Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ш. Уәлиханов атындағы



бет1/11
Дата14.03.2017
өлшемі2.46 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Уәлиханов атындағы

Көкшетау мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасының денсаулық

Министрлігінің Ақмола облыстық ЖИТС пен куресу

және алдын алу орталығы

Бәрі

АИВ/ЖИТС

жайында
(оқу құралы)


Көкшетау-2004


ББК 55.Ія73 (5к)

Т32

Бәрі АИВ / ЖИТС жайында // Медицина қызметкерлеріне, жоғары оқу орнында оқитын студенттерге, аспиранттар мен магистранттарға арналған. Көкшетау. Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, 2004.- 140 б.


Оқу құралы медицина ғылымдарының докторы,

профессор Ж.Т. Темірбековтің басқаруымен дайындалды

Құрастырушылар:
Қақабаев Ә.А., Ташметов К.К., Зандыбай А.З.,

Байгожин O.K., Пономарева Л.К., Пугач A.M., Багинский С.Р.,

Рахымбекова А.О., Жалмаканова Т.Б., Бабагулова А.К.,

Мурзагалиева Г.К., Бапенова Б.И., Пономаренко Л.И.,

Курманбаева А.С, Аубакирова Б.К., Габдуллина У.К.
Осы оқу құралы Қазақстан мемлекеті Үкіметінің 2001 жылдың 14 қырқүйектегі № 1207 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында ЖИТС эпидемиясына қарсы тұру» бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына енгізілген «АИВ/ЖИТС алдын алу» арнайы курс негізінде құрастырылған.

© Темірбеков Ж.Т.

© Ш.Уәлиханов атындағы

Көкшетау мемлекеттік

университеті, 2004

Мазмұны

Қабылданған қысқартулар

Кіріспе

1. АИВ/ЖИТС туралы нормативті құжаттар

1.1. Бағдарламаны іске асырудағы негізгі бағыттар

1.2. Бағдарламаны іске асырғанның қорытындысы

2. ЖИТС проблемасы

2.1. АИВ-ауруы және ЖИТС туралы түсінік

2.2. ЖИТС ның эпидемиологиясы

2.2.1 Шығу тарихы

2.2.2 Таралуы мен жіктелімі

2.2.3 Таралу жолдары

2.2.4 АИВ-жұқтырғандар мен ЖИТС ауруының сыртқы көріністері

2.2.5 Лабораториялық анықтау

2.2.6 Емдеу

2.2.7 АИВ - ауруының психологиялық аспектілері

2.2.8 Алдын алу

3. ЖИТС-мен қабаттас аурулар

3.1. Вирусті герпес (ұшык) ауруы

3.2. Цитомегаловирусты ауру

3.3. Кандидоз

3.4. Токсоплазмоз

3.5. Пневмоцист өкпе қабынуы

3.6. Туберкулез

4. "Жастар және ЖИТС" бағдарламасы

4.1. Жастардың мінез-құлқының өзгеру дәлелі

4.2. Балалардың АИВ-ауруымен науқастануы

5. Оқыту бағдарламасы

5.1. Әңгімелер

5.2. Үйрету сабағы

5.3. Интерактивті оқыту

5.4. Жедел оқыту: жаңа тәсілдер 100 сұрақ пен жауап

6. Өзін-өзі бағалау және тестпен тексеру

7. Қолданылған әдебиеттер

Қабылданған қысқартылу:


ӘдМ - Әділет министрлігі

АҚТҚ - Адамның қорғаныш тапшылығынын қоздырғышы

АИВ - адамдағы иммундык жетіспеушілік вирусы

БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары

БҒМ - Білім және ғылым министрлігі

БҰҰ/ЖҚТБ - Біріккен Ұлттар Ұйымының ЖҚТБ/АҚТҚ

жөніндегі біріктірілген бағдарламасы



БЦЖ - bacille bilie Calmette - Guerin (BCG) туберкулезге қарсы

қолданылатын вакцина (туберкулез таяқшасынын әлсіретілген,

вируленттігі төмендетілген штамынан жасалған)

ДДА - дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы

ДД¥ - дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ВИЧ - вирус иммунодефицита человека

ЕЖЕ - Ересектермен жыныстык қатынас жасайтын еркектер

ЕХҚМ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЕҒ¥ - енбекті ғылыми ұйымдастыру

ЖГХБ - жалпы гигиеналық халықаралық бюро

ЖИТС - жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы

ЖЖБИ - жыныстық жолмен берілетін инфекциялар

ЖҚТБ - жұктырылған корғаныш тапшылығының белгісі

ЖОО - жоғарғы оқу орны

ИК - иммундық кешен

ИЕТ - Инъекциялық есірткелерді тұтынушылар

ИФА - иммунно-ферменттік анализ

ІІМ - Ішкі істер министрлігі

МАКМ - Мәдениет, ақпарат және келісім министрлігі

КИБ - кеңейтілген иммундау бағдарламасы

КЖҚҚ – коммерциялық жыныстық қатынас қызметкерлері

ҚК - қорғану коэфициенті

КорМ - Қорғаныс министрлігі

РНҚ - рибонуклеин кышқылы

СҚ - салыстырмалы қатер

СПИД - синдром приобретенного иммунодефицита

СЭМ - санитарлық – эпидемиологиялық мекеме

СЭС - санитарлық эпидемиологиялық станция

СЭББ - санитарлық – эпидемиологиялық Бас Басқарма

СЭБО санитарлық - эпидемиологиялық басқару органдары

ТИ тиімділік индексі

ШТИ - шаралар тиімділігінің индексі

ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достыгы

ЮНЭЙДС - UNAIDS - United National Program on AIDS - БҰҮ/ЖҚТБ

бағдарламасының ағылшын әріптік қыскартуы



ЮНИСЭФ - UNICEF - United National Cһildren’s Fund - Б¥¥ Балалар

қорының ағылшын әріптік қыскартуы



ЮНЕСКО - UNESCO - United National Educational Scientific and

Cultural Organization - БҰҰ-ның Білім, ғылым

мен мәдениет жөніндегі ұйымы

Б¥¥ДБ - Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы.

Кіріспе


ЖИТС 20 жылдан бұрын белгілі болған осы қысқа сөз өте қауыпты қасыреттің алдында адамзаттың дәрменсіздік белгісіне айналуда. ЖИТС эпидемиясы геометриялық жылдамдықпен асқынуда. Әлемде күн сайын онымен 6 мыңнан артық жаңа науқастар тіркелуде және сырткы көріністері айқын көрінген ауру адам тіркелмеген бірде - бір мемлекет қалмады десе де болады.

Адамзат тарихында ешқандай ауру өзіне осыншама қоғам назарын ешқашан аударған жоқ және АИВ - ауруындай экономикалық өте көп мөлшерде шығын әкелген емес. Аз уақыттың ішінде, осы салада басқа қоздырғыштар мен ауруларды зерттеуде, ондаған жылдарда істелмеген жұмыстар істелді. Оны іс жүзінде адамзаттың өсіп-өнуіне қауіп-қатер туғызатын дағдарыс ауруы деуге әбден болады.

АҚШтағы Гарвард университетінің деректеріне сүйенсек соңғы 20 жылда ЖИТС әлем қауымдастығына 200 миллиард долларға шығын келтіріпті және қазіргі күнде ЖИТС әлемдік деңгейдегі апат болып отыр. Сондықтан, БҰҰың Бас қатшысы Кофи Аннаннын "Мен ЖИТСна қарсы күресуге барлық қызығушы жақтардың толық қатынасуын өзімнің басты міндетім деп санаймын" деуінде көп мағна жатыр.
Қазақстанда ЖИТСмен күресу проблемасы АИВ/ЖИТС пандемиясына республикамыздың шалдыққан салдарынан пайда болды. БҰҰның ЖИТСке арналған қортынды бағдарламасының ресми деректеріне сүйенсек үшінші мың жылдықтаң басында бүкіл жер шарында АИВын жұқтырған 36 млн адам есепке алынған, оған қоса, АИВ-ауруы тіркеле бастаған 1981 жылдан бастап ЖИТСнан 28 млн адам қайтыс болған.

Сонымен, бәрін қосқанда, үшінші мың жылдықтын басында әлемде АИВын жұқтырған адамдардың саны 60 миллионнан асып жығылды.

Республикамызда 2003 жылдың 1 маусымының басында АИВ -жұқтырған 3591 адам тіркелді.

Осы залалдың ең көп тараған облыстар төмендегілер болды:

- Қарағандыда - 1265 АИВын жұқтырғандар, немесе Қазақстандағы белгілі болған жұқтырғандардың жалпы көрсеткішінің 35 пайызы;

- Павлодарда - 747 оқиға тіркелген, немесе жұктырғандардың 21 пайызы;

- Оңтүстік-Қазақстан - 416 оқиға, немесе 11,6 пайызы.

Өзіміздің Ақмола облысында 2003 жылдың 1 тамызында тура 57

АИВ-ауруының оқиғасы тіркелді. Обылыс республикада АИВ-ауыруының деңгейін анықтайтын территорияларға жатпайды.

5

Қазақстан республикасындағы ЖИТС эпидемиясы біршама төмен деңгейде дамыған мемлекеттер қатарына жатады. Дегенмен, АИВның тарауымен байланысты тұрақты, тіпті белсенді факторлардын орын алғаны белгілі болып отыр. Жылдан жылға инемен есіртке пайдаланатын адамдар, кездейсоқ жыныс қатынасымен шұғылданатын адамдар саны күннен-күнге артуда.



АИВ/ЖИТСың жабық мекемелер жүйесінде өріс алу қаупі орын алуда. Қазіргі кезде республикада әрбір төртінші АИВын тасымалдаушы осы мекемелерде тіркелінді немесе тіркелуде.

Б¥¥ агентствасының техникалық көмегімен 2000 жылдың ақпанында Астана қаласында Қазақстандағы АИВ/ЖИТС эпидемиясына жауап ретінде стратегиялық жоспарлу шараларына арналған ұлттық семинар өтті. Онда әлемде калыптасқан АИВын алдын алу тәжрибесіне сәйкес жұмыстардың басымдылығын қайта қарау туралы шешім қабылданды. ЖИТСың алдын алудағы әрекеттерді дайындау мақсатымен ҚР Премьер-Министрінің 2000 жылғы 17 мамырдаңы № 76 шешімімен ведомство аралық жұмыс тобы құрылды. Қызығушылық танытқан үкіметтік органдар мен мекемелердің, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық органдардын өзара іс-кимылдарын реттеуде басымдылық бағытты жасау Қазақстан республикасының стратегиялық жоспарлау Агентствосына жүктелді.

Күні кешеге дейін Қазақстанда АИВ/ЖИТС проблемасы тек денсаулық жүйесінің үлесіне жатқызылып келді. Негізгі шаралар оны анықтау сипатынан аспады, әрине мұндай бағыт аурудын тарауына тосқауыл бола алмады. Шындап келгенде АИВ проблемасы тек кана медициналық емес, тіпті онын қоғамдығы басымырақ, сондықтан оқиғаны тұрақтандыруды тек АИВмен адамдардың мүмкін болған жұқтыруын болдырмау және/немесе оны азайту арқылы іске асыруға болады. ЖИТСның алдын алу мәселелері денсаулық сақтау саласында ғана шоғырланғандықтан, оның эпидемиясының дамуымен байланысты медицинаға жатпайтын көптеген сұрақтарды, шешусіз қалдырылды.

АИВ/ЖИТС проблемасының төтенше маныздылығын және осы қасырет туралы оқиғалар мен әлеуметтік залалдын алдын алу туралы, әсіресі жастар үшін, толык мәліметтердің жоқтығын еске ала отырып, республикамызда "Қазақстан республикасында 2001 - 2005 жылдардағы ЖҚТБ эпидемиясына карсы тұру Бағдарламасы" жасалды және Қазақстан республикасының Үкіметі өзінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 "Қазақстан республикасындағы ЖИТС эпидемиясына қарсы тұрудағы үкімет саясатының Концепциясы туралы" каулысына қол қойды.

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі өзінің 2002 жылғы 29 маусымындағы № 588 "АИВ/ЖИТС эпидемиясына қарсы тұрудағы 2002 - 2005 жылдардағы стратегиялық бағдарламасына" арналған

6

бұйрығын бекітті. Осы бұйрыкты іске асыру мақсатымен ұсынылып отырған "Барлығы АИВ/ЖИТС туралы" нұсқау дайындалды. Құрастырушылар өздерінің алдына койған міндет қаншалықты қиын болса да оның казіргі кезде мамандарға, мұғалімдерге, студенттерге және қазақ оқырмандарына мейлінше қажет екеніне үлкен жауапкершілікпен қарауға тырысты.



Келесі тоқталатын мәселе "Қазақстан Республикасының жұқтырылған қорғаныш тарыншылығынын белгісіне карсы іс-әрект жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы" туралы. Осы құжатта адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы - АҚТҚ және жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі - ЖҚТБ болып кысқартылынған. Біздің ойымызша келтірілген қыскартылулар есте ұстауға қиын және, ең маңыздысы, мағнасын түсінуде екі үштілік туғызды. Осыған байланысты құрастырушылар аталған қыстартулармен қатар қалыптасқан АИВ және ЖИТС қыскартуларын да пайдаланды. Осы қыстартулар бір - біріне қайшы келмейді, керісінше бір - бірін толықтырады. Солардың қай қолайлысын пайдалануды оқырмандар-дың өз ырқына қалдырылды.

7
1. АИВ/ЖИТС туралы нормативті құжаттар


а/ 1999 жылы БҰ¥/АИВның мүше елдеріне басшылық ретінде ЖИТС/АИВ-ның таралуына қарсы іс-әрекет жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға жаңа стратегиялық көзқарас әзірледі және ұсынды. Осы құжаттағы қарастырылған мәселелер:

- індеттің козғаушы факторларын анықтап, ахуалға талдау жүргізу,

олардың сатылылығын айқындау;

- жауап іс-шараларының тиімділігін, олардың ахуалға сай болуын сыни

талдауды жүзеге асыру, пайдаланылмаған мүмкіндіктерді анықтау;

- ресурстарды қайта бөліп, осы уақыт бөлігінде АИВ инфекциясының

таралуына тікелей байланысты басым бағыттар бойынша араласу

жоспарын жасау көзделді.

Осы стратегиялық Бағдарламаны жасау кезінде АИВ/ЖИТСның таралу проблемасы денсаулық сақтау секторы проблемаларының шеңберін әлдеқайда кең және барлық әлеуметтік секторларға қатысты екенін түсіну негіз болып табылды. Ұсынылып отырған АИВ - инфекциясына қарсы іс-әрекет бағдарламасы көптеген секторлардың күш-жігерін ЖИТСның таралуына карсы іс-әрекет жолына жұмсаудың бағыттарын айқындады. Ол тек техникалық мәселелерді ғана емес, сондай-ак қазіргі уақытта Қазакстанда ЖИТС/АИВның таралуында шектеуліне маңызы бар факторларды қамтуға ерекше назар аударды.
б/ Қазақстан республикасы Үкіметінің "Қазакстан республикасында ЖИТС эпидемиясына қарсы мемлекет саясатының Концепциясы туралы" 2000 жылғы 5 желтоқсандағы қаулысы.

Бұл өте маңызды құжат. Ол Қазакстан республикасында ЖИТС эпидемиясына қарсы тұрудағы үкімет саясатының Концепциясы мемлекет органдары мен мекемелерінің 2001 - 2005 жылдардағы басымды бағыттарын анықтайды. Алға қойылған мақсаттар орындалғаннан кейін, ендігі іске асырылатын шараларға өзгерістер енгізіледі (кейбір тәжрибе жүзінде орындалғандарынан бас тартып, ал кейбір нәтижелі деген әрекеттерді күн тәртібіне қоюға дейін).


Концепцияның негізгі мақсаты - Қазакстандағы АИВ - ауруының тарау қарқынын төмендету.

Негізгі іске асыратын принциптер:

- ЖИТСың аладын алуда мемлекет пен қоғам күштерін біріктіру;

- халықаралық және қоғамдық ұйымдармен кеңінен байланыс жасау;

- ЖИТСың алдын алу бағдарламасын іске асыру барысында адам құқығын сақтауды қамтамасыз ету;

- салауатты тұрмыс құруды, білім деңгейін өсірулі және білгендікті (насихаттауды) қолдау;

8

- басқа адамдарға қауіп туғызбайтын деңгейде халыктың осал, қатерлі топтарын алғашкы дәрігерлік көмекпен қамтамасыз ету.


Осы Концепцияда Қазақстанда ЖИТС эпидемиясына қарсы тұрудағы ұлттық шаралардың басымдығы ретінде адам мінез-құлкының себебтері (факторлары) анықталған. Осы кезде республикамызда АИВ - қасіретінің тарауы сол факторлармен байланысты болып тұр. Сондықтан ең маңызды әрекеттер АИВ жұқтыруға жол ашатын жеңілтектік пен санасыздықтың болмауына, жастардың мінез-құлқын тәрбиелеуге бағытталған жөн. Тек сонда ғана АИВ/ЖИТСың тарауына кеден қоюға болады.
Осы Концепцияны іске асырудың аркасында Қазақстанда ЖИТС-ың алдын алу жоспары мен бағдарламасы қабылданды, сонымен қатар ол аумақтық деңгейлерде де осындай бағдарламалар мен жоспалар жасауға негіз болды.
в/ «Қазақстан республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекеті жөніндегі 2001 - 2005 жылдарға арналған бағдарлама». Кәзіргі күші бар негізгі құжат. Осы Бағдарламаны әзірлеуге ҚР-дағы ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы туралы ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 қаулысының ережелері негіз болды.

Бағдарлама ҚР-ның Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы 1997 жылғы 19 мамырдағы , " ЖҚТБ ауруының алдын алу 1994 жылғы 5 казандағы Заңдарының, ҚР Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекітілген "Халық денсаулығының мемлекеттік бағдарламасының және Бағдарламада 2001 жылдың мамырдағы ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша Орталық Азия декларациясындағы және 2001 жылғы 27 маусымдағы ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы сессиясының ЖҚТБ/АҚТҚ саласындағы міндеттемелері жөніндегі декларациясының ережелері, соның ішінде АҚТҚ бар адамдарға ден қоюдың негізгі шарасы ретінде алдын алу бөлігінде күтімді қамтамасыз ету, қолдау мен емдеудің, адам құқықтарын сақтау, осалдығын азайту жөніндегі шараларды іске асыру ескертілген.

Жасалуы кезінде халықаралық донорлардың ресурстарын жұмылдыру қажеттілігі назарға алынды.

9

Бағдарламаның негізгі әзірлеушілері - ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі


Бағдарламанын мақсаты мен міндеттері.

Оның жаппай таралу кезеңіне ұласыуына жол бермей АҚТҚ-ның таралуын шоғырлану кезеңінде тұрақтандыру. Халықтың АҚТҚ-ны жұктыруға қатысты осал жіктерінің жастар арасында жаңа адамдар мен толығуын азайту. АҚТҚ бар адамдардың кемінде 80 пайызын олардың контагиоздығы денгейін төмендететін медициналық және әлеуметтік бағдарламалармен қамту.


Бағдарламаның негізгі орындаушылары.

ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі (ДСМ), Білім және ғылым министрлігі (БҒМ), Ішкі істер министрлігі (ІІМ), Қорғаныс министрлігі (Қор.М), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХҚМ), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (МАҚМ), Қаржы министрлігі (Қар.М), Әділет министрлігі (Әд.М), жергілікті атқарушы органдар.

Бағдарламаның іске асыру мерзімі - 2001 - 2005 жылдар.
Бағдарламаның негізгі іс-шараларының тізбесі.

Азаматтардың конституциялық кепілдік берілген құқықтарын қолдау және халықтың АҚТҚ-ын жұқтыруға қатысты неғұрлым осал жіктерін әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды өмірге енгізу. АҚТҚ-ын жұқтыруға қатысты қатерлі топтардың осалдығын азайту. Қоғамдық бірлестіктерді ЖҚТБ/АҚТҚ проблемаларын шешуге тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ақпаратты және білім беру бағдарламаларын жетілдіру. АҚТҚ-ның бастапқы инфекциясымен байланысты медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетулердің сапасын арттыру. ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша алдын алу бағдарламаларының орындалуын басқаруды және үйлетіруді жетілдіру.


Қаржыландырудың көлемі мен көздері.

Республикалық бюджеттің қаражатынан - 47,264 млн. тенге, соның ішінде 2002 жылға - 12,291 млн, тенге; 2004 жылға - 11,015 млн.тенге; 2005 жылға - 11,0 млн.тенге. Денсаулық сақтау салалары бойынша - 15,668 млн.тенге; Әділет министрлігі - 17,601 млн.тенге, Қорғаныс министрлігі -12,805 млн.тенге, Білім және ғылым министрлігі - 1,190 млн.тенге. Жергілікті бюджеттердің қаражатынан - 358,483 млн.тенге сомасында қаржыландыру кезделді, соның ішінде:

2002 жылға - 80,547 млн.теңге;

2003 жылы - 92,645 млн.тенге;

2004 жылы - 92,646 млн.тенге;

10

2005 жылы - 92,645 млн.тенге.



Қосымша тартылатын қаражат - 222441,908 млн.тенге.

г) Қазақстан республика Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1207 жарлығы ҚР білім және ғылым жүйесінде "АИВ/ЖИТСың 2002 - 2005 жылдардағы эпидемиясына қарсы тұруға жасалған стратегиялық бағдарламасы" қабылданды. Бағдарламаны іске асыру мақсатымен Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі өзінің 2002 жылғы 29 маусымындағы № 588 бұйрығымен оны бекітті. Осы бұйрықты орындау үшін Ақмоланың медициналық академиясы УМО Департаментімен бірлесе отырып бірінші сынып студенттеріне арналған АИВ/ЖИТС ың алдын алу туралы арнайы 18 сағаттық (30 пайызы жоғарғы оқу орны құрамының мойнында) және 50 сағаттық жоғарға оқу орындар мұғалімдерінің мамандығын жетілдіру үшін оқу бағдарламаларын дайындады. Депертаменттің алға қойған мақсаты Ақмола медициналық академиясында, оған коса аймақтарда, салауатты тұрмыс құру проблемаларының Ұлттык орталығының төрт бөлімінде (Алматы, Астана, Семей, Ақтөбе қалалары) 2003 жылдан 2005 жылға дейінгі АИВ/ЖИТСың алдын алуға ЖООда мұғалімдар дайындайтын курстар жүргізу болды.


Бағдарламаның мақсаты.

Ауру туралы білімін жетілдіру және өз тәртібіне жауапты қарау арқылы АИВның окып жүрген жастардың арасында кең тарау қаупін төмендету. Осы нысанаға жету төменгілерді қажет етеді:

1. ЖОО-да 50 сағаттық оқу бағдарламасы бойынша АИВ/ЖИТСна бағытталған мұғалімдер дайындау:

- АИВ/ЖИТС туралы материалдарды игеру;

- жастарды салауатты тәртіп тәсілдері мен аурудың алдын алу шараларына үйрету;

- жастарды АИВын жұқтырған және ЖИТС науқасы бар коғамда өмір сүріп жұмыс істеуге көмектесу.

2. ЖОО-ғы студенттерді оқыту және тәрбиелеу:

- АИВ - залалының берілуі мен тарауына кедергі болатын белсенді тәрбие, тәртіп болуын қамтамасыз ету;

- алғашқы жыныс қатынасына ұстамдық жасау, қауіпсіз жыныс қатынас әдістеріне үйрету;

- алкоголь ішімдігі мен есіртке пайдалануға көз қарасты өзгерту;

- АИВ - жұқтырғандар және ЖИТС ауруларымен қарым-қатынас пен оларды қолдауды дамыту.

Осы жан-жақты бағдарлама студенттерді дипломға дейінгі оқытуға және денсаулық сақтау жүйесіндегі мамандарды дипломнан кейінгі қосымша мамандыққа үйретуге дайындалған. Ол мамандандыру циклы мен тақырыпты жетілдірудегі жоғарғы білім беру жүйесіне мамандар

11

дайындауда мазмұнын және оқытудың ұйымдастыру-тәсіл түрін анықтайтын нормативті құжат болып саналады.



"Тәлкіленген бағдарламаның" негізгі бөлімі болып оқу жоспары мен циклдардың оку жоспары болып саналады.

Циклдардың оқу жоспары тыңдаушылардың құрамын, олардың уақыт ұзақтығы мен қалыптаскан мақсатын анықтайды, бағдарламаның барлық келтірілген белімдерін игеру үшін оқыту әрекетінің түріне карай қажетті сағаттармен қамтамасыз ету де назардан тыс қалмаған.

Оку жоспары мен бағдарлама цикл кестесін құрудың негізі деуге болады. Онда көрсетілгендер:

- циклдің аты;

- бағдарлама, окыту түрі, циклдағы сабақтың мақсаты және оқушылардың құрамы;

- циклдың мерзімі (ұзақтығы) және әр тақырыпқа белінген сағат мөлшері, оның ішінде дәріске, тәжрибеге, семинарларға бөлінгені, әр тақырып жүргізілетін орны көрсетіледі (тәжрибе мен семинар сабақтары).

Бекітілген циклдың типті бағдарламасына оқушылардың құрамына байланысты дәріс пен тәжрибе тақырыпттарының жалпы сағаттарының 25 пайызына өзгертулер енгізуге болады.

Әр тыңдаушы жүргізілген сабақтын қортындысында өзі келген мекемеге және нақтылы тұратын мекеніне "ЖИТСмен күрес" бағдарламасын жасау туралы курстық жұмыс қорғауға тиісті.

Циклды жүргізу мен ұйымдастырудың нәтижелігіне баға беру үшін деканат жағынан тыңдаушылар арасында жасырын (белгісіз) анкеталық сұраулар жүргізіледі.

Оған қоса пәнді игеру үшін жасалған бағытталған бағдарламаға оқытудын міндетті түрі ретінде оқытудың басқа тәсілдерін де қолдануға болады, айтайык - семинарлар, апталықтар, стажировкалар.

Стажировканың негізгі мақсаты оқу барысында алынған теориялық білім мен үйренгенді тәжірибе жүзінде іске асыру. Стажировка арқылы игеріген мамандық пен ұйымдастыру қабілеттіктерді тәжрибе жүзінде қалыптастыру және шындау жүзеге асырылады.

12


Студенттерге арналган АИВ/ЖИТСың

алдын алудағы оку бағдарламасы


ББөлі-мі




Дәріс

Тәжрибе

Сабак


тары

Семи-нарлар

Бар­лығы

1

2

3

4

5

6

1 1

АИВ-жұқтырған мен ЖИТС туралы Түсінік. Тарихы. Таралуы. Топтастыру. Даму принциптері мен механизмі. АИВ/ЖИТСын алдын алу мәселелерін білудің маңызы.

2





2


4


2
2

Негізгі берілу жолдары және оның алдын алу. Жоғарғы қауіп-қатер тобы. АИВ-жұқтырған мен ЖИТСың негізгі Сыртқы көріністері. АИВ/ЖИТС және Жұқтыру қауіпі. ЖИТСмен қабаттас Жұқпалы аурулар

2

I

1

4

3

3



ЖИТС проблемасы және оның алдын алу. Мінез-құлқы мен гигиеналық икемділік туралы санитарлық-гигиеналық жұмыс-тар. АИВ/ЖИТСнан алдын алу мен корғану жолдары. АИВ/-ЖИТС-ын алдын алуда халық ағарту саласының маңызы.

3

1

2

6


4

4


«ЖИТС және қоғам» бағдарла-масы. Отбасында ЖИТСмен науқас адамдарға көмек. АИВ-жұқтырғандар мен ЖИТС пен науқастарды қудалау.

1





1


2


5

Жоғарғы белсенді оқыту тәсілдері: «АИВ/ЖИТС, ЖЖБА, жастар мен жас өспірімдер арасында зиянды заттарды пайдалнудың алдын алу».







2


2


1

2

3

4

5

6

6

Барлығы

8

2

8

18


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет