Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер дүниесі туралы» Заңы жобасының Тұжырымдамасы Заң жобасының атауы «Өсімдіктер дүниесі туралы»



Дата13.10.2018
өлшемі328.46 Kb.
Жоба
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер дүниесі туралы»

Заңы жобасының Тұжырымдамасы

1. Заң жобасының атауы
«Өсімдіктер дүниесі туралы»
2. Заң жобасын дайындау қажеттілігінің негіздемесі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы
№ 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, еліміздің алдына қойған «жасыл экономикаға»көшудің негізгі бағдарлы мақсаттардың бірі:


- қорларымызды (су, жер, биологиялық және тағы басқа) пайдалану және оларды басқару тиімділігін арттыру;

- қоршаған ортаға қысым жасауды жұмсартудың тиімді жолдары арқылы халық саулығын және қоршаған ортаның сапасын артыру болып табылады.

Алайда, бірінші кезектегі шаралар ішінде «жасыл экономикаға» көшуді іс жүзіне асырудың маңызды бағдары ретінде экожүйелерін сақтау мен тиімді басқару белгіленген.

Өсімдік (өсімдіктер дүниесі) іс жүзінде барлық экожүйелерінің өзгеше табиғи қаңқасы болып табылады, осыған орай барлық экожүйелері өзінің тіршілігін сақтайды, адамның және жануарлар дүниесінің барлық түрлері үшін тіршілік ету жағдайлары мен ортасының қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Қолдағы ғылыми мәліметтер бойынша, дүниежүзілік өсімдіктер дүниесінің 21% әртүрлі себептермен және, бірінші кезекте, табиғатты қарқынды және тиімсіз пайдаланудан құрып кету қаупі алдында тұр.

Қазақстанда ең жоғарғы тамырлы өсімдіктердің 6000 түріндей, саңырауқұлақтардың 4850 түрі, балдырдың 2000 түрі, мүк және қынаның 1000 түрі есептеледі.Осы өсімдіктердің жалпы санының ішіндегі 387 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына сирек немесе құру қаупі бар ретінде енгізілген және олардың саны көбеюі болжамы бар.

Табиғи өсімдіктер қорын теңгерімсіз пайдалану, олардың өскен ортасын күйзелту, адам қолымен бөтен түрлері мен дақылдарын енгізу арқылы жергілікті өсімдіктерді ығыстыру республикадағы түрлер алуандығы қысқаруының және өсімдіктер құлдырауының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Нәтижесінде бұл табиғи экожүйелерінің құлдырауы мен түрлерінің құруына әкеліп соғады.

Елімізде қолданудағы заңнама өсімдік дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мәселелерін реттеуді жеткілікті деңгейде қамтамасыз етпейді., ол туралы осы \тұжырымдаманың 6 бөлімінде жете жазылады.
3. Заң жобасын қабылдау мақсаттары
Заң жобасын қабылдаудың негізгі мақсаты – өсімдіктер дүниесі нысандарының барлық түр-түрлерін қорғау және пайдалану аясындағы қатынастардың реттелуін қамтамасыз ету, табиғи өсімдіктер қорын және өсімдіктер дүниесінің генетикалық қорын сақтау, қалпына келтіру, ұтымды және теңгерімді пайдалану мәселелерін ұтымды басқару үшін жағдай жасау, жеке және заңды тұлғалардың – өсімдіктер дүниесі қорын тұтынушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу, сондай-ақ өсімдіктер дүниесінің нысандарын қорғау және пайдалану аясындағы заңдылық пен құқық тәртібін күшейту.
4. Заң жобасын реттеу мәні
Қазақстан Республикасының өсімдік биоалуантүрлілігін сақтау, осы табиғи қорын ұтымды пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және басқадай жағдайларды жасау мақсатында осы заң жобасы өсімдіктер дүниесін қорғау мен пайдалану аясында реттейтін болады.

Осы заңның реттеу аясы жаратылыс жағдайларда өсетін өсімдіктердің нысандарын, сондай-ақ генетикалық қорын қалпына келтіру және сақтау мақсатында дақыл түрдегі жабайы өсетін өсімдіктерге жария етіледі.

Өсімдіктер дүниесінің аясындағы қатынастар нысаны ретінде:

а) табиғи ортада өсетін немесе генетикалық қорын қалпына келтіру және сақтау мақсатында дақыл түрде ұсталатын жоғарғы өсімдіктер, мүк, қына, саңырауқұлақтар, балдырлар және олар қалыптастырған қауымдастықтар;

б) табиғи тіршілік ортасында немесе оларды ұстау телімдерде дақыл түрде генетикалық қорын қалпына келтіру және сақтау мақсатында жиналған жоғары өсімдіктер мүк, қына, саңырауқұлақтар және олардан шығарылатын өсімдіктер;

в) Өсімдіктер дүниесінің өндірілген нысандары (дериваттары)

г) Табиғи флораның тірі және гербарий жинақтамасы;

д) өсімдіктер дүниесі нысандарының өсу ортасы;

е) өсімдіктер дүниесінің нысандарын қолдану құқықтары.

Осы заңның ережелері төмендегілерге жария етілмейді:

а) ҚР аумағында шетел мемлекеттерінің меншігі болып табылатын жер телімдер шекарасында орналасқан өсімдіктер дүниесінің нысандары;

б) мемлекеттік немесе жеке меншік иесіндегі жер телімдерінде заң негізінде жасанды жағдайларда оларды жинау және қайта өңдеу, коммерциялық сату немесе жеке тұтыну мақсатында өсірілетін өсімдіктер дүниесінің нысандары;

в) ауылшаруашылық өсімдіктеріне жария етілмейді.
5. Заң жобасының құрылымы мен мән-мағынасы
Заң жобасы сәйкесті ұғымдық аппарат; осы заң жобасына негіздеме болатын заңнама базасының сілтемесі; өсімдіктер дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану аясындағы қатынастар нысандар мен субъектілерді белгілеу; осы саладағы жеке тұлғалардың қоғамдық бірлестіктердің және жергілікті өзін өзі басқару органдарының құқтары мен міндеттері;мемлекеттік реттеу тәртібі; басқарудың барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарының құзырлары енгізілген кіріспе, бөлімдер, тараулар және мақалалардан құрастырылады. Жеке бөлімдер мен тараулары өсімдіктер дүниесін қорғау және сақтау, оның ішінде жеке нысандарының ерекшелілігін есептеуі (мысалы, дәрілік, жайылым және басқа да өсімдіктер қоры); эндемикалық, сирек кездесетін және құрып кету қаупіндегі түрлерін қорғау; өсімдіктер дүниесінің генетикалық қорын сақтау; нысандарды қалпына келтіру, бөтен түрлерінің жайылуын жерсіндіру мен реттеу, ғылыми зерттеулер жүргізу; жеке нысандар, табиғи шабындық жерлер мен жайылымдарды қоса өсімдіктер дүниесінің тектік қорын пайдалану мәселелеріне арналады. Бұдан басқа, өсімдіктер дүниесінің жағдайы мен пайдалануын есепке алу және мониторингілеу тәртібін, техникалық нормалау және стандарттау мәселелерін шешу, сәйкесті экономикалық механизмді өсімдіктер дүниесінің нысандарын қорғау тұрақты пайдалану аясында қолдану тәртібін белгілейтін, осы нысандарды халықаралық айырбастау мен сатуын реттеу шараларын белгілейтін нормалар ескеріледі. Соңғы ережелер осы заң күшіне ену тәртібін белгілейді.
6. Сәйкесті салада жүргізілген заңнамалық актілерді құқықтық мониторинглеудің қорытындылары
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы тек мемлекеттік орман қорының жер санаттары (Қазақстан Республикасының Орман кодексі) және ерекше қорғалатын табиғи аумақтары (ЕҚТА) (Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»заңы) өсімдіктер дүниесінің жекелеген нысандарын қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мәселелерін жеткілікті толық реттейді. Сонымен бірге, орман қорының жер көлемі жалпы 29,4 миллион гектарды құрайды немесе республика аумағының 10,8% құрайды (оның ішінде тек қана 12,7 млн. га. немесе 4,7% орманмен көмкерілген учаскелер құрайды), ЕҚТА жалпы аумағы – 24,4 млн. га. немесе барлығы 8,9%. Оның үстіне, «орман» және «ЕҚТА» ұғымына ағаш, бұталы және басқа өсімдіктердің мән жиынтығын, сонымен қоса маңызды экологиялық, ғылыми, экономикалық және әлеуметтік, оның ішінде табиғи эталон маңызы бар, біртұтас ұғымды құрайтын және қоршаған ортамен өзара әрекеттесетін, жанды (оның ішінде өсімдіктер) және жансыз табиғаттың түрлі құрамдастарымен құрастырылған ерекше табиғи кешендерді де білдіреді.

2017 жылдың 20 ақпанында еліміздің Парламентімен қабылданған Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заң республика аумағының мөлшерімен 66% құрайтын шамамен 179,9 млн. га. аумағындағы жайылым өсімдік қорын пайдалану аясындағы құқықтық реттеуді ескереді. Сонымен бірге, ол бір ғана бағытта мамандандырылған және өсімдіктер дүниесінің ілеспе нысандарымен (мысалы, дәрілік өсімдік шикізат, көпжылдық көшеттер, гендік және өзге өсімдік қоры) байланысты мәселелерді қарастырмайды.

Өсімдіктер дүниесін пайдалануын ретке келтірумен байланысты жеке нормаларға келесі заңдар кіреді: Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі (кодекс нормалары тек өсімдік қордың жекелеген түрлерін қорғау мен пайдалануға экологиялық талаптарды белгілеу туралы); Қазақстан Республикасының Жер және Су кодекстері ( жер және су қорын қорғау мен пайдалануға байланысты өсімдіктер мәселесі туралы); Кәсіпкерлік кодексі (көбінде, шаруалық және фермерлік орман қорларына иелену мәселелеріне қатысты);Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы ( жобалау және құрылыс кезде, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыруда қорғалатын ландшафттарды сақтау мәселелеріне қатысты).

Елордамыз Астана қ., Алматы қ. және облыс орталықтарының аумақтарында жергілікті өкілдік органдары қабылдаған жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау туралы жергілікті (локалды) ережелер әрекет етеді.

Тектік қорды және өсімдіктер дүниесінің гендік қорын қорғау және қолдану аясындағы заңнама Қазақстанда зерттеп дайындалмаған.

Сөйтіп, осы маңызды табиғи нысанға қатысты мемлекеттік құқықтар мен мүдделерді қорғау механизмдерін белгілейтін біртұтас, көп жоспарлы заңнамалық акт толық зерттеліп дайындалмаған деп айтуға болады, өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігін қорғау, қалпына келтіру және ұтымды (тұрақты) қолдануын реттейтін талаптар жоқ. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Конституциясы (6 бап. 3 тарм.) өсімдіктер дүниесін мемлекет меншігі құқығының дербес нысаны ретінде қарастырады.
7. Заң жобасы қабылданған жағдайдағы жорамалды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық нәтижелері
Жалпы заң жобасының қабылдануы мен іс жүзіне асырылуы мыналарға мүмкіндік береді:

1) Өсімдіктер дүниесі мен оның тектік қорын қорғау және қолдануды заңнамалық тұрғыда реттеуге;

2) өсімдіктер дүниесінің қорын тұрақты қорғалуы мен ұтымды қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған ынталандыру сипаттағы экономикалық механизмдерді енгізуге;

3) биоалуантүрлілігін сақтау бойынша халықаралық міндеттемелерді орындауға (бірінші кезекте БҰҰ Биоалуантүрлілігі туралы Конвенциясын және осы Конвенцияның хаттамаларын).

Құқықтық нәтижелері

Өсімдіктер дүниесін қорғау, қалпына келтіру және қолдану мәселелері төмендегі жолдармен заңнамалық тұрғыда реттелетін болады:

- өсімдіктер дүниесін қорғау және қолдану саласында Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың өкілеттігін реттеу;

- өсімдіктер дүниесін қорғау және қолдану саласында жергілікті өкілдік органдардың өкілеттігін кеңейту;

- өсімдіктер дүниесін алуан түрлілігіндегі қорын, оның ішінде өсімдіктердің тектік қорын қорғау, қалпына келтіру мен қолданудың құқықтық механизмдерін енгізу;

- өсімдіктер дүниесін қорғау, қалпына келтіру мен қолдану мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтарды, фрагменттіктерді жою;

- сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар өсімдіктердің, олардың бөліктері мен дериваттарының айналымын реттейтін нормаларды енгізу;

- еліміздегі дәрілік өсімдіктердің айналымын реттейтін нормаларды енгізу;

- өсімдіктер дүниесінің жинақтамларын құрастыру және қолдану тәртібін белгілеу;

- өсімдіктермен, олардың бөліктері мен дериваттарын, өсімдіктер дүниесінің тектік қорымен халықаралық деңгейде алмасу мәселелерін реттеу;

- қолданыстағы заңнамаға табиғи қордың жекелеген түрлері бойынша өсімдіктер дүниесінің қорын қорғау, қалпына келтіру және ұтымды қолдану бойынша анықтайтын және дәлдейтін өзгертулер мен қосымшаларды енгізу;

- өсімдіктер дүниесінің жекелеген нысандарын қорғау және қолдану тәртібін белгілейтін қажетті заңға қосымша актілер (ережелер, нұсқаулықтар) жинағын соңынан дайындау.

Әлеуметтік-экономикалық нәтижелері

Заң жобасының қабылдануы бәрінен бұрын жергілікті деңгейде:

- жергілікті жерлерде қор базасының ұлғаюына, табиғатты пайдаланудың осал схемаларын жоюға, өсімдік қорды дайындау және қайта өндеу аясында жаңа жұмыс орындарын құру мен заңды деп тануға, жергілікті бюджеттер кірісінің ұлғаюына қолдау көрсететін өсімдіктер дүниесінің қорын есепке алуды енгізу;

- өсімдіктер дүниесінің қорын қорғау, қалпына келтіру және ұтымды қолдану аясында жалпымемлекеттік мақсаттарды шешуге қолдау көрсететін экономикалық ықпалдар жүйесін іске асыру;

- өсімдік қорын қолдану (жинау, қайта өндеу) жағынан шағын бизнесті дамыту (жаңа өндірістер ашу), өсімдіктердің қор-шикізат базасын танымал ету мақсатында инвестицияларды тарту әдістері арқылы әлеуметтік-экономикалық пайда келтіруге жол береді.

Бұдан басқа, :

- өсімдіктер дүниесінің нысандарын қорғау шараларын жақсарту, оның тұрақтылығын және осы арқылы өзін өзі реттеу қабілетін арттыру, жанды табиғаттың алуантүрлі үлгілерін, оның ішінде құрып кету алдында тұрған өсімдік ағзаларының тектік қорын сақтау; өсімдіктер дүниесін тиімді сақтау және ұтымды қолданудың негізі ретінде өсімдіктер дүниесі туралы білімді арттыру;

- халықтың экологиялық тәрбиесі мен білімінің деңгейін арттыру;

- қоршаған ортаға шаруашылық және басқа да қызметтің болуы мүмкін қолайсыз әсерінің алдын алу;

- Қазақстан Республикасында биологиялық әртүрлілігінің ұзақ уақыт сақталуына және қоршаған ортаның тұрақтылығына, өсімдіктердің эндемикалық және сирек кездесетін түрлерінің сақталуына, өсімдіктердің құнды түрлерін қалпына келтіруін қамтамасыз етуіне кепіл беретін ЕҚТА аумақтарының ұлғаюы заң жобасы ережелерінің іске асырылуы маңызды экологиялық нәтижелерге қол жеткізеді.
8. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп отырған заң жобасымен бір мезгілде (кейін) сәйкестендіру қажеттілігі
Осы заң жобасын қабылдау келесі негізгі заңдарды онымен бір мезгілде сәйкес келтіруді қажет етеді:

- Экологиялық кодексі - өсімдіктер дүниесін басқару орталық уәкілетті мемлекеттік органын анықтау (18 б. қомысша), осы саладағы мемлекеттік органдар құзыретінің шешімдері, өсімдіктер дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану салаларындағы экологиялық талаптарды анықтау (ормандардан тыс);

- Бюджет кодексі және «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі - өсімдіктер дүниесі объектісін және оның генетикалық ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы бөлігіне толықтырулар енгізу;

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі және Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі - жеке бағалы өсімдіктер түрлерін (оның ішінде дәрілік өсімдіктерді) бүлдіру немесе жою, олардың заңсыз айналымы, сонымен қатар оларды және өсімдіктердің генетикалық ресурстарын заңсыз сату жауапкершілігі бөліктеріне толықтырулар (нақтылау) енгізу;

- «Жайлымдар туралы» Заңы - осы жобаның заңды сіңіруіне байланысты жойылуы;

Сонымен қатар, кейін өсімдіктер дүниесі саласында қажетті ережелер мен нұсқаулықтарды әзірлеу (өзгертулер мен толықтырулар енгізу) қажеттілігі туындайды (заңға тәуелді актілер түріндегі).
9. Заң жобасы тұрғысын басқа нормативтік құқықтық актілермен жөнге келтіру
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану саласында нормалардың болуы және мазмұны:

1) 1995 жылдың 30 тамызындағы ҚР Конституциясында (6 б. 3 т.) өсімдіктер дүниесі мемлекеттік меншік құқықтың дербес нысаны ретінде жазылған;

2) 2007 жылдың 9 қаңтарындағы ҚР Экологиялық кодексінің 7 б. 1 тармағында өсімдіктер дүниесі қоршаған ортаны қорғау объектінің қатарына енген және «ормандар мен өзге де өсімдіктер», «тірі организмдердің гендік қоры», «табиғи экологиялық жүйелер» ретінде жазылған. Осы Кодекстің «Ормандарды және өзге де өсімдіктерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар» атты 34 тарауы өсімдіктерге қатысты, бірақ ормандардан тыс өсімдіктер әлеміне қатысты бап бұл тарауда жоқ.

3) ҚР Орман кодексі орман қорын иелену, пайдалану және билік ету қоғамдық қатынастарын реттейді, сонымен қатар орман қорын күзету, қорғау, өсімін молайту, экологиялық және ресурстық әлуәтін арттыру, оны тиімді пайдалану құқықтық негіздерін белгілейді, бірақ орман қорынан тыс жерлердегі басқа өсімдіктерді пайдалану мен қорғауды реттемейді.

Кодекстің 6 б. 5 тармағында орман қорына кірмейтін өсімдіктер санаты көрсетілген:

а) мемлекттік орман қорынан тыс жерлерде орналасқан ауданы 0,05 гектардан кем болатын жекелеген және топталған ағаштар, ауыл шаруашылық жерлеріндегі бұта өсімдіктері;

б) елді мекен шекарасы шегіндегі көгалдандыру өсімдіктері, қалалық ормандар мен орманды бақтарды қоспағанда;

в) үй жанындағы жер, саяжай және бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталар.

63 бапта шөптесін өсімдіктерді қорғау туралы келесі норма бар: «Орман қоры аумағында және оған қарасты аумақтарда өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес өрт қауіпті жағдайды төмендету мақсатында орман иелерімен жүргізілетін басқарылатын өртеулерден басқа жердің барлық түрлерінде шөптесін өсімдіктерді өртеуге тиым салынады».

86 бапта Бюджет қаражаты есебінен өсірілген агроорман-мелиорациялық екпелерді күзету, қорғау және пайдалану ерекшеліктері белгіленген; ал «Орман қорына кірмейтін ағаш пен бұта өсімдіктерін заңсыз жойғаны немесе зақымдағаны үшін жауаптылық» 116 бабында «Орман қорына кірмейтін ағаш пен бұта өсімдіктерін заңсыз жою немесе зақымдау ..., Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жауапктылыққа әкеп соғады» деп айтылған.

4) Кәсіпкерлік кодексінде:

16 б. 2 тармағында «шаруа қожалықтары немесе фермерлік қожалықтары мүшелерінің иелігінде жер телімдері, жер телімдеріндегі екпелер, оның інішде жеке орман қорының екпелері болуы мүмкін» деп көрсетілген. Бұл ретте, 138 бапқа сәйкес тексеру жүргізетін кәсіпкерлік субъектілердің қызмет саласына орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстардың өсімін молайту және пайдалану жатады. 139 бап бойынша қадағалау жүргізетін кәсіпкерлік субъектілердің қызмет саласына өсімдіктер карантині саласы, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жатады.

5) Жер кодексінде:

97 бапта ауыл шаруашылығы алқаптарына, өзгелерден басқа, жабайы өсімдіктері бар табиғи шабындықтар мен жайылымдар жатқызылған. Осы баптың 3.2 тармағы ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгертуге жол бермейді. Осы Кодекстің 98 бабына сәйкес аса бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарын онша бағалы емес алқаптарға ауыстыру негіздері: жерлердің шөлге айналуы, шалғын өсімдіктерінің құрып кетуі, жердің мелиоративтік жағдайының нашарлауы; жайылымдарға – тапталып бүліну болып табылады;

110 баптың 2 тармағы қала аймағында «... орман, орманды бақ және басқа жасыл екпелермен көмкерілген, қорғаныс және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын, халықтың десмалыс орны болатын жасыл аймақтарды бөлуді » қарастырады. Бұндай жерлерді қолданудың тәртібі мен режимі оны бөлу туралы шешім қабылдаған органмен анықталады;

114 бап темір жол көлігінің күзет аймағын бөлуді қарастырады, оған «...қорғаныш орман жолақтары....» кіреді. Бұл зоналарда жерді пайдаланудың ерекше жағдайлары белгіленеді, бұнда осы зоналарды белгілеу мақсатымен үйлеспейтін қызмет түрлері шектеледі немесе қызметіне тиым салынады;

122 бабы «... мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағы шегiнде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң және оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге терiс әсер ететiн кез келген қызметтi шектеу меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiне ауыртпалық болып енгiзiледi және бұл жерге орналастыру құжаттамасында ескерiледi» айқындайды;

ЕҚТА төңірегінде оларды жеке меншік иесінен алмай тұра, «аталмыш ерекше қорғалатын аумақтардың экологиялық жүйесін және онда орналасқан мемлекеттік табиғи –қорықтық нысандарын қалпына келтіруге және күй-жайына кері әсерін тигізетін қандайда болсын түріне осы аймақтар шегінде тыйым салуымен және (немесе) шектеу қоюмен қорғау аймақтары белгіленетіні» 123 бапта көрсетіледі.

орман қорының жер құрамы, оларды ауылшаруашылық мұқтаждығы үшін пайдалануға бөлу тәртібі, оларды басқа санаттағы жерге ауыстыруына шектеу қою және басқа санаттағы жерге орман қорының жерлерін ауыстыру кезде орын алатын орманшаруашылық өндірістің шығындарын өтеу 14 тарауда (128-131 баптарда) көрсетіледі;

6) Су кодексі:

116 бап «су нысандарын санитарлық- гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күй-жағдайда ұстау, беткі сулардың ластануын, кірленуін және құрғап тартылуын болдырмау, сондай-ақ өсімдіктер және жануарлар дүниесін сақтау» мақсатында қолданудың ерекше шарттарымен суқорғау аймақтары мен алқаптарын белгілеуді көздейді;

119 бапқа сәйкес «Жайылымдарды басқару бойынша жоспарға сәйкес ...шөп шабу және мал бағу үшін жер пайдалануға» суқорғау аймақтарында жер учаскелері бөлінуі мүмкін.

122 бапқа сәйкес Су нысандарының ластануының, кірлеуінің және құрғап тартылуының алдын алу және болдырмау мақсатында жергілікті атқару органдары « суқорғау аймақтарының және шағын су нысандары алқаптарының шегінде шаруашылық қызмет жүргізу тәртібін...» белгілеуі мүмкін.

125 баппен суқорғау аймақтарының және шағын су нысандары алқаптарының шегінде шаруашылық қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салынады және шектеулер қойылады.

7) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР заңы.

14-бап. Жануарлар дүниесін сақтау және өсімін молайту мақсатында оны пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу, оның ішінде өсімдіктердіңде жойылуына тыйым салу іс-әрекеттері қаралған.

8) ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңы.

2-бап 2-тармақ. ЕҚТА-дың жер қойнауын, суларын ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі.

4-бапқа сәйкес Табиғи кешендер, оның ішінде ЕҚТА-дың жерлері, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері болып табылады.

18-бап 1 тармағы анықтайды.

Қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың және мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің айналасында және олардың шекараларында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде, бұл аймақтар шегінде осы ЕҚТА-дың экологиялық жүйелері мен оларда орналасқан мемлекеттік табиғи – қорық қоры объектілерінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез-келген қызметке тыйым салынады және (немесе) шектеу жасала отырып, қорғау аймақтары белгіленеді.

22-бап 3 тармақ.

Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар қорғалу аймақтарының жер учаскелері, оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай және жер санатын өзгертпей, басқа жер санаттарының құрамында бөлінеді.

69-бап. 3 тармақ.

Ботаникалық мемлекеттік табиғи қаумалдарда- мал жаюға, шөп шабуға, ағаш кесудің барлық түрлеріне, гүлдер теруге, өсімдіктердің тамырларын, түйнектерін және жуашығын қазып алуға, от жағуға, көлік құралдарының бар жолдардан тыс жерлермен келіп кіруіне және жүруіне, өсімдіктер мен жауарлардың бөтен түрлерін жерсіндіруге, сол сияқты өсімдіктердің бүлінуін және жойылуын немесе туғызатын басқа да әрекеттерге;

16-тарау Мемлекеттік табиғи – қорық қорының объектілеріне енетіндер: мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелері, халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілері.

9) ҚР «Жайылымдар туралы» заңы

3-бап. Жайылымдардың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының жер, орман, су заңнамасына,Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жердің қандай да бір санатына олардың тиесілігі және рұқсат етілген пайдалану тәртібі негізге алына отырып айқындалады.

11-бап. Жайылым пайдаланушы жайылымдарды беру шарттарына сәйкес жайылымдарды нысаналы мақсаты бойынша ұтымды пайдалануға, жайылым айналымдары схемасын сақтауға міндетті.

15-бап.Жайлымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде ғана, жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға рұқсат етіледі.

10) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы

9-бап. Экологиялық қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптар

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi оның қоршаған ортаға әсерiн бағалауды ескере отырып Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде белгiленген объектiлердiң жiктелуiне сәйкес жүзеге асырылуға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауiпсiздiк пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды көздеуге тиiс.

Аталған iс-шаралар әсер етудiң осы түрi үшiн заңдарда белгiленген нормативтерге және (немесе) мүмкiн болатын шектi деңгейге (жүктемеге) сәйкес қарастырылады және орындалады.

10-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерi мен ландшафтарды сақтау жөнiндегi талаптар

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру заңдарда белгiленген тәртiппен тарих және мәдениет ескерткiштерi мен қорғалатын ландшафтық объектiлер деп танылған аумақтар мен объектiлердiң сақталу талаптарына негiзделуге тиiс.

2. Тарих және мәдениет ескерткiштерi, қорғалатын табиғат объектiлерi бар аумақтарда ерекше реттелетiн шекара белгiленедi, оның шегiнде сәулет, Қала құрылысы және Құрылыс қызметін жүргiзуге тыйым салынады немесе шек қойылады.

3. Аталған аймақтар шегiндегi жердi пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

21-бап. 22- бап

4-1) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егудің, күтіп-ұстаудың және қорғаудың ережелерін анықтау облыстық және қалалық мәслихаттардың құзретінде;

11) Қылмыстық кодекс

339-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу

Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтiн жерлерін жою

үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

340-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау

Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндерді не қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау –

үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) бірнеше рет;

2) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып;

3) iрi залал келтiре отырып;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

341-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау

1. Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды отты немесе өзге де қауіптілігі жоғары көздерді ұқыпсыз қолдану салдарынан жою немесе зақымдау, егер бұл іс-әрекет ірі залал келтірсе, –

екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кіретін және кiрмейтiн ағаштар мен бұталарды өрт қою жолымен немесе өзге де жалпыға бірдей қауiптi тәсілмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе қоқыстармен ластау салдарынан жасалған қасақана жою немесе зақымдау –

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн бұзу

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн айтарлықтай залал келтiруге әкеп соққан бұзу –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн айтарлықтай залал келтiруге әкеп соққан қасақана зақымдау немесе жою –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

12) Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі

142-бап. Орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу

Орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, заңсыз иелену және айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын заңсыз басқаға беру

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

143-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу

2. Өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты пайдаланылуына рұқсат алу талап етiлетiн өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

366- 376, 381, 387, 388 баптарда әкімшілік жаза қолдану қарастырылған.

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға 14 түрлі орман заңдылықтары мен нормасын бұзған үшін ескерту немесе айыппұл салу әкімшілік жазасы қарастырылған.

378 бап. Өсімдіктер өсетін аумақты қорғау тәртіптерін бұзған үшін ескерту немесе айыппұл салу қарастырылған.

379 бап. Елді мекендерді, кәсіпорындарды және басқа да объектілерді орналастыру, жобалау және салу, өндірістік процестерді жүзеге асыру және көлік құралдарын пайдалану, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және де басқа да препараттарды қолдану.

386, 505 баптар. Қаланың және елді мекендердің жасыл екпелерін зақымдағаны және жойып жібергені үшін,ескерту немесе айыппұл салу қарастырылған.

389 бап. Жабайы өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтауға айппұл салу қарастырылған.

380-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнде болу тәртiбiн бұзу

Жеке тұлғалардың мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк табиғи парктердің аумақтарына арнайы рұқсатсыз және бару үшiн белгiленген орындардан тыс жерлерде болуы

ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Қаралып отырған мәселе бойынша халықаралық тәжірибенің болуы
Өсімдіктер дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар тек Қазақстанда ғана қаралмайды. Шектес шет елдерде олар заңнамалы түрде қабылданып жетілдіріліп келеді.

1) Түркіменстанда «Өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану туралы»1993 жылығы 28 желтоқсандағы Заң қолданып жатыр. Айтулы Заң жер санаттарына қарамастан, өсімдіктер әлемінің барлық объектілерін қарастырады. Түркіменстан азаматтарына өсімдіктер дүниесін пайдалануға тұрақты жағдайда беріледі, ал шетелдіктерге уақытша. Заңда өсімдіктердің белгілі бір түрлерін пайдалану тәртібі уәкілетті оргндар айқындайды. Сондай-ақ, өсімдіктер объектілеріне иелік ету және пайдалану ақылы деп белгіленген. Жеке өсімдіктерді (улы, есірткі және қажетсіз) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен табиғи өсімдіктер қауымдастығын қорғау, өсімдіктер объектілерін қорғау және ұтымды пайдалану үшін экономикалық ынталандыру жолы қарастырылған.

2) Өзбекстанда «Өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану туралы» 1997 жылғы 26 желтоқсандағы (қазіргі таңда жаңа редакцияда 2016 жылғы) Заң қолданып жатыр. Заң өсімдіктер әлемінің бірқатар объектілерін реттейді: жабайы өсімдіктер, жабайы өсімдіктердің өмірлік белсенділігі, ботаникалық коллекциялар. Ол республикалық және жергілікті деңгейде мемлекеттік органдардың, Ұлттық ғылымдар академиясының, өзін-өзі басқару органдарының, коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың өкілеттіктерін анықтайды. Заңда өсімдіктер дүниесін объектілерін мемлекеттік тіркеуді және өсімдіктер әлемін ұрпақты өсірудің қоршаған ортасын қорғауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Заңда пайдалану түрлерін анықтайды, өсімдіктер әлемін қорғау мен ұтымды пайдалануды және оны өсіру ортасын жақсарту мүмкіндігі бойынша ынталандыру жолы қарастырылғанЖалпы алғанда, Заң бұл базалық құжат және басқа да ұлттық заңдарға сілтеме стандарттарын қамтиды.

3) Украинада «Өсімдіктер дүниесі туралы» 1999 жылғы 9 сәуірдеге (соңғы өзгерістермен 2011 жылғы 16 маусымдағы) Заң қолданып жатыр. Заң табиғаттың өсімдік ресурстарын кең ауқымда қарасстырады және оларды маңыздылығына қарай жалпы мемлекеттік және жергілікті маңызына қарай бөледі: осы ресурстарды мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ, азаматтар мн олардың қауымдастықтарының осы процеске қатысуы анықтайды. Өсімдіктер ресурстарын пайдалану жалпы немесе арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін және арнайы пайдалану жергілікті өзін-өзі басқарудың уәкілетті орталық органы белгіленген.

Бұл ресурстардың өнімділігі, қайта қалпына келтіру мүмкіндігі, құндылығы, таралуы, олардың табиғи қордағы мөлшері есептелініп анықталады және өсімдіктер ресурстарын арнайы пайдалану ақылы болып табылады. Ғылыми және оқу мекемелеріне, жер телімдерінің иелеріне, осы жинауды пайдаланушыларға жеңілдіктер қарастырылған. Жалпы табиғи өсімдіктер ресурстарын пайдалану өтеусіз негізде жүргізіледі. Улы, есірткі тектес карантинді жабайы өсімдіктердің басқа да түрлеріне, санына, таралуына мемлекеттік реттеу қарастырылуда. Өсімдік ресурстарын қорғау, қалпына келтіруді реттеу, сонымен қатар енгізу және акклиматизациялау, жабайы өсімдіктерді сұрыптау, мемлекеттік есеп жүргізу, бақылау, кадастр және мониторинг жүргізу, өсімдіктер дүниесі заңнамаларын бұзушылық жағдайларына жауапкершілік нормалары бар. Заң көптеген жеткілікті сілтемелі нормалардан құралған.



4) Арменияда 1999 жылы 22 желтоқсандағы «Өсімдіктер дүниесі» заңы қолданылады (соңғы өзгеріс 2017 жылы 1 наурызда енгізілген). Заңда біртекті негізгі тапсырмалар анықталып белгіленген: өсімдіктер дүниесін қайта қалпына келтіру, өсу орнын, тектік қорын, сандық және сапалылығын қамтамасыз ету. Күзету нысандарына барлық өсімдіктер түрлері енгізілген: Өсімдіктер қоғамдастығы, өсу орындары, ботаникалық бақтар, дендропарктер, орман екпелері және өсімдіктер тегі, табиғи ескерткіштері, қолдану нысандарындағы өсімдік түрлері, ғылыми, тағамдық, дәрі-дәрмектік, техникалық, жемдік басқада өндірістік мағынада.

Мемлекеттік органдардың басқару құзыретінің барлық деңгейі анықталған.

Бүтіндей тару өсімдіктерді зерттеу саласына арналған (тапсырмалар, зерттеу нысандары, мемлекеттік есеп,кадастр, мониторинг, Қызыл кітапқа енгізу). Сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төніп тұрған өсімдіктерді қорғау, күзету аумақтарының құқықтық нормалары тіркелген.Өсімдіктер әлемін қолдану түрлері анықталған. Мемлекеттің меншігіндегі нысанды кәсіпшілік мақсатта дайындау, лицензия және келісім шарт негізінде ақылы болып табылады.

Өсімдіктер әлемін әр түрлі бағытта қолдануға, қолданушыларға және аталған заңнаманың орындалуына бақылау жасайтын лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері тіркелген . Өсімдіктер дүниесін тұрақты қолдануға және тиімді күзетуге мемлекеттік ынталандыру өлшемдері қарастырылған. Заң көптеген жеткілікті сілтемелі нормалардан құралған.



5) Қырғызыстанда 2001 жылғы 20 маусымдағы «Өсімдіктер дүниесін қолдану және қорғау» заңы қолданылуда. Заңға сәйкес, қорғауға өсімдіктер дүниесінің барлық нысандары жатқызылады, қоса алғанда: жабайы өсімдіктер және олардың жердегі және жер астындағы бөліктері, шөптесін өсімдіктердің жамылғысы, дәрі – дәрмектік және өсімдік шикізаттары, жабайы жидектер, грек жаңғағының тұқымы, пісте, шырғанақ т.б.

Өсімдіктер әлемінің обьектілерін қорғау, қолдану және көбейту саласында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері заңмен анықталған. Өсімдіктер әлемінің обьектілерін коммерциялық мақсатта пайдалану және қолдану құқығы үшін төлем жинау бекітілген, төлем мөлшері өсімдік әлемінің обьектісінің орналасқан жерін, аумақтың биотикалық өнімділігін және басқа да экологиялық факторларды ескере отырып, қолдану түрі, мақсаты мен көлеміне байланысты белгіленеді. Өсімдіктер әлемінің обьектілерін пайдалану реті мен түрлері, ботаникалық коллекцияларды қалыптастыру және пайдалану реті анықталған. Өсімдіктер әлемінің обьектілерін және олардың өсу аймақтарын қорғаудың негізгі талаптары, сонымен қатар өсімдіктер әлемінің обьектілерін пайдалауға қойылатын шектеулер мен тыйым салулар бекітілген. Өсімдіктер әлемінің обьектілерін ұтымды пайдалану және оларды қорғау бойынша экономикалық ынталандыру шараларына, сонымен қоса өсімдіктер карантиніне қатысты нормалар бар. Өсімдіктер әлемінің обьектілерін пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылау, сараптау және кадастр жүргізу көзделген. Зиянкестерге осы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілік жүктелуі, және де осы заңнаманы бұзу нәтижесінде орын алған шығынды өтеу міндеті бекітілген.



6) Беларусь Республикасында 2003 жылдың 14 маусымынан (2004 жылдың 29 қазанында енгізілген өзгерістермен) «Өсімдіктер әлемі туралы» Заңы күшіне енді. Заңда өсімдіктер әлеміне қатысты обьектілеріне: жабайы өсімдіктер; тәркіленген жабайы өсімдіктер, оның бөліктері мен қоректері; жабайы өсімдіктердің туындылары; ботаникалық коллекциялар; өсімдіктер әлемінің обьектілерінің өсу аймақтары; өсімдіктер әлемінің обьектілерін пайдалану құқығы жатады. Осы Заңның жарғысы төменде көрсетілген обьектілерге қатысты қолданылмайды: азаматтардың, шет елдердің немесе мемлекеттің емес заңды тұлғалардың меншігіндегі жер телімдерінің (участок) аумағында орналасқан өсімдіктер әлемінің обьектілері; жер телімдерінің немесе су обьектілерінің аумағында орналасқан әрі қарай жүзеге асыру немесе тұтыну мақсатында өсірілетін өсімдіктер. Өсімдіктер әлемінің обьектілерін мемлекеттік реттеу және басқару органдары құралған, олардың құзыреттілігі республикалық және жергілікті дәрежеде, сонымен қатар осы қызметтерді ғылыми қамтамасыз ету реті де анықталған. Жабайы өсімдіктердің жеке (таңдалған) түрлерінің саны және таралу ретіне, сонымен қоса жабайы өсімдіктердің интродукция, акклиматизация, гибридизация және селекциясына, елден шығару және кіргізу ретіне, ботаникалық коллекцияларын өсіру және оларға қарау ретіне қатысты нормалар бар. Өсімдіктер әлемінің обьектілерін пайдалану: жалпы және арнайы пайдалану реті бойынша жүзеге асырылады.

Өсімдік ресурстарын пайдаланушылардың біркелкі құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, шекара аймағындағы және радиоактивті жұқтыру аумақтардардағы ерекшелігімен бірге айналымына нормалар жазылған. Өсімдіктер дүниесі объектілерімен бірге экономикалық механиздер және төлем түрлерінің айналымы анықталды. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген мемлекеттерде мемлекеттік есебін, өсімдіктер әлемінің кадастры мен мониторингін, статистикалық есебін, сонымен қатар, мемлекеттік және өзге де осы саладағы бақылау жүйесін жүзеге асыруды, өсімдіктер әлемі жөніндегі заңнаманы бұзудағы жауапкершілік және өсімдік объектілері және олардың мекен екту ортасынына шеккен зиянды алуға міндеттемені жүргізу көзделеді.

7) Тәжікстанда «Өсімдіктер әлемін қорғау және пайдалану туралы»

заң 2004 жылғы 17 мамырдан (2008 ж. 5 қаңтарға өзгерістерімен) жұмыс істейді. Ол жеке және заңды тұлғаларың міндеттері мен құқығын анықтайды, өсімдіктер дүниесі объектілерін пайдаланудағы төлемді алу бойынша норманы құрайды, осы саладағы басқару органдарының құзіретін орнатады, сонымен қатар, өсімдіктер әлемін қорғау бойынша пайдаланушыларға және өсімдіктердің өсу ортасына негізгі міндеттемелер болып табылады. Заң өсімдіктер әлемінің объектісін пайдалану тәртібін,және түрлерін анықтайды, сонымен қатар, Белорусь Республикасы Заңының жоғарыда көрсетілген нормаларға ұқсас өзге де мәселелерды анықтайды.

8) Молдова Республикасында «Өсімдіктер әлімі туралы» Заң 2007 жылғы 8 қарашадан (2016 ж. 19 тамыздағы жағдайы бойынша өзгерістер) жұмыс істейді. Бұл заң құрылымы және мазмұны бойынша Белорусь Республикасының «Өсімдіктер әлімі туралы» заңына өте жақын келген. Молдова заңында қосымша ретінде келесіні құрайды: а) CITES сертификаттарына рұқсатнама және экспортқа табиғат қорғау рұқсатнамасын беруге төлемнің мөлшері; б) өсімдіктер әлемінің объектілерінің жиынтығына рұқсатнама беру төлемінің мөлшері.

9) Ресей Федерациясында өсімдіктер әлемі бойынша мәселелер федералдық заңда қабылданбаған. Сонымен бірге, «Өсімдіктер әлімі туралы» заң Ресейдің арнайы субъектілерінде: Татарстанда - 1997 жылғы 18 қыркүйекте (2003 ж. 21 қазандағы өзгерістерімен), Башқұртстанда

2010 жылғы 10 мамырда (2006 ж. 3 мамырдағы өзгерістерімен), Қырым Республикасында -2014 жылғы 10 желтоқсанда. Бұл заңдардың бабтарының құрылымы және мазмұны бір бірімен ұқсас және ТМД елдерінің заңнамаларына жақын, сол себепті сараптаулар бөлек жүргізілмейді.

Заңнамаға жүргізілген сараптама жоғарыда көрсетілген елдердегі өсімдіктер әлеміндегі жүйесі «Өсімдіктер әлемі туралы» қазақстандық заң жобасын құрастыруда біздің еліміздің ұлттық ерекшелігін есепке ала отырып, Казақстанда өсімдіктер әлемінің нысандарын қолдану және қалпына келтіру және өсімін молайту, қорғауды құқықтық реттеуде жасалған тәжірибеге негіз береді.



11. Заң жобасындағы өндіруге байланысты қаржылық шығынның алдын алуы.
Аталған заң жобасын өндіру мемлекеттік (республикалық) бюджетінен қаржылық шығынға әкеліп соқтырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет