Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А. И. Мырзахметовқа Депуттық сауал!



Дата07.01.2018
өлшемі113.38 Kb.
Жоба

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары-

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрi

А.И. Мырзахметовқа

Депуттық сауал!
Құрметті Асқар Исабекұлы!
Еліміздің орман шаруашылығы экономикасында орманды пайдалану түрлерінің ішінде сүрек дайындылымы басымдылыққа ие. Орман өнімдері және қызметтерінің жиынтығындағы олардың үлесі Ресей Федерациясындағыдай 85 пайызды құрайды, алайда біздің еліміздің орман-тоғайлы аумағы Ресей Федерациясынан 12 есе кіші. Осындай біржақты бизнес біздің орманымызды үлкен шығынға әкелуде. Республикамыздағы орман ағаштарының 1999 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында жүйелі түрде қысқару жөніндегі дәйектер 2011 жылы Рим қаласында жарық көрген БҰҰ ФАО (Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) «2010 жылғы Орман ресурстарының ғаламдық бағалау» (230 бет., 3-кесте) негізгі есебінде айқындалған.

Бұл үрдістердің алдын-алу үшін Қазастан Республикасының Үкіметі бірқатар шұғыл шаралар қабылдады – орман қорының бірқатар бөлігі ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың (ЕҚТА) санатына енгізілді, ағаш материалдарын сыртқа шығаруға мораторий жарияланды, қылқанды және сексеуіл шаруашылықтарында ағаштарды кесуге тыйым салынды, «Жасыл ел» және «Жасыл даму» республикалық бағдарламалары дәйекті түрде іске асырылды, бұрынғы уақытта орман пайдаланушылар түбірімен босатылатын сүректерді мүлдем тегін іске асырып келген болса, қазір ол жерде кесу көлемі де ақылы түрде болды.

Бұл шаралардың барлығы орман шаруашылығы бизнесіндегі қобалжудың төмендеуі негізінде ахуалдың ушығуын бірқатар азайтып, ормандардың өртенуінің аумағы мен саны ғана емес ағаштарды заңсыз кесу, әкелу, нарықта өткізу, бағалы ормандарды жоғалтып алудың қауіп-қатері, кесілген ағаштардың орнын жаңа ормандармен толтырудың алғышарттары туындау мәселелері төмендегенмен, орман шаруашылығы дамудың жаңа жолына түсе алмады.

Бұл біріншіден, жоғарыда аталған шешімдердің барлығы толық орындалмауымен байланысты. Олардың бірқатары іске асыру мерзімінің аяқталуымен заңды күштерін жоғалтса, кейбіреулерінің нәтижесі сәйкесінсіз талдау жасалмастан қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді деп жойылып отыр. Екіншіден, олардың орман шаруашылығына оң ықпалдығы нарық бағамын жүргізу дер кезінде күшейтілмеген.

Ағаш кесілетін жерлер орман шаруашылығы құндылығының негізгі функцияларын атқара отырып, ұзақ жылдар бойы өте төмен деңгейде ұсталынып келеді. Осының негізінде біздің ормандарымыз аса жетіспеушілігімен қоса, еліміздің ең арзан және құнсыз табиғи байлығына айналды, ал орман шаруашылығы – өндірістің басқа салаларымен тепе-тең айырбастауға қатысты барлық мүмкіндіктерінен шектеле отырып бәсекеге кабілетсіз салаға айналды.

Мысалы, иесіз қалған сүректерді кесуге рұқсат берілген әрбір текше метр үшін 2015 жылы облыстардың бюджетіне бар болғаны 498,7 (төрт жүз тоқсан сегіз бүтін оннан жеті) теңге түсіп отырған, бұл ретте айта кетейік, көптеген басқа мемлекеттерде осындай көлемдегі рұқсат берілген сүректер үшін 35-70 евро құрайды (сүректердің түрлеріне байланысты) және ағаш матриалдары құнының шамамен 45-55 пайызын қалыптастырады.

Көрсетілген баға бойынша бұрынғы уақытта құрылған орман шаруашылықтарының басым бөлігінің құрған құнын, мемлекетке ормандардың меншік иесі және негізгі мекемесі ретінде тиесілігіне қарамастан ағаштарды өсіруге ешқандай қатысы жоқ басқа да құрылымдар белгілейді. Алайда, өкінішке орай еліміздегі баға белгілеуге қатысы бар қызметкерлердің кейбірі аталған дәйектің егжей-тегжейіне мән бермейді.

Дегенмен, нарықтық даму шарттарында орман шаруашылығының арқасында табылған «байлық» соңғы жылдары жиілеп кеткен дағдарыс құбылыстарына ұшырай отырып, орман шаруашылығы саласын қаржы мәселесіне келгенде қолдарын байлап отыр және саланы республикалық және облыстық бюджеттерге мықтап байланыстырып, оны жыл сайын өспелі мөлшерде қамтуға қаржы бөлуге мәжбүрлеп отыр. Олардың қазіргі республика бойынша сомасы жыл сайын 15-16 миллиард теңгеге дейін жетіп отыр, алайда еліміз бойынша өз қаражаты бар орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері және ЕҚТА орман шаруашылығы кірісінің жалпы көлемі 1,8-2,0 миллиард теңгеден аспайды.

Әрине, орман ресурстарының тапшылығы аясында бұл ара салмақты түбегейлі өзгерту өте қиын жұмыс. Дегенмен, оны республикалық және облыстық бюджеттерге түсетін салмақты азайтуға болады.

Бұл үшін келесідей шараларды ұсынамыз:



  1. ҚР Салық кодексіне түбірімен босатылатын сүректер үшін қосымшаға сәйкес жаңа төлемақы сомасын енгізу. Біздің есебіміз бойынша үлестік көлемін пайдаланудың алғашқы жылында түбірімен босатылатын сүректердің әрбір текше метрі үшін іс жүзінде 5,0-5,5 мың теңгеге дейін өсім әкеле алады, алайда оларды тәжірибеде қолдану сүректердің өндірістік шығындарының толықтай ақтай алмағанмен жұмыр ағаштардың құны шамамен 25-30 пайызды құрайды және әлемдік орташа деңгейге жақындата түседі.

  2. Ағаш материалдардың барлық түрлерін шетелдерге шығарған жағдайда, сексеуілді есепке алмағанда, кедендік баж салығы ретінде жоғарыда аталған қосымшаға сәйкес үш еселенген төлемақыны белгілеу. Сексеуілдің сүректерін басқа мемлекеттерге шығару үшін кедендік баж салығы ретінде жоғарыда аталған қосымшаға сәйкес он еселенген төлемақыны белгілеу.

  3. Ағаш дайындау үшін ормандық алқаптарды ұзақ мерзімге жалға беруді жою (49 жылға дейін). Оның орнына ағаш кесілетін орындарды конкурс бойынша 3 жылға беруді енгізу қажет, себебі ағаш өңдеумен айналысатын кәсіпкер конкурсқа жүйелі түрде қатыса отырып, алдағы жылдарда ағаш кесу үшін болжамды орындарды қорға дайындау керек.

  4. Польша, Турция және басқа да мемлекеттерде, тендер негізінде дайын сүректерді сатуды олардың төменгі орман кәсіпорындары іске асырады, осыған байланысты мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері және ЕҚТА сүректерді дайындауға және ағаш материалдарды сатуға өз аумақтарында жасауға құқық беру қажет. Бұл ретте, олар сүректерді дайындауға келісім-шарт негізінде жергілікті халық өкілдерін жұмысқа тарта алады және атқарылған жұмыс көлемін ақшалай толейді немесе дайын сүректер арқылы жаба алады, бұл дегеніңіз ауылдық жердегі жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуы артады. Ал қалған дайын орман мемлекеттің жеке меншік иесі екендігі ескеріле отырып нарық бағамына сәйкес сатылады. Түскен соманы Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген арақатынас арқылы бөлуге болады, мысалы: нақты орман шаруашылығы (ЕҚТА), облыстық орман шаруашылығы басқармасы және облыстық (республикалық) бюджет арасында 5:1:4 көлемінде.

Келтірілген ұсыныстар оң шешімін тапқан жағдайда орман шаруашылығы кірісінің шұғыл түрде артуына (7,5-8,0 миллиард теңгеге дейін) ықпал жасайды, олардың өзара меншік иелері арасында әділетті үлесім болуына, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері және ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың мәртебесі мен рөлінің артуына, орман алқаптарын арттыру мақсатында он шақты жылдың көлемінде құрылған барлық орман саласын пайдалануға, орман шаруашылығын дамыту және республикамызда ең төмен деңгейде болып саналатын сала жұмысшыларының әлеуметтік жағдайының жақсаруына әкеледі.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес жазбаша түрде заңда көрсетілген мерзімде жауап берулеріңізді сұраймыз.

Қосымша: 3 парақ.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының

Парламент Мәжілісінің депутаты М. Бопазов

Қосымша:
 Түбірімен босатылатын сүрек үшін негізгі төлемақы мөлшерлемесі (минималды есептік көрсеткіш бойынша 1 тығыз текше метр үшін)*




І№

Ағаш-бұтатұқымдастарыныңатаулары

Жоғарғыбөлігіндегідіңкесіндісініңдиаметрінеқарайқабықсызкәделісүрек


Қабықтыотындықсүрек 

Ірі ( 25см және одан жуан)

Орташа (от 13-тен 24 см дейін)

Ұсақ (3-тен12 см дейін)




1. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелердің ормандары

11

Қарағай

15,4

11,0

5,5

2,5

22

Шренка шыршасы

20,1

14,3

7,2

3,2

33

Сібір шыршасы, майқарағай

13,9

9,9

5,0

2,0

44

Самырсын

12,3

8,8

4,4

2,0

55

Балқарағай

27,8

19,8

9,9

3,0

66

Ағаш тектес арша

18,5

13,2

6,6

3,3

77

Емен, шаған

27,8

19,8

9,9

5,0

88

Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке 

6,2

4,4

2,2

1,5

99

Сексеуіл

-

-

-

8,3

110

Қайың

6,9

5,0

2,5

1,7

111

Көктерек, ағаш тектес тал, терек 

5,4

3,9

1,9

1,2

112

Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ 

34,0

24,3

12,1

4,2

113

Өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұтағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар 
 

20,1

14,3

7,2

2,9

114

Ағаш тектес арша, самырсын 

-

-

1,7

0,9

115

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар 

-

-

1,1

0,7

2. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың ормандары (ЕҚТА)

11

Қарағай

23,2

16,5

8,3

3,7

22

Шренка шыршасы

30,1

21,5

10,7

4,8

33

Сібір шыршасы, майқарағай

20,8

14,9

7,4

3,0

44

Самырсын

18,5

13,2

6,6

3,0

55

Балқарағай

41,7

29,8

14,9

4,5

66

Ағаш тектес арша

27,8

19,8

9,9

5,0

77

Емен, шаған

41,7

29,8

14,9

7,4

88

Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке 

9,3

6,6

3,3

2,3

99

Сексеуіл

-

-

-

12,4

110

Қайың

10,4

7,4

3,7

2,6

111

Көктерек, ағаш тектес тал, терек 

8,1

5,8

2,9

1,7

112

Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ 

50,9

36,4

18,2

6,4

113

Өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар 
 

30,1

21,5

10,7

4,3

114

Ағаш тектес арша, самырсын 

-

-

2,5

1,4

115

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар 

-

-

1,6

1,0

* Көрсетілген төлемақы көлемі тікелей әсер етеді. Төлемақының бірінші тобы облыстық әкімдіктердің және ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қарамағындағы орман шаруашылығы мекемелері орман қорына қатысты, ал екінші тобы ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың барлық санаттарына қатысты пайдаланылады,

Екі топта да төлемақы бар болғаны сүректерді шығару қашықтығы бойынша екі разрядқа сараланады:

- 1 разряд – 80 шақырымға дейін;

- 2 разряд – 81 шақырым және одан жоғары.

Кесінді қалдықтарды өткізілетін немесе жаңқа брикет немесе пеллет өндірілетін жағдайда төлемақы ағаштың ұшар басынан 40 пайыз көлемінде төленеді, ал қалған бұтақтардан – ағаш сүректерінің сәйкесінше тұқымына 20 пайыз мөлшерінде төленеді. Ілгеріде қолданыста болған төлемақы мөлшерлемелерін арттыру немесе түсіру өзгертілмейді.






Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет