Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану



бет1/7
Дата19.01.2017
өлшемі1.32 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 Қаулысы


      «Қазақстан Республикасының әуе-кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. 2011 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының 8-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады:
      «8. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тік эшелондау төмендегідей жартылай шеңбер жүйесі бойынша жүзеге асырылады:
      1) әуе трассаларын, жергілікті әуе желілерін және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 0-ден 179о-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 900, 1500, 2100, 2700, 3300, 3900, 4500, 5100, 5700, 6300, 6900, 7500, 8100, 9100, 10100, 11100, 12100, 14100 (метр);
      2) әуе трассаларын, жергілікті әуе желілерін және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 180-нен 359о-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 1200, 1800, 2400, 3000, 3600, 4200, 4800, 5400, 6000, 6600, 7200, 7800, 8600, 9600, 10600, 11600, 13100, 15100 (метр).
      3. «Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету
қағидасында:
      Қағидаға 3-қосымшада:
      33-тармақтағы «14 тәулік» деген сөздер «30 тәулік» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 ақпандағы № 285 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 9, 67-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 ақпандағы № 285 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 61 қаулысы;
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 61 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПАЖ-ы, 2010 ж., № 9, 109-құжат).
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің  
2011 жылғы 12 мамырдағы
№ 506 қаулысымен
бекітілген  
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану
қағидасы
1. Жалпы ережелер
      1. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) және 1944 жылы 7 желтоқсанда Чикаго қаласында қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес әзірленген осы Қағида әуе кеңістігін пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, әуе кеңістігін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ел экономикасы мен қорғанысы мүддесінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай анықтамалар пайдаланылады:
      1) авиациялық жұмыстар ауданы - әуе кемелерінің авиациялық
жұмыстарды орындау шегінде географиялық координаттармен белгіленген аудан;
      2) аэроторап - оларда ұшуды ұйымдастыру мен орындау әуе
қозғалысын басқару (әуе қозғалысына қызмет көрсету) органдарымен арнайы келісуді және үйлестіруді талап ететін жақын орналасқан әуеайлақтар;
      3) аэроторап ауданы - әуе кеңістігінің екі немесе одан көп жақын орналасқан әуеайлақта әуеайлақтық ұшуды орындауды ұйымдастыруға арналған бөлігі, олардан ұшуды ұйымдастыру мен орындау келісу мен  үлестіруді талап етеді;
      4) әуе кеңістігін пайдалану қауіпсіздігі - әуе кеңістігін пайдаланудың белгіленген тәртібінің кешенді сипаттамасы, ол әуе
кеңестігін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмей, мемлекетке, азаматтарға және заңды тұлғаларға материалдық залал келтірмей пайдалану жөніндегі қызметтің барлық түрлерінің орындалуын қамтамасыз ету қабілетін анықтайды;
      5) әуе кеңістігін пайдалану — жүру барысында түрлі материалдық объектілердің (әуе кемелерінің, зымырандар мен басқа да объектілердің әуе кеңістігінде қозғалуы жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ әуе
қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін басқа да қызмет (биік құрылыстар салу, жүру барысында электр магниттік және басқа да сәулелер бөлінетін қызмет, көру мүмкіндігін нашарлататын заттардың атмосфераға таралуы, жарылыс жұмыстарын жүргізу және т.с.с);
      6) әуе кеңістігін пайдалануды үйлестіру - әуедегі жағдайларға, метеорологиялық, аэронавигациялық жағдайларға байланысты және әуе кеңістігін пайдаланудағы мемлекеттік басымдықтарға сәйкес әуе кеңістігін пайдалануды оңтайландыруға бағытталған, әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және әуе қозғалысына қызмет көрсету (басқару) барысында жүзеге асырылатын қызмет;
      7) әуе шабуылына қарсы қорғаныс органдары (бұдан әрі - ӘШҚҚ органдары) - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша жауынгерлік кезекшілік жүргізу міндетті жүктелген жедел органдары;
      8) әуе кеңістігін пайдалану жоспары - әуе қозғалысын жоспарлау органдарына ұсынылатын жоспарланған қызмет туралы белгілі бір мәліметтер;
      9) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты — әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс ағынын бағыттауға арналған белгіленген маршрут;
      10) әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау - әуе кеңістігін пайдалануды, әуе қозғалысын ұйымдастыруды, әуе кеңістігін, мемлекеттік басымдықтарға сәйкес, оның пайдаланушылары арасында орны, уақыты және биіктігі бойынша бөлу жолымен әуе қозғалысы ағынын ұйымдастыруды рұқсат ету және барлау тәртібінде қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын қызмет;
      11) әуеайлақ (тікұшақ аймағы) ауданы - көлденең және тік жазықтықтың шекараларында белгіленген жергілікті жерге іргелес орналасқан және әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) үстінде анықталған әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсаты үшін әуе кеңістігі;
      12) әуе қозғалысына қызмет көрсету аумағы — белгіленген
мөлшердегі әуе кеңістігі, олардың шекарасында әуе трассалары бойынша әуе қозғалысына және олардан тыс маршруттарға қызмет көрсету диспетчерлік орталықтың диспетчері арқылы жүзеге асырылады;
      13) әуе кеңістігінің құрылымы - әуе кеңістігін пайдалану
қызметін жүзеге асыруға арналған әуе кеңістігі элементтерінің тік және көлденең жазықтықта шектелген жиынтығы;
      14) бүйірден эшелондау - әуе кемелерін бір биіктікте ұшу сызық ары арасындағы арақашықтық немесе бұрыштық жылжу бойынша белгіленген аралықтарға шоғырландыру;
      15) бойлық эшелондау - әуе кемелерін бір биіктікте уақыт немесе жол сызығы бойындағы ара қашықтық бойынша белгіленген аралықтарға
шоғырландыру;
      16) «Брифинг» тобы — әуе қозғалысына қызмет көрсету органының және қозғалысын жоспарлау және ұшу алдында ақпараттық қызмет көрсету функциясын қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;
      17) диспетчерлік рұқсат — ұшуды орындаумен және тиісті жағдайлармен және белгіленген ұшу қағидаларымен байланысты әуе кемесінің экипажына әуе қозғалысына қызмет көрсету органы беретін рұқсат;
      18) диспетчерлік нұсқау - пилотқа нақты жағдайда нақты іс-қимылды ұйғаратын әуе қозғалысын пайдалану органының директивті нұсқаулары;
      19) жауапкершілік аймағы (ауданы) - әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдары өз функцияларын жүзеге асыратын белгіленген өлшемдегі әуе кеңістігі;
      20) жергілікті әуе желісі - әуе кемелерінің ұшуларын орындауға арналған биіктігі мен ені жағынан шектелген әуе кеңістігінің төменгі жағындағы дәліз;
      21) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан ұшып өтудің әуе дәлізі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының үстіндегі әуе кеңістігінің халықаралық ұшуды орындайтын әуе кемелерінің қиып өтуі үшін белгіленген бөлігі;
      22) қысқа мерзімді шектеу - әуе кемелерінің ұшуды қауіпсіз орындауын қамтамасыз ету үшін әуе кеңістігінің белгілі бір бөлігін пайдалануға тыйым салу немесе шектеу;
      23) қосарлы мақсаттағы өнім - өзінің қасиеттері мен техникалық ерекшеліктеріне қарай жаппай жою қару-жарақтарын және оларды жеткізу құралдарын жасау мақсаттарына арналған өнім;
      24) қосымша тұрақты рейс - авиакомпанияның өзінің тұрақты рейсіне қосымша сол авиабамаршрутта бір күнде орындайтын рейсі;
      25) тігінен эшелондау - әуе кемелерін биіктігі жағынан белгіленген аралықтарға келтіру;
      26) уақытша режимдер белгілеуге ұсыным - әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе кеңістігінің басқа пайдаланушыларының қызметіне тыйым салу немесе әуе кеңістігін пайдаланушыларға берілетін уақытша режимдерді белгілеуге берілетін өтінім;
      27) ұшу биіктігі - белгіленген деңгейден әуе кемесіне дейінгі тігінен алғандағы қашықтық;
      28) пилотсыз ұшу аппараты - бортында пилоты (экипажы) жоқ, ұшу кезінде оператор басқару орнынан автоматты түрде немесе аталған тәсілдерді үйлестіріп басқаратын ұшу аппараты;
      29) ұшу маршруты — негізгі пунктімен анықталған жер (су) бетінде әуе кемесі ұшуының берілген (белгіленген) траекториясының проекциясы;
      30) ұшу ақпаратының ауданы — ұшу-ақпараттық қызмет көрсету және авариялық хабардар ету қамтамасыз етілетін шектегі белгіленген өлшемдегі әуе кеңістігі;
      31) халықаралық әуе трассасы - халықаралық ұшулар үшін ашық әуе трассасы;
      32) эшелондау - әуе кемелерін әуе кеңістігінде белгіленген аралықтарға тік, бойлай немесе бүйірлей шоғырландыру;
      33) NОТАМ-кеңсе - NОТАМ хабарламасын шығаратын аэронавигациялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
      34) NОТАМ хабарламасы - кез келген аэронавигациялық жабдықты, қызмет көрсетуді және қағиданы қолданысқа енгізу, жай-күйі немесе өзгерту туралы ақпаратты, сондай-ақ ұшуды орындаумен байланысты қауіп туралы алдын ала ескертудің персонал үшін маңызды мәні бар қауіп туралы ақпаратты, сондай-ақ өзге де аэронавигациялық ақпаратты қамтитын хабарлама;
      35) пилот қашықтан басқаратын әуе кемесі – осы әуе кемесінің бортында болмайтын даярланған маман басқаратын әуе кемесі;
      36) белгiленген маршрут – уәкiлеттi органдармен, мүдделi ведомстволармен және ұйымдармен келiсiлген және авиациялық жұмыстар жүргiзуге арналған әуе трассасы мен жергiлiктi әуе желiсiнен тыс маршрут.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік радиолокациялық тану жүйесімен жабдықталған мемлекеттік авиациядағы әуе кемелері, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшуды мемлекеттік радиолокациялық тану жүйесі аппаратурасы арқылы орындайды.
      4. Осы Қағиданы Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары, республикалық маңызы бар облыстардың, қалалардың және астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары, әуе кеңістігін пайдаланушылар, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі - ӘҚК) немесе әуе қозғалысын басқару (бұдан әрі - ӘҚБ) органдары қолданады.
2. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымы мен сыныптамасы
§ 1. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымы
      5. Қазақстан Республикасының аумағы үстінен өтетін әуе кеңістігі төменгі және жоғарғы әуе кеңістігі болып бөлінеді.
      6. Жоғарғы және төменгі әуе кеңістігінің аралығындағы шекара сынап бағанасынан 760 мм атмосфералық қысымға сәйкес келетін деңгейден 6100 метр биіктікте белгіленеді (1013,25 милиббар/гектопаскаль).
      7. Әуе кеңістігінің құрылымына мынадай элементтер кіреді:
      1) әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандары немесе ұшу ақпаратының аудандары;
      2) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары (әуе трассалары, ЖӘЖ және белгіленген маршруттар);
      3) әуеайлақ (аэротораптар, тікұшақ әйлақтары) аудандары;
      4) бақыланатын әуе кеңістігі аудандары;
      5) мемлекеттік авиацияның арнайы ұшу аймақтары;
      6) әуе кемелерінің әуе трассалары мен ЖӘЖ-ден тыс ұшу маршруттары;
      7) тыйым салынған аймақтар;
      8) қауіпті аймақтар;
      9) ұшуды шектеу аймақтары;
      10) бөлу схемасы осы Қағиданың 8-тармағында анықталатын ұшу эшелоны.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      8-тармақ 2011.11.17 бастап қолданысқа енгізіледі (2-т. қараңыз)
      8. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тік эшелондау төмендегідей жартылай шеңбер жүйесі бойынша жүзеге асырылады:
      1) әуе трассаларын, ЖӘЖ-ны және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 0-ден 179о-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 900 метр, 1500 метр (ҒL50), 2150 метр (ҒL70), 2750 метр (ҒL90), 3350 метр (ҒL110), 3950 метр (ҒL130), 4550 метр (ҒL150), 5200 метр (ҒL170), 5800 метр (ҒL190), 6400 метр (ҒL210), 7000 метр (ҒL230), 7600 метр (ҒL250), 8250 метр (ҒL270), 8850 метр (ҒL290), 9450 метр (ҒL310), 10050 метр (ҒL330), 10650 метр (ҒL350), 11300 метр (ҒL370), 11900 метр (ҒL390), 12500 метр (ҒL410), 13700 метр (ҒL 450), 14950 метр (ҒL 490);
      2) әуе трассаларын, ЖӘЖ-ны және ұшу жолының нақты белгіленген бұрыштары 180-нен 359о-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 1200 метр, 1850 метр (ҒL60), 2450 метр (ҒL80), 3050 метр (ҒL100), 3650 метр (ҒL 120), 4250 метр (ҒL140), 4900 метр (ҒL160), 5500 метр (ҒL180), 6100 метр (ҒL200), 6700 метр (ҒL220), 7300 метр (ҒL240), 7900 метр (ҒL260), 8550 метр (ҒL 280), 9150 метр (ҒL300), 9750 метр (ҒL320), 10350 метр (ҒL340), 10950 метр (ҒL360), 11600 метр (ҒL380), 12200 метр (ҒL400), 13100 метр (ҒL430), 14350 метр (ҒL 470).
      9. Әуе кеңістігі құрылымы элементтерінің шекаралары географиялық координаттар мен биіктіктер бойынша белгіленеді. Әуе кеңістігі құрылымының элементтерін пайдалану шекаралары мен талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасына сәйкес аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
      10. ӘҚК (әуе қозғалысын басқару) орталықтары мен аудандарының тізбесін, ұшу ақпараты аудандарының және олардың шекараларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келіседі және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында көзделген әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерінің тізбесінде жарияланады.
      11. Әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты, тиiстi жағдайларда, әуе трассасын, жергiлiктi әуе желiсiн немесе белгіленген маршрутты бiлдiредi. Әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарының индекстерiн белгiлеу қағидаттары осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).  
      12. Әуе трассасының ені азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен, Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат ету қағидасына сәйкес, навигациялық жабдықтың болуына қарай, 10 километрден 25 километрге дейін белгіленеді. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе трассалары бойынша сипаттамаларға (РВN) негізделген навигацияны қолдану үшін навигациялық ерекшеліктерді, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес белгілейді.
      Әуе трассаларының жабдықтарын ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарымен қамтамасыз етуді аэронавигациялық ұйым жүзеге асырады.
      13. Жергiлiктi әуе желiлерi және белгіленген маршруттар төменгi әуе кеңiстiгiнде орналасады. ҰКШЕ бойынша ұшу үшін жергiлiктi әуе желiсiнiң және белгіленген маршруттың енi 4 километрден белгiленедi.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      14. Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілері туралы мәліметтер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен, мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілері тізбесінде жарияланады.
      Әуе трассалары үшін ұшудың төменгі қауіпсіз эшелондары және ұшудың ең аз абсолютті шегі белгіленеді және жарияланады.
      15. Әуеайлақтық ұшуларды орындауды ұйымдастыру үшін әуеайлақтар аумақтары (тікұшақ әуеайлақтары) белгіленеді.
      16. Әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) аудандарының шекараларын анықтаған кезде ұшып шығу және қонуға бет алу, екінші айналымға кету, күту аймағында ұшу схемалары, сондай-ақ (SID) аспаптары бойынша ұшып шығу мен (SТАR) аспаптары бойынша ұшып келудің стандартты маршруттары, әуе трассаларына, жергілікті әуе желілеріне және арнайы аймақтарға кіру (олардан шығу) маршруттары ескеріледі.
      Көрсетілген схемаларды әзірлеу авиация саласындағы уәкілетті органдар бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтық және (немесе) мемлекеттік авиациясы салаларында ұшуды жүргізу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Әуеайлақ (аэроторап, тікұшақ айлақтары) аудандарының шекаралары әуеайлақ (аэроторап, тікұшақ айлағы) ауданында ұшуды жүргізу нұсқаулығында (әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) аэронавигациялық паспортында), сондай-ақ аэронавигациялық ақпарат құжаттарында көрсетіледі.
      17. Әрбір әуеайлақ (аэроторап, тікұшақ айлағы қону алаңы) үшін әуеайлақ (аэроторап, тікұшақ айлағы қону алаңы) ауданында ұшуды жүргізу нұсқаулығы (әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) аэронавигациялық паспорты) әзірленеді.
      17-1. Атыс, ракета ұшыру, жарылыс жұмыстарын, ұшқышсыз ұшатын аппараттардың, басқарылмайтын аэростаттардың ұшуын жүргізумен және меншік иесінің немесе объектіні пайдалануға жауапты органның ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өзге де қызметімен байланысты жұмыстар жүзеге асырылатын әрбір объект (полигон, атыс орны, оқу орталығы, карьер, кен орны, кеніш, қима, аэрологиялық станция) үшін ӘҚБ органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық әзірленеді, ол жауапкершілік ауданында объект тұрған ӘҚБ органымен келісіледі.
      Ескерту. Қағида 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      18. Мемлекеттік авиацияның арнайы ұшу аймақтары деп сынақ ұшуларын, әуеде отын құю, аз және өте аз биіктікте ұшуды, зымыранды ұшыру, әуедегі атыстарды және басқа да арнайы ұшуды орындау үшін арнайы белгіленген белгіленген өлшемдегі әуе кеңістігі.
      19. Аэротораптар аудандарының шекаралары аэроторапқа кіретін әуеайлақтар аудандарының сыртқы шекаралары бойынша белгіленеді.
      20. Тыйым салынған аймақтар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі маңызды мемлекеттік нысандарды, басты өнеркәсіптік кешендерді (атом электростанцияларын, ядролық-радиациялық нысандарды, химиялық қауіпті нысандарды, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан басқа да аса маңызды нысандарды) әуе кеңістігінде орын алуы мүмкін оқиғалардың нәтижесінде туындайтын зиянды әсерлер мен бүлінулерден қорғау үшін белгіленеді.
      21. Қауіпті аймақтарды, ұшуды шектеу аймақтарын Әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы (бұдан әрі - ӘҚБ БО) белгілейді және NОТАМ арқылы пайдаланушыларға хабарланады немесе аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады. Қауіпті аймақ, ұшуларды шектеу аймағы белгіленген әуе кеңістігін пайдаланушылар, қауіпті аймақты, ұшуларды шектеу аймағын белгілеу үшін қауіпті аймақ, ұшуларды шектеу аймағы іске қосылғанға дейін 7 тәулік бұрын мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның ӘҚБ БО қауіпті аймақты, ұшуды шектеу аймағын олардың шекараларын және жүзеге асырылатын қызмет сипатын көрсетіп белгілеуге сұраным жібереді.
      22. Қауіпті аймақтар мыналармен байланысты қызметтің мынадай түрлері бойынша белгіленеді:
      1) оқ-дәрілер сақталатын объектілерде олармен жұмыстар жүргізу;
      2) атмосферада ғылыми зерттеуді жүзеге асыру;
      3) электрмагниттік сәулелену;
      4) жарықтық сәулелену;
      5) басқарылмайтын зондтарды жіберу аудандары;
      6) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аймақтары.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      23. Ұшуды шектеу аймақтары барлық атыс түрлері, зымырандарды ұшыру, жарылыс жұмыстары жүргізілетін аудандар, мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлттық саябақтар, тарих және мәдениет ескерткіштері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша қорғалатын объектілер үстінде белгіленеді.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      24. Қауіпті аймақ, ұшуды шектеу аймағы мүддесінде белгіленген қызмет тұрақты болмаса, қауіпті аймақтың, ұшуды шектеу аймағының қолданысы уақыттық кезеңмен шектеледі.
      Қауіпті аймақ, ұшуды шектеу аймағы мүддесінде белгіленген қызмет жүріп жатқан кезде, әуе кемелері аталған аймақ әуе кеңістігінде ұшпайды.
      Уақыттық кезеңдермен шектелген, тыйым салынған аймақтардағы, үшуды шектеу аймақтарындағы қызмет туралы мәліметтер әуе кеңістігін пайдалану жоспары негізінде NОТАМ хабары арқылы жеткізіледі.
      25. Әуе кемелері ойламаған жерден қауіпті аймаққа, ұшуларды шектеу аймағына ұшып кірген жағдайда, сондай-ақ осы Қағиданың 27-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда әуе кеңістігін пайдалану қызметі аталған аймақтарда шектетіледі немесе тоқтатылады.
      26. Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган тыйым салынған аймақтарды осындай аймақтарды белгілеуге мүдделі адамдардың ұсынысы бойынша белгілейді.
      Тыйым салынған аймақтар мен ұшуларды шектеу аймақтарының тізбесі Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі.
      26-1. Тыйым салынған аймақтарды, қауіпті аймақтарды және ұшу шектелген аймақтарды бастапқы белгілеген кезде әр аймаққа белгі тағайындалады.
      Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      26-2. Берілген белгі осы аймаққа қатысты барлық кейінгі өзгерістерде аймақты белгілеу үшін пайдаланылады.
      Ескерту. Қағида 26-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      26-3. Белгілеу әріптер мен цифрлардың мынадай тобынан құралады:
      1) әріптік белгілеу UA;
      2) тиісінше Р әрпі – тыйым салынған аймақ үшін, R әрпі – ұшуды шектеу аймағы үшін және D әрпі – қауіпті аймақ үшін;
      3) Қазақстан Республикасының аумағы шегінде қайталанбайтын нөмір.
      Ескерту. Қағида 26-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      27. Қызмет тұрақты негізде жүзеге асырылатын тыйым салынған аймақтардағы, сондай-ақ ұшуды шектеу аймақтарындағы, қауіпті аймақтардағы әуе кеңістігін пайдалануға төмендегі жағдайлардан басқа жағдайларда тыйым салынады:
      1) мүддесі үшін осындай аймақтар белгіленген адамдардың әуе кеңістігін пайдалануы;
      2) тәртіп бұзушы әуе кемелерін ұстау үшін ұшуды орындау, сондай-ақ мемлекет мүддесінде басқа да шұғыл тапсырмаларды орындау;
      3) төтенше жағдайларда іздестіру-құтқару жұмыстарын және көмек көрсету жұмыстарын жүргізу мақсатында ұшуларды орындау;
      4) әуе кемелерінің Қазақстан Республикасымен жасалған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын ұшуларды орындауы.
      28. Осы Қағиданың 27-тармағында көзделмеген жағдайларда әуе кеңістігін тыйым салынған аймақтарда, ұшуды шектеу аймақтарында, қауіпті аймақтарда пайдалану қажеттігі туындаған жағдайда әуе кеңістігін пайдаланушылар мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органнан рұқсат алады.
      29. Қазақстан Республикасының аумағы үстімен, оның Мемлекеттік шекарасы бойымен шекаралық белдеу - Қазақстан Республикасының құрлықтағы Мемлекеттік шекарасымен шектесетін, ені 25 километр болатын, сондай-ақ аумақтық су үстіндегі ені 12 теңіздік миля болатын (22.2 километр) әуе кеңістігі белгіленеді.
      30. Шекаралық белдеу үстіндегі әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызмет жүргізу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі органдарымен, ӘШҚҚ әскерлерінің органдарымен, әуе қозғалысын басқару органдарымен қызмет басталғанға дейін 5 тәулік бұрын келісіледі.
      Әуе кемесінің экипажы әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен радиобайланысқа шықпай, шекаралық белдеуде ұшпайды.
      31. Шекаралық белдеудегі әуе кеңістігін пайдалану кезінде әуе қозғалысына қызмет көрсету маршрутынан және ұшу маршрутынан мәжбүрлі ауытқу Қазақстан Республикасының аумағына қарай жасалады.
      32. Әуе кемелерінің адамдардың өмірін сақтап қалу және денсаулығын сақтау, қылмыстың алдын алу және бетін ашу іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында елді мекен үстімен ұшуы, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды, парашюттен секіруді орындау, пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуы, байлаулы аэростаттарды көтеру, осындай ұшуларды ұйымдастырушының ұшуды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз етуі арқылы, аталған іс-шараларды іске асыру қамтамасыз етілетін биіктікте орындалады.
      Адамдардың өмірін сақтап қалу және денсаулығын сақтау, қылмыстың алдын алу және бетін ашу іс-шараларына байланысты ұшуды орындауды қоспағанда, белгіленген маршруттан тыс елді мекен үстімен ұшуды орындауды келісу және орындау ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен ұшу басталғанға дейін 3 тәулік бұрын жүргізіледі. Күзету іс-шараларын жүргізу кезеңінде әуе кемелерінің белгіленген маршруттан тыс елді мекен үстімен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен ұшу басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күн бұрын келісілді.
      33. Авиациялық жұмыстар, парашютпен секіру, пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтан басқаратын әуе кемелерінің ұшуы, байлаулы аэростаттарды елді мекендердің үстіне көтеру әуе кеңістігін пайдаланушыларда ӘҚБ БО-ның елді мекеннің үстімен ұшуға рұқсаты болған жағдайда және әуе кеңістігін пайдаланушының олардың аумағы шегінде ұшуды жоспарлаған республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын хабардар ете отырып орындалады.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      34. Әуе кемелерінің дыбыстан жоғары жылдамдықта ұшуына мемлекеттік авиацияның арнайы ұшу аймақтарында ғана немесе 11000 метрден астам биіктікте ғана рұқсат етіледі.
      35. Әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттарын көрсетуге арналған ұшуды орындау үшін арнайы аймақтар (ұшу аймақтары) белгіленеді, бұлар белгілі бір аудандардан тысқары немесе елді мекендердің үстінде әуе кемесінің немесе ұшу аппаратының тұрғын үйлер алабы мен шоғырланған адамдар үстіне құлауын болғызбайтын қажетті қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, бөлінген әуе кеңістігіне орналасады.
      Әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттарын көрсетуге және таныстыруға арналған ұшуды ұйымдастырушы олардың орындалуы жөнінде арнайы нұсқаулық әзірлейді.

Каталог: sites -> default -> files -> txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру»
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Бериллий, оның қоспалары және олардан бұйымдар өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
txt,%20pdf,%20docx,%20doc,%20zip,%20rar,%20xls,%20xslx,%20png,%20jpg,%20tiff,%20djv -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет