Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін есептеу және методологиясы департаменті



Дата18.03.2018
өлшемі106.24 Kb.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ

Жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін есептеу және методологиясы департаменті

2015 ж. 1-тоқсанындағы

Жеке тұлғалардың депозиттерІ нарығына

қысқаша ақпараттық шолу
Жеке тұлғалардың депозиттер нарығының тенденциясына шолу
Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері 2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайы бойынша 4,3 трлн. теңгеге жетті, оның ішінде депозиттік қоржынның мөлшері 1 тоқсанда 140,1 млрд. теңгеге немесе 3,2%-ке кеміді.

Халықтың депозиттерін тарту бойынша алғашқы бестікке келесі банктер кіреді: өзіне қосылған ABC Bank пен Темiрбанктің міндеттемелерін алған Forte Bank депозиттерінің 70,4 млрд. теңге өсімімен, ЖССБ +20,3 млрд. теңге, АТФБанк +5,5 млрд. теңге, Банк Астаны +3,6 млрд. теңге, BankRBK +0,9 млрд. теңге. Есептік тоқсан ішінде банктердің жартысынан көбісінде депозиттердің кемуі байқалады, алайда ең жоғарғы депозиттер кемуі Халык Банкінде 58,6 млрд. теңге көлемінде болды, ал ККБ-да 33,1 млрд. теңгені, Цесна Банкте 14,8 млрд. теңгені, БЦК-те 9,8 млрд. теңгені құрады. Халықтың депозиттерінің жалпы өсімі 103,1 млрд. теңге, ал кемуі (- 243,2 млрд.) теңге болды.

Егер депозиттер қоржынының валюталар бойынша құрамын қарастырсақ, онда жеке тұлғалар үшін шетел валютасымен салымдардың әліде қалаулырақ қаржылық құрал болып тұрғанын атап өту қажет, олардың депозиттер қоржынындағы үлесі 67,5%, ал қалған бөлік ұлттық валютадағы депозиттерге тиесілі. Оның ішінде кезең барысында теңге бойынша салымдар 47,5 млрд. теңгеге немесе 3,3%-ке, шетел валютасы 92,6 млрд. теңгеге немесе (-3,1%-ке) кеміді.
Диаграмма 1. Теңге және шетел валютасымен салынған депозиттер өзгерісінің динамикасы ( млрд. теңге және % бойынша)







Халықтың депозиттерінің жиынтық қоржыны жалпы үлесі 89,5% немесе 3,8 трлн. теңге және тоқсандық кемуі 113,3 млрд. теңге немесе 2,9% болатын мерзімді және шартты салымдардан, жалпы үлесі 10,2% немесе 438,3 млрд. теңге және тоқсандық кемуі 21,1 млрд. теңге немесе 4,6% болатын ағымдағы және карт-шоттардағы қалдықтардан, сондай-ақ жалпы үлесі 0,3% немесе 13,5 млрд. теңге және тоқсандық кемуі 5,7 млрд. теңге немесе 29,2% болатын талап етілгенге дейінгі салымдардан құралған.


Диаграмма 2. Жеке тұлғалар депозиттерінің негізгі категориялар бойынша құрылымы ( % бойынша)
Мөлшері 5 млн. теңгеге дейінгі мерзімді және шартты салымдар қатысушы-банктердің жиынтық қоржынның 30,3%-тін (немесе 1,3 трлн. теңгені) құрайды, ол тоқсан ішінде 3,6 млрд. теңгеге кеміді. 5млн.-нан 10 млн. теңгеге дейінгі мерзімді салымдар қарастырылып отырған мерзім ішінде 14,0 млрд. теңгеге өсіп, 392,4 млрд. теңгені (немесе жиынтық қоржынның 9,1%-тін) құрады. Бұл категория бойынша депозиттер өсімі шетел валютасымен салынған депозиттерде байқалады (+13,1 млрд.).

10 млн.-нан 15 млн. теңгеге дейінгі мерзімді және шартты салымдар 152,4 млрд. теңгені құрайды немесе жеке тұлғалар депозиттерінің жалпы қорының 3,5%-ін құрайды. Бұл салымдар өсімі айтарлықтай көп емес, ол 0,6 млрд. теңгені құрайды және өсім ұлттық валюта бойынша депозиттердің өсуінің арқасында болды.

Жеке тұлғалар депозиттерінің жалпы қорының 46,5%-і 15 млн. теңгеден жоғары мерзімді және шартты салымдардан тұрады. Шетел валютасымен салынған жалпы мөлшері 129,3 млрд. теңге болатын депозитті алып, бір уақытта ұлттық валютадағы 5,0 млрд. теңге болатын салымның орналастыруының нәтижесінде бұл салым бойынша жалпы кемудің мөлшері 124,3 млрд. теңге болды.

Жеке тұлғалар депозиттерінің қоржынының 0,3%-ін құрайтын халықтың талап етілгенге дейінгі салымдарының кемуі 5,7 млрд. теңгені (-29,2%) құрайды. Бұл өзгеріс ұлттық валюта бойынша салымның 4,9 млрд. және шетел валютасы бойынша салымның 0,8 млрд. теңгеге кемуіне байланысты.

Ағымдағы және карт-шоттардағы жиынтық қалдықтары бойынша да алдыңғы категориялар сияқты 21,1 млрд. (-4,6%) көлемінде теріс өзгеріс орын алды. Сондай-ақ шетел валютасы бойынша шоттағы қалдықтар 28,4 млрд. теңгеге өсті, ал ұлттық валюта бойынша 49,5 млрд. теңгеге қысқарды.

Екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша Қор өтеуге қажетті кепілдік берілген өтемнің мөлшері 2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайы бойынша 2,3 трлн. теңгеге жетті. Сонымен бірге, есеп беретін күнге тоқсандағы Қордың арнайы резерві Қордың жарғылық капиталының қаражатын есептемегенде 222,4 млрд. теңгені құрады. Заңнама бойынша, Қордың арнайы резервінің тапшылығы кезінде Қор акционерінің рұқсатымен Қордың жарғылық капиталының 70% қолдануға болады. Осылайша, есеп беретін күнге Қордың арнайы резервінің максималды мүмкін мөлшері 327,9 млрд. теңгені немесе кепіл берілетін жиынтық соманың 14,7%-ін және жалпы депозиттер сомасының 7,6%-ін құрайды.

2015 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 5 қатысушы банк «БАТА»1 міндетті күнтізбелік сараланған жарналар мөлшерлемелерін есептеу жүйесіне (әрі қарай СЕЖ «БАТА»2) сәйкес өздерінің топтық ретін өзгертті. 2 банктің көрсеткіштері жақсарып, тәуекелі төмендеу жіктеу топтарына көшті. 3 қатысушы банк депозиттер бойынша максимальды сыйақы мөлшерін бұзуына байланысты нәтижелері нашарлап, «S» жіктеу тобына анықталды.

Нәтижесінде жіктеу топтарындағы банктердің үлесі келесідей: «A» тобының үлесі -5,4% (2 банк), «B» тобының үлесі - 18,9% (7 банк), «C» тобының үлесі - 40,5% (15 банк), «D» тобының үлесі - 21,6% (8 банк), «Е» тобының үлесі - 5,4% (2 банк) және «S» тобының үлесі - 8,1% (3 банк).

2015 жылдың 1-тоқсанында қатысушы банктердің алдыңғы кезеңмен салыстырғанда қатысушы банк жеке тұлғаларының депозиттері қоржыны мөлшерінің кемуіне байланысты төлеген күнтізбелік жарналарының жиынтық сомасы 1,9 млрд. теңгеге қысқарып, 7,0 млрд. теңгені құрады.
2015 ж. 1 мамырдағы жағдайы бойынша Қор төлеген кепілдік берілген өтемнің жиынтық сомасы Наурыз Банкі бойынша 679,6 млн. теңгені, ал Валют-Транзит Банкі бойынша 13,9 млрд. теңгені құрады. Қордың Наурыз Банкінің ликвидациялық комиссиясынан кепілдік берілген өтемді төлеген сомасы бойынша талаптарын қанағаттандыру барысында алынған сома мөлшері 679,4 млн. теңге немесе ликвидациялық коммиссиясына қойылған барлық талап сомасының 88,0%, ал Валют-Транзит Банкі бойынша 8,7 млрд. теңге немесе Қордың ликвидациялық коммиссиясына қойылған талап сомасының 61,7% өндірілді.

Қосымша

2015 жылдың 1 сәуіріне сәйкес



қатысушы банктердің жеке тұлғалар депозиттері бойынша мәліметтерінің жиынтығы



п/п


Аталуы

Сомасы

(мың теңге)

1- тоқсандағы өзгерісі

Шоттардың саны




Барлық жеке тұлғалар депозиттері теңгемен және шетел валютасымен, оның ішінде:

4 297 637 839

-140 127 397

22 730 055

1.

Талап етілгенге дейінгі салымдар, оның ішінде:

13 837 249

-5 713 512

1 009 006

1.1.

теңгемен

4 809 241

-4 948 243

956 613

1.2.

шетел валютасымен

9 028 008

-765 269

52 393




Банктің басқарушы қызметкерлеріне, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі талап етілгенге дейінгі салымдар

5 114 296

-707 109

122

2.

Мерзімді және шартты салымдар, оның ішінде:

3 845 458 938

-113 358 105

2 817 382

2.1.

теңгемен, оның ішінде:

1 074 491 752

6 928 802

1 996 959

 

1 млн. теңгеден аспайтын

266 086 288

569 754

1 739 139

 

1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

313 795 369

691 041

193 203

 

3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

150 403 377

-869 885

39 284

 

5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

122 575 872

905 416

19 220

 

10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

33 600 761

628 508

2 842

 

15 млн. теңгеден жоғары

188 030 085

5 003 969

3 271

2.2.

шетел валютасымен, оның ішінде:

2 770 967 186

-120 286 907

820 423

 

1 млн. теңгеден аспайтын

112 270 548

668 584

556 856

 

1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

248 762 610

861 485

140 244

 

3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

212 908 971

-5 561 257

53 982

 

5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

269 869 551

13 068 415

39 976

 

10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

118 772 444

-42 870

9 821

 

15 млн. теңгеден жоғары

1 808 383 062

-129 281 265

19 544




Банктің басқарушы қызметкерлеріне, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі мерзімді және шартты салымдар

202 943 236

-65 891 316

1 906

3.

Ағымдық шоттардағы ақша қалдықтары (карт-шоттағы қалдықты қоса есептегенде) оның ішінде:

438 341 652

-21 055 780

18 903 667

3.1.

теңгемен

316 076 582

-49 466 702

18 162 112

3.2.

шетел валютасымен

122 265 070

28 410 922

741 555




Банктің басқарушы қызметкерлеріне, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі ағымдық шоттардағы ақша қалдықтары (карт-шоттағы қалдықты қоса есептегенде)

2 775 401

-1 219 113

37 790



1 БАТА – БАнктерді ТАлдау.

2 СЕЖ «БАТА» қатысушы банктердің қаржылық жағдайын және тәуекелдері көрінісін лайықты бағалау үшін 2007 жылы Қор тарапынан енгізілді. СЕЖ «БАТА» әрқайсысының сәйкесінше өз жарна мөлшерлемесі бар 6 жіктеу топтарынан тұрады. Қатысушы банктер үшін транспаренттілігі және берілген рейтингтердің құпиялығы осы жүйенің негізгі сипаттамаларының бірі болып табылады.

Каталог: files -> uploads -> file -> analytics
file -> Информация о приобретенном медицинском оборудовании за период
file -> «Адаптация учащихся 1, 5 классов в школе. Итоги 1 четверти»
file -> «Зеленые листостебельные мхи. Кукушкин лен»
file -> Практическая работа Основные понятия и термины д/з № п-ф дата При ме-чание 1 2
file -> Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 Заңы
analytics -> Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры банктерді талдау бөлімі 2010ж. 2-ші тоқсанға


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет