Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі “ҚазАгроИнновация” акционерлік қоғамы



бет1/6
Дата02.07.2017
өлшемі0.95 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚазАгроИнновация” акционерлік қоғамы

Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты” ЖШС-і

Биоагенттер (энтофофагтар) мен химиялық препараттарды мақта егістігінің аса қауіпті зиянкестерімен күрес үшін қолдану критерийлері бойынша

ҰСЫНЫСТАР

Алматы – 2012

Бұл ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысы бойынша “Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты” ЖШС-і дайындаған.

© “Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты” ЖШС-і,



2012 ж.
МАЗМҰНЫ





Кіріспе.............................................................................................................................

4

1

Мақта егістігінің аса қауіпті зиянкестерімен күрес үшін өсімдік қорғаудың экономикалық зияндылық шегі (ЭЗШ) ескеріле отырып, өсімдік қорғаудың биологиялық тәсілін қолданудың қажеттілігін анықтауға мүмкіндік беретін биоагенттер қолдану критерийі....................................................................................

6

2

Биоагенттер пайдалану тиімділігін есептеу тәсілдемесі............................................

11

3

Мақта егістігіндегі мақта көбелегі зиянкесінің сан мөлшері динамикасын және даму фенологиясын есепке ала отырып, энтофоагтар шығарудың орынды мерзімдері.......................................................................................................................

13

4

Зиянкестердің әрбір генерациясына қарсы энтомофагтар шығару дүркінділігі.....................................................................................................................

19

5

Мақта қозасының аса қауіпті зиянкестері популяциясының биоагенттер шығару немесе химиялық бүркуді жүргізу жиілігі...............................................................

25

6

Зиянкестің әрбір ұрпағы үшін экономикалық зияндылық шегі (ЭЗШ-нің нақтылығы үшін жұмыртқа мен дернәсілдерді, мысалы, мақта көбелегі үшін жұмыртқа мен жұлдызқұрттарды есептеу негізге алынады).....................................

27

7

Энтомофагтарды мақта егістігіне шығару (биоагенттерді шығару техникасы мен сызба нұсқасы) бойынша нұсқау..........................................................................

29

8

Мақта егістігіндегі энтомофагтардың тиімді түрлері.............................................

32

9

Энтомофагтар шығарудың нормалары (граммен немесе 1 гектарға данамен) мен кезеңдері..........................................................................................................................

35

10

Санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын есепке ала отырып, өсімдік қорғаудың биологиялық тәсілдері қолданылатын басым табиғат қорғау аймақтары.......................................................................................................................

38

11

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................................

39



КІРІСПЕ

Агроазық-түлік кешені, ұзақ дағдарыс кезеңінен кейін, соңғы жылдары айтарлықтай тұрақтанды. Ауыл шаруашылығы өндірісі үлесінің жалпы ішкі өнім көлеміндегі үлесі өсті. Сала оның дамуын тиімді қамтамасыз ететін жаңа кезеңнің табалдырығында тұр. Ауыл шаруашылығы секторы дамуының негізгі басты бағдарламасы еліміздің азық-түлікпен қамтамасыз етілу жүйесін берік көтеру, отандық өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру және ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да сату көлемін өсіру, азық-түлік сырттан әкеліну деңгейін төмендету, ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды ету болып табылады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясында сапасы жақсы мол өнім алу бойынша маңызды буын - өсімдікті зиянды организмдерден қорғау. Соңғы жылдардың өндірістік практикасы жайылымдар мен пішендік өнімділігін көтеруде, дәнді, техникалық жеміс-жидек, көкөніс дақылдары мен картоптан едәуір қосымша өнім алуда өсімдікті зиянкестерден, аурулардан және арам шөптерден қорғаудағы рөлін көрсетеді.

Ауыл шаруашылығында пестицидтер қолданудың оң әсерлерімен бірге теріс салдарлары да бар. Бұл ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық және биологиялық қорғау шараларын кешенді пайдалану қажеттігін меңзейді. Көрсетілген шараларды кешенді қолдану ғана ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зиянды организмдерден тиімді қорғауға және пестицидтердің сыртқы ортаға кері әсерлерін ең аз деңгейге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Өсімдік қорғаудың химиялық құралдарын пайдалану кезінде жануарлар әлемін сақтауға бізді айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы заң міндеттейді [1].

Биологиялық тәсілдерге деген ықылас соңғы жылдары пестицидтер қолданудың зиянды жанама құбылыстарының пайда болуына байланысты өсті. Пестицидтерді интенсивті, ең бастысы жүйесіз қолдану биоценоздарды бүлдіріп, зиянды бунақденелілердің жаппай дамуына тоқтау салатын биологиялық кедергі – энтомофагтердің өлім-жітіміне әкеп соғады. Улы химикаттар қалдықтарының өсімдік өнімдерінде, топырақта, суда жинақталуына қауіп тудырады. Мұның бәрі өсімдік қорғаудың химиялық тәсілдерін жетілдірумен қатар басқа да, негізінен биологиялық қорғау амалдарын жасау қажеттігін көрсетеді [2–4].

Биологиялық тәсіл химиялық және өзге де күрес тәсілдерінен биологиялық агенттер әсерінің өзгешелегі мен, айналадағы ортаға, адамға, жылықанды жануарларға, пайдалы бунақденелілерге зиянсыздығымен ерекшеленеді. Биотәсіл зиянкестердің сан мөлшерін шаруашылыққа байқалмайтын мөлшерге дейін төмендетуді қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге олардың жаппай көбеюін [5–9] де ескертетін үлкен экономикалық тиімділік көрсетеді.

Еліміздің оңтүстігінде 2008–2011 жылдары 200–130 мың гектарға өсірілген мақта қозасы жетекші техникалық дақылдардың бірі болып табылады. Егіс алаңының кемуі суаратын судың жетімсіздігіне, сондай-ақ ауыл шаруашылығын әртараптандыруға байланысты. Мақтаарал ауданы Оңтүстік Қазақстан облысындағы негізгі мақта өсіретін өңір. Онда мақта 100–110 мыңдай гектарды алып жатыр [10–12].

2005 жылы мақта егістігінің көлемін кеңейтіп, мақта талшығын өндіріп, өңдеуде кластерлік амалды белсендірек пайдалану міндеті қойылды. Осыған орай еліміздің Президенті Н.А.Назарбаев 2005 жылдың 31-ші қаңтарындағы агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі кеңесте “Тоқыма өнеркәсібінің даму көкейкестілігі еліміздің оңтүстігіндегі мақта шаруашылығының жоғары басымдылығын ескерсек қана түсінікті”, – деп атап өткен еді [13].

Демек мақта-талшық өндірісін ұлғайту және еліміздің өсімдік майына деген азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мақта және майлы дақылдар өнімділігін арттыру осы саланы дамытудың негізгі бағыты болып табылады.

Мақта өнімділігін көтерудің негізі – оны өсіру технологиясын сақтау. Бұл технологияның маңызды буыны мақта егістігін көптеген зиянкестерден қорғау болып табылады. Мәселен, зиянды бунақденелілердің күздік көбелек, мақта көбелегі, жер үстілік кіші көбелек (карадрина) тәрізді зиянды түрлері мақта өнімділігін 50% және одан да астам кемітіп қана қоймайды, сонымен бірге шитті мақтаның сапасын да нашарлатады. Олар бір маусымда 2–5 ұрпақта дамып, мақталықты өскін бергеннен өнім жиналғанға дейін зақымдайды. Бұл көп дүркін химиялық өңдеу керек деген сөз. Мәселен, 1998, 2010 жылдары мақта көбелегінің жаппай көбеюі фермерлер өнімінің 60 пайызға дейін төмендеуіне әкеп соқты, сөйтіп шитті мақтаның республика бойынша орташа өнімділігін 14–16 ц/га-ға дейін кемітті. Мақта қозасының талшық пен май алуға пайдаланылатыны белгілі. Ал пестицидтердің мақта қозасы мен тұқымында жинақталған улы қалдықтары халық денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Сонымен бірге зиянкестер пестицидтерге үйреніп алады, соған орай оларды қолданудың бірте-бірте пайдасы да, тиімділігі де болмайды, сондықтан да олар экономикалық жағынан орынсыз болып шығады. Олар тек айналадағы ортаны ластауға және пайдалы энтомофаунаны тұншықтыруға ғана жағдай жасайды. Сондай-ақ екінші дәрежелі қатардағыларының көптеген түрлері ерекше қауіпті зиянкестер категориясына өтеді [14–18].

Осы факторлардың барлығы, соңғы жылдары, дамыған елдерде өсімдік өсіру жүйесін өзгерту тенденциясын айқын тұжырымдауға әкеп соқты. Мәселен, Еуроодақ (ЕО) елдерінде адамдар өмір сүретін мекендерде химиялық препараттар құрамын едәуір шектеу қарастырылды. Сондай-ақ химиялық құралдарды басым қолданудан оларды қысқартуға және зиянды организмдердің сан мөлшерін реттеу механизмдерін анағұрлым кең қолдануға өту көзделді. ЕО елдерінде, Жапонияда, АҚШ-та және Оңтүстік Кореяда агроөнеркәсіптік кешенді ауыл шаруашылығын жүргізудің интегралдық амалдар мен технологиясына бірте-бірте өту мәселесі мемлекеттік деңгейде тұр [19–20].

Мақта егістігін зиянкестерден қорғау Оңтүстік Қазақстанда негізінен химиялық құралдар қолдану есебінен іс жүзіне асырылады. Ерекше қауіпті зиянкестерге (мақта көбелегі, өрмекші кене) қарсы қорғау шаралары мен өзге де түрлері жыл сайын 160–200 мың гектарға мемлекеттік бюджеттің есебінен жүргізіледі.

Мақта егістігін мақта көбелегіне қарсы 2000–2010 жылдары химиялық өңдеудің жыл сайынғы көлемі орта есеппен 164,6 мың га құрады.

Оның үстіне 2009–2010 жылдарғы биологиялық тәсілдер қолдану үлесі небары 15–20 мың гектардай болды, ал олардың тиімділігі өте төмен және егістіктерге инсектицидер шашу қажеттілігін туындата отырып, негізгі мақсатқа жетпейді [4,18].

Осыған орай биологиялық тәсілдер қолдану тиімділігін көтеру үшін барлық күш трихограмма, бракон тәрізді жергілікті жағдайларға бейімделген биоагенттердің жергілікті түрлерін табуға бағытталуы тиіс. Трихограмма, бракондардың жергілікті түрлерін қолданудың биоқорғау тиімділігін 15–20% және одан да астам арттыруға мүмкіндік беретіні белгілі болды [21–30].

Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 11-ақпанындағы “Өсімдік карантині туралы” Заңы мен Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 3 шілдесіндегі “Өсімдік қорғау туралы” Заңын іс жүзіне асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 10 желтоқсанындағы №1295 Қаулысымен “Карантиндік нысандар мен аса қауіпті зиянды организмдер Тізімі” бекітілді. Бұлармен жұмыс республикалық бюджет қаржысы есебінен іске асырылады [31].

Институт жұмысының басты бағыты – карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы қорғау шараларын жасау. Бұл Тізімге мақта егістігінің зиянкестері – мақта көбелегі мен өрмекші кене де жатқызылған. Сондықтан да біздің зерттеулеріміздің міндетінде көрсетілген нысандар үшін экономикалық зияндылық шегін жасау кірді. 1996–2011 жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және Өзбек өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының қолда бар ұсыныстарын пайдалану өсімдік қорғаудың биологиялық және химиялық құралдарын қолдануға критерий белгілеуге мүмкіндік берді. Оның нәтижелері осы ұсыныстарда мазмұндалған.


  1. Мақта егістігінің ерекше қауіпті зиянкестерімен күрес үшін, экономикалық зияндылық шегін (ЭЗШ) ескере отырып, өсімдік қорғаудың биологиялық тәсілін қолдану қажеттілігін анықтауға мүмкіндік беретін биоагенттер (энтомофагтар) қолдану критерийі

Қазіргі кезде экономикалық зияндылық шегі деп өсімдік қорғау жөніндегі шаралар табыс түсіре бастайтын, өнім өндіру рентабельділігін көтеретін және өнімнің өзіндік құнын төмендететін зиянкес түрлерінің аз-көптігі немесе өсімдіктің зақымдану дәрежесі есептеледі [32,33].

Негізгі зиянкестердің ЭЗШ-ін анықтамаса олармен күреске бюджет есебінен бөлінген қаржының пайдасыз жұмсалуы мүмкін. Сондықтан да ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңа жағдайында мақта егістігі зиянкестерінің экономикалық зияндылық шегін анықтау өте көкейкесті мәселе болып табылады.

Мақталықтың негізгі зиянкестері – өрмекші кене мен мақта көбелегінде тоғышарлар мен жыртқыштардың 60-тан астам түрі байқалды. Олардың арасында мақта агроценозында трихограмма, алтынкөз, бракон, тахина шыбыны, барылдақ қоңыз, қандала-ориус, набис, өрмекшілер және басқалар тұрақты мекендеп, зиянкестерді белсенді түрде азайтып отырады. Олар аса қауіпті зиянкестердің мақта егістігіндегі сан мөлшерін табиғи реттеуші болып табылады. Олардың белсенді де пайдалы қызметі зиянды нысандардың сан мөлшерін шаруашылыққа байқалмайтын жағдайға дейін кемітуге қабілетті [15, 16, 34, 35].

Дақылдарды негізгі зиянкестерден биологиялық қорғаудың басқару элементі ретінде тек биоагенттерді қолданудың ғана отандық алғашқы биопрепарат “Ақкөбелек” тәрізді биологиялық препараттардың маңызы зор.

Мақта егістігін кешенді интеграциялық жүйеде қорғауда биологиялық құралдарды (биологиялық агенттер, биологиялық препараттар) пайдалану анағұрлым жоғары биологиялық, шаруашылықтық және экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді. Биоагенттер қолдану айналадағы ортаның ластануын төмендетуді және зиянкестердің дамуына ұзақ мерзімдік бақылау жасауды қамтамасыз етеді, энтомофагтар көбеюіне және жинақталуына жағдай жасайды [14, 06, 23, 35].

Энтомоакарифагтар рөлiн бағалағанда және мақсаттық бағытта пайдаланғанда, сондай-ақ қазіргі кездегі агробиоценоздарға ғылыми тәсілдер принциптері, сонымен бірге бәрінен бұрын жүргізілген мониторинг деректері бойынша олардың сан мөлшерінің, зиянкестердің ертерек анықталған зияндылық шегі мен энтомоакарифагтардің тиімділік шегінің арақатынас деңгейінің бағасы пайдаланылады [36–39].

Мақталықтың анағұрлым кең тараған зиянкестеріне жоңышқа биті (Aphis craccivora Koch.), бақша биті (Aphis gossypii Glov.), мақтаның үлкен биті (Acyrthosiphon gossypii Mord.), кәдімгі өрмекші кене (Tetranychus turkestani Ug.et.Nic), мақта көбелегі (Helicoverpa armigera Hbn.) тағы басқалар жатады.

Өсімдікті биологиялық қорғау құралдары да химиялық құралдар секілді сан мөлшері зияндылық шегінен жоғары болғанда зақымдау ошақтарында пайдаланылады:

биттерге қарсы 100 жапырақтан 45–50 бит табылса;

өрмекші кенеге қарсы 100 жапырақта 140–150 кене табылып, өсімдіктің 5–10 пайызына қоныстанса;

мақта көбелегіне қарсы 100 өсімдікке жұмыртқалар және 8–12 жас жұлдызқұрттан келгенде.

Мақта егістігінің аса қауіпті зиянкестерінің экономикалық зияндылық шегінің мәні үнемі анықталып отырылуы тиіс.

Мақталықта энтомофагтар тиімділігінің критерийі өрмекші кене, бит және мақта көбелегі жөнінде жасалған.

Өрмекші кененің энтомофагтары

Өрмекші кененің көбеюін жыртқыштардың 20-дан астам түрі шектейді. Олардың көбісі көпқоректілер. Солардың ішінде анағұрлым кең тарағаны – нүктелік стеторус (Stetorus punctillum Ws.) және кене жегіш трипс (Scolothrips acariphagus Jack.) [40-42].


Кокцинеллидтер тұқымдасы (Coccinellidae, Coleoptera)

Қоңыз дөңес сопақ денелі. Үстіңгі қанаты ірі, ретсіз шашылған нүктелі. Дернәсілдері қоңыр, қара басты, өте ширақ. Қоңыздар ағаш қабықтарының жарықтарында, ағаш кеуектерінде, түскен жапырақтар астында қыстайды. Олардан шыққан қоңыздар арам шөптерге жұмыртқа салуға кіріседі. Өрмекші кененің көбею жағдайына қарай мақта егістігіне (мамыр) қоныс аударады. Жұмыртқаларын жапырақтардың 4 данадан шоқ-шоқ болған кенелер шоғыры бар астыңғы бетіне салады. Өсімталдығы 100 жұмыртқадан 150 жұмыртқаға дейін. Дернәсілдері 4 жас ерекшелігінен өтеді. Бір тәулікте дернәсілі 140–150 кене, қоңызы 100 кене жеп қояды. Өсімдік үстінде қоректенген орындарында қуыршақтанады. Бір маусымда бір-біріне қабатталған 5 ұрпаққа дейін дамиды.

Ресейдің Еуропалық бөлігінде, Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстік-шығысында тараған.
Трипидтер тұқымдасы (Thripidae, Thysanoptera)

Кене жегіш трипс – ұсақ, жіңішке денелі бунақденелі. Дернәсілдерінің жас кезінде қанат белгісі болмайды. Имаголары арам шөптерде, өсімдіктердің, өрмекші кенелер жиналған, қалдықтарының астында қыстайды. Сәуірден қазанға дейін табиғатта, 8–12 ұрпақ бере отырып, кенелер шоғырларында көбейеді. Мақталыққа маусым айының басында қоныстанады. Аналығы жапырақ сағағы мен ұлпасына 40 жұмыртқаға дейін салады. Дернәсілдері 7–9 күннен кейін көктемде және күзде, 3–4 күннен кейін – жазда туылады. Дернәсілдері 4 жастан өтеді, бірақ кене дернәсілдерінің бірінші және екінші нимфаларымен қоректенеді. Дернәсілдері мен имаголары жыртқыштық етеді. Дернәсілі даму кезеңінде 1000 кенеге дейін жояды. Зиянкес сан мөлшерін төмендету тиімділігі 30 пайыз шамасында.

Орта Азияның оңтүстігінде, күнгей Кавказда, Қазақстанның оңтүстігінде тараған.


Бит энтомофагтары

Мақта егістігіне қоныстанған бит энтомофагтар кешені фитофагтардың осы тобына тән түрлермен: афидиидтер тоғышарларымен және кокцинеллидтер жыртқыштарымен, алтынкөздермен және сирфидтермен белгілі.


Афидиидтер тұқымдасы (Aphidiidae, Hymenoptera)

Мақталыққа зиян келтіретін, биттерден анықталған 11 тоғышар түрінің ішінде анағұрлым тиімдіректері Aphidius cardui Marsh. және Lysiphlebus fabarum Marsh.



Aphidius cardui – түрі мамырдың басынан тамыздың соңына дейін тоғышарлық етеді. Зиянкес популяциясының аса тығыз кезеңінде бит шоғырларын 60–80% зақымдай отырып, бит сан мөлшерін реттейді. Ресейдің еуропалық бөлігінде. Орта Азия республикаларында, Кавказ бен Қазақстанда тараған.

Lysiphlebus fabarum – мақталықтағы биттердің ең көп те тиімді тоғышары. Олар биттердің 70–80 пайызын зақымдайды.

Кокцинеллид арасында 7-нүктелі қанқызы қоңызы (Coccinella septempunctata L.), 5-нүктелі қанқызы қоңызы (C.quingguepunctata L.), 14-нүктелі қанқызы қоңызы (C. quatuordecimpunctata L.), 2-нүктелі қанқызы қоңызы (Adalia bipunctata L.), өзгергіш қанқызы қоңызы (Adonia variegata Gz.) анағұрлым кең тараған.



Жетінүктелі қанқызы қоңызының денесі қысқа сопақ, дөңес. Қанат үсті қызыл, 7 қара дағы бар. Денесінің ұзындығы 5,5–8 мм. – жұмыртқасының формасы шөлмек тәрізді, сары түсті. Дернәсілдерінің бояуы (түсі) қоңыр, арқасында қызыл нүктелері бар, денесі созылыңқы, тиекті. Қуыршағы дернәсіліне ұқсас, сұр-қоңыр, денесінің артқы бөлігімен жапырақтарға жабысады, ал алдыңғы бөлігі бос, басымен төмен салбырап тұрған тәрізді. Ересек кезеңінде орман төсеніштерінде, сирек болса да өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қыстаған орындарынан шыққаннан кейін қоңыздар орман жолақтарында және бит қоныстанған бақ ағаштарында шоғырланады. Мақта егістігіне биттің бар-жоқтығына қарамастан қоныстана бастайды. Бірақ аналықтары битпен қоректенгеннен кейін 10–20 күннен соң жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқаларын мақтаның немесе арам шөптің жапырақтары мен өзге де органдарына тұрғызып қойғандай күйде орналастыра отырып 5–50 данадан бөліп-бөліп салады.

Өсімталдығы 700 жұмыртқаға дейін. 5–7 күннен кейін жұмыртқадан дернәсілдер туылып, 18–21 күннің ішінде 4 жастан өтеді, ал содан соң өсімдік үстінде қуыршақтанады. Қуыршақтардан 5-7-ші күні ересек қоңыздар шығады. Республиканың оңтүстігінде 2 ұрпақта дамиды.

Полифаг. Қоңыздары мен дернәсілдері жыртқыштық етеді. Имаголар мен биттер дернәсілдерін барлық жаста жояды. Бір ересек қоңыз бір күнде 70 ересек бит немесе биттің 175 дернәсілін жеп қояды. Әсіресе 90 ересек битті немесе 270 дернәсілін жоятын ересек жастағы дернәсілдері болып саналады.
Хризопидтер туыстасы (Chrysopidae, Neuroptera)

Мақта егістігінде биттерді алтынкөздердің: кәдімгі алтынкөз (Chrysopa carnea Steph.), перла алтынкөз (Ch. perla L.) формоза алтынкөз (Ch. formosa Br.) тағы басқа түрлері жояды. Кәдімгі алтынкөз анағұрлым кең тараған.



Кәдімгі алтынкөз – жасылдау түсті, нәзік те ұзарған денелі, кішкене басты, қылтанақ тәрізді ұзын мұртты, көздері алтындай жарқыраған және әспеттеп қаланған төбе жабынындай ерекше седепті шұғыла шашқан едәуір кең торлы қанатты ересек бунақдене. Жасыл түсті сопақ жұмыртқасы жұмыртқа ұзындығынан едәуір асып түсетін жалтыр сабақта жабысып тұрады. Дернәсілдері қою қоңыр-қоңыр түсті, ұршық тәрізді, сәл жалпақтау, денесінің бүйірлерінде қыл шоқтары бар, кеуде аяқтары да, жақтары да жақсы жетілген. Ересектері көбіне топ-тобымен тұрғын үй-жайлар мен өзге де үй-жайларда қыстап шығады. Олар көктемде пайда болады және гүлдеп тұрған өсімдіктер бал-шырынымен, сондай-ақ тозаңымен, содан кейін биттер, бүрге-шіркейлер, сымырлар бөлген тәтті заттармен қоректенеді.

Жұмыртқаларын ретсіз тәртіппен сала береді. Өсімталдығы – 400 жұмыртқа. Эмбриондық дамуы – 3-7 күн. Дернәсілдері субстратқа жабысып тұратын ақ, борпылдақ пілләда қуыршақтанады. Қуыршақтарының дамуы 17–18 күнге созылады. Аймағына байланысты 1–5 ұрпақта дамиды.

Полифаг. 3 жас ерекшелігінен өтетін өте ширақ дернәсілдері жыртқыштық етеді, соңғы түлеуі қуыршаққа айналар кезде пілләда өтеді. Дернәсілдердің қоректенуі мен дамуы 3 аптаға дейін созылады. Олардың обырлығы даму кезеңінде орта есеппен 300–400 бит құрайды. Мақта қозасы егістігіне биттердің шоғыр құрау кезеңінде өрістейді. Барлық жерде тараған.
Сирфидтер туыстасы (Syrphidae, Diptera)

Биттер кешенінің тұрақты жыртқыштарына жиектелген сирф (Syrphus corolla F.), сирф белдеуленген (S.balteatus Deg.) тағы басқалар жатады.

Сирфид түрлерінің көбі полициклді: жылына 2–4 ұрпақ беріп дамиды. Қуыршақ кезеңінде топырақта немесе өсімдік қалдықтарында, өсімдік жапырақтары мен сабақтарында қыстайды. Көктемде: аймағына байланысты сәуірде – маусымда пайда болады. Шыбындары жыныс-жас жағынан жетілмей ұшады. Олар жетілу үшін раушан гүлділердің, айқыш гүлділердің, күрделі гүлділердің, шатырша гүлділердің, тағы басқалардың бал-шырынымен, тозаңымен қоректенулері қажет. Жазғы ұрпақ аналықтары қоректенгеннен бастап, үшінші күні жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқалары ұсақ ұзындығы 0,1–0,2 мм, сопақ, сүттей ақ түсті. Аналықтары жұмыртқаларын өсімдіктің жас жапырақтарына биттер шоғырына жіңішке жағын жоғары қаратып, тікесінен-тік оларды субстратпен желімдей отырып салады. Олар бір ретте оларын бір-бірден жеке-жеке орналастыра отырып, 3–5 жұмыртқа сала алады.

Жұмыртқаның дамуы 2–3 күнге созылады. Дернәсілдері үш ұрпақ береді. 20 күннің шамасында дамиды, қоректенген орындарында қуыршақтанады. Ересек дернәсіл бір күнде 60–200 бит, ал бүкіл даму кезеңінде 1000–2000 бит жояды. Қоректенген кезде дернәсіл ауыз ағзаларымен битті субстраттан жұлып алады да, оның ішіндегісін сорады және құрбандықтан қалған теріні былайырақ итеріп тастайды. Сирфидтер жұмыртқаларын анағұрлым толық құнды қоректеп, сондай-ақ аз қимылдайтын және обыр дернәсілдердің дамуын қамтамасыз ететіндей сан мөлшері салыстырмалы түрде өте көп биттер шоғырына салады. Өсімдік үстінде қуыршақтанады, пілләларын субстратқа бекітеді. Мақта егістігіне бит шоғырын құру кезеңінде өрістейді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет