Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет6/31
Дата02.07.2017
өлшемі5.13 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

 

          Танаптың ластануын санау әдiсiмен анықтау үшiн оның ұзын қиғашы бойынша жүрiп отырып бiрдей қашықтықтан соң аумағы 0,25 шаршы метр (50х50 см) рамаларды салып есептеу жүргiзедi. Ауданы 100 гектардан артық танаптарда 20 есептеу жүргiзедi. Ол үшiн раманың iшiндегi арамшөптердің әр түрiн бөлек санап есептеу қағазына жазады (1-үлгi). Анықтаушыға белгiсiз арамшөптердi “Басқа түрлер” атты жолда көрсетеді. Анықтауды аяқтағаннан кейiн 1-үлгiдегi көрсеткіштердi шаруашылық бойынша дақылдардың арамшөптермен ластану ведомосіне ауыстырады (2-үлгi). Екiншi үлгiдегi мәлiметтер негiзiнде танаптарды ластану деңгейiне қарай топтарға бөлу әр шаршы метр жердегi арамшөптердің санына қарай жүргiзiледi (5 -кесте).

          Танаптардың әр шаршы метрiнде бiр және одан көп көп жылдық арамшөп болғанда гербицидпен өңдеуұсынылады, бiр жылдық арамшөптер – 6 және одан көп болғанда гербицид пайдаланған тиiмдi. Егiстiктерде карантиндi арамшөптер болғанда олардың санына қарамай өңдеу жүргiзедi .

          Танаптардың ластануын санау және салмағын өлшеу әдiсi арқылы анықтағанда арамшөптердi тек санап қоймайды, олардың және мәдени дақылдардың дымқыл және құрғақ массасын өлшейдi.

Бұл әдiс агротехникалық зерттеулерде, танаптардың ластану деңгейiн ғана анықтап қоймай, арамшөптердің зияндылығын да анықтау керек болғанда қолданылады. Олардың зияндылығын анықтаудың негiзiне егiстiктiң әр шаршы метр жерiндегi өсімдіктердің жалпы биомассасында арамшөптердің үлесi қанша болса, алынатын өнім  сонша мөлшерге төмендейдi деген қағида алынған.

5 кесте. Санап анықтау әдiсiнде танаптардың ластану деңгейiн бағалау

 


Арамшөптердің саны, дана/м2

Ластану деңгейi

Балл


5-ке дейiн

5,1-15


15,1 – 50

50,1 – 100

100-ден артық


өте  шамалы

шамалы


орташа

күштi


өте  күштi

1

2

3



4

5


 

          Н.З.Милащенко арамшөптердің зияндылығын олардың үлес салмағы бойынша мына шәкiлмен анықтауды ұсынады:

 

Бағалау көрсеткіші

Өсiмдiктердiң жалпы биомассасындағы                арамшөптердің үлес салмағы, %

Шамалы

                        10-ға дейiн

Орташа

                        11-20

Күштi

                        21-30

Өте  күштi

                        31-ден артық

 

          Осындай шәкiлдi пайдалану тек егiстiктердiң ластануын ғана емес, арамшөптердің зияндылығын, яғни ластанудың осы деңгейiндегi ауыл шаруашылығы дақылының өнімінің төмендеу мөлшерін болжауға да мүмкiндiк бередi.

          Жоғарыдан қарап анықтау әдiсiн қолданғанда дәлiрек болуы үшiн оларды жердегi санау әдiсiнiң нәтижесiмен салыстырылады. Ластану деңгейiн анықтау бес баллды шәкiл бойынша жүргiзiледi, мұнда 1 балл егiстiктiң ауданының 10% арамшөптер алғанда қойылса, 2 балл – 11-25, 3 балл – 26-35, 4 балл – 36-55, 5 балл – 56-75 % болғанда қойылады. Бұл шәкiлдің көрсеткіштерi танаптардың ластануын санау арқылы анықтау әдiсiндегi шәкiлдің көрсеткіштерiмен теңгерiлуi мүмкiн .

          Топырақтың арамшөптердің тұқымдарымен ластануын анықтау көп еңбек етудi, арнайы құралдарды және көп уақытты керек етедi. Алайда, танаптардың жыртылатын қабатындағы арамшөптердің тұқымдарының мөлшерін бiлу, олардың өміршеңдiгiн сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, танаптардың ластануын бiрнеше жылға алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Анықтаудың тәсiлдерi арнайы әдебиеттерде берiлген . А.В.Фисюнов . танаптардың жыртылатын қабатының арамшөптердің тұқымдарымен ластануын бағалауды төмендегi шәкiл бойынша жүргiзудi ұсынады: 1 балл – шамалы, гектарына 10 млн данадан аз; 2 балл – орташа, 10-50; 3 балл – күштi, гектарына 50 млн данадан көп.

          2.Арамшөптердің зияндылығының шегi. 

Зияндылықтың түрлерiн ең терең талдағандар С.А.Воробьев пен А.И.Туликов. болды. Олардың арасынан арамшөптiң меншiктi зияндылығын; зияндылықтың экономикалық шегiн және гербакритикалық кезең туралы бөлiп айтқан дұрыс. Меншiктi зияндылық деп нақты арамшөп түрiнiң бiр өсімдігінiң 1 шаршы метр егiстiктегi кг немесе ц/га арқылы көрсетілген өнімді төмендету мөлшерін атайды. Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының (ҚазАШҒЗИ) деректерi бойынша қызғылт қалуеннiң бiр өсімдігінiң меншiктi зияндылығы 35 кг/га, далалық қалуендiкi – 23, қара сұлынiкi – 10 кг/га жетедi. Бiр шаршы метр жерде екi көп жылдық және 15-20 дана бiр жылдық арамшөп болғанда гербицид қолдану экономикалық жағынан тиiмдi болады.

          Зияндылықтың экономикалық шегi (ЗЭШ) дегенiмiз – арамшөптердi толық жойғанда алынған қосымша өнім  құнының жою жұмыстарына және алынған қосымша өнімді жинауға кеткен шығынды өтейтiн шегі .

          Гербакритикалық кезең дегенiмiз – мәдени дақылдардың арамшөптердің бәсекелестiгiне ең сезiмтал өсу кезеңi. Жаздық дақылдардың көпшiлiгiнде сезiмталдық өсудiң алғашқы 2-3 аптасында байқалады. Екпе дақылдың өсіп-дамуының екiншi жартысында өнiп шыққан арамшөптердің көгі алғашқылардың өнімiне елеулi әсер ете алмайды. Арамшөптердi жою шараларынан ең жоғарғы тиiмдiлiктi оларды гербакритикалық кезеңде пайдаланғанда қол жеткiзуге болады. Одан кеш жүргiзiлген күрестiң тиiмдiлiгi төмен, бiрақ ол егiн жинау жұмыстарын жеңiлдетедi және арамшөптердің тұқымдарының топырақтағы қорының артуына тосқауыл болады. 




1.8..Дәріс

1.8.1 Арамшөптермен күрес шаралары. 

Арамшөптермен күрес шаралары. 

Қазіргі егiншiлiкте арамшөптермен күресудiң көптеген шаралары бар. Олар бiр-бiрiнен тиiмдiлiгiмен, пайдалану мерзiмiмен, шығынның мөлшерімен және тағы басқа көрсеткіштерi арқылы ерекшеленедi. Олардың барлығын негiзгi үш топқа бөлуге болады:



Ұйымдастыру шаралары

1.     Танаптардың ластануын анықтау.

2.     Танаптардың ластануын бағалау және экономикалық зияндылықтың шегiн анықтау.

3.     Танаптардың ластануының картасын жасау.

4.     Арамшөптермен күрестiң кешендi бағдарламасын дайындау.

  Алдын алу шаралары

1.     Мәдени дақылдардың тұқымдарын тазалау.

2.     Жемдi, мекендi, сабанды малға ұнтақталған немесе буландырылған күйiнде беру.

3.     Жол бойындағы, бос жерлердегi, қора жайлардың маңындағы арамшөптердi гүлдегенге дейiн шауып тастау.

4.     Арамшөптердің сыртқы және iшкi карантинiн сақтау.

5.     Көңді арамшөптердің тұқымдары өнгіштігін жоғалтатындай етiп дұрыс сақтау және пайдалану.

  Жою шаралары



I. Агротехникалық шаралар

1.     Сүрi танаптарды өңдеу.

2.     Күзгi топырақ өңдеу.

3.     Топырақты көктемгі өңдеу.

4.     Топырақты өсімдіктердi күтiп-баптау кезiнде өңдеу.

5.     Ауыспалы егiсте дақылдарды алмастыру.

6.     Агротехникалық тәсiлдердi қолдану арқылы екпе дақылдардың арамшөптерге қарсы бәсекелестiк қабiлетiн арттыру. 

II. Химиялық шаралар

1.     Таңдап әсер ететiн гербицидтердi егiн сепкенге дейiн пайдалану.

2.     Мәдени өсімдіктердің егiстiктерiнде таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.

3.     Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинап алғаннан кейiн жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.

4.     Сүрi танаптарда жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану. 

III. Биологиялық шаралар


1.     Фитофаг жәндiктердi пайдалану.

2.     Арамшөптерге ауру туғызатын вирустар, бактериялар мен саңырауқұлақтарды пайдалану.

 

IV. Арамшөптермен күресте электр қуатын пайдалану

1.     Өте жоғары жиiлiктегi электромагниттiк қрiстi пайдалану.

2.     Жоғарғы қуатты электр тогын қолдану.

 

V. Физикалық шаралар

1.     Газ шiлтерi бар отты культиваторды пайдалану.

2.     Суаратын ашық жерлердiң жанындағы арамшөптердi жағуға отты машиналарды қолдану.

Арамшөптермен күресте ең жоғарғы тиiмдiлiкке шараларды кешендi және жүйелi түрде жүргiзгенде ғана жетуге болады. Бұл одан әрi ауыспалы егiстiң бiр немесе екi айналымында тек алдын алу және агротехникалық күрес шараларын пайдаланумен шектелуге мүмкiндiк бередi.

 

Арамшөптермен күрестiң кешендi жоспары.

 Танаптардың ластану картасы негiзiнде арамшөптермен күрестiң кешендi жоспары жасалады. Осыларда арамшөптердің тұқымдарының танаптарға түсуiне тосқауыл болатын, экономикалық ең тиiмдi күрес шараларын пайдалану қарастырылады. Танаптардың әр түрлi биологиялық топтармен ластану деңгейiне қарай, гербицидтер пайдаланылатын жердiң ауданы, керек гербицидтiң мөлшері, оларды шашатын арнайы мәшинелердiң саны анықталады. Агротехникалық күрес шараларының көлемі белгiленiп, технологиялық карталар жасалады, атқарылатын жұмыстардың, қажеттi жанар және жағар майлардың, жұмсалатын қаржының мөлшері және мүмкiн болатын экономикалық тиiмдiлiк анықталады. Кешендi күрес шараларын тек жүйелi түрде жүргiзу ғана танаптағы арамшөптердің санын зиян келтiрмейтiн деңгейге дейiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.

 Күрестiң алдын алу шаралары. Алдын алу шараларының негiзгi мiндетi –зиянды арамшөптер тұқымдарының танаптарға сырттан енуiн болдырмау. Алдын алу шаралары жою шараларына қарағанда тиiмдiрек, себебi алдын алу жоюға қарағанда жеңiлдеу.

Тұқымдарды тазалау.  Арнайы мәшинелерде елеуiштер мен триерлердi пайдаланып, арамшөптер мен мәдени дақылдар тұқымдарын бөлудiң барлық мүмкiндiктерi негiзiнде жүргiзiледi. Тұқымдар себу стандарттарының I-III класс талаптарына дейiн жеткiзiледi. Мұнда I-II класс деңгейiне дейiн көтеруге талаптанған дұрыс, себебi олардың әр килосында арамшөптердің саны аз болады.

Егiндi өз мерзiмiнде жинау. Егер егiндi жинау жұмыстары мезгiлiнде, кешiктiрiлмей жүргiзiлсе, арамшөптер тұқымының негiзгi бөлігі комбайн шанағына немесе сүрлемдiк дақылдармен бiрге көк балаусаға түседi. Дәндi дақылдарды бөлектеп орғанда, тiкелей жинағанға қарағандағыдан арамшөптердің тұқымдары жерге көп шашылады. Астықты танаптардан қырманға тасығанда олардың шығынын болғызбау үшiн арнайы жамылғымен жабу керек.

Сабанды, мекендi және жемдi малға беруге дайындау. Сабан мен мекендi, ондағы арамшөптердің тұқымдарының өміршеңдiгiн жою үшiн, малға буландырып беру керек. Жемдi малға берер алдында ұнтақтайды немесе буландырады.

Көңді сақтау және залалсыздандыру. Көңді борпылдақ-тығыздалған тәсiлмен сақтағанда арамшөптердің тұқымдарының өлуi толығырақ болады, себебi тығыздағаннан кейiн көң 70-720С дейiн қызады. Көптеген арамшөптердің тұқымдары 4-6 ай сақтағаннан соң толық өледi .

Швецияда көңді сақтауға саларда оның әр тоннасына 6 кг кальций цианамидiн (СаСN2) қосып араластырады. Көңнің арамшөп тұқымдарымен ластануын төмендету үшiн гербицид пайдалану да тиiмдi. В.В.Милый және тағы басқалардың деректерi бойынша малдың астында сақталған көңді танаптарға шашар алдында 2,4-Д амин тұзымен (тоннасына 250 г) өңдеу жүгерi егiстiгiнiң арамшөптермен ластануын 51-76% төмендеткен.

Егер малға берер алдында азықтарды ұнтақтап немесе жылумен өңдесе, көңдегi арамшөптiң тұқымдарының саны азаяды.

Өңделмейтiн жерлердегi арамшөптердің тұқым шашуының алдын алу.  Көп жағдайда өңделмеген  жерлер арамшөптердің тарайтын ордасы болып табылады. Оларға жолдардың жиегi, электр желiлерiнiң маңындағы жерлер, танаптар аралығы, алаңқайлар, тыңайған жерлер, тұрақты және уақытша каналдардың қабырғалары жатады. Арамшөптердің тұқым байлауының алдын алудың ең қолайлы жолдары – арамшөптердi гүлдегенге дейiн шауып тастау немесе жаппай әсер ететiн гербицидтер қолдану. Суармалы егiстiктегi каналдарда отты пайдалануға болады. Бос жерлерге жергiлiктi жердiң жағдайына бейiмделген көп жылдық шөптердi себу де жақсы нәтиже бередi.

Карантин (тыйым салу) шаралары.  Сыртқы карантин шараларының мiндетi – елге карантинге жататын заттармен (астық, тұқым т.б.) бiрге карантиндi арамшөптердің тұқымдарының өтiп кетуiне жол бермеу. Iшкi карантиннiң мiндетi – карантиндi арамшөптер бар алқаптардан олар жоқ алқаптарға таралуына тосқауыл қою. Карантиндi арамшөптермен ластанған сабан, шөп, жем азықтар олар өсірілген шаруашылықтарда ғана пайдаланылады. Карантиндiк сертификаты болмаған жағдайда ол шаруашылықтардан мәдени дақылдардың тұқымдарын басқа шаруашылықтарға өткiзуге болмайды. Мемлекеттiк инспекция карантиндiк объектiнiң ошағын уақытында анықтап, таралмауына және мезгiлiнде жоюға тиiс. Осы мақсатпен ауыл шаруашылық жерлерi, өсімдік өнімдерінiң сақталатын, өңделетін жерлерi және солардың маңайы жүйелi түрде тексерiлiп тұрады . 

 Арамшөптермен күрестiң жою шаралары.

Арамшөптермен күрестiң ғылыми принциптерi.  Арамшөптермен күрестiң негiздерiн анықтағанда олардың маңызды биологиялық ерекшелiктерi, бiрiншi кезекте олардың тұқым арқылы немесе жерасты вегетативтiк органдары арқылы көбею мүмкiндiктерi ескерiлген. өсiмдiктер тұқым арқылы жаңарып отыратындықтан, арамшөптермен күрестiң бiрiншi принципi - олардың тұқым байлауының алдын алу. Арамшөптер тұқым байламаған жағдайда топырақтағы оладың қоры артпайды. Сондықтан күрестiң бұл бағытына зерттеушiлер шешушi маңыз бередi. Ол аз жылдық және көп жылдық арамшөптерге қарсы қолданылады. Мысалы, Л.А.Золотарев «қалуенмен күресте бiрiншi кезекте оның тұқымдарының топыраққа түспеуiн қадағалау керек. Сондықтан оған тұқым құруға мүмкiндiк бермеу керек», - деп атап көрсетеді .

Ерекше жағдайларда қара сұлымен өте  күштi ластанғанда, негiзiнен қара сұлының ошағы болатын ойпаң жерлердi, арамшөп гүлдегенге дейiн шөпке шауып тастау керек.

Топырақтағы арамшөптердің өміршең тұқымдары, әрқашан жаңа өсімдіктiң пайда болуының көзі болып табылады. Олардың қаулап өнуі, тұқымдардың биологиялық тыныштықтан шығуына, жандануына керектi белгiлi бiр жағдайларда ғана болады. Сондықтан арамшөптермен күрестiң екiншi принципi  олардың тұқымдарының өнуіне жағдай жасап, өңдеу арқылы көгін  жою болып табылады. өндiрiсте бұл принциптi арандату деп атайды. Арандату әдiсiн қолдану арқылы арамшөптердің көгінiң үлкен бөлігін мәдени дақылдарды сепкенге дейiн құртуға болады.

Ең зиянды арамшөптер (далалық  шырмауық, жатаған бидайық т. б.) тек тұқымдары арқылы көбеймейдi, олар вегетативтiк органдарының көмегiмен де көбейедi. Арамшөптердің вегетативтiк органдары арқылы қайта жандануы  оларда қоректiк заттардың қоры болған жағдайда ғана мүмкiн болады. Сондықтан  олармен күрестiң үшiншi  принципi - жер асты органдарын (тамырларын, жер асты сабақтарын) әлсiрету. Ол үшiн фотосинтез жасап жер асты бөліктеріне  қоректiк заттар қорын жинауға мүмкiндiк бермей жас сабақтары мен жапырақтарын әлсiн-әлсiн кесiп отыру керек.  Әлсiрету әдiсiн iске асыру үшiн культиваторларды пайдаланады.

Әлсiрету үшiн соқалар мен сыдыра жыртқыштарды пайдаланғанда ол тұншықтырумен  ұштастыра жүргiзiледi. Ол жатаған бидайықпен күресте қолданылады. Алғашқыда  тамырсабақтары сыдыра жыртқышпенұсақталады (әлсiрету), сонан соң олардың ұсақ бөлшектерi өркенiмен бiрге жерге терең жыртылады (тұншықтыру). Күрестiң барлық принциптерiн алдын алу және жою шараларын пайдалану арқылы ғана жүзеге асыруға болады 



Күрестiң агротехникалық шаралары.

Күзгi және көктемгі топырақ өңдеу. Топырақты өңдеу бұрыннан арамшөптермен күрестiң тиiмдi жолы болып табылады. Мұнда алдыңғы орын топырақты соқамен терең жыртуға берiледi. Топырақты жазықкескiш құралдармен өңдеуге көшу ондағы арамшөптер тұқымдарының тек өну жағдайы ғана емес, олардың топырақ қабаттарында орналасуына да үлкен әсер етедi. Тұқымдардың негiзгi бөлігі беткi қабатта орналасады. Бұл жағдай топырақ қорғау егiншiлiгiндегi топырақты күзгi және ерте көктемгі өңдеудің маңызына жаңаша қарауға мәжбүр етедi.

Хорошилов И.И. және Хорошилова В.И. мәлiмдеуiнше Канаданың астықты аймақтарындағы фермерлер қара сұлы тұқымдарының қарқынды өнуіне әсер ететiн, күзгi топырақ өңдеуге үлкен маңыз бередi. Бiрақта, арамшөптердің тұқымын топыраққа күзде сiңiру өз әсерiн көрсету үшiн топырақты ерте көктемдегi тырмалауға басқаша қарау керек. Егер ерте көктемде тырмалау пайдаланса, топырақтың арамшөптер тұқымдарының негiзгi бөлігі орналасқан 5-6 см қабаты тез кеуiп кетедi де, тұқымдар өнбей қалады. Оныменқоса, көктемде жауын-шашын да аз болады.

Скоробогатова В.Н. мен Зинченко И.Г. зерттеулерi, аңыз сабақтары бар танаптарда, ерте көктемде тырмалау жүргiзiлмеген жағдайда пайдалы ылғал қоры елеулi өзгерiстерге ұшырамайтынын көрсеткен. Бұл аңыз сабақтары болғанда танап бетiнiң альбедосы (күн сәулесiн шағылыстыру көрсеткіші) артуымен және желдiң жылдамдығының төмендеуімен түсiндiрiледi. 



6 Кесте. Топырақты күзде және ерте көктемде өңдеудiң қара сұлының тұқымдарының өнуіне әсерi

Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет