Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Дата17.07.2017
өлшемі56.97 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ

АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
описание: orleu_logo
А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т
Құрметті әріптестер!
2017 жылға арналған Операциондық жоспарына сәйкес «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2017 жылдың 02-31 мамыр аралығында «Энергия өмір үшін» тақырыбында бейнелеу өнері мұғалімдеріне арналған EXPO-2017 Республикалық интернет-байқауын өткізеді.

Интернет-байқауы - бейнелеу өнері мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін дамытуға, «EXPO-2017» тақырыбы бойынша көрме экспозициясын құру шеберлігін білуге және көркемөнер қызметіне ынталандыруға бағытталған көркемөнер жарысының қашықтықтан өткізілетін түрі.

Интернет-байқауына қатысуға білім беру ұйымдарының бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері, балалар көркемөнер мектебінің, балалар өнер мектебінің, оқушылар сарайларының, шығармашылық шеберханалары мен бейнелеу студияларының оқытушылары шақырылады.

Интернет-байқауының мақсаты: педагогтердің энергияны үнемдеу және энергияның тиімділігі мәселелеріне назарларын аудару, көркемөнер және шығармашылық қызметі саласын кеңейтуге жағдай жасау.

Интернет-байқауының міндеттері:

1. Заманауи энергияны үнемдеу технологиялары туралы білімді дәріптеу.

2. Энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды, болашақтың технологиялары мен энергияның баламалы көздерін қолдануды насихаттау.

3. Болашақ энергетикасына, экологиясына, энергетикалық ресурстарға ұқыпты қарау, энергияны пайдалану мәдениетін арттыру және дамыту;

4. Көркемөнер шығармашылығы саласындағы талантты мұғалімдерді анықтау және қолдау.

Интернет-байқауы үш бағыт бойынша өткізіледі:

1. Сурет

2. Кескіндеме

3. Сәндік-қолданбалы өнер.

Әр бағыт бойынша келесі номинациялар айқындалған:

«Сурет» бағыты бойынша номинациялар:

- "Энергияны үнемдеу ересектердің көзімен"
- "Болашақ энергиясы"
- "Баршаңызға басты кеңес – жылу мен жарықты сақтау»


«Кескіндеме» бағыты бойынша номинациялар:

-"Болашақ энергиясы"
- "Энергетика және үнемдеу"
- "Тұрмыста энергия ресурстарын үнемдеу"
«Сәндік-қолданбалы өнер» бағыты бойынша номинациялар:

- "Энергияны үнемдеу – өмір салты"
- "Жаңа ғасыр энергетикасы"
- "Энергияны үнемдесек – ғаламшарды сақтаймыз"


Жұмыстарды қабылдау шарттары:

Жеке және ұжымдық жұмыстар қабылданады.

Байқау жұмыстары «Сурет» және «Кескіндеме» бағыты бойынша А3 немесе А2 түрінде, «Сәндік-қолданбалы өнер» бағыты бойынша еркін үлгі мен техникада орындалуы қажет. Орындалған жұмыстар жоғары сапада сканерлеу немесе суретке түсіру арқылы жіберілуі тиіс.

Презентацияда жұмыстың орындалу бірізділігін көрсетіп, қысқаша түсініктеме берілуі керек.

Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау.

Интернет-байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды және арнайы марапаттар тағайындауға құқылы. Жеңімпаздар әр номинация бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Интернет-байқауының қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Интернет-байқауына қатысу тәртібі және өткізілу мерзімі.

Интернет-байқауына қатысу үшін келесі құжаттар тіркеме файлдар түрінде электронды поштаға жіберіледі:



      1. Ұсынылған үлгі бойынша қатысуға сұраныс (1 қосымша).

      2. Сканерленген немесе суретке түсірілген жұмыстың jpg, jpeg графикалық файлы;

      3. PowerPoint презентациясы (9 слайдтан аспау керек, әр слайдтың көлемі 50 Мб дейін) номинацияларға сәйкес толық сипаттау, сонымен қатар автордың фотосуреті, жұмыс кезеңдері мен қорытынды нәтижелері.

  • Байқау өтініші мен материалдарын mconfastana@mail.ru электрондық поштасына 2017 жылдың 24 сәуірінен 24 мамырға дейін жіберу керек.

Байқауға қатысушылардың жасы шектелмеген.

Байқау комиссиясының мүшелері интернет-байқауына қатыса алмайды.

Интернет-байқауының қорытындысы бойынша үздік жұмыстар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қ. бойынша ПҚ БАИ (http://orleuastana.kz/) сайтында pptx форматында жарияланады.

Сипаттауға қойылатын талаптар:

Суреттердің, фотосуреттердің, сонымен қатар «Сурет» және «Кескіндеме» бағыттары бойынша байқау жұмыстарының сканерленген үлгілерінің көлемі 600 px аз болмау керек, графикалық файлдардың кеңеюі: jpg, jpeg.

Фото және графикалық материалдар жеке файл ретінде жіберіледі.

Суреттер мәтіндік құжаттарда көрсетілмейді.
Байқау жұмыстары келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
– автордың шеберлігі және шығармашылық даралығы, таңдаған техникасын меңгеруі;

– байқау тақырыбының ашылуы және жұмысында көрсетілуі;

– қиял көрінісі және шығармашылық тәсілі;

– идеяның өзгешелігі және орындалу техникасы, жаңашылдығы;

көркемдік шеберлігі, бейнелік шешімі;

– орындалу және ресімделу сапасы, эстетикалық түрі;

– энергияны үнемдеу тақырыбының көрінісі, тақырыпты ашу тереңдігі;

орындалу деңгейі, шеберлігі.


1 қосымша
«Энергия өмір үшін»

тақырыбында бейнелеу өнері мұғалімдеріне арналған EXPO-2017

Республикалық интернет-байқауға қатысу

СҰРАНЫСЫ


1

Қатысушының толық аты-жөні (қысқартусыз, жеке куәлік бойынша)




2

Қатысушының жұмыс орны (қала, мектеп),(қысқартусыз)




3

Қызметі (толығымен, қысқартусыз)




4

Бағыты




5

Номинациясы




6

Жұмыстың атауы




7.

Қысқаша түсініктемесі мен сипаты




8

Байланыс телефондар




9

E-mail




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет