Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет8/16
Дата18.03.2018
өлшемі2.87 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Бірінші деңгей – ынталы-өнімді немесе енжарлық. Әр жолы қандай да бір елігу, ынтамен анықталған, сырттан берілгенді бастамасыз қабылдау әрекеті.

Екінші деңгей – эвристикалық. Бұл деңгей белгілі бір деңгейде инттелекті бастаманың көрінуімен сипатталады. Бұл интеллектік бастама не ішкі фактор, не әрекеттік объективті бағасымен ынталандырылмайды. Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізгі кейіпкері.

Мұғалімнің қызметінің нәтижелі болуы шығармашылықпен тығызбайланысты. Онсыз шеберлікке жету мүмкін емес. Ол үшін оның өзіндік «мені» болуы қажет. Тек ынтымақтастық жағдайда ғана ондай мүмкіндік туады.(Г.С.Костюк, В. Янтос, Г.А.Цукерман). Болашақ педагогті ашық өз пікірін айтуға, мәселеге сын көзбен қарауға, сын айтып бағалауға уйрету қажет. Канада психологі Г. Селье шығармашылықтың үш типін көрсеткен: тапқыштар, идеялардың генераторлары, энциклопедистер, сыншы–ғалымдар. Бір адамда бұл қабілеттер сирек кездеседі. Бұл қабілеттерді дамыту үшін оқу-тәрбие процесінде студенттерге еркіндік беріп, топтың пікіріне бағындырмай (ноноконформдық) өз пікірлерін айтуға ұмтылдыру қажет. Ол үшін дискуссия , мақалаларға пікір, сын айту , конкурстар т. б. түрлерін қолдану маңызды. Ол үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда төмендігідей жағдайлар жасау: қарым-қатынас жасауда бағаламау, сынамау, сабақта стрестік жағдай тудырмау, оқытуда ашық жағдай тудыру, конформизімді болдырмау.

А.Маслоу,К.Роджерс шығармашылыққа ие болу үшін мұғалімде төмен-дегідей қасиеттері болуы маңызды деп есептейді:

-өзінің мүмкіндігін толық көрсете алу (самореализация);

- қызметке шексіз берілу, жетілдіруге ұмтылу;

- өзі болу, ашықтық, әлеуметтік рөлдің маскасын пайдаланбау;

-проблемаларды, шындықты дұрыс қабылдау, шешудің жаңа жолдарын іздестіру;

- өзін және басқаларды қандай болса солай дұрыс қабылдау;

- өзіне сенімділік, еркіндік, өзінің потенциалына суйену;

- қызметіне сын көзбен қарай білу, рефлекссияға қабілеттілігі;

- икемділігі, шын ниеттілігі, ақкөңілдігі, эмоционалдығы;

- жаңалыққа ашықтық;

- динамикалық өзгермелігі, өзгеруге дайындығы.

Педагогикалық өмір үнемі өзгерісте болып тұрады, сол өзгерістерге қарай педагог өзі де өзгеріп, өзін жетілдіріп тұруы керек. Педагогтың шығармашылық дамуы оның жеке даралық кәсібі мәдениетінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Педагог үнемі өзін -өзі анықтап, өзін -өзі дамытып, өзінің мүмкіндігін толық көрсете білуі қажет. Сондықтан ол білуі керек:

- өзінің қабілетін, ерекшеліктерін;

- өмірлік, кәсіби мақсатты қоя, таңдай білу;

- түрлі жағдайларды жоспарлай, шешім қабылдай білу;

- мәселені шешудің түрлі әдіс , тәсілдерін табу;

- өзін бағалай білу, рефлекссияға қабілеттілігі.

И.Харламов мұғалімнің педагогикалық шығармашылығын оқу-тәрбие әрекетіне әр түрлі әдістемелік түрлендірулерді енгізіп, оқу және тәрбие тәсілдері мен әдістерін рационалдау арқылы жүзеге асырады. Кәсіби әрекеттің жоғары деңгейі ретінде ғалым педагогикалық жаңашылдықты атап көрсетеді. И.Харламовтың пікірінше, жаңашыл мұғалімдер педагогикалық үрдістің жаңартушысы болып табылады. Сонымен қатар жаңа бағдарламалар құрады, оқу-тәрбие мәселелерін шешуде жаңа идеялар ұсынады, жаңа технологиялдар құрастырады.

В.Загвязинский педагогикалық шығармашылықтың әлеуметтік маңыздылығын, жаңалығын және икемділігін бағалайды. Ол педагогикалық шығармашылықты өзінің объективті мағынасы мен мәніне байланысты жаңа-лықтарға,өнертапқыштыққа және жетілдіруге бөледі. Соған сәйкес шығарма-шылық әлеуеттің үш деңгейі жайлы айтылады.

1.Аса көлемді және жаңашыл педагогикалық шешімдер–бұлар жаңалықтар. Олар әрекетті және соған кіріскен адамды жетілдірудің жаңа мүмкіндіктерін көруге көмектеседі.

2. Шығармашылық әлеуеттің екінші деңгейі- басқа түрге айналдырумен, педагогикалық жүйелердің кейбір элементтерін құрастыру, білім беру және тәрбиелеудің шарттары, құралдарымен, әдістерімен байланысты болып келеді.

3. Оқытушы әлеуетінің үшінші деңгейі – бұл жетілдіру, яғни, білім беру және тәрбиелеудің белгілі әдістері мен құралдарын жетілдіру, нақты шарттарға бейімдеу.

Тұлғаның шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жүзеге асыру шығар-машылық сипаттағы әрекетке алғы шарт ретінде қарастырылады.

Әр жастағы, дайындығы мен табиғаты әр түрлі балаға білім мен тәрбие беруде белгіліні өзгертіп, ал жаңадан жаңаны тудырушы суреткерлік шығар-машылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, біртүр-лілікті қабылдамау, ойлап табу, тудыру, жасап көру – жаңашыл мұғалімнің күнделікті кәсіби жағдайы. Шығармашылық–мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешім қабылдауға әкелетін әрекет - әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мәселені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:

-педагогикалық ойдың пайда болуы;

- түпкі ойды талдау;

- педагогикалық ойды әрекетке айналдыру;

-шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау туралы пікір айтқандар: В.А. Кан-Калик, Н.Д. Никандров.

-жаңалықты көру;

- педагогикалық өнертапқыштықты құрастыру, модельдеу;

- жетілдіру (В.И. Загвязинский).

Бұл кезеңдерде қызығушылық, интеллект, қажетті білімді тез арада меңгере білу, байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, интузиазм, табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушілік сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық әрекетті нәтижелі етеді.

Әрекет теориясының психологиялық негізін жасаған ғалымдар: Б.Г.Ананьев, А.И.Леонтьев, А.Р.Лурья, С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский. Оған төмендегідей сипаттама берген. «Әрекет-іс-қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады». Осы авторлар әрекеттің төмендегідей ішкі құрылымдардан тұратынын белгілейді: қажеттілік және мотив, мақсат, құрал, амал-тәсіл, нәтиже, рефлексия.

Шығармашылықты әрекет ретінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігін танытады. Білім алушының үздіксіз білім алу жолындағы белсен-ділігі туралы Ю.Н. Кулюткин, А.В. Даринский, т.б. атап өткен.

Шығармашылық сөзсіз мұғалімнің өзінің дарындылығын, жасампаз-дығын қалыптастырады. Педагогикалық шығармашылыққа байланысты зерттеулер аз емес, бірақ жаңа субъект-субъектілік парадигма жағдайында шығармашылық адамның өзін-өзі өзгерте алуы ретінде қарастырылады.

Мұғалімнің шығармашылық әлеуеті көп бөлікті және көп факторлық құбылыс. Ол педагогикалық тәжірибеде субъективті және объективті жаңаны құруға бағытталған педагогтың білім мен біліктілігін, тұлғалық және кәсіби сапа мен қабілеттерін сипаттайды. Шығармашылық әлеует құрылымында оның барлық бөліктерінің ішкі бірлігі сақталған.

Шығармашылық әлеуетті жүйе ретінде қарастыра отырып И.Мартынюк пен Л.Москвичева оның құрылымын шығармашылық әрекетке қабілеттілігі мен дайындығы ретінде қарастырады. Дайындық, алдымен, қабілеттілік көкейкестілігін қамтамасыз ететін ішкі құрылым мен механизмі, екіншіден, шығармашылық өзіндік тіршілікке деген әлеуметтік-психологиялық жағдай ретінде қарастырылады. Ғалымдардың негізгі зейіндері шығармашылық әрекетінің өлшемдік жағына бағытталған. Өлшемдер дегеніміз–бағалау, пікір негізі болатыны белгі. Өлшемдерді анықтау үрдісінде біз олардың айқындалуы мен негізделуінде келесі талаптарды ескереміз:

- өлшемдер тұлғаны қалыптастырудың негізгі заңдылықтарын бейнелеу керек;

- өлшемдер көмегімен барлық зерттелетін жүйелер бөліктерінің арасында байланысты4 орнатылуы;

- сапалық көрсеткіштер сандық көрсеткіштермен бірлікте болуы;

- өлшемдер пайда болуына байланысты берілген өлшемдердің аз немесе көп деңгейде анықталатынын байқауға болатын бірқатар сапалы көрсеткіштер (белгілер) арқылы ашылуы;

- өлшемдер уақыт және мәдени-тарихи кеңістікте өлшенетін сапаның динамикасын көрсетуі керек.

Мұғалімнің түрткісі мен креативтілігінің өзара байланысын қарастырудың қорытындысы инновациялық әрекет тиімділігін қамтамасыз ететін түрлі құндылықтары бола тұрып, инновациялық педагогикалық үрдісті үйлестіруді қажет етеді.

Қандай типтегі тұлға шығармашылықта мұратына жетеді десек, ойы ұшқыр, ақылы алғыр болуы керек екендігі ғылымда дәлелденген. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісінен қанағат табу сезімі болуымен көрінеді. Осыған байланысты «адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады»- деген К.Г.Юнгтің сөзі дәлел бола алады. Білімнің гуманистік парадигмасы тұрғысынан қарасақ, тұлғадағы шығармашылық басқа адамдарда жоқ, немесе аз мөлшердегі жекеліктерді дамытады. Таза жаңалықта жаңа «адам» туады, оның қабілеті кескінделеді.

Біліктілікті арттыру ісінің әлемдік тәжірибесі мазмұндық, процессуалдық, жеке адамның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған тәсілдеріне негізлелген. Бірінші жағдай дәріскердің мазмұнды тыңдаушысына жеткізуді мақсат етеді, екінші тәсіл – оқыту үрдісін білім алушының өз әрекеті арқылы ұйымдастыруды көздейді, ал соңғысында оқыту білім көтерушінің сұраныстарына сәйкес ұйымдастырылады.

Мазмұндық тәсілде дәстүрлі оқыту жүйесінің белгілері басым болса, ал процессуалдықта - әрекеттік тәсіл андрогогикалық оқыту үлгісінің талаптарына сәйкес болып келеді. Соңғы жол тәжірибеде кеңінен тарай қойған жоқ, себебі білім көтеруді бізде топтар, ағымдар бойынша ұйымдастыру үрдісі қалыптасқан.Бұл үш тәсілдің талаптарына сай келетіні – мұғалімді субъектілік жағдайға қоятын, белсеңді танымдық әрекетке негізделген, тұлғаға бағытталған – оқытудың андрагогикалық үлгісі.

Тұлғалық – бағдарлы оқыту – адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу, олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету. Оның өзін-өзі жүзеге асыру, ретке келтіру, дамыту, өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудың механизмдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.

Педагогтың шығармашылығының компоненттеріне жатады: оның көзқарасы, құзырлылығы, қиялы, икемділігі, рефлексияға қабілеттілігі, тапқырлығы, даралығы, мәдени, әлеуметтік және педагогикалық тәжірибесі.


құзырлылық

білім

қиял

елес

икемділік

рефлексияға қабілеттілік

тапқырлық

даралық

ерік

көзқарас

сезімнің ерекшелігі

ойдың тереңдігі

интеллект

Шығармашылықтың компоненттері

Бұл компоненттердің ішінде мұғалімнің нәтижелі, табысты еңбек етудің негізі болып табылатын білім, құзырлылық, рефлексияға қабілеттілігі педаго-гикалық шеберліктің құрылымдық кломпоненттері деп есептеуге болады. Енді шығармашылық компоненттеріндегі психологиялық таным процесстердің маңызына тоқталайық:

Қиял – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңғыртып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Мұғалім үшін қиялдың екінші түрі- актив қиялдың орны ерекше. Бұл - қиялдың шарықтап дамуының жоғарғы сатысы, адамның шығармашылық әрекетімен тығыз байланысып жатқан түрі. Шығармашылық қиял әрекеттің кез келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте шығармашылық қиялдың болмауы мүмкін емес. А.С.Макаренко айтқандай:«жеке адамның келешегін жобалауда» мұғалім шығармашылық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді дегені ойға келеді.

Рефлексия – адамның өз санасындағы өзгерістер туралы ойлануы; әрекеттің жүру барысы мен аяқталуын қорытындылап баға беру үрдісі. Шығармашылық әрекетте мұғалімнің өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қарауы, қанағат табуы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды мотивацияның қалыптасуы, т.б. орын алады. Сонымен қатар шығармашылықта мұғалімнің төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл-ой қабілеттері мен оның икемділігі өнертапқыштыққа және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені терең түсіне білу және оны шешудің ең тиімді жолын таңдай алу, эмоциядағы қалыптылық, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік позиция.

Қорыта келе айтарымыз, «шығармашылық – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті», - деген тұжырым жасауға болады. Мұғалімнің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогикалық, әлеуметтік, кәсіби әрекетіндегі мәселелерді табысты шешуін қамтамасыз етеді, басқаша айтсақ, кәсіби шығармашылығын дамытады.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Педагогикалық қызметтің шығармашылық ерекшелігі қандай?

2.Креативтілік және шығармашылық деген ұғымдардың байланысы бар ма?

3. Педагогтың шығармашылық іс-әрекетке сәйкес болуы не үшін қажет?

4.Мұғалімнің шығармашылық әрекетіне қойылатын талаптар қандай?

5. Педагогикалық шығармашылық компоненттеріне нелерді жатқызамыз?




17-ші дәріс Инновациялық бағытта қызмет атқаратын мұғалім .

1. Инновация ұғымына түсінік, зерттеген ғалымдар.

2.Инновациялық іс-әрекеттің принциптері, инновациялық іс-әрекеттің негізгі міндеттері.

3. Инновациялық іс-әрекеттің кезеңдері.

4. Инновациялық іс-әрекетті ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі.

5.Мұғалімің инновациялық белсенділіін тудыруда педагогикалық технологияларды қолданудың маңызы.

Әдебиеттер:

1. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова – « Педагогика ».Алматы, 2004

2. К.Бұзаубақова, Инновациялық белсенділік деңгейлері , // Қазақстан мектебі //, № 7, 2005, 16-18 бет.

3. К.Бұзаубақова, Мұғалімнің инновациялық іскерліктерін қалыптастыру , // Қазақстан мектебі //, № 11-12, 2005, 27-29 бет.

4.А.Мұхамеджанова,Инновациялық педагогикалық технологиялар,ы пайдалану тетіктері , // Қазақстан мектебі //, № 4, 2006, 14-16 бет.

5.Мұқытова Ж.Қ. Пазылова Г.Ш. Педагогикадан кестелер, сызбалар, ұғымдар және тестік тапсырмалар. Оқу-әдістемелік құрал. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті - Көкшетау, 2009,-137б.

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табы-лады.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр.

Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналасатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа техноло-гияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан, мұғалімнің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интегративтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.



Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты еңгізу, яғни (аударғанда) жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа кон-цепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация–нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”.

Майлс“Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз”,- дейді.

Ендеше, «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу” деп көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс ” деген терминмен анықтайды.

«Инновация» термині қазірде білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны “білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу” деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.

«Инновация» латын тілінен аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады.

Ресейде “инновация” ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, ХІХ-ХХ ғасыр басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни, инновациялық үрдіс өткен, бірақ “инновация” термині еш жерде аталмаған.

Ал Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны “құрамына материалдық өзгіруін ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс”,- деп түсіндіреді.

Инновациялық іс - әрекет моделін қалыптастыруда Л.Н.Подымова өзінің ғылыми -зерттеу жұмысында мынадай көзқарастарды ұсынады: аксиологиялық, рефлексті – қызметтік, жүйелі – қызметтік, әлеуметтік – психология, жеке шығармашылық деп. Автор мұғалім моделін жасауда жалпы инноватика жайлы білімге сүйену, моделдің технологиялық блогын құрауда жаңалықтың өмір сүру циклын, оның сатыларын / талдау, жоспарлау, даярлау,қолдану/ жаңалық енгізудің пайда болуы, меңгерілуін көрсеткен.

Ғалымдар:И.Ф.Исаева, И.М.Шиянова, А.И.Лещенко зерттеулерінде инновациялық іс-әрекеттің және операциялық аспектілердің өзара байланысын қарастырды.

Қазақстан мемлекетінде “инновация ұғымын пайдалану соңғы жылдар еншісінде. Ең алғаш “инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс” деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деп жазады. Ал инновация негізін құраушы ұғымдарға: “Инновация”, “нововведение”, “новшество”, “новое”, т.б. қазақшаға аудармаларын жасаған Ы. Алтынсарин атындағы білім мәселелерін ғылыми-зерттеу институтының әдіскері Қ. Құдайбергенова болып табылады. Ол өз еңбектерінде “Инновацияны нақты қойылған мақсатқа сай жеткізетін жаңа нәтиже” деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: “инновация - жаңарту”, “нововедение” – енген жаңалық, “новое” – жаңа, “новшество – жаңалық”, “инновациялық процесс” – жаңарту үрдісі деп түсіндіреді.

“Инновация” сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір бұл сөз “жаңа өзгеру, жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “жаңа”, жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, материалдарды өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:



  • үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;

  • оқыту мен үйренудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;

  • мұнда үйренушінің дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру;

  • үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;

  • көрнекілік құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне қабылдау эмоцияна әсер ету.

Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда мұғалім сабақты дайын күйінде бағалайды, оқушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал мұғалімнің негізгі міндетіне оқушының іс-әрекетін бақылау жатады.

Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар – озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық –психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастағы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни, инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.

Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалатынын Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова төмендегідей белгілеген:

Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналдыру.

Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюін, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауын, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.

Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолдануға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады дейді. Сондықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасаулуы тиіс деген пікір айтады.

Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға, енуі жаңа типті сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда деп қортындылайды.

Демек, әрбір, жаңашыл педагог оқу үрдісінде түрлі инновациялық және интерактивтік әдістемесін пайдалана білсе, сабақ сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.

Инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналады. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.

Инновациялық әрекет деп мұғалімнің өз тәжірибесінде әлдеқайда жоғары нәтиже беретін белгілі сатыда біртіндеп енген жаңалықтың сапалы өсу динамикасын айтады. Инновациялық іс-әрекет бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі межеден ауытқу тудырады. Инновациялық іс-әрекет жаңалықтың пайда болуы, іске асырылуы сияқты кезеңдермен ерекшеленеді. Педагогикалық үрдіс те басқа үрдістер секілді инновациялық іс-әрекетті талап етеді. Педагогикалық инновациялық іс-әрекет негізінен жаңадан пайда болу, өңдеу және тарату кезеңдерімен сипатталады.


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет