Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғамдық кеңесінің ережесін бекіту туралы



Дата08.03.2018
өлшемі64.2 Kb.
#60263


29.02.2016 ж. № 88
Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрлігінің

Қоғамдық кеңесінің ережесін

бекіту туралы

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғамдық кеңесі туралы ереже бекітілсін.

2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



Министр А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2016 жылғы 29 ақпандағы

№ 88 бұйрығымен

бекітілген



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Қоғамдық кеңесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес әзірленді.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғамдық кеңесі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.

3. Қоғамдық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады және қоғамдық негіздегі қызмет, автономдық, дербестік, жариялылық, олардың мүшелерін кезең-кезеңімен ротациялау қағидаттарын басшылыққа алады.

4. Қоғамдық бақылау – қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызметі.

5. Қоғамдық мониторинг – қоғамдық бақылау субъектілері тарапынан мемлекеттік орган қызметін байқауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі.

6. Қоғамдық тыңдау – Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 5) және 6) тармақшаларында көзделген мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік органның қоғамдық маңызы бар шешімдерін олардың қоғамдық мүдделерге сәйкестігі мәселесі бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі.

7. Қоғамдық сараптама – азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз факторларды болғызбау жөніндегі қоғамдық мүдделерді сақтау тұрғысынан зерттеу, талдау және бағалау үшін арнайы білімді және (немесе) тәжірибені қоғамдық бақылау субъектілерінің пайдалануына негізделген қоғамдық бақылау рәсімі.

8. Мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есеп тыңдау – Қоғамдық кеңестің отырысында Заңның 5-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін жария талқылауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі.



2. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы
9. Қоғамдық кеңес мемлекеттік орган өкілдерінің және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің қатарынан, азаматтардан сайланатын жұмыс тобынан құрылады, оның құрамы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің (бұдан әрі – Министр) 2016 жылғы 4 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген.

Жұмыс тобы өз өкілеттіктерін Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы, төралқа құрамы сайланғаннан кейін тоқтатады.

10. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңестің сандық құрамын 12 адам мөлшерінде жұмыс тобы айқындайды.

11. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір өкіл ғана сайлана алады.

Министрлік өкілдігінің дербес құрамын Министр өзі белгілейді.

12. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруға жатады.

13. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады, онда ашық дауыс берумен Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.

14. Қоғамдық кеңес қызметін оның отырыстарының аралығы кезеңінде басқаруды жүзеге асыру үшін Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқа құрамына қоғамдық кеңестің төрағасы және хатшысы, оның қатысуымен Қоғамдық кеңес, комиссия төрағалары, қоғамдық кеңестің жекелеген мүшелерінен құрылған мемлекеттік орган басшысы кіреді.

Қоғамдық кеңес төралқасы комиссияның қызмет бағыттары бойынша жұмысын үйлестіреді, отырыстар жүргізуге дайындықты ұйымдастырады, сондай-ақ Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

15. Қоғамдық кеңестің отырысы жоғары орган болып табылады.

16. Қоғамдық кеңестің мүшесі оның құрамынан заңнамалық белгіленген тәртіппен шығуы мүмкін.

3. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері
17. Қоғамдық кеңес қызметінің мақсаты азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру болып табылады.

18. Қоғамдық кеңестің міндеттері:

1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауды дамыту, республикалық деңгейде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен Министрлік қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.



4. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері
19. Қоғамдық кеңестің өкілеттігіне мыналар:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспардың жобасын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

3) мемлекеттік органның бірінші басшысының жұмысының нәтижелері туралы есебін тыңдау;

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерін тыңдау;

5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

6) Министрлік қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және Министрліктің ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды Министрлікке енгізу.

8) қоғамдық бақылауды Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;

9) қызметтің бағыттары бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар мен қоғамдық бақылау топтарын құру жатады.



5. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру
20. Төраға Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады және оған басшылық етуді жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, құжаттарға қол қояды, оның шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті жалпы үйлестіруді жүзеге асырады, мемлекеттік органның отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады.

Мәселелерді жедел шешу үшін төрағаға олардың қызметі үшін жауапкершілік жүктей отырып, уақытша жұмыс топтарын, тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар, қоғамдық бақылау топтарын құрауға өкілеттілік берілуі мүмкін.

Өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.

21. Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді және іс қағаздарын жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдерін бақылайды.

22. Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.

Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.

Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ шешімдер қабылдау тәртібі осы Ережеде айқындалады.

6. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі
23. Қоғамдық кеңестің отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы кеңестің мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.

24. Қоғамдық кеңестің отырысы оның қатысушылары санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.

Қоғамдық кеңестің мүшесі отырысқа бейне-конференция байланысы немесе телекоммуникация байланыстарының басқа да түрлері арқылы қатыса алады.

25. Қоғамдық кеңестің отырысын төраға өткізеді.

26. Қоғамдық кеңестің отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.

27. Қоғамдық кеңестің отырысы хаттама түрінде ресімделіп, оған төраға және хатшы қол қояды.

28. Жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) Министрліктің интернет-ресурсы арқылы халыққа Қоғамдық кеңес қызметінің нәтижелері туралы ақпарат береді.

29. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.



017307

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет