Азаматтық ҚҰҚЫҚ Қатынастардағы заңды тұЛҒалар түсінігі имангалиев Самат Сайлаубекович



Дата02.02.2017
өлшемі141.75 Kb.
#3263
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ТҮСІНІГІ
Имангалиев Самат Сайлаубекович

«Құқықтану» мамандығының 1 курс магистрантты


Азаматтық-құқықтық қатынастар сан алуан болғандықтан, бір адамның қолынан келе қоймайтын ортақ мақсаттарға жету үшін бірнеше адамдар өз үлестерін қосып жататын кездерде кездеседі. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысу, үй салу, жүк тасу, егін салу, оны ору және т.б. Әрине, бұндай адамдар тек бір мақсатты алдарына қойып, оған жеткен соң әркім өз бетімен кетуіне болады. Ал, егерде олар әрдайым бұндай істерді, әрекеттерді іске асыруды көздесе заңды тұлғаларды құрғандары жөн.

Яғни, азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуде заңды тұлғалар басқа да субъектілермен бірдей құқықтар мен міндеттерге ие болады. Дегенмен, заңды тұлғалар нарықтық қатынастармен пайда болды десек, өрескел қателесетініміз анық. Өйткені, заңды тұлғалар Кеңес Одағы кезінде де болды. Оларды да мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлген. Мысалы, мемлекеттік заңды тұлғаларға мемлекеттік социалистік өндірістік кәсіпорындар, өндірістік бірлестіктер, көптеген зауыттар мен фабрикалар жатса, мемлекеттік емес түріне колхоздар мен совхоздар жатты. Дегенмен, сол кездің қалыптасқан жүйесіне сай, мемлекеттік пен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың арасында айтарлықтай айырмашылық болған жоқ. Қайсысы болса да мемлекетке жұмыс жасады, мемлекеттік нұсқаулармен күн көрді, не айтылса сол орындалды.

Қазақстандық ірі заңгер-ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Ш.Дүсіпов өзінің еңбегінде ҚР Азаматтық Кодексінің 33-бабына сәйкес: „Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға болып танылады.Заңды тұлғаның дербес балансы мен сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады”-деп баяндайды [1].

Сонымен заңды тұлға шаруашылықтық қатынастардың ең маңызды субъектісі болып табылатындығын оның коммерциялық түрлерінен байқауымызға болады. Коммерциялық заңды тұлғалар ретінде шаруашылық серіктестіктерінің барлық түрлерін, акционерлік қоғамдарды, өндірістік кооператив нысандарындағы негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын шаруашылық субъектілерін айтуымызға болады.

Ал, енді көне тарихтарға жүгінсек, біздің эрамызға дейінгі II-I ғасырлардың өзінде Рим республикасының заңгерлері бөлінбейтін, жекеленген мүлкі бар, азаматтық айналымда өз атынан қатынас жүргізетін және қатысушыларының құрамы өзгергеніне қарамастан өзінің мәнісін сақтап қала беретін ұйымның қажеттігі туралы идеяларды талқылаған. “Заңды тұлға” термин, негізінен, римдіктерге белгілі болған жоқ және оның мәнісі олармен зерттелген жоқ, бірақ, бүгінгі күні бұндай ұйымдардың болғанына біз рим құқығына міндеттіміз. Орта ғасырларда заңды тұлға туралы көзқарастар әлі де рим құқығының әсерінен туындауда болды. Дегенмен сол заманның талаптарына жауап беретін ұйымдар өздерінің атағын бүкіл әлемге әйглі қылды. Германиядағы Фуггерлер сауда үйі, Италияның Генуясындағы Ұлы Георгий банкі, ағылшындық және голландиялық Ост және Вест-Индия компаниялары тәрізді сауда кәсіпорындарында ірі істерді ұжымдық әдіспен жүргізу техникалары дағдыландырылып жатты. Бұл ұйымдардың сауда қатынастарына қатысу арқылы жиналған үлкен тәжірибелері XIX – ғасырда азаматтық және сауда кодекстерін шығаруда маңызды рольдер атқарды.

XIX-XX ғасырларда экономиканың дамуының жаңа өріс алуы, кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлерінің пайда болуы, жаңа ақпараттық технологиялардың дүниеге келуі заңды тұлға институтының мағынасын одан әрі жоғарылата түсті [2,16].

Сонымен, заңды тұлға мәртебесін заң тұрғысында реттеу бүгінгі күні қандай мақсаттарды алдына қояды? Бұл сұраққа жауап заңды тұлға институтының атқаратын функцияларына жүргізілген талдаудан көрініп тұр:

1. Ұжымдық мүдделерді рәсімдеу. Заңды тұлға институты белгілі-бір үлгідегі заңды тұлға мүшелерінің арасындағы ішкі қатынастарды ұйымдастыру, тәртіпке келтіру жолымен олардың еркін жалпы ұйымының еркіне айналдыру арқыл заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатысуына мүмкіндік береді.

2. Қаражаттарды біріктіру. Заңды тұлға, соның ішінде оның бір түрі болып табылатын акционерлік қоғам, қаражаттарды ұзақ мерзімге ортақтандыру нысанының ең тиімді түрі болып келеді және де бұндай бірігулерсіз ірі көлемде кәсіпкерлік қызметатқару мүмкін емес.

3. Кәсіпкерлік тәуекелді шектеу. Заңды тұлға құрылымы оның мүшесінің мүліктік қаупін нақты кәсіпорындарға салынған қаражатының көлемімен шектеуге мүмкіндік береді.

4. Қаражатты басқару. Заңды тұлғалар, (әсіресе акционерлік қоғам), құнды қағаздар, биржалар туралы қолданылып жүрген заңдар бүкіл ел аумағындағы қаражатты басқару құралдары ретінде болғандықтан, нарықтық экономиканың өзіндік реттелуіне, өзіндік ұйымдсатырылуына қуатты фактор болып келеді.

Ал, енді осы айтылғандарды қорыта келе, заңды тұлғаның түсінігін ашайық. ҚР Азаматтық Кодексінің 33-бабына сәйкес: “Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға болып танылады” [3].

Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады.

Заңды тұлға дегеніміз - бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".

Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиеттерде бір мағыналы анықтамасы жоқ.

Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған кезеңде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралғанды. Негізінен алғанда, занды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болатын еді. Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, занды тұлғаның академик А.В. Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиетгеріне "ұжым теориясы" деген атпен енді [4].

Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық пікірталастарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде кездесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның "мақсатты мүлік ретіндегі" анықтамасын атап көрсетуге болады. Е.А. Сухановтың пікірі бойынша, ".. .осы заманғы коммерциялық пракгикада азаматтық немесе сауда (коммерция) айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін "мақсатты мүлік" теориясьн қостайтын дәлелдер жеткілікті" [5].

Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған - жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе ұжымдық құрылымдардың құқық субъектілігін дәлелдеу.

Күнделікті қарым-қатынас жасаушыларды сараласақ, жалпы тұлғаның екі түрі бар. Олар, яғни құқық субъектілері – адамдар (жеке тұлға) және ұйымдар (заңды ұйым) Жеке тұлға дегеніміз - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.Заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды, бірлестіктерді, қорларды және т.с.с. айтамыз.

Азаматтық құқықтық қатынастың субьектілері азаматтар, ұжымдық құрылымдар және мемлекет болуы мүмкін. Осы көрсетілген субьектілер азаматтық құқықтық қатынасқа қатысуы үшін азаматтық құқық қабілеттілігі болуы керек, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігі болуға тиісті.

Құқықтық субъектілік – адамдардың қоғамдық – заңды қасиеттері: оның екі жағы бар – қоғамдық және заңдылық. Қоғамдық - құқықтық субъектілік жағы мынандан көрінеді, яғни субъектінің құқығын заң шығарушы қалай болса солай белгілей алмайды – олар өмірдің өзімен, қоғам дамуының заңдылықтарына сәйкес қажеттілікке сай талап етіледі.

Құқықтық субъектіліктің құрамынан құқықтық қаблеттілік және әрекеттілікті бөліп айтады.

Құқықтық қабілеттілік – құқықпен қамтамасыз етілген адамның субъективтік заңды құқық пен міндеттілікті қабылдау қабілеттілігі, яғни құқықтық қатынастардың қатынасушысы болу [26]. Сонымен, бір ғана құқықтық қабілеттілік құқықтық қатынастардың бір жағы ретінде көріну қабілеттілігі. Жалпы азаматтық құқықтық қабілеттілік оның тұған кезінен пайда болады, яғни жас нәрісте де азаматтық-құқықтық қатнастардың мүшесі болады (мысалы, мұрагерлік құқықтық қатнастар).

Әрекеттілік – бұл құқықпен қамтамасыз етілген, өзінің әрекетімен (әрекетсіздігемен) субъективтік заңды құқыққа және міндеттілікке иелену және оны іске асыру не оларды тоқтату.

Құқықтық қабілеттілік және әрекеттілік – құқықтық субъектілік, өзінің табиғатына қарай біртұтас құқықтық әрекеттілік. Шын мәнісіндегі құқықтық субъективтілікті – құқықтық қабілеттілікке және әрекеттілікке бөліп зерттеу негізінен азаматтық құқықта болады және ол барлық субъектілерге бірдей емес (азаматтық құқықтық субъективтік ұйымдар бірлікте).

Әрекеттіліктің басқа бір түріне деликтоқабілеттілік жатады, ол құқықты бұзғандығы үшін (деликтіні) заңды жаупкершілікті мойындау қабілеттілігі (соған сай заңды міндеттілікті орындау).

Құқықтық субъектілік жалпылама (жалпы құқық субъектісі болу қабілеттілігі), салалық және арнайы болуы мүмкін (мысалы, заңды адамдардың құқықтық субъективтігі).

Субъектілердің құқықтық жағдайы (құқықтық статустың) түсінігімен сипатталады. Кәбінесе, ол азаматтарда құқықтық субъектілік пен конституциялық құқық пен міндеттерден құралады. Мысалы Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке адамдардың құқықтық статусының негізі болып табылады.

Сөз «status» латын тілінен аударсақ «жағдай», «ереже» деген сөздердің мағнасын көрсетеді. Дегенмен әдебиетте сонымен қоса «құқықтық ереже» түсінігін ұсынады. Мұндай қосымша ұсынушылықтың сонда ғана мәні болады егер «құқықтық ереже» бойынша нақтылы субъектінің құқықтық жағдайын түсінсек, яғни оның құқықтық статусымен бекітілген болса, өзі тұрған нақтылы құқықтық байланыстың жиынтығына сайлылық болу қажет.

Адамда сондай қоғамдық-заңды қасиеттің болуы, құқықтық субъективтік ретінде, оған құқықтық қатнасқа түсуге заңды мүмкіндік береді, нақтылы заңды құқық пен міндетті алып жүруші болады. Сондай адамдар, заң бойынша құқықтық қатнастардың қатысушысы болады, оларды құқықтың субъектілері деп атайды.

Құқықтың әрекетінің тетігін түсіну әртүрлі түсініктерді болжайды «құқық субъектісін» және «құқықтық қатнастың субъектісін» [27]. Құқық субъектісі – бұл құқықтық қатнастардың «потенциальды» (қабылеті бар) мүшелері, бұл адамдар заңды құқық пен міндеттерді ғана алып жүруші бола алады. Құқықтық қатнастар субъектісіне – бұл құқық субъектісі өзінің құқықтық субъективтігін іске асырып нақтылы құқықтық қатнастардың қатнасушысы болғандар. Әрбір құқықтық қатнастар субъектісі – бұл әр уақытта құқық субъектісі (онсыз ол жәй ғана сондай бола алмас еді), көрінген құқық субъектісі – соның не басқа нақты құқықтық қатнастардың субъектісі бола бермейді.

Құқық субъектісі құқықтық қатынастар субъектісі болу үшін міндетті түрде белгілі заңды фактылердің пайда болуы қажет, сондықтан әрекетке, соған сай өкілетті – міндеттеушілік нормасын «жібереді» (нормаларды), және ол өз жағынан сол құқық субъектілеріне заңды міндеттер мен заңды құқық беріп, пайда болған құқықтық қатнастардың қатынасушылары жасайды.Құқық субъектілері сонымен, құқық нормаларымен қатар және заңды фактылармен, құқықтық қатынастардың (қажетті жағдайын жасап) өмір сүруіне және пайда болуындағы алғы шарттарын жасайды.

Құқықтық қатынастар субъектілері – бұл әр уақытта құқық субъектісі, жалпы сипатын құқықтық субъективтік және құқықтық статуспен байланыстыру керек (құқықтық қабылеттілікпен, әрекеттілікпен, деликтоқаблеттілікпен).

Құқық субъектілерінің түрлеріне қарап (құқықтық қатынастар субъектілерімен) былай бөлуге болады:

а) азаматтық тұлға;

ә) ұйымдар;

в) қоғамдық құрылымдар (ұлттар, халықтар).

Азаматтық тұлға – азаматтар, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқтар (апатридттар), екі азаматтығы бар адамдар (бипатридтар).

Ұйымдарға жататындар:

а) мемлекеттің өзі;

ә) мемлекеттік ұйымдар;

б) мемлекеттік емес (қоғамдық, кооперативтік, коммерциялық т.б.) үйымдар.

Мемлекеттік ұйымдардың ішінен мемлекеттік органдарды бөлуге болады – билік өкілеттілігі бар мемлекеттік ұйымдар.

Ерекше атап өтуге жататын заңды тұлға категориясы, азаматтық (заттық) айналымға қатнасуға қажетті құқықтық субъективтігі болуы міндетті. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі бойынша заңды тұлға ретінде, ұйымдар мынандай жағдайда танылады:

а) өзінің жеке мүлкі болуы міндетті және өзінің міндеттері бойынша сол мүліктері арқылы жауап беруі;

ә) өз атынан заттық және жеке адамға заттық емес құқыққа ие болуға, мүмкіндігі бар және міндеттерін өтеуге;

б) сотта талапкер және жауапкер бола алады.

Көңіл аударатын жағдай, «заңды тұлға» - құқық субъектілерінің түрлілігін көрсету емес, құқықтық субъективтіктің, түрлерін көрсетумен қатар осы субъектілердің қоғамдық-заңдық қасиетін көрсету. Заңды тұлға ретінде мемлекеттің өзін айтуға болады.

Құқық қабілеттіліктің жалпы түсінігі заңда көрсетіледі, яғни ол ҚР азаматтық кодексінің 13-бабында көрсетілген [28]. Құқық қабілеттілігі дегеніміз – азаматтың құқықтар мен міндеттерді иемдену қабілеті болып табылады. Осыған сәйкес құқық қабілеттілік – осы құқықтар мен міндеттердің субъектісі болу қабілетін білдіреді және заңмен қарастырылған кез-келген құқық немесе міндетке ие болуы мүмкіндігі мағынасында болады.

Бұл категорияның маңызы сол тек құқық қабілеттілік болған жағдайда ғана басқа нақты субъективті құқықтар мен міндеттер болады. Құқық қабілеттілік құқықтар мен міндеттердің пайда болуы және сол арқылы олардың жүзеге асуына қажетті жалпы алғы шарт болып табылады. Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды.

Құқық қабілеттілік мемлекеттің барлық адамзаттарына танылады. Ол туылу сәтінен бастап пайда болып, қайтыс болу жағдайында тоқтатылады. Сәйкесінше құқық қабілеттілік адамнан ажыратылмайды, ол өзінің бүкіл өмірі бойы жас шамасы мен денсаулығына қарамастан құқық қабілеттілікке ие болады. Бірақ бұл жерде құқық қабілеттілік көру, есту сияқты адамға тән табиғи қасиет деген нәтиже шығаруға болмайды. Құқық қабілеттілік туылу сәтінен пайда болғанымен, табиғи жолмен пайда болмайды. Ол заң күші бойынша пайда болады, яғни қоғамдық-заңды қасиет, белгілі бір заңды мүмкіндік деген мағынаны білдіреді. Бізге тарих бойынша белгілі бір кездерде көптеген адамдар топтары сол кездегі заңдар бойынша құқық қабілеттіліктен толық немесе толық дерлік айрылған. Мысалы: құл иеленушілік құрылыстағы құлдар [29].

Заң әдебиеттерінде құқық қабілеттілік азаматқа тән белгілі бір қасиет ретінде қарастырылады. Заңда көрсетілгендей, бұл қасиет құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті ретінде болады. Ал қабілет дегеніміз заңды мүмкіндік деген мағынада яғни тұлға құқықтар мен міндеттерге ие бола алады. Бұндай мүмкіндік заңмен қарастырылып және қамтамасыз етілгендіктен ол әрбір нақты тұлғаның белгілі бір субъективті құқығы мағынасын береді. “Құқық қабілеттілік – бұл құқықтар мен міндеттердің субъектісі болу құқығы” деп жазған Братусь С.Н. [30].


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Дүсіпов Е.Ш., Қағазов О.К. Қазақстан Республикасының азаматтық құқы (жалпы бөлім). Оқу құралы -Алматы, 2006. – 158 б.

2. Мұханова А.А. Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы. Оқу құралы. –Қарағанды: «Болашақ-Баспа», 2010. – 95 б.

3. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдер) // // Параграф. – 2015.

4. Венедиков А.В. Организационно-правовые формы предпринимательства. – М., 2008. – 160 с.

5. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г. Азаматтық құқық. 1-том. Жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс. – А., 2003. -735 б.

6. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім. Ι-ΙΙ том. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. - 220 б.

7. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2001. – 37-38 бб.

8. Сергеев А.П. Защита гражданских прав. - М.: «Инфра», 1996. – с.98.

9. Черниловский З.М. «Римское частное право: элементарный курс». - М: «Новый юрист», 1999. - с.118.



10. Братусь С.Н.Гражданское право. - М.: «Наука», 2000. – с. 124.
Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> ТалдықОРҒан қаласы бойынша жартылай дайын ет өнімдерінің сапасын анықтау
2016-04 -> ТҰТЫҚпаны түзету әдістері ерғалиева Гүлім Бексұлтанқызы
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Символдың табиғаты ашимова Малика Гениевна
2016-04 -> Желтоқсан оқИҒасына қатысқан жастардың ерлік мұрасы арқылы жасөспірімдерге патриоттық ТӘрбие беру боранбай Қуат
2016-04 -> Стресске төзімділік психологиялық саулықТЫҢ кепілі б. Е. Күребай
2016-04 -> Балқаш ойысындағы рай көлінің емдік-сауықтыру туризмін дамытудағы алатын орыны
2016-04 -> Тері ауруларына қолданатын негізгі дәрілік өсімдіктердің ТҮр ерекшеліктерін, химиялық ҚҰрамын зерттеу. Б. Б. Мұхамедярова
2016-04 -> Исследование степени загрязнения тяжелыми металлами поверхностных вод, почвы в районе расположения озера алаколь


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет