Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті


Гербицидтердi сүрi танаптарда пайдалану



бет9/31
Дата02.07.2017
өлшемі5.13 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
1.10. 2 Гербицидтердi сүрi танаптарда пайдалану 

          Сүрi танаптарда гербицид кең қолданылуда. Оған мына жағдайлар себеп болуда:

1) жаппай және талғап әсер ететiн гербицидтердi пайдалануға болады;

2) әсерiн күшейту үшiн гербицидтiң пайдалану мөлшерін көбейтуге болады, мұны мәдени дақылдардың егiсiнде жасай алмайсың;

3) гербицидтердi пайдалану механикалық өңдеудiң санын азайтуға мүмкiндiк бередi, бұл нитрификация процесiн төмендетедi, топырақ ылғалдылығын сақтайды және топырақтың жел эрозиясына төзімдiлiгiн арттырады;

4) гербицид пайдалану мен механикалық өңдеудi ұштастыра жүргiзу, ең зиянды атпатамырлы арамшөптердi түбегейлi жоюға мүмкiндiк бередi;

5)    жанар майдың шығынын азайтып, топырақ өндейтін құралдардың тозуын төмендетедi.

Солтүстiк Қазақстан жағдайында ең тиiмдiсi 2,4-Д тобының гербицидтерi. П.П.Колмаков пен А.М.Нестеренконың (33) деректерi бойынша далалық шырмауықты құрту үшiн  сүрi танапты төртiншi культивацияның орнына 2,4-Д эфирiмен 1,6 кг/га ә.з. мөлшерінде бүрiккен пайдалы. Гербицидтiң арамшөптiң тамырына сiңуi оның терең қабатта өлуiне әкелiп соғады. Үш рет жазықкескiшпен (10-14 см) және 2,4-Д эфирiмен (1,6 кг/га ә.з.) өңделген сүрi танап атпатамырлы арамшөптерден толық тазаланып, бес механикалық өңдеу жүргiзiлген бақылау вариантымен салыстырғанда 2,6-3,0 ц/га қосымша өнім  берген.

Қазіргі кезде сүрi танапта арамшөптердi, әсiресе атпатамырлы және тамыр сабақты арамшөптердi, құртатын жаппай және талғап әсер ететiн гербицидтер бар. Арамшөптерге бiраз өсуге мүмкiндiк бередi де (жатаған бидайықтың түтiктенуi, қалуендердiң жапырақтануы, далалық шырмауықтың сабақтануы), сонан кейiн маусымның екiншi жартысында 3-4 л/га раундаппен өңдейдi. Атпатамырлы арамшөптердi күштiрек басу үшiн раундап (2 л/га) пен 1 л/га ә.з. 2,4-Д эфирiнiң (изопропиламин тұзы) қоспасын пайдалануға болады. Раундаптан кейiн (1,0-1,5 кг/га ә.з.) он күннен соң 2,4-Д басқа түрлерiн пайдалануға болады. Арамшөптер 5-12 күннiң iшiндеөледi.

Жаппай әсер ететiндер тобына жататын Ураган (глифосат-тримезиум) гербицидiн 2-6 л/га мөлшерінде қолдануға болады .
1.10.3.Арамшөптермен күресiң биологиялық шаралары

          Көптеген елдерде арамшөптермен күрестiң биологиялық тәсiлдерiн зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде (28, 55, 56). Зерттеулердiң негiзгi мақсаты – арамшөптердің табиғи жауларын (фитофагтарды, ауруқоздырғыштарды) iздеу, басқа жақтан әкелу және қоныстандыру болып табылады.

          Мысалы, күнбағыс егiсiнде сұңғылаға қарсы күресте фитомиза шыбынын қолданудың пайдалы тәжiрибесi бар. Ростов облысында 1974 жылы фитомиза шыбыны 30869 гектар жерге жiберiлдi. Биологиялық тәсiлдi пайдаланудың нәтижесiнде сұңғыланың 82-90% жойылды .

          АҚШ-та, Канадада түйетiкенмен күресте Rhinocyllus conicus бiзтұмсығын және басқа жәндiктердi пайдаланады. Бiзтұмсықтың личинкалары түйетiкеннiң өнімділігін 98% төмендетедi .

          Сиыржоңышқаның 3-4 жылдық егiсiндегi арамсояумен күресте тамыз айында Альтернария саңырауқұлағын пайдаланады. Аналық суспензияның бiр килосы 300-400 л/га су пайдаланып 2-3 га жердi өңдеуге жетедi.

          Фитофагтарды таңдау өте  қиын, ұзақ мерзiмде, ойластырылып, сақтықпен жүргiзiлетiн жұмыс. Фитофагтарға мынадай шарт қойылады: өте  терең маманданған болуы, жауларының болмауы, жаңа жағдайларға жақсы үйренiсетiн болуы керек.

          Биологиялық тәсiлдiң тиiмдiлiгiнiң ең жақсы мысалы ретiнде кактус опунциясына қарсы Австралияда кактус көбелегiн пайдалануын айтуға болады. Он жылда (1925-1934 жж) опунциядан 24 млн. га жайылым тазартылған.Арамшөптермен күресте биологиялық тәсiлдердiң болашағы  зор.
1.11 Дәріс Ауыспалы егіс

1.11.1.Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері

1.11.2.Ауыспалы егістердің тәсімін кұру принциптері және оларды жіктеу.
1.11.1 Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері

Ауыспалы егіс дегеніміз - ғылымға негіздеп дақылдар мен орналасу орнына және белгілі бір мерзімге қарай кезектестіріп орналастыру.

Жүйелі түрде дақылдарды және сүрі жерді кезектестіріп орналаластыруын ауыспалы егістің тәсімі деп атайды. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы ең кең тараған дәнді-сүрі жер ауыспалы егісінің тәсімі: 1-сүрі жер, 2-жаздық бидай, 3-жаздық бидай, 4-арпа.

Дақылды ұзақ уақыт бір танапта ғана өсіруі ауыстырылмайтын егіс деп, ал шаруашылықта бір ғана дақылды ауыстырмай еге беру дара дақыл деп аталады.

Ауыспалы егістерде кейде бір дақылды бірнеше жылдар бойы егіп, содан соң оны басқа дақылға ауыстырады. Ондай егістерді қайталама егістік деп атайды. Мысалы, жаздық бидайды, жүгеріні, мақтаны және басқа дақылдарды қатарынан 2-3 жыл бойы себеді де, содан кейін басқа дақылға ауыстырады.

Ауыспалы егістің әр бір танабында әдетте бір дақылды өсіреді, өйткені осындай жағдайда ауыл шаруашылық техниканы тиімді пайдалануға, жұмыстарды жақсы ұйымдастыруға және қарқынды технологияларды пайдалануға мүмкіншілік туады. Бірақ егіс аудандары кішігірім болғандықтан бір танапта биологиясы және өсіру агротехникасы ұқсас дақылдарды орналастыру қажет болады. Ауыспалы егістердің осындай танаптарын құрама танаптар деп атайды. Әр бір ауыспалы егіс бірнеше буындардан тұрады. Буын деп жақсы алғы дақылдан басталып келесі топырақ құнарлығын жақсартатын дақылдың алдында аяқталатын ауыспалы егістің бөлігін атайды. Ауыспалы егісте буынды бастайтын жетекші алғы егістің аты буынға беріледі. Көбінесе ауыспалы егістерде келесі буындар кездеседі: сүрі жер, шөпті, отамалы және бұршақты. Мысалы, сүрі жер және бұршақ буындарынан құрастырындған ауыспалы егістің тәсімі:



  1. сүрі жер

  2. жадық бидай сүрі жер быны

  3. жаздық бидай

  4. ас бұршақ бұршақ буыны

  5. мал азықтық дақылдар (арпа, сұлы)

Ауыспалы егісте отамалы және шөпті буындарының тәсімі

  1. Жүгері

  2. Арпа шөптермен бірге себілген отамалы буын отамалы буын

  3. Көпжылдық шөптер

  4. Көпжылдық шөптер шөптік буын

  5. Арпа

Ауыспалы егістің тәсімі бойынша барлық дақылдардың және сүрі жердің толық айналып өткен кезеңі ауыспалы егістің айналымы деп аталады. Оның ұзақтығы ауыспалы егістегі танаптың санына әдеттегідей тең болады. Төтенше орынды танапта дақылдармен сүрі жері кезектесіп орналасып, ал олардың айналым кезеңі такаптардың егі есе кебейген санына тең болған топырақ қорғау ауыспалы егістер және тыс танабы бар айналымы немесе толық емес ауыспалы егістер алады.

Ауыспалы егістің тыс танабы бұл ауыспалы егістің тәсімінен шығарылып бірнеше жыл бойы бір ғана дақыл өсірілетін танабы. Көбінесе тыс танаптарда көп жылдық шептер, жүгері өсіріледі.

Алғы дақыл деп өткен жылы осы танапта өсірілген дақылды немесе сүрі жерді атайды. Ауыспалы егісте әрбір дақыл немесе сүрі жер соңғы дақылға алғы егіс бола алады. Ауыл шаруашылық тәжірибеде ауыспалы егістерге түзетулерді енгізу, дақылдармен сүрі жердін, кезектесуін өзгерту қажет болады. Мысалы, сүрі жердің жағдайы жақсы болған кезде (арамшөптері жоқ, топырақтың физикалық қасиеттері оңтайлы болуы және т. б.). Осындай жағдайда бұл танапта дақылдарды сеуіп, ал сүрі жерге арамшөптермен қатты ластанған немесе физикалық қасиеттері нашар ауыспалы егістердің танаптарын бөліп шығару қажет. Дақылдардың және сүрі жердің алмасуына түзетулерді енгізген кезде олардың ауыспалы егістегі орналасу принциптерін бұзбау керек. Дақылдардың және сүрі жердің кезектестіру принциптерін бұзбай, олардың ауысу жүйелігіне түзетулерді енгізуге мүмкіншілік беретін ауыспалы егістің қасиетіне ие болу оның икемділігі деп аталады.

Айналым мерзімдері ұзақ және биологиясы ұқсас дақылдардан құрастырылған ауыспалы егістердің икемділігі жоғары болады.

Дақылдардың кезектестіру қажеттілігі әр түрлі себептерге байланысты. Олардың ішінде ерекше орынды қоректік заттарды тиімді пайдалану және топырақтағы қарашірік балансын реттеу алып отыр.

Ауыл шаруашылық дақылдар қажетгілігі, сонымен қатар топырақтан қоректік заттарды сіңіру қабілеттері өзгеше болады. Топырақтаң шығыдайтын әр түрлі дақылдардың, қоректік заттардың мөлшері олардың өнімділігіне жеке химиялық құрамына байланысты болады. Егіншілік тәжірибесінде қандай болсын өсімдіктің өсіру топырақтағы заттардың (оларды сырттан енгізбей) азаюына байланысты, Топырақтағы қоректік элементтердің азаюы өсімдіктің түріне байланысты. Бұдан басқа қоректік элементтерді пайдалануға қатынасы бойынша өсімдіктер таңдаулы қасиеттерге.

Астық дақылдар топырақты біршама азот және фосфор, картоп калиймен кедейлетеді. Тамыр жүйесінің әр түрлі қабатта орналасуы қоректік заттарды топырақтын әр түлрі қабаттардан пайдалануына себепші болады.

Негізгі ауылшаруашылық дақылдарының алғы егістері. В.Г.Ротмистров барлық ауыл шаруашылық дақылдарды тамырлардың бойлау тереңдігі бойынша үш топқа бөлді: таяз орналасқан тамыр жүйесі — картоп, зығыр, қарақұмық, ас бұршақ, тары, орташа терендікте орналасқан тамырлары - қара бидай, бидай, арпа, сиыр жоңышқа, терең бойлайтын тамыр жүйеісі - әр түрлі өсімдіктер қиын еритін қосылыстардан қоректік заттарды әр түрлі сіңіру қабілеттеріне ие болады.

Қарақұмық тамыр іріндерінің жоғары ерітетін қабілетіне байланысты қиын еритін қосылыстардан пайдаланып, басқа одан кейін өсірілетін дақылдарға жеңіл сіңетін түрде қалдырады.

Ауыл шаруашылық дақылдарының тамыр жүйесінің құрылысындағы айырмашылығы топырақ ылғалдылығының пайдаланғанда байқалады. Қуатты тамыр жүйесі бар өсімдіктер (жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы, жоңышқа ылғалды төменгі қабаттардан пайдаланады, ал басқа өсімдіктер ылғалды топырақтың жоғарғы қабаттарынан жұмсайды.

Әр түрлі өсімдіктер құрғақ заттардың қалыптасуына судың әр түрлі мөлшерін жұмсайды. Қант, жүгері, күнбағыс, көпжылдық шөптер тары, арпа сияқты өсімдіктерге қарағанда суды көбірек жұмсайды және топырақты күштірек құрғатады. Сондықтан ауыспалы егісте әр түрлі дақылдарды алмастырып қоректік заттарды және топырақ ылғалын тиімді пайдалануға мүмкіншілік туады.

Танапата дақылдардың алмасуы топырақтың физикалық жағдайын, әсіресе оның құрылымы мен тығыздығын жақсарту қажет.

Бір жылдық дақылдарды қарқынды өндеулер мен қайталама өсіру топырақтың тым борпылдақ болуына, ал бұл топырақ құрылымының нашарлауына келтіреді. Құрғақ дала, дала және аймақтарының жағдайында жел эрозиясының қауптілігі байқалады. Көпжылдық шөптер және басқа дақылдар қалың қыртысты (шымды) құрады, топырақ құрылымын жақсартады, төзімді агрегаттардың санын көбейтеді, су және жел эрозиясынан қорғайды.

Топырақ құрылымының қалыптасуынын өсері өтетін дәрежесі бойынша дала дақылдарын мынадай ретпен орналастыруға болады: көп жылдық бұршақ-дәнді шөп қоспалары, көпжылдық бұршақ шөптер, бір жылдық бұршақ-дәнді шоп қоспалары, күздік дәнді дақылдар, жүгері, жаздық денділер, астық бүршақтылар, зығыр, картоп және тамыржемістілер.

Ауыспалы егіс дақылдарының орналасуының биологиялық себептері өсімдіктерді зиянкестер және арамшөптерден қорғаута, арамшөптердің зиянды әсеріне, сонымен қатар топырақта улы заттардың жинауынан қорғайтын қажеттілігіне тығыз байланысты.

Жоғарыда айтылғандай, арамшөптердің белгілі түрлері кейбір дақылдарға бейімделген. Осындайда аурулар мен зиянкестер туралы айтуға болады. Сондықтан дақылдарды алмаспай өсіруі арнаулы энто және фитофактардың санының, белгілі бір арамшөптердің көбеюіне, тамырлардың бөліп шығаратын зиянды заттардың жинаулын, микроорганизмдердің тіршіліктерінің пайда болған заттардың кобеюін дақылдарды дұрыс алмастыру арқылы шешуге болады.

Ауыспалы егістің тәсімін жасау және танаптарда дақылдардың кезектесуін дұрыс ұымдастыру үшін алғы дақылдардың сапалық қасиеттерін білудің маңызы өте зор.

Алғы дақылдарды бағалағанда бірнеше талаптарды ескереді:

1. Келесі дақылды себер алдында тамыр өсетін топырақ қабатындағы өнімді ылғалдың мөлшері.

2.Топырақта өсімдікгерге сіңімді түрде қореқтік заттардың болуы.

3.Ауыспалы егісте өсіретін дақылға зиян келтіретін аурулардың және зиянкестердің жоқтылығы.

танаптық жұмыстарды жүргізу үшін вегетация кезеңінің ұзақтығының жеткіліктілігі.

1.11.2.Ауыспалы егістердің тәсімін кұру принциптері және оларды жіктеу.

Ауыспалы егістерді құрастырған кезде өрбір дақылға барынша қолайлы жағдай жасап, сыртқы ортаның қолайсыз әсерін азайту керек. Әрбір дақылдың биологиялық ерекшеліктері, олардың тіршілік факторларына қатынасы, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне, су және қоректік режимдеріне, танаптардың ластануына, сонымен қатар микроорганизмдердің тіршілігіне әсері анықталады. Ауыспалы егістің тәсімін құрастырғанда топырақ құнарлығын тиімді пайдалану кажетілігін ескеру керек. Ауыспалы егістердін төсімін құрғанда мына қағидаларды ұстану қажет:

1.Ауданның үлкен бөлігін негізгі дақылдарға бөлу керек.


  1. Құнды дақылдарды, сондай-ақ топырақ құнарлығына, арамшөптердін жоқтылығына және тіршілік факторларына, басқа да жағдайларға талабы жоғары дақылдарды ең жақсы дақылдан кейін орналастыру керек. Олар өз кезегімен келесі дақыл үшін жақсы алғы дақыл болғаны жөн.

  1. Ауыспалы егісті ең жақсы алғы дақылдан бастау керек.

  1. Топырақты өте тереңге күшті құрғататын дақылдардың (күнбағыс, қант қызылшасы, судан шөбі қайталана егілуіне, көп жылдық шөптерден кейін қүнбағыстың орналасуына жол бермеу керек.

  2. Дәнді бұршақ дакылдарын қайталап өсіру тиімсіз, өйткені олардан кейін бірінші жылы топырақта жиналған азотты, осы элементке қажеттілігі жоғары дақылдар оны пайдалана алмайды.

6. Сүрі жерге отамалы және дәнді бұршақ дақылдарын орналастыруға болмайды. Бұл жағдайда олардың құнды алғы егіс артықшылығын басқа дақылдар пайдаланбайды.

7. Нашар алғы егістен кейін танаптарды сүрі жерге қалдыру керек.

8. Суландырылатын және жауын-шашын жеткілікті жерлерде көп жылдық шөптерді бірінші жылы күздік немесе жаздық астық дақылдарының немесе бір жылдық шөптердің жамылғыларының астында өсірген тиіші.

9. Астық (арпа, сұлы, жұмсақ бидай) және жармалық мәдени дақылдадың қайталама егістері болуы мүмкін.

10. Ең жақсы алғы егістердің соңғы әсерін барынша толығымен кажет; мысалы, сүрі жерден кейін жаздық қайталама егістерін егуге болады.

11.Арамшөптерді азайтатын дақылдарды арамшөгптерге сезімтал дақылдармен кезектестіріл орналастырады.

12.Зиянкестері мен аурулары ұқсас және арнаулы арамшөптері бар дақылдардың қайталама егісіне жол беруге болмайды.

13.Далалық және құрғақ далалық аймақтарда эрозия қауіптілігін төмендету үшін мамандырылған ауыспалы егістерде отамалы дақылдарды қайталап егу тиімді емес.

14. Ауыспалы егісте күзде-қыста және жазда болатын жауың-шашынды тиімді пайдалана алатын дақылдардын кезектесуің үйлестіру керек.

15.Өсу-даму кезеңдерінің ұзақтығы әр түрлі дақылдарды кезектестіру керек.

Егіншілік тәжірибесінде қолданылатын ауыспалы егістердің көп түрлілігі оларды жіктеуді қажет етеді. Нақты бір шаруашылықта әр түрлі ауыспалы егістерді тиімді үйлестіруі ауыспалы егіс жүйесін құрайды. Әдебиеттерде әр түрлі ауыспалы егістердің жіктеулері болғанымен, олардың барлығының негізіңде үш белгі бар: өнімнің негізгі түрі (далалық, мал азықтық, арнайы), биологиясы және өсіру агротехникасы бойынша өзгеше дақылдардың топтарының ара катынасы (дәнді отамалы, дәнді-шөпті, сидералды, жеміс алмасу, топырақ қорғайтын т.б.) және танаптардың саны.

Бірақ мұндай жіктеу түсінуді қиындатады және ауыспалы егіске дұрыс атын беретін белгілерін анық бөліп шығаруға мүмкіндік бермейді. Мысалы, топырақ қорғайтын ауыспалы егістерді осы жіктеу бойынша бөліп шығаруға мүмкіндік бермейді. Ауыспалы егістердің мазмұнын және ерекше белгілерін толығырақ деңгейде Л.П. Роктанен және В.П. Томилов ұсынған жіктеу көрсете алады (6- кесте).


6 кесте Ауыспалы егістердің жіктелуі

Ауыспалы егістердің белгілері

Дақылдардың құрамы бойынша

Буындардың ерекшеліктері бойынша

Танаптардың саны бойынша

Қосымша белгісі бойынша

Сүрі жерлік, Отамалы, Шөптесін, бұршақты

Дәнді, мал азықтық, көкөністік,

Техникалық



Екі танапты, үш танапты, төрт танапты

және т.б.



Суармалы топырақ қорғайтын, сидералды тыс танабы бар көп жылдық шөптер

Құрастырылған, сүрі жерлі-отамалы,

шөпті-сүрі

жерлі,

шөпті-бұршақ



Құрастырылған мал азыктык-дэнді,

көкөністік — мал

азықтық.

Дәнді-техникалық және т.б.

Бақшалық-көкөністік және

т.б.





.

Ауыспалы егістің сүрі жерлі және шөпті буындарынан құрастырылған мысалы:



  1. Сүрі жер

  2. Жаздық бидай Сүрі жер буын

  3. Жаздық бидай

  4. Біржылдық бұршақ-дәнді қоспалары

  5. Жаздық бидай шөпті буын

6.Мал азықтық дақылдар
Дақылдардың құрамы бойынша ауыспалы егіс дәнді болып табылады, өйткені дәнді дақылдардың үлесі көбірек (66,6%), құрастырылған буындарының айырмашылығы бойынша шөпті-сүрі жерлі, ал танап саны бойынша — алты танапты. Ауыспалы егістің толық аталуы — сүрі жерлі-дәнді-шөпті алты танапты.

Топырақ қорғайтын ауыспалы егістер. Өсімдіктердің қалдықтары аз болуына байланысты, жеңіл топырақтардың құнарлығы төмен болатын ауыспалы егістерде, жазықтілгіштермен өңдеуге қарамастан жел эрозиясының, ал егіс беткейлерде су эрозиясының қауіптілігі байқалады. Сондықтан осындай танаптарда арнайы сүрі жерді және дақылдарды жол-жолмен орналыстырып, арнайы топырақ қорғайтын ауыспалы егістер игеріледі (7-кесте).

7 кесте Дақылдарды және сүрі жерді бес танапты топырақ қорғайтын ауыспалы егісте орналастыру




Тақ жолақтар

Жұп жолақтар

1

Сүрі жер

Үшінші жылғы көп жылдық шөптер

2

Жаздық бидай

Төртінші жылғы көп жылдық шөптер

3

Жаздық бидай, күзде көп жылдық шөптер орылған егістің үстінен себу

Бесінші жылғы көп жылдық шөптер шөпке шабылғаннан кейін жартылай сүрі жер бойынша өндеу

4

Бірінші жылғы көп жылдық

шөптер


Көп жылдық шөптер қыртысының үстінен жазық бидайды себу

5

Екінші жылғы көп жылдық шөптер

қыртыстың үстінен жаздық бидайды себу



Мал азықтық ауыспалы егістер.

Мал азықтық ауыспалы егістер дақылдардың түріне, орналасу орнына және пайдалану мақсатына байланысты ферма маңындағы және жайылым-пішен шабатындарға бөлінеді. Мал шаруашылық қора-қопсыларының маңындағы мал азықтық ауыспалы егістерде сүрлемдік және мал азықтық дақылдар, біржылдық шөптердің егістері орналасады, ал жайлым-пішен шабатын ауыспалы егістерде көбінесе көп жылдық шөптер басым болады.


Екі танапты


  1. Сүрлемдік жүгері 1 Сүрлемдік жүгері (4-5 жыл)

  2. Арпа 2 Көпжылдық шөптер (4-5 жыл)


Үш танапты


  1. Сүрлемдік жүгері 1 Сүрлемдік жүгері

  2. Арпа 2 Бір жылдық шөптер

  3. Сүлы 3 Арпа


Төрт танапты

1 Сүрлемдік жүгері 1 Сүрлемдік жүгері(бір жылдық шөптер)



  1. Арпа 2 Арпа

  2. Мал азықтық тары 3 Сұлы

  3. Арпа 4 Көп жылдық шөптер
    (шықпа танап)

Жел эрозиясына күшті ұшырайтын топырақта алты танапты жайылым-пішен шабатын ауыспалы егістер қолданылады.

1. 2/3 бөлігі сүрі жер (алқаптың ені 30 м)+1/3 белігі көп жылдық шөптер (алқаптың ені 10 м)

2. 2/3 бөлігі бір жылдық шөптер + 1/3 бөлігі көп жылдық шөптер (шөп шабылғаннан кейін жартылай пар түрінде ендеу.

3.Үшінші жылдан бастап көпжылдық шөптер өсіріледі /3-6 жылдары/.

Бұл ауыспалы егістің игеруі осындай тәсім жүргізіледі (30-сурет).

Көпжылдық шөптердің егістерін 6 танапқа бөледі. Бірінші жылы басыңқы желге көлденең бір танапты ені 30 және 10 м алқаптарға бөледі. Кең алқаптарды сүрі жер түрінде өндейді, ал жіңішке алқаптарда шөп жамылғысын бұрынғы күйінде сақтайды. Келесі жылы сүрі жер алқаптарына біржылдық шөптер егіледі, ал буферлік алқаптарда (10 м) шөп шабылған соң жартылай сүрі жер түрінде өндейді. Күзде бір жылдық шөптердің өнімін жинағаннан соң танап өндеусіз көпжылдық шөптермен егіледі (еркек шөп).
1.12 Дәріс Топырақ өңдеу

1.12.1Топырақ өңдеудің ғылыми негіздері

Топырақтың қатты фазасының физикалық негізгі сипаттамасы оның меншікті массасы (тығыздығы) болып табылады.

Топырақтың меншікті массасы деп оның абсолютті құрғақ, қатты фазасы күйіндегі көлемдік бір өлшемінің массасын айтады. Бұл қатты фаза массасының көлеміне қатынасымен аңықталады.

Топырақтың қатты фазасының меншікті массасы, оның құрамына енетін бөліктерінің орта қатынасыны байланысты . мысалы, саздың меншікті массасы 2,7 г/см³, құмдікі – 2,65 г/см³, қарашіріктікі – 1,4 г/см³. Топырақтың меншікті массасы әдетте осы көрсетілген шамада былайша айтқанда оны құрайтындардың меншікті массасының орташа көрсеткішіне тең болады. Тығыздық (р) – біртекті заттың бірлік көлемдегі массасымен анықталатын физикалық шама. Біртекті заттың тығыздығы оның барлық нүктелерінде бірдей болады. Бұл кезде тығыздық зат массасының (m) көлемге (v) қатынасы бойынша анықталады: p=m/ v.

Біртекті емес заттың тығыздығы оның барлық нүктесінде бірдей болмайды. Бұл жағдыйда тығыздықтың орташа деңгейі есептеліп шығарылады :( p=m/ v).



Топырақ тығыздығы деп табиғи жағдайдағы 1 см³ құрғақ топырақтың грамм есебімен алынған массасын айтады. Су және ауа режимдері топырақ тығыздығына байланысты.

Топырақтың жыртылған қабатының тығыздығы 0,б – ден 1,5 г/см³ аралығында өзгереді, оған себеп болатын топырақтың қасиеті мен ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы. Құмдақ топырақтың бұл көрсеткіші 1,82 г/см³ болса, нығыз қара топырықты жердің көрсеткіші -1 г/см³. Топырақты өндеген кезде оған органиқалық тыңайтқыштар енгізілсе, оның тығыздығы кемиді. Топырақ қасиетеріне, өсімдіктің өсіп жетілуіне тығыздық жан- жақты әсер етеді. Су тәртібіне, ауа айналымына және биологиялық белсенділігіне топырақтың аса тығыз болуы тым қолайсыз. Өйткені, топырақ неғұрлым құрғақ болса, соғұрлым өсімдіктерге жайсыз тиеді. Топырақ тығыздығы 0,1 г/см³ артса, өсімдік пайдаланбайтын ылғал мөлшері 10 процент кобейеді. Егер топырақ тығыздығы 1,45 г/см³ асатын болса, онда қолайла газ алмасу жағдайы бұзылады. Топырақ тығыздығы шамадан тыс болса, себілген тұқымының далалық шығымы төмендейді, өсімдік тамырларының топырақ қабатында терең бойлауы мен оның жан-жақа жайылу көлемі кемиді. Тығыздық 1,4 - 1,55 г/см³ шамасына жеткен кезде –ақ тамыр жиелерінің өсуі тежеле бастайды, ал 1,6 г/см³ асатын болса, онда мүлдем өспейді. Осының бәрі дақылдардын биологиалық өнімділігін және өнімін төмендетеді.

Шамадан тыс қопсытылған топырақ құрылысы да өсімдікке қолайсыз келеді. Топырақ қабатыныың ең қолайлы тығыздығы – белгілі бір өсімдіктерге есептегенде 1 – 1,3 г/см³ болып саналады.

Қолайлы тығыздық топырақтың әр қабаты үшін бірдей болмайды. Топырақтың үстіңгі қабатындағы ылғалдың буға айналып кетпеуі үшін оның 4 -5 см дейінгі қыртысының тығыздығы мейліншекем болғаны орынды.

Отамалы дақылдар (картоп, жүгері, т. б.) үшін топырақтың орташа тығыздығы , дәнді дақылдарға қараганда әдетте 0,1 – 0,2 г/см³ төмен болады. Көпжылдық шөптер, тары, зығыр дақылдары тығыздығы жоғары топырақты қажет етеді.


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет