Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы



бет1/3
Дата17.07.2017
өлшемі461.89 Kb.
  1   2   3





Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!



      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 34-баптан қараңыз.


МАЗМҰНЫ      

      Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

      1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кәсіпкерлік субъектілері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары;



      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің (бұдан әрі – қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым;



      3) қоғамдық мониторинг – Ұлттық палатаның ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және қорыту, оның ішінде шешілуіне нормативтік құқықтық акт бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесіне қол жеткізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайына оның әсерін бағалау жөніндегі қызметі;



      4) міндетті мүшелік жарналар – кәсіпкерлік субъектілерінің осы Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен және мөлшерде Ұлттық палатаға төлейтін жыл сайынғы жарналары;



      5) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 391-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);



      6) Ұлттық палата жүйесіндегі аккредиттеу – қауымдастықтардың (одақтардың), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың Ұлттық палатаның басқару органдарында және жұмыс органдарында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдірудің белгіленген критерийлеріне сәйкестігін Ұлттық палатаның тануы;



      7) «Іскерлік ахуал» рейтингі – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жұмысының нәтижелерін бағалау және салыстыру үшін жүргізілетін, нормативтік құқықтық актілер мен реттеу құралдарының реттеушілік ықпалын жария талдау, сондай-ақ қалыптасқан құқық қолдану практикасын талдау нәтижелеріне негізделген кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын тәуелсіз зерттеу.



      
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 391-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



      2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы

             заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.



      
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3-бап. Ұлттық палатаның мақсаты, міндеттері және жүйесі

      1. Ұлттық палатаны құрудың мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру болып табылады.

      2. Ұлттық палатаның міндеттері:



      1) кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру;


      2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау;


      3) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру;


      4) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу;


      5) кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу;


      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттер болып табылады.


      3. Ұлттық палата жүйесіне:



      1) республикалық деңгейде:


      Ұлттық палата;


      Ұлттық палатада аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар;


      2) аумақтық деңгейде:


      облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана кәсіпкерлерінің палаталары (бұдан әрі – өңірлік палаталар);


      өңірлік палаталарда аккредиттелген өңірлік салааралық, өңірлік салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің өңірлік қауымдастықтары (одақтары);


      өңірлік палаталарда аккредиттелген облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар;


      өңірлік палаталарда аккредиттелген аудандардағы, аудандық маңызы бар қалалардағы қауымдастықтар (одақтар), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар;


      3) қалалық және аудандық деңгейлерде:


      тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандарындағы, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы өңірлік палаталардың филиалдары (бұдан әрі – өңірлік палаталардың филиалдары);


      4) осы Заңның мақсаттарын іске асыру үшін құрылған, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалар;


      5) Ұлттық палатаның шет мемлекет аумағындағы филиалдары мен өкілдіктері кіреді.


      6)
алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 391-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



      4-бап. Ұлттық палата қызметінің қағидаттары

      1. Ұлттық палатаның қызметі мынадай:

      1) дербестік;


      2) барлық кәсіпкерлік субъектілерінің тең құқылығы;


      3) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына қайшы келмейтін шешімдерді қабылдау;


      4)
алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) қызметінің ашықтығы, өз мүшелері алдында есеп берушілік, жауаптылық;


      6) шешімдер қабылдаудағы және оларды іске асырудағы тиімділік, жүйелілік және жеделдік;


      7) салааралық, салалық және өңірлік қауымдастықтарды (одақтарды) дамыту;


      8) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы;


      9) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер өндіретін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал жасау;


      10) қоғам мен кәсіпкерлік мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.


      2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Ұлттық палата, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге коммерциялық емес ұйымдарға міндетті түрде мүше болу белгіленген кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген (есептік тіркеуден өткен) кәсіпкерлік субъектілерінің оған мүше болуының міндеттілігі қағидаты бойынша құрылады.



      Міндетті мүшелікке негізделген, кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) болып табылатын кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік субъектілерінің Ұлттық палатаға мүше болуының міндеттілігі қағидаты қолданылады.



      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 391-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



      2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІМЕН, МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН, ҚАУЫМДАСТЫҚТАРМЕН (ОДАҚТАРМЕН), ҰЛТТЫҚ ПАЛАТА ҚҰРЫЛТАЙШЫ РЕТІНДЕ ҚАТЫСАТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ

      5-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметімен, мемлекеттік

             органдармен өзара іс-қимыл

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерлерін бекітеді;


      2)
алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

      3) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.


      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы оны құру мақсатына және оның міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған.



      3. Ұлттық палатаның Қазақстан Республикасының Үкіметімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен:



      1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;


      1-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды әзірлеуге және оларға сараптама жасауға Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;


      2) Ұлттық палатаның орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен консультациялық-кеңесші органдарды құруы нысанында;


      3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына Ұлттық палатаның қатысуы нысанында;


      4) Ұлттық палатаны құрудың мақсатын, оның міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған өзге де нысандарда жүзеге асырылады.


      4. Коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар Ұлттық палатаның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынуға міндетті.



      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      6-бап. Ұлттық палатаның қауымдастықтармен (одақтармен)

              
және кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі

              
реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимылы

      Ескерту. 6-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 12.11.2015 № 391-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ұлттық палата осы Заңда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді шешу үшін қауымдастықтармен (одақтармен), оның ішінде кәсіпкерлердің салалық, салааралық, өңірлік қауымдастықтарымен (одақтарымен), шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік жөніндегі қауымдастықтармен (одақтармен), сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.



      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өз мүшелерінің мүдделерін білдіретін қауымдастықтар (одақтар):



      1) Ұлттық палата төралқасында көзделген тәртіппен Ұлттық палата жүйесінде аккредиттеуден өтуге;


      2) Ұлттық палатаның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;


      3) Ұлттық палата тарапынан кәсіптік қолдауды, сондай-ақ оның жарғысында көзделген көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;


      4) Ұлттық палатаға жазбаша сұрау салу арқылы өтініш жасауға және дәлелді жауаптар алуға;


      5) өз өкілдерін Ұлттық палата ұйымдастыратын оқытуға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберуге;


      6) білікті ақпараттық-талдамалық қолдау алуға;


      7) Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.


      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, Ұлттық палатада аккредиттеуден өткен қауымдастықтар (одақтар) және өзін-өзі реттейтін ұйымдар осы Заңда белгіленген тәртіппен:



      1) Ұлттық палата съезінің;


      2) Ұлттық палата төралқасының;


      3) Ұлттық палата төралқасы комитеттерінің жұмысына қатысуға құқылы.


      Міндетті мүшелікке негізделген, кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар аккредиттеу үшін белгіленген өлшемшарттарға сәйкестікке тексерілусіз Ұлттық палатада аккредиттеуді алады.



      4. Ұлттық палата осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асыруға Ұлттық палатада аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтарды) және өзін-өзі реттейтін ұйымдарды шарттық негізде тартуға құқылы.



      5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастықтар (одақтар) және өзін-өзі реттейтін ұйымдар осы Заңда белгіленген тәртіппен өңірлік кеңестер құрамына кандидаттар ұсынуға құқылы.



      6. Өңірлік палаталар өңірлік палатаның жарғысында белгіленген өз құзыреті шеңберінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асыруға өңірлік палатада аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтарды) және өзін-өзі реттейтін ұйымдарды шарттық негізде тартуға құқылы.



      7. Ұлттық палата осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды, оның ішінде:



      1) кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын әзірлеуге жәрдемдеседі, сондай-ақ міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарына қорытынды ұсынады;



      2) Ұлттық палатаға келіп түсетін, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және олардың мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарға сараптама жүргізу үшін жібереді;



      3) кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілген кезде, реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдау түйіндерімен келіспеген жағдайда реттеушілік әсерге балама талдау жүргізеді;



      4) кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) арасында, сондай-ақ олар мен өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар, өзге де тұлғалар арасында туындайтын дауларды шешу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аралық сот пен төрелік қызметтерін көрсетеді.



      
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 391-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).



      7-бап. Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды

             тұлғалармен Ұлттық палатаның өзара іс-қимылы

      1. Осы Заңда белгіленген мақсаттарда Ұлттық палата Ұлттық палатаның жүйесіне кіретін заңды тұлғаларды құруға құқылы.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың мақсаттарын, міндеттерін және қызмет түрлерін Ұлттық палата айқындайды.

      3-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ

      8-бап. Ұлттық палатаның функцияларын жүзеге асыру тәртібі

      1. Ұлттық палата осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген функцияларды жүзеге асырады.



      2. Ұлттық палатаның осы Заңда көзделген жүйесі ескеріле отырып:



      1) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген, республикалық деңгейде іске асырылатын және Қазақстан Республикасының Парламентімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен, орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды Ұлттық палата жүзеге асырады;


      2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген, аумақтық деңгейде іске асырылатын және жергілікті өкiлдi және атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды өңірлік палаталар жүзеге асырады;


      3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген, халықаралық деңгейде іске асырылатын және шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды болжайтын функцияларды, сондай-ақ кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметінің дамуына жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі функцияларды Ұлттық палата, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағындағы филиалдары мен өкілдіктері арқылы және (немесе) ол құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлға жүзеге асырады.



      9-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің

             құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қорғау

             жөніндегі функциялары

      1. Ұлттық палата осы Заңға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Ұлттық палатаның жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді, қорғайды.

      2. Ұлттық палата:



      1) Қазақстан Республикасының Үкіметінде, Қазақстан Республикасының Парламентінде және басқа да мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік мүдделерін білдіреді;


      2) кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;


      3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларының тұжырымдамаларына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті сараптаманы жүзеге асырады;


      4) қаржы ұйымдарының қызметі мен қаржы нарығын мемлекеттік реттеу функцияларын қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті реттеудің жекелеген функцияларын бизнес-ортаға кезең-кезеңмен беру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асырады;


      5) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын мәселелер бойынша құрылатын алқалы консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына қатысады;


      6) «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелікті құрады.


      7) кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.


      3. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар осы Заңда және Ұлттық палатаның жарғысында көзделген тәртіппен өткізіледі.



      Қоғамдық тыңдауларға Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдардың депутаттары, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қоғамдық тыңдауларға Ұлттық палата төралқасының шақыруымен қатысады.


      
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 481-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет