ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПТІК ТРАВМАТИЗМДІ ЕСЕПКЕ АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Домбаева Ф.М., Жиенқұлова Г.Е., Алипбекова С. - 1 курс магистранты, Байконсова Л.О.- 2 курс, магистрант. Ғылыми жетекші: Токкулиева Б.Б.,-м.ғ.к., доцент м.а.
«Қоғамдық денсаулық сақтау -1» кафедрасы, Қоғамдық денсаулық сақтау, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы
Кілт сөздер: жарақат, еңбек, өндіріс, медициналық көмек, кәсіптік аурулар
Кіріспе. Өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулар елеулі әлеуметтік проблема бола отырып, қомақты экономикалық шығынға әкелуде. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) мәліметтеріне сай әлемде жыл сайын шамамен 50 миллион кәсіптік оқыс оқиғалар тіркеледі, ал тәулікке алып қарастыратын болсақ орта есеппен 160 мың жағдай болып отыр. Әлемде өндірістік жарақат нәтижесінде жыл сайын шамамен 100 мың адам көз жұмады, ал жүздеген адамдар мүгедектік әлеуметтік мәртебесін алуда. Ең индустриалды дамыған елдердің ішінде жұмыс орнымен байланысты жазатайым оқиғалар, басқа ереуіл мен еңбек демалысы бойынша жоғалған уақыттан асып түсіп отыр. Кейбір шетелдік сарапшылардың пікірінше, өндірістегі жазатайым оқиғалардың нәтижесінде жұмсалған қаржылық шығындар, ұлттық қорғаныс жөніндегі мемлекеттік шығыстардың мөлшерімен тең келіп отыр. Жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулар тек қана экономикалық шығындарды өтеу қаржысынан тұрмайды, бұл өндірістің жоспарларын немесе өнім өндірудің кемуі, ғимараттар мен жабдықтардың зақымданына кеткен шығындарды да қосады. Кейбір жазатайым оқиғалар мемлекетке елеулі әлеуметтік және экологиялық әсер етеді және бұл адам өмірінің бір орны толмас шығыны болып табылады [1.2].
Зерттеу мақсаты: Кәсіптік травматизм тіркелу кезіндегі мәселелерді анықтап, шешу жолдарын қарастыру.
Зерттеу материалы мен әдісі: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен кәсіптік травматизм бойынша деректер базасы қолданылып, BioStat 2009 бағдарламасы бойынша өңделді.
Зерттеу нәтижесі мен талқылау: Қазақстан Республикасы бойынша қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, кәсіби аурулар мен олардың салдарынан болатын сырқаттанушылық пен өндірістік өнім көлемінің азаюын болдырмау және ілеспелі экономикалық шығындарды уақытылы жауып отыру өте өткір проблема болып отыр.
1
Диаграмма - 2003-2013 жж. Аралығындағы ҚР бойынша кәсіптік травматизм көрсеткіші.
Осылайша, ҚР Еңбек кодексінде, өндірістегі жазатайым оқиғалардың және кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің (қайтыс болған болса отбасы мүшелерін) заңды мүдделерін қорғау мақсатында еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жауапты тұлғаларды идентификациялау және жұмыста жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды тергеп-тексеруге, сонымен қатар кәсіптік травматизмді тіркеу қажеттілігін, сондай-ақ өндірістік жарақат себептерін шешу үшін іс-шараларды дамыту басты мақсаты болып табылады.
№1 диаграммаға сәйкес Қарағанды және ШҚО-да кәсіптік травматизмнің көп тіркелгендігін көріп отырмыз, алайды екі облыс бойыншада тұрақты түрде төмендеу тіркелген.
Экономикалық даму тетіктері болып табылатын ОҚО және Алматы облыстарын тиісінше кәсіптік травматизм көрсеткіштері жоғарыда аталып өткен екі облыспен салыстырғанда төмен жағдайда. Бұл осы аумақтың өндірістік аймақтарының жоғары технологияландырылғандығы мен де байланысты болуы мүмкін, не болмаса көп жағдайда кәсіпорындық медициналық бөлімшелер травманы есепке алмау жағдайларының тіркелуіне де тәуелді.
Қорытынды: Мемлекеттік қадағалау және Республикалық еңбек инспекциясы арқылы жұмыстағы жазатайым оқиғаларды тергеу және тіркеу үшін белгіленген тәртіппен сақталуын бақылау маңызды болып табылады. Осылайша, кәсіптік травматизді тiркеудi жүзеге асыру, бірінші кезекте өз міндеттерін тиісті түрде арқаратын органдар мен тұлғалардың өз еңбектерін адал атқаруына тікелей байланысты. Зерттеу бойынша Қарағанды мен ШҚО әлі де болса кәсіпорындық травматизмнің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу керектігі анықталды.
Әдебиеттер
Иванов В. Если работа вредна и опасна // Закон. 2003. № 5. С. 29.
Ананьева Г. Несчастный случай на производстве. По своим правилам // Трудовые отношения. 2009. № 1. С.38.
Достарыңызбен бөлісу: |