Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау Ұлттық орталығы» АҚ



Дата09.07.2017
өлшемі389.31 Kb.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау Ұлттық орталығы» АҚ

Ғылым және технология саласында жүйелік талдау және болжамдау жүргізу аясында әзірленген Қазақстанда 2030 жылға дейін «Ұлт саулығы» бағытын дамытудың оптимистік сценарийінің
рефераты

Орындаушылар:ЖумадиловЖ.Ш. СарымсаковаБ. Е.КойковВ.В.

НургожинТ.С.

ОгайВ.Б.ТурмухамбетоваА.А.КаюповБ.А.




Астана, 2013 жыл

Осы зерттеу 2030 жылға дейінгі кезеңге «Ұлт саулығы» бағытын дамытудың нұсқасы болуы мүмкін мақсатты көздеп отыр. Болашақтың өзекті трендтерін, мүмкіндіктерін және тәуекелдерін анықтау негізінде болашақты дамытудың нұсқаларын стратегиялық мәнін түсінуге арналған негіздерді көрстеуге бағытталған. Болашақтың сценарийін құрастырудың негізіне дамытудың болуы мүмкін, сонымен қатар болашақта жоғары тұрлаусыздығы бар дамудың көрсетілген жолында ауыспалы сценарийлерді дамытуға және жүзеге асыруға елеулі ықпал болатын өзекті мега-трендтер, факторлар алынған.

Қысқа түйіннің құрамында Қазақстанда 2030 жылға дейінгі кезеңге «Ұлт саулығы» бағытын дамытудың сценарийін (бұдан әрі - Сценарий) әзірлеу барысында алынған негізгі ережелер мен қорытындылар бар. Сценарийді әзірлеу барысында келесі ережелер баяндалған:

1. Дамудың әлемдік СыН-ТЕГЕУРІНДЕРІ, трендтерІ және факторларЫ

2. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТРЕНДТЕР және ФАКТОРЛАР

3. Ұлт саулығын дамытуға арналған өзекті ТРЕНДтер және ФАКТОРлар

4. өзара әсер ететін факторларды талдау

5. Әлем бойынша және Қазақстандағы болашақ нарықтарды талдау

6. Әлем бойынша Ұлт саулығы секторын дамытудың стратегияларын және бағдарламаларын талдау

7. Қазақстанда Ұлтденсаулығы секторын дамытудың стратегияларын және бағдарламаларын талдау

8. Әлем бойынша R&D талдау, жетекші мемлекеттерді анықтау

9. ҚазақстандағыR&D саласында құзіреттерді талдау

10. Сценарийді жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылдардың СТРАТЕГИялары

11. «Жабайы КАРТалар»

12. СЦЕНАРИйді жүзеге асырудағы тәуекелдер мен қауіп-қатерлер

КІРІСПЕ

«Ұлт саулығы» бағыты бойынша «Жүйелік талдау және ғылым мен технология саласында болжамдау» жобасы бойынша бірінші кезеңнің нәтижелері қарастырылды. Тақырып бойынша зерттеудің негізгі масаты – аналитикалық және сараптау жұмыстарын орындау негізінде 2030 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында ғылым мен технологияны дамыту жөніндегі мақсатты ұсынымдарды дайындау.

Осы әзірленген сценраийдің ішінде ғылыми-техникалық ақпараттың талдаулары, мемлекеттік органдардың есептері, жетекші отандық және халықаралық зерттеу ұйымдарының, «үлкен төрттіктің» консалтингтік компанияларының аналитикалық талдаулары, библиометриялық және патенттік ізденістерді жүргізу жәнеөнеркәсіп кәсіпорындарының тапсырып отырған мәліметтерін зерделеу жұмыстары жинақталған. Нәтижелерді талқылау эксперттік панельдер аясында жүргізілді. Құрастыру барысында алынған нәтижелер «Ұлт саулығы» бағыты бойынша ғылымды және технологияны дамытудың сыртқы және ішкі трендтерді айқындау, өзекті факторлар мен олардың өзара байланыстарын анықтау, күшті және нашар тұстарын анықтау, сонымен қатар ішкі орта жақтан туындайтын мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді табу болды. R&D жүргізу барысында бұл саладағы Қазақстанның құзіреттері қарастырылды, бағыттарды дамытуға арналған стратегиялар мен кешендік іс-шаралар ұсынылды, осы сценарийді жүзеге асыруға байланысты потенциалдық қатерлер анықталды.

1. Дамудың әлемдік СыН-ТЕГЕУРІНДЕРІ, трендтерІ және факторларЫ
Болашақта Қазақстанның жағдайына және дамуына әсер ететін негізгі сыртқы әлемдік трендтер, біздің еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан-2050» Жолдауында көрсетілген. Олар шақыру ретінде тұжырымдалған және келесі болып табылады:

Бірінші сын-тегеурін – тарихи уақытты жылдамдату.

Екінші сын-тегеурін – жаһандық демографиялық үйлесімсіздігі.

Үшінші сын-тегеурін – азық-түлік қауіпсіздігінің ғаламдық қатері.

Төртінші сын-тегеурін – судың шиеленіскен тапшылығы.

Бесінші сын-тегеурін – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.

Алтыншы сын-тегеурін – табиғи ресурстардың түгесілуі.

Жетінші сын-тегеурін – Үшінші индустриалдық революция.

Сегізінші сын-тегеурін – үдемелі әлеуметтік тұрақсыздық.

Тоғызыншы сын-тегеурін – біздің даму құндылықтарымыздың дағдарысы.

Оныншы сын-тегеурін – жаңа әлемдік тұрақсызданудың қатері.
Қазақстанда медициналық ғылымның дамуы жаңа қырынан көрсетілген жаһандық әлемдік трендтертерде болжамдалған және мемлекет басшылығының саяси еркіндігіне тіреліп отыр.

Өз кезегінде, зерттеулердің деңгейінің төмендігінен ғылыми зерттеулерді қаржыландыру үшін ынталандырып отырған жоқ.

Негізгі проблема– отандық денсаулық сақтау жүйесінің және медицина ғылымының төмен тиімділігі, сонымен қатар шетелдік мемлекеттерге технологиялықтәуелділіктің төмендігі.

Осы сценарийді құрастыру барысында Ұлт саулығының болашақта дамуын сипаттайтын негізгі үрдістерді және сыртқы факторларды ерекше көрсетуге мүмкіндік берген STEEP-анализ пайдаланған болатын.(1.1-сурет).






«Ұлт денсаулығы» бағытының болашағы


Қоғам (S)

Технология (Т)

Экономика (Е)

Қоршаған орта (Есо)

Саясат (Р)

(S1) халықтың қартайуы

(S2) Халық санының және көші-қондық келу жолымен өсуі

(S3) Әлеуметтік теңсіздік, қоғамның мүліктік жіктелуі

(S4)Денсаулық – қоғамдық құндылық және өмір сүру салты

(T1) Экономика, ғылымды қажетсінетін өндірістердің орташа және жоғары технологиялық салала-рының қарқынды дамуы (T2) Ақпараттың қоғамды қалыптастыру

(Т3) Жаһандық биокластер жүйесінің дамуы


(E1) денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығын-ның қарқынды дамуы

(E2) Экономикадағы үдерістердің қарқындылығы және көшбасшыларының өзгеруі

(Е3) Биомедициналық индустрияға инвести-цияның ұлғаюы

(Eco1) Климтаттың өзгеруі және қоршаған ортаның жағдайы (Eco2) Техногендік және табиғи катаклизмалар



(P1)Геосаяси тұрақсыздық

(P2) Саясат және басқару саласындағы жаһандануы

(Р3) Денсаулық сақтау саласын дамытудағы мемлекеттің саяси орыны



(P4) Саяси тұрақтылық


1.1 - сурет «Ұлт денсаулығы» бағытының дамуын анықтайтын макро-деңгейдегі факторлар







2. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТРЕНДТЕРЖӘНЕФАКТОРЛАР
Ішкі трендтер мен факторларды анықтау және талдау Қазақстанның бағыттарын болашақта дамытуды қалыптастыратын өзекті аспектілер болып табылады.
«Ұлт денсаулығы» бағыттарының болашағы




Қоғам(S)

(S5) Демографиялықүйлесімсіздік және әлеуметтік өзгерістер(S6) Аймақтардың әркелкі дамуы

(S7) Әлеуметтік-елеулі аурулардың өсуі

(S8) Мамандар тапшылығы

(S9) Қалалардың күшейуі

(S10) Шетелдік жұмыс күшінің басымдылығы
Технология(Т)

(Т4) ҚР медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіптерініңөндірістік қорларының жеткіліксіз дамуы.

(Т5)Шетелдік мемлекет-терден технологиялық тәуелділік

(T6) Мамандардың және ресурстардың жетіспеушілігімен қоса негіздерді және биомедициналық индустрияны дамыту
Экономика(Е)

(Е4)Денсаулық сақтау саласына шығыстың өсуі

(Е5)Денсаулық сақтау нарығында жаңа сараланымдардың пайда болуы және дамуы

(Е6) Ішкі нарықтың тапшылығы және ұзақ мерзімді инвестициялар
Қоршаған орта(Есо)

(Eco3) Қоршаған ортаға зиянды факторлардың әсер етуіне және климат-тың өзгеруіне байла-нысты халық денсау-лығының бұзылуы

(Есо4) Техногендік және табиғи катаклизмдердің әсерінен пайда болған сырқаттарды болдыр-мау, ерте диагностика-сы және тиімді емдеу мәселелері
Саясат (Р)

(P5) Денсаулық сақтау саласын инновациялық жәнеинституционалдық жағынансаяси қолдау

(Р6) Сындарлы және жетілдірілетін нормативтік-құқықтық дерекқор

(Р7кстремисттік және революциялық саясаттың жоқтығы

1.2-сурет.«Ұлт денсаулығы»бағыттарын дамытуды анықтайтын ішкі факторлар



III. дамытуға арналған өзекті ТРЕНДтер және ФАКТОРлар БАҒЫТТАРЫ
Қазақстанда даму бағыттарына арналған STEEPV (әліметтік, технологиялық, экономикалық, экологиялық, саяси және құнды факторлар) - талдау негізінде төмендегі спецификалық өзекті факторлар бөлінген:
Макро-деңгейде:

-(S) Халықтың қартаюы

-(S) Денсаулық өмір сүрудің қоғамдық құндылығы мен тұрмыс қалпытәрізді

-(Т) экономика, ғылымды қажетсінетін орташа және жоғары технологиялық өндіріс салаларының қарқынды дамуы

- (E) Денсаулық сақтау саласының қарқынды экономикасының және денсаулық сақтау саласына шығыстардың өсуі

- (Eco) Экологияның нашарлануы және қоршаған ортаға антропогендік әсері

- (P) Денсаулық сақтау саласын дамытудағы мемлекеттің саяси рөлі
Микро-деңгейде:

- (S) Әлеуметтік-маңызды сырқаттардың өсуі

- (S) Жоғары білікті мамандардың тапшылығы

-(S) Өмір сүру жас ұзақтығының жоғарылауы және адамның физикалық және интеллект мүмкіндіктерінің жоғарылауы

- (T) Отандық медициналық ғылымның тиімділігінің төмендігі және шетел мемлекеттерінен технологиялық қажеттілік



-(Е) Денсаулық сақтау саласына шығыстардың өсуі

- (Eсо) Қоршаған ортаның зиянды техногендік факторлары және климаттың өзгеруіне байланысты халық денсаулығының бұзылуының өсуі

-(Р) Денсаулық сақтау жүйесінің инновациялық бағыттарының өсуі
4.өзара әсер ететін факторларды талдау

Өзара әсер ететін факторларды талдау барысында келесі күшті өзара байланыстарды орнатуға мүмкіндік алды: халықтың қартаюы, халық санының өсуі – денсаулық саласына шығыстардың өсуі;қоғамның әлеуметтік теңсіздігі, мүліктік жіктелуі - әлеуметтік маңызы бар сырқаттардың өсуі; экологияның нашарлауы, қоршаған ортаға антропогендік әсері–қоршаған ортаға зиянды факторлардың әсеріне және клиамттың өзгеруіне байланысты халық денсаулығының бұзылуының өсуі; білікті мамандардың тапшылығы – отандық медициналық ғылымның тиімділігінің төмендігі және шетелдік мемлекеттерден технологиялық тәуелділігі; денсаулық сақтау саласына шығыстардың өсуі – биомедициналық технологиялардың және басқалардың дамуы (4.1-сурет)


-маңызды әсер, - орташа әсер, - нашар әсер

4.1.-сурет. Факторлардың өзара байланысы және өзара әсері



5. Әлем бойынша және Қазақстандағы болашақ нарықтарды талдау
Негізгі трендтердің бағыттарының дамуын зерделеу негізінде келесі секторлар бойынша медициналық нарықтың дамуын болжамдауға болады:(1.Жаңа медициналық қызметтер секторы.2.Жаңа медициналық тауаралардың секторы. 3.Жаңа медициналық инновациялар секторы.). Алдағы технологиялық сценарийдегі жаһандық трендтің басқа векторында көрсетілгендей, бірте-бірте алдын алу медицинасына ауысу болып табылады. Алдын алу медицинасында ерте диагностика жасау әдісімен үйлестіру адамның салауатты өмір салтын басқаруға және оның жүрген ортасына беталысы ерекше маңыздылығын дағдыланады.

Қарастырылып отырған трендтің маңызды үрдісі дараланған медицинаны, емдеу бірегей әдістерін және әрбір ағзаның ерекшеліктерін ескере алатын фарм дәрі-дәрмектерін әзірлеуді енгізу болып табылады. Дараланған медицина – бұл геномиканы біріктіру, геномдық технологияның күзет орыны, терапевтік дәрілік мониторинг және молекулярлық фармокология. Дараланған медицинаны әрбір емделушіге арналып біріктірілген, үйлестіріген және жеке аурулардың пайда болуы мен өту барысын талдауға негізделген денсаулық сақтау саласының жедел дамуын немесе геномикаға, ауруға, сақтандыруға, емдеу мен диагностиканы және емдеу мониторнигін біріктіруге негізделген дербестелген емдеу құралдарын әзірлеуді қоса алып жүретін интегралдық медицинаны анықтайды.

Биомедицинаның жаңа саласымен салыстырғанда магниттік-ядролық томографияға арналған биоматериалдады, құрылғыларды, элктрониканы, қарама-қарсы ететін агенттерді қосқандағы тіпті барлық медициналық өнеркәсіпті тізетін нанотехнологиялар болып табылады. 2015 жылға қарай нарықтағы нанотехнологиялық өнімдер 1 триллион долларға жетеді деп күтілуде.

Медициналық ғылымның бірде біринновациялық саласы жасушалы терапияға сияқты көңіл бөлінбейді.Туындағын этикалық пробемаларға қараматстан, бұл бағыттың әлеуеті сырқатты емдеу әдістемеін толығымен түрлендіруге мүмкіндігі бар.



Фармакогеномика және дербестелген медицина соңғы жылдардағы биомедицинаны дамытуда көбінде ең үздік үдерістермен байланыстырылып отыр.

Медицналық ғылымның дамуына тағы бір үдеріс аралас, ертеректе жеке дамыған өзара кірігуді үнемі күшейтіп отыратын мамандықтар болып табылады.Бұл өзара кірігудің күштілігі сонша, жаңа когнитивтік пән – өмір туралы ғылым биомедицинаның, пайда болуын айтуға болады.

Қарастырылып әзірленіп отырған бағыттардың басымдықтары адам ағзасының дербес генетикалық ерекшеліктерін ескеріп отыратын болашақта әзірленетін дербес дәрі-дәрмектер мен дәрілерді адамның денсаулығын/патологиясын қалыптастыру барысында мәні бар микроорганизмдердің геномдарын,метаболомдарын және протеомасын зерттеу болып табылады.

Болжамдалған кезең ішінде жаңа медициналық қызметтерде және жеткізудің түрлерінде, денсаулық сақтау саласында ITсияқты, медицина және материалды басқару дамиды және маңызды рөль атқарады.

Сонымен, болашақтың медицинасы емделушінің тікелей қатысуымен болжайтын, сақтандыратын, дербестелген болады. Дәрігерлер сырқатты болдырмау мүмкіндіктеріне ие болады, ал емделушілерде – өз жағдайын бақылау құралдары пайда болады.

Денсаулық сақтау саласының болашағына пәнаралық технологиялар, генетикалық талдаудың арзандығы, биоақпараттың күштілігі, сонымен қатар Интернет және әлеуметтік желілер көп әсер ететін болады.

Медицина менфармацияның жаңа салалары пайда болады:нақты генотиптен шығатын дәрілерді және мөлшерлемесін таңдау мүмкіндігі бар фармакогеномика;емделушінің мекенжайында тағайындалатын және оның қандай ауамен тыныс алатынын ескеретін геомедицинажинақталған біріктіруге және өңдеуге тура келетін адам туралы барлық ақпаратты тірі жүйелерде өзара күрделі әсер еткді зерттейтін жүйелік биология.
6. Әлем бойынша Ұлт саулығы секторын дамытудың стратегияларын және бағдарламаларын талдау
Әртүрлі бағытағы қаржыландыру көлемін талдау барысында 248 әртүрлі жағдайлар мен сырқаттар NIH (АҚШ Ұлттық денсаулық институты) 1млрд.доллардан артық 31 тең келіп отыр. Олардың арасында «Адамның геномы» жобасы, кардиоваскулярлық, нейродегенеративтік, ісік аурулары, балалар жасындағы аурулар, қартаю, генетика, жасуша өзектері бар. Басымдықтарды анықтау барысында NIH сырқаттардың (диабет, обыр, семіздік және т.б.) жиілігі мен таралуын, қолданыстағы әлемдік трендтерді (қартаю, ДНК секвенциялау технологиясын дамыту, регенеративтік медицина), сонымен қатар әлеуетті экономикалық тиімділікті басшылыққа алады. Сонымен, 1990-2003 жылдары «Адам геномы» жобасына салынған 3,8 млрд. доллар инвестиция 1998-2010 жылдар аралығындағы кезеңде 796 млрд. долларға өзінің экономикалық әсерін берді.

Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер үш салаға назар аудартып отыр:



  1. Адам денсаулығына арналған медициналық биотехнология, генетикалық әдістер және медициналық технологиялар

  2. Адам денсаулығына арналған зерттеулерді трансляциялау

  3. Адам денсаулығына арналған зерттеулер:

а) биологиялық деректер мен үдерістерді зерттеу

б) миды және байланысқан сырқаттарды зерттеу, адамның дамуы және қартаюы

в) жұқпалы ауруларды зерттеу

г) негізгі сырқаттарды зерттеу: онкология, кардиоваскулярлық аурулар, диабет, семіздік, сирек кездесетін аурулар, басқа да созылмалы аурулар

3. Халыққа көрсетілетін медициналық қызметті жетілдіру

а) Дәрі-дәрмектерді жақсылап пайдалануды қоса отырып, клиникалық нәтижелерді тәжірибеге трансляцияциялау

б) денсаулық сақтау жүйесінің сапасы, тиімділігі және бірдейлігі

в) денсаулықты нығайтуды және аурулардың алдын алу шараларын күшейту



7. Қазақстанда Ұлт саулығы секторын дамытудың стратегияларын және бағдарламаларын талдау
Қазақстан Республикасының Президентімен және Үкіметімен бекітілген Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізгілеріне келесі жатады [5]:

- 2050 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму Стратегиясы;

- 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму Стратегиясы;

- 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму Стратегиясының жоспары;

- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы;

- 2015 жылға дейінгі Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық жоспары.


Саладағы қолданыстағы трендердің талдау көрсетілетін медициналық көмектің технологияларын барынша жақсартуға уәде беретін бірқатар стратегиялық бағыттарды, инвестицияларды бөліп көрсетуге мүмкіндік беріп отыр:

-геномика және полиомикстік технологиялар;

-регенеративті медицина;

-био- және нанотехнологияларды дамыту;

-қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік мақсаттарды және Қазақстан Республикасындағы аурулар мен өлім бойынша бар үрдістерді ескере отырып, обыр, кардиоваскулярлық аурулар, жарақаттар, ана мен баланың денсаулығын, репродуктивті денсаулық, метаболикалық синдромын, індеттерді және дәрілік (бактериалдыға қарсы) резистенттілік сияқты жоғарыда аталған технологияларды дамытуға шоғырландыру қажет. Медициналық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін күшейту және осы кезеңде жоғары нәтижелерге жету үшін биомедицина саласындағы зерттеулерге қаржыландырудың көбейуін, әртүрлі саладағы зерттеушілерді біріктіретін ғылыми платформаларды құру арқылы тәртіп аралық тәсілдемені жүзеге асыруды, жаңа форматтағы ғылыми мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін медициналық білімнің парадигмаларын өзгертуді, сонымен қатар биомедициналық индустрияны дамытуды талап етеді.



8. Әлем бойынша R&D талдау, жетекші мемлекеттерді анықтау
Биомедициналық зерттеулерді жүргізу саласында АҚШ, Ұлыбритания және Канада сөзсіз жетекші болып табылады – яғни, әсіресе осы аталған мемлекеттердің зерттеушілерімен денсаулық сақтау және биомедицина саласы бойынша ғылыми баспаларда мақалалар саны көптеп жарияланады. Оның ішінде, жарияланымдардың басым бөлігі диабет, обыр және жүрек-тамыр ауруларына арналған зерттеу жұмыстары туралы.

Соңғы жылдары биомедицина дамып отырған негізгі бағыттарға фармацевтикалық өнеркәсіп, парамедицина (ББҚ-лар, емдік тамақтану және т.б.), биотехнологиялар, диагностикалық жүйелер, жасушалық терапия және регенеративті медицина, нейрокомпьютерлік технологиялар кіреді.

АҚШ-та ғылыми зерттеулерді жоспарлаудың негізгі реттеушісі АҚШ Ұлттық Денсаулық Институты (NIH) болып табылады. Төменде 1995-2013 жылдар аралығында АҚШ медициналық ғылымға жұмсалған қаржысы көрсетілген (8.1-сурет).
8.1. – сурет. 1995-2013 жылдар аралығында АҚШ медициналық ғылымға жұмсалған қаражат
Барак Обаманың әкімшілігі бекіткен ғылым мен технологияның дамуын қаржыландыру жөніндегі алты басым салаларының ішінен, басқарып отырған бірінші жылдың өзінде тікелей бесеуі– бұл ақпараттық-коммуникациялық, білім беретін және «жасыл» технологиялар, кең жиекті Интернетті дамыту, денсаулық сақтау жүйесінде әлеуметтік дамыту ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. 2010 жылғы мәліметтер бойынша денсаулық сақтау саласына ЖІӨ қатысты Жапонияға (8,1% в2007г.), Норвегияға (8,9%), Канадаға (10,1%), Германияға (10,4%), Францияға (11%), басқа мемлекеттер және ОЭСР (8,9%) мүше-мемлекеттер көрсеткіші бойынша басып озып, АҚШта жиынтықты шығыстар 18%-ға жеткен [7].

Ұлыбританияда денсаулық сақтау және медицина саласына (Life Sciences) байланысты салаларда даму және зерттеу мен ғылыми бағдарламаларды анықтайтын бағдарламалық құжат Ұлыбританияда қабылданған. Біріккен әмірлік үшін өзекті мәселелер болып мемлекеттің нарығына инновациялық медициналық технологиялар және терапевтік шешімдерге арналған жеңілдету және тездету үшін реттейтін рәсімдерді қайта қарау, емделушілерді, дәрігерлерді және әзірлеушілерді қосқанда барлық өзекті қатысушылар үдерісі арасындағы өзара толық іс-қимылдар жөнінде Ұлыбритания Үкіметінің жоспарлары болды. Стратегияның мақсаты Ұлыбританияны бизнес, зерттеушілер, реттеушілер, дәрігерлер және емделушілер өкілдерінің өзара әрекеттеріне арналған озық алаң және бірыңғай «экожүйе» бола алатын медицинаға және денсаулық сақтау саласына (Life Sciencies) байланысты ғылым саласындағы жаһандық хабқа айналдыру. Осы стратегияны енгізудің нәтижесінде Ұлыбританияның ерекше жағдайы және оның көз тартарлық «адам туралы ғылыммен» байланысты зерттеулер мен сынақтарға қаржы бөлу үшін жаһандық инвестициялық алаң ретінде болуы керек. Дәрі-дәрмектерді, медициналық биотехнологияларды және медициналық секторлар технологиясының барлық өндірісін 158000 қызметкерлермен қамтылған 3000 астам фирмалар жүзеге асыруда, онда R&D бағдарламасына жылдық айналым шамамен £50 млрд. Болғанда шамамен £5 млрд. фунт стерлинг жаратылуда. Шамамен 78 000 адам Ұлыбританияда негіздейтін 300 фармацевтикалық компанияларда жұмыс істеуді, жылдық айнылымы 31 млрд. фунт стерлинг құрап отыр.

Соңғы жылдары Қытай да химиялық салаларға, медицинаға және фармацевтикаға арналған биотехнология, информатика, микроэлектроника және жабдықтар сияқты осындай салаларды қосқанда жоғары технологияларды дамытуда біршама алға жылжыған. Мамандардың болжамдау бағалауы бойынша «2022 және 2030 жылдар аралығында әлемнің ірі экономикасының тізімінде Қытай және АҚШ орындарын алмастырады». 2012 жылғы желтоқсанда Ұлттық барлау кеңесі американдық үкіметтік ұйымы, шамамен 2022 және 2030 жылдар аралығында әлемнің ірі экономикасының тізімінде Қытай мен АҚШ орындарымен алмастырады, деген болжамдарын ашық айтқан авторлардың «Global Trends 2030: Alternative Worlds» баяндамасын жариялаған болатын. Сонымен қатар, баяндаманың мәліметтеріне сәйкес Қытай ұзақ уақытқа дейін бірінші орынды сақтап келеді, бірақ әсіресе 2030 жылдардың басында индиялықтардың экономикасының өрлеу қарқыны қытайлықтарға қарағанда едәуір жоғары болғандықтан, Үндістаннан оның алшақтығы байқала бастайды. Соңғы он жыл ішінде дәрілерді құрастыруға арналған барлық әлемдік өндірістің негізгілері Қытай мен Үндістанға шоғырланған. Әлемдік фармацевтика нарығында тұрақты жағдайға ие болған Қытай біртіндеп дәрілер нарығында ғылымды қажетсінетін салаларды көбірек игере бастайды. Жиынтығында барлық қолданған шаралар, сонымен қатар халықтың кіріс өсімі жағынан, алдағы жақын уақытта әлемдік фармацевтиканың көлемі бойынша Қытай нарығы екінші болады деп күтілуде. Денсаулық сақтау саласының информатика институтының IMS (IMS Institute for Healthcare Informatics) аналитиктерінің болжамы бойынша, егер 2010 жылы Қытайдың фармацевтика нарығының айналымы 2010 жылы 41,1 млрд. долл. құраған болса, онда 2015 жылға олар 62,6 млрд.долл. жетеді. Сонымен қатар, жетекші мемлекеттер қатарына Жапония, Германия, Оңтүстік Корея енген.



9. Қазақстандағы R&D саласында құзіреттерді талдау
Жалпы, бүгінгі күнге Қазақстандағы инновациялық іс-әрекеттердің басым бөлігі тікелей мемлекетпен ынталандырылып отыр, және ғылыми-зерттеу жұмыстардың көпшілігі мемлекеттік зертханаларда жүргізіледі. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша, 2010 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардағы жекеменшік секторының үлесі 36,6% ғана құрап отыр, бұл кезде Жапонияда (78,5%), Қытайда (73,3%) және АҚШта (72,6%) ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстары жекеменшік секторымен жүзеге асырылады.

Жалпы қазақстандық қолданбалы ғылымды басқару және қаржыландырудың қолданыстағы моделі бизнес алдында тұратын технологиялық сипаттағы нақты міндеттерді шешуге емес, көбінде ғылыми мүддені қанағаттандыруға бағдарланған. Бүгінгі күнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің инфрақұрылымы 25 ғылыми-зерттеу ұйымдарымен (18 ғылыми орталықтары, 7 ғылыми-зерттеу институттары), 6 медициналық ЖООмен және 2 диплом алғаннан кейінгі білім ұйымдарымен таныстырып отыр. Отандық салалық ғылымның мамандар потенциалы ғылыми-зерттеу (ғылыми орталықтардың және ғылыми-зерттеу институттарының, ЖОО-дағы ғылыми бөлімшелердің қызметкерлері) және ғылыми-педагогикалық (2013 жылғы 1 қаңтарға профессорлық-оқытушылық құрамы 7556 адам) медициналық ЖООның мамандарымен ұсынылған.

Денсаулық сақтау жүйесінің ғылыми ұйымдарынан өзге биомедициналық зерттеулердің қолбасшыларының бірі құрылымында регенеративті медицина, молекулярлық биология және жасушалар технологиясының орталықтары шоғырланған «Назарбаев университеті» АБҚ өмір туралы Орталық болып табылады. Биомедицина саласында R&D басқа ведомстволық қатыстылығы бар Ұлттық биотехнология орталығы, Фитохимия институты, Жұқпалы індеттерге қарсы дәрі-дәрмектер ғылыми орталығы және басқа да ғылыми ұйымдар елеулі үлес қосып отыр.

Қазақстан Республикасында «Ұлт саулығы» бағыты бойынша R&D саласындағы ғылыми ұйымдардың құзіреттері балалар денсаулығын және репродуктивті денсаулықты қорғау, халық денсаулығына экологияның әсерін және эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз етуін зерделеу, жұқпалы аурулардың таралау мәселелерін шешу, регенеративті медицина және жасушалық технологиялар, онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа технологияларын әзірлеу, хирургиялық бағдардағы ауруларды емдеудің жаңа технологияларын әзірлеу (жалпы хирургия, травматология және ортопедия, нейрохирургия, кардиохирургия, көз аурулары және урология), денсаулық сақтау ұйымдары және қоғамдық денсаулық мәселелері жөніндегі зерттеулер (денсаулық сақтау саласының, салауатты өмір салтының, сырқаттардың медициналық-әлеуметтік аспектілері және т.б. басқару және экономикасы), әлеуметтік-мағыналы соматикалық ауруларды емдеу, диагностикасы және сақтандыру шараларының жаңа технологияларын әзірлеу, жаңа дәрі-дәрмектердің клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерін әзірлеу және өткізу.



10. Сценарийді жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылдардың СТРАТЕГИялары

Бағыттардың даму стратегиясын талдау жұмыстарын республикадағы бағыттардың (күшті және әлсіз жақтарын) ағымдағы жағдайын зерттеп болған соң, сонымен қатар секторға сырттан әсер ететін (қауіптер мен мүмкіндіктер) тұстарын талдап болғаннан кейін өткізген жөн. Аталған рәсім SWOT талдау ретінде кеңінен таралған.

10.1. кестесінде «Ұлт саулығы» бағыттарына арналған SWOT талдау нәтижелері келтірілген.

.

10.1.-кесте. «Ұлт саулығы» бағыттарына дамытудың SWOT талдауы





Сыртқы мүмкіндіктер

(External Opportunities)

1. ҚР Елбасының және ҚР Үкіметінің саяси қолдауы.

2. мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуы, ЖІӨ және Қазақстан экономикасының өсуі.

3. Мемлекеттің және саланың даму стратегиясының бары.

4. Назарбаев университеті айналасында инновациялық-интеллектуалдық кластерді құру.

5. Жаңа пішіндегі (Назарбаев Университеті және «Болашақ» бағдарламасы мысалында) жоғары білікті қазақстандық мамандарды (педагогтар, дәрігерлер, инженерлер және ғалым мамандар) дайындау.

6. Медицина мен ғылымды қосқанда барлық саланы қосқанда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қарқынды дамыту

медицину и науку



Сыртқы қауіптер

( ExternalThreats)

1.Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс.

2.Денсаулық сақтау саласына және ғылыми зерттеулерге шығыстарды қысқарту.

3. Экологияға және климатқа техногендік апаттардың және антропогендік кері әсері бар қауіптер санынң өсуі.

4. Халықтың әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің келешекте өсуі.

5. Қалаланудың келешектегі өсуі және жеке аймақтардың әркелкілік дамуы

6. Халықтың дәрігерлерге және отандық денсаулық сақтау жүйесіне сенімді жоғалтуы.


Ішкі күшті жақтары

( Internal Strengths)

1. Медициналық ғылым және білім ұйымдары желілерінің бары

2. 2 медициналық университет базасында Назарбаев университетінің өмір туралы ғылым орталығының және ұжымдық пайдаланатын зертхананың бары

3. Трансляциялық, дербестелген, регенеративті, сақтандыру медицинасының негіздерінің отандық денсаулық сақтау жүйесінде дамуы

4. Ғылыми және медицина мамандарын халықаралық қағидаттармен дайындауға көшу.

5. Шетелдік технологиялардың озық трансфертін дамыту.

6. Денсаулық сақтау және биомедициналық зерттеулер саласына халықаралық ұйымдарды және жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту


Ішкі әлсіз жақтары

( Internal Weaknesses)

1.Уәждемелер деңгейі және салалардан жоғары білікті мамандардың кемуі

2.Шетелдік мемлекеттерден ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тәуелділігі және технологиялық артта қалуы

3.Қазақстанда биомедициналық индустрияның және индустрияның ғылыми серіктестігінің жоқтығы.

4. Отандық ЖООның және ғылыми ұйымдардың ғылыми жәнеакадемиялық бәсекеге қабілеттілігінің әлсіздігі

5. Денсаулық сақтау саласын және ғылымды басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігінің жетіспеушілігі

6. Денсаулық сақтау саласында нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуде медициналық технологияларды және инновациялық өнімдерді әзірлеу, тіркеу және енгізу саласының жетілмеуі.

7. Халықтың салауатты өмір салтын сақтамауы, денсаулыққа азаматтардың және жұмыс берушілердің ортақ міндеттемесінің жоқтығы





SWOT-талдау негізінде «Ұлт саулығы» бағытын ждамыту бойынша іс-қимылдардың стратегиялары анықталған болатын. Оларды саралау нәтижелері бойынша сценарийді дамытудың негізгі өзекті стратегиялары анықталған болатын:

 Биомедициналық индустрияны дамытудың біріктірілген ұлттық бағдарламасын әзірлеу;

 Денсаулық сақтау жүйесіне трансляциялық, дербестелген, регенеративті және сақтандыру медицинасының жетістіктерін енгізу;

 Халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық және ғылыми мамандарды әзірлеу жүйесін барлық жерде енгізу;



Қоғамдық денсаулық негізі ретінде сақтандыру ортасын қалыптастыру.

11.«ЖАБАЙЫ КАРТАЛАР»

Wildcard («жабайы карта», «джокер»)–Сценарий жасау шегін өзгерту немесе ағымдағы трендтерді анағұрлым бұрмалауға икемді, өте күмәнды жағдай. Мұндай жағдайларға табиғи және антропогендік апаттарды жатқызады. Жалпы алғанда, «wildcards» деген – бұл сценарий жасау кеңістігін бұрмалау және оның нәтижесін құнсыздандыратын кез келген ауқымды жағдай.«Жабай каратлар» үшін келесі шарттар орындалады: нысан бірден және тұтастай пайда болады (кейде ол бірден және тұтастай жоқ болады) және нысанның пайда болуы тарихи себептермен, қаіп-қатермен/шақырумен, салдардың алшақтығымен шартталмаған. Әдетте, «wildcards» немесе артефакт деп дәл апаттар деп түсіну керек, бірақ аталған ұғымды және басқа құбылыстар мен жағдайларға кеңейту керек:

1.Әдеттегі жабайы карталар немесе физикалық кеңістіктің артефактілері.Бұған табиғи апаттар, техногендік апаттар, сонымен қатар қоғамның инфрақұрылымдық базасын түбегейлі өзгертетін немесе оның даму тенденциясына әсер ететін өнертабыстар жатады.

2.Әлеуметтік кеңістіктің артефактілері. «wildcards» классикалық қатарынан мұнда террористік актілер, әлеуметтік қозғалыстардың, діндердің кенеттен пайда болуы және таралуы, сонымен қатар коммуникациялардың форматтары мен технологиялары. Жалпы алғанда, бұған әлеуметтік кеңістіктің даму беталысына әсер ететін қалай болғанда да оқиғалар мен құбылыстар жатады.

3. Ақпараттық кеңстік артефактілері. Ой-өрістегі жаңа парадигмаларды және әлемді қабылдауын құруға байланысты ерекшеліктердің интеллектуалдық бұзылуы және ашылуы.

Жабайы караталардың негізгі сипаттамалары төмен (немесе жоғары тұрлаусыздық, егер мүмкіндік дәрежесін бағалау алына алмаса) және жоғары дәрежедегі әсері болып табылады. Оған қарамастан жабайы картаның ықпалынан уақыты бойынша кенеттен болмауы тиіс. Бұл уақыт ықпалының (және бұзатын әсер) ұзақ та, қысқа да болуы мүмкіндігін білдіреді.



Ұлт саулығы саласындағы «жабайы карталарға»:

-Ағзалар мен адамды клондау кертартпалыққа негізделген тәжірибе болып отыр, адамды клондауды зерттеудегі моралдық-этикалық мәселелері алынып тасталған. Медицинада пайдалану үшін тиісті үкіметтік органдармен келісіліп және клондау технологиясы кемеліне жетуі керек.

-Абсолюттік денсаулық және ұзақ өмір сүруге арналған дәрі-дәрмектер. Медицина, қоғамның икемденуі мен қажеттілігіне пікір білдіре отырып, қартайған адам ағзасының қызметін қолдаудың және қалпына келтірудің басымдық міндеттері ретінде басқа да маңызды міндеттерді алдына қойып отыр. Әсіресе осы бағыттарға жекеменшік инвестициялар барынша көп болды. Қартайған ағзаның қаза болудың жиі кездесетін себептері ішкі секреция мен органдардың бұзылуына, зат алмасуларының қабыл алмауына байланысты науқас үшін өліп кету мүмкіндігін кенеттен төмендететіндей әзірленген технологиялардың кешендік қолдануы. Науқастың ағзасына имплантация жүйесін байқау, бақылау және кейбір орындаушы механизмдерді тәжірибеде қолдану аяншақтық сипат алатын.

-Жаңа қауіпті вирустық немесе микробтық індеттің жаһандық таралуы. Изадамның иммундық тапшылық жағдайын туғызатын, АДИС секілді, сырқаттардың таралуы, нақты ретролардың және руссолардың көптеп мутациялануы салдарынан басталған. Вирус жасушалық мембрананы нақты рецепторлармен байланыстар отырып, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдаған. Эпидемия әлемнің барлық елдерін дерлік қамтыды. Жұқтырғандар саны күндеп өсіп отырды. Көптеген елдерде төтенше жағдай жарияланды. Ғалымдар науқастардың ағзаларындағы вирустың таралуын бәсеңдететін әдістерді ғана әзірледі.

- Онкологиялық, генетикалық және вирустық сырқаттардың интегралдық әдістері. Онкологиялық аурулармен күресу шаралары технологиялар шегінде жүргізілді, бұл жазылмайтын обырдың түрімен ауырғандар санын қысқартуға жеткізді. Совместное применение достижений Тұқымдық инженерияны, фармацевтиканы, нанотехнологияның жетістіктерін бірлесе отырып қолдануы және обырдың әртүрлі түрлерін емдеу кезінде оң интегралды нәтижеге жеткендігі үшін иммунологтар себепкер болды. Соңғы он бес жыл ішінде емделген науқастар арасында өліммен аяқталатындар саны кенеттен азайды, бұл обырлық ауруларға адамдардың көзқарасын өзгертті. Шарасыздық және душар болушылық деген ойдан арылып, науқастардың түсінігінде байсалды сенімділікке өзгерді. Жылдан жылға бұл аурулардың тетігін толығырақ түсінуге мүмкіндік берді, нәтижесінде әртүрлі түрдегі обырды жеңіп шығуға болатын жеңіске әкелді.

-Күнделікті тәжірибедегі әмбебап биочиптер және биосенсорлар. Адам ағзасының статусын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік беретін миниатюрлік аспаптар «Чиптағы зертхана» бағытын дамыту нәтижесінде әзірленген болатын. Мұндай аспаптарды кез келген дәріханада сатып алуға мүмкіндік болды.

- Реанимациялық радикалдық технологиялар. Өлген науқастарды тиімді тірілтуге мүмкіндік беретін криониктерді және тұқымдық технологияны дамытуды жатқызуға болады.
12. СЦЕНАРИЙДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ЖӘНЕ ҚАУІПТЕРІ

Сценарийді жүзеге асыру барысына төнген қауіптерге:

- Техногендік апаттар санының өсуі және экология менклиматқа антропогендік кері әсері;

- Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың кезекті толқыны жағдайында денсаулық сақтау, ғылым және әлеуметтік салаларды қаржыландыруды тоқтату;

- Дамып келе жатқан және дамыған елдерде озық технологияларды дамытудың жедел деңгейі;

- Денсаулық сақтау саласындағы кәсіби кадр ресурстарыныңтапшылығы;

- Шетелдік мемлекеттерден отандық медициналық ғылымның және технологиялық тәуелділіктің төмен тиімділігі;

- Денсаулық сақтау саласының дәрігерлеріне және отандық жүйеге халықтың сенімінің жоғалуы;

- Қалаланудың өсуі және жеке өңірдің дамуының әркелкілігі жатады.


Сценарийді жүзеге асыру қауіптеріне:

- Қазақстандық ЖОО-да кәсіби кадрларды дайындау жүйесінің нашарлығы;

- Денсаулық сақтау саласын және ғылымды тиімді басқару және қаржыландыру жүйесінің жеткіліксіздігі;

- Саладан жоғары білікті мамандардың кету уәждемелерінің төмен деңгейі;

- Денсаулық сақтау жүйесінде медициналық технологияларды және инновациялық өнімдерді әзірлеу, тіркеу және енгізу саласында нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі жетілмеген;

- елімізде химиялық, биотехнологиялық, фармацевтикалық және инженерлік өндірушілеріне импортқа тәуелділіктің жоғары болуы;

- Ғылымның өндіріспен өзара байланыстың төмен деңгейі;

- Ғылым, технология және инновация саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың реттілігінің жеткіліксіздігі;

- Денсаулық сақтау саласындағы инновациялық және ғылыми қызметте қолданыстағы заңдылықтардың жетілмегендігі;

- Денсаулық сақтау саласында және ғылымда мемлекеттік сатып алу туралы заңның жетілмегендігі;

- Денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық;

- Халықтың салауатты өмір салтын сақтамауы, азаматтар мен жұмыс берушілердің денсаулыққа ортақ жауапкершілігін орындамауы жатады.



Пайдаланған әдебиеттердің тізім:

1. Н.Ә.Назарбаев. – 1997 жылғы 10 қазандағы «Қазақстан-2030» Стратегиясы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Стратегиясы.

2. Н.Ә. Назарбаев. - «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыттары.-Қазақстан халқына Жолдауы.– 2012 жылғы желтоқсан.

3. Н.Ә.Назарбаев.–Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына жиырма қадам.Әлеуметтік жаңарудың жаһандық тренді.-2012 жылғы шілде.

4. 2010 жылғы 19 наурызда №958 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы.

5. 2011 жылғы 18 ақпандағы №407-IV«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

6. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 19 ақпандағы №79 «2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының медициналық ғылымын реформалау тұжырымдамасы туралы» бұйрығы.

8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы №41 «2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» Қаулысы.

9. 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N193-IV«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі

10. В.В.Койков,А.Б.Абдрахманов, М.А.Граф. Қазақстан Республикасының медициналық ғылымын реформалау тұжырымдамасын жүзеге асырудағы қорытындысын талдау: салалық ғылымды дамытудың нәтижелері және болашағы. 2012 жылғы №2 (63)16 б.Денсаулық сақтауды дамыту журналы.

11. 2025 жылға дейінгі кезеңге медициналық ғылымды дамытудың болжамы. Ресей Медицина ғылымдары академиясы. Мәскеу, 2007 жыл.

12. 2025 жылға дейінгі кезеңге ресей федерациясында медициналық ғылымды дамытудың Стратегиясы

13. Жаһандық үрдістер–2025:Түрлендірілген әлем.StopIDCC,WashingtonDC

20402-0001. 118 б. www.dni.gov/nic/NIC_2025_project.html

14. Озкан Саритас. Қазақстанның Ұлттық ғылыми-технологиялық форсайты. Денсаулық сақтау саласындағы трендтер, 2013.



15. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын дамытудың Стратегиялық жоспары туралы. Астана, Ақорда, 2010 жылғы 1ақпан. 52 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет