Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 89 бұйрығына 1-қосымша
Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағының негізінде әзірленді және өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті;
2) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы (өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету) қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық қарасты ұйым;
3) өтінім - өнертабысқа инновациялық патент және патент беруге өтінім;
4) инновациялық патент беруге өтінімге сараптама - өнертабыстың «локальдық жаңалығы» және «өнеркәсіптік қолданылуы» патенттік қабілеттік шарттарына сәйкестігін тексеру;
5) өнертабысқа патент беруге өтінімге сараптама - формалдық сараптама және өнертабыстың мәні бойынша сараптама;
6) конвенциялық өтінім - 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіптік
меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес берілген өтінім;
7) халықаралық өтінім - 1970 жылғы 19 маусымдағы Патент кооперация (Patent Cooperation Treaty, әрі қарай - РСТ) туралы шартына сәйкес берілген өтінім;
8) евразиялық өтінім - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына сәйкес берілген өтінім.
2. Өнертабысқа инновациялық патент немесе патент беруге арналған өтінімдерді жасау, ресімдеу және беру тәртібі
3. Өнертабысқа өтінім өнертабыстың авторы, өнертабыс авторына жұмыс беруші, олардың құқықтық мирасқорлары немесе аталған тұлғалардың аралығында өзара келісімі болған жағдайда өнертабысқа өтінім беруге құқылы (бұдан әрі - өтінім беруші).
4. Өнертабыстың авторы - шығармашылық еңбек еткен жеке тұлға, өтінімді беруге және келесі жағдайларда инновациялық патент немесе патент алуына болады:
егер өнертабыс қызметтік болып табылмаса;
егер өнертабыс қызметтік болып, бірақ автор мен жұмыс берушінің арасындағы келісіммен инновациялық патентті немесе патентті алуға автордың құқығы көзделген жағдайда, сондай-ақ автордың жаңадан жасалған қызметтік өнертабысы туралы хабарлаған күннен бастап жұмыс беруші төрт ай ішінде сараптама жасау ұйымына бермесе, басқа тұлғаға өтінімді беру құқығын бермесе және авторға өнертабыстың құпиясын сақтау туралы хабарламаса.
Өтінімді беру құқығын қандай да бір құжатпен растау талап етілмейді.
5. Өтінімде келесі құжаттар болуы тиіс:
өнертабыс авторлары және өнертабысқа инновациялық патент немесе патент сұратылып отырған тұлғалардың атын көрсете отырып, инновациялық патентті беру туралы өтінім немесе патент беру туралы өтінім, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан орны;
тиісті білім саласында маманмен жүзеге асырылатын өнертабыстың жеткілікті толық ашылған сипаттамасы;
оның мәнін білдіретін және өнертабыс нысанын анықтайтын өнертабыс формуласы. Формула түсінікті, нақты болуы керек және сипаттамаға негізделуі тиіс;
егер өнертабыс мәнін түсінуге қажетті болса сызбалар мен өзге де материалдар;
реферат;
іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда - сенімхат.
6. Өтінімге қоса берілетін құжаттар:
1) Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім беруге ақы төленгенін растайтын құжат.
Белгіленген мөлшерден аз төленген жағдайда, төлемді растайтын құжаттан басқа, сондай-ақ оның мөлшерін азайту негізін растайтын құжат тапсырылады. Аталған құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсырылуы мүмкін. Сәйкес ақы төленген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек;
2) алғашқы өтінім көшірмесі өтінімге конвенциялық басымдығын сұратумен тіркеледі және ол конвенциялық өтінім сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап алты айдан кешіктірілмей тапсырылады. Егер алғашқы өтінімдер бірнешеу болса, осы өтінім көшірмелерінің барлығы тіркеледі.
Конвенциялық өтінімді басқа өтінім беруші берген жағдайда басымдық құқығын пайдалануға алғашқы өтінімге өтінім берушінің рұқсаты қоса беріледі.
Алғашқы өтінім берілген күннен бастап он екі ай мерзім өткен соң, бірақ он екі айлық мерзім өткеннен кейін екі айдан кешікпей түскен өтінім бойынша конвенциялық басымдық сұрату кезінде өтінімге, көрсетілген он екі айлық мерзімде өтінім берушіге қатысты емес кедергі болған жағдай көрсетілген құжат және осы жағдайдың болғанын растайтын құжат, ол туралы сараптама жасау ұйымы хабардар деген негіз болмаса, қоса беріледі.
Конвенциялық басымдықты анықтау туралы өтінім өтінім беру кезінде (өтінімнің тиісті бағанында өнертабысқа инновациялық патент ӨН-1И.П. немесе өнертабысқа патент беру ӨН-1П. туралы келтіріледі) немесе өтінім сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсырылуы мүмкін;
3) депозиттеу туралы құжат, оған ресми уәкілетті коллекция-депозитарийда микроорганизмнің жаңа штаммына, өсімдіктер мен жануарлардың жасаушасына жататын өнертабысқа берілген өтінімге қоса беріледі. Бұл құжат (депозиттеу туралы төлқұжаттың расталған көшірмесі) өтініммен бір мезгілде немесе өтінім сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей тапсырылады. Депозиттеу күні өнертабыс басымдығы күнінен алда болуға тиіс;
4) нуклеотидтер мен/немесе аминқышқылдары тізбегінің тізілімі бар өтінімге Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (бұдан әрі - ДЗМҰ) ST.25 стандарты талаптарын қанағаттандыратын, сол тізбек тізілімінің көшірмесі бар машина оқитын ақпарат көзі (дискета) және машина оқитын нысанда берілген ақпараттың қағазға басылған нысанға сәйкестігіне қатысты өтінім берушінің қолы қойылған өтінім беріледі;
5) жазбаша түрде берілген өтінімге электронды тасымалдаушыдағы оның көшірмелері қоса беріледі. Бұл ретте өтінім беруші мәтіннің баспа түрі мен электронды тасымалдаушыдағы сәйкестігі туралы ресми мәлімдеме береді.
7. Өнертабысқа инновациялық патент беру немесе патент беру туралы өтінім мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде тапсырылады. Өтінімнің өзге құжаттары мемлекеттік, орыс немесе басқа тілдерде тапсырылады. Егер өтінімнің өзге құжаттары басқа тілде тапсырылса, өтінімге олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі. Сараптама жасау ұйымына құжаттары басқа тілдегі өтінім түскен соң, екі ай ішінде өтінім беруші аударманы тапсырады. Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек. Белгіленген уақытта аударма берілмесе, өтінім берілмеген болып танылады.
8. Инновациялық патент беру немесе патент беру туралы өтінім төрт данада, өнертабыс мәнін түсінуге қажетті өнертабыс сипаттамасы, өнертабыс формуласы, сызбалар және өзге материалдар, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған реферат үш данада тапсырылады. Басқа тілде толтырылған сол құжаттар бір данада, ал олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы үш данада тапсырылады. Қалған құжаттар және олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы, егер олар басқа тілде толтырылса, бір данада тапсырылады.
9. Өнертабысқа өтінім өнімге жататын тәсілге кез келген саладағы техникалық шешімге, сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа бағыт бойынша немесе жаңа өнімді белгілі бағытта қолдануға берілуі мүмкін.
Өнертабыс нысаны ретінде өнім болып табылатындар, атап айтқанда, құрылғы, зат, биотехнологиялық өнім, соның ішінде микроорганизмнің штаммы, өсімдіктер мен жануарлар жасушасы.
1) өнертабыс нысаны ретінде құрылғыға конструкциялар мен бұйымдар жатады.
Құрылғыны сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
құрылым (құрылымдар) элементінің (элементтерінің) бар болуы;
элементтер арасындағы байланыстың бар болуы;
элементтердің өзара орналасуы;
элемент (элементтер) немесе құрылғының тұтастай орындалу нысаны;
элементтер арасындағы өзара байланысты жасау нысаны;
элемент (элементтер) немесе толықтай құрылғы жасалған материал;
элемент қызметін атқаратын орта;
2) өнертабыс нысаны ретіндегі заттарға жататындар:
химиялық қосылыстар;
композициялар (құрамдар, қоспалар);
ядролық айналу өнімдері.
Химиялық қосылыстардың сипаттамасы ретінде келесі белгілер пайдаланылады:
құрылымы белгіленген төменгі молекулярлық қосылыстар үшін - сапалық құрамы (нақты элементтердің атомдары), сандық құрамы (әрбір элементтің атомдар саны), атомдар арасындағы байланыс және химиялық құрылымдық формулада берілген олардың молекулада өзара орналасуы;
құрылымы белгіленген жоғары молекулярлық қосылыстар үшін - макромолекула элементарлық тізбегінің құрылымдық формуласы, макромолекуланың тұтас құрылымы (желілік, тарамдалған), қарапайым тізбектердің саны немесе молекулярлық масса, молекулярлық-массалық бөлу, макромолекуланың геометриясы және стереометриясы, олардың шеттік және бүйірлік топтары, полимерлестер үшін - қосымша мономерлес топтардың арақатысы және олардың мерзімділігі;
құрылымы анықталмаған қосылыстар үшін - осы қосылысты басқалардан ажыратуға қажетті физика-химиялық және өзге де сипаттар (оның ішінде алу тәсілі белгілері).
Композицияны сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
сапалық құрам (ингредиенттердің бар болуы);
сандық құрам (ингредиенттердің мазмұны);
композиция құрылымы;
ингредиенттер құрылымы.
Құрылымы анықталмаған композицияны сипаттау үшін олардың физика-химиялық, физикалық және пайдалы көрсеткіштері мен алу тәсілі белгілері пайдаланылады.
Ядроға айналдыру жолымен алынған заттарды сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
сапалық (элемент изотопы (изотоптары) және сандық (протондар мен нейтрондар саны) құрамдары;
негізгі ядролық сипаттамалар: жартылай ыдырау кезеңі, сәулелендірудің үлгісі мен энергиясы (радиоактивті изотоптар үшін).
3) өнертабыс нысаны ретіндегі биотехнологиялық өнімдерге табиғи қоршаған ортадан шыққан немесе басқа тәсілдермен алынған өнімдер жатады.
Өнертабыстың объектісі ретінде биотехнологиялық өнімдерге келесілер жатады:
тірі нысандар, атап айтқанда, өсімдіктер, жануарлар, Заңның 2-бабының 2-тармағында және 6-бабының 3-тармағында көрсетілгендерден басқа және микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлардың жасушасы және өсімдіктер мен жануарлардың ағзасынан бөлінген немесе басқа тәсілдермен алынған басқа элементтер, микроорганизмдердің штаммы, өсімдіктер мен жануарлардың жасушасы;
тірі емес нысандар, атап айтқанда, өсімдіктерден, жануарлардан не микроорганизмдерден немесе басқа тәсілмен алынған гормондар, цитокиндер, ферменттер, антигендер, антиденелер, нуклеин қышқылдарының тізбегі, плазамидтер, векторлар, т.б. тұрады.
Өсімдіктер мен жануарларды сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
мақсаты;
шығу тегі және алу тәсілі;
таксономикалық тәнділігі;
пайдалы қасиеті;
генотип және/немесе фенотиптің ерекшеліктері;
өсімдік немесе жануардың генетикалық конструкция ерекшеліктері;
өсімдік немесе жануардың құрылымдық элементтерінің ерекшеліктері;
өсімдік немесе жануарды продуцирует пайдалы зат туралы мәліметтер және өнімділік деңгейі;
көбею ерекшеліктері;
пайдалы қасиетті сақтау тұрақтылығы.
Микроогранизмдер штаммдары, өсімдіктер немесе жануарлар жасушалар культурасын сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
мақсаты;
шығу тегі (алу тәсілі, тектілік штаммасы, бөліну көзі немесе ата-аналық штаммаларының сипаттамасы);
таксономикалық тәнділігі;
культуралдық-морфологиялық белгілері;
физиологиялық-биохимиялық белгілері;
цитологиялық белгілері;
молекулярлық-биологиялық белгілер;
маркерлік белгілері (генетикалық, иммунологиялық, биохимиялық, физиологиялық);
онкогенділігі (медициналық және ветеринарлық саладағы штаммдар мен жасушалар үшін);
биотехнологиялық сипаттама: штамм немесе дақылмен өңделген пайдалы заттың атауы мен қасиеті, белсенділік (өнімділік) деңгейі және оны анықтайтын тәсілдер;
ұзақ пайдалану кезіндегі пайдалы қасиеттің сақталу тұрақтылығы туралы мәліметтер;
вируленттілік, иммуногендік, антигендік құрылым, антибиотиктерге сезімталдық, қарама-қайшы қасиеттер (медициналық және ветеринарлық саладағы штаммдар мен жасушалар үшін);
көбею ерекшеліктері;
гибридтеу қағидаты (гибридті микроорганизмдер штаммдары үшін);
криоконсервация туралы мәліметтер.
Өсімдіктер немесе жануарлар жасушалары өскіндерінің сипаттау үшін қосымша үшін келесі белгілер пайдаланылады:
пассаждар саны;
кардиологиялық сипаттамасы;
өсу (кинетикалық) сипаттамалары;
жануар организмінде өсіру (гибрид үшін) сипаттамасы;
морфогенезге қабілеттілігі (өсімдіктер жасушалары үшін).
Микроорганизмдер консорциумының, өсімдіктер немесе жануарлар жасушалары өсімдіктерінің сипаттамасы үшін жоғарыда аталған белгілерге қосымша келесі белгілер пайдаланылады:
бейімдеу және селекция факторы мен жағдайы;
таксономикалық құрам;
жеке компоненттердің сәйкестілігі мен алмастырғыштылығы;
культуралдық-морфологиялық белгілері, цитологиялық белгілері, физиологиялық-биохимиялық және жеке компоненттердің басқа да белгілері;
тұрақтылығы және/немесе бәсекеге қабілеттілігі;
консорциумның жалпы физиологиялық ерекшеліктері.
Тірі емес нысандарға жататын биотехнологиялық өнімдерді сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
құрылымы белгіленген немесе жартылай белгіленген өнімдер үшін - құрылымдық формула немесе құрылым ерекшеліктері, соның ішінде нуклеин қышқылы (мысалы, гендер, ген фрагменттері) үшін нуклеотидтердің бірізділігі, белоктар, полипептидтер, пептидтер үшін аминоқышқылдардың бірізділігі, құрама элементтердің болуы мен орналасу тәртібі, соның ішінде реттейтін және код беретін салалар, сайттер және плазмид, вектор, генетикалық конструкция, рекомбинант және гибридтік молекулалар үшін;
құрылымы белгіленбеген өнімдер үшін физика-химиялық және өзге қасиеттері, соның ішінде осы өнімдерді теңдестіретін алу тәсілінің белгілері оларды басқа белгілі өнімдерден айырады.
Биотехнологиялық өнімдердің барлығы үшін олардың жасайтын қызметі немесе белсенділік түрі мен шыққан тегі көрсетіледі.
4) материалдық объектілердің көмегімен материалдық объектілерге іс-әрекеттердің орындалу үдерісі өнертабыс объектісінің тәсілі болып табылады.
Тәсілді сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
іс-әрекеттердің бар болуы немесе іс-әрекеттер жиынтығы;
осындай іс-әрекеттердің уақыт ішіндегі орындалу тәртібі (бірізділікті, бір уақытта, әр түрлі тіркесімде);
іс-әрекеттерді жасау шарты, тәртібі;
заттектерді (әуелгі шикізатты, реагенттерді, катализаторларды), құрылғыларды (приспосболени, аспаптар, жабдықтар), микроорганизмдердің штаммдары, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының өскіндерін пайдалану.
5) өнертабыс нысаны ретінде белгілі өнім немесе тәсілді жаңа бағытта қолдануға олардың өзге бағытымен сәйкес пайдаланылуы жатады.
6) жаңа бағытта қолдануға қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін заттектердің (табиғи және жасанды түрде алынған) алғашқы қолданылуы, яғни мұндай бағыты айқындалмаған табиғи заттектердің, экспериментте алынған заттектердің, өндіріс қалдықтарының қайта пайдалану бағытын белгілеу теңестіріледі.
Бұрыннан белгілі өнім немесе тәсілді жаңа бағыттағы жаңа өнімнің қолданылуын сипаттау үшін қолданылатын объектінің оны теңестіру үшін қажетті қысқаша сипаттамасы және осы жаңа бағытты көрсету пайдаланылады.
10. Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес мыналар:
жаңалықтар, ғылыми теория мен математикалық әдістер;
шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдістері;
шартты белгілер, кестелер, ережелер;
ақыл-ой операцияларын атқарудың, ойын жүргізудің ережелері мен әдістері;
есептегіш машиналарға арналған бағдарламалар және сондайлық алгоритмдер;
құрылыстар, ғимараттар, аумақтар жоспарлануының жобалары мен схемалары;
бұйымның сыртқы түріне ғана қатысты ұсыныстар;
қоғамдық мүдделерге, ізгілік және моральдық қағидаттарға қайшы келетін ұсыныстар өнертабыстар болып танылмайды.
Өзге де зияткерлік меншік объектілерін (селекциялық жетістіктерді, интегралдық микросхемалар топологияларын, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердің атауларын) қорғау Қазақстан Республикасының заң актілерімен реттеледі.
11. Өтінім өзара байланысы соншалықты ортақ өнертабыс мәнін құрайтын бір өнертабысқа немесе өнертабыстар тобына қатысты ортақ ойлап тапқыштық түпкі ой пайда болады.
Егер:
өнертабыс формуласында бір өнертабыс сипатталса;
өнертабыс формуласында өнертабыстар тобы сипатталса;
бірі екіншісін алуға (даярлауға) бағытталған (мысалы, құрылғы немесе заттекті және құрылғыны немесе заттекті тұтастай немесе олардың бөлігін алу (даярлау) тәсілі);
бірі екіншісін жүзеге асыру үшін бағытталған (мысалы, тәсіл және тәсілді тұтастай жүзеге асыратын құрылғы немесе оның іс-әрекетінің бірі);
бірі екіншісін (екіншісінде) пайдалануға бағытталған (мысалы, тәсілде пайдалануға бағытталған тәсіл мен заттек; тәсіл немесе құрылғы және оның бөлігі; құрылғыны немесе заттекті жаңа бағыты бойынша қолдану және оларды осы бағытына сәйкес пайдалану тәсілі; құрылғыны немесе заттекті жаңа бағыты бойынша қолдану және олар құрамдас бөлігі болып табылатын құрылғы немесе композиция);
бір бағыттағы объектілерге жататын (бірнеше құрылғылар, бірнеше заттектер) бір ғана техникалық нәтиже (нұсқаларды) алуды қамтамасыз ететін біркелкі болса, өнертабыс бірлігі сақталған болып танылады.
12. Инновациялық патент немесе патент беру туралы өтінім келесідей толтырылады:
1) өнертабысқа инновациялық патент немесе өнертабысқа патент беру туралы өтінім (бұдан әрі - өтінім) өнертабысқа инновациялық патент беруге арналған өтінімді бергенде немесе патент беруге арналған өтінім бергенде беріледі және Ереженің 1 және 2-қосымшаларын
Достарыңызбен бөлісу: |