына қарай, 

нақтылап айтқанда 742 жылы қарлықтар басмылдар 

және ұйғырлармен біріге отырып Шығыс Түрік 

қ

ағанатын құлатты. 751 жылы арабтар мен қытайдың 



Орталық Азияда үстемдік ету үшін болған атақты 

Атлах шайқасында қарлықтар арабтарға көмекке 

келіп, мұсылман өркениетінің осы аймақта таралуына 

ықпал етті.Сөйтіп, қарлықтар өздерінің тәуелсіз мем-

лекетін құру және ежелгі түркілердің саяси билік 

мұрасы үшін күреске белсене кірісті. Нәтижесінде 

құ

рамына бұрыңғы «Он оқ» елі мен түргештерді ала 



отырып, 840 жылы қарлықтардың көсемі Білге Күл 

Қ

ара Қадыр хан өзін қаған жариялады. "Хакандардың 



хаканы солардан (қарлықтардан) болды, ол 

түріктердің басқа мемлекеттерін және олардың па-

тшаларын өз қол астына бағындырды ... Шана (яғни 

Ашина) да солардан (карлықтардан) болды - деп жа-

зады араб деректерінде (Әл-Масуди. Китаб ат-танбих 

вал-ишраф. М. G Gоеjе, Lugduniі-Ваtаvоrum, 1894 

(ВGА, VIII) 1, 2886). Сөйтіп, Қазақстанның орталық 

және шығыс аймақтары мен Жетісу өңірі Қарлық 

қ

ағанатының қол астында болды.Осы кезеңде Қарлық 



мемлекетінің жерін батыстан шығысқа, яғни Жібек Жо-

лымен өту үшін 30 күн, яғни бір ай және 25 қаланы 

басып өту керек болғанын саяхатшылар жазған (Ибн 

Хукал. Китаб әл-масалик в ал-мамалик. /ВGА, VОL 

11,1899.3906.) Кейін исламды қабылдаған қарлық 

қ

ағанатының ру-тайпалық конфедерациясы негізінде 



сол кездегі түркілердің ең өркениетті, дамыған, 

әлемдік тұлғалар: Әл-Фараби, Махмұд Қашғари және 

Жүсіп Баласағұнды дүниеге әкелген Қарахандар мем-

лекеті құрылғаны белгілі. 

Сонымен, әу баста қаракесектерден тұратын 

қ

арлықтардың күшейе келе толыққанды мемлекет 



құ

руы және көсемі Білге Күл Қара Қадыр ханның қаған 

болуы 840 жыл болып табылады.Қазақ шежіресінде 

Қ

адыр хан кіші жүздің Алшынынан Құдияр, Құдиярдың 



үлкен баласы Қаракесек, кішісі Қьідырбай 

(Қыдырқожа) көрсетілген. Міне осы Қыдырбай 

(Қыдырқожа) қарлықтар өзінің мемлекеттілігін 

(қағанатын) құрғанда өзін алғаш қаған деп жариялаған 

Білге Күл Қара Қадыр хан болу керек. Бұған оның ше-

жіредегі таксономиялық дәрежесі де, яғни 

Қ

ыдырбайдың қаракесектен (қарлық) кейін келуі де 



сәйкестікті қөрсетеді. 

Сонымен, жасалатын қорытынды: ежелгі қарлық 

түркілері дегеніміз қазақ шежіресіндегі Орта жүздегі үш 

қ

аракесек (қарлық-тың болат тайпасы бас болған) пен 



Кіші жүздегі қаракесек (қар-лықтардың екінші үлкен 

тайпасы шігілдер - шектілер) бірлестігі, яғни - Әлім 

ұ

лы, Шөмен, Шөмекей, Кетелер. Әуелде Қазақстанның 



шығысы мен орталығын жайлаған олар бірте.бірте Же-

тісу мен Батыс Қазақстан аймақтарын, тіпті Кавказ 

өңіріне де таралған. Оған түрлі саяси оқиғалар мен 

миграциялық көштер ықпал (Шыңғыс хан жорығы, X 

ғасырдағы батысқа қарай жалпы миграциялық жыл-

жулар) еткен. Қарқаралы таулы өңірі, яғни Қазылық 

таулары ( қазылық аттарын, яғни ала аттар тұқымын 

өсірген) ежелгі қарл-ықтардың мекені болып, атауды 

солар оерген. Оған жоғарыда айтылғандай, қытай де-

ректері дәлел. Сонымен қатар, ол атаулардың ортақ 

«қар» түбірінен жасалатындығынан да анық 

байқалады. 



Олай болса, Қарқаралының мерей тойларын 

атағанда біз - «Мәңгілік Елдің» ұрпақтары патша 

үкіметінің бұйрығымен елді отарлықта ұстау үшін 

салынған қамалдың уақытымен емес, ежелден 

елді мекен болған Қарқаралының, оның байырғы 

тұрғындарының мемлекеттілік құрған кезінен, яғни 

елді мекеннің жасын 840 жылдан бастағанымыз 

тарихи әділдік болар еді. 

Сатай Сыздықов, 

тарих ғылымдарының докторы, 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің профессоры. 



Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет