Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы рмм



Дата21.12.2017
өлшемі68.08 Kb.


01.02.2017 ЭҚАБЖ МО (7.20.2 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.




№ исх: 01-19/88 от: 25.01.2017

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы РММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына

орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
C-О-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-6


74953

101604



«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Теңіз сорабы стансасы ауданы, ТЭЦ-1 М, анықтама үшін телефондары: (7292) 33-10-37, электрондық почта мекен-жайы: utetleuova.g@minagri.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

1. Түпқараған инспекциясы бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты) – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорында және учаскелерінде және аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесінің өсімін молайту мен мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Бақылау үшін аулауды, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және учаскелерінде аулауды ұйымдастырады. Аң, балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Аңшылық және балық аулау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың аң және балық шаруашылығын жүргізу шартының талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, ҚР-ның жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше күзетілетін табиғи аумақтар саласындағы заңнамалары саласындаы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді іске асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім - Ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аңшылықтану және аң шаруашылығы, балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау, су ресурстары және суды пайдалану, орман ресурстары және орман шаруашылығы, топырақтану және агрохимия), құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі), жаратылыстану ғылымдары (биология, экология), білім (биология).

Орта білімнен кейінгі – Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология (агрономия, агроном, өсімдікті қорғау агрономы), балық шаруашылығы (балық өсіруші, балықшы, техник, техник-балық өсіруші), аңшылық және аң өсіру шаруашылығы (аң өсіруші, техник-аңшы), орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшаф құрылысы (егерь, орман шебері, орманшы, техник-технолог, техник-ағаш отырғызушы, менеджер, орман ағашын жығушы, ландшафтты дизайн шебері), экология және табиғатты қорғау қызметі (ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының технигі), зоотехния (зоотехник), ветеринария (жануарларды ветеринариялық өңдеуші операторы, жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру операторы, ветеринарлық техник), экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану (эколог), құқық қорғау қызметі (заңгер)

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларарының  3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүиесі аумақтық инспекциясында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет