Қазақстан тарихы



Дата01.04.2018
өлшемі119.9 Kb.
Қазақстан тарихы

1 вариант
1. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі:

А) Рулық


В) Тайпалық

С) Қауымдастық

D) Көшпелілер

Е) Тобыр
2. Ежелгі "Тік жүретін адам" өкілі -

А) "Епті адам"

В) Неандертальдық

С) Кромонондық

D) "Саналы адам"

Е) Синантроп
3. Қаңлыларға тән қала:

А) Шірік Рабад

В) Алтын төбе

С) Бөзөқ


D) Қызыл Аңғар

Е) Алтын-асар


4. Кейінгі темір дәуір кезеңінің аралығы:

А) б.з.б. 8-3 ғасырлар

В) б.з.б. 5-б.з. 2 ғасыры

С) б.з.б. 3-б.з. 9 ғасыры

D) б.з. 3-б.з. 8 ғасыры

Е) б.з.б. 3 -б.з. 6 ғасыр


5. Қаңлылар туралы "Вэсаканың ер жүрек ұлдары… Канха қамалының алдында құрбандық берді" деп жазылған кітап:

А) "парсы жазбалары"

В) "тарих жазбалары"

С) "қаңлы жылнамасы"

D) "Цянь Ханьшу"

Е) "Авеста"


6. Ғұн державасының негізін қалаған:

А) Чжи-Чжи

В) Мұқан

С) Аттила

D) Бумын

Е) Мөде

7. Ежелгі найман, керей, жалайырлардың негізгі мекендеген жерлері:

А) Монғолияның орта және батыс аудандары

В) Қытайдың солтүстігі

С) Орталық Қазақстан

D) Шығыс Қазақстан

Е) Батыс Қазақстан


8. Х ғасырдан бастап Қазақстанда әдеби және ғылыми шығармалар жазылған тіл:

А) қазақ

В) араб

С) парсы


D) түрік

Е) қыпшақ


9. Ж.Баласағұнға Сүлеймен Арслан ханның берген лауазымы:

А) Әмір


В) Мырза

С) Бек


D) Ұлы хас - хажип

Е) Ғалым
10. Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін – деп жариялаған хан:

А) Батый

В) Берке


С) Өзбек

D) Тоқтамыс

Е) Жәнібек
11. Қазақ жүздерінің құрылу себебін жазған ғалым:

А) А.Құнанбаев

В) Ы.Алтынсарин

С) Ш.Уәлиханов

D) С.Торайғыров

Е) A.Левшин


12. “Хұсрау мен Шырын” шығармасының авторы:

А) Дүрбек

В) Кутб

С) Хорезми



D) Баласағұни

Е) Әли ақын


13. Моғолстан ханына қарсы соғыстарда Хақназардың айырылып қалған жерлері:

А) Батыс Қазақстан

В) Шығыс Қазақстан

С) Жетісудың біраз жері

D) Сырдария бойы

Е) Орталық Қазақстан

14. Жоңғарлардың 1680 ж. шабуылынан аман қалған қала:

А) Сығанақ

В) Сауран

С) Сайрам

D) Созақ

Е) Түркістан


15. 1745-1759 жылдары қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны:

А) 1 млн. сом.

В) 2 млн. сом.

С) 3 млн. сом.

D) 1,5 млн. сом.

Е) 2,5 млн. сом.


16. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясының билігін мойындаған жыл:

А) 1738 ж.

В) 1739 ж.

С) 1740 ж.

D) 1743 ж.

Е) 1745 ж.


17. Абылай хан жер өңдеу шаруашылығын дамытуды қолдады:

А) Ертіс бойында

В) Шу бойында

С) Жайық бойында

D) Талас бойында

Е) Сырдария бойында


18. Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері:

А) Ұлы және Кіші жүз

В) Кіші және Орта жүз

С) Орта және Ұлы жүз

D) Барлық үш жүз

Е) Тек Кіші жүз


19. С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде халықтың жағдайын нашарлатқан жұт болды:

А) 1783-1784 жж.

В) 1790-1791 жж.

С) 1796-1797 жж.

D) 1802-1803 жж.

Е) 1785-1786 жж.

20. Ішкі Орданы құру туралы жарлыққа қол қойған орыс патшасы:

А) І Александр

В) ІІ Екатерина

С) ІІ Александр

D) І Николай

Е) І Павел


21. 1822 жылы «Сібір қазақтарын басқару туралы Жарғысының» басты мақсаты:

А) Суландыру жүйесін жүргізу

В) Денсаулық сақтау жүйесін орнату

С) Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту

D) Ауылдардың санын көбейту

Е) Мәдени орталықтардың санын көбейту


22. «Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасады:

А) Крыжановский

В) Перовский

С) Колпаковский

D) Веревкин

Е) Рукин
23. 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» ережесіне сай жан басына берілген жер көлемі:

А) 15 десятина

В) 25 десятина

С) 30 десятина

D) 40 десятина

Е) 10 десятина
24. В.И.Дальдің шығармасы:

А) «Қалқаман – Мамыр»

В) «Фархад пен Шырын»

С) «Сұраншы батыр»

D) «Бөкей мен Мәулен»

Е) «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»


25. Әйгілі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының ең көркем нұсқасын таратқан эпик ақын:

А) Сүйінбай ақын

В) Шортанбай ақын

С) Шернияз ақын

D) Шөже ақын

Е) Дулат ақын

26. Орынбор-Ташкент темір жолы пайдалануға берілді:

А) 1901 жылы

В) 1903 жылы

С) 1905 жылы

D) 1906 жылы

Е) 1907 жылы


27. Батыс Сібір географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне мүше болып сайланған:

А) Ж.Ақбаев

В) А.Байтұрсынов

С) Ш.Құдайбердиев

D) А.Құнанбаев

Е) Ш.Уалиханов


28. IV Мемлекеттік Думада 1916 жылғы көтеріліс жазалаушыларын әшкерелеп, патша өкіметін сынаған:

A) В.И.Ленин

B) А.Ф.Керенский

C) М.В.Фрунзе

D) А.И.Миронов

E) С.М.Киров


29. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы:

A) Қазақ халқымен санасу керек екенін көрсетті

B) Отаршылдыққа қарсы қарулы күрес жүргізе алатын күш екенін көрсетті

C) Халықтың өзін-өзі басқаруына жол ашты

D) Уақытша үкіметке қарсы ірі көтеріліс

E) Қазақ жумысшыларының ең ірі бас көтеруі


30. 1917-1918 жылдары қазақ, ұйғыр, орыс еңбекшілері арасындағы қатынастарды жақсартуға үлес қосқан қайраткер:

A) М.Масанчи

B) А.Розыбакиев

C) С.Сейфуллин

D) Т.Бокин

E) Б.Әшекеев


31. Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик:

A) Қ.И.Сәтбаев

B) И.М.Губкин

C) Н.С.Курнаков

D) А.Панкратова

E) А.И.Миронов

32. 1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны:

A) 235 мың

B) 280 мың

C) 300 мың

D) 353 мың

E) 375 мың


33. Рейхстагка жеңіс туын тіккен қазақстандық:

A) Т.Бигелдинов

B) С.Луганский

C) И.Кожедуб

D) Р.Қошқарбаев

E) Қ.Қайсенов


34. Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды:

A) Т.Бигелдинов

B) Қ.Аухадиев

C) Қ.Қайсенов

D) Р.Қошқарбаев

E) Ж.Елеусізов


35. Қазақстан кәсіподақтарының республикалық І конференциясы өтті:

A) 1945 ж.

B) 1946 ж.

C) 1947 ж.

D) 1948 ж.

E) 1949 ж.


36. 1955 жылы төртініші сайланған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің құрамында болды:

A) 300 депутат

B) 400 депутат

C) 500 депутат

D) 450 депутат

E) 350 депутат


37. 1954-1956 жылдарда одақтық органдардың қарауынан республиканың қарауына өткен кәсіпорын:

A) 150


B) 144

C) 198


D) 200

E) 158
38. «Жас тұлпар» ұлттық демократиялық бейресми ұйымының басты ұйымдастырушысы:

A) Е.Бекмаханов

B) Ә.Марғұлан

C) Қ.Сәтбаев

D) А.Жұбанов

E) М.Әуезов
39. Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті:

А) 1991 жылдың қазан, қараша айларында

В) 1992 жылдың қыркүйек, қазан айларында

С) 1992 жылдың қыркүйек, қараша айларында

D) 1994 жылдың қазан, қараша айларында

Е) 1996 жылдың қазан, желтоқсан айларында


40. Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында сөз сөйлеген Түркиядан келген қадірменді қария, «Алаш» сыйлығының иегері:

А) Мұстафа Өзтүрік

В) Аман Төлеев

С) Халифа Алтай

D) Мұстафа Шоқай

Е) Хасен Оралтай



Қазақстан тарихы

2 вариант
1. Жер бетінің күрт суи бастауы:

А) 150 мың жыл бұрын

В) 170 мың жыл бұрын

С) 120 мың жыл бұрын

D) 100 мың жыл бұрын

Е) 200 мың жыл бұрын


2. Ұзындығы 1-2 сантиметрдей ұсақ жаңқа тастардан жасалған құрал:

А) Қырғыш

В) Тескіш

С) Жебе ұшы

D) Гарпун

Е) Микролит


3. Қызылорда облысындағы неолит дәуірінің тұрағы:

А) Сексеуіл

В) Пеньки

С) Зеленая балка

D) Усть-Нарым

Е) Шебір
4. Грек тарихшысы Геродоттың сақтарды атауы:

А) Сақ-парадарайя

В) Сақ-хаумаварга

С) Массагеттер

D) Дайлар

Е) Исседондар
5. Аттила қайтыс болған жыл:

А) 450 жыл

В) 453 жыл

С) 456 жыл

D) 470 жыл

Е) 473 жыл


6. Латын тілінен «Ақ жалды жүйрік аттардың иелері» деп аударылған тайпа аты:

А) Исседондар

В) Қаңлылар

С) Үйсіндер

D) Дайлар

Е) Аргиппейлер

7. Қимақтар елінің құрамында жеті тайпа болғанын жазған:

А) Геродот

В) Сыма Цянь

С) Махмуд Қашғари

D) Гардизи

Е) Масуди


8. «Ақиқат сыйы» дастанының авторы:

А) Жүсіп Баласағұни

В) Ахмет Иүгнеки

С) Қожа Ахмет Йасауи

D) Махмұт Қашғари

Е) Әл-Бируни


9. Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы:

А) Жетісу

В) Сыр өңірі

С) Сарыарқа

D) Батыс Қазақстан

Е) Оңтүстік Қазақстан


10. Сыр бойындағы қалалардың толығымен моңғолдардың қолына көшуі:

А) 1216-1219 жылдары

В) 1217-1219 жылдары

С) 1219-1220 жылдары

D) 1220-1221 жылдары

Е) 1220-1223 жылдары


11. ХІІІ ғ. басында мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме:

А) Мықты


В) Берік

С) Алып


D) Еркін

Е) Қонақжай


12. Қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр:

А) «Ер Тарғын»

В) «Ер Қосай»

С) «Орақ-Мамай»

D) «Қобыланды батыр»

Е) «Ертөстік»


13. 1538-1580 жылдары билік еткен қазақ ханы:

А) Қасым хан

В) Есім хан

С) Тәуекел хан

D) Хақназар хан

Е) Тәуке хан


14. Айғыржар жеріндегі қазақ-бұхар арасындағы алғашқы шайқас болған жыл:

А) 1603 жылы

В) 1605 жылы

С) 1607 жылы

D) 1609 жылы

Е) 1611 жылы


15. 1643 жылы жоңғар әскерлеріне қарсы шыққан хан:

А) Тәуке хан

В) Есім хан

С) Жәңгір хан

D) Шығай хан

Е) Абылай хан


16. Ташкент, Бұхар, Қоқан және Қашғар көпестері жиі келетін сауда орталығы:

А) Семей


В) Өскемен

С) Бұқтырма

D) Торғай

Е) Петропавл


17. Жәміш (Ямышевск) бекінісі салынған жыл:

А) 1715 жыл

В) 1716 жыл

С) 1717 жыл

D) 1718 жыл

Е) 1720 жыл


18. 1785 жылы көтеріліс барысында Айшуақ сұлтанды тұтқынға алған майор:

А) Г.А.Потемкин

В) М.Назаров

С) О.А.Игельстром

D) Казак атаманы Донсков

Е) А.А.Пеутлинг


19. Кенесары Қасымұлы қырғыз жеріне басып кірді:

А) 1843 жылы

В) 1844 жылы

С) 1845 жылы

D) 1846 жылы

Е) 1847 жылы

20. Тұзға салынған мың шыбықпен дүре соғылып, Сібірге айдалған Исатай серіктерінің бірі:

А) Бекен Сарыұлы

В) Танрық Нұржанұлы

С) Ұса Төлегенұлы

D) Смайыл Өтемісұлы

Е) Балабек Нұржанұлы


21. 1867-1868 жылдардығы реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірген облыстар:

А) Ақмола және Семей

В) Орынбор және Торғай

С) Павлодар және Өскемен

D) Жетісу және Сырдария

Е) Омбы және Семей

22. Қазақстанға 250 кашмир шәлісін тұңғыш рет жеткізген, «Үлкен Тибетке» жеткен атақты көпес:

А) Андрей Попов

В) Степан Попов

С) Семен Мадатов

D) Яков Лашков

Е) Дмитрий Кузнецов


23. XIX ғ. 80-жылдарында Орталық Қазақстанда ерекше көзге түскен жәрмеңке:

А) Қарқара жәрменкесі

В) Қоянды (Ботов) жәрмеңкесі

С) Ірбіт жәрмеңкесі

D) Крестовск жәрмеңкесі

Е) Семей жәрмеңкесі


24. «Бұқтырмада көп емдеп, көп көмектестім»,-деп жазған декабрист:

А) М.И.Муравьев-Апостол

В) А.Горжанский

С) Г.Карелин

D) А.Янушкевич

Е) С.Семенов


25. 1860 ж. Шорман балаларының жаласымен Тобылға жер аударылған әнші:

А) Ақан сері

В) Ықылас Дүкенұлы

С) Жаяу Мұса

D) Біржан Қожағұлұлы

Е) Балуан Шолақ

26. 1905-1907 жылдардағы қазақ-орыс еңбекшілерінің біріккен интернационалдық бой көрсетуі:

А) Оралдағы жұмысшылар қозғалысы

В) Семей қаласындағы жаппай ереуіл

С) Өскемен жұмысшыларының жиыны

D) Успен кенішіндегі оқиға

Е) Павлодар жұмысшыларының қозғалысы


27. 1914 жылы қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының мөлшері:

А) 200 мың сом

В) 400 мың сом

С) 600 мың сом

D) 800 мың сом

Е) 900 мың сом


28. 1917 жылы Петропавл қаласында құрылған ұйым:

А) «Жас арбакештер одағы»

В) «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы»

С) «Қазақ жастарының революцияшыл одағы»

D) «Қара жұмысшылар одағы»

Е) «Жас қазақ»


29. Орал қаласын алған ақ казактарға қарсы күресу үшін құрылған әскер:

А) «Мұсылмандар бөлімдері»

В) «Сібір армиясы»

С) «Шығыс армиясы»

D) «Ерекше армия»

Е) «Қызыл әскерлер»


30. Алашорданы тарату туралы шешім қабылданды:

А) 1921 жылы 9 наурызда

В) 1919 жылы 9 наурызда

С) 1920 жылы 9 наурызда

D) 1918 жылы 9 наурызда

Е) 1917 жылы 9 наурызда


31. Республикаға тракторлар әкеліне бастаған кезең:

А) 1922-1923 жж.

В) 1923-1924 жж.

С) 1925-1926 жж.

D) 1927-1928 жж.

Е) 1924-1925 жж.

32. Жезқазған мыс кен орындарын зерттеген инженер-геолог:

А) Ә.Марғұлан

В) Қ.Сәтбаев

С) И.Губкин

D) Д.Омаров

Е) Н.Тимофеев


33. 1940 жылы 9 ай ішінде халықтық екпінді құрылыс ретінде салынған темір жол:

А) Алматы-Сарыөзек

В) Атырау-Орск

С) Жамбыл-Алакөл

D) Ақмола-Қарталы

Е) Мойынты-Шу


34. Жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойған, 73-гвардиялық дивизияны басқарған қазақстандық батыр:

А) Ғ.Сафиуллин

В) Қ.Аухадиев

С) Т.Мырзаев

D) З.Тұрарбеков

Е) Р.Қошқарбаев


35. 1980 жылдардың ортасында республикадағы жоғары оқу орындарының саны:

А) 45


В) 50

С) 55


D) 60

Е) 65
36. 1960-1970 жылдары генетика мен микробиология саласында қомақты табыстарға жеткен ғалым:

А) Д.В.Сокольский

В) У.М.Ахметсафин

С) Е.А.Букетов

D) Ә.Х.Марғұлан

Е) М.А.Айтхожин
37. 1960 жылы Өскеменде салынған комбинат:

А) Мырыш комбинаты

В) Ет комбинаты

С) Штапель маталар комбинаты

D) Титан-магний комбинаты

Е) Мұнай-химия комбинаты


38. 1960 жылдары Социалистік Еңбек Ері атағын алған жазушы:

А) Ғ.Мүсрепов

В) С.Мұқанов

С) Ж.Молдағалиев

D) М.Мағауин

Е) Ә.Нұрпеисов


39. Республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды:

А) 1990 ж. 10 желтоқсан

В) 1992 ж. 10 желтоқсан

С) 1988 ж. 10 желтоқсан

D) 1991 ж. 10 желтоқсан

Е) 1989 ж. 10 желтоқсан


40. Хронологиясы бойынша ертерек болған оқиға:

А) Денсаулық жылы

В) Қазақстан Республикасы БҰҰ құрамына кірді

С) Жаңа Конституция қабылданды



D) Мәдениет жылы

Е) Елдің жаңа ордасы Астана болып аталуы
Каталог: files -> loader
loader -> Бала организмі нашар сіңіреді және оған уланып қалуы не ішек құртын жұқтыруы мүмкін
loader -> Оқушының тамағы балансирленген болуы керек
loader -> Ас адамның арқауы
loader -> Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы
loader -> Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
loader -> Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
loader -> Жануарларды каратиндеу ережелері. «Ветеринария туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет