Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет7/31
Дата02.07.2017
өлшемі5.13 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31

Топырақты өңдеу


Егiн себуге дейiнгi қара сұлының көгі, дана/м2

күзде

көктемде


1975-1977жж.

ұ бақылауға

Жазықкескiштi культивация (бақылау)

Жазықкескiштi культивация

Жазықкескiштi культивация+

БИГ-3


Жазықкескiштi культивация+ БИГ-3

тырмалау
өңдеусiз


тырмалау

БИГ-3
өңдеусiз


153
343


149

403

-
+190
-

+254


 

Бұл жағдайда топырақты ерте көктемдегi тырмалаудан бас тартуға болады. Нестеренко А.М. және басқалардың тәжiрибелерiнде бұл бас тартудың тұқым себу алдында арамшөп тұқымдарының көп өнуіне әсер ететiндiгi анықталған (8- кесте).

Топырақты ерте көктемде өңдемеу қара сұлының тұқымдарының көбірек өнуіне әсер етедi. Танаптар қара сұлымен ластанған жағдайда бұл оның көгін  егiн себу алдындағы культивациямен толығырақ жоюға мүмкiндiк бередi.

Күзгi терең қопсытудан кейін (25-27 см) топырақ iрi кесектi болғанда БИГ-3 тырмалау керек болады.

Iрi кесектi сүдiгердi күзде тырмалау көктемде қара сұлының көгінің  көп шығуына және жаздық бидайдың өнімінің жоғары болуына әсер етедi. 

 Сонымен қатар жазықкескiшпен саяз өңдегенде өнім  терең өңдеудегiден кем болмаған.

Зерттеулерде күзгi топырақ өңдеу тереңдiгiнiң танаптардың көп жылдық атпатамырлы арамшөптермен ластануына елеулi әсерi байқалмаған. В.Т.Иванов, Л.Н.Иодко және басқалардың (21) деректерi бойынша дәндi-отамалы ауыспалы егiстегi танаптардың атпатамырлы арамшөптермен ластануы бiр шаршы метрде 6,4-7,4 данадан болған.

Атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптердi не күзгi, не көктемгі топырақ өңдеумен толық жоюға болмайды. Көп жылдық арамшөптермен күрестi ең жақсысы таза сүрi танапта жүргiзу.

Арамшөптермен сүрi танаптағы күрес.  Сүрi танапта көп жылдық атпатамырлы арамшөптерге қарсы әлсiрету принципiн толығырақ пайдалануға мүмкіндік туады. Алғы дақыл жиналғаннан кейiн танапта аз жылдық арамшөптер басым болғанда БИГ-3 тырмаланады, ал атпатамырлы немесе тамырсабақты арамшөптер басым болғанда КПШ-9, КТС-10-01 культиваторларымен өңделедi.

Келесi жылы арамшөптер жаппай өнгенде бiрiншi культивация жүргiзедi. Одан кейінгі 2-3 өңдеудi атпатамырлы арамшөптердің шығуына қарай, көбінесе 20 күннен кейiн, 10-12 см тереңдiкте жүргiзедi. Бесiншi өңдеудi тамыздың екiншi жартысында 25-27 см тереңдiкте жүргiзу ұсынылады. Канаданың Саскачеван провинциясында арамшөптермен күрес табысты болу үшiн сүрi танапты төрт реттен көп өңдеу керек .

АҚШ-та өңдеудi 10-14 күннен кейiн қайталап тұру ұсынылады. Сонымен қатар көп жылдық арамшөптерде қоректiк заттардың 2-3 жылдық қоры болатыны айтылады .

Канзас штатында ұзақ жүргiзiлген арнайы тәжiрибелер сүрi танапта далалық шырмауықты өз уақытында және керектi құралдармен өңдегенде екi жылда толық жоюға болатынын көрсеткен. Ол үшiн арасы 12 күн болатын 16 культивация керек болады. Өңдеу тереңдiгi – 10 см

Изели Д. деректерi бойынша атпатамырлы арамшөптерде қоректiк заттардың ең аз мөлшері, маусымның аяғы мен шiлденiң басында келетiн, шанақтану кезеңiнде болатын көрінеді. Туындыгер, далалық шырмауықтың өркенiнiң 5 жапыраққа дейiн бiр жылдық өсімдік сияқты дамитынын, сонан кейiн ғана оның тамырларының атпа ұрпақ беретiнiн атайды.

Атпатамырлы арамшөптер туралы келтiрiлген мәлiметтер оларды толық жою үшiн сүрi танапты мұқиятөңдеп, ауыспалы егiстiң басқа танаптарында да жүйелi күрес жүргiзу, оның iшiнде химиялық күрес те бар, керектiгiн көрсетеді.

Сүрi танапта тамырсабақты арамшөптердi жою үшiн КПЭ-3,8; КТС-10 культиваторларын пайдаланған жақсы. Танап жатаған бидайықпен ластанғанда осы култьиваторлармен, тамырсабақтары орналасатын – 14-16 см тереңдiкте 4-5 рет өңдеу тиiмдi.

Бұтақты бидайықпен күрес бiршама қиын, себебi оның тамырсабақтары жатаған бидайықтiкiне қарағанда терең орналасқан. Солтүстiк Қазақстан жағдайында бұтақты бидайықтың тамырсабақтары қара және күңгiрт қоңыр топырақтарда – 28-30 см, қоңыр және ашық қоңыр топырақтарда – 24-26 см, сортаң жерлерде – 16-18 см тереңдiкте орналасады.

Бұтақты бидайықпен күресте алдымен терең қопсытқыштарды қолданады, ал соңынан қайта жабдықталған КПЭ-3,8 культиваторын жiбередi. Бұл культиватордың тiрегiндегi қазтабанының орнына, жалпақ болаттан жасалған, екi ұшында жүзi бар арнайы қопсытқыш қашау бекiтiлген. Қайта жабдықталған терең қопсытқышты қолдану арқылы бiр жердi қайталап өтудiң санын азайтуға болады.

Қашау темiрдi қолдану құралдың серiппелi жұмыс органдарын 24-30 см тереңдетуге мүмкiндiк бередi. ғайта жабдықталған культиватормен сүрi танапты төрт рет өңдеу соқамен жыртуды пайдаланбай-ақ бұтақты және жатаған бидайықтың тамырсабақтарынан тазартады.

Сүрi танапты толықтай өңдегенде жатаған бидайыққа қарсы тұншықтыру тәсiлiн пайдалануға болады. Алғашқыда жатаған бидайықтың тамырсабақтары табақты сыдыра жыртқышпен ұсақталады, сонан соң өркендерi (бiзшелер) пайда болғанда соқамен терең жыртады. Бұл тәсiлдi ерте таза сүрi танаптарда қолданған қолайлы.

Бұтақты бидайықпен күресте, тамырсабақтарын жер бетiне тақау шығару үшiн, жердi соқамен жыртады, сонан соң культиватормен тамырсабақтарын тарайды. Сонымен қатар, ауа райы құрғақ және ыстық болғанда, тамырсыз қалған тамырсабақтар құрғап қалады.

Аз жылдық арамшөптер сүрi танапты өңдегенде бiршама тиiмдi жойылады. Бiрақ-та, оларды, әсiресе қара сұлыны, сүрi танапты өңдеу кезiнде толық жоюға қол жетпейдi, себебi тұқымдардың бiр бөлігі тек келесi жылдары өнеді. Сонымен қатар, азжылдықтармен күресте ауа райының және өңдеудiң тереңдiгiнiң де әсерi байқалады. Жазы құрғақ жылдары азжылдықтарды жою нашарлау болады.

Сүрi танапты өңдеудiң басында 8-10 см терең жүргiзiлген культивация да күрестiң тиiмдiлiгiн кемiтедi, себебi қопсытылған жер тез құрғап кетедi.



Себу мерзiмi. Топырақ қорғау егiншiлiгiнде дәндi дақылдарды оңтайлы мерзiмде себудiң маңызы өте  зор, олар жаздық бидай үшiн – 15-25, ал сұлы мен арпа үшiн - 25-30 мамыр.

Тың игерудiң алғашқы жылдарында жаздық бидайды себудiң ерте мерзiмдерiн пайдалану танаптардың жаппай  қара сұлымен ластануына, өнімділіктiң күрт төмендеуіне және үлкен экономикалық шығынға әкелiп соқты. Қорған облысы жағдайында жаздық бидайды кеш мерзiмде себу үшiн күрестiң пионерi Т.С.Мальцев болды. «Колхоз өндірісi» жорналында ол 1944 жылы қара сұлымен ластанған танаптарда жаздық бидайдың ерте пiсетiн сорттарын мамырдың жиырмалары кезiнде, ал арпа мен сұлыны мамырдың үшiншi онкүндiгiнде, кейде маусымның басында себу керектiгiн жазды (43). Тек осы мерзiмде себу ғана қара сұлының жаппай өнуіне қол жеткiзiп, оларды егiн себу алдындағы культивациямен жоюға мүмкiндiк бередi. Ол мынадай бiр оқиғаны келтiредi, 1948 жылы 400 га танапқа бидайды ерте себуге мәжбүр етiптi. Бидайдың арасында қара сұлының өте  көп екендiгi 25 мамырдың өзінде белгiлi болды. Т.С.Мальцев 25 мамырда танаптың алты жерiн табақты сыдыра жыртқышпен өңдеп, 26 мамырда қайтадан бидай сеуiптi. Күзде бұл жерлер 19 ц/га өнім  берсе, танаптың қалған бөлігінен 5 ц/га өнім  алыныпты. «Мен мұны жергiлiктi жердiң ұсыныстарына кедергi жасап, қолбайлау болатындарға көрсету үшiн жасадым, олар көздерiмен көрдi себебi келушiлер ол мөлдектерге дейiн соқпақ жол салған болатын», – деп жазды ол.

Солтүстiк Қазақстан жағдайында қара сұлымен күрестiң ең сенiмдi жолы – себу алдындағы культивация, ол жаздық бидайды таза сүрi танаптарда мамырдың төртiншi-бесiншi бескүндiгiнде сепкенде де тиiмдi.. Қара сұлымен күрестiң осындай шаралары Канадада кең қолданылады .

М.В.Карпенконың деректерi бойынша, 20 жыл iшiнде орта есеппен бидайдан ең жоғары өнім  20-30 мамыр аралығында сепкенде алынған. 5-10 мамырда себумен салыстырғанда гектарынан 3,4-3,5 ц қосымша өнім  жиналған. Қара сұлымен ластанған танаптарда қолайлы мерзiмде себу ерте мерзiмде себумен салыстырғанда қара сұлының санын 98% төмендеткен.

Кеш өнетін арамшөптермен (итқонақ, тауық тарысы) күресте себу мерзiмiнiң әсерi шамалы, себебi олардың көгі бидай егiстерiнде егiн көктегеннен кейiн жазғы жауындардан соң шығады.

Арамшөптермен күресте себу мөлшері мен жұмыс сапасының да маңызы бар. М.Қ.Сүлейменовтiң деректерi бойынша тұқымның себу мөлшерін гектарына 1,0-1,5 млн өнгiш дәнге дейiн кемiту сүрi танапқа себiлген жаздық бидайдың арамшөптермен ластануын бақылау вариантымен салыстырғанда 31%, басқа алғы егiстерде - 28% арттырған. Ол арамшөптермен күрестiң арнайы шараларынсыз себу мөлшерін гектарына 2,0-2,5 млн өнгiш дәннен төмендетуге болмайтынын ескертедi. Керiсiнше, себу мөлшерін ұсынылғаннан сәл жоғарылату әр шаршы метрдегi арамшөптердің массасын 3-17% төмендетедi .

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстерiнде шүй немесе себiлмеген жерлердi қалдыруға болмайды. Олар арамшөптердің ошағына айналады. Себiлмей қалған жерлердi аз жылдық арамшөптер (қара сұлы, қаңбақ, гүлтәжi т. б.) жайлап алады. Отамалы дақылдардың егiсiнде жеткiлiктi күрес болмаған жағдайда арамшөптер, әсiресе кеш өнетіндер, қарқынды дамиды.
1.9 Дәріс

1.9.1 Мәдени өсімдіктердің бәсекелестiк қабiлетiн арттыру. 

Мәдени өсімдіктердің бәсекелестiк қабiлетiнiң артуына олардың агротехникасының жекелеген шараларын дұрыс таңдау арқылы қол жеткiзуге болады. Ең алдымен оларға тұқым себу мерзiмi мен тәсiлдерi, себу мөлшері мен тұқым сiңiру тереңдiгi, тыңайтқыштарды қолдану жатады.

Тұқымды терең және саяз себу, егiннiң сиреуi арқылы олардың арамшөптерге қарсы бәсекелестiгiн нашарлатады. Сондықтан жаздық бидайдың тұқымын қолайлы тереңдiкке, 6-8 см сепкен дұрыс .

Арамшөптердің өсіп-өнуіне тыңайтқыштар елеулi әсер етедi. Тыңайтқыштың тиiмдi немесе керi әсерi болуы мүмкiн. И.И.Хорошилов пен В.И.Хорошилованың мәлiмдеуi бойынша қара сұлымен күштi ластанған майлы зығырдың егiсiнде минералды тыңайтқыштар керi әсер еткен. Зығыр егiсiнiң қара сұлымен ластануы 5 есе артып, соның әсерiнен зығырдың өнімi 4 есе төмендеген.

Азот тыңайтқыштары қара сұлының тұқымдарының тыныштық күйiнен шығуын тездетедi. Тұқым себудiң соңғы мерзiмiндегi егiстiктерде фосфор тыңайтқыштарын пайдалану дәндi дақылдардың өнімділігін арттырады.

Осындай мәлiметтер бидай егiстерiнде де алынған. Канада туындыгерлерiнiң бiр қатары қара сұлымен, далалық қышамен, жабайы шомырмен ластанған бидай мен арпа егiстiктерiндегi тыңайтқыштардың тиiмдiлiгiнiң төмен болатынын мәлiмдейдi. Боуден мен Фризеннiң деректерi бойынша жаздық бидай егiсiнiң әр шаршы метрiнде қара сұлының 82 өсімдігі болғанда тыңайтқыш пайдалану 11,0 ц/га өнімділікке қол жеткiзген, ал қара сұлы болмағанда өнімділік 19,4 ц/га, яғни 8,4 ц/га артық болған .

Фосфор тыңайтқыштарын пайдаланғанда мысыққұйрық итқонақ өзінiң массасын көбейтедi. Шырмауық, ақ алабұта, жатаған бидайық тыңайтқыш пайдаланғанда өздерінің массасын азайтады .

В.А.Смирнов фосформен қоректенудiң жақсаруы арпа мен қос жарнақты арамшөптердің 2,4-Д гербицидiне төзімдiлiгiн арттыратынын хабарлайды. Фосформен қамтамасыз ету деңгейi төмен болғанда азоттың көбеюі  бұл өсімдіктердің 2,4-Д гербицидiне төзімдiлiгiн кемiтедi. Туындыгер, қоректiк деңгейi жоғары болғанда ауыстырылмайтын егiстiкте де 8 жыл гербицидтi пайдалану оған төзімдi қос жарнақты арамшөптердің жиналуын туғызбағанын анықтаған.

Тыңайтқыш пайдаланылған танапта барлық кездескен арамшөптердің iшiнде, тек масақты гүлтәжi ғана өзінiң санын және тұқым өнімділігін арттырды.

          Жалпы алғанда, керектi мөлшерде тыңайтқыш пайдаланған жоғарғы деңгейдегi агротехника және гербицидтердi пайдалану дақылдардың арамшөптерге қарсы бәсекелестiк қабiлетiн күшейтедi. СолтүстiкҚазақстанның жағдайында бұл мәселе толық зерттелмеген және ғылыми тексерудi керек етедi.



1.9.2 Арамшөптердi егiстiктерде жою. 

Арамшөптермен егiн сепкеннен кейiнгi күрестiң басты агротехникалық шараларына егiстi көгі шыққанға дейiн және көгі шыққаннан кейiнгi тырмалау, отамалы дақылдардың қатараралығын өңдеу жатады. Тырмалаудың тиiмдiлiгi топырақтың беткi қабатындағы арамшөптердің жас өркендерiн (ақ жiпше кезеңi) жоюға негiзделген.          Отамалы дақылдардың (жүгерi, картоп) егiстiктерiн көктегенге дейiн және көктегеннен кейiн тырмалау тиiмдi және кең қолданылады. Дәндi дақылдардың егiсiн тырмалау сақтықты талап етедi.

 Мұнда СЗС-2,1 тұқым сепкiшiнен кейiнгi жердiң бетiндегi аңыз қалдықтарының, арамшөптер өркенiнiң болатынын, қажеттi гидроцилиндрлi тырмалардың, үлкен алқаптардың болуын ескеру  керек.

          Дәндi дақылдарды  көктегеннен кейiн тырмалау Қарағанды НИИСХ-ның тәжiрибе шаруашылығында кеңiнен қолданады. Ол үшiн мұнда жиналған өсімдік қалдықтарынан жұмысты тоқтатпай-ақ тазалауға мүмкiндiк беретiн гидроцилиндрлi кең алымды (30 м) тiстi тырмалар пайдаланылады .

 1.9. 3 Арамшөптермен ауыспалы егiстегi күрес.

 Ауыспалы егiсте дақылдарды алмастырып отыру арамшөптермен күрестiң тиiмдiлiгiн арттыратыны бұрыннан белгiлi. А.Тэер өзінiң «Ұтымды ауыл шаруашылығының негiздерi» атты кiтабында бұл туралы: «Арамшөптердi жою үшiн егiстiктерде дақылдар алмасуы өте  керек, себебi кейбiр астық тұқымдастар басқаларға қарағанда белгiлi арамшөптердің көбеюіне жағдай жасайды, олардың өсуiне, пiсiп- жетiлуiне кедергi болмайды, ал кейбiр өсімдіктер өз маңына арамшөптердi жолатпайды», – деп жазған болатын (65).

          Ресейде арамшөптермен күрестегi ауыспалы егiстiң пайдасы туралы А.Ермолов жазды. Ол ауыспалы егiстiң арамшөптермен күреске мүмкiндiк беретiнiн атап көрсетті . Ол қарақұмық себу арқылы танаптың жатаған бидайықпен ластануын төмендетуге болатынын мысалға келтiредi.

          Д.Изели Америка құрлығының солтүстiгiнде кездесетiн 1200 арамшөптердің ауыспалы егiсте дақылдарды алмастырып отырғанда 20 түрiнiң ғана сақталатынын хабарлайды.

          Арамшөптермен күресте әр түрлi тұқымдастықтарға жататын дақылдарды алмастыру ерекше тиiмдi, бiрақ Солтүстiк Қазақстан жағдайында мұндай ауыспалы егiстер қолданылмайды. Дәндi-сүрi танапты ауыпалы егiстерде арамшөптермен күрестiң негiзгi ауыртпалығы сүрi танапқа түседi. Сүрi танаптан алыстаған сайын егiстiктердiң арамшөптермен ластануы арта түседi.

          Кестеден көрінгендей, сүрi танаптан алыстаған сайын бидай егiсiнiң арамшөптермен ластануы арта түседi, бiрақ ол бидайды жүгерiден кейiн немесе ауыстырмай өсіргендегiге қарағанда төмен. Мұнда көп жылдық арамшөптердің саны сүрi танаптан кейiнгi бiрiншi бидайға қарағанда 5,5-11,6 есе артқан.

          Жүгерiнiң арамшөптермен күрес қабiлетiнiң төмендiгiн жаздағы қатараралығын өңдеу арқылы көп жылдық арамшөптердi жоюға мүмкiн еместiгiмен түсiндiруге болады.

          Ауыспалы егiске кеш себiлетiн бұршақ-сұлы қоспасын немесе арпаны енгiзгенде, онан кейiнгi бидайдың ластануы сүрi танаптан кейiнгi үшінші бидайға қарағанда 1,7-1,5 есе азаяды (75). Арамшөптердi пәрменді жою үшiн гербицидтер пайдалану керек. Гербицидтердiң рөлі, сүрi танабы жоқ, мал-азықтық ауыспалы егiстерде ерекше артады.

          Н.М.Дядик пен С.И.Гилевичтiң мәлiмдеуiнше Қостанай облысы жағдайында ауыспалы егiстер арамшөптермен күрестiң маңызды құралы болып табылады.

          ҚазАШҒЗИ-ның зерттеулерi  сүрi танабы бар және кеш себiлетiн дәндi дақылдар кiрген ауыспалы егiс танаптарының ластануы төмен екенiн көрсеткен. Ауыстырылмайтын бидай егiсiнде гербицид пайдаланбаған жағдайда ең көп арамшөп – 53 дана/м2, оның iшiнде 34 көпжылдық болды. Олардың құрғақ массасы 104,4 г/м2, немесе ауыспалы егiстердегiден 4-6 есе көп болды.

          Ауыспалы егiс сүрi танапсыз болғанда көп жылдық арамшөптердің саны артады. Егiстiктердi арамшөптерден тазартудың шешушi құралы – гербицидтер. Ауыстырылмай себiлген бидай егiсiнде гербицидтердi пайдаланғанда арамшөптердің саны 2 есе, ал олардың құрғақ массасы 5 есе кемiген .

           Арамшөптердің бiр ерекшелiгi, агротехника бұзылса, кешендi күрес шаралары сақталмаса болды, танаптарда олар қаптап шыға келедi. Осыған байланысты А.А.Измаильскийдiң осыдан жүз жылға жуық уақыт бұрын айтқан мына сөздерi бүгiн де көкейкестiлiгiн жойған жоқ: «Ауыл шаруашылығының  қолайсыз жағдайларымен күресте ... мен бiрiншi орынға танаптардың арамшөптермен ластануымен күрестi қоямын, ал бұл күрестiң табысы үшiн сүрi танаптың дұрыс өңделуiнiң орасан зор маңызы бар ...» . 



Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет