Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлері



Дата05.04.2018
өлшемі445 b.
#64773


Қазақтың ұлттық салт – дәстүрлері


Қазақстан – ұлан – байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі халқы болған секілді. «Қазақ көп пе, масақ көп пе» деген түрікмен мәтелі осыны меңзейді. Халықтың өз ата – қонысында азшылыққа айналуы – қазақтар секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп теперіш көрген елде ғана болатын жәйт. Кең – байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата – бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы ата салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр. Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір дәлелдеп береді. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ.

  • Қазақстан – ұлан – байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі халқы болған секілді. «Қазақ көп пе, масақ көп пе» деген түрікмен мәтелі осыны меңзейді. Халықтың өз ата – қонысында азшылыққа айналуы – қазақтар секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп теперіш көрген елде ғана болатын жәйт. Кең – байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата – бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы ата салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр. Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір дәлелдеп береді. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ.



«Қалжа мен шілдехана тойы». Бір баланың дүниеге келуі тек сол бала туған отбасының қуанышы ғана емес, күллі ауыл аймақтың ортақ қуанышы. Әсіресе ұл баланың тууын қазақтар қатты қастерлеп, «ұл туғанға күн туады» дейді. Байырғы қазақ салты бойынша, бала туған күні сол отбасында той басталып, «қалжа» сойылып, маңайдағы абысын – ажын, тағы басқа әйелдер жиналып, «баланың бауы берік болсын» айтып құттықтайды. Ал кешке қыз – бозбала жиналып, түні бойы ән салып, домбыра шертіп, өлең айтып «шілдехана» күзетеді, түрлі ойын – сауық кейде өткізеді.

  • «Қалжа мен шілдехана тойы». Бір баланың дүниеге келуі тек сол бала туған отбасының қуанышы ғана емес, күллі ауыл аймақтың ортақ қуанышы. Әсіресе ұл баланың тууын қазақтар қатты қастерлеп, «ұл туғанға күн туады» дейді. Байырғы қазақ салты бойынша, бала туған күні сол отбасында той басталып, «қалжа» сойылып, маңайдағы абысын – ажын, тағы басқа әйелдер жиналып, «баланың бауы берік болсын» айтып құттықтайды. Ал кешке қыз – бозбала жиналып, түні бойы ән салып, домбыра шертіп, өлең айтып «шілдехана» күзетеді, түрлі ойын – сауық кейде өткізеді.

  • «Бесік тойы». Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу жорасы «бесік тойы» деп аталады. Бұған көбіне сол төңіректегі әйелдер шақырылады. Келген әйелдер балаға арнап шашу, көйлек – көншек, тан – моншақ, үкі, т.б. тойлықтар әкеледі. Ат қойылатын баланың оң құлағына үш рет, сол құлағына үш рет «сенің атың.....» деп айтады. Ұрпақ өсірген үбірлі – шүбірлі қадірмен әйел бір – екі келіншектің көмегімен бесікт жабдықтайды.

  • Сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті бауырсақ үлестіреді. Онан соң әлгі баланы тұңғыш рет бесікке бөлейді. Тойға жиналғандар дастарқаннан дәм татып, баланың өмірі ұзақ, бауы берік, бақытты болуын тілеп бата беріп тарасады.



«Сүндет тойы». Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаста с8ндетке отырғызады. Осыған байланысты той жасалады. Той қарсаңында сүндеттелетін баланы басына және екі иығына үкі тағып атқа мінгізіп, жақын туыстары мен жұрағаттарын аралатады. Барған жеріндегі туыстары шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі қадайды, кепеш кигізеді, әл – ауқатына сай лақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірін ен салып береді. Қазақ арасындағы бала сүннеттеу ісін осы кәсіппен шұғылданатын «қожалар» жүргізеді. Бұл қожаларды қазақ қауымы «Мұхаммед пайғамбардың әулеті» деп ардақтайды. Баланы сүндетке отырғызу төркіні ислам дінінен келген, кейін келе бұл ұлттық ғұрып - әдетке айналған. Баланың сүндет тойын, халық іс жүзінде оның қара құлақ болып, қатарға қосылуыныңалғашқы бір белесін тойлау деп санаған.

  • «Сүндет тойы». Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаста с8ндетке отырғызады. Осыған байланысты той жасалады. Той қарсаңында сүндеттелетін баланы басына және екі иығына үкі тағып атқа мінгізіп, жақын туыстары мен жұрағаттарын аралатады. Барған жеріндегі туыстары шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі қадайды, кепеш кигізеді, әл – ауқатына сай лақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірін ен салып береді. Қазақ арасындағы бала сүннеттеу ісін осы кәсіппен шұғылданатын «қожалар» жүргізеді. Бұл қожаларды қазақ қауымы «Мұхаммед пайғамбардың әулеті» деп ардақтайды. Баланы сүндетке отырғызу төркіні ислам дінінен келген, кейін келе бұл ұлттық ғұрып - әдетке айналған. Баланың сүндет тойын, халық іс жүзінде оның қара құлақ болып, қатарға қосылуыныңалғашқы бір белесін тойлау деп санаған.

  • «Қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі».Қазақтың қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі толып жатқан той – томалақ, ырым – кәделері арқылы болады. Бұлардың бәрі жалғасып, жұртқа түсінікті салтқа айналған. Ең алдымен қыз айттыратын жақ қыздың ата – анасына кісі салып, құдалық сөйлеседі. Құдалық сөйлесіп, келісімге келген соң, күйеу жақ қалыңдық жаққа өлтірі (қоржын) апарады. Осы жолы «өлтірі тойы» өткізіледі.



Отаудың ішкі жиһаздары жайнатып жиналады. Келіннің алдынан ауылдың қыз-келіншектері шымылдық алып шығып, шашу шашады. Шымылдықпен оның бет-жүзін үлкендерге көрсетпей, қайын атасының үйіне алып кіргізеді. Келін үлкен шаңырақтың босағасын оң аяғымен аттап кіріп, тізе бүгіп сәлем етеді. Үш рет иіліп сәлем берген келінге атасы: «Көп жаса, қарағым! Бақытты бол!» - деп бата береді. Сонан кейін келінді от басына төселген тулаққа отырғызады. Ол – «Жаңа түскен жас келіннің мінезі иленген терідей жұмсақ, биязы болсын» деген ырым. Келіннің қолына бір әйел май құйған ыдысты ұсынып, отқа май құйғызады. «От Ана, май Ана, шапағатыңды жаңа түскен жас келінге тигізе көр, Құдайым, жарылқа!» -  дегізеді. Осы рәсім орындалып болған соң, келінді өзіне арнайы тігілген ақ отауға енгізіп, күйеудің шешесі тиын ақша, құрт, ірімшік аралас шашу шашып, бата беріп, оң аяғымен аттап кірген келінді сол жақтағы төсекке құрылған шымылдық ішіне кіргізіп отырғызады. Қыз шешесі келінді қарсы алған қыз-келіншектерге білезік, сақина, жүзік, сырға, алқа, түрлі маржан тастар үлестіреді.

  • Отаудың ішкі жиһаздары жайнатып жиналады. Келіннің алдынан ауылдың қыз-келіншектері шымылдық алып шығып, шашу шашады. Шымылдықпен оның бет-жүзін үлкендерге көрсетпей, қайын атасының үйіне алып кіргізеді. Келін үлкен шаңырақтың босағасын оң аяғымен аттап кіріп, тізе бүгіп сәлем етеді. Үш рет иіліп сәлем берген келінге атасы: «Көп жаса, қарағым! Бақытты бол!» - деп бата береді. Сонан кейін келінді от басына төселген тулаққа отырғызады. Ол – «Жаңа түскен жас келіннің мінезі иленген терідей жұмсақ, биязы болсын» деген ырым. Келіннің қолына бір әйел май құйған ыдысты ұсынып, отқа май құйғызады. «От Ана, май Ана, шапағатыңды жаңа түскен жас келінге тигізе көр, Құдайым, жарылқа!» -  дегізеді. Осы рәсім орындалып болған соң, келінді өзіне арнайы тігілген ақ отауға енгізіп, күйеудің шешесі тиын ақша, құрт, ірімшік аралас шашу шашып, бата беріп, оң аяғымен аттап кірген келінді сол жақтағы төсекке құрылған шымылдық ішіне кіргізіп отырғызады. Қыз шешесі келінді қарсы алған қыз-келіншектерге білезік, сақина, жүзік, сырға, алқа, түрлі маржан тастар үлестіреді.

  • Қонақтарға табақ тартылғанда, үлкендер жағы келінге арнап үлпершек салып жібереді. Бұл ырым – «Ұл тап!» деген тілектен туған.  



Шақыру үрдісі Үлкен үйден басталып, әрі қарай рет-ретімен жалғаса береді. Кейде бұған осы әулетпен сыйласып, мидай араласып кеткен көрші-көлемдері де ат салысады. Мұндай дәстүрден өткен келін, сөз жоқ, келген жерінен өгейлік көрмейді. Үлкенді – үлкендей, кішіні – кішідей сыйлап, олармен ілтифатты қарым-қатынаста болады. Үйге кіріп- шыққан жандар болса, оларды жатсынбайды, - олар да мұны тосырқамайды.

  • Шақыру үрдісі Үлкен үйден басталып, әрі қарай рет-ретімен жалғаса береді. Кейде бұған осы әулетпен сыйласып, мидай араласып кеткен көрші-көлемдері де ат салысады. Мұндай дәстүрден өткен келін, сөз жоқ, келген жерінен өгейлік көрмейді. Үлкенді – үлкендей, кішіні – кішідей сыйлап, олармен ілтифатты қарым-қатынаста болады. Үйге кіріп- шыққан жандар болса, оларды жатсынбайды, - олар да мұны тосырқамайды.

  • Нәтижесінде, келін түскен әулетте сыйластық пен түсіністікке негізделген жақсы ақуал орнайды. Келінді сырт көздің сұғы мен қаңқу сөз, өсек-аяңнан сақтайтын бірден-бір қорған, міне – осы болмақ.

  • Ата-ененің келіндеріне жасар жақсылығы мен көрсетер құрметі – ол да осы ақуалмен өлшенеді. «Жақсы үйге түскен келін – келін, жаман үйге түскен келін - келсап» деген аталы сөз, сірә, осыдан қалған.

  • Сонымен қатар, «Келінді отқа шақыру» дәстүрін өз алдына бөлек үлкен бір тәрбие мектебі десе болады. Мұнда жаңа түскен келін үшін талай-талай ғибратты әңгімелер айтылады. Әрине, оны естір құлақ, тоқыр көңіл – жаңа түскен келін үшін үлкен сын. Сол сыннан сүрінбей өткен келіндер ғана «Көргенді келін» атанады. Қыз баланың тәрбиесіндегі анаға түсер салмақ – осы. «Анасын көріп, қызын ал» дегенді халық бекер айтпаған.



ҚЫЗ ҰЗАТУ

  • Тойға қатысушы қыз ұзатқан жақ пен келін түсірген жақ – екеуі, сөз жоқ, екі түрлі көңіл күйде болмақ. Бірі «Басымызға бас қосылды, бір баламыз екеу болды», - деп, масаттанысып жатса, қыз берген жақ: «Қайтеміз енді, - «Қыз - жатжұрттық» деген – осы да. Не десек те, барған жері баянды болғай баламыздың. Ата-анасына жаманат келтірмей, «Кімнің асыраған баласы еді?» - дегізбей, еңбегімізді ақтап, қосағымен қоса ағарса, біздегі тілек – осы! Алақанға салып, аялап, әлпештеп өсірген перзентіміз болған соң, қыймастықтан толқығанымыз ғой, әншейін», - деп, көздерінің жасын бір-бір сығып алысып жатады.

  • Қыз ұзату» дәстүрінің, әлеуметтік жағынан алып қарағанда, қоғамымызда алар орыны зор. Өмір болған соң ағайын арасында, «біреуде бар, біреуде жоқ» деген секілді, тұрмыс-тіршілік біркелкі бола бермейді. Мұндай жағыдайларда «Тең – теңімен, тезек - қабымен» деген қағиданы ұстана отырып, ел азаматтары, дау-даламайсыз, қашан да шаруаны реттескен. Біреудің баласы, не, қызы «Ата-анасы кедей болғандықтан, үй құрай алмай қалған екен» дегенді бұрын-соңды құлағымыз естіген емес. Және ондай уайым өсіп келе жатқан жастарымыздың санасын мазаламайтын. «Асарлатып» үй тұрғызып берген секілді, тойдың тірлігі де көппен шешілген

  • «Қыз ұзатудағы» осындай бір ізгі ниетпен қалыптасқан дәстүр – ол – «Танысу».

  • Қазақтың салтында, ұл баладай емес, қыз баланы үйден ұзатпай тәрбиелеген. «Қызға – қырық үйден тыю» деген қағида осы тәртіптен қалған. Осы себепті қыз бала өзінің туып-өскен үйімен тығыз байланыста жүргендері болмаса, жалпы ағайынды жете біле бермеуі мүмкін. Ал, ұзатылар алдында, қыз жеңгесімен бірге, қасына құрбы-құрдас, сіңлілерін ілестіріп, әлгі ағайындарды түгел аралап шығады. Мұндағы мақсат – өзі ұзатылып кеткеннен кейінгі жұртында қалар жақынының кім екенін біліп аттану. Сөйтіп, жоқтаушысы көбейіп, жанашыры молығады. Бұл орайда, сөз жоқ, ұзатылар қыздың жасауын түгендеу жұмысы қоса шешіледі. Ол - қыз жеңгесі мен барған үйдегі ағайындарының арасындағы құпия келісім



ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ

  • «Үйлену – оңай, үй болу – қыйын» дегендей, атамыз қазақ отбасын құрап, отау көтеру мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Шаңырақ иесі – ер адам. Ал, әйел адам – сол шаңырақтың ұйытқысы. Демек, құрылған отаудың бар салмағы бас қосқан сол екеуінің мойынында.

  • «Адам болар жігіттің жары өзіне лайық, керуен бастар жігіттің нары өзіне лайық» деген үдеден шығып, «Досқа күлкі, дұшпанға таба болмай», жақсы үй, үлгілі жанұя болып кету – жұбайлар үшін үлкен сын. Сол сыннан сүрінбей өткендер ғана шын отандасып, жанұялық берік одақ құрап кете алады.

  • Әрине, екі жастың жарасты өмір сүріп, жақсы тұрмыс құрып кетуі үшін жасалатын алғышарттар бар. Ол алғышарттар ағайын-туған, ел-жұрттың қол ұшын беруінсіз жасалмаса керек. Біріншіден, қыз бен жігіт бірін-бірі ұнатысып, үйленуге сөз байласқаннан кейін, екі жақты бітімге келісу үшін, жігіт жағынан қыздың ата-анасына елшілікке құда аттандырылады.

  • Бітімге келіскеннен кейін, екі жақ алдағы болар үйлену тойының шарттарын белгілеседі. Мұның бәріне жол-жоралғыны білетін тіс қаққан адамдар араласып, жағыдайды қадағалауда ұстайды

  • . Некелесудің ең бір әсерлі тұсы – неке суын ішісу. Бұл – «Біздің келешектегі ғұмырымыз бір, татар дәміміз ортақ» деген ыстық ықылас пен зор махаббаттың белгісі.

  • Некесі қыйылып, қалың қауымның батасын алған жұбайлар үлкен жауапкершілікпен жаңа отау – жұбайлық өмірдің табалдырығынан аттайды. Алла-тағала олардың айын оңынан, жұлдызын соңынан туғызғай! Әмин!!!

  • Неке қыюшының өмір тәжірибесі бар, құрани қағиданы жақсы меңгерген ниеті таза, салиқалы адам болғаны абзал. Неке қыю үстінде, екі жасқа бірін-бірі шын ұнатып қосылғандығын растап, оларды өзара бітімдестіру үшін бір неше шартты сұрақтар беріледі. Оның бәріне екі жас кезек-кезек жауап беріп, ол жауапқа екі жақтан арнайы қатысып отырған өкілдер куә болуы керек.



 СӘЛЕМДЕМЕ, КӨРІМДІК

  • Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.

  • Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдікадамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.



ЖЕТІ АТА, ТЫЙЫМ, АРАША

  • Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.

  • «Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған. Халық ұғымында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.

  • Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы адамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс. «Араша» деген сөзді естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар.



СҮЙІНШІ, ТҮС ЖОРУ

  • Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

  • Түс көру және оны жору – түркі халықтарының ертеден келе жатқан ғұрпы, әдеті. Түс жору арқылы болашақты болжау және оған сендіре білетін белгілі адамдар, әулиелер болған. Түстің жаманы да жақсысы да болады. Бірақ жорушылар оны көбіне жақсылыққа жорыған. «Түсті көрушіден емес, жорушыдан» деген сөз осындайдан шыққан. «Түсінде қорыққан өңінде қуанады» деген сөз де жақсы ойдан туған. Кейде «түс түлкінің боғы» деп халық көрген түстің бәріне бірдей сене беруден де сақтандыра білген



БАЗАРЛЫҚ, ТІЗЕ БҮГУ, ТОҚЫМҚАҒАР

  • Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.

  • Халық әдебімен тізе бүгудің бірнеше түрі, жолы, шарттары бар. Мұның бәрі де негізінен әдептілік, тәртіп заңдарына негізделген. 1. Жұмысы болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады. Егер тым асығыс болса, ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек. Бұл – шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі.2. Бұрынғы дәстүрде біреуден бата тілегенде ол адам бір тізесін бүгіп, екі қолын жаяды. Бұл әдет бүгінге дейін сақталған.3. Ұрыста, жекпе-жекте немесе айтыс-тартыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған айыпкер тізесін бүгіп, басын иіп, айыбын төлейді

  • Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.



“Ұлттық дәстүр”

  • Ұлттық дәстүр” тіркесі – қазіргі таңда өмірде жиі қолданылатын, екінің бірінің аузындағы сөз. Бірақ оның мәні мен мазмұнына сол екінің бірі жете бара бермейтіні де шындық. Қазіргі таңда оны ұлттық таным тұрғысынан ғылыми талдап, анықтамасын айқындап, мән-мағынасын жалпы көптің түсінігіне жеткізіп жатқан ғалымдарымыз да байқалмайды. Содан да болар, дәстүр сөзін әркім өз таным-түсінігіне қарай орынды, орынсыз қолдана беретіні байқалады. Мысалы, қалың көпшілікті былай қойғанда, қазіргі ат арқасында жүрген басшы азаматтарымыздың өзі дәстүрді тар шеңберде, экзотикалық-сахналық көрініс тұрғысынан қабылдап, оны қазақтың байырғы тұрмыс-тірлігіне қатысты әдет-ғұрпының, кәсіби ерекшелігінің, өнерінің және басқаларының бір бөлігі деп қарайды. Олар жайшылықта ешкім кимейтін, әлем-жәлемі көп, ою-өрнекті киімді қазақтың қыз-жігіттері мереке күндері киіп, осы мереке үшін арнайы тігілген киіз үйде отырып, қазақы тамақ ішілсе, домбырада күй тартылып, халық әндері шырқалса, соғұрлым ата-баба салтын сақтап, халықтық дәстүрімізді өмірге батыл енгізіп жүрміз деп ойлайды. Әрине, мұнда қандай бір ұғымға болсын орыстық таным-түсінік тұрғысынан қарауға қалыптастырған кешегі кеңестік тәрбиенің табы жатқаны түсінікті. Өйткені, кеңес ғылымы бізге «дәстүр» дегеніміз белгілі бір қоғамда, таптар мен әлеуметтік топтарда ұзақ уақыттар бойы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырылатын әлеуметтік және мәдени мұраның элементтері”,— деп үйретіп келді ғой.



Ал бұл, шындап келгенде, дәстүр жөніндегі қазақы таным-түсінікпен сорпасы қосылмайтын, үйлесімі жоқ, шолақ қайырым, келте түйін еді. Дәстүрді әдет-ғұрыппен де, мәдениетпен де шатастыруға әсте болмайды. Әдет – әдет, ғұрып – ғұрып, дәстүр – дәстүр. Әрқайсысы өзінше жеке атауға ие. Соған сай әрқайсысының өзіндік ұғымы, мән-мағынасы бар. Сондықтан оларды “ағайындас екен” деп бірін-біріне шатастырудың реті жоқ. Дәстүр дегеніміз, біздің таным-түсінігіміз бойынша, белгілі бір ұлтты құрайтын халықтың ата-бабаларының халық болып қалыптасу жолындағы бүкіл тіршілік тәжірибесінен сан ғасырлар бойы тірнектеп жинап, сұрыптау тезінен өткізіп, бір жүйеге келтіріп, қалыпқа түсірген өмір сүру заңы, яғни бүгінгі түсінікпен айтсақ, қатал тірліктің қағидаларынан қорытып, уақыттың өзі бекітіп берген конституциясы. Оған басқа ұлттың ортақтығы жоқ. Оның бір ұлтқа тәуелділеніп, “ұлттық дәстүр” деп аталуы да сол бір ғана ұлтқа тәндігінде, жалғыздығында. Қазақтың дәстүр сөзіне “салт” сөзін тіркеп айтатындығының мәні де, оның осы даралығында. “Салт” сөзі жалғыздықты, даралықты білдіреді. Сонда “ұлттық салт-дәстүр” деген белгілі бір ұлттың өзіне тән жеке дара дәстүрі деген ұғымға саяды. (Салыстырыңыз: салт ат, салт бас, салт жүріс, т.б.).

  • Ал бұл, шындап келгенде, дәстүр жөніндегі қазақы таным-түсінікпен сорпасы қосылмайтын, үйлесімі жоқ, шолақ қайырым, келте түйін еді. Дәстүрді әдет-ғұрыппен де, мәдениетпен де шатастыруға әсте болмайды. Әдет – әдет, ғұрып – ғұрып, дәстүр – дәстүр. Әрқайсысы өзінше жеке атауға ие. Соған сай әрқайсысының өзіндік ұғымы, мән-мағынасы бар. Сондықтан оларды “ағайындас екен” деп бірін-біріне шатастырудың реті жоқ. Дәстүр дегеніміз, біздің таным-түсінігіміз бойынша, белгілі бір ұлтты құрайтын халықтың ата-бабаларының халық болып қалыптасу жолындағы бүкіл тіршілік тәжірибесінен сан ғасырлар бойы тірнектеп жинап, сұрыптау тезінен өткізіп, бір жүйеге келтіріп, қалыпқа түсірген өмір сүру заңы, яғни бүгінгі түсінікпен айтсақ, қатал тірліктің қағидаларынан қорытып, уақыттың өзі бекітіп берген конституциясы. Оған басқа ұлттың ортақтығы жоқ. Оның бір ұлтқа тәуелділеніп, “ұлттық дәстүр” деп аталуы да сол бір ғана ұлтқа тәндігінде, жалғыздығында. Қазақтың дәстүр сөзіне “салт” сөзін тіркеп айтатындығының мәні де, оның осы даралығында. “Салт” сөзі жалғыздықты, даралықты білдіреді. Сонда “ұлттық салт-дәстүр” деген белгілі бір ұлттың өзіне тән жеке дара дәстүрі деген ұғымға саяды. (Салыстырыңыз: салт ат, салт бас, салт жүріс, т.б.).

  • Белгілі бір ұлттың адамзат өркениетінің ортақ өрісіне шығып, дамып жетілуі де, құлдырап төмен кетуі де осы ұлт дәстүрінің сақталуы мен бұзылуына байланысты. Дәстүр бұзылған жерде халықтың халықтығы бұзылады: қазақ қазақ болудан, орыс орыс болудан, шүршіт шүршіт болудан, т.б. қалады. Ал бұған керісінше, қалыптасқан дәстүрі бұзылмаған елдер халықтық қалпына селкеу түсірмей, өзіндік өмір сүру заңдылықтарын сақтай отырып, ел көшін замана талабына сай жетілдіре дамытып, алға ілгерілей береді. Мұндай елдің іргесі берік, мәртебесі биік. Өйткені, кез келген ұлттың замана дауылына төтеп беріп, кезеңдік саясат ағымының иіріміне түсіп кетпей, халықтық бірлігін, ұлттық тұтастығын сақтап қалуы үшін де ұлттық дәстүр сондай қажет. Мұның солай екеніне көз жеткізу үшін тарих тағылымына ден қойып, кешегі отарлау заманында мәдениеті мен экономикасы әлсіз, артта қалған елдерді жаулап алып, боданына айналдырған қуатты елдердің жүргізген отарлау саясатының астарына сәл үңіліп, зер салсақ, жетіп жатыр. Сондықтан да олар, ең алдымен, отарлаған елдерінің ұлттық дәстүрін жойып, оның орнына өз дәстүрлерін кіргізуге бар күштерін салған. Кешегі орыс патшалығы да, кеңес өкіметі де бізге солай істеді. Елімізді бөлшектеп, мемлекетсіздендіруге; тұтастығымыздан айырып, ұлтсыздандыруға; дәстүрімізді жойып, ұрпақты рухсыздандыруға; тарихи жадымызды өшіріп, мәңгүрттендіруге күш салды. Ұрпағы “жеңіл тулақ желге ұшадының” кебімен, ағымдағы саясат желінің өтіне төтеп бере алмай, соның ығына жығылып, қайда айдаса, сонда кетеді. Сөйтіп, дәстүрінен айырылған ел елдігінен, халықтығынан айырылады, өзгеге тәуелді болып, соның айтқанына көніп, айдағанына жүретін болады.



Міне, ел болып өсіп, өркендейміз десек, бізге де көсегемізді көгертер күретамырымыз – халықтық дәстүрімізге адал болып, ХХІ ғасырдың есігінен “қазақы дәстүр, әлемдік білім” деген ұранмен аттап, өркениет төрінен тиесілі орнымызды еншілеуміз қажет. Даму қарқыны зымырандық жылдамдыққа ілескен қазіргі заманда бізге енді еуропалық біліммен бірге әлемдік білімге құлаш ұру қажет. Солай дегенімізбен, біз, өкінішке қарай, кешегі бірін-бірі жалғастырған патшалық, кеңестік отарлаушылардың екі жарым ғасырға созылған ойраны салдарынан бұзылған халықтық дәстүрімізді қалпына келтіруге әлі күнге мақсатты қадам жасай алмай отырмыз. Дәстүр – ата-бабамыздың өзге жұрттардан кем қалмай, іргелі ел болсын деп бізге қалдырған асыл мұрасы, алтын қазынасы екенін ұғынатын кез жетті. Қазынасынан айырылғанның қайыршыға айналатыны да өмір дәлелдеген шындық. Көне заман ақылгөйлерінің ірі өкілі атақты Пифагордың: “жақсы жасалған заңнан жақсы салт-дәстүр артық”, – деп тұжырым жасауы да; өз халқымыздың: “қалпыңнан айырылсаң да, салтыңнан (дәстүріңнен) айырылма” деп өсиет қалдыруы да; ұлы әулие Қожа-Ахмет Ясауидің көшпелілер өміріне исламды кіріктіруге олардың халықтық дәстүрін негіз етуі де тегінен-тегін болмаса керек.

  • Міне, ел болып өсіп, өркендейміз десек, бізге де көсегемізді көгертер күретамырымыз – халықтық дәстүрімізге адал болып, ХХІ ғасырдың есігінен “қазақы дәстүр, әлемдік білім” деген ұранмен аттап, өркениет төрінен тиесілі орнымызды еншілеуміз қажет. Даму қарқыны зымырандық жылдамдыққа ілескен қазіргі заманда бізге енді еуропалық біліммен бірге әлемдік білімге құлаш ұру қажет. Солай дегенімізбен, біз, өкінішке қарай, кешегі бірін-бірі жалғастырған патшалық, кеңестік отарлаушылардың екі жарым ғасырға созылған ойраны салдарынан бұзылған халықтық дәстүрімізді қалпына келтіруге әлі күнге мақсатты қадам жасай алмай отырмыз. Дәстүр – ата-бабамыздың өзге жұрттардан кем қалмай, іргелі ел болсын деп бізге қалдырған асыл мұрасы, алтын қазынасы екенін ұғынатын кез жетті. Қазынасынан айырылғанның қайыршыға айналатыны да өмір дәлелдеген шындық. Көне заман ақылгөйлерінің ірі өкілі атақты Пифагордың: “жақсы жасалған заңнан жақсы салт-дәстүр артық”, – деп тұжырым жасауы да; өз халқымыздың: “қалпыңнан айырылсаң да, салтыңнан (дәстүріңнен) айырылма” деп өсиет қалдыруы да; ұлы әулие Қожа-Ахмет Ясауидің көшпелілер өміріне исламды кіріктіруге олардың халықтық дәстүрін негіз етуі де тегінен-тегін болмаса керек.





Каталог: uploads -> doc -> 00dc
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
00dc -> Сабақтың тақырыбы: 17. Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы. Изотоптар. Сілтеме


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет