Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет8/31
Дата02.07.2017
өлшемі5.13 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
1.10. Дәріс

    Гербицидтер және оларды пайдалану туралы жалпы деректер 

1.10.1.Ауыл шаруашылығы дақылдарының танаптарында гербицид қолдану 
1.10. 2 Гербицидтердi сүрi танаптарда пайдалану

1.10.3.Арамшөптермен күресiң биологиялық шаралары
Гербицидтер және оларды пайдалану туралы жалпы деректер 
Химиялық күрес арамшөптердің қлуiне әкелiп соғатын химиялық заттарды қолдануға негiзделген. Бұл заттарды гербицидтер деп атайды. Ол латынның herba – шөп және ceado -өлтiремiн деген сөздерiнен құралған. Гербицидтердi пайдалану ауыл шаруашылығының тиiмдiлiгiн елеулi түрде арттырды. У.К. Шоу және Л.Л. Джексон АҚШ-та ақырғы жиырма жылда 186 млн га артық жерде арамшөптермен күресте 2,4- Д гербицидiн қолдану жиналған астықтың мөлшерін 56 млн тоннаға көбейткенiн мәлiмдейдi.

Қазіргі егiншiлiкте арамшөптермен күрестi гербицидсiз табысты жүргiзу iс жүзiнде мүмкiн емес. Өндiрiсте талғап әсер ететiн, жер бетiне шашылатын немесе топыраққа сiңiрiлетiн гербицидтер (2,4-Д, триаллат, трефлан, прометрин, эрадикан т.б.) кең тараған

Гербицидтердiң  талғап әсер етуi мәдени өсімдіктер мен арамшөптердің морфологиялық және биологиялық ерекшелiктерiне байланысты. Мысалы, астық тұқымдас өсімдіктердің (дара жарнақтылар) жапырақтары жiңiшке, сабаққа сүйiр бұрышпен  орналасқан, нашар ылғалданады, өсу нүктесi жапырақтар қынабымен жабылған.

Қос жарнақтыларға жататын көптеген жалпақ жапырақты өсімдіктердің жапырақтары көлденең орналасқан, жақсы ылғалданады, өсу нүктесi ашық орналасқан. Гербицидтердiң өсімдіктерге енуi заттар алмасуын, белоктар мен көмірсутектерiнiң түзiлуiн, тотығу және тотықсыздану процестерiн бұзады. Хлорофильдi ыдыратып, ең соңында өсімдіктердің опат болуына әкелiп соғады. Кейбiр мәдени дақылдардың гербицидтерге төзімдi болуы олардың жасушаларында гербицидтiң күшiн жоятын ерекше ферменттердiң (жүгерiнiң симазинге) болуына+ немесе гербицидтерге антидот++ (топик, эрадикан) қосуға байланысты.



+ гербицидтер, олардың сипаттамасы, жiктелуi туралы толық мәлiметтердi арнайы әдебиеттерден (3, 7, 9, 61, 62, 67)алуға болады.

++ антидот – мәдени өсімдіктердің гербицидтерге төзімдiлiгiн арттыратын химиялық зат.  

          Гербицидтер ерiтiндiлер (2,4-Д амин тұзының судағы ерiтiндiсi), суспензиялар (симазиннiң, прометриннiң, атразиннiң суланған ұнтақтары), эмульсиялар (2,4-Д бутил эфирi, триаллат, трефлан, эптан), түйiршiктер (триаллат, 2,4-Д бутил эфирi), ағатын құрғақ суспензия (гранстар) түрiнде қолданылады.

          Гербицидтердi ұшақ арқылы, жер бетiне бүрку (тұтастай, жолақтап, штангалы бүрку, дистанциялық) тәсiлдермен қолданады. Суармалы егiншiлiкте су арқылы пайдалануға болады (гербигация).

          Аз жылдық және көп жылдық арамшөптердің дара және қос жарнақтыларын жою үшiн гербицидтерұштастырыла немесе қоспасын пайдаланады. Мысалы, жүгерi егiстiгiнде – эрадикан (азжылдықтарға қарсы) тұқым сепкенге дейiн және 3-5 жапырақтар кезеңiнде 2,4-Д (көп жылдық қосжарнақтыларға қарсы) қолданады. Бидай егiсiнде – триаллат (қара сұлыға қарсы) тұқым сепкенге дейiн және 2,4-Д (қосжарнақтыларға қарсы) түптену кезеңiнде пайдаланады.

          Кейбiр жағдайларда гербицидтердiң қоспасы немесе гербицид пен тыңайтқыш, гербицид пен микротыңайтқыштың қоспаларын қолданады. Жүгерi егiстiгiнде эптан мен 2,4-Д амин тұзының қоспасын пайдалануға болады . Картопта прометрин мен натрий трихлорацетатын қолдануға болады .

          Целиноград ауыл шаруашылығы институтының егiншiлiк кафедрасының тәжiрибелерiнде (М.И.Тангиев, Г.П.Судникович) 1974-1975 жж. еркекшөп егiсiне 2,4-Д амин тұзын және аммиак селитрасын (15 кг/га ә.з.), суперфосфатты (15 кг/га ә.з.), аммофосты (15 кг/га ә.з.), молибдендi (200 г/га ә.з.) қолданудың пайдалы әсерi байқалған. Жеке 2.4-Д пайдаланғандағымен салыстырғанда еркекшөптен 21-36% қосымша өнім  алынған.

          Алдына қойған мiндеттерiне және өсімдіктерге тигiзетiн әсерiне қарай гербицидтердi әр түрлi мерзiмде пайдалануға болады: 1) тұқым себер алдындағы мiндеттi түрде топыраққа дереу сiңiру арқылы енгiзу (триаллат, трефлан, эптам, эрадикан, прометрин); 2) тұқым сепкеннен кейiнгi дереу топыраққа сiңiру арқылы енгiзу (прометрин); 3) мәдени дақылдар көктеп шықпай тұрып қолдану (2,4-Д, 2М-4Х); 4) мәдени дақылдар көктеп шыққаннан соң қолдану (2,4-Д, иллоксан); 5) өнімді жинағаннан кейiн қолдану (2,4-Д, түйiршiктi триаллат, раундап); 6) сүрi танаптарды өңдеу кезiнде (раундап, ураган).

          Гербицидтердiң ұшақ арқылы, жер бетiне бүрiккiштер арқылы қолданғандағы пайдалы әсерi ауаның температурасына, желдiң жылдамдығына, жауынға, жұмсалған ерiтiндiнiң мөлшеріне және гербицидтiң өсімдік тканьдарына ену жылдамдығына байланысты болады.

          Арамшөптердің жер бетiндегi бөліктеріне әсер ететiн гербицидтердiң ең жоғарғы улылығы температура 18-240С болғанда байқалады. Ауаның температурасы 25-300С болғанда олар нашар әсер етедi, ал 8-100С болғанда әсерi тiптi байқалмайды .Желдiң жылдамдығы 4 м/сек жоғары болғанда гербицидтердi шашуға болмайды.

          Ерiтiндiлердiң пайдалану мөлшері: өте  шағын көлемдi – гектарына 5 л дейiн, шағын көлемдi – желдеткiштi және ұшақ бүрiккiштерiн пайдаланғанда – 10-50 л/га, штангалы бүрiккiштердi пайдаланғанда – 50-75 л/га, әдеттегi көлемдi – 200-300 л/га, көп көлемдi, гектарына 300 л артық болып келедi .

          Жер үстiлiк штангалы бүркуге (түгелдей және жолақтап) ОПШ-15-01, ОП-2000-2-01, ОП-3200, ПОМ-630, ПОМ-630-1, ОМ-630-2 штангалы бүрiккiштерiн қолданады.

          Жер үстiлiк желдеткiштi (дистанциялық) бүркуге ОПВ-1200, ОП-2000, ОМ-630, ОМ-320 агрегаттарын пайдаланады .

          Гербицидтердiң көпшiлiгiнiң адамдар мен жануарларға әсерi төмен болса да, олар адамның денесiне белгiлi бiр мөлшері тигенде улы әсер етедi. Сондықтан гербицидтермен жұмыс iстегенде сақтық жасаған дұрыс. Жұмысқа кiрiспей тұрып жұмысшылардың қауiпсiздiк техникасы жөнінде нұсқаудан өтiп, арнайы киiм алуы керек. Бұл мәселе бойынша арнайы әдебиеттерде толығырақ жазылған .

          Агрономдарға гербицидтердi сақтау жағдайына көңіл бөлу керек. Шет елдерде оларды жылы, құрғақ, желдетiлген ғимараттарда сақтау керектiгi жөнінде нұсқау бар. Мысалы, трефланды сақтағанда температура +40С төмен түспеуi керек, ал 2,4-Д қатуына жол бермеу керек. Гербицидтегi әсер ететiн затының мөлшерін тексерудiң де маңызы зор. Сақтау кезiнде, әсiресе ұзақ сақтағанда гербицидтiң әсерлiлiгi төмендейдi. Мұндай гербицидтердi пайдалану үлкен шығын шығарғанмен тиiмдiлiгi төмен немесе болмауы да мүмкiн, оған жол беруге болмайды


1.10.1.Ауыл шаруашылығы дақылдарының танаптарында гербицид қолдану 

          Арамшөптердің әсерiнен болатын өнімнің төмендеуінiң 75-80% көпжылдықтардың үлесiне тисе, қалғандары азжылдықтардың үлесiне тиедi . Тек күзгi және көктемгі топырақ өңдеу арқылы дәндi дақылдар мен жүгерi егiстiктерiн көп жылдық атпатамырлы арамшөптерден тазартуға болмайды. Ауыспалы егiске сүрi танапты енгiзу күрестiң тиiмдiлiгiн күрт арттырады.

БОАЗҒИ-ның арамшөптермен күрес зертханасының зерттеулерi сүрi танаптан алыстаған сайын егiстiктердiң атпатамырлы арамшөптермен ластануы жылына екi есеге  жуық артып отыратынын анықтаған          

          Топырақ қорғау егiншiлiк жүйесiнде қосжарнақты арамшөптермен күресте бiраз табыстарға қол жетсе, ал азжылдық астық тұқымдас арамшөптермен (қара сұлы, мысыққұйрықтар, тауық тарысы, түктi тары) күресте жағдай басқаша. Көптеген зерттеушiлер дәндi-сүрi танапты ауыспалы егiсте астық тұқымдас арамшөптердің, әсiресе тары тәрiздес түрлерiнiң көбейiп келе жатқанын көрсетеді          Қазіргі кезде астық тұқымдас арамшөптерге, оның iшiнде тары тәрiздес түрлерiне қарсы қолданылатын гербицидтер бар. Оларды кең пайдалануға бағасының қымбаттылығы мен ауылдың экономикалық қиындығы қолбайлау болуда.

          Отандық және шетелдiк зерттеулер көрсеткендей, бидай мен арпа егiстерiндегi қара сұлымен күресте, оны 76-89% дейiн құртуға мүмкiндiк беретiн триаллат гербицидi тиiмдi Триаллат  (авадекс) сұйық және түйiршiктi түрде шығарылады.

Трефланды пайдаланғанда бидайдың тұқымын гербицид бар қабаттан төмен себу керек. Бұған СЗС-2,1 тұқымсепкiштерiн пайдаланғанда толық мүмкiндiк бар.  Трефланның әсер ететiн спектрi триаллатқа қарағанда әлдеқайда кең, ол мысыққұйрыққа, қара сұлыға, гүлтәжiне, шырмауық таранға, қаңбаққа улы әсер етедi .

          Жүгерiнiң кең қатарлап сепкен жағдайда арамшөптерге қарсы бәсекелестiк қабiлетi төмен. Күрестiң агротехникалық шаралары арамшөптердi тиiмдi жоя алмайды. А.М.Нестренконың (1985) тәжiрибелерiнде арамшөптерге (тары тәрiздестер, қара сұлы, аз жылдық және көп жылдық қосжарнақтылар) қарсы күресте трефланды (2 л/га) және триаллатты (2,5 л/га, эрадиканды (5 л/га) және 2,4-Д амин тұзын (2,5 л/га) ұштастыра пайдалану жоғары тиiмдiлiгiн көрсеткен. Гербицид қолданылған варианттарда қатараралық өңдеу жүргiзiлген жоқ. Бақылау вариантында өнімділік 137,8 ц/га болғанда жүгерiден 78-94 ц/га қосымша көк балауса алынған.

          Күнбағыс және картоп егiстерiнде бiр жылдық дара және қос жарнақты арамшөптерге қарсы прометрин гербицидiн пайдалану тиiмдi. Прометриндi күнбағысты сепкенге дейiн, себумен бiрге немесе сепкеннен соң көгі пайда болғанға дейiн топыраққа бiрден сiңiру арқылы жүргiзедi. Дәрмек бойынша сiңiру мөлшері гектарына 2,0-6,0 кг (ә.з. 1,0-3,0кг).

          Картопты отырғызған соң бiрден прометриндi шашып, топыраққа тырмамен араластырады. Жұмсалу мөлшері дәрмек бойынша 3,0-5,0 кг/га (ә.з. 1,5-2,5 кг/га). Картоп түйнектерiн гербицид шашылғаннан кейiн тек үш айдан соң пайдалануға болады.          Целиноград ауыл шаруашылығы институтының егiншiлiк кафедрасының зерттеулерiнде еркекшөп егiсiнде 2,4-Д амин тұзын 2-3 кг/га мөлшерінде қолдану тиiмдiлiк көрсеткен. Еркекшөптiң бiрiншi жылғы егiсiнде гербицид пайдалану келесi жылғы шөптiң түсiмiн бақылаумен салыстырғанда 44,5-71,3% арттырған.

          Егер бiрiншi жылы гербицид пайдаланылмаса, екiншi жылы еркекшөптi жинағаннан кейiн 35-40 күн өткен соң (шiлденiң аяғында тамыздың басында) қолдануға болады. Азот фосфор және микротыңайтқыштармен араластырғанда 2,4-Д амин тұзының арамшөптерге әсерi күшейедi (М.И.Тангиев, Г.П.Судникович, 1972-1975 гг.). 




Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет