Қазақстан республикасындағы кәсіптік травматизмді есепке алу мәселелері домбаева1



Дата12.07.2017
өлшемі28.6 Kb.
#32147
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПТІК ТРАВМАТИЗМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Домбаева1, ученое звание, ученая степень, И.О. Фамилия2, (авторам, имеющих ученое звание, ученую степень, указывать их в обязательном порядке)

1Название отдела (кафедры), Название факультета, Название ВУЗа или научного учреждения, адрес ВУЗа (улица, индекс, город, республика, e-mail: )
Кілт сөздер: жарақат, еңбек, өндіріс, медициналық көмек, кәсіптік аурулар
Кіріспе. Өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулар елеулі әлеуметтік проблема бола отырып, қомақты экономикалық шығынға әкелуде. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) мәліметтеріне сай әлемде жыл сайын шамамен 50 миллион кәсіптік оқыс оқиғалар тіркеледі, ал тәулікке алып қарастыратын болсақ орта есеппен 160 мың жағдай болып отыр. Әлемде өндірістік жарақат нәтижесінде жыл сайын шамамен 100 мың адам көз жұмады, ал жүздеген адамдар мүгедектік әлеуметтік мәртебесін алуда. Ең индустриалды дамыған елдердің ішінде жұмыс орнымен байланысты жазатайым оқиғалар, басқа ереуіл мен еңбек демалысы бойынша жоғалған уақыттан асып түсіп отыр. Кейбір шетелдік сарапшылардың пікірінше, өндірістегі жазатайым оқиғалардың нәтижесінде жұмсалған қаржылық шығындар, ұлттық қорғаныс жөніндегі мемлекеттік шығыстардың мөлшерімен тең келіп отыр. Жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулар тек қана экономикалық шығындарды өтеу қаржысынан тұрмайды, бұл өндірістің жоспарларын немесе өнім өндірудің кемуі, ғимараттар мен жабдықтардың зақымдануына кеткен шығындарды да қосады. Кейбір жазатайым оқиғалар мемлекетке елеулі әлеуметтік және экологиялық әсер етеді және бұл адам өмірінің бір орны толмас шығыны болып табылады [1].

Зерттеу мақсаты: Кәсіптік травматизм тіркелу кезіндегі мәселелерді анықтап, шешу жолдарын қарастыру.

Зерттеу материалы мен әдісі: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен кәсіптік травматизм бойынша деректер базасы қолданылып, BioStat 2009 бағдарламасы бойынша өңделді.

Зерттеу нәтижесі мен талқылау: Қазақстан Республикасы бойынша қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, кәсіби аурулар мен олардың салдарынан болатын сырқаттанушылық пен өндірістік өнім көлемінің азаюын болдырмау және ілеспелі экономикалық шығындарды уақытылы жауып отыру өте өткір проблема болып отыр. Осылайша, ҚР Еңбек кодексінде, өндірістегі жазатайым оқиғалардың және кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің (қайтыс болған болса отбасы мүшелерін) заңды мүдделерін қорғау мақсатында еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жауапты тұлғаларды идентификациялау және жұмыста жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды тергеп-тексеруге, сонымен қатар кәсіптік травматизмді тіркеу қажеттілігін, сондай-ақ өндірістік жарақат себептерін шешу үшін іс-шараларды дамыту басты мақсаты болып табылады.

№1 диаграммаға сәйкес Қарағанды және ШҚО-да кәсіптік травматизмнің көп тіркелгендігін көріп отырмыз, алайда екі облыс бойыншада тұрақты түрде төмендеу тіркелген.



Экономикалық даму тетіктері болып табылатын ОҚО және Алматы облыстарын тиісінше кәсіптік травматизм көрсеткіштері жоғарыда аталып өткен екі облыспен салыстырғанда төмен жағдайда. Бұл осы аумақтың өндірістік аймақтарының жоғары технологияландырылғандығы мен де байланысты болуы мүмкін, не болмаса көп жағдайда кәсіпорындық медициналық бөлімшелер травманы есепке алмау жағдайларының тіркелуіне де тәуелді.

Қорытынды: Мемлекеттік қадағалау және Республикалық еңбек инспекциясы арқылы жұмыстағы жазатайым оқиғаларды тергеу және тіркеу үшін белгіленген тәртіппен сақталуын бақылау маңызды болып табылады. Осылайша, кәсіптік травматизді тiркеудi жүзеге асыру, бірінші кезекте өз міндеттерін тиісті түрде арқаратын органдар мен тұлғалардың өз еңбектерін адал атқаруына тікелей байланысты. Зерттеу бойынша Қарағанды мен ШҚО әлі де болса кәсіпорындық травматизмнің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу керектігі анықталды.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Иванов В. Если работа вредна и опасна // Закон. 2003. № 5. С. 29.

  2. Ананьева Г. Несчастный случай на производстве. По своим правилам // Трудовые отношения. 2009. № 1. С.38.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет