Қазақстан Ұйғыр мәдени орталығының Республикалық филиалы Тарихи анықтама



Дата11.04.2018
өлшемі14.29 Kb.
#67620
Қазақстан Ұйғыр мәдени орталығының Республикалық филиалы
Тарихи анықтама. Астана қаласының Ұйғыр этномәдени орталығының қоғамдық бірлестігі 2003 жылың 12қыркүйегінде ресми түрде тіркелді. Төрағасы Абдусаламов Рустам Абдусаламович

Мақсаты – ұлтаралық достықты, сенім мен бейбітшілікті нығайту; өзіндік сана сезім, ұлттық әдет-ғұрып пен тарихи отанымен байланысын дамыту мен сақтау бағытындағы жұмысын белсенді атқару.

Қызметінің негізгі бағыттары:

  • Қазақстандық отаншылдық сезімін және этникааралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырып өткізу;

  • Мәдени- бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырып өткізу;

  • Ұйғыр тілінің дамуы мен өрістеу қызмет сферасында іс-шаралар өткізу; ұйғыр ұлтының өкілдерінің барлық қоғамдық-саяси өмірде қатысуын белсендендіру;

  • Астана қаласында тұрып жатқан ұйғырлардың мәдениетінің жаңаруы мен дамуына шексіз көмек көрсету.

Ресурстық база.

Ұйғыр мәдени орталығының құрамына: басқарма, ақсақалдар Кеңесі, жастар қанаты, әйелдер кеңесі және көркемөнер ұйымы кіреді.

Орталықта балалар және жастармен жұмысқа үлкен көңіл бөлінеді, әлсіздер мен кемтарларға көмек көрсетіледі.

Махмудова Наргизамның басшылығымен жастар қанаты қызметінің барысында жастармен кездесу, тренингтер мен оқытуларға шығу, әртүрлі жарыстар мен жиындар ұйымдастырылады. Жастар қанатының мүшелері қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды өткізу кезеңінде белсенді жұмыс атқарады.



Шығармашылық өнерді дамытудың барысында Турдыева Гульбахрамның жетекшілігімен көркемөнер ұйымы құрылды.

Негізгі жобалар. Ұйғыр орталығы құрылғанынан бастап әрқашан қаланың әр-түрлі мәдени-іс-шараларына, халықтар достығы фестивалінде, астана Күні мейрамдарында, "Наурыз" мерекелерінде белсенді қатысады.

Байланыс:

Мекенжайы: Астана қ., Жеңіс даңғылы, 119 пәтер


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет