Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің



Дата02.11.2017
өлшемі139 Kb.
#43500
Қазақстан Республикасының

білім және ғылым министрінің

бұйрығына Қосымша

«____»________ 2017 жыл

№ ______
«EduTech» білім беру саласындағы стартап жобалар байқауы туралы Ереже
1 Бөлім. Жалпы ережелер
1.1. «EduTech» білім беру саласындағы бизнес жобалар байқауы туралы бұл Ереже (әрі қарай – Ереже) ««EduTech» стартап жобалар Байқауы» кәсіпкерлігінің қолдауымен жобаның шарттары мен жүзеге асыру механизмдерін қадағалайтын, жобаны ұйымдастырушылар мен оған қатысушылардың арасындағы қарым-қатынастардың жалпы ережелерін орнататын құжат болып табылады.

1.2. Жоба білім беру қызметкерлерінің Республикалық Тамыз конференциясы шеңберінде орындалады.

1.3. Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Болашақ» қауымдастығы
2 Бөлім. Негізгі ережелер


Байқаудың мақсаты

Қазақстан кәсіпкерлерінің білім беру саласын жетілдіруге бағытталған әлеуметтік маңызы бар бизнес-бастамаларына қолдау көрсету

Байқаудың міндеттері

  • тұрғын халықтың арасында кәсіпкерлік қызметті дәріптеу;

  • кәсіпкерлердің кәсіби және жеке дамуына қолғабыс көрсету;

  • мемлекеттік органдар мен шағын және орта бизнес субъектілерінің арасында байланыс орнату;

  • білім беру саласында B2G моделін дамыту.

Байқаудың өту орны

Қазақстан Республикасы

Байқау Жеңімпаздарының жалпы саны

3 (үш) Байқау Жеңімпаздары

Байқау мерзімі

2017 жыл шілде-тамыз

Байқау кезеңдері

1. Байқауды жариялау, өтініштерді жинау.

2. Байқаудың жартылай финалшыларын іріктеу.

3. Байқаудың финалшыларын іріктеу.

4. Жартылай финалшылардың жобаларын Тамыз конференциясында көрмеге қою. Жобалар каталогын шығару.

5. Байқау финалшыларының қазылар алқасына жобаларын таныстыру.

3. Байқауды жүзеге асыру механизмі


3.1. Ұйымдастырушылар баспасөз конференциясын өткізу арқылы бұқаралық ақпарат құралдарына байқаудың басталуы туралы ақпаратты таратады.

3.2. Жобада қатысу үшін өтініштің онлайн формасын толтырып, осы ереженің №1 қосымшасына сәйкес сканерленген құжаттарды тіркеуі қажет. Өтініш формасының үлгісі мен қажетті құжаттар тізімі ұйымдастырушылар мен байқау серіктестерінің ақпараттық ресурстарында орналастырылады.

3.3. Қажет болған жағдайда ұйымдастырушылар өтінішкерден байқауға қатысы бар қосымша ақпаратты сұрауға құқылы.

3.4. Өтініш мен құжаттар пакеті келесі сілтеме бойынша онлайн формада қабылданады - https://docs.google.com/forms/d/1UTlsrW_b-rxrydKH1Y5K5AJwoOq330-SCTPL5EYQkJI/edit?ts=596f5cf8.

3.5. Байқау комиссиясының хатшысы қабылданған өтініштер тізімінің негізінде байқау комиссиясы отырысының күн тәртібін қалыптастырады.

3.6. Байқау комиссиясының мүшелері осы ереженің №3 қосымшасына сәйкес байқаудың орындалуына қатысатыны туралы келісімге қол қояды, содан соң өтініштерді қарастыра отырып, күн тәртібіне енгізілген әрбір өтініш бойынша шешім қабылдайды.

3.7. Қатысушыларды іріктеу бойынша байқау комиссиясының қабылдаған шешімін байқау комиссиясының хатшысы осы ереженің №4 қосымшасына сәйкес хаттамамен бекітеді.

3.8. Өтініштерге баға берген байқау комиссиясының мүшелері хаттамаға қол қояды. Байқау комиссиясының барлық мүшелері байқаудың жартылай финалшыларын іріктейді.

3.9. Байқаудың жартылай финалшылары өздерінің стартап жобаларын байқау комиссиясы мүшелеріне көрсетіп, қорғайды. Байқау комиссиясы мүшелері нәтижесінде финалға 10-нан (он) артық емес финалшыларды іріктеп алады.

3.10. Финалға өту үшін байқау финалшыларын іріктеу презентация мен финалшылардың өз жобаларын қорғау негізінде өтеді (бір презентацияға үш минуттан артық емес және сұрақ-жауаптар сессиясы үшін екі минуттан артық емес). Презентация PowerPoint форматында жасалып (7 слайдтан артық емес), келесі ақпараттардан тұруы қажет:



  • жоба атауы;

  • жобаның мақсаты, міндеттері, жаңалығы және ерекшелігі;

  • мақсатты топ тауарының/жұмысының/қызметінің/т.б. сұранысы;

  • жобаны негізгі бәсекелестермен салыстыру;

  • жобаны жүзеге асыру механизмдерін сипаттау;

  • жобаның тиімділігі;

  • жобаның сандық және сапалық көрсеткіштері;

  • жобаны масштабтау.

3.11. Байқау комиссиясының финалшыларды іріктеу бойынша қабылдаған шешімін байқау комиссиясының хатшысы хаттамамен бекітеді.

3.12. Байқауға қатысушылардың презентацияларына баға берген байқаудың комиссия мүшелері хаттамаға қол қояды. Байқау комиссиясының мүшелері жалпы 10-нан (оннан) артық емес жобаларды іріктеп алады.

3.13. Финал қорытындысында ең жоғары балдарды алған жобалар байқау жеңімпаздары атанады.

3.14. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды марапаттау үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қажетті іс-шараларды өткізеді.


4. Байқауға қатысу шарттары
4.1. Байқауда жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Жобалық топ байқаудың жеке бір қатысушысы ретінде қабылданады.

4.2. Байқау қатысушыларына жас шектеулері қойылмайды.

4.3. Өтінішгер байқаудың шарттары мен өту мерзімі туралы ұйымдастырушылар мен байқау серіктестерінің ақпараттық ресурстары арқылы танысады.

4.4. Байқаудың өту мерзімі ұзартылған жағдайда немесе өзге де өзгерістер енгізілген жағдайда ұйымдастырушылар өздерінің ресми сайттарында қосымша ақпараттарды немесе жаңа шарттарды жариялайды.

4.5. Байқаудың әлеуетті қатысушысы байқауға қатысу өтініші арқылы осы ережемен бекітілген талаптар мен шарттарды қабылдай отырып, байқауға қатысуға өз келісімін білдіреді.

4.6. Өтінішкерлер тарапынан байқауға қатысу ақысыз негізде өтеді.

4.7. 2017 жыл 9 тамыздан кеш қабылданған өтініштер қарастырылмайды.

4.8. Өтініштер рецензияланбайды және қайтарылмайды.


5. Байқаудың өту кезеңдері
5.1. 21 шілде – баспасөз конференциясын өткізу арқылы Байқауды жариялау.

5.2. 21 шілде-9тамыз (қоса алғанда) – байқауға қатысу үшін өтініштерді қабылдау.

5.3. 9-11 тамыз – байқаудың комиссия мүшелерінің өтініштерді қарастыруы.

5.4. 11 тамыз – байқаудың жартылай финалшылар тізімін жариялау.

5.5. 18 тамыз – байқау комиссиясының мүшелерінің 10-нан (он) артық емес жобаларды іріктеуі.

5.6. 19-21 тамыз – байқау финалшыларына консалтинг қызметтерін көрсету. Питч-презентацияға дайындық.

5.7. 22 тамыз – байқаудың финалын өткізу. Қазылар алқасының жеңімпаздарды анықтауы. Байқау жеңімпаздарын марапаттау.
6. Байқауға қатысу өтініштеріне баға беру критерийлері
6.1. Байқау ұйымдастырушылары байқау өтінішкерінің өтініші және/немесе құжаттар пакетінің байқау талаптарына сәйкессіздігі үшін байқауға қатыстырмауға құқылы.

6.2. Байқау қатысушыларының өтініштеріне баға беру критерийлері:



Критерий

Балл

0

1

2

Жобаның сұранысы

жоқ

Жартылай сәйкестік

Толық сәйкестік

Жобаның инновациялығы

жоқ

Жартылай сәйкестік

Толық сәйкестік

Енгізу тиімділігі

жоқ

Жартылай сәйкестік

Толық сәйкестік

Масштабтылығы

жоқ

Жартылай сәйкестік

Толық сәйкестік

6.3. Байқау қатысушысы өтінішіне баға беру критерийі 0-ден (нөл) 2-ге (екі) дейінгі балдармен баға беріледі.

6.4. Балл мөлшері бірдей өтініштер болған жағдайда байқау қатысушыларын анықтау шешімін байқау комиссиясының мүшелері қабылдайды.
7. Байқаудың жартылай финалшыларының презентацияларына баға беру критерийлері
7.1. Байқаудың жартылай финалшыларының презентацияларына баға беру критерийлері:


  • жоба атауы;

  • жобаның мақсаты, міндеттері, жаңалығы мен ерекшелігі;

  • мақсатты топ тауарының/жұмысының/қызметінің/т.б. сұранысы;

  • жобаны негізгі бәсекелестермен салыстыру;

  • жобаны жүзеге асыру механизмдерін сипаттау;

  • жобаның тиімділігі;

  • жобаның сандық және сапалық көрсеткіштері;

  • жобаны масштабтау.

7.2. Байқаудың жартылай финалшыларының бизнес-идеяларына 1-ден (бір) 5-ке (бес) дейінгі балдармен баға беріледі:

1 – көрсетілген материалдар бизнес-идеяны бұл критерий бойынша бағалауға мүмкіндік бермейді;

2 – теріс нәтиже және/немесе критерий жартылай ашылған немесе ашылмаған;

3 – бейтарап нәтиже және/немесе критерий ашылған, бірақ жеткілікті емес, дәлелдеме жеткіліксіз;

4 – жеткіліксіз оң нәтиже және/немеке критерий ашылды және анықталған, бірақ барлық қырларды қамтымайды;

5 – жеткілікті оң нәтиже және/немесе критерий сапалы түрде ашылған және дұрыс түсіндірілген.

7.3. Жалпы финалға ең жоғары балдарды жинаған 10-нан (он) артық емес адам қатыстырылады. Бірдей балдарды жинаған қатысушылар анықталған жағдайда олардың финалда қатысуына қатысты шешімді байқау комиссиясының мүшелері қабылдайды.
8. Байқау финалшыларына баға беру критерийлері
8.1. Байқау финалшыларының бизнес-жоспарларына баға беру критерийлері:


  • жоба атауы;

  • жобаның мақсаты, міндеттері, жаңалығы мен ерекшелігі;

  • мақсатты топ тауарының/жұмысының/қызметінің/т.б. сұранысы;

  • жобаны негізгі бәсекелестермен салыстыру;

  • жобаны жүзеге асыру механизмдерін сипаттау;

  • жобаның тиімділігі;

  • жобаның сандық және сапалық көрсеткіштері;

  • жобаны масштабтау.

8.2. Байқаудың финалшыларының бизнес-жоспарларына 1-ден (бір) 5-ке (бес) дейінгі балдармен баға беріледі:

1 – көрсетілген материалдар бизнес-идеяны бұл критерий бойынша бағалауға мүмкіндік бермейді;

2 – теріс нәтиже және/немесе критерий жартылай ашылған немесе ашылмаған;

3 – бейтарап нәтиже және/немесе критерий ашылған, бірақ жеткілікті емес, дәлелдеме жеткіліксіз;

4 – жеткіліксіз оң нәтиже және/немеке критерий ашылды және анықталған, бірақ барлық қырларды қамтымайды;

5 – жеткілікті оң нәтиже және/немесе критерий сапалы түрде ашылған және дұрыс түсіндірілген.

10.3. Байқаудың финалында бірдей балдарды жинаған қатысушылар анықталған жағдайда жеңімпаздарды анықтауға қатысты шешімді байқау комиссиясының мүшелері қабылдайды.

9. Қорытынды ережелер


12.1. Байқауға қатысты барлық сұрақтар мен ұсыныстар edutech.kz@gmail.com электронды мекенжайы мен 87051599998 телефоны бойынша қабылданады
«EduTech» білім беру саласындағы стартап жобалар байқауы туралы Ережеге №1 Қосымша

«EduTech» білім беру саласындағы стартап жобалар байқауында қатысуға онлайн өтініш

Көрсетілген өтінішті қарап, оны «EduTech» білім беру саласындағы стартап жобалар байқауының қатысушылар тізіміне енгізуді өтінемін


Жоба атауы:




Компания атауы (ЖШС, ЖК, АҚ, ҚБ, ЗТҚ, АҚҰ және т.б.), (бар болған жағдайда куәліктің көшірмесін/анықтаманы қосу):





Өтінішкердің аты-жөні (толық):





Жобалық топтың құрамы (бар болған жағдайда жобалық топтың барлық мүшелерінің аты-жөндерін (толық), туылған күндерін көрсету):





Жобаның/өтінішкердің мекенжайы (нақты):





Өтінішкердің байланыс телефоны(үй):





Өтінішкердің байланыс телефоны(ұялы):





Сайт, жобаның әл. желілеріне сілтеме, E-mail:





Қызмет түрі: (өндіріс, сауда, қызметтер, өнімдер, т.б.):

Жоба атауы (DigitalEd, Әдістеме, Hardware)







Жобаның/компанияның қызмет ету ұзақтығы (бар болған жағдайда):





Жобаның негізгі мәні

(400 сөзден артық емес):






Инновациалығы(200 сөзден артық емес):





Жобаның әлеуметтік мәні:





Жобаны енгізу тиімділігі:





Мақсатты топ, клиенттер, сұранысы:





Жобаны негізгі бәсекелестермен салыстыру




Масштабтау мүмкіндігі




Өзге сандық/сапалық көрсеткіштер:




Қосымша ақпараттар (жетістіктер, өткен қиыншылықтар, жобаны жүзеге асырудағы жеке мақсаты (200 сөзден артық емес)):





Көрсетілген өтінішке байқау ұйымдастырушыларының жеке мәліметтерді жинап, өңдеу үшін тұлғаны/тұлғаларды куәландыратын құжаттардың көшірмесін/көшірмелерін және өтінішкердің/жобалық топ мүшелерінің түйіндемесін, жобаның суреттері мен компания туралы ақпараттарды (жобалар каталогы үшін) осы өтініштің №1 қосымшасына сәйкес тіркеймін.

Мен байқау туралы ережеде көрсетілген байқау шарттарымен танысқанымды және келіскенімді дәлелдеймін.

Мен осы өтініштегі барлық көрсетілген ақпараттардың өтініш беру мерзіміндегі дұрыстығы мен растығын дәлелдеймін.

Мен байқаудың жартылай финалшыларын, финалшыларды және жеңімпаздарды анықтау бойынша байқау комиссиясы мен қазылар алқасының шешімінің түпкілікті екеніне келісімімді білдіремін.

Өтінішкердің аты-жөні (толық): ________________________________________________

Өтініштерге баға беру Хаттамасы

Астана қ. «__» ___________ 2017ж.




Р/б



Жоба атауы

Өтінішкердің аты-жөні

Критерий 1

Критерий 2

Критерий 3

Критерий 4

Шешім

1






















2






















3





















БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ:

1. __________________________ Аты-жөні.

2. __________________________ Аты-жөні.

3. __________________________ Аты-жөні.

4. __________________________ Аты-жөні.

5. __________________________ Аты-жөні.

6. __________________________ Аты-жөні.

7. __________________________ Аты-жөні.

Байқау қатысушыларының презентациясына баға беру Хаттамасы

Астана қ. «__» ___________ 20170ж.


Р/б№

Жоба атауы

Өтінішкердің аты-жөні

1 Критерий

2 Критерий

3 Критерий

4 Критерий

5 Критерий

6 Критерий

7 Критерий

8 Критерий

Шешім

1


































2

































Байқау комиссиясының мүшелері:

1. __________________________ Аты-жөні.

2. __________________________ Аты-жөні.

3. __________________________ Аты-жөні.

4. __________________________ Аты-жөні.

5. __________________________ Аты-жөні.

6. __________________________ Аты-жөні.

7. __________________________ Аты-жөні.

Финал Хаттамасы

Астана қ. «__» ___________ 2017ж.


Р/б №

Жоба атауы

Өтінішкердің аты-жөні

1 Критерий

2 Критерий

3 Критерий

4 Критерий

5 Критерий

6 Критерий

7 Критерий

8 Критерий

Шешім

1


































2

































Қазылар алқасының шешімі:


Бірінші орын– Стартап жоба _____________________________, автор/авторлары___________________________

Екінші орын – Стартап жоба _____________________________, автор/авторлары___________________________

Үшінші орын – Стартап жоба _____________________________, автор/авторлары___________________________

Қазылар алқасының мүшесі:

1. __________________________ Аты-жөні.

2. __________________________ Аты-жөні.



3. __________________________ Аты-жөні.



Каталог: upload -> Files -> dokumenty
dokumenty -> Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы
dokumenty -> Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
dokumenty -> Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы
dokumenty -> Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы
dokumenty -> Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы
dokumenty -> Бала құқықтары туралы конвенцияға балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты Факультативтiк хаттаманың ережелерiн жүзеге асыру жөнiнде Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы баяндаманы бекiту туралы
dokumenty -> Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы
dokumenty -> Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарын бекiту туралы
dokumenty -> "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет