Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті


Арамшөптер                      Бiр өсімдіктiң беретiн жемiстерi



бет4/31
Дата02.07.2017
өлшемі5.13 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Арамшөптер                      Бiр өсімдіктiң беретiн жемiстерi


                                                          немесе тұқымдары

Қара бидай арпабасы                                          1420

Мысыққұйрық итқонақ                                       5520

Шырмауық таран                                               11200

Егiстiк қалуен                                                     19000

Қызғылт қалуен                                                  35550

Кәдiмгi жұмыршақ                                             78000

Ақ алабұта                                                         100000

Ащы жусан                                                        102000

Кәдiмгi гүлтәжi                                                 500000

Ағынды сарыбас  қурай                                   730000 

Арамшөптердің тұқым өнімділігі олардың жаппай себiлген, кең қатарлап себiлген егiстiктерде немесе шүй жерлерде (тұқым себiлмей қалған) өсулерiне байланысты болады.

А.И.Мальцевтiң мәлiмдеуi бойынша мысыққұйрықтың бiр өсімдігі тары егiсiнде өскенде 552 тұқым берсе, күздiк қара бидай егiсiнде барлығы 29 тұқым берген. Бидай егiсiнде және шүй жерде өскен қара сұлының өнімділігі туралы В.П.Томиловтың жүргiзген бақылауларының нәтижелерi де көңіл бөлуге тұрарлық (1 кесте). 

1 Кесте Қара сұлының бидай егiстiгiндегi және шүй (бос) жерлердегi өнімділігі

 


               Көрсеткіштер

Бидай сабақтары арасында

Бос жерлерде


Өсімдіктер саны, дана/м2

Өнімді түптену, дана

Сабақтар саны, дана/м2

Бір өсімдіктегi дәннiң саны, дана

Шашылған тұқымдар, дана/м2

5-10

1-2

5-15

3-200

50-300

7-15

5-30

50-200

300-3000

3000-15000

Отамалы дақылдардың арасында кеш өнетін арамшөптер өте  жақсы дамиды. Н.В.Милащенко мен И.Н.Кузин атап көрсеткендей көк итқонақтың бiр өсімдігі бидай егiсiнде 145 дана тұқым берсе, жүгерi арасында 4063 дана, немесе 27,9 есе көп тұқым берген. Ендеше арамшөптердің тұқым өнімділігі оның өскен ортасындағы жағдайға байланысты болады.

Тұқымдардың шамасы (iрiлiгi). 

Арамшөптердің тұқымдарының шамасы олардың ұзындығы, көлденеңi және қалыңдығы арқылы анықталады. қалыптасқан түсiнiк бойынша тұқымның ең ұзын өлшемi оныңұзындығы, енi – орташа, қалыңдығы ең кiшi өлшемi болып табылады. Профессор В.Н.Доброхотов (11) тұқымдарды iрiлiгi бойынша мына топтарға бөледі:

 

Тұқымдардың ұзындығы(iрiлiгi)      Тұқымның өлшемi, мм



бойынша топтары

 

Өте  iрi                                                           >8



Ірi                                                                  4-8

Орташа                                                         2-4

Ұсақ                                                              1-2

Өте  ұсақ                                                       < 1

 

Тұқымдардың өлшемдерінiң тауарлық және тұқымдық астықты тазалағанда, топтарға бөлгенде маңызы зор. Тұқымдардың өлшемдерімен қатар әр тұқымдарды қалықтап тұратын  жағдайда ұстайтын  тiк бағыттағы ауа ағынының жылдамдығын бiлу керек. Мәдени өсімдіктер мен арамшөптер тұқымдарының өлшемдері мен ауаның оларды қалықтау жағдайында ұстап тұра алатын жылдамдығы 2-ші кестеде берiлген.



 


2 Кесте. Мәдени өсімдіктер мен арамшөптер тұқымдарының салыстырмалы өлшемдері және ауаның оларды қалықтау жағдайында ұстайтын  жылдамдығы

 


 

Атаулары

Ұзындығы, мм

Енi, мм

Жуан-дығы, мм

Ауаның жылдамдығы, м/сек




Мәдени өсімдіктер




 

Бидай


Арпа

Сұлы


Қарақұмық

Тары


 

4,0-8,6


7,0-14,6

8,0-18,6


4,4-8,0

1,8-3,2


 

1,6-4,0


2,0-5,0

1,4-4,0


3,0-5,2

1,2-3,0


 

1,5-3,8


1,4-4,5

1,2-3,6


2,0-4,2

1,0-2,2


 

8,5-11,5


8,4-10,8

8,0-9,0


2,5-9,5

2,5-9,5





Арамшөптер




Далалық шырмауық

Мысыққұйрық итқонақ

Кәдiмгi қара сұлы

Шырмауық таран

Қызғылт қалуен


3,0-4,1

1,2-2,5


15,0-25,0

2,7-4,1


2,2-3,8

1,4-3,4

0,9-1,7


1,4-3,2

1,7-2,9


0,9-1,5

1,1-2,8

0,6-1,3


1,2-3,0

1,6-2,6


0,6-1,2

4,5-10,0

2,0-6,5


5,5-8,3

2,9-7,1


3,5-6,5

 





 

 

 

 

 

 

 




         Келтiрiлген көрсеткіштердi саралай келе арамшөптер мен мәдени дақылдардың тұқымдарын бiр-бiрiнен бөлудi мына негiзде жүргiзуге болады

1)            аэродинамикалық қасиеттерiне қарай, ауаның тұқымдарды қалықтау жағдайында ұстайтын  жылдамдығы негiзiнде;

2)            қалыңдығына қарай, ұзынша тесiктерi бар елеуiштерде;

3)            енiне қарай, дөңгелек тесiктерi бар елеуiштерде;

4)            ұзындығына қарай, iрi және ұсақ ұялары бар цилиндрлiк триерлерде.  Бұл үшiн цилиндр айналғандаұялардан ұзын дәндер қысқаларынан бұрын құлайтындығы пайдаланылады.


Тұқымдардың таралу жолдары. 

Арамшөптердің тұқымдары негiзiнен желдiң, судың, жануарлар мен адамдардың көмегiмен тарайды. Олардың көбi мәдени дақылдардың тұқымдарымен бiрге бiр аймақтан екiншi аймаққа ауысады.

Желдiң көмегiмен арнайы бөліктерi бар арамшөптердің тұқымдары тарайды – күрделi гүлдiлер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ұшпа ұрықтары, қаңбақ пен ақ гүлтәжiнiң өсімдіктерi домалап бара жатып тұқымдарын шашады.

Көптеген арамшөптердің тұқымдары ағын сулар арқылы таралады. Мысалы, қара сұлының көгі сайларда, тағы басқа ойпаң жерлерде көп болады. Суармалы егiншiлiкте де арамшөптердің тұқымдары негiзiнен пайдаланылатын су арқылы таралады.

Жануарлар арқылы арамшөптер тұқымдарының әр түрлi iлмектерi барлары (тiкендi ошаған, кәдiмгi кәріқыз) және арамшөптермен ластанған мал азықтарын жегенде таралады.

Арамшөптер тұқымдарының таралуы адамдардың iс-әрекетiне де байланысты. Мысалы, Солтүстiк Америкадан Еуропаға гүлтәжi, Канада майдажелегi, жусан жапырақты ойраншөп адамдармен бiрге ауысқан. Осы жолмен Америкаға далалық шырмауық, жатаған қызғылт у кекiре және Канадада орыс түйетiкенi аталған қаңбақ та келген (35, 86).



Тұқымдардың тыныштығы.

С.А.Воробьев және А.М.Тулайков (17) арамшөптерде табиғи және мәжбүр болған тыныштықтың болатынын көрсетеді. Табиғи (терең немесе физиологиялық) тыныштық тұқымдарда физиологиялық, биохимиялық процестердiң аяқталуынан, су және ауа өткізбейтін  қабаттың болуынан (ақ түйежоңышқа, бұдыр  таран), жамылғы қабаттарында олардың өнуіне кедергi жасайтын ингибиторлардың болуына (дала қышасы, кәдiмгi қара сұлы, қара меңдуана) байланысты.

Мәжбүр болған тыныштық сыртқы ортаның жағдайларының қолайсыздығына (ылғалдың жетiспеуi, жылудың көптiгi, жарықтың болмауы) байланысты болады. Кейбiр арамшөптердің тұқымдарының өнуінiң созылмалы-шұбалаңқы болуы олардағы бiр өсімдіктiң өзінде биологиялық әр түрлi типтегi тұқымдардың болуына байланысты. Мысалы, қара сұлының шашақ басының төменгi жағындағы iрi тұқымдар егiн жинағанға дейiн тұрады да, жиналған өніммен бiрге кетедi. Шашақ басының жоғарғы жағындағы ұсақ тұқымдар егiн жинағанға дейiн шашылып топыраққа түседi де, 2-3 жылдан кейiн өнеді. Шашақ басының ортасындағы тұқымдар да егiн жинағанға дейiн шашылады, бiрақ келесi жылы өнiп шығады.

Ақ алабұтаның тұқымы да үш түрлi: iрiлерi – жалпақ, қоңыр, топырақта тез өнеді; кiшiлерi – тығыз қабықты, қара және жасыл қара – тек екiншi жылы ғана өнеді; өте  кiшiлерi – домалақша, қара, тек үшiншi жылы ғана өнеді (Доспехов Б.А., тағы басқалар, 1987).


2-сағат 6 дәріс

1.6.1 Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу қағидалары және танаптың арамшөптену картасы 
Тұқымдардың өміршеңдiгiн сақтауының ұзақтығы. 

Бұл сұраққа  А.И.Мальцев (42, 60), А.Крафтс және У.Роббинс (35) өз еңбектерiнде көп көңіл бөледі. Бiрақта, әңгiме көбінесе кептiрiлген гербарийлерде немесе құм салынған шөлмектерде 45 см тереңдiкте көмiлiп ондаған жылдар сақталған тұқымдар туралы болады. Осындай жағдайларда тексерiлген тұқымдардың өміршеңдiгi олардың бұл маңызды қасиеттерi туралы нақты мәлiметтер бере алмайды.

Жыртылатын қабаттың беткi бөлігіндегi тұқымдар әрқашан жылудың, суықтың, ылғалдың, кебудiң, күн сәулесiнiң әсерiне ұшырайды, топырақты өңдегенде үйкеледi, оттегi еркiн келiп тұрғанда  өздерінің өнгіштігін ұзақ сақтай алмайды. Мысалы, В.П.Томиловтың тәжiрибелерiнде топыраққа сiңiрiлген қара сұлының тұқымдары үшiншi жылы өздерінің өміршеңдiгiн толық жоғалтқан (3- кесте). 
3 Кесте. Әр түрлi тереңдiкке сiңiрiлген қара сұлының тұқымдарының танаптық өнгiштiгi

 


Топырақтағы уақыты*

Тереңдiктен өнгенi, %

5 см

10 см

20 см

30 см

Бiрiншi жылы (1961)

Екiншi жылы (1962)

Үшiншi жылы (1963)


50,9

6,9


0,0

60,2

8,2


0,0

28,2

4,1


0,0

0.0

0,9


0,0

Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет