«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өнімдерінің тізбесі



бет1/6
Дата27.08.2018
өлшемі499.45 Kb.
#84265
  1   2   3   4   5   6
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Банктік өнімдер мен үдерістер және қызмет көрсету сапасы жөніндегі комитетінің

2018 жылғы 10 сәуірдегі (№13 хаттама) шешімімен бекітілген

2018 жылдың «01» мамырынан бастап

қолданысқа енгізіледі

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

өнімдерінің тізбесі

(жеке тұлғалар үшін, соның ішінде жеке кәсіпкерлер үшін, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары және кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ операциялар бойынша адвокаттар үшін)



Нұсқа номері

Уәкілетті органмен бекітілген өзгертулері/толықтырулар тур

Бекітілген өзгертулер/толықтыруларды қолданысқа енгізі тәртібі

1

№13 от 10.04.2018г.




2

№16 от 22.05.2018г.

2018 жылдың «15» маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі


3

 №18 от 05.06.2018г

2018 жылдың «15» маусымнан бастап

қолданысқа енгізіледі



4

№19 от15.06.2018г

2018 жылдың «15» маусымнан бастап

қолданысқа енгізіледі



Алматы қ., 2018 жыл



1-БӨЛІМ. ТҚЖ САЛЫМЫН ЖИНАҚТАУ ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

1-тарау. жалпы талаптар


  1. Салым валютасы – теңге.

  2. ТҚЖ салымы (әрі қарай – салым) – ТҚЖ шартының талаптарына сәйкес Банкте ашылған салымшының шотына Салымшы немесе үшінші тұлғаның салатын ақшасы;

  3. Салымдар «Баспана» тарифтік бағдарламасы аясында ғана ашылады.

Бұрын қолданыста болған тарифтік бағдарламалар бойынша ашылған салымдарға Банк тараптар міндеттемелерін толық атқарғанға дейін, ТҚЖ шартында белгіленген талаптарда қызмет көрсетуді жалғастырады.

  1. Шарттық сома - салымшыға тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу үшiн қажет, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасынан және тұрғын үй заемынан тұратын ақша сомасы

Шарттық соманың ең төменгі көлемі 500 АЕК. Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы барлық шарттар бойынша ең жоғарғы жиынтық шарттық сома бір салымшыға 200 миллион теңгені құрайды.

  1. Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы (әрі қарай-ТҚЖ) - тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу мақсатында салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен мемлекеттің сыйлықақысы есептелген тұрғын үй заемын алу үшін Салымшының Банкте жинақтаған ақшасы;

  2. ТҚЖ шартын жасау үшін комиссиялық алым - 0 теңге.

  3. Жинақталған ақшаның ең төменгі қажеттi мөлшерi - тұрғын үй заемын алу үшін ТҚЖ шартында анықталған ақша;

  4. Бағалау көрсеткіші – шарттық сомаларды төлеу кезектiлiгін қалыптастыру үшiн әрбiр ТҚЖ шарты бойынша Банк айқындайтын есептеу шамасы.

  5. Арнайы салым (әрі қарай – арнайы салым) – тұрғын үй төлемін пайдалану есебінен тұрғын үй төлемін алушының салымы жинақталатын жинақ шот;

  6. Жинақтау мерзімі – салымшы ТҚЖ жинақтайтын уақыт кезеңі.

Жинақтаудың ең төменгі мерзімі - 3 жыл, ең жоғарғы мерзімі – шектеусіз.

  1. Тарифтік бағдарлама – ТҚЖ Салымы бойынша сыйақы мөлшерлемелерін және жинақтау мен кредит берудің басқа да талаптарын, сондай-ақ Банктiң комиссиялық алымдарының мөлшерiн айқындайтын «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның (әрі қарай-Банк) ішкі құжаты.

2-тарау. «БАСПАНА»1 тарифтік бағдарламасы бойынша жинақтау талаптары


  1. Жинақтау бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2%.

  2. Қабылданатын бастапқы салымның ең төменгі сомасы - 15 000 теңге.

  3. ТҚЖ жинақтау бойынша ай сайынғы жарна төмендегі формула бойынша есептеледі:

АЖ = ШС*К, бұл жерде

АЖ – ТҚЖ жинақтау бойынша ай сайынғы жарна;

ШС – шарттық сома;

К – жинақтау мерзіміне қарай қабылданатын жарнаның коэффициенті:





Жинақтау мерзімі, жыл

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15



Жарна коэффициенті, %

1,50

1,05

0,83

0,66

0,58

0,52

0,44

0,38

0,34

0,31

0,28

0,26

0,25



  1. Бастапқы жарна/ жинақтау бар болған кезде, ТҚЖ жинау бойынша ай сайынғы жарна төмендегі формула бойынша есептеледі:

АЖ = max {ЕВ1, ЕВ2}, бұл жерде:

АЖ1 – жинақталған ақшаның ең төменгі қажет көлемін жинақтау талабына байланысты есептелген ТҚЖ жинау бойынша ай сайынғы жарна;

АЖ 2 – бағалау көрсеткішінің қажетті мәніне жету қажеттілігі талабына байланысты есептелген ТҚЖ жинау бойынша ай сайынғы жарна;

Бұл жерде,

ШС – шарттық сома;

БК – талап етілетін бағалау көрсеткішінің мәні;

НҚ – ТҚЖ нақты жинақтау сомасы ;

НС – салым бойынша есептелген сыйақының нақты сомасы;

i – салым бойынша сыйақының ай сайынғы мөлшерлемесі;

n – айына жинақтау мерзімі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет