Азаматтық,елжандылық,этнос аралық келісім туралы ұғым



Pdf көрінісі
Дата24.10.2018
өлшемі32.24 Kb.

Тақырыбы: 

Азаматтық,елжандылық,этнос

аралық келісім туралы ұғым.

Орындаған: Айтмағанбетова Ж.

ФМФ. Т-413 топ


    Жоспар:

1. Азаматтық туралы түсінік

2. Ата заңға шолу

3. Елжандылық

4. Б.Момышұлының елжандылық туралы түсінігі

5. Ә. Нұршайықовтың ой пікірі

6. Этносаралық қатынастар


•     Азаматтық - 

тұлғаның


 нақты мемлекетпен берік 

құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның 

қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара 

қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның 

құқығына

 және 


бостандығына

 кепілдеме береді, 

оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің 

орнатылған заңдарын және мемлекетпен 

орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. 

Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда 

және натурализация ретімен беріледі


•    Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке 

саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және 

оның билігіне бағынатын адамның арасындағы 

өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз 

азаматының заңды құқылары мен мүдделерін 

қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет 

елде

 

қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат 



мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін 

бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген 

міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар 

мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-

құқықтық статусын айқындап, оны шетел 

азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан 

ерекшелейді. 


• “Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес 

алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына 

қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. 

Республиканың азаматын ешқандай жағдайда 

азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, 

сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға 

болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің 

азаматтығында болуы танылмайды” делінген (10-бап). 

Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық алу 

құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына 

сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-

жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (

Австралия, Норвегия, Италия, 

Финляндия

 т.б.), ал түп-тамыр 

құқы бойынша нәрестенің қай мемл. терр-сында туғаны түп 

негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған 

қатысы болмайды (

Бразилия

Аргентина



, т.б.) 

•    Елжандылық — тарихи тамыры терең әлеуметтік, саяси, 

психологиялық құбылыс. Ол ұлттардың арасындағы 

демократиялық дүниетанымға, 

адамгершілікке

, бөтенді 

жатырқамайтын қазақы ұлттық менталитет пен дәстүрге 

негізделген. Қазақ жерін барлық ұлттардың шынайы Отанына 

айналдыру, тілін, дінін дамытып, өркениет жолына салатын 

идеология

 мен саясат.

•    Елжанды болу – еліміздің азаматының аса маңызды 

адамгершілік қасиеті. Елжандылықтың мәні отанға деген 

терең және саналы сүйіспеншілік, оған берілгендік, оның 

табыстары мен жетістіктерін мақтан ету, оны бұрынғыдан да 

көрікті, құдіретті етуге ұмтылу. Отанға деген сүйіспеншілік 

адамдарды еңбек және жауынгерлік ерліктерге 

шабыттандырады, олардың өміріне қоғамдық маңыз береді 

және рухани байытады.



•    Ұлттық патриотизм мен елжандылық туралы біздің 

көрнекті жазушыларымыз бен ғұламаларымыз 

өздерінің көрнекті ой – пікірлерін қалдырып отырған. 

Осы ретте аты аңызға айналған Б. Момышұлы: 

«патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке 

адамның аман - саулығы, қоғамдық, мемлекеттік 

тәуелді екенді сезіну, мемлекетті нығайту дегеніміз - 

жеке адамды күшейту екенін мойындау; қысқасы 

айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген 

ұғым, оны жеке адам барлық жағынан өткені мен 

бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасын 

біріктіреді»,- деп терең және жан-жақты анықтама 

берген.


   Б.Момышұлының анықтамасы 

бойынша елжандылық 

мыналардан тұрады

•  өз халқына сүйіспеншілік:

• өз халқымен қан жағынан байланысын сезіну;

• тұрып жатқан териториясы, ана тілі, тұрмыс – 

тіршілігі, тарихи дәстүрі, психологиялық 

ерекшеліктерін сақтап, дамытуға, оны өз 

ұрпақтарына өткізіп беруге бейімділік.


   Жазушы Ә. Нұршайықовтың ой 

пікірі


•    «бала күннен батырлар туралы ертегілер, аңыздар тыңдап, 

ерлікті мадақтайтын тақпақтар жаттап, эпостық 

шығармаларды етене қабылдамаған адамдардың бойында 

бес кісінің күші болса да патриот бола алмайды», - деп 

елжандылық тәрбиесін берудегі отбасының маңызына 

тоқталып өткен. «Тәрбиенің күшімен шындалған 

патриотизм, қынаптан суырған қылыштай жарқ етіп, Отанды 

басқыншы жаудан қорғау сағатында өз қуатын көрсетеді», - 

дейді жазушы.


• Этносаралық қатынастар кең мағынада 

халықтардың әр түрлі салаларда - саясатта, 

мәдениетте, т.б. өзара әрекеттесуі ретінде 

түсіндіріледі, тар мағынада түрлі ұлт өкілдері 

арасындағы байланысқа түсудің түрлі 

салаларында - еңбек, отбасылық-тұрмыстық, 

көршілік, достық және өзге бейресми 

араласуындағы тұлғааралық қатынастар 

ретінде түсіндіріледі.


• Әрбір Қазақстандық азамат өз елін,жерін сүюге 

міндетті деп ойлаймын. Шет елде талай 

қандастарымыз тұрып жатыр елге қайта алмай 

жүргендері қанша ма? Біз олардың жанында бақытты 

болуымыз қажет себебі біз тәуелсіз қазақстанда 

тұрып жатырмыз. Ана тілімізде сөйлеп мақтануымыз 

қажет.

  


     Пайдаланылған әдебиеттер:

• Айталы А. Қазақты намысы қамшыласын.Алматы.-

Арыс, 2009.-б.248.

• 3.Нысанбаев Ә.Қазақстан. Демократия. Рухани 

жаңару. Алматы. - Қазақ энциклопедиясы, 1999.-

Б.416.


• Қазақстан Республикасының Ата заңы.

   

   Назарларыңызға 



Рахмет!

Document Outline

  • Slide 1
  • Жоспар:
  • Slide 3
  • Slide 4
  • Slide 5
  • Slide 6
  • Slide 7
  • Slide 8
  • Жазушы Ә. Нұршайықовтың ой пікірі
  • Slide 10
  • Slide 11
  • Пайдаланылған әдебиеттер:
  • Slide 13

Каталог: stud.kz -> pdf -> prezent


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет