Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары



Дата04.12.2017
өлшемі227.91 Kb.





Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы

№ бұйрығына


қосымша

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы

№ 30 бұйрығына

1-қосымша



Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары



1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – тауар өндірушілер), өзге жеке және заңды тұлғаларға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат және іс-шаралар шегінде және есебінен бюджеттік субсидиялар (бұдан әрі – субсидиялар) беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аналық бас – табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын, жыныстық жағынан жетілген (мал шаруашылығы бойынша: асыл тұқымды жануарлар 15 айдан бастап, тауарлық жануарлар 18 айдан бастап, қой шаруашылығы бойынша 12 айдан бастап, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы) бойынша 36 айдан бастап), жануарлардың ұрғашы дарақтарының басы;

2) қоғамдық табын – жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған ірі қара мал табыны;

3) сатып алынған асыл тұқымды жануарларды мақсатты пайдалану – сатып алынған және субсидияланған асыл тұқымды жануарларды осы Қағидаларда көрсетілген жағдайларда және мерзімдерде өсімін молайту мақсатында пайдалану;

4) тауарлық табын – ірі қара малдың/қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді жүзеге асыратын шаруашылықтың немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің мал басынан қалыптастырылған ірі қара мал/қой табыны;

5) тұқымдық түрлендіру – өсімін молайтуда асыл тұқымды тұқымдық жануарларды пайдалану жолымен аналық бастың тұқымдық және өнімділік сапаларын жақсарту;

6) шағылыстыру маусымы – ауыл шаруашылығы жануарларының өсімін молайту кезеңі (ірі қара мал үшін күнтізбелік жылдың 1 мамырынан 1 қазанына дейін (қоса есептегенде), қойлар және маралдар (бұғылар) үшін 1 қыркүйегінен 1 желтоқсанына дейін (қоса есептегенде);

7) ірі қара малдың/қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативі – ауылдағы және/немесе ауылдық округтегі жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан табын/отар қалыптастырған, ірі қара малдың/ қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативі.

3. Субсидиялауға жататын бағыттар:

1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

ірі қара малдың, қойлардың, ешкілердің, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен, сондай-ақ балараның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізуге жұмсалған шығындарды арзандату;

отандық және шетелдік шаруашылықтардан асыл тұқымды ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, шошқа, түйе, марал (бұғы) төлін сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;

отандық және шетелдік шаруашылықтардан ет және жұмыртқа бағытындағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;

жеке және заңды тұлғалардың табынның өсімін молайтуға пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағуға жұмсалған шығындарын арзандату;

асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың және қойдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге жұмсалған шығындарын 100 %-ға дейін өтеу.

асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтардың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын сақтау және қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдық сатып алуға жұмсалған шығындарын 50 %-ға дейін өтеу;

2) мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға:

бұқашықтарды бордақылау, қозы етін, шошқа етiн, жылқы етiн, түйе етін, құс етiн (бройлер тауығының етін, күрке тауықтың етін, суда жүзетін құс етін), тағамдық жұмыртқа (тауық және бөдене жұмыртқасы), сүт (сиыр, бие, түйе, ешкі сүті), биязы жүн және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату;

құрамажем өндіретін зауыттар өндірген және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне өткізілген құрамажем құнын арзандату;

ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату.

4. Субсидиялар нормативтері осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын 50 %-ға дейін арзандату бағыты бойынша өлшемшарттар мен талаптар, субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері мен көлемдері (бұдан әрі – субсидиялау нормативтері мен көлемдері) нөмірленеді, тігіледі, мөрмен бекемделеді және оны екі данада облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Облыс басқармасы), Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі – Қала басқармасы) облыс, Астана және Алматы қалалары әкімі, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам қол қойған ілеспе хатпен тиісті жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) мақұлдауға береді.

Министрлік ұсынылған субсидиялау нормативтері мен көлемдерін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар индикаторларына сәйкестігін қарайды.

Нәтиже оң болған жағдайда, Министрлік субсидиялау нормативтері мен көлемдерінің бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей кері қайтарады.

Нәтиже теріс болған жағдайда, Министрлік уәжді негіздемесі бар хатпен субсидиялау нормативтері мен көлемдерінің екі данасын да тиісті жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей кері қайтарады.

Пысықталған субсидиялау нормативтері мен көлемдері екі данада облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, олар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқарушы адамдардың қолы қойылған ілеспе хатпен Министрлікке қайта келісуге тиісті жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей беріледі.

Министрлік мақұлданған субсидиялау нормативтері мен көлемдерінің бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей кері қайтарады.


Субсидиялау нормативтері мен көлемдері осы Қағидалар күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде және одан кейін жыл сайын 5 ақпаннан кешіктірілмей, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

Қаулы қабылданғаннан кейін облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдігі екі жұмыс күні ішінде оны өз ресми интернет-ресурсына орналастырады.

Қаулы интернет-ресурста орналастырылғаннан кейін, Министрлік субсидиялау нормативтері мен көлемдерін олардың бұрын мақұлданған субсидиялау нормативтері мен көлемдеріне сәйкес келуі тұрғысынан салыстырып тексереді. Сәйкессіздік анықталған жағдайда, Министрлік субсидиялау нормативтері мен көлемдерінің мақұлданған нұсқасына сәйкестендіру үшін облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдігін хабардар етеді.

6. Мыналар субсидиялауға жатпайды:

1) осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келмейтін тауар өндірушілердің жануарлары мен мал шаруашылығы өнімдері;

2) шағылыстыру маусымы бойында өсімін молайтуда пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаған және зоотехникалық нормативтерге (шағылыстыру контингентінің отыз басына кемінде бір бұқа/қошқар, бір бұқаны/қошқарды қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау) сәйкес бұрын тұқымдық түрлендіруде пайдаланылмаған асыл тұқымды тұқымдық бұқалармен (асыл тұқымды тұқымдық қошқарлармен) алмастырған жағдайда, шаруашылықтың ірі қара малының/қойларының барлық аналық басы;

3) субсидия алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) берген сәтте селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың бірыңғай ақпараттық базасында (бұдан әрі – АТЖ) және ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқорда (бұдан әрі – АЖС) тіркелген жануарлар басы санында алшақтықтары (жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерінің, жынысының, тұқымының, туған күнінің және бұқаларды піштіру туралы деректердің сәйкес келмеуі) бар шаруашылықтардың ірі қара малының/қойларының аналық басымен жүргізілетін селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс;

4) бұрын сатып алу кезінде құнын арзандатуға субсидияланған, сондай-ақ айырбас бойынша өзара есеп айырысу есебіне сатып алынған немесе өсімін молайту мақсатында пайдаланылмайтын асыл тұқымды ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе, шошқа, марал (бұғы) және асыл тұқымды тәуліктік балапандар сатып алуға жұмсалған шығындарды арзандату;

5) селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа қатысатын, ағымдағы шағылыстыру маусымында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу бағыты бойынша ағымдағы жылы субсидияланған жануарлар және балара ұялары (осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген қосымша норматив (бұдан әрі – қосымша норматив) бойынша өтінім берген кездегі ірі қара малды қоспағанда);

6) көрсетілген бағыт бойынша ағымдағы жылы субсидияланған, қоғамдық және тауарлы табындарда өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқалар;

7) тауар өндiрушiлер ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоспағанда, басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардан одан әрi қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшiн сатып алған мал шаруашылығы өнімі;

8) тауар өндірушілер айырбас бойынша, өзара есеп айырысу шотына өткізген немесе бұрын субсидияланған мал шаруашылығы өнімі;

9) жеке аулада сойылған, сондай-ақ қайта өңдеуші кәсiпорындарда бастапқы қайта өңдеуден өтпеген мал шаруашылығы өнімі;

10) тауар өндірушілер жануарларды мәжбүрлi санитариялық сою нәтижесiнде алған мал шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ белгілі бір жануар түрі бойынша аса қауіпті және инфекциялық аурулар бойынша карантиндiк iс-шаралардың қолданылу кезеңiндегі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімдері мен бастары;

11) етті құс шаруашылығының жанама өнімдері – аяқтары, бастары, ішкі органдары;

12) жұмыртқа ұнтағын өндіру үшін өткізілген және (немесе) берілген тағамдық жұмыртқа.

7. Субсидиялар тауар өндірушілерге, өзге де жеке және заңды тұлғаларға бағыттардың мынадай басымдықтарына сәйкес төленеді:

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

ірі қара малдың және қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу;

асыл тұқымды ірі қара мал және қой сатып алу;

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың қалған бағыттары;

мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға:

ауыл шаруашылығы кооперативінің бұқашықтарды бордақылауы және сүт өндіруі;

сүт (сиыр, бие, түйе, ешкі сүті) өндірісінің құнын арзандату;

құс еті өндірісінің құнын арзандату;

бұқашықтарды бордақылау құнын арзандату;

қозы еті өндірісінің құнын арзандату;

құрамажем құнын арзандату;

биязы және жартылай биязы жүн өндірісінің құнын арзандату;

шошқа еті өндірісінің құнын арзандату;

жылқы еті өндірісінің құнын арзандату;

түйе еті өндірісінің құнын арзандату;

тағамдық жұмыртқа (тауық және бөдене жұмыртқасы) өндірісінің құнын арзандату;

Бір немесе бірнеше бағыт бойынша қаражат қалып қойған жағдайда, субсидиялар субсидиялау бағытының басымдығына сәйкес қайта бөлінеді.

8. Жыл сайын тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) өтінімдерді қабылдауды бастауға дейін күнтізбелік бес күннен кеш емес мерзімде аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігінің интернет-ресурсында субсидиялауға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады. Өтінімдерді қабылдау
20 қаңтардан басталады.

Тауар өндірушілердің, жеке және заңды тұлғалардың субсидиялар алуының қажетті талабы өтінім берген сәтте осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген өлшемшарттарға және талаптарға сәйкес келу болып табылады.

9. Субсидиялар:

1) селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған ірі қара малдың аналық басы үшін – осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген субсидиялаудың базалық нормативі бойынша және төлдің шығу көрсеткішін ескере отырып, нақты төл алынған ірі қара малдың аналық басы үшін – осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген субсидиялаудың қосымша нормативі бойынша;

2) селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған қойлардың, ешкілердің, маралдардың аналық басы және балара ұясы үшін;

3) сатып алынған асыл тұқымды мал басы және ата-енелік/ата-тектік нысандағы ет және жұмыртқа бағытындағы құстардың асыл тұқымды тәуліктік балапаны үшін;

4) ірі қара мал мен қойлардың қолдан ұрықтандырылған нақты аналық басы үшін;

5) табынның өсімін молайтуда пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаның басы үшін;

6) союға немесе бордақылау алаңдарына (1000 мал орнынан бастап) өткізілген немесе есепке алу нөмірлері бар етті қайта өңдеу кәсіпорындарында, сою пункттеріне және тоңазытқыш жабдығы бар сою алаңдарында қайта өңделген бұқашық пен қозының басы үшін;

7) есепке алу нөмірлері бар етті қайта өңдеуші кәсіпорындарға, сою пункттеріне өткізілген немесе сонда қайта өңделген құс етінің, шошқа етінің, жылқы етінің, түйе етінің бір килограмы үшін және есепке алу нөмірлері бар қайта өңдеуші кәсіпорындарға (цехтарға) өткізілген немесе сонда қайта өңделген сүттің, биязы және жартылай биязы жүннің бір килограмы үшін;

8) өткізілген тағамдық жұмыртқа бірлігі үшін;

9) өткізілген құрама жемнің бір тоннасы үшін төленеді.

10. Бұрын мақұлданған, бірақ қаржыландырылмаған немесе ішінара қаржыландырылған өтінімдерді қоса алғанда, басым бағыттардың бірі бойынша өтінімдерді толық көлемде қанағаттандыру үшін қаражат жетіспеген жағдайда, Облыс басқармасы, Қала басқармасы жетіспеген қаражатты басымдығы төмен бағыттар бойынша игерілмеген қаражат болған жағдайда, осы бағыттардан қайта бөледі.

Қаражат қалдығы берілген өтінімдердегі тиесілі субсидиялардың көлемдеріне сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді. Тауар өндірушіге тиесілі субсидиялардың төленбеген қалдығы оған келесі айдың (лардың)/жылдың қаражатынан олар бар болған жағдайда, бағыттардың басымдылығын ескере отырып, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің субсидиялау бағыты жөніндегі қаулысымен бекітілген көлемдер шегінде төленетін болады.

11. Субсидиялау бағыттары арасындағы сомалар өзгерген жағдайда, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің қаулысына осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген тәртіппен тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

12. Облыс басқармасы, Қала басқармасы ай сайын тауар өндірушілердің, жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін қарау нәтижелері туралы ақпаратты облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің интернет-ресурсының арнайы бөлімінде жариялайды.

Облыс басқармасы, Қала басқармасы Министрлікке ай сайын, есепті жылдың айдан кейінгі айдың бесіне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға
4-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес
2-нысан бойынша бюджет қаражатын игеру жөніндегі есепті жолдайды.

13. Министрлік облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға арналған субсидиялауды іске асыруына мониторинг жүргізеді. Мониторинг қорытындылары бойынша Министрлік облыс, Астана және Алматы қалалары әкімінің атына ұсыныс енгізеді.


2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша субсидиялар алу тәртібі


14. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша тауар өндірушілер тиісті негіздердің туындауына қарай, Бөлімге АТЖ арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімдер жолдайды.

Тауар өндірушілер негіздер туындаған сәттен бастап (тауар өндіруші осы Қағидалардың өлшемшарттары мен талаптарына сәйкес келген сәттен бастап) он екі айдан аспаған өтінімдерді береді.

15. Бөлім екі жұмыс күні ішінде өтінімді көрсетілетін деректердің толықтығына, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады. Бөлім көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша АТЖ және АЖС деректерін салыстырып тексеруді басып шығарады.

Тауар өндірушілер Қағидалардың 16-тармағында көрсетілмеген бағыттар бойынша өтінімдер берген жағдайда, Бөлім өтінімді көрсетілген деректердің толықтығына, сондай-ақ, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады.

Көрсетілген деректердің толық еместігі және/немесе осы Қағидаларға
2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда, өтінім көрсетілген мерзім ішінде АТЖ арқылы барлық сәйкессіздіктердің уәжді негіздемесімен бірге тауар өндірушілерге қайтарылады.

Тауар өндірушілер түзетілген сәйкессіздіктерді ескере отырып, өтінімді қайта енгізе алады.

16. Құрамында Бөлім маманы бар жұмыс тобы тиісті ауылдық округ әкімдігінің маманы мен ветеринар дәрігері асыл тұқымды жануарларды сатып алу, тұқымдық түрленумен қамтылған асыл тұқымды ірі қара мал мен қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу, өсімді молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті, сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу секілді субсидиялау бағыттары бойынша өтінім келіп түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігін салыстырып тексеру үшін шаруашылыққа барады. Жұмыс тобының құрамы Бөлім бұйрығымен бекітіледі.

Шығу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша салыстырып тексеру актісі жасалады, оның түпнұсқасы осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген мерзімдерде Бөлімде сақталады.

Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келмеу анықталған жағдайда, өтінім көрсетілген мерзім ішінде АТЖ арқылы барлық сәйкессіздіктердің уәжді негіздемесімен бірге тауар өндірушілерге қайтарылады.

Тауар өндіруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келген жағдайда, Бөлім көрсетілген мерзім ішінде өтінімді АТЖ арқылы салыстырып тексеру актісінің электрондық көшірмесін қоса бере отырып, Облыс басқармасына жолдайды.

Облыс басқармасы, Қала басқармасы өтінім түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін деректердің толықтығын тексереді және сәйкес келген жағдайда, тауар өндірушіге АТЖ арқылы өтінімнің мақұлданғаны туралы хабарлама жолдайды.

Көрсетілген деректердің толық еместігі және салыстырып тексеру актісінің қате жасалғаны анықталса, өтінім көрсетілген мерзім ішінде АТЖ арқылы барлық сәйкессіздіктердің уәжді негіздемесімен бірге Бөлімге пысықтауға қайтарылады.

Салыстырып тексеру актісі қате жасалуы себебінен қайтарылған жағдайда, Бөлім бір күн ішінде Басқармаға АТЖ арқылы пысықталған актіні енгізеді. Өтінімдегі деректердің толық еместігі себебі бойынша қайтарылған жағдайда, Бөлім өтінімді АТЖ арқылы барлық сәйкессіздіктердің уәжді негіздемесімен бірге тауар өндірушілерге қайтарады.

Тауар өндірушілер түзетілген сәйкессіздіктерді ескере отырып, өтінімді қайта енгізе алады.

17. Облыс басқармасы, Қала басқармасы өтінімді мақұлдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде бағыттардың басымдығын, сондай-ақ өтінімдердің келіп түсу хронологиясын ескере отырып, осы Қағидаларға
7-қосымшаға сәйкес облыс, қала бойынша жиынтық акт қалыптастырады және ол ақы төлеуге жолданады.

18. Тауар өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Облыс басқармасы, Қала басқармасы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарын екі жұмыс күні ішінде беру арқылы жүзеге асырады.

19. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыттары бойынша алынған субсидиялар туралы мәліметтерді Облыс басқармасы, Қала басқармасы тауар өндірушілерге субсидия төленген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде АТЖ-ға енгізеді.

20. Тауар өндірушілер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім бергенге дейін, көрсетілген субсидиялау бағыттары бойынша АТЖ-ға екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық почта операторының ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы анықтамасының электрондық көшірмесін орналастырады (жылына бір рет немесе банктік шот ауысқан жағдайда беріледі), сондай-ақ мынадай тиісті құжаттарды ресімдейді:

1) асыл тұқымды ірі қара мал, асыл тұқымды қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар мен маралдар, ата-енелік/ата-тектік нысандағы құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алған жағдайда – осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 3 нысан бойынша жануарларды және/немесе құстарды кіріске алу актісі;

2) жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған қоғамдық табында өсімді молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-баққан жағдайда – осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған қоғамдық табында етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын бекітіп беру және пайдалану бойынша мал иелері болып табылатын елді мекен тұрғындары жиынының шешімі. Тұрғындар жиыны өткен соң тауар өндіруші тұрғындар жиынының аталған шешімін Бөлімге енгізеді (көшірмесі АТЖ-ға орналастырылады). Бөлім тұрғындар жиынының шешімінде көрсетілген деректерге сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекітіп бере отырып, АТЖ-да қоғамдық табын қалыптастырады;

3) жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың/қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды жүзеге асырған жағдайда – осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша ірі қара малдың/қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру туралы акт және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша ірі қара малдың ұрықтандырылған аналық басын буаздыққа зерттеп қарау актісі.

21. Тауар өндірушілер базалық норматив бойынша тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидия алу үшін ағымдағы жылдың


1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етеді және осы Қағидалардың 14-тармағында айқындалған мерзімдерде АТЖ арқылы өтінім береді.

Қосымша норматив бойынша ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басымен және тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидия алуға арналған өтінімдер күнтізбелік жылда бір рет, бірақ ағымдағы жылдың 20 қарашасынан кешіктірілмей беріледі. Бұзаулардың шығу пайызы мынадай формуламен есептеледі:

В=Т/К*100, мұнда:

В – өтінім берген күнге төлдердің шығу пайызы;

Т – өтінім берген күнге дейінгі соңғы он екі ай ішінде соңғы төлдегенде сиырлардан (сиыр – төлдеген аналық бас немесе 36 айдан үлкен аналық бас) алынған бұзаулардың саны;

К – өтінім берген күнге сиырлардың (сиыр – төлдеген аналық бас немесе 36 айдан үлкен аналық бас) саны.

Тауар өндірушілер қойлардың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алу үшін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етеді және осы Қағидалардың
14-тармағында айқындалған мерзімдерде АТЖ арқылы өтінім береді.

Тауар өндіруші асыл тұқымды ірі қара малды төлемін кейінге қалдыра отырып (ішінара төлей отырып), кредитке немесе лизингке сатып алған жағдайда, бюджеттік қаражатты өтінімде көрсетілетін сатушының, кредит берушінің немесе лизинг берушінің есебіне аударуға жол беріледі.

Жеке және заңды тұлғалар табынның өсімін молайту үшін асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға субсидиялар алу үшін ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етеді және осы Қағидалардың 14-тармағында айқындалған мерзімдерде АТЖ арқылы өтінім береді.


3-тарау. Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыты бойынша субсидиялар алу тәртібі


22. Тауар өндірушілер мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыты бойынша тиісті негіздердің туындауына қарай Бөлімге екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық почта операторының ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы анықтамасын (жылына бір рет немесе банктік шот ауысқан жағдайда беріледі) қоса беріп отырып, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялауға жататын нақты көлемдерге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер ұсынады.

23. Субсидиялар алудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құс фабрикаларының/100 мал орнынан басталатын бордақылау алаңдарының/шошқа өсіруші кәсіпорындардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) және олардың өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігі облыстар, Астана мен Алматы қалалары деңгейінде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – «Атамекен» ҚР ҰКП) өңірлік кәсіпкерлер палаталары құратын, құрамында «Атамекен» ҚР ҰКП-да аккредиттелген қоғамдық салалық одақтар мен қауымдастықтар өкілдері және Бөлім маманы бар арнайы комиссияның осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша қорытындысы негізінде жылына бір рет айқындалады, ол Облыс басқармасы мен Бөлімге жолданады.

24. Арнайы комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құс фабрикаларының/100 мал орнынан басталатын бордақылау алаңдарының/шошқа өсіруші кәсіпорындардың тиісті инфрақұрылымының бар-жоғын тексереді.

Жыл ішінде Тізбені өзгертуге жол беріледі. Бұл ретте, құс фабрикалары мен шошқа өсіруші шаруашылықтар үшін арнайы комиссияның қорытындысына қоса берілетін өнім өндірудің технологиялық картасы жасалады.

Тауар өндірушілердің өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестігін айқындау бес жұмыс күні ішінде өтеусіз негізде «Атамекен» ҚР ҰКП-ның өңірлік кәсіпкерлер палатасына тауар өндірушінің жазбаша хабарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Құрамажем құнын субсидиялау құрамажем кәсіпорындарына бекітілген ауыл шаруашылығы кооперативтері тізімінен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арзандатылған баға бойынша нақты өткізілген құрамажем көлемі үшін жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін Бөлім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарды ескере отырып, субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы кооперативтері тізімін бекітеді және ауыл шаруашылығы жануарлары түрлері (кооператив мүшелерінің ИСЖ-да тіркелген) бойынша жылдық қажеттілік нормалары негізінде олардың құрамажемге жылдық қажеттілігі көлемдерін айқындайды.

Бекітілген ауыл шаруашылығы кооперативтері тізімі тоқсан сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін. Бекітілген ауыл шаруашылығы кооперативтері тізімі Облыс басқармасына жолданады және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігінің сайтында жарияланады.

Субсидиялауға бір килограмы 40 теңгеден аспайтын арзандатылған бағамен өткізілген құрамажем жатады.

Құрамажем зауыты құрамажем бекітілген Тізбедегі ауыл шаруашылығы кооперативтеріне өткізілген жағдайда, оның өткізілген көлемі үшін өтінім береді.

25. Бөлім өтінімді тігілген, нөмірленген және мөрмен бекемделген арнайы журналда тіркейді.

26. Бөлім жергілікті атқарушы органдар нормативін айқындайтын субсидиялау бағыттары бойынша өтінім беруге негіз пайда болған сәттен бастап (өткізілген өнім үшін ақы төленген сәттен бастап) жеті айдан аспаған (ал 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – үш айдан аспаған) өтінімдерді қабылдайды.

27. Бөлім өтінімді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тауар өндірушінің өтінімін осы Қағидалардың 6, 7, 8-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді.

Бөлім бұқашықтарды бордақылау, қозы еті, жылқы еті, түйе еті, шошқа еті құнын арзандатуды субсидиялау бағыттары бойынша салыстырып тексеру жүргізу үшін ветеринариялық ұйымнан осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір мал иесінің тіркелген/шығып кеткен (АЖС-дан) жануарлары бойынша ақпарат алады.

Бөлім АТЖ арқылы 400-ден басталатын бағымдағы сауын сиырлары бар сүтті-тауарлы фермалар сауған сүт көлемін өтінімде көрсетілген өткізілген сүт көлемімен салыстырып тексереді. Салыстырып тексерілетін нақты көлемде 7%-ға дейін ағаттыққа жол беріледі.

Бөлім мал шаруашылығы өнімін субсидиялауға өтінім берген тауар өндірушілерді, оларда болған жағдайда, ауданның, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың ветеринария бөлімі ұсынған, ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті түрлері бойынша аса қауіпті және инфекциялық аурулар бойынша карантиндiк iс-шаралар қолданылған тауар өндірушілер тізімімен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

Бөлім көрсетілген мерзім ішінде тауар өндірушінің қызмет орнына осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкестікті айқындау және зоотехникалық есепке алудың бастапқы құжаттарына (малдың қозғалысы туралы есепті, өнім өндіру журналын қоса алғанда) салыстырып тексеру жүргізу үшін мынадай жағдайларда барады:

1) жекелеген бағыт бойынша өтінімді алғаш рет беру;

2) алдыңғы өтініммен салыстырғанда, өндіріс деңгейінің/кәсіпорын қуатының ұлғаюына байланысты субсидиялау нормативінің артуы;

3) жекелеген бағыт бойынша өтінім берілген көлемдердің өткен айдың өтінімінен жиырма пайыздан астам асып кетуі.

Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар мен талаптарға, осы Қағидалардың 6, 7, 8-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеу анықталған жағдайда, өтінім көрсетілген мерзім ішінде барлық сәйкессіздіктердің уәжді негіздемесі бар ілеспе хатпен тауар өндірушіге қайтарылады.

Тауар өндірушілер түзетілген сәйкессіздіктерді ескере отырып, өтінімді қайта енгізе алады.

28. Тауар өндіруші осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келген жағдайда, Бөлім осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша аудан бойынша жиынтық акт толтырады. Бекітілген аудан бойынша жиынтық акт және екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық почта операторының ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы анықтамасының (жылына бір рет немесе банктік шот ауысқан жағдайда беріледі) электрондық көшірмесі екі жұмыс күні ішінде Облыс басқармасына беріледі. Бөлім өтінімді салыстырып тексеруге арналған құжаттармен бірге үш жыл бойы сақтайды. Бөлім Облыс басқармасына берілетін құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

29. Облыс басқармасы аудан бойынша жиынтық актілерді мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыты бойынша жиынтық актілерді тіркеу журналына тіркейді.

Облыс басқармасы үш жұмыс күні ішінде Бөлімдер ұсынған аудандар бойынша жиынтық актілерді барлық деректердің болуы және толықтығы тұрғысынан қарайды, сәйкессіздік анықталған жағдайда, Облыс басқармасы ұсынылған аудандар бойынша жиынтық актілерді қайтару себептерін көрсете отырып, Бөлімге пысықтауға қайтарады.

Бөлім үш жұмыс күні ішінде Облыс басқармасына түзетілген және толықтырылған жиынтық актіні қайта енгізеді, ал мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген мерзім ішінде өтінімді қайтару себептерін жазбаша көрсете отырып, тауар өндірушіге қайтарады.

30. Сәйкес келген жағдайда, Облыс басқармасы бағыттың басымдығын, сондай-ақ, аудандар бойынша жиынтық актілердің келіп түсу хронологиясын ескере отырып, екі жұмыс күні ішінде тауар өндірушілерге тиесілі субсидиялардың көлемін көрсете отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес облыс бойынша жиынтық акт толтырады.

Сәйкес келген жағдайда, Қала басқармасы бағыттың басымдығын ескере отырып, екі жұмыс күні ішінде тауар өндірушілерге тиесілі субсидиялардың көлемін көрсете отырып, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жиынтық акт толтырады.

31. Тиесілі бюджеттік субсидияларды тауар өндірушілердің банктік шоттарына аударуды Облыс басқармасы, Қала басқармасы бір жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарын беру жолымен жүзеге асырады.



32. Облыс басқармасы облыс, қала бойынша жиынтық акт бекітілген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бөлімге осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға арналған бағыттар бойынша тауар өндірушілердің өтінімдерін қарастыру қорытындылары жөніндегі ақпаратты жолдайды.

Бөлім алынған ақпарат бойынша кейіннен тауар өндірушіге (өтінім берушіге) беру үшін қарау нәтижелерін қысқаша сипаттай отырып, әр тауар өндіруші (өтінім беруші) бойынша жеке-жеке осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет