Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/3
Дата28.12.2016
өлшемі1.21 Mb.
#667
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.04

/03-2013


ПОӘК

«адам анатомиямсы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 2 басылым

10.01.2013 ж.



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

«Адам анатомиясы»

Биология 5В011300 мамандығы

2-ші курс студенттеріне арналған

Семей 2013ж

Мазмұны.


  1. Дисциплина бойынша глоссарий …………………………………….

  2. Дәрістің қысқашы мазмұны ………………………………………….

  3. Лабораторялық тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар ………………………………………………………………

  4. СӨЖМ әдістемелік нұсқаулар ……………………………………….

  5. СӨЖ әдістемелік нұсқаулар ………………………………………….

  6. Межелік бақылау тапсырмалары-- тестер жинағы


ДӘРІСТІК САБАҚТЫҢ ТЕЗИСТЕРІ:

Тақырып 1. Адам анатомиясына кіріспе. Жасуша, оның құрылысы. Ұлпа, оның құрылысы. Ұрық жапырақшалары.

Адам анатомиясы медицина ілімінің негізі болып саналады. Адам анатомиясы дененің пішінін, мүшелердің құрылысын, өсуін және оның сыртқы ортамен қатынасын зерттейді. Анатомия мен спорттық морфология бір-бірімен өте тығыз байланысты. Жалпы анатомия адам денесіндегі тірек-қимыл аппаратының құрылысын зерттеп, дене тәрбиесі және спортқа қажетті ақпараттар береді.

Анатомия және спорттық морфология ғылымының дамуына сипаттама. Пәннің негізгі бөлімдері, басқа ғылымдармен байланысы. Анатомия және спорттық морфология физиология, гистология, цитология, биология ғылымдарымен тығыз байланысты. Курстың болашақ мамандар дайындауға тигізетін маңызы. Жасушаға жалпы сипаттама. Органоидтар. Жасушаның негізгі қызметі, көбеюі, тіршілігін жоюы.

Адам ағзасындағы ұлпаның құрылысы, дамуы және қызметі. Тірек-қимыл аппаратын түзетін мүшелер ұлпасына сипаттама.

Жыныс жасушаларының дамуы (гаметогенез). Сперматогенездің 4 кезеңі. Овогенездің 3 кезеңі.

Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4)

Қосымша әдебиеттер: (7,8,9,10,18)
Тақырып 2. Остеология. Қаңқа, оның қызметі. Сүйек мүше ретінде. Сүйектердің байланысу түрлері және жіктелуі.

Сүйек дененің негізгі тіреуіші ретінде. Сүйек ұлпасы. Сүйек майы қан жасап шығарушы мүше, сүйекті қоректендіруші. Сүйектің қызыл майы. Сүйектің химиялық құрамы. Қаңқа –адам денесіндегі барлық сүйектердің жиынтығы. Қаңқаның биологиялық маңызы. Қаңқаның негізгі бөліктері. Омыртқа жотасы. Мойын, кеуде, бел, сегізкөз омыртқалары. Құйымшақ, төстік, Қабырғалар. Кеуде қуысы. Иық белдеуі мен қолдың еркін қимылдайтын сүйектері. Аяқ сүйектері.

Мықын, отырықшы, шат, жамбас асты, жамбастың үлкен және кіші астаулары.

Аяқтың еркін қимылдайтын сүйектері. Сан сүйегі, тізе тобығы, балтырдың үлкен және кіші жіліктері, аяқ басының сүйектері. Сүйектің тікелей және үзіліп бірігуі. Омыртқа жотасының бірігуі. Иық белдеуі мен қолды еркін қимылдайтын сүйектерінің буындары. Иық белдеуінің буындары. Иық буыны. Шынтақ буыны. Жамбас астауының буындары. Аяқтың еркін қимылдайтын сүйектерінің буындары. Ұршық буындары. Тізе буыныы. Тілерсек буыны.

Негізгі әдебиеттер: (1, 2, 3, 4, 5, 6.)

Қосымша әдебиеттер: (7, 8, 9, 10.)


Тақырып 3. Омыртқа жотасы. Төстік. Қабырға. Бас қаңқасы. Ми сауытының сүйектері, жіктері. Бет сүйектері.

Омыртқа жотасы 33 омыртқадан, 5 бөлімнен тұрады. Омыртқа серпімді шеміршек арқылы біріккен. Огмыртқаның өсінділері. Мойын омыртқалары. Мойын омыртқасының саны – 7. Мойын омыртқасының басқалардан ерекшеліктері. Мойын омыртқасының құрылысы. Кеуде омыртқасы. Құрылысы. Бел омыртқасы –5 омыртқадан тұрады. Олар бір-бірімен тығыз байланысқан. Сегізкөз омыртқасы. Орналасуы. Құрылысы. Құйымшақ 4-5 жетілмеген омыртқадан тұрады. Оның атқаратын қызметі. Мойын және бел омыртқасы. Кифоз. Атқаратын қызметі. Төстік – кеуек, кемікті сүйек болып табылады. Оның негізгі бөліктері. Қабырғалар –12 жұп, иілген, ұзын сүйектер. Қабырғаның құрылысы. Орналасуы. Негізгі бөліктері. Атқаратын қызметі. Кеуде қуысының құрылысы. Бас қаңқасында үлкен ми, көру, есту, тепе-теңдік, иіс сезу мүшелері және ауыз, мұрын қуыстары орналасқан. Бас қаңқасы ми сауыты мен бет сүйегінен тұрады. Ми сауытының сүйектері: екі жұп, төрт тақ жалпақ сүйек. Олардың жіктері. Шүйде сүегі. Шүйде сүйегінің құрылысы. Сына сүйек. Құрылысы. Оның өсінділері. Самай сүйегі. Құрылысы. Орналасуы. Төбе сүйегі. Маңдай сүйегі. Торша сүйек. Құрылыстары. Бет сүйектеріне алты жұп, үш тақ сүйектер кіреді.

Жоғарғы және төменгі жақтар. Таңдай сүйегі. Таңдай сүйегі. Бет сүйегі. Көзжас сүйегі.

Мұрын сүйегі. Төменгі жақ. Тіласты сүйегі. Бас қаңқасының бірігуі. Оның түрлері. Самай. Бас сүйегінің адамның жасына және жынысна байланысты ерекшеліктері.

Негізгі әдебиеттер: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 9-18


Тақырып 4. Иық белдеуі мен қолдың еркін қөимылдайтын сүйектері, буындары. Жауырын. Аяқ қаңқасы. Жамбас белдеуінің сүйектері.

Қол қаңқасы: иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуінің орналасуы. Қолдың қаңқасының құрылысы. Иық белдеуінің сүйектері. Бұғана сүйегі. Құрылысы. Жауырын – жазық үшбұрышты сүйек. Жауырынның құрылысы. Орналасуы. Қолдың еркін сүйектерінің негізгі бөлімдері. Қар сүйегі. Оның құрылысы. Білек сүйектері нің құрылысы: шынтақ сүйегі, кәрі жілік. Шыбық сүйегі. Құрылысы, орналасуы. Қол басын сүйектерінің негізгі бөлімдері. Білезіктің ұсақ сүйектері. Алақан сүйектері. Саусақ сүйектері. Иық буынының негізгі бөлімдері. Буындағы қимыл бағыттары. Шынтақ буындары. Орналасуы. Аяқ сүйектері – жамбас белдеуі мен аяқтың еркін қозғалатын сүйектерінен тұрады. Жамбас белдеуінің сүйектері. Мықын сүйегі. Отырықшы сүйек. Жамбас астауы. Жамбастың үлкен және кіші астауы. Олардың өлшемдері. Аяқтың еркін қимылдайтын сүйектері. Сан сүйегі, ортан жілік. Тізе тобығы. Балтыр сүйектері. Балтырдың үлкен және кіші жіліктері. Аяқ басының сүйектері.

Негізгі әдебиеттер: 1-8.

Қосымша әдебиеттер: 9-18



Тақырып 5. Бұлшық еттер жүйесі (миология). Тұлғаның бұлшық еттері. Арқаның бұлшық еттері.

Адам денесіндегі түрлі қимылдар қеңістікте денені белгілі бір қалыпта ұстап тұрубұлшық еттердің қызметі нәтижесінде іске асады. Бұлшық ет қызметінің адам ағзасында атқаратын ролі. Адам денесіндегі бұлшық ет саны.

Бұлшық ет - өзіне тән пішіні, атқаратын қызметі бар дененің мүшесі.

Ол бұлшық ет ұлпасынан, борпылдақ және қатты дәнекер ұлпалардан, қан тамырлары мен жүйке ұлпаларынан тұрады.

Бұлшық ет ұлпасының түрлері. Қаңқаның бұлшық еті. Бұлшық ет

жүйелерінің атқаратын қызметі. Бұлшық еттің пішіні. Тұлғаның бұлшық еттері арқа, кеуде, іш бұлшық еттері болып үш топқа бөлінеді. Арқаның бұлшық еттерінің сипаттамасы. Арқаның өте жалпақ бұлшық еті. Үлкен және кіші ромбы тәрізді бұлшық еттер. Жауырынгды көтеретін бұлшық ет. Жоғарғы және төменгі артқы тісті бұлшық ет. Арқаның терең орналасқан бұлшық еттері. Арқаның шандырлары. Кеуденің бұлшық еттері мен шандырлары. Кеуденің үлкен және кіші бұлшық еттері. Кеуде шандырлары. Іштің бұлшық еттері. Іштің сыртқы және ішкі қиғаш бұлшық еттері. Іштің көлденең, тік, шаршы бұлшық еттері. Іштің шандырлары.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.
Тақырып 6. Бастың, мойынның және тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер.

Бастың бұлшық еттері екі топқа бөлінеді:шайнау және ымдау. Шайнау бұлшық еті. Самай бұлшық еті. Атқаратын қызметтірі. Латеральды қанатша бұлшық ет. Орналасуы, атқаратын қызметі. Медиальды қанатша бұлшық ет. Орналасуы. Атқаратын қызметі. Ымдау бұлшық еттері. Артықшылығы. Ми сауытының бұлшық еттері: ми сауытының сіңірлі жапқышы, қасты бір-біріне жақындатушы, оны бір-біріне түйетін бұлшық еттер, көз аймағының бұлшық еттері: көздің дөңгелек бұлшық еті. Ауыз аймағының бұлшық еттері: ауыздың дөңгелек, жоғары ерінді көтеретін тоөменгі ерінді түсіруші, иек, ұрт, күлкі, мұрын құлақ бұлшық еттері, атқаратын қызметі, орналасуы. Мойынның бұлшық еттері. Мойынныңғ беткейдегі бұлшық еттері: мойынның тері асты, бұғана-төс, емізік бұлшық еттері. Тіл асты сүйегінің төмендегі және жоғарысындағы бұлшық еттері. Тіласты сүйегінен төмендегі бұлшық еттер. Мойынның тереңдегі бұлшық еттері.

Негізгі әдебиеттер: 1-10.

Қосымша әдебиеттер 11-18.

Тақырып 7. Қолдың және аяқтың бұлшық еттері.

Иық белдеуінің бұлшық еттері иық буынның айналасын қоршап, оны түрлі қимылға келтіреді. Бұлшық еттер иық белдеуінің сүйектерінен басталып қар сүйегіне жабысады. Дельта

тәрізді, қыр үсті және асты, кіші домалақ үлкен домалақ, жауырын асты, бұлшық еттері: орналасуы, атқаратын қызметі. Қолдың еркін қимылдайтын сүйектерінің бұлшық еттері: тоқпан жілік, екі басты, құстұмсық иық, иық бұлшық еттері. Артқы топтағы бұлшық еттер: үшбасты, білектің шыбығының бұлшық еттері. Білектің бұлшық еттері. Тоқпан жілік, шыбық бұлшық еттері. Дөңгелек пронатор. Атқаратын қызметтері. Орналасуы. Алақанның ұзын бұлшық еті. Шынтақтың білезікті бүгетін бұлшық еті. Саусақтарды бүгуші беткейдегі бұлшық ет. Білектің тереңдегі бұлшық еттері. Атқаратын қызметтері. Білектің артқы топтағы бұлшық еттері. Қол басы бұлшық еттері. Алақанның латераль топтағы бұлшық еттері. Қол басының орта топтағы бұлшық еттері. Иық пен қолдың шандырлары. Жамбас және аяқтың бұлшық еттері. Мықын белдеуінің бұлшық еттері. Жамбастың үлкен, орта және кіші бұлшық еттері. Аяқтың еркін сүйектерінің бұлшық еттері. Санның бұлшық еттері. Балтырдың бұлшық еттері. Аяқ басының бұлшық еттері.

Негізгі әдебиеттер: 1-10.

Қосымша әдебиеттер: 11-18.
Тақырып 8. Бұлшық еттің қызметіне жалпы сиппатама. Бұлшық еттің жұмысы. Треқ қимыл аппаратының 1-ші, 2-ші, 3-ші тартылу турлері.

Бұлшық ет – ерекше күрделі мүше. Бұлшықеттердің жұмысына негіз болатын бұлшық ет тканінің негізгі қасиеті оның жиырылғыштығы болып табылады. Бұлшық ет жиырылғанда қысқарып, бекіген екі нүкте өзара жақындайды. Осылай әрекет ете бұлшық ет белгілі бір күшпен тартадыда, жүкті қозғалтып, белгілі мөлшердегі механикалық жұмысты атқарады. Буындарда бұлшықеттердің әсерінен қозғалатын сүйектер механикалық тұрғыдан рычагтар дейді.

Әдебиеттер 1-18

Тақырып 9. Ішкі мүшелер (спланхнология). Ас қорыту және тыныс алу жүйелері.

Ішкі органдарға ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару, жыныс органдары мен ішкі секрециялық бездер жатады. Бұл органдар жүйелері көкірек, құрсақ және жамбас қуысында жатқандықтан, оларды ішкі органдар деп атайды. Ас қорыту жүйесі ұзына бой жатқан түтік тәрізді, оның ішкі қабырғасы қоректік заттармен тығыз байланысты келеді. Ас қорыту жүйесінің негізгі топтары: ас қорыту жолдары және ас қорыту бездері. Ас қорыту жолының құрылысы. Ас қорыту жолдарының негізгі қабаттары. Ауыз қуысы. Қызыл иек, ұрт. Қатты және жұмсақ таңдай. Тіл. Оның құрылысы. Атқаратын қызметі. Тістер. Түрлері. Құрылысы. Атқаратын қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Жұтқыншақ: құрылысы, атқаратын қызметі. Өңеш: құрылысы, түрлері, атқаратын қызметі. Асқазан: негізгі бөліктері, құрылысы, атқаратын қызметі. Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті. Бауыр. Атқаратын негізгі қызметі. Бауырдың ішкі құрылысы. Өт қуығы, құрылысы, атқаратын қызметі. Ұйқы безі: құрылысы, атқаратын қызметі. Жіңішке ішек. Тоқ ішек. Құрылысы. Атқаратын қызметі. Тыныс алу жүйесі. Оның негізгі сипаттамасы. Тыныс алу процесінің жүруі. Мұрын. Мұрын қуысы. Көмекей, құрылысы, атқаратын қызметі. Кеңірдек. Бас бронхтар, құрылысы, атқаратын қызметі. Өкпе. Құрылысы. Атқаратын қызметі. Тыныс алу физиологиясы. Тыныс алу түрлері. Ерекше жағдайдағы тыныс алу.

Негізгі әдебиеттер: 1-18

Тақырып 10. Зәр шығару жүйесі. Аталық және аналық жыныс мүшелері.

Бүйрек, несеп ағар, қуық, несеп түтігі құрылысы, қызметі. Зәрдің пайда боуының 2 сатысы. Зәрдің құрамы, мөлшері.

Аталық ішкі – жыныс бездері, оның қосымшасы, шәует көпіршігі, қуық асты безі, бульбоуретал бездер, шәует шығарушы жолдарының құрылысы, қызметі. Аталық сыртқы - - ұма, жыныс мүшесі, шат аралығының құрылысы, қызметі.

Аналық ішкі – жыныс безі, жатыр, қынап, жатыр түтігінің құрылысы, қызметі. Аналық сыртқы – үлкен және кіші


жыныстық ерін, клитор, сүт безінің құрылысы, қызметі.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.



Тақырып 11. Ангиология. Қан айналу жүйесіне жалпы шолу. Жүрек, оның құрылысы, қызметі. Жүректің өткізгіш жолыдары.

Қан тамырлар жүйесіне жүрек, қан және сарысу тамырлары, иммунды жүйелер жатады. Тамырлар жүйесінің қызметі зат алмасу, газ алмасу,гормондар тасымалдау т.б. Жүрек орталық мүше болып есептеледі. Жүрек миокардының ерекше жиырылғыштығыны, оның өткізгіш жолдарына байланысты.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 12. Үлкен және кіші қан айналу шеңбері. Қолқа.

Жүректің қан тамырлар жүйесіндегі жүрек, қан, лимфа тамырларының құрылысы, қызметі. Артерияның ішкі, орталық және сыртқы қабаттарының құрылысы, қасиеті. Коллатерал қан тамырлары, анастомоздар. Қан тамырына жүйкенің әсері. Үлкен және кіші қан айналым шеңбері. Қолқаның көкірек бөлігі, іш қолқасы, оның қабырғалық артерия қан тамыры. Үлкен қан айналыс шеңберінің вена қан тамыры. Бас пен мойынның вена қан тамыры. Қолдың вена қан тамырлары. Қолдың беткейдегі және тереңдегі вена қан тамыры. Кеуде қуысының вена қан тамыры. Төменгі қуыс вена жүйесі. Аяқтың вена тамыры және қақапа венасы. Лимфа жүйесі, тамырлары және түйіндері мен бездері. Аяқтың лимфа бездері. Иммунитет, оның түрлері.

Негізгі әдебиеттер: 1-10.

Тақырып 13. Жүйке жүйесі (неврология). Жұлын.

Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы. Рефлекс доғасы. Рефлекестің жіктелуі. Жүйкенің басты қасиеттері. Свинапс туралы ұғым. Жүйке орталығы. Жұлын, оның сұр заты. Жұлынды қоректендіретін қан тамырлары. Жұлынның өткізгіштік қызметі.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 14. Ми. Ми бөлімдері.

Үлкен ми сыңарының дамуы. Адамның үлкен миының 3 бөлімі: 1.үлкен ми сыңары; 2. Ми діңгегі; 3.мишықтың құрылысы, қызметі, бөлімдері.Сопақша мидың құрылысы, қызметі, орналасуы. Оның ақ және сұр заттары. Артқы мидың 2 бөлігінің құрылысы, қызметі. Мишық бөлімінің құрылысы, ромб тәрізді шұңқыр. Орталық мидың ми аяғы мен 4 төмпешігі. Көрудің және естудің қыртыс асты орталығы. Орталық мидың атқаратын қызметі. Аралық мидың таламус (көру төмпешігі), эпиталамус, метаталамус, гипоталамус бөлімдерінің атқаратын қызметтері. Жұлын ми сұйықтығының негізгі атқаратын қызметі. Миқабықтары сыртқы қатты қабық, ортадағы торлы және ішкі тамырлы қабықтардың құрылысы, қызметі.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 15. Орталық және шеткі жүйке жүйесі. Вегетативті жүйке жүйесі.

Бас мидан 12 жұп жүйке шығады. 12 жұп жүйке қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді. Ол: қимылдық, сезгіш және аралас топтар. Адамнан 31 жұп жұлын жүйкесі шығады. Ол 8мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ жүйкелері. Мойын өрімі сезім талшықтары 4 жүйке тармағына бөлінеді. Кеуде немесе иық өрімінің 5 жүйке тармағына бөлінеді. Бел өрімі 3 жүйке тармағына, сегізкөз өрімі қысқа және ұзын тармаққа бөлінеді. Бас миы және жұлында орталықтағы жүйке жүйесінің ядролары орналасқан. Шеткі жүйке жүйесіне жүйке талшығы және түйін (ганглия) жатады. Вегетативтік жүйке жүйесінің соматикалық жүйкеден айырмашылығы. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметі. Жұлынның құрылысы, қызметі.

Негізгі әдебиеттер: 1-18.

Тақырып 16. Эстезиология. Көру мүшесіне жалпы сипаттама

Көру мүшесі – көз. Көз алмасы және оны қоршаған мүшелері. Көз алмасының қабықтары: сыртқы тығыз ақ қабық, ортаңғы тамырлы қабық, тор қабықтың құрылысы, қызметі. Көз оптикалық жүйе. Көру жүйкесі. Көрудің бұзылуы: алыстан және және жақыннан көре алмаушылық. Қабақ. Көз жас безі.

Әдебиеттер (1-18)

Тақырып 17. Есту және тепе-теңдік мүшелері.

Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ – есіту тепе-теңдік мүшесі.

Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың ұлу бөлімі есту мүшесі, ішкі құлақтың кіреберісі мен жартылай иірімді түтікшелері тепе-теңдік мүшесі. Сыртқы құлақ, дабыл жарғағы, ортаңғы құлақ, дабыл қуысы, есту түтігі, есту сүйекшелері, ішкі құлақ, кіреберіс, жартылай иірімді түтікшелер. Естудің сенсорлық жүйесі. Дыбысты қабылдау.

Әдебиеттер(1-18)

2.3. Семинар сабақтарының жоспары бағдарламада қарастырылмаған.

2.4 СОӨЖ қрамындағы сабақтар жоспары:(зертқаналық жұмыс). Тақырып 1. Жасушалы және ұлпалы деңгейдегі ағзаның құрлысы.

Сабақ оқу-әдістемелік нұсқаудың көмегімен өткізіледі.

Сұрақтары:

1. Жасушаның негізгі бөімдері

2. Жасушаның көбеюі

3. Ген туралы ұғым

4. Эпителиалды ұлпа

5. Дәнекер ұлпасы

6. Ет ұлпасы

7. Жүйке ұлпасы

8. Гистогенез

9. Ағзаның құрсақтағы дамуы



Тапсырма: 1) Оқулықты қолдана отырып жасуша түрлерін, құрлысын, бөлінун микроскоппен қарау. 2) Ұлпа түрлерін микроскоппен және атластардан қарасырып суретін салу (адам және бақа қанын, дәнекер, шемір шек)

Негізгі әдебиеттер: (1,2,5,6)

Қосымша әдебиеттер (8,9,10)

Тақырып 2. Остеология. Сүйек мүше ретінде.Сүйектің байланысу түрлері, жіктелуі.

Сабақ оқу-әдістемелік нұсқаудың көмегімен өткізіледі.

Сұрақтар:


  1. Адам қаңқасының құрылысымен танысу.

  2. Омыртқа жотасы мен көкірек клеткасы теориясына талдау жасау.

  3. Тұлға сүйектерінің және оның жас ерекшеліктеріне қарай өзгеруіне талдау жасау.

  4. Тұлға сүйектерінің жас ерекшеліктеріне қарай өзгеруімен танысу.

  5. Мойын және бел лордозы, кеуде және сегізкөз кифозына сипаттама жасау.

  6. Сколиоз деген терминге түсініктеме жазу.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет