Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығы



бет1/12
Дата02.04.2017
өлшемі2.3 Mb.
#7491
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығы
2015 жылғы 2 шілде №373 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республика­сының Кодексі 8-бабының 12-тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын;

2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

3) алғаш мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жарияланған күнінен кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант О.Б. Сапаровқа жүктелсін.

4. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі И.ТАСМАҒАМБЕТОВ
«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және



әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА

2015 жылғы 3 шілде
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі №373 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде (бұдан әрі – ҚР ҚК) әскери-дәрігерлік сараптаманы (бұдан әрі – ӘДС) ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды. ӘДС құрамдас бөлігі дәрігерлік-ұшқыштар сараптамасы (бұдан әрі – ДҰС) болып табылады, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы ДҰС міндеттерін шешеді.

3. ӘДС:


1) мыналарды:

әскерге шақыру учаскелеріне тіркелетін, әскери қызметке шақырылатын және әскери оқу орындарына, республикалық әскери мектеп-интернаттарына (лицейлерге) түсетін азаматтарды;

әскери қызметке, соның ішінде келісімшарт бойынша қызметке кіретін азаматтарды;

әскерге шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді;

әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ӘОО) курсанттарын, кадеттер мен тәрбиеленушілерді;

радиоактивтiк заттармен, иондандырушы сәулелену көздерiмен, зымыран отыны компоненттерiмен, электр-магниттiк өрістер, лазерлік сәулелену көздерiмен қызметке (жұмысқа) iрiктеп алынатын және қызмет өткерiп (жұмыс iстеп) жүрген әскери қызметшiлердi (ҚР ҚК қызметшілерін);

мемлекеттік авиацияның авиация персоналын;

әскери жиындарға шақыру кезінде немесе есепке алу мақсатында запастағы азаматтарды медициналық куәландыру кезінде;

2) әскери қызметті (әскери жиындарды) өткерген әскери қызметшілердің

немесе азаматтардың науқастануының, мертігуінің (жаралануының, жарақаттануының, контузиясының) (бұдан әрі – мертігу), себепті байланыс-тарын айқындау кезінде;

3) азаматтар әскери қызметтен босатылған кезде олардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау кезінде;

4) әскери қызметшілердің, әскери міндеттілердің әскери қызмет (әскери жиындар) кезеңінде немесе әскери қызметтен (әскери жиындардан) босатылғаннан кейін әскери қызметті (әскери жиындарды) өткеру кезеңінде науқастануы, мертігуі салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себепті байланысын айқындау кезінде жүргізіледі.

4. Әскери-дәрігерлік комиссиялар (бұдан әрі – ӘДК) осы Қағидаға және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 29 қаңтарындағы №37 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін азаматтардың денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарына (бұдан әрі – Талаптар) (Нормативтік және құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8336 нөмірімен тіркелген) сәйкес қорытынды шығарады.

2. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелетін, әскери қызметке шақырылатын, әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау үшін түсетін азаматтарды медициналық куәландыру

5. Медициналық куәландыруды жүргізуге дейін маман дәрігер куәландырылушының жеке басын куәландырады.

Медициналық куәландыруға жататын азаматтарды медициналық куәландыру барысында:

медициналық есепте тұруы туралы мәліметтер (анықтамалар), соңғы он екі ай ішінде инфекциялық және паразитарлық науқастарға шалдыққаны туралы басқа медициналық ұйымдардан мәліметтер, алдын алу егулері және дәрі-дәрмектерді және басқа да заттарды көтере алмайтыны (жоғары сезгіштігі) туралы мәліметтер;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – № 907 бұйрық) (Нормативтік және құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) мынадай құжаттар: амбулаторлық пациенттің медициналық картасы (№ 025/е нысаны), амбулаторлық пациенттің медициналық картасына жасөспірімге жапсырма парақ (№ 025-1/е нысаны), № 027/е нысаны бойынша амбулаторлық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме;

рентгенограммалар, азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын арнайы зерттеулер әдістерінің хаттамалары және басқа да медициналық құжаттар тексеріледі.

6. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге және әскери қызметке шақырылуға жататын, әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша оқуға түсетін азаматтарға медициналық куәландыруға дейін отыз күнтізбелік күннен ерте емес:

1) жалпы қан және несеп талдауы;

2) мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);

3) электрокардиография (бұдан әрі – ЭКГ);

4) кеуде қуысы ағзаларын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне үш айдан кешіктірілмей;

5) бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтіндерге және (немесе) жеке шаруашылығында малы барларға) жүргізіледі.

7. Флюорографиялық (рентгенологиялық), зертханалық және электрокардиографиялық зерттеулердің нәтижелері, бойы мен дене салмағы туралы, сондай-ақ бұдан бұрын алынған барлық алдын алу егулері мен дәрі-дәрмек құралдарын және басқа да заттарды көтере алмаушылығы (жоғары сезгіштігі) туралы мәліметтер әскерге шақырылушының есепке алу картасына жазылады.

Флюорограммалар (рентгенограммалар) куәландырылушының жеке ісінде оның әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін болады, одан кейін тиісті медициналық ұйымдарға қайтарылады, олар флюорографиялық үлдір түрінде немесе электрондық тасымалдағыштарда бір жыл бойы сақталады.

8. Азаматтарды медициналық куәландыру осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес Әскери-дәрігерлік (дәрігерлік-ұшқыштар) сараптама жүргізу кезіндегі зерттеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

9. ӘДС (ДҰС) жүргізу кезінде медициналық құжаттама осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылады.

10. 17 жасқа толған жасөспірімдерді әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық комиссия әскери қызметке жарамдылығын және арналу көрсеткішін айқындаудан басқа, медициналық алдын алу жұмысын одан әрі жүргізуді айқындау мақсатында жоспарлы скринингтік медициналық тексеру ретінде тіркелетін денсаулық жағдайының деңгейі айқындалады.

11. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде тексеруге (емделуге) мұқтаж деп танылған азаматтарды ҚІД, ҚІБ (Б) екі тізімде есепке алады:

1) № 1 тізімде – әскери қызметке уақытша жарамсыздар;

2) № 2 тізімде – әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамдылар.

Медициналық ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың басшылары № 1 тізімге сәйкес азаматтардың уақтылы тексерілуі мен емделуін қамтамасыз етеді.

12. Дәрігерлер әскерге шақырылушының денсаулық жағдайын түпкілікті айқындай алмаған жағдайларда әскерге шақыру комиссиясы оны медициналық ұйымдарға амбулаторлық немесе стационарлық тексеруге жібереді. Тексеруге (емделуге) жолдамада Қағидаға 2-қосымшаның 1-нысанына сәйкес (бұдан әрі – тексеруге (емделуге) жолдама) медициналық ұйымның (әскери – медициналық мекеменің) атауы, болжамды диагнозы, нені нақтылау қажеттігі және медициналық куәландыруға қайта келу мерзімі көрсетіледі.

Жолдама әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге, әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарға, оларға тіркеу комиссиясының немесе әскерге шақыру комиссиясының шешімдерін жариялаған кезде беріледі.

Жолдамаға Қағидаға 2-қосымшаның 2-нысанына сәйкес денсаулық жағдайын зерттеу актісі (бұдан әрі – акт), амбулаторлық пациенттің медициналық картасы мен денсаулық жағдайын сипаттайтын медициналық құжаттар қоса беріледі.

Медициналық тексеру аяқталғаннан кейін акт толтырылады, оған бас дәрігер, бөлімше меңгерушісі мен тексеруді жүргізген дәрігер қол қояды. Акт Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санаты туралы түпкілікті шешім шығаратын тіркеу жөніндегі комиссияның немесе әскерге шақыру комиссиясының қарауына ұсынылады.

13. Медициналық куәландыруды жүргізген кезде маман дәрігер әскерге шақырылушының есепке алу картасына, медициналық картаға жапсырма параққа диагнозды (науқастары болмаған кезде – «дені сау» деген жазба жасалады), Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытындыны, әскер түрлері мен тектері бойынша арналу көрсеткішін жазады.

14. Тіркеу немесе әскери қызметке әскерге шақыру кезінде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша оқу үшін түсетін, әскери қызметке жарамды немесе әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды деп танылған азаматтарға медициналық комиссияның маман дәрігері әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытындыдан кейін Талаптарға сәйкес әскер түрлері мен тектері бойынша арналу көрсеткішін белгілейді.

15. Тіркеу немесе әскери қызметке шақыру кезінде әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылған азаматтарға маман дәрігер әскери қызметке уақытша жарамсыздығы туралы қорытынды шығарады.

Медициналық көрсеткіштер бойынша әскери қызметке уақытша жарамсыздығы туралы қорытынды үш айдан алты айға дейін шығарылады, науқасынан жазылмаған жағдайлар кезінде ол қайтадан шығарылады, уақытша жарамсыздық мерзімі он екі айдан аспауы тиіс, одан кейін қайта медициналық куәландыру жүргізіледі.

Тіркеу немесе әскерге шақыру жөніндегі комиссия жұмысын (әскери қызметке ағымдағы шақыру) аяқтағанға дейін азаматтарды тексеру (емделу) аяқталған жағдайда әскери қызметке уақытша жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылмайды және маман дәрігер тексеру (емделу) және қайта медициналық куәландыру туралы қорытынды шығарады.

Ұзақ (үш айдан астам) тексеруге (емделуге) мұқтаж азаматтарға алты айдан он екі айға дейінгі мерзімге әскери қызметке уақытша жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады, одан кейін қайта медициналық куәландыру жүргізіледі.

Азаматтардың әскери қызметке уақытша жарамсыздық мерзімі өткеннен кейін әскери қызметке жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы қорытынды шығарылады.

16. Тіркеу кезінде әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды деп танылған азаматтар емделуге, ауыз қуысын санациялауға, көздің көруін түзетуге мұқтаж болған жағдайда маман дәрігердің қорытындысы әскер түрлері мен тектеріне арналу көрсеткішінен кейін: «Емделуге (ауыз қуысын санациялауға, көздің көруін түзетуге) мұқтаж» деген сөздермен толықтырылады, азаматтардың көрсетілген санаты тіркелген орны бойынша медициналық ұйымдарға емделуге жіберіледі.

17. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиялары медициналық куәландыруды жүргізгеннен кейін облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) әскерге шақыру комиссиясы әскери командаға іріктелген әскерге шақырылушыларды бақылау медициналық куәландыруды ұйымдастырады.

Әскери қызмет өткеру орнына жөнелту алдында әскерге шақырылушыларға ағзада есірткі заттарының болуына тестілеу және көрсеткіштер бойынша АИТВ-на зерттеу жүргізіледі.

18. Медициналық куәландыру нәтижесінде азаматтың денсаулық жағдайында әскери қызметке әскерге шақыруға кедергі келтіретін (әскери қызметке жарамдылық санатын өзгертетін) ауытқулар анықталғанда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясының маман дәрігері Қағидаға 2-қосымшаның 3-нысанына сәйкес медициналық куәландыру парағын (бұдан әрі – медициналық куәландыру парағы) ресімдейді және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясы аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әскерге шақыру комиссияларының шешімін жояды және хаттамалар кітабында ресімделетін және азаматтарға жарияланатын өз шешімін шығарады.

19. Азаматтарды денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату негізділігі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясының медициналық тексеруімен және (немесе) әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған немесе одан босатылған барлық азаматтардың жеке істерін зерделеу жолымен тексеріледі.

Құжаттарды тексеру және (немесе) медициналық тексеру нәтижелері бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушының есепке алу картасына аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының шешімін бекіту туралы немесе азаматты қайта медициналық куәландыруға жіберу туралы жазба жасайды.

20. Сонымен қатар, қайта медициналық куәландыруға әскери қызметке жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы медициналық комиссияның қорытындысымен келіспейтіні жөнінде мәлімдеген азаматтар жатады.

21. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясы қайта медициналық куәландыруды жүргізу мерзімдері, орны және медициналық куәландыруға жататын азаматтар туралы төмен тұрған әскерге шақыру комиссияларын хабардар етеді.

22. Қайта медициналық куәландыруға азамат жеке ісімен және белгіленген диагнозды және шығарылған қорытындыны растайтын медициналық құжаттармен жіберіледі.

Қайта медициналық куәландыру нәтижесінде азаматтың әскери қызметке жарамдылық санаты өзгерсе, маман дәрігер медициналық куәландыру парағын ресімдейді және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясы төмен тұрған комиссияның шешімін жояды және хаттамалар кітабында ресімделетін өз шешімін шығарады және азаматқа жариялайды.

23. Әскерге шақырылушының есепке алу картасы, медициналық куәландыру парағы, сонда й-ақ ҚІД мөрімен расталған облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабынан үзінді оның шешімі қайта қаралған әскерге шақыру комиссиясына жолданады. Егер қайта медициналық куәландыру нәтижесінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешімі өзгермесе, онда хаттамалар кітабында және есепке алу картасында оны бекіту туралы қысқаша жазба жасалады, бұл ретте медициналық куәландыру парағы ресімделмейді.

24. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссияларының қызметін зерделеу облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабының деректерін зерделеу жолымен, жеке істерін тексерумен және әскери қызметке уақытша жарамсыз немесе әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтарды медициналық куәландыру және медициналық тексеру жүргізумен жүзеге асырылады.

25. Әскери қызметке шақырылған азаматтарды медициналық бақылау сабақтастығын қамтамасыз ету үшін ЖӘБО әскери бөлімге маман дәрігерлердің қорытындыларымен медициналық картаға жапсырма парақты (№ 025-1/е нысанды) жолдайды.

26. Әскери қызметшілер әскери қызмет орнына келгеннен кейін медициналық тексеруден өтеді, ал оқу-жаттығу әскери бөлімдеріне келгендер әскери-есептік мамандықтар бойынша оқуға (қызметке) жарамдылығын айқындау үшін штаттық емес тұрақты (уақытша) әрекет ететін ӘДК-де медициналық куәландырудан өтеді.

Маман дәрігерлердің қорытындылары әскери қызметшінің медициналық кітапшасына, ӘДК қорытындысы Қағидаға 2-қосымшаның 4-нысанына сәйкес ӘДК отырыстарының хаттамалар кітабына (бұдан әрі – ӘДК отырыстарының хаттамалар кітабы) жазылады.

27. Денсаулық жағдайы бойынша мерзімді әскери қызметке негізсіз шақырылған әскери қызметшілер госпитальдық және гарнизондық ӘДК-мен стационарлық және амбулаторлық медициналық куәландыруға жатады. Бұл ретте ӘДК қорытындысы Қағидаға 2-қосымшаның 5-нысанына сәйкес науқастануы туралы куәлікпен (бұдан әрі – науқастануы туралы куәлік) ресімделеді және штаттық ӘДК-мен бекітіледі.

28. Гарнизондық ӘДК-нің амбулаторлық куәландыруын жүргізу дене бітімінің нақты кемтарлығы болған кезде ғана (көздің болмауында, қол немесе аяқта саусақтарының жоқ болуында, қол-аяқтың деформациялары мен қысқаруында, көлемді тыртықтардың бар болуында және т.с.с.) жүргізіледі.

Штаттық ӘДК гарнизондық (госпитальдық) ӘДК-нің бекітілген сараптамалық қорытындысының көшірмесін бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде әскери қызметшінің әскерге шақырылу орны бойынша ҚІД-ға жолдайды.

29. Штаттық ӘДК, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) ҚІД денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен бірлесіп, азаматтарды денсаулық жағдайы бойынша негізсіз әскери қызметке шақыру жағдайлары мен себептерін есепке алуды жүргізеді және әскери қызметке шақырылатын азаматтарды тексерудің және медициналық куәландырудың сапасын арттыруға шаралар қабылдайды.

Бұл ретте Қағидаға 2-қосымшаның 6-нысанына сәйкес азаматты денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке негізсіз әскерге шақыру себептерін зерделеу картасы толтырылады.

30. Жиырма жеті жасқа толуы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған адамдар әскери міндеттілердің есебіне тұру кезінде медициналық куәландыруға тек әскерге шақыру комиссиясының бұрын шығарылған шешімі болмаған жағдайда немесе денсаулық жағдайында әскери қызметке жарамдылық санатын қайта қарауды көздейтін өзгерістер болған кезде жатады.

31. Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша оқытуға іріктелетін азаматтарды алдын ала медициналық куәландыруды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиялары медициналық комиссияларының маман дәрігерлері жүргізеді.



3. Әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта білім беру ұйымдарына түсетін азаматтар мен тәрбиеленушілерді медициналық куәландыру

32. Әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – мектептерге) түсетін азаматтар (бұдан әрі – кандидаттар) медициналық куәландыруды мектептерге келген сәттен бастап штаттық емес уақытша әрекет ететін ӘДК-лардан өтеді, олардың құрамы Қазақстан Республикасы Қаруы күштерінің әскери-дәрігерлік сараптама мекемелері туралы ереженің (әрі қарай – Ереже) 45-тармағына сәйкес айқындалады.

33. Кандидаттар медициналық куәландыру басталғанға дейін штаттық емес уақытша әрекет ететін ӘДК-ға:

1) психоневрологиялық, наркологиялық (наркотестілеудің нәтижелерімен), туберкулезге қарсы және тері-венерологиялық диспансерлерден (кабинеттерден) – олардың есепте тұратыны туралы мәліметтерді (анықтамаларды);

2) басқа да медициналық ұйымдардан:

созылмалы науқастары себебі бойынша диспансерлік есепте тұруы және соңғы он екі ай ішінде жұқпалы және паразитарлық науқастарға шалдыққаны туралы мәліметтерді;

№ 907 бұйрығымен бекітілген мынадай құжаттарды: медициналық анықтаманы (№ 086/е нысаны), амбулаторлық пациенттің медициналық картасын (№ 025/е нысаны), алдын алу егулері картасын (№ 063/е нысаны), болған жағдайда амбулаторлық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмені (№ 027/е нысаны);

азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын басқа да медициналық құжаттарды, рентгенограммаларды, арнайы зерттеулер әдістерінің хаттамаларын.

3) медициналық куәландыру басталғанға дейін отыз күнтізбелік күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеулердің:

жалпы қан талдауының;

мерезге микропреципитация реакциясының (микрореакция);

жалпы несеп талдауының;

тыныштық жағдайындағы ЭКГ-ның (жүктемеден кейін – көрсеткіштер бойынша);

кеуде қуысы ағзаларын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеудің (медициналық куәландыру күніне үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі);

эхокардиографияның қорытындыларын ұсынады.

34. Медициналық куәландыру басталғанға дейін мектепте ұсынылған мәліметтердің және медициналық зерттеу қорытындыларының толықтығы тексеріледі.

35. Медициналық ұйымдардың мәліметтері бойынша адамдарда мектептерге түсуге кедергі келтіретін созылмалы науқастар немесе дене бітімінің кемістіктері бар болса, олар медициналық куәландыруға жіберілмейді.

36. Мектепте кандидатқа Қағидаға 2-қосымшаның 7-нысанына сәйкес әскери оқу орнына түсетін азаматқа медициналық куәландыру картасы ресімделеді.

37. Куәландыру кезінде кандидаттың денсаулық жағдайын бақылаудың алдыңғы медициналық құжаттары, куәландырылушының және оның ата-анасының анамнездік деректері зерделенеді.

38. Медициналық куәландыру үдерісінде денсаулық жағдайын айқындау үшін көрсеткіштер бойынша қажетті қосымша зертханалық, құралдық зерттеу әдістері жүргізіледі.

39. Диагнозды нақтылау мақсатында кандидат әскери-медициналық ұйымдарға (медициналық ұйымдарға) тексерілуге жіберіледі, ол ӘДК жұмысының кезеңінде аяқталуы тиіс. Тексеруге (емделуге) жолдамада медициналық ұйымның (әскери-медициналық мекеменің) атауы, диагнозы, тексеру мақсаты көрсетіледі.

40. Мектепке түсуге кедергі келтіретін ауру анықталған кезде, кандидатты одан әрі медициналық куәландыру тоқтатылады, маман дәрігер медициналық куәландыру парағын толтырады және ӘДК оқу орнына түсуге жарамсыздығы туралы қорытынды шығарады.

41. Медициналық куәландыру қорытындылары бойынша штаттық емес уақытша әрекет ететін ӘДК оқуға түсуге жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы қорытынды шығарады (бұл ретте ӘДК қорытындысын шығаруға негіз болған Талаптардың тармақтары көрсетілуі тиіс).

42. Куәландыру нәтижелері мен ӘДК қорытындысы ӘДК отырыстарының хаттамалар кітабына, әскери оқу орнына түсетін азаматты медициналық куәландыру картасына жазылады.

43. Медициналық куәландыру кезінде мектепке түсуге жарамсыз деп танылған азаматтың оқу орнына түсетін азаматты медициналық куәландыру картасы және медициналық куәландыру парағы медициналық куәландыру аяқталғаннан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей есепке алу және талдау үшін штаттық ӘДК-ға жолданады.

44. Денсаулық жағдайында оқуға жарамдылық санатын қайта қарауды көздейтін өзгерістер болған кезде тәрбиеленушілерді медициналық куәландыру үшін штаттық емес тұрақты әрекет ететін (гарнизондық және госпитальдық) ӘДК-ға жібереді.

45. Оқуға жарамсыз деп танылған тәрбиеленушілерге ӘДК қорытындысы науқастануы туралы куәлігімен ресімделеді және штаттық ӘДК-мен бекітуге жатады.

4. Орта техникалық және кәсіби, жоғары, жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын, соның ішінде шет мемлекеттерінің әскери оқу орындарына, сондай-ақ жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға (факультеттерге) түсетін азаматтарды және әскери қызметшілерді медициналық куәландыру

46. Әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды (бұдан әрі – кандидаттар) алдын ала медициналық куәландыруды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссияларының медициналық комиссиялары, ал әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта білім беру ұйымдарының әскери қызметшілері мен бітірушілерін – штаттық емес тұрақты (уақытша) әрекет ететін ӘДК жүргізеді.

47. Жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-ларға түсетін әскери қызметшілерді медициналық куәландыруды әскери қызмет өткеру орны бойынша штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК-лар жүргізеді.

48. Медициналық куәландыруға жіберу алдында кандидаттарға ҚІБ(Б)-да (әскери қызметшілерге әскери бөлімдерде (жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-ларға түсетіндерден басқа) Қағидаға 2-қосымшаның 7-нысанына сәйкес әскери оқу орнына түсетін азаматты медициналық куәландыру карталары ресімделеді.

49. Медициналық куәландыру басталғанға дейін кандидаттар ҚІБ(Б)-ға осы Қағиданың 33-тармағы 1, 2-тармақшаларына сәйкес медициналық құжаттарды ұсынады.

Медициналық ұйымдардың мәліметтері бойынша оларда ӘОО-ға түсуге кедергі келтіретін созылмалы аурулар немесе дене кемістіктері бар кандидаттар медициналық куәландыруға жіберілмейді.

50. Кандидаттар медициналық комиссияларға медициналық куәландыру басталғанға дейін отыз күнтізбелік күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеулердің нәтижелерін ұсынады:

1) жалпы қан талдауы;

2) мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);

3) жалпы несеп талдауы;

4) мұрын қосалқы қуыстарының рентгенографиясы;

5) тыныштық жағдайындағы ЭКГ (жүктемеден кейін – көрсеткіштер бойынша);

6) кеуде қуысы ағзаларын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне дейін үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі;

7) бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтіндерге және (немесе) жеке шаруашылықта малы барларға).

51. ӘОО-ға түсетін әскери қызметшілер медициналық куәландыруға жыл сайынғы тереңдетілген және бақылау медициналық тексерулердің нәтижелері, эпикриз түрінде ресімделген медициналық көмекке жүгінулер көрініс табатын медициналық кітапшамен және осы Қағиданың 50-тармағында көрсетілген зерттеулердің нәтижелерімен жіберіледі.

52. Әскери қызметшілердің медициналық кітапшаларында соңғы жылдар үшін жыл сайынғы тереңдетілген медициналық тексерулердің нәтижелері болмаған кезде алдын ала медициналық куәландыру оларды госпитальдық ӘДК-мен кейінгі медициналық куәландырумен стационарлық тексеруге жіберу туралы ӘДК-нің қорытындысы шығарылады.

Әскери қызметшіде медициналық кітапша болмаған кезде медициналық куәландыру жүргізілмейді.

53. Алдын ала медициналық куәландыру үдерісінде кандидаттарға көрсеткіштер бойынша денсаулық жағдайын айқындау үшін қажетті қосымша зертханалық, құралдық зерттеу әдістері жүргізіледі.

54. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері, сондай-ақ бұдан бұрын алынған барлық алдын алу егулері мен дәрі-дәрмек құралдарын және басқа да заттарды көтере алмаушылығы (жоғары сезгіштігі) туралы мәліметтер әскери оқу орнына түсетін азаматты медициналық куәландыру картасына жазылады және қоса беріледі.

55. Диагнозды нақтылау мақсатында кандидат медициналық ұйымдарға тексерілуге жіберіледі. Тексеруге (емделуге) жолдамада медициналық ұйымның (әскери-медициналық мекеменің) атауы, диагнозы, тексеру мақсаты көрсетіледі.

Жолдамаға акт, амбулаторлық пациенттің медициналық картасы және денсаулық жағдайын сипаттайтын медициналық құжаттар қоса беріледі.

56. Кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландыруды (жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-ларға түсетіндерден басқа) штаттық емес уақытша (тұрақты) әрекет ететін ӘДК ӘОО-ға түсуге жарамдылығын айқындау үшін жүргізеді. Медициналық комиссияның құрамы осы Ереженің 45-тармағына сәйкес анықталады.

57. ӘОО-ға түсуге кедергі келтіретін аурулар анықталған кезде одан әрі тексеру тоқтатылады, маман дәрігер медициналық куәландыру парағын ресімдейді және ӘДК ӘОО-ға түсуге жарамсыздық туралы қорытынды шығарады.

58. Авиациялық персоналды даярлау бойынша ӘОО-ның ұшқыш мамандықтарына түскен кезде алдын ала медициналық куәландыруға:

1) түсті қалыпты сезінетін және әрбір көзге түзетулерсіз көру жітілігі 1,0-ден төмен емес;

2) сыбырлап сөйлеуді естуі 6/6-дан кем емес;

3) артериялық қан қысымы 130/80-нен мм с.б. жоғары емес және 105/60 мм-нан с.б. төмен емес;

4) дене салмағының индексі 18,5-тен төмен емес және дене салмағы 90 кг-нан артық емес;

5) бойы 165 см-ден төмен емес және 186 см-ден артық емес;

6) аяқтың ұзындығы 80 см-ден қысқа емес;

7) қолдың ұзындығы 76 см-ден қысқа емес;

8) отыру қалпында бойы 80 см-ден төмен емес және 93 см-ден артық емес кандидаттар (әскери қызметшілер) жіберіледі.

Армиялық және көліктік авиацияның авиациялық персоналын даярлау бойынша әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарға бойдың шекті ұзындығы – 190 см.

59. Алдын ала медициналық куәландыруға жіберер алдында ҚІБ(Б)-да немесе әскери бөлімдерде осы талаптарға жауап беретін кандидаттарға осы Қағиданың 48, 49, 51-тармақтарына сәйкес медициналық құжаттар ресімделеді және осы Қағиданың 50-тармағында көрсетілген зерттеулерге қосымша мыналар жүргізіледі:

1) он екі жалғамдағы (тыныштықта және дене жүктемесінен кейін) электрокардиография;

2) қалқанша безін, жүрек және несеп-жыныстық жүйесін ультрадыбыстық зерттеу;

3) қантқа және В және С гепатиттерінің маркерлеріне қанды тексеру;

4) тыныштық және циклоплегия жағдайларында скиаскопия немесе рефрактометрия көмегімен түсті сезінуін, көру жітілігін, рефракцияны зерттеу;

5) мұрынмен тыныс алуды, иіс сезуді, құлақтардың барофункциясын, сыбырлап сөйлеуді және сөйлеуді естуді, вестибулярлық және отолиттік аппараттарды зерттеу.

60. Авиациялық персоналды даярлау бойынша ӘОО-ның ұшу мамандықтарына түсетін кандидаттар штаттық емес уақытша әрекет ететін дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясының (бұдан әрі – ДҰК) түпкілікті медициналық куәландыруына жатады.

61. ДҰК-ның маман дәрігерлерінің біреуі оларда ұшуға үйретуге кедергі келтіретін ауруды анықтаған кандидаттар қалған маман дәрігерлердің медициналық тексеруінен өтеді, бірақ арнайы жүктеме сынамаларын орындаудан босатылады.

Ұшуға үйретуге кедергі келтіретін науқастанулар анықталмаған азаматтарға мынадай арнайы зерттеулер: барокамерада биіктік гипоксиясына және барометрлік қысымның төмендеуіне шыдауға сынаулар, вестибулометрия, тоналдық аудиометрия және электроэнцефалография жүргізіледі.

Барокамерада сынауларды және вестибулометрияны бір күнде жүргізуге жол берілмейді.

62. Түпкілікті медициналық куәландыру үдерісінде кандидаттарға қажет болған кезде зертханалық, рентгенологиялық және басқа да зерттеулер қайта жүргізіледі. Диагнозды нақтылау үшін ӘДК (ДҰК) азаматты ӘДК (ДҰК) жұмысы кезеңінде аяқталуы тиіс медициналық ұйымға (әскери-медициналық мекемеге) тексеруге жібереді.

63. Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-на, соның ішінде шетел мемлекеттерінің оқу орындарына түсетін әскери қызметшілерде ол бойынша Талаптарда әскери қызметке жарамдылық санатын дербес бағалау немесе әскери қызметке уақытша жарамсыздық көзделген науқастар болған кезде ӘОО-на түсуге жарамсыз деп танылады.

64. Әскери қызметшіде Талаптармен әскери қызметке шектеулі жарамдылық немесе жарамсыздық көзделген науқастанулар анықталған кезде, маман дәрігер ӘОО-ға түсуге жарамсыздығы және әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау үшін әскери қызмет өткеру орны бойынша тексерілуі және куәландырылуы қажеттілігі туралы қорытынды шығарады.

65. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша штаттық емес уақытша (тұрақты) әрекет ететін ӘДК (ДҰК) ӘОО-ға түсуге жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы қорытынды шығарады. Бұл ретте ӘДК қорытындысын шығаруға негіз болған Талаптардың тармақтарын көрсету қажет.

66. Медициналық куәландыру нәтижелері ӘДК (ДҰК) отырыстарының хаттамалар кітабына, ӘОО-ға түсетін азаматтың медициналық куәландыру картасына, ал әскери қызметшіге соның ішінде медициналық кітапшаға да жазылады.

ӘОО-ға түсуге жарамсыз деп танылған кандидаттарға медициналық куәландыру парағы ресімделеді, ал ӘДК (ДҰК) отырыстарының хаттамалары кітабына жарамсыздық себептерінің толық негіздемесі жазылады.

Жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-ларға түсетін әскери қызметшілерді медициналық куәландыру нәтижелері Қағидаға 2-қосымшаның 8-нысанына сәйкес медициналық куәландыру туралы анықтамамен (бұдан әрі – медициналық куәландыру туралы анықтама) ресімделеді, оның бір данасы бақылау үшін штаттық ӘДК-ға жолданады.

67. Түпкілікті медициналық куәландыру кезінде ӘОО-ға түсуге жарамсыз деп танылған адамдар туралы мәліметтерді штаттық емес уақытша әрекет ететін ӘДК (ДҰК) штаттық ӘДК-ға медициналық куәландыру аяқталғаннан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

68. Түпкілікті медициналық куәландыру кезінде ӘОО-ға түсуге жарамсыз деп танылған әскери оқу орнына түсетін азаматтың медициналық куәландыру картасы мен медициналық куәландыру парағы медициналық куәландыру аяқталғаннан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей алдын ала медициналық куәландырудың сапасын талдау және жақсарту үшін алдын ала іріктеу жүргізген облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) ҚІД, гарнизондық (госпитальдық) ӘДК-ға (ДҰК-ға) жолданады.

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) ҚІД, гарнизондық (госпитальдық) ӘДК (ДҰК) алынған құжаттарды зерделеу нәтижелерін және алдын ала медициналық куәландырудың сапасын жақсарту үшін қабылданған шараларды құжаттарды алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясына (бұдан әрі – ҚР ҚМ ОӘДК) жолдайды.

69. Жоғары оқу орындарында оқитын және әскери кафедраларда запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін іріктелген азаматтарды (бұдан әрі – студенттер) медициналық куәландыруды облыстардың (республикалық (облыстық) маңызы бар қаланың және астананың) тұрақты әрекет ететін медициналық комиссиялары жүргізеді.

Әскери кафедралар студенттерге әскери оқу орнына түсетін азаматтың медициналық куәландыру картасын ресімдейді. Медициналық куәландыру басталғанға дейін студенттер медициналық комиссияға осы Қағиданың 33-тармағы 1, 2-тармақшаларында көрсетілген медициналық құжаттарды, 50-тармағында көрсетілген медициналық зерттеулердің нәтижелерін және әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті ұсынады.

Әскерге шақыру учаскесіне тіркеудің немесе медициналық ұйымдардың мәліметтері бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге кедергі келтіретін созылмалы науқастанулар, дене кемістіктері бар адамдар медициналық куәландыруға жіберілмейді.

Медициналық куәландыру үдерісінде денсаулық жағдайын анықтау үшін көрсеткіштер бойынша қажетті қосымша зертханалық, құралдық зерттеу әдістері жүргізіледі.

Медициналық комиссияның маман дәрігері әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытындыдан кейін Талаптарға сәйкес әскер түрлері мен тектері бойынша арналу көрсеткішін белгілейді.

Әскери оқу-жатығу жиындарының алдында студенттерді медициналық куәландыруды облыстардың (республикалық (облыстық) маңызы бар қаланың және астананың) тұрақты әрекет ететін медициналық комиссиялары жүргізеді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет