Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы



бет1/6
Дата22.12.2017
өлшемі0.56 Mb.
#50870
  1   2   3   4   5   6





Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8275 тіркелді

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.12.2015 № 676 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1.Мыналар:



      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары;



      2) алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2016 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бекітілсін.



      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2014 № 479 (алғашқы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысққа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2016 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):



      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;



      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.



      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.



      4. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                        Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы    

Білім және ғылым министрінің


2012 жылғы 20 желтоқсандағы


№ 557 бұйрығына 1-қосымша 

1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие

мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2016 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





Білім беру салалары/ Ұйымдастырылған оқу қызметі

Жас тобы

Ерте жас тобы (1-2 жастағы балалар)

І кіші топ (2-3 жастағы балалар)

ІІ кіші топ (3-4 жастағы балалар)

Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар)

Мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы (5-6 жастағы балалар)

Жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы (6-7 жастағы балалар)

1

«Денсаулық»

3

3

3

3

3

3






Дене шынықтыру

3

3

3

3

2,5

2,5






Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

-

-

-

-

0,5

0,5

2

«Коммуникация»

1

1

2

2,5

5

6,5






Сөйлеуді дамыту

0,5

0,5

1

1

1

1

Көркем әдебиет

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

Сауат ашу негіздері

-

-

-

-

1

1,5

Қазақ (орыс тілінде оқытылатын топтарда)

Орыс (қазақ тілінде оқытатын топтарда)


-

-

0,5

0,5

1

2

Шет тілдерінің бірі

-

-

-

-

1

1






Драма

-

-

-

0,5

0,5

0,5

3

«Таным»

1

2

2,5

2,5

2,5

3,5






Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

-

-

1

1

1

2

Сенсорика

0,5

0,5

-

-

-

-

Құрастыру

-

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

Жаратылыстану

0,5

1

1

1

1

1

4

«Шығармашылық»

2

3

3

3,5

5

5






Сурет салу

0,5

1

1

1

1

1

Мүсіндеу

0,5

0,25

0,25

0,5

1

1

Аппликация

-

0,25

0,25

0,5

1

1

Музыка

1

1,5

1,5

1,5

2

2

5

«Әлеумет»

-

-

0,5

0,5

1,5

2






Өзін-өзі тану

-

-

-

-

1

1






Қоршаған ортамен танысу

-

-

0,25

0,25

0,25

0,5






Экология негіздері






-

0,25

0,25

0,25

0,5

6

Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы

7-15 мин.

15-20 мин.

25-30 мин.

7

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы көлемі

7

9

11

12

17

20

8

Вариативтік компонент*

-

-

1

2

3

4

9

Барлығы

7

9

12

14

20

24

Каталог: upload -> Files -> dokumenty
dokumenty -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің
dokumenty -> Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
dokumenty -> Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы
dokumenty -> Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы
dokumenty -> Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы
dokumenty -> Бала құқықтары туралы конвенцияға балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты Факультативтiк хаттаманың ережелерiн жүзеге асыру жөнiнде Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы баяндаманы бекiту туралы
dokumenty -> Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы
dokumenty -> Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарын бекiту туралы
dokumenty -> "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет