Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет5/31
Дата02.07.2017
өлшемі5.13 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

 

*Тұқымдар топыраққа 1960 жылы қыркүйекте сiңiрiлген. 

А.Н.Киселевтiң мәлiметтерi бойынша көпшiлiк арамшөптердің тұқымдары топырақта өздерінің өнгіштігін 2-5 жыл сақтайды, тек қатты су өткізбейтін  қабығы барлары ғана өздерінің өміршеңдiгiн ұзағырақ сақтай алады.

Тұқымдардың өну жағдайына талабы. 

Тұқымның өнуіне әсер ететiн жағдайлар өте  көп. Олардың iшiнде басты шарттарға жылу, ылғал және оттегi жатады. Бұлар жеткiлiктi болғанда әр түрлi арамшөптердің жаппай өнiп шығуы байқалады. Бұл жағдай көктемде және жаздың басында жауыннан кейiн ерекше байқалады. Топырақтың құрғауына  байланысты арамшөптер тұқымдарының өнуі де тоқталады. Күздiк және ерте өнетін арамшөптер  10-120С, кейде 250С өнеді. Сонымен қатар тұқымдардың жаппай өнуіне тек температураның өзі емес, осы уақытқа дейiнгi жылылық температуралар жиынтығы да әсер ететiнiн ескеру керек.

П.П.Колмаковтың мәлiмдеуiнше қара сұлының көгі көктемнiң басынан бастап температуралар жиынтығы 2600С болғанда ғана қаулап шығады. Мұндай көрсеткіштердiң болуы арамшөптер көгінiң жаппай көктеп шығу мерзiмiн болжауға мүмкiндiк бередi. Тұқымдардың өнуіне әсер ететiн басқа жағдайлар қатарына жарық пен қараңғылықты,  жемiс және тұқым қабаттарында механикалық жарақаттардың болуын, тұқымдардың пiсiп-жетiлу деңгейiн, олардың топырақта жатуының ұзақтығын, қыстау жағдайларын (жердiң бетiнде, топырақта, қамбада), топырақ ерiтiндiсiндегi нитраттардың мөлшерін жатқызуға болады.

Толық пiсiп жетiлмеген тұқымдар пiскендерге қарағанда тезiрек өнеді. Мысыққұйрық тұқымдары қараңғыда өнеді, ал алабұтанікі  тек жарықта өнеді . Қабықтары жарақат алған тұқымдар қабықтары сауларға қарағанда тезiрек өнеді. Топырақта қыстап шыққан тұқымдар жердiң бетiнде немесе қамбада қыстағандарға қарағанда тезiрек өнеді . Сондықтан арамшөптердің тұқымдарын күзде топыраққа сiңiру олардың көгін  көктемде, егiн сепкенге дейiн толығырақ жоюға мүмкiндiк бередi.



Топырақтағы тұқым қоры.

Топырақтың арамшөптер тұқымдарымен ластануын бағалау өте  қиын, себебi олардың мөлшерінiң ауытқулары болжауға келмейтiн шамада болуы мүмкiн. Тек бiр заңдылықты ғана нақты айтуға болады: егiншiлiк мәдениетiнiң деңгейi төмендеген сайын топырақтың арамшөптер тұқымдарымен ластануы арта түседi. Суармалы егiншiлiкте суарылмайтын жерлерге қарағанда арамшөптер көп, себебi ол жерлерде тұқым өнімділігі жоғары арамшөптер (кәдiмгi гүлтәжi) таралған. А.Г.Дояренко бiр гектар жердiң жыртылатын қабатында 5-6 млрд. дана арамшөптердің тұқымы болған жағдайларын байқаған.

Х.А.Робертс арнайы шолуында топырақтың жыртылатын қабатында 6 млн., 40 млн, 800 млн, тiптi 4,96 млрд дана арамшөп тұқымдары болғаны туралы мәлiметтер келтiредi. Ол арамшөптер тұқымдарының санының егiншiлiк мәдениетiнiң деңгейiне байланысты екенiн атап көрсетеді.

Ақмола АШИ егiншiлiк кафедрасының тәжiрибелерiнде жаздық бидайды сүрi танапқа сепкенде бiр гектар жердiң 0-30 см қабатында арамшөптердің 16,6 млн. дана өміршең тұқым болса, ал 40 т/га көң сiңiрiлген варианттарда – 22.1-23.2 млн дана тұқым болған. Топырақтағы арамшөп тұқымдарының санын кемiту үшiн арамшөптердi тұқым байлағанға дейiн жою керек.


Арамшөптер тұқымдарының топырақта таралуы. 

Топырақтың жыртылатын қабатындағы арамшөптер тұқымдарының таралуына топырақты өңдеу тәсiлдерi әсер етедi. Жердi жырту мен жазықкескiштi культиваторлармен өңдеудi салыстыру өте  қызықты. °р туындыгердiң мәлiметтерiнде кейбiр айырмашылықтар болса да, жалпы заңдылық анық байқалады. П.Ф.Иониннiң мәлiметтерiнде жердi 20-22 см тереңдiкке жыртқанда арамшөптер тұқымдарының 47,1% беткi 0-10 см қабатта, қалған 52,9% 11-20 см қабатта орналасқан, ал жазықкескiшпен өңдегенде арамшөптердің тұқымының 97,4% беткi 0-10 см қабатта орналасыпты.

          Астық шаруашылығы институтындағы Нестеренко А.М. және  басқалардың тәжiрибелерiнде бiр рет 10-12 см тереңдiкте жазықкескiшпен жүргiзiлген культивациядан кейiн жердiң бетiнде және 0-4 см қабатта көк мысыққұйрық тұқымдарының 82,2% және қара сұлының барлық (100%) тұқымдары болыпты .

          Жүргiзiлген тәжiрибелердiң нәтижелерiн талдай келе мынадай қорытындылар жасауға болады:

1)         жердi жыртқанда тұқымдарының жартысынан артығы 11-20 см тереңдiкке сiңiрiлгенiмен оны қара сұлымен күрестiң тиiмдi шарасы санауға болмайды, себебi 0-10 см қабаттағы тұқымдардың мөлшері егiстiктi ластауға жеткiлiктi болады.

2)         жазықкескiшпен культивациялағанда тұқымдардың негiзгi бөлігінiң жердiң бетiнде және 0-4 см тереңдiкте орналасуына байланысты аз жылдық арамшөптермен арандату арқылы күресте күзгi өңдеу мен ерте көктемдегi тырмалаудың маңызын қайта қарау керек.



Сiңiру тереңдiгi. 

Академик А.И.Мальцев бiрқатар ғалымдардың еңбектерiн (С.А.Котт, Г.А.Чесалин) талдай келе көптеген арамшөптердің тұқымдарының өнуіне қолайлы тереңдiк 0-5 см, кейбiреулерiне 10 см дейiнгi тереңдiк деп қорытады. Олардың көптеген түрлерi, тұқымдары ұсақ болғандықтан, 10 см артық тереңдiктен өнiп шықпайды.

В.П.Томилов қара сұлы көгінiң ең көп мөлшері тұқым 5-10 см тереңдiкте болғанда шыққанын анықтаған. Тұқым 20 см терең орналасқанда олардың өскiндері жер бетiне жете алмаған.

Тұқымдар орналасқан тереңдiк ұсақ тұқымды арамшөптердің танаптық өнгіштігіне күштi әсер етедi. Н.З.Милащенко және И.Н.Кузиннiң деректерi бойынша мысыққұйрық тұқымдарының 3-5 см тереңдiктен 67,2-66,5% кқктеп шықса, тереңдiк 5 см артық болғанда олардың өскiндерi жер бетiне жете алмаған. Арамшөптер көгінiң 10-15 см тереңдiктен шығуы көктемнiң және танаптың жағдайына байланысты болады, бiрақ та олар кешiгiп, нашарлап, қалжырап шығады. Сонымен қатар, топырақ өңдеу тәсiлдерiнiң ешбiрi де арамшөптердің барлық түқымдарын 10-15 см артық тереңдiкке сiңiрудi қамтамасыз ете алмайды, олардың бiраз мөлшері 0-10 см қабатта қалады.

 

1.6.2 Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу және картаға түсіру

Арамшөптердi жiктеу.

Арамшөптермен кешендi күрес шараларын жүргiзу үшiн оларды Құс ас ерекшелiктерiне қарай топтарға бұлiп жiктеудiң маңызы зор. Бiрiншi кезекте арамшөптiң ботаникалық класын анықтау керек. ұсiмдiктердi қосжарнақтылар класына (dicotyledoneae) және даражарнақтылар класына (monocotyledoneae) бөледі. Бұл класс өкiлдерiнiң вегетативтiк және генеративтiк органдарының морфологиялық және анатомиялық ерекшелiктерi бар. Оларды арамшөптермен химиялық күрес шараларын жүргiзген жағдайда ескеру керек, себебi гербицидтi таңдау соларға байланысты.

Қосжарнақтылар класына жататын  өсімдіктердің ұрығы екi тұқым жарнақты, жапырақтары жалпақ, көбінесе сабаққа көлденең орналасқан, құс  қанаты сияқы тарамдалған, ал дара-жарнақтылардың ұрығы бiр жарнақты, жапырақтары жiңiшке,  бiр бағытты тарамдалған және сабаққа сүйiр бұрышпен  орналасқан. Даражарнақтылардың өкiлдерi кәдiмгi  қара сұлы, мысыққұйрық, тауық тарысы, жатаған бидайық т.б. қосжарнақтыларға  қызғылт қалуен, татар ақсүттiгенi, далалық шырмауық т.б. жатады.

А..И. Мальцев) өсімдіктердi  талдауды олардың өсетін  жерiне, қабаттылығына, топырақтың механикалық құрамына, ылғалдылығына  қоятын талабына және басқа белгiлерiне қарап жүргiзедi.

Өсетiн жерiне қарай төмендегiдей бөлiнедi: 1) танаптық немесе егiстiк арамшөптер. Олардың өкiлдерi үнемi өңделетін танаптарда өседі; 2) қоқыстық өсімдіктер. Бұл топтың өкiлдерi негiзiнен тұрғын үйлер және басқа да ғимараттардың маңында, алаңқайларда, тоғандар мен жолдардың маңайында өседі; 3) табиғи жайлымдардың, шалғындықтардың, басқа да мал азығына пайдаланылатын жерлердiң арамшөптерi. Бұл топтағы өсімдіктердi малдар нашар жейдi, сондықтан  малды ол жерлерде ретсiз көп жайғанда  осы топтағылардың саны тез артады.

Бiрақта, бұл үш топтағы арамшөптердің арасында айқын шекара жоқ. Мысалы, түйетiкен тек шабындықта емес, алаңқайларда да өседі. Ақ алабұта, көкпек, кенепшөп, гүлтәжi үйлердiң маңында және ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiктерiнде де кездеседi.

Арамшөптердi қат -қабаттылығына қарай бөлу: 1) жоғарғы қат -қабаттың арамшөптерi (қалуендер, ащы жусан, кенепшөп, ақ алабұта, көкпек) – олар дәндi дақылдардан, картоптан биiк өседі; 2) ортадағы қабаттың арамшөптерi (жабайы шомыр, кәдiмгi қарамықша, далалық арпабас, көк гүлкекiре, кәдiмгi қара сұлы); 3) төменгi қабаттың арамшөптерi (кәдiмгi қазтабан, кәдiмгi жұмыршақ, егiстiк ярутка). Төменгi қабаттың арамшөптерi көлеңкеге төзімдi келедi. Кейде төменгi қабатта ортадағы қабаттың өсіп-даму жағынан мәдени дақылдардан кейiн қалған арамшөптерi (итқонақ, гүлтәжi) кездеседi. Олар көлеңкелiкке нашар төзедi, сондықтан өте  әлсiреген жағдайда болады және өздерінің тұқым өнімділігін күрт төмендетедi.

Өндiрiсте арамшөптердi агробиологиялық топтарға бөлу арқылы жiктеудiң маңызы зор. А.И.Мальцев бұл жiктеу сұлбасын дайындаған Н.С.Соколов (1935) екенiн көрсетеді, ал Н.С.Соколов бұл сұлбаның А.И.Мальцевтiң, Л.И.Казакевичтiң және Э.Корсмоның еңбектерiн ескерiп жасалғанын жазады. Жiктеудiң бұл тәсiлiн қолдануға қолайлы, сәттi жасалған деуге тұрарлық. Барлық арамшөптер қоректену ерекшелiктерiне қарай тоғышар және тоғышар емес (жасыл өсімдіктер) болып бөлiнедi. Әрi қарай жасыл өсімдіктер тiршiлiгiнiң ұзақтығына байланысты аз жылдық және көп жылдық болып бөлiнедi. Ал көп жылдықтырдың өзін олардың вегетативтi көбеюге қабiлеттiлiгiне, тамыр жүйесіне қарап әр түрлi топтарға ажыратады. Тоғышарлы және жартылай тоғышарлы өсімдіктердің сабақтық және тамырлық түрлерi болады.   

 Аз жылдық арамшөптер.

Аз жылдық арамшөптер тек тұқымдары арқылы көбейедi. Олардың тiршiлiгiнiң ұзақтығы бiр-екi жылдан аспайды. Тұқым бергеннен кейiн өзінiң тiршiлiгiн тоқтатады. Даму кезеңiнiң ұзақтығына және биологиялық ерекшелiгiне қарай эфемерлер, жаздық, қыстайтын, күздiк және екi жылдық арамшөптер болып бөлiнедi.

          Эфемерлер  (раң тәрiздiлер). Оларға даму кезеңi өте  қысқа және тез өте тiн арамшөптер жатады. Қолайлы жағдай болғанда бұл топтың кейбiр өкiлдерi бiр жылда бiрнеше ұрпақ бере алады. Негiзгi өкiлдерi: дымқыл жұлдызшөп, сеппе көкнәр.

          Жаздық ерте өнетіндер.  Бұл топтың арамшөптерiнiң тұқымдары ерте көктемде, топырақ 10-120 С жылығанда өнеді, жазда бiр ұрпақ бередi. Күзде шыққан көгі суық түсе үсiп қалады. Олардың өкiлдерi: көкпек, ақ алабұта, арам кенепшөп, қара сұлы, шырмауық таран, жабайы шомыр, дала қышасы тағы басқалар .

Аталған өкiлдердiң, қаңбақтан басқаларының көгі мамырдың екiншi онкүндiгiнде немесе үшiншi онкүндiгiнiң басында шыққан жағдайда қайталап соққан суықтар мен жер бетiндегi бозқыраудан үсидi. Себебi олар төмен температураның әсерiне өте  сезiмтал келедi. 

Қыстайтындар. Бұл топтағылардың биологиялық ерекшелiктерi, олар көктем мен күздiң жағдайына байланысты, жаздық дақылдар немесе күздiк дақылдар сияқты өсіп-дами алады. Егер арамшөптер көктемде көктеп шықса, олар жаздық дақылдар сияқты дамып, күзде тұқым бередi. Күзде көктеген арамшөптер қыстап шығып, келесi жылы өз тiршiлiгiн әрi қарай жалғастырады, былайша айтқанда күздiк дақылдар сияқты өсіп-дамиды. Бұл топқа егiстiк ярутка, кәдiмгi жұмыршақ,  сарыбас қурай, иiссiз түймедақ т. б. жатады.

          Күздiктер. Бұл топтағы арамшөптер көздерінің даму айналымын толық аяқтау үшiн күзгi-қысқы суықтың әсерiн қажет етедi. Тұқымының бiрiншi жылы көктемде, жазда немесе күзде көктегенiне қарамай қысқа дейiн тек тамыр маңайындағы жапырақтардың тобын құрады, ал астық тұқымдастар тек түптенедi де, қысқа түседi. Келесi жылы сабақтанып, гүлдейдi және тұқым бередi. Негiзiнен олар күздiк дақылдардың егiстiктерiн ластайды. Бұл топтағылар көп емес. Солтүстiк Қазақстанда жаздық дәндi дақылдардың егiстiктерiнде кездеспейдi. өкiлдерi: қара бидай арпабасы, далалық арпабас, кәдiмгi сiпсебас.

          Екi жылдықтар. Бұл топтағы арамшөптер өздерінің даму айналымын аяқтау үшiн екi вегетациялық маусымды керек етедi. Басқаша айтқанда, олардың қыстайтын бiржылдықтар мен күздiктерден айырмашылығы оларға толық екi жаз керек. Тұқымдары күзде көктесе олар екi рет қыстайды. Бұл топтың өкiлдерiнiң қатарына қара меңдуана, сары түйежоңышқа, ақ түйежоңышқа, кәдiмгi кәрiқыз, бұйра түйетiкен т. б. жатады. 

    Көп жылдық арамшөптер.

Көп жылдық арамшөптердің тiршiлiгiнiң ұзақтығы екi жылдан артық болады. Тiршiлiк кезеңiнде олар бiрнеше рет гүлдейдi және тұқым бередi. Кейбiр көп жылдық арамшөптер - атпатамырлары және тамырсабақтары арқылы - вегетативтiк жолмен де көбейе алады. Көп жылдықтар өздерінің вегетативтiк көбею мүмкiндiктерi, тамырларының түрлерi және түйнектер мен пиязшықтар құруларына қарай топтарға бөлiнедi.

          Атпатамырлылар. Бұл топтағы арамшөптер тұқымдары арқылы және тамыр атпасы, тамыр бұтақшаларының көмегiмен көбейе алады. Оларды көп мөлшерде қоректiк заттардың қорын жинаған және тамыр бүршiктерi бар терең таралған тамыр жүйесi сипаттайды. Олар ең қауiптi және жоюы қиын арамшөптер, барлығы қосжарнақтыларға жатады. Олардың өкiлдерi: қызғылт қалуен, далалық (сары) қалуен, көгілдiр қалуен (татар ақ сүттiгенi), далалық шырмауық, жатаған қызғылт у кекiре, кәдiмгi сиякөк, талшықты сүттiген және басқалар.

           Тамырсабақтылар (көгентамырлылар). Бұл топтағы арамшөптер тұқымдары арқылы және вегетативтiк жолмен көбейедi. Олардың тамырсабақтар деп аталатын буындары бар ұзын ақшылт жерасты сабақтары болады. Тамырсабақтар тiк және көлденең орналасады. Оларда қоректiк заттардың қоры жиналады және өркендер мен шашақты тамырлар құратын қолтық бүршiктер болады. Өркендердiң бiр бөлігі жер бетiне шығады, ал бiр бөлігі жер асты өркендеріне – тамырсабақтарға айналады. Тамырсабақты арамшөптердің жер асты бөліктерi арқылы өте  тез көбеюге мүмкiндiктерi бар, олар бiрте-бiрте басқа өсімдіктердi ығыстырып алаңқайлар құрайды. Өкiлдерi: жатаған бидайық, бұтақты бидайық, қарашағыр т. б. .

          Өрмелегiштер.  Бұл топқа жататын арамшөптер жер бетiндегi өркендерi (мұртшалар мен сабақтар) арқылы көбейедi. Жер бетiнде жатқан сабақтардың буындарында пайда болған тамырлар арқылы жерге бекидi. Бұл топтағылардың қатары онша көп емес. құрғақшылық жағдайда кәдiмгi қазтабан кездессе, ылғалды жерлерде – жатаған сарғалдақ кездеседi.

          Кiндiк тамырлылар.  Бұл топтағы өсімдіктердің топыраққа тереңге бойлайтын кiндiк тамыры болады. Ол өсімдіктiң бүкiл тiршiлiгiнде өзінiң өміршеңдiгiн сақтайды. Жер бетiндегi бөлігі жылда тамыр мойнындағы бүршiктен өсіп шығады. Кейбiр жағдайда тамыр мойны көп басты болуы да мүмкiн. Кiндiктамырлы арамшөптермен күрестiң көптеген қиындықтары бар. Оларды тамыр мойнынан төмен кескенде қайтадан өсіп шықпайды. Өкiлдерi: ащы жусан, бұйра қымыздық, кәдiмгi бақ-бақ.

          Шашақтамырлылар.  Бұл топтағы арамшөптердің негiзгi тамыры қысқарған, бүйiрлiк жiңiшке тамырлары жақсы дамыған және шашақты тамыр шоғырын құрайды. Бұл топтағылардың саны көп емес, олармен күрес аса қиындық туғызбайды. Олардың өкiлдерi: үлкен бақажапырақ (жолжелкен), күйдiргi сарғалдақ.

          Түйнектi арамшөптер.  Бұл топтағы арамшөптердің вегетативтiк көбеюдiң құралы болып табылатын түйнек тәрiздi жерасты органы болады. Онда қоректiк заттардың қоры жиналады. Солтүстiк Қазақстан егiстiктерiнiң ойпаң ылғалды жерлерiнде түйнектi ноғатық (чина) кездеседi. Бұл топтың басқа өкілі – түйнектiқозықұлақ - егiстiктерде кездеспейдi.

          Бадана (жуа) тамырлылар.  Бұл топтағы арамшөптер тұқымдарымен және пиязшықтары арқылы көбейедi. Лала тұқымдастығына жатады. Агротехниканың қазiргi деңгейiнде егiстiктерде кездеспейдi деуге болады. өкiлдерi: жұмыр жуа, жабайы жуа. 

   Паразит және жартылай паразит арамшөптер.

Жартылай тоғышар арамшөптердің хлорофилi және дамыған жапырақтары болады. Олардың көпшiлiгi иесi болатын өсімдіктi таба алмаған жағдайда тамырларын жайып, автотрофты қоректенуге көшедi. Бiрақта, үлкен сылдырмақ туралы басқаша да мәлiметтер бар (Сорные растения СССР, 1935, том IV). Егер өсіп шыққаннан кейiн алты аптада иесi болатын өсімдік таппаса олар өлетiн көрінеді. Жартылай тоғышар арамшөптер тамырлық (үлкен сылдырмақ, кеш қандауыр) және сабақтық (ақжидек) болып бөлiнедi. Кейiнгiлерi иесi болатын өсімдіксiз өмір сүре алмайды.

          Тоғышар арамшөптер өздiгiнен қоректену қабiлетiн жоғалтқан, сондықтан өзіне керектi заттардың бәрiн иесi болып табылатын өсімдіктерден алады. Олардың тамырлары, хлорофилi жоқ жапырақтары да түбегейлi өзгерiске ұшыраған . Олар тамырлық тоғышарлар (сұңғыланың түрлерi) және сабақтық тоғышар (арамсояудың түрлерi) болып бөлiнедi.

Арамшөптердің салалық классификаторы. Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету орталық институтында (ЦИНАО) классификатор дайындалған, оған 400-ден астам арамшөптер енгiзiлген. Онда әр өсімдікке төрт саннан тұратын  код берiлген, олар өсімдіктiң ботаникалық класын, тiршiлiгiнiң ұзақтығын, биологиялық ерекшелiгiн (жаздық, қыстайтындар және т.б.), арамшөптiң түрлiк аталуын көрсетеді. Мысалы, кәдiмгi қара сұлы 1150, кәдiмгi гүлтәжi 4287, далалық шырмауық 5420, т.т. Арамшөптердің коды танаптардың арамшөптермен ластануы туралы мәлiметтер қорын дайындауға, оларды ЭЕМ пайдаланып өңдеуге, гербицидтердiң қажет мөлшерін анықтауға және оларды облыстарға бөлуге керек. Егiстiктердiң арамшөптермен ластануының қорытынды тiзiмiнде арамшөптердің атымен қатар оның коды да көрсетiлуi керек.

          Карантиндi арамшөптер.  ТМД елдерiнде таралған арамшөптердің арасында Қазақстанда жоқ немесе аз таралған, бiрақ таралу мүмкiндiгi мол, өте  зиянды түрлерi бар. Мұндай арамшөптердi карантиндi арамшөптер деп атайды және олардың жаңа жерлерге таралуын шектейтiн ерекше қатаң шаралар қолданылады. Бақылауды Мемлекеттiк карантин инспекциясы атқарады. Карантин қойылған заттар кiрер алдында арнайы шекара бекеттерiнде сыртқы алғашқы карантиндiк бақылаудан өтедi. Елдiң iшiнде қабылдайтын жерлерде шет елден келген карантин қойылған заттар екiншi рет карантиндiк бақылаудан өтедi. Мемлекеттiк карантин инспекциясы iшкi карантин шараларын да жүргiзедi. Олар карантин қойылған өсімдіктердің ел iшiнде таралуына жол бермеуге, тыйым салынған заттар ошағын дер кезiнде анықтап, таралуына жол бермеуге бағытталған. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығы алқаптарын жүйелi түрде байқаудан өткізіп отырады.

          Қазіргі кезде тыйым салынған (карантиндi) 12 арамшөптiң бесеуi Қазақстанда кездеседi, олар: жусан жапырақты ойраншөп, күнбағыс арамшөбi, жатаған қызғылт у кекiре, тікенді  алқа және арамсояулар (зығыр,құлмақ тәрізді, Леман арамсояуы т.б.). Қалған түрлерi ТМД елдерiнде және алыс шет елдерде кездеседi: үштармақ ойраншөп, теңіз маңының ойраншөбі, сыпыртқы ойраншөп т.б. Карантиндi арамшөптер туралы толық мәлiметтердi арнайы басылымдардан алуға болады .

Улы арамшөптер. Арамшөптердің кейбiр түрлерi улы болып келедi және адамдарға, малдарға үлкен қауiп туғызады (1). Өсiмдiк түгелдей (меңдуана, сасық меңдуана) немесе жас көктерi (құмай), тұқымдары (сарыбас қурай, арам шытырмақ) улы болып келуi мүмкiн. Бәрiнен бұрын улы өсімдіктер жануарлар үшiн зор қауiп туғызады. Себебi олар мал азықтарымен (шөп, сабан, жем) бiрге түсуi мүмкiн.

          Улы арамшөптердің қатарына кәдiмгi қарамықша, қыздырма үй бидайық, жатаған у кекiре, күйдiргi сарғалдақ, қара меңдуана, жусан жапырақты ойраншөп т.б. жатады.

          Қара меңдуана мен сасық меңдуананың балалар үшiн қауiптiлiгi ерекше. Бұл өсімдіктер үйлер мен алаңқайларда жиi кездесуi мүмкiн. Оларды дер кезiнде анықтап, жою керек.

 1.7. Дәріс Танаптарды ластану



1.7.1 Танаптардың ластануын анықтау.  Танаптардың ластануын анықтаудың бiрнеше әдiстерi бар: 1) шамалап немесе көзбен шолу арқылы анықтау, 2) санау арқылы анықтау, 3) санау және салмағын  өлшеу әдiсi, 4) қашықтан немесе жоғарыдан шамалап анықтау әдiсi. Онда ұшақтан, тiкұшақтан видеожазу немесе телерепортаж жүргiзiледi де, дайындалған жадығаттар жерде өңделедi.  

          Егiстiктiң ластануын шамалап немесе көзбен шолу арқылы анықтау әдiсi үлкен алқаптарды тез тексеруге мүмкiндiк бередi. Бiрақ бұл әдiстiң дәлдiгi төмен болады. Сондықтан тек өндіріс жағдайында танаптарды гербицидпен өңдеу алдында пайдаланылады. Егiстiктердiң ластану деңгейi А.И.Мальцевтiң шәкілі бойынша анықталады (4- кесте).

  4 Кесте. Егiстiктердiң ластануын бағалаудың шәкілі  

Ластану деңгейiнiң сипаттамасы

Ластану деңгейi

Балл


Егiстiкте жекелеген арамшөптер кездеседi

Шамалы

 


1

 


Арамшөптер егiстiкте аз мөлшерде кездеседi және мәдени өсімдіктердің арасынан аса байқалмайды

Орташа

2

Егiстiкте арамшөптер көп, бiрақ мәдени дақылдар басым

Күштi

3

Арамшөптердің саны мәдени өсімдіктерден көп

Өте күштi

4

Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет