Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет3/16
Дата18.03.2018
өлшемі2.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

3-ші дәріс Мұғалімге қойылатын талаптар. «Педагогикалық деонтоло-гия» - педагогтың тәртібі туралы ғылым.

1. ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар.

2. Мұғалімнің профессиограммасы.

3. «Педагогикалық деонтология» -педагогтың кәсіптік тәртібі туралы ғылым.

Әдебиеттер:

1. ҚР жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырым-дамасы. Егеменді Қазақстан, 2005ж.

2.Андриади И.П.Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений.-М.: Издательский центр «Академия»,1999.-160с.

3.Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. Учебное пособие для спец. Высших учебных заведений. М.: Просвещение, 1989. - 205с.

4.Основы педагогического мастерства. Упражнения. Тесты. Советы начинающе-му педагогу. Учебно-методическое пособие/ Сост. Т.П. Смолькина. - Караганда, 2002.-88 стр.

5.Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства:учебник для студ. сред. Проф. Заведений/ С.Д.Якушева.-2-е изд.,-М.: Издательский центр «Академия», 2009.-256с.

Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру жүйесін оңтайландыру қажет. Онда азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге көтеру үшін бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға қол жеткізу керек. Мұны атқаратын, сөз жоқ, мұғалім.

“Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі”, - деп Ы.Алтынсарин айтқандай, қолына шырақ пен кітап ұстаған мұғалімнің қоғамдағы рөлі ерекше. Әрбір білікті ұстазға білім жолында бұлдыр нәрсе жоқ демейміз. “Өнегелі ұстаз өзім бол”,”- демейді, “өзің бол”,- дейді. Мұғалімнің басты мақсаты – оқушыға білім беру, тәрбиелеу, жетілдіру, болашағын дамыту.

Қазақстан Республикасының «Жаңа формация педагогінің үздіксіз педаго-гикалық білім беру тұжырымдамасында» жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық қалып-тасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуни-кативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман деп сипаттайды.

Бұл тұжырымдамада көрсетілген мұғаліміне қойылатын талаптар төмендегідей:

Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп, табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар-ожданын қорғай алады.

Екіншіден, мұғалім педагогикалық, психологиялық білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүниежүзінде ғаламтану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қандай пәннен сабақ бермесін, ол баланың, өмірдің әр саласына қатысты сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.

Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық – «Адам өзінің шығармашылық өзгеру-шілік қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады». Көп білу үшін көп ойлау, оқу керек. «Интернет» жүйесін білу керек.

Үшіншіден, міндетті орта білім беру стандарты, оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін жойды. Енді, білім беру негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан-жақты даму үшін балаға осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік сараптамалық қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жетуі мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы жұмы-сында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін субъектіге, тұлғаға айналуы керек.

Бұл мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдер енгізіп, білімге жаңа дәстүрлі емес инновациялық технологияларды енгізумен сипат-талады. Жоғарыда аталған талаптардың іске асуы мұғалімнің шығармашы-лығын қажет етеді. Ал шығармашылық педагогикалық шеберлікке жетудің аса маңызды жолы.

Ғалымдар Ш.Т.Таубаева мен С.Н.Лактионова болашақ мектеп мұғалі-мінің бейнесін былай сомдайды:

- балаға, мәдениетке, шығармашылыққа құндылық қатынас білдіретін;

- балалық шақтың экологиялық тазалығын қорғайтын;

- оқыту мен тәрбиенің мазмұнымен жұмыс атқара алатын;

- озық тәжірибелі педагогикалық технологияны меңгерген;

- қоршаған адамдармен жағымды қарым - қатынас жасай алатын және баланың дамуына қолайлы жағдай жасай алатын мұғалім.

Ш.Т.Таубаева мен С.Н.Лактионованың болашақ мектеп мұғалімінің бейнесін сомдауында да шығармашылықтың орны ерекше екенін байқаймыз.

Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес «маман моделін», маман профессиограммасын жасау міндеті тұр.

Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, психологтар Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, Л.М. Митина, Ф.Н. Гоноболин, В.А. Крутецкий, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков, Н.А. Сорокин, И.А. Зимняя, Б.Г. Ананьев, Л.И. Анцыферова, В.А. Кан-Калик, А.А. Леонтьев, Л.Д. Столяренко, П.Ф. Каптерев, т.б.

В.А.Сластениннің пікірі бойынша мұғалім профессиограммасы мыналар-ды қамтиды:


  1. Қоғамның саяси жағдайы.

  2. Әлеуметтік–психологиялық, этикалық – педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары.

  3. Психологиялық және педагогикалық даярлық.

  4. Мамандық бойынша даярлық.

  5. Пән бойынша даярлық.

  6. Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан туады.

Педагогикалық шеберлік туралы сөз болғанда, біз педагогтың тәртібі, оған қойлатын талаптарды ескеруіміз керек. Педагогтың тәртібі туралы ғылым -«Педагогикалық деонтология» деп аталады.

Педагогикалық деонтология (грек тілінде) - педагогтың кәсіптік тәртібі туралы ғылым. Бұл терминді 19 ғ. енгізген ағылшын философы И. Бентам.

Кәсіби нормалар – тарихи қалыптасқан кәсіби тәртіп, іс-әрекет стандар-ты, оған тарихи жағдайлар әсер етеді. Педагогтың кәсіби тәртібі, оған қойы-латын талаптар туралы ерте заманда философтар және педагогтар ой қозғап пікір айтқан. Мысалы, Аристотель, ежелгі римдік ғалым Квинтилиан. Мұғалім-нің кәсіби тәртібі туралы Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо өздерінің еңбектерінде қарастырып пікірлер айтқан.

Атақты педагогтардың К.Д. Ушинскийдің, П.П. Блонскидің, А.С. Мака-ренконың, В.А. Сухомлинскийдің, Ы. Алтынсариннің, С.М. Торайғыровтың еңбектерінде педагогтың кәсіби тәртібі туралы білімдердің теориялық негіздері қаланған.

Қызметті нәтижелі атқаруға қажетті қасиеттер:

- Максималды икемді болуға ұмтылу.

- Эмпатиялық қабілеті, оқушылардың қажеттілігін ескеріп орындаудағы шап-

шаңдығы.


- Сабақ берудегі өзіндік ерекшелігі.

-Тәрбиеленушілердің « Мен»-концепциясының дамуына көмек көрсету, қолдау.

- Оқушыларды басқара білу, өзін-өзі меңгеру іскерлігі.

- Тәрбиеленушілермен неформалдық қарым -қатынас стилін меңгеру.

- Ақкөңілдік, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі меңгеру, эмоционалдық ұстамдылық.

- Дау-дамайлық жағдайларды зорлықсыз шеше білуі;

- Басқа адамдардың дініне, дәстүрлеріне құрметпен қарай білу, толеранттылық.

- Креативтігі, рефлексияға қабілеттілігі.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар қандай?

2.В.А.Сластениннің пікірі бойынша мұғалім профессиограммасы нелерді қамтиды?

3. Мұғалімнің профессиограммасына нелерді жатқызамыз?

4. «Педагогикалық деонтология» нені зерттейді?

5. Ш.Т.Таубаева мен С.Н.Лактионова болашақ мектеп мұғалімінің бейнесін қалай бейнелейді?




4-ші дәріс Педагогикалық шеберліктің құрылымы, шеберлікке жетілу жолдары.

1.Педагогикалық шеберліктің құрылымы: гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника т.б. .

2.Педагогтың маңызды кәсіби сапалары.

3. Мұғалімнің шеберлігінің жетілу жолдары.

4.Педагогикалық кәсіби даму кезеңдері.

Әдебиеттер:

1. ҚР жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырым-дамасы. Егеменді Қазақстан, 2005ж,

2.Андриади И.П.Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений.- М.: Издательский центр «Академия»,1999.-160с.

3.Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. Учебное пособие для спец. Высших учебных заведений. М.: Просвещение,1989. -205с.

4.Основы педагогического мастерства. Упражнения. Тесты. Советы начина-ющему педагогу. Учебно-методическое пособие. Сост. Т.П. Смолькина. - Караганда, 2002.-88 стр.

5.Леонтьев А.А. Педагогическое общение.-М.:,1996.

6.Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства: учебник для студ.сред. Проф. Заведений/ С.Д.Якушева.-2-е изд.,-М.: Издательский центр «Академия», 2009.-256с.

7.Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Екінші, толықт., түзет. және қайта өңд. бас./ Орыс тілінен аударған М.А. Құсайынова. – М.: Логос; Алматы: TST-company6 2005. – 438 б.

Педагогтың педагогикалық шеберлігі педагогтың іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы мен педагогикалық қарым-қатынастан басталады. Педагогикалық әрекет арқылы педагогикалық шеберлік дамып жетіледі.

Педагогикалық шеберліктің құрамына: педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық; тәрбие беру, білім беру ісінің нәтижелілігі; әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік; іс-әрекеттің шығармашылық сипат алуы кіреді.

Педагогикалық шеберлік жүйелері - педагогикалық бағыттылықты, бейім-ділікті, іскерлікті білдіретін үрдіс.

И.А.Зязюннің пікірі бойынша, педагогикалық шеберліктің құрылымына педагогикалық бейімділік, бағыттылық, кәсіби білім, іскерлік, педагогикалық техниканы меңгеру кіреді.

Қазіргі кезде педагогика ғылымының алдында тұрған ең көкейкесті мәселелердің бірі – кәсіби сапалы мамандар даярлау. Ізгілендірудің мәні – қоғамның басты құндылығы – жеке тұлғаны құндылықтарға бейімдеу.

Мұғалім үшін ең басты құндылық - кәсіби шеберлік, оған жетудің әдіс, тәсіл, құралдарын меңгеру болып табылады.

1. Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық – мұғалімдердің оқушыларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі – педагогтардың шәкірттермен ынтымақтастық, демократиялық бағыттағы ізгілік-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді.

Ұлы жазушы, педагог Л.Н. Толстой былай деген болатын: «Егер мұғалім өзінің балаларға деген сүйіспеншілігін педагогикалық іс-әрекетпен жалғастыра білсе, ол – жетілген мұғалім». Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық әр жақты ұстаным десек, олар мыналар: өзін шебер мұғалім ретінде танып білу; педагогикалық әсердің ықпалды болуы; балаларға деген сүйіспеншілік, ынтымақтастық бейімділігі, сондай-ақ, педагогикалық іс-әрекет мақсатының, ізгіліктік стратегиясының, тактикасының болуы.

Педагогикалық кәсіби шеберліктің фундаменттік негізі – ғылымның тиісті саласындағы кәсіптік білім.

2. Педагогикалық кәсіби шеберліктің фундаменттік негізі – ғылымның тиісті саласындағы кәсіптік білімі, құзырлылығы, шығармашылық қабілеті. Кәсіби білім, құзырлылығы - педагогикалық шеберліктің фунда-менттік негізін жасайды және үш блокты оқу пәндерінен тұрады: арнайы пәндер, психологиялық-педагогикалық пәндер және әлеуметтік-мәдени пәндер. Болашақ оқытушының кәсіби білгірлігі, біріншіден, өзі оқытатын пәнін терең, негіздей білуге негізделсе, екіншіден, сол пәнді тани білетін оқушыларға арналады.

Кәсіптік білімнің ерекшелігі – оның кешенділігінде:

- біріншіден, оған білім мазмұны, оны оқыту әдісі, оны ұйымдастыру ұстаным дары жатады;

- екіншіден, ол кәсіптік білімді, саналы ереже принцип-тәртіпті қалыптасты рады;

- үшіншіден, теориялық, технологиялық, әдістемелік жағынан тұтасады. Оны әрбір педагог өз тәжірибесіне сай құрады, ғылыми білімі негізінде оның заңдылықтарын көре біледі. Кәсіби білімді мұғалім үздіксіз жетілдіріп отыруы қажет.

3. Педагогикалық қабілеттер - педагогикалық шеберліктің жедел жетілуіне ықпал жасайды. Педагогикалық іс-әрекетке қажетті мынадай жетекші қабілет-терді атауға болады: коммуникативтік, шығармашылық, перцептивтік (эмпа-тия, интуиция, көрегенді), интеллектуалдық, ұйымдастырушылық, конструк-тивтік, гностикалық, экспрессивтік қабілеттер. Педагогикалық қабілеттері жетілген педагог педагогикалық процесті жылдамдатып, оның өнімділігін арт-тыра алады. Іскерлік қасиеттері: өзінің пәнін жетік білуі, қызықтыра білуі, түсінікті, қызықты түсіндіре білуі.

Педагогикалық қабілеттер мен білімі арқылы мұғалімде педагогикалық кәсіби өзіндік сана-сезімі қалыптасады.

Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір түрі – педагогикалық техника.

4. Педагогикалық техника - мұғалімнің қызметінде көрініс беретін ішкі және сыртқы қабілеттердің жиынтығы.



Педагогикалық техника - жеке оқушыға, ұжымға тәжірибеде нәтижелі ықпал жасау үшін мұғалімге қажетті БІД жиынтығы. (пед. энциклопедия).

Педагогикалық техникаға мұғалімнің сыртқы мәдениеті де жатады: киінуі, жүріс-тұрысы, мимика, пантомимика т. б..

Педагогикалық іс-әрекеттің табысты балуының маңызды факторларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылады. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық, ақкөңілдік, ұстамдылық, басқаларға сене білу, түсіне білу қабілеті, басқаларға құрметпен қарай білу, намысына тимеу, әдептілік, толеранттылық, адалдық, әзілдесе білу сияқты сапалардың міндетті болуы шарт. Сонымен қатар, шешендік қабілеттер, артистік мінез ерекше атап көрсетіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни, оқушылардың психикалық күйлерін түсінуге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды. Зерттеушілер тарапынан педагогикалық әдепке үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы мәдениеті және оның педагогикалық іс-әрекетінің жоғары кәсіпқойлығы байқалады. Мұғалім мамандығында тұлғалық сапалары кәсіби сапалардан ажыратылмайды.

Қазіргі кезде мұғалімге қойылатын талаптардың ішінде мұғалімнің толерантты болуы - маңызды мәселе. Өйткені, оқушымен қарым-қатынас жасауда шыдамдылық, әдептілік, оқушыны сыйлай білу, кешіре білу оның мұғаліммен қарым- қатынас жасауына қолайлы жағдай тудырады.



Педагогикалық толеранттылық - мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі құзырлы-лығын, төзімділігін, адамгершілігін, әдебін, шыдамдылығын жатқызуға болады. Әдеп - әртүрлі жағдайда өзін ұстай білуі, шамадан тыс кетпеуі. Қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық әдебиетте «педагогикалық шыдамдылық» ұғы-мына әр алуан түсінік берілген. Зерттеушілердің кейбіреулері педагогикалық шыдамдылықты мұғалімнің білім субъектілерімен диалогиялық қатынас қалыптастырудағы кәсіби қабілеттілігі ретінде көрсетсе, басқалары педагог шыдамдылығын мойындау, қабылдау, түсіну арқылы өзгеден дәл басқаны көру қабілеттілігі деп қарастырады.

Л.М. Митинанын пікірі бойынша, педагогикалық шыдамдылықтың аспек-тісі эмоционалды орнықтылық, педагогикалық қиындықтардың әр алуан түрле-ріне қарсы келу, психологиялық бейімділікті сақтау болып табылады. Оның не-гізінде шынайы жағдаяттарды теңбе-тең бағалайтын қабілеттілік, екінші жақ-тан, бір жағдайдан келесі жағдайға өтуді алдын ала болжау мүмкіндігі жатыр,-деп жазады Л.М.Митина.

А.А. Реан педагогикалық шыдамдылықты диспозициялық шыдамдылық-тан шығарады. Диспозициялық шыдамдылықтың соңында тұлғаның белгілі құ-рылымы, оның болмысқа, басқа адамдарға, олардың тәртібіне, өзіне, басқа адамның өзіне ықпал етуі, жалпы өмірге қатынасының жүйесі тұр. Диспози-циялық шыдамдылық, бейнелеп айтқанда, шыдамдылық - бағдар (ұстаным), шыдамдылық – құрылым, шыдамдылық – дүниетаным. Шыдамдылықтың бе-рілген түрінде мұғалім сезімталдық пен эмпатиялық қабілеттілігін сақтайды. Диспозициялық шыдамдылықтан толық мөлшерде өмірге деген қатынас пайда болады, өмірге деген дұрыс көзқарасын айқындайды, болмысты позитивті түрде елестетеді. Диспозициялық шыдамдылық әлеуметтік төзімділік болып табы-лады. Ол - әлеуметтік төзімділіктің бір бөлшегі. Нақты осындай төзімділікті болашақ педагогтың жоғары оқу орнында оқыған сәтінде құру және дамыту керек.

Педагогикалық мәдениет - педагогикалық шеберлік жүйелерінің маңыз-ды түрлеріне жатады. Педагогикалық қарым-қатынас – оқушылардың моти-вациясының дамуы мен оқу іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, оқушы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын қамтамасыз ететін мұғалімнің оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық құралдар жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады. Мұғалімнің балаларға қарым-қатынасы орынды талап қоюшылықпен үйлестірілген үлкен жылылық және қамқорлықпен сипатталады. Бұл аталған педагогтық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзе-ге асырылады. Осы жетекші компоненттер педагогтың кәсіби шеберлігінің негі-зі болып табылады. В.Г. Крыськоның пайымдауы бойынша, мұғалімдік қызмет-ке қажетті компоненттерге: адамгершілік, кәсіби қабілеттердің, мүмкіндіктердің жоғары деңгейдегі жиынтығы және сондай деңгейде дамуы, жетілуі, олардың іске асудағы мұғалімнің жеке тұлғалық күші, қабілеттері мен мүмкіндіктері кіреді.

Педагогикалық мәдениетсіз педагогикалық қызметтің нәтижесі төмен.



Педагогикалық мәдениеттің компоненттері: педагогикалық бағыт, қызығушылық, қажеттілік, жан-жақты даму деңгейі (адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық), педагогикалық шеберлік, үнемі жетілуге бағыт ұстау,қарым - қатынас мәдениеті, тәртібі, педагогикалық әдебі, мұғалімнің дербестігі, жалпы және педагогикалық эрудициясы және құзырлылығы, мейрімділігі, ақкөңілдігі, қызметке берілуі.

Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір маңызды түрі – педагогикалық іс-әрекетке бейімділік.

Психологиялық жағынан танып білуімізге байланысты бейімділік деге-німіз - өзі белгілі бір затқа, объектіге, іс-әрекетке адамның сезімдік талға-мының арта түсуі деп білеміз.

Педагогикалық іс-әрекетке бейімділікті танытатын түрлі сезім құлшы-нысын, жетекші бейімділікті атауға болады. Олар:

- адамдармен ыңғайласа білуге құлшыныс көрсету, тіл табыса білу, адамдармен коммуникативтік қатынаста болуға бейімділік көрсету;

- кәсіптік көрегендік, бейімділік, байқағыштық (адамдарда болатын күрде-лі сапалы қасиеттерді ажыратып тани білу қабілеттілігі);

- жекебас динамизмі – эмоциялық тұрақтылықты байқата білу, ішкі әсер ету сезімін байқату, логикалық көз жеткізу;

- эмоциялық тұрақтылық, өзін-өзі меңгеру, өз бейімділігін реттеп басқара білу, ситуацияларды бағдарлап, дұрыс шешім қабылдай білу;

- оптимистік болжай білушілік – алға үмітпен қарау, оқушыларды келешекке үміт, сенімге бағдарлап тәрбиелеу.

Осы жетекші компоненттер педагогтың кәсіби шеберлігінің негізі болып табылады. Бұл компоненттер педагогикалық шеберліктің үш деңгейінде кездеседі, бірақ көріну дәрежесі әр түрлі болады.


Кәсіптік білімі,құзырлылығы

Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік

Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық



Педагогикалық қабілеттер, сондай-ақ, шығармашылық қабілеті

Педагогикалық техника

Педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттері

Педагогикалық мәдениет



Педагогтық толеранттылық

Педагогтың сана-сезімі,өзін –өзі жетілдіру

Сонымен, педагогикалық шеберлік дегеніміз – жүйелі үрдіс, педагогикалық іс-әрекетте нәтижелі табысқа жеткізетін жол. Ол жұмысқа жаңа сапалық мазмұн береді. Кәсіптік позицияны қалыптастырады.

«Біз мұғалімдерге былай істе, не болмаса былай істе, - деуден аулақпыз, бірақ басқаларды басқару үшін, оларға ықпал жасау үшін сол мәселеге қатысты психикалық құбылыстарды зерттеу заңдылықтарын білуі керек», - деген К.Д. Ушинский.

Көрнекті совет педагогы А. С. Макаренко өз шеберлігін жетілдірудегі тәжі- рибесіне сүйене отырып, былай деп жазғаны тегін емес: «Менің педагогикалық талантым болған емес және де педагогикаға ешбір әуестенбей-ақ кездейсоқ келдім... Бірақ мен үйрендім. Мен өз ісімнің шебері болуға тырыс- тым. Ал әркім-ақ өз ісінің шебері бола алады, ол үшін оған көмектесу керек, ол өзі де жұмыс істеуге ынталы болуы тиіс». Көрнекті педагог бұл сөзінде өзін тым сыпайы етіп көрсеткен болар. Бірақ, бір нәрсе айқын: педагогикалық қабілеттілікті қалыптастыруға болады.

Өз дамуында педагогикалық шеберлік үш деңгейден өтеді. Біріншісі – кәсібилік. Ол жоғары мектепті аяқтап отырған, педагогикалық іс-әрекетке даяр түлектерге тән.

Оқытушы енді оқу орнында өз бетінше жұмысқа кіріседі, онда кәсіби өсуі интенсивті және мақсатты түрде кемелдене түседі. Оның жылдамдығы мен эффективтілігі өзін жетілдіруге және өзін тәрбиелеуге деген нұсқаудың болуына да байланысты. Сонымен қатар, жас маман тәжірибелі педагогтерден үйрене алады, өзінің әріптестерінің жұмысын талдап, қорытынды шығара алады, семинарларға, курстарға, ғылыми конференцияларға қатысу арқылы кәсіби шеберлігін шыңдайды.

Біртіндеп оқытушының психологиялық-педагогикалық мәдениеті жоғары- лайды. Репродуктивті іс-әрекетпен қоса педагог, оқыту-тәрбие процесінің жаңа элементтерімен оны жетілдірумен, модельдеумен айналысады. Бұл жаңа деңгей - педагогикалық шеберлікте – үнемі шығармашылыққа ұмтылуды көрсетеді. Мұнымен қатар, педагогикалық қабілеттер дамиды, әдістемелік арсенал жеті- леді. Бірақ педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттерінің дамуы бірдей өтпейді, олардың біреулерінің өнімділігі жоғарырақ болуы мүмкін.

Үшінші деңгей - педагогикалық жаңашылдық. Жаңашылдық оқытушы оқу-тәрбие ісіне жаңа идеялар енгізеді, әдістемелік жүйелер өңдеп, жаңа педагогикалық технологиялар қалыптастырады. Нәтижесінде студенттердің кәсіби дайындығының өнімділі ғана жоғарылап қоймайды, оның сапасы да өзге- реді. Жаңашыл педагог болу үшін теориялық және практикалық дайын-дықтың жоғары деңгейі, интеллектуалды қабілеттер, шығармашылық ойлау қажет.

К.Ю.Бабанский бойынша педагогикалық шеберліктің даму кезеңдері төмендегідей:

- кәсіптің негіздерін меңгеру, ғылымда, тәжірибеде белгілі тәсілдерді тиімді пайдалана білу (кәсіби мұғалім );

- мұғалім жаңа бір идеялардың нәтижелігін бағалап, басқа мұғалімдер арасында тарата білуі (зерттеуші - мұғалім );

- өзінің қызметінде, тәжірибеде белгілі әдістерді қолданумен қатар, жаңа бір шешімдерді тауып енгізу (жаңашыл мұғалім ).

Шеберлікке жеткен алдыңғы қатарлы тәрбие үлгісіне зейін қойғанда, бұрынғы Семей облысы «Көкпекті» балалар үйінің бір кездегі директоры Жақия Шайжүнісов, Алматы қаласындағы қиын балалар үйінің директоры Архимед Мыңбайұлының қызметтері – нағыз шеберліктің үлгісі. Сондай-ақ, ынтымақтас- тық педагогикасын дамытушылардың (И.Ф. Шаталов, И.Е. Ильина, Ш.А. Амонашвили, Т.И. Гончаров, С.Н. Лысенкова т.б.) жаңашылдық іс-әрекеттері- нен нақты педагогикалық шеберлікті байқаймыз.

Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру, жұмыс әдіс-тәсілдерін жаңаша жандандыра түсу педагогикалық шеберліктің басты сипаты болып табылады.

Болашақ ұстаз педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап ұйымдасты- руы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас.

Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді: педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық, кәсіби білгірлік, педагогтық іс-әрекетке бейімділік, педагогтық техника. Бұл аталған педагогтық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

Мұғалімнің шеберлігінің жетілу жолдары төмендегідей:




Адамдарға деген қатынасы

мейірімділік, ақ көңілділік;

көмек көрсетуге бейімділік;

біреуді тындай алу, пікірлерімен санаса білу;

көре алмаушылықтан аулақ тұру;

басқалардан мәлімет алуға ұялмау;

түсіндіруден бас тартпау;



Өзіне деген қатынасы

кездесетін проблемаларды шешуде өзін күшті және сенімді сезінеді, жауапкершілігі мол, өзіне-өзі сын көзбен қарай алады;

Жұмысқа деген қатынасы

еңбекқор, жинақы, бәріне уақыт таба алады;

мәселенің шешілу жолдарын іздестіре біледі;

өзіне жүктелген жұмысқа ғана емес, жұмыстың барлық саласына жауапкершілікпен қарайды;


Креативтік,

икемділік



қандай жағдайда күресу, тоқтау керектігін біледі;

өзі жұмыс қарқынын белгілейді; уақытты рационалды түрде пайдалана біледі;

жаңалықты іздеуде қателесуден қорықпайды;

білімін жетілдірумен айналысады.



Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Педагогикалық іс-әрекетте гуманистік бағыттылық не үшін керек?

2. Кәсіби білімнің қандай түрлерін білесіз?

3. Кәсіби және дара маңызды қасиеттерге нелерді жатқызамыз?

4. Педагогикалық мәдениет деген не? Педагогикалық мәдениеттің

компоненттерін атаңыз.

5. Педагогикалық шеберліктің құрылымдық компоненттерін атаңыз.

6. Педагогикалық шеберліктің жетілу жолдары қандай?

7. Педагогикалық шеберлік неше деңгейде өтеді?



5-ші дәріс Педагогикалық техника - педагог шеберлігінің элементі ретінде.

1. Педагогикалық техника туралы түсінік.

2.Мұғалімнің өзін -өзі басқару техникасы.

3. Мұғалімнің сөйлеу техникасын меңгеру қажеттілігі.

4. Мұғалімнің сыртқы мәдениеті.

Әдебиеттер:

1.Вигман С.Л. Педагогика в вопросах и ответах. Учебное пособие-М.: Проспект,2005.стр.55-57.

2.Андриади И.П.Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений.- М.: Издательский центр «Академия»,1999.-160с.

3.Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. Учебное пособие для спец. Высших учебных заведений. М., Просвещение,1989. -205с.

4.Основы педагогического мастерства. Упражнения. Тесты. Советы начи-нающему педагогу. Учебно-методическое пособие / Сост. Т.П. Смолькина. - Караганда, 2002.-88 стр.



5.Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства: учебник для студ. сред. Проф. Заведений/ С.Д.Якушева.-2-е изд.,-М.: Издательский центр «Академия», 2009.-256с.

6. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орныдарына арналған оқулық. Екінш., толықт., түзет. және қайта өңд. бас./ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. – М.: Логос; Алматы: TST-company6 2005. – 438 б.


Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір маңызды бір түрі – педагогикалық техника. Педагогикалық техника дегеніміз – педагогтық іс-әрекетті ұйымдастыра білудегі мұғалімнің ішкі және сыртқы қасиеттерінің жиынтығы, іскерлігі.

Педагогикалық техникалық іскерлік – алдымен, педагогтың өзін-өзі басқа- ра білуі; екіншіден – педагогтық міндетті жүзеге асыру үшін өзара әсер ете білуді меңгеру. Бұл ұстанымдарды талдай айтсақ: біріншіден, педагог өз денесін, эмоциялық сезім дүниесін, сөйлеу техникасын меңгеріп басқара білуге тиісті. Екіншіден, педагогтың өзін-өзі ұйымдастыра білуі, өзара үйлесімділікті жүзеге асыруы, дидактикалық талаптарға сай болуы.



Педагогикалық техника - мұғалімнің қызметінде түрлі жағдайларда тәрбиеленушілермен нәтижелі әрекеттесуге, өзінің тәртібін, көңіл-күйін қадағалауға мүмкіндік беретін жалпы педагогикалық, психологиялық іскерлік және дағдылар жиынтығы. (Г.М.Коджаспирова).

Педагогикалық техника - жеке оқушыға, ұжымға тәжірибеде нәтижелі ықпал жасау үшін мұғалімге қажетті БІД жиынтығы. (пед. энциклопедия).
Педагогикалық техникаға үш топты іскерліктер енеді:

1. Оқу-тәрбие процесін, тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыру.

2. Әр түрлі іс-әрекет процесінде оқушылармен өзара әрекеттестікке

түсу, оларды қадағалау, басқару.

3. Өзін-өзі басқару - өзінің эмоциялық күйін, денесін, сөйлеуін, яғни мінез-

құлқын басқару.

Педагогикалық техниканың компоненттері:

Өзін-өзі меңгеру - түрлі жағдайда өзінің эмоциясын, тәртібін адамның шамадан тыс кетпеуіне байланысты әрекеті.

Өзін-өзі меңгеру тәсілдері - қызметте өзін босаң ұстау, релаксация, ауто- тренинг жасай білу, өзін басқаларға жақсылық жасауға дайын болуға тәрбиелеу, ісіне оптимизммен қарау (еңбектерапиясы, музыкатерапиясы, кітаптерапиясы, имитациялық ойын т.б.).

Мимика - бет қимылы арқылы өзінің ойын, сезімін, көңіл күйін көрсете білу. Мимиканың шешуші деталі көз және қабақ.

Пантомимика - дененің, қолдың қимылы, жүріс-тұрыстың, жесттердің сырттай көрініс алуы.

Назары – белгілі затқа, бейнеге, пікірге бір уақыт мөлшерінде ықылас қою, оның екі түрі бар: ерікті, еріксіз. Назары, зейіні дамыған мұғалім бір уақытта сыныптағы оқушылар немен айналысып отырғандарын аңғара алады.

Дамыған педагогикалық зейін - бір уақытта көп объектілерді, тұрақты және жедел көңіл қойып ұстай білу.

Мұғалімнің имиджі - киінуі, гримі, прическасы.

Мұғалімнің сөзі – сөз арқылы мұғалімнің өзінің тұлғалық сапалары көрініс беріп, объектілердің, құбылыстардың, қатынастың мәні ашылып, оқушының тұлғалық қасиеттерінің дамуына мүмкіндік туады.

Педагогикалық іскерліктер оқытушының кәсіби позициясының қалып- тасуына, педагогикалық техниканың жетілуіне көмектеседі, мақсатқа сай нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

Педагогикалық техникаға қатысты іскерліктер:

- өзін-өзі басқару,бақылау;

- денесін меңгеру;

- эмоциясын меңгеру, әрдайым жақсы көңіл-күйде бола білу;

- әлеуметтік перцепция (назары, елестете білу қабілеті, басқаларды түсіне,

қабылдай білу қабілеті).

- сөйлеу техникасы (дем алуы, дауысы, дикциясы, темпі, тембрі ).

- дидактикалық іскерлігі;

- ұйымдастырушылық қабілеті;

- коммуникативтік қабілеті;

- баға беру, талап қоя білу қабілеттері;

- мимика, пантомимика, жүрісі, көзқарасы,сыртқы мәдениеті;

- просодика және экстралингвистика: интонация, дауыстың естілуі, тембр,

пауза, дем алу, күлкі, жөтел (дауыстың сипаты);

- такесика: қол ұстау, арқадан қағу, сипау;

- проксемика: оқыту кезінде мұғаліммен оқушының арасындағы арақашықтық.

Мұғалім сөз екпінін, мәнерлігін сақтауға тырысуы маңызды. Эстетикалық сезім де педагогикалық шеберліктің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Жай ғана хабарлама түрінде ешбір әсер, сезім тудырмайтын құрғақ оқыту, жалаң сөйлеп, тәрбие жөнінде насихат айту оқу үрдісінде де ешбір нәтиже бермейді. Сондықтан оқытудың, тәрбие берудің әсерлілігін, оқушының сезімін өзіне тарта білетін күшін тудыра білу керек. Зейінді бір мезгілде бірнеше іс-әрекеттерге тарату қабілеті мұғалім жұмысы үшін ерекше мәнге ие. Қабілетті, тәжірибелі мұғалім материалдың мазмұны мен формасын, өз ойының (немесе оқушы ойының) өрісін мұқият бақылайды, сонымен бірге оқушылардың барлығын көз алдында ұстайды, шаршау, назар аудармау, түсінбеу белгілерін, тәртіп бұзуды байқап отырады және де өз мінез-құлқын қадағалап отырады (жүріс-тұрысы, мимикасы және пантомимикасы).

Мұғалім сөйлеу техникасын меңгеру үшін дұрыс дем алуын, дикциясын, сөйлеу шапшаңдығын, дауыс ырғағын, бояуын, құлаққа жағымды- лығын жетілдіруге ұмтылуы қажет. Мәнерлі сөйлеу үшін дұрыс дем алудың маңызы зор. Төрт түрлі дем алу түрі белгілі: жоғарғы дем алыс, онда кеуденің жоғарғы жағы, иық көтерілу арқылы дем алу, екінші - кеуде арқылы, яғни, қабырға арасындағы бұлшық еттердің көмегімен, үшінші - диафрагма арқылы, төртінші - диафрагма мен қабырға арасындағы бұлшық еттің қатысуы арқылы дем алу. Ең дұрысы соңғы, төртінші түрі.

Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрлі әсер етеді. Егер ол өз сөзіне немқұрайлы, қалай болса солай қарайтын болса, оқушылар мұны бірден байқап қалады. Сондықтан, мұғалімнің сөзі түсінікті, құлаққа жағымды, анық, ашық, жағымды әсер ететіндей болуға тиіс. Ол үшін көптеген жаттығулар жүргізу қажет. Педагог үшін дауысты билей білудің маңызы зор. Дауысты мұғалімнің жұмыс аспабы деп атайды, ал бұл аспапты арнайы түрде ұштап отыру керек деген пікірді А.С. Макаренко өзінің «Менің педагогикалық көзқарастарым» деген еңбегінде сөзге тиек еткен. В.А. Сухомлинский оқушыға ықпал ете білу үшін «өзіне оқушының қатынасын қалыптастыру қажет»,- деген. Мұғалім мен оқушының арасындағы дистанция: жеке оқушымен - 45-120см, лауазымды қатынас - 120-400см, аудитория алдындағы 400-750 см дейін арақашықта болуы керек.

А.С. Макаренко шебер ұстаз болу үшін «бері кел!», «сәлеметсізбе!» деп 15-20 түрлі көңіл күйде, даусын, денесін өзгерте білгенін жас мұғалімдерге ескертеді.

Жас мұғалімдерге орынды, мазмұнды, әсерлі сөйлей алу үшін шешендік өнердің төмендегідей жеті қағидасын ескерген жөн :

1. Дүниеде тыңдаушыларының өзі жақсы білетіндерін өздеріне тәптіштеп айтып жатудан жаман нәрсе жоқ. Сенің өзгеге айтатының кісіге білім беретіндей, оның жүрегін қозғайтындай нәрлі болуы керек.

2. Өз сөзін қадірлейтін кісі тыңдаушысын да қадірлейді. Тыңдаушыларды қадір тұта сөйлеген адамның сөзі тартымды болады.

3. Сөйлегенде әрбір сөзің анық, дәл, айқын естілетін болсын. Даусың булығып шығып, бір сыдырғы әуенмен, жігерсіз, баяу сөйлейтін болсаң, айтқаның қанша қызықты болғанымен тыңдаушыларды жалықтырып жібереді, олардың көңілі басқаға ауып кетуі мүмкін. Сөйлеушінің дауысы құбылмалы әрі жайдары болуға тиіс. Құр айғайлап кетудің де керегі жоқ. Сенің даусыңнан әрқашан байсалдылық, сенім, табандылық сезілетін болсын.

4. Сөзің татымды болсын десең, оған аздап болса да бет-әлпет, қолдың қимылын қатыстыр. Бірақ, жөн-жосықсыз қолыңды оңды-солды сермей беру жараспайды. Мұндай жеңілтектік тыңдаушыларды алаңдатып, көңілін басқа нәрсеге аударуға себепкер болады. Ең керегі – байсалдылық, тағы да байсалдылық.

5. Тыңдаушыларға көз қырын салмай, екі көзін қағаздан алмай сөйлейтін кісіні жұрт онша ұнатпайды, біреу жазып берген сөзді оқып, өзгелерді алдап тұрғандай көрінеді.

6. Айтайын деген ойды әбден ығыр болған, үйреншікті сөздермен бастама. Онда сөзің тартымды болмайды, өзгелер ықыласпен тыңдамайды. Ойыңды өз сөзіңмен, әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі, қызықты етіп жеткізуге тырыс.

7.Айтқан сөзің қысқа әрі тұжырымды болсын. Аз сөзбен көп нәрсе айтуға тырыс. «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» екенін ешқашан мұғалім есінен шығармаса сөйлеу мәдениетін меңгеріп алады.

Педагогикалық техникаға мұғалімнің сыртқы мәдениеті, көзқарасы, оқушыға ықпал ете білуі де жатады.

Сыртқы мәдениетке: киінуі, шаш қоюі, дене бітімін ұстай алу, сыртқы келбет, сөйлеу, вербалды емес қарым-қатынас түрлері жатады. Сөйлеу мәдение- ті дұрыс, қатесіз сөйлеуге, мәнерлілікке, сөз қорының байлығына, сөздің бейнелілігіне, дикцияға, тембрге тәуелді. Вербалды емес қарым-қатынас мәдениеті мимика, пантомимика, салмақтылық, өзіне сенімділік, аудиториямен контакт жасай алу арқылы қалыптасады.

Сыртқы мәдениет мұғалімнің жасына, фигурасына, модаға, кәсібі қызметке сай қарастырылады.

Бұл оқытушы жұмысында маңызды рөл атқарады, өйткені, ұстаз әрқашанда аудитория алдында. А.С. Макаренко мұғалімнің сыртқы мәдениетіне өте зор мән берген. «Мен сыртқы кейпіне баса назар аудардым, сыртқы кейпі адамның өмірінде зор маңыз алады. Лас, салдыр-салақ адам өзінің жүріс-тұрысын қадағалап жүреді деп ойлау қиын». Ол қалай болса солай киінген мұғалімді сабаққа кіргізбей қоятын ескерткен.

Сыртқы мәдениет. Бұл оқытушы жұмысында маңызды рөл атқарады, өйткені ұстаз әрқашанда аудитория алдында болғандықтан, оның сыртқы мәдениеті оқушылар үшін үлгі. Сыртқы мәдениетке: сыртқы келбет, сөйлеу, вербалды емес қарым-қатынас түрлері де жатады.

Педагогикалық техниканы меңгеру мұғалімге педагогикалық қызметте өзінің тұлғалық, даралық қасиеттерін көрсетуге, кез келген жағдайда орынды шешім қабылдауға, сөз табуға, өзін жетілдіруге мұмкіндік береді.

Педагогикалық іскерліктер оқытушының кәсіби позициясының қалыпта- суына, педагогикалық техниканың жетілуіне көмектеседі, мақсатқа сай нәтиже- лерге жетуге мүмкіндік береді.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Педагогикалық қызметте педагогикалық техника қандай рөл атқарады?

2. Педагогикалық техниканың компонентерін атаңыз.

3. Педагогикалық техника деген не?

4. Педагогикалық техниканы меңгеру не үшін қажет?

5. Сыртқы мәдениетке не жатады?

6. Сыртқы мәдениет мұғалімнің жұмысында қандай рөл атқарады?

6-ші дәріс Педагогикалық кабілеттер және педагогтың тұлғалық

сапалары.

1. Мұғалімнің негізгі қабілеттеріне сипаттама.

2. Мұғалімнің кәсіби өзіндік сана-сезімі.

3. Педагогтың тұлғалық сапалары.

Әдебиеттер:

1. ҚР жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру

тұжырымдамасы. Егеменді Қазақстан, 2005ж,

2. Андриади И.П.Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для

студ. Сред. Пед. учеб. Заведений.- М.: Издательский центр «Академия»,1999.-

160с.


3. Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. Учебное пособие для спец.

Высших учебных заведений. М., Просвещение,1989.-205с.

4. Смолькина Т.В. Основы педагогического мастерства. Караганда, 2002. 5. Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства: учебник для студ. сред.

Проф. Заведений/ С.Д.Якушева.-2-е изд.,-М.: Издательский центр

«Академия», 2009.-256с.

6. Вигман С.Л. Педагогика в вопросах и ответах. Учебное пособие-М.:

Проспект,2005.стр.55-57.

7. Основы педагогического мастерства.Упражнения. Тесты. Советы начина-

ющему педагогу.Учебно-методическое пособие/ Сост.Т.П.Смолькина.-

Караганда, 2002.-88 стр.

8. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орныдарына арналған

оқулық. Екінш., толықт., түзет. және қайта өңд. бас./ Орыс тілінен аударған



М.А. Құсаинова. – М.: Логос; Алматы: TST-company6 2005. – 438 б.

Педагогикалық қабілеттер - мұғалімнің педагогтық қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даярлық-психологиялық ерекшелік- тері мен қәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы.

Педагогикалық қабілеттер - педагогикалық шеберліктің жедел жетілуіне ықпал жасайды.

Педагогикалық қабілеттер педагогикалық процесті жылдамдатып, оның өнімділігін арттырады.

Педагогикалық қабілеттерді зерттеген ғалымдар Н.В. Кузьмина, Н.Д. Левитов, Ф.Н. Гоноболин, В.А. Сластенин, В.А. Крутецкий, С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов т.б.

Н.В. Кузьмина педагогикалық қызмет арқылы педагогикалық қабілеттер дамып жетілуі де, керісінше жетілмей деформацияға да ұшырауы мүмкін, егер мұғалім олардың мәнін, оларды дамыту технологияларын меңгере алмаса.

Гностикалық қабілеттер - мұғалімнің педагогикалық процесті, құбылыс- тарды, объектілерді зерттей, диагностикалай білу қабілеттері.

Академиялық біліктілік - өзін-өзі жетілдіру, дамыту, өзінің өмірлік қуатының мәнін, мақсатын жүзеге асыратын, тәндік, жандық, рухани күш-қуатын сандық және сапалық өзгеріске түсіретін ішкі объективтік процесс. Ең алдымен ақыл–ой мен ойлауын жетілдіру болып табылады. Оның негізгі жолы ақыл–ой операцияларын: байқағыштықты, салыстыруды, талдауды, есте сақтауды, қиялды дамытатын жаттығулар. Ойлау әрекеттері: анализ, синтез, индукция, дедукция, абстрактты ойлау, қорытынды жасау әдістерін меңгеру арқылы іске асады.

Коммуникативтік біліктілік – ол түрлі жастағы балалармен, жастармен, ересектермен қарым–қатынас жасай білу үрдісі. Қарым–қатынастың негізгі тәсілдері: мимика, жест, ымдау, сөз. Балалармен қарым-қатынас жасау қабілеті, олармен қарым-қатынас жасауда дұрыс тәсіл таба алу, олармен, педагогикалық көзқарас тұрғысынан, орынды өзара әрекеттесуді орнату іскерлігі, әдептілігі жатады. Сонымен, коммуникативтік қабілеттер вербалды және вербалды емес іскерліктері арқылы жүзеге асады. Вербалды емес қабілеттерге байқағыштығы, назары, елестету қабілеттерін жатқызуға болады.

Бұл біліктілікті жетілдіру үшін теориялық білім, одан кейін жеке дара практика және тәжірибе керек.



Ұйымдастырушылық біліктілік – ол оқушылардың оқу–тәрбие жұмы- сын, оқушының, өзінің қызметін, оқушылардың ұжымын басқарып ұйымдас- тыра алуы, демократиялығы, ұжымның пікірімен санаса білуі, ынтымақтастық, әділдік, жүйелілік, көмек көрсетеуге, дайындық, жауап-кершілік. Ғалым С.Б. Елканов оған өзін-өзі ақпаратпен қамтамасыз ету, өзін-өзі талпындыру және өзін-өзі ұйымдастыруды жатқызады.

Шығармашылық қабілеттері - педагогикалық процесінің үнемі өзгеріп тұратын жағдайында балалармен қарым-қатынаста мұғалімнің оңтайлы және ұтымды педагогикалық шешімдер тауып, жүзеге асыра білуі кіреді.

Дидактикалық қабілеттері - мұғалімнің оқу материалын түсінікті, тартымды етіп жеткізе білуі. Ойын оқушылар үшін түсінікті, айқын, қарапайым түрде білдіру мұғалім үшін өте маңызды.

Тілдік қабілеттері - мұғалім өз ойын, сезімін қажетіне байланысты тыңдаушыларға түсінікті етіп жеткізе білуі. Ойын оқушыларға айқын, нақты, эмоционалды түрде жеткізу.

Сугестативтік қабілеттері-мұғалімнің жеке тұлғаға сезімі, еркі арқылы ықпал ете, иландыра білу қабілеті.

Перцептивтік (эмпатия, интуиция, көрегенді) қабілеттері - басқа адамды вербалдық емес (сөзсіз) түсіне, өзін оның орнына қоя білу қабілеті. Сезім арқылы басқа адамды қабылдау.

Конструктивтік қабілеттері - педагогикалық қызметті мақсатқа, міндет-терге сай жоспарлай білу қабілеті.

Проектілей білу қабілеттері - педагогикалық қызметтің мақсатын, міндеттерін белгілеудегі іскерлігі.

Н.Д. Левитов негізгі педагогикалық қабілеттер ретінде келесілерді бөледі: балаларға білімдерді қысқа және қызықты формада беру қабілеті; бақылампаз- дыққа сүйеніп, оқушыларды түсіне білу қабілеті; ойлаудың өз бетінше және шығармашылық қалыбы; тапқырлық немесе шапшаң және дәл бағдарлану; мұғалімнің өзінің жұмысын және де жақсы оқушылар ұжымын жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық қабілеттер. Осы бес негізгі қабілеттер мазмұнын дамыта және жете қарастыра отырып, Ф.Н. Гоноболин он екі қабілеттерді атайды, оларды біріктіре отырып келесі топтарды алуға болады. Оқу материалын оқушыларға қол жеткілікті қылу қабілеті және оқу материалын өмірмен байланыстыру қабілеті екеуі бірігіп өзіндік бір дидактикалық қабілеттер тобын құрайды, олар білімдерді неғұрлым қысқа және қызықты формада беру деген неғұрлым жалпы қабілетпен байланыстырылады. Мұғалім- нің оқушыны түсінуі, балаларға деген қызығушылық, жұмыстағы шығармашы- лық, балаларға қатысты бақылампаздық – бұл адамның рефлексивті-гностика- лық қабілеттерімен байланысты қабілеттердің екінші тобы. Балаларға педаго- гикалық еріктік әсер ету, педагогикалық талап қоюшылық, педагогикалық әдеп, балалар ұжымын ұйымдастыра алу қабілеті – бұл, қазір атап жүргендей, интерактивті – коммуникативтік қабілеттер. Ф.Н. Гоноболин бөлген қабі- леттердің өте маңызды төртінші тобы – мұғалім тілінің мазмұндылығын, ашықтығын, бейнелілігін және сенімділігін сипаттайтын қабілеттерді қамтиды.

Неғұрлым жалпыланған түрде педагогикалық қабілеттерді В.А. Крутец- кий көрсеткен, ол оларды дидактикалық, академиялық, перцептивтік, ұйымдас- тырушылық, коммуникативтік, конструктивтік, болжам жасай білу қабілеттері деп бөлген .

Ал белгілі психолог ғалым В.А. Сластенин қабілеттердің мынадай негізгі топтарын бөліп көрсеткен: ұйымдастырушылық, дидактикалық, перцептивтік, коммуникативтік, зерттеушілік, ғылыми-танымдық, мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды және гуманизм – бұл мұғалім үшін міндетті сапа, яғни жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылық ретінде қарым-қатынасты ол нақты істер мен қылықтарында көрсетеді.

Келтірілген педагогикалық қабілеттер анықтамасынан көрініп отырған- дай, олар өз мазмұнында, біріншіден, көптеген тұлғалық сапаларды қамтиды, екіншіден, белгілі бір әрекеттерде, іскерліктерді ашады. Бұл жерде бірнеше қабілеттер мазмұнына енетін іскерліктер бар, мысалы, дидактикалық қабілет- терге жататын шәкірттердің өз бетінше жұмысын ұйымдастыру іскерлігі, іс жүзінде басқалардың жұмысын ұйымдастыру іскерлігі болып табылады. Ол ұйымдастырушылық қабілетіне кіреді. Перцептивті қабілеттерді ашатын іскер- ліктер, зейінді тарату қабілетіне енетін іскерліктерге өте таяу, т.б., бұл - мұғалімнің белгілі бір әрекеттері (іскерліктері) негізінде, тіпті қандай да бір педагогикалық функция жүзеге асатын жиынтығында, бірнеше қабілеттер жатуы мүмкін екенін көрсетеді.

Педагогикалық қабілеттер бір бірімен тығыз байланыста болып, бірін бірі толықтырып, жетілдіріп отырады. Педагогикалық қызметте педагогикалық қабі- леттер үйлесімді болуы үшін, мұғалім өзінің эмоциялық көңіл-күйін бақылап отыруы үшін, оның ерік-жігері эмоционалдық тұрақтылықты орнатуға әсер етуі керек. Педагогикалық қабілеттер мен білімі арқылы мұғалімде педагогикалық кәсіби өзіндік сана-сезімі қалыптасады. Мұғалімнің тұлғалық мінездемесінде кәсіби педагогикалық өзіндік сана- сезім қомақты рөл атқарады. Оның құрылы- мына, А.К. Маркова бойынша, мұғалімнің педагогикалық мамандықтың норма- ларын, ережелерін, модельдерді саналы түсінуі, кәсіби ұстанымы, мұғалім еңбегінің тұжырымдамасының қалыптасуы; өзін кейбір кәсіби үлгілермен теңе- стіру, сәйкестендіру; өзін басқа, референтті адамдармен бағалау; өзін-өзі бағалау кіреді, оның ішінде бөлінетіндер:

а) когнитивті аспект, өзін-өзі іс-әрекетін саналы түсіну;

б) эмоционалды аспект.

Мұғалімнің өзін-өзі бағалау құрылымы қай кезде оңтайлы? Яғни, мұнда өзекті және рефлексивті өзін-өзі бағалау арасындағы ең аз айырмашылықтар, өткенді шолатын өзекті және идеалды өзін-өзі бағалаулар арасындағы ең жоға- ры айырмашылықтар бейнеленген кезде және позитивті «Мен»-тұжырымда- маның жасалуы белгіленген кезде оңтайлы. Мұғалімнің позитивті «Мен»-тұ- жырымдамасы тек оның іс-әрекетіне ғана емес, сондай-ақ, оқушылармен өзара әрекеттесудің жалпы климатына да әсер етеді.Сондықтан, мұғалім рефлексияға қабілетті болуы маңызды мәселе.

Педагогикалық сананың қалыптасу жолдары:

«Мен»-тұжырымдамасы;

«Т»-тұжырымдамасы (тәрбиеленуші тұжырымдамасы);

«Ә»-тұжырымдамасы (әрекеттің тұжырымдамасы).

Педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі - мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылады. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық сияқты сапалардың міндетті болуы аталынып өтіледі. Тапқырлықтың болуы, сонымен қатар, шешендік қабілеттер, артистік мінез ерекше атап көрсетіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни, оқушылардың психикалық күйлерін түсіну- ге, көңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды. Зерттеушілер тарапынан педагогикалық әдепке үлкен мән беріледі, оның көрінісінен мұғалімнің жалпы мәдениеті және оның педагоги- калық іс-әрекетінің жоғары кәсіпқойлығы байқалады.

Педагогтың тұлғалық сапаларын жете бағаламау оның еңбегінің нәтиже- сіне кері әсерін тигізері сөзсіз. Педагогтың тұлғалық сапасы «педагог-оқушы» қатынас жүйесінде оның әрекетінің психологиялық құрылымына әсер ететін шешуші бөліктердің біріне жатады.

Мұғалімнің тұлғалық сапалары сабақта төмендегідей көрініс береді:

- оқушыны тұлға ретінде қабылдау, оның табысқа жететіндігіне сендіру және

мүмкіндіктерін көре білу әрі оны нығайтып отыру;

- мәліметтерді қысқаша түрде беру арқылы оған әлсіз оқушының да, күшті

оқушының да қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу;

- жаңа жағдайларға тез бейімделіп, сабақты оңтайлы қайта құра білу; мейірімді,

бірақ талап қоя білу;

- оқушыны білім алуға жұмылдыра білу және оқуға ықыласын қолдап отыру;

- оқудағы қиындықтарды алдын ала біліп, сол қиындықтарды жеңуге бағыт

беріп отыру;

- өз жұмысының кемшілік жақтарын көре білу, оны жойып отыруға ұмтылу.

Педагогтың сезімталдығы оқушыларда біліктерді қалыптастыру кезінде оқушының әрбір жауабынан жақсы, айрықша нәрселерді іздеп тауып отыру- ынан көрінеді. Педагог әрбір оқушы бөтенге ұқсамайтын қайталанбас тұлға екендігін түсінуі тиіс.

Білікті педагог оқушыны жауапкершілікке шақыруды айқайлап ұрысу, бұйрық беру немесе мораль оқу арқылы іске асырмайды.

Педагогикалық әрекеттің өзара әрекеттесуші жүйесінде педагогтың тұлғалық сапаларын бірнеше топтарға бөлуге болады.

Бірінші топқа қиын қалыптастырылатын жеке бастың сапалары жатады: қайырымдылық, ізгілік, оқушының көңіл-күйін, қабілеттерін тану, оқудағы қиындықтарын көру ғана емес, сондай-ақ, оған дер кезінде көмек бере білу қабі- леті, юмор сезімінің, ішкі интуициясының болуы өзін жоғары көтеріңкі көңіл күйде ұстай білу, т.б. жатады. Оқушымен абайлап сақтықпен қарым-қатынас жасау сезімі оның тек мейірімділігінен ғана емес, талап қоя білуінен де байқалады.

Оқушы мен мұғалімнің ара қатынасындағы психологиялық механизм- дерге негізделген педагогтың тұлғалық сапаларының екінші тобына рефлексия, идентификация, эмпатия және децентрацияны жатқызамыз. Осы сапалардың негізіне мұғалімнің оқушының мінез-құлық, тәртібіне бейімделуі жатады. Педагогтың әрбір тұлғалық сапалық қасиетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оларға өзіне сырт көзбен қарау (рефлексия), оқушының мәселелерін, мінез-құлығын түсіну мақсатында өзін оқушының орнына қоя білу (идентификация), әрбір оқушының эмоционалдық күйіне ене білу қабілеті (эмпатия), оқушыны бағалау кезінде өзінің эгоцентрлік бағасынан бас тартып, оқушының көзімен бағалай білу қабілеті (децентрация) жатады. Бұлардың бәрі осы өмірде пайда болатын психологиялық сапалар.

Педагогтың тұлғалық сапаларының үшінші тобының негізіне педагоги- калық қабілеттің рефлексивтік деңгейі жатады.

Психологияда тұлғаның жеке басының психикалық қасиеттері деп бір немесе бірнеше әрекет түрлерінің орындалу жағдайларын атайды.

Педагогикалық қабілеттің рефлексивтік және проективтік деп аталатын екі түрі белгілі. Осы екі түрлі қабілет үзіліссіз бірге болады.

Рефлексивтік деңгей мынадай тұлғалық сапалардан тұрады: нысанды (объект) сезіну, әдеп сезімі, әр нәрсенің шегін білу сезімі, өзінің қатысы барын сезіну, бағдарлай білу сезімі.

Нысанды сезіну педагогтың оқушыларды ең күшті эмоционалды күй туғызатын қызықты мәліметтерді таңдай білуінен көрінеді. Ондай мәліметтерге өте көп уақыт бөлмей, сабақтың 5-10 минутын арнаса да оқушының жадында өмір бойы сақталуы мүмкін.



Проективтік деңгей дегеніміз – педагогтық әрекеттің мақсаттарына, оқу-тәрбие ақпараттарының мазмұнының композициясына, оқушы алдында беделді болу тәсілдерін меңгеруде, оқушыларды әр түрлі әрекеттерге және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге жұмылдыруда, өз әрекетінің кемшіліктерін тауып, оны жою тәсілдерін игеру жолында сезімталдық көрсету деңгейі жатады. Педагогтың тұрақты тұлғалық сапалары оқушылардың білімі мен тәртібінің бір қалыпты тұрақты болуына да әсер етеді.

Педагогикалық қабілеттілік іс-әрекет арқылы қалыптасады. Оларды кез -келген педагог өзінің дара ерекшеліктеріне байланысты игере алады.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Педагогикалық қызметте кәсіптік білім қандай рөл атқарады?

2. Кәсіби білімнің қандай түрлерін білесіз?

3. Педагогикалық қабілеттер деген не?

4. Мұғалімнің педагогикалық қабілеттері бір - бірімен байланысты ма?

5. Педагогикалық қабілеттерді калай дамытуға болады ?

6. Педагогтың тұлғалық сапаларына нелерді жатқызамыз?

7-ші дәріс Педагогикалық шеберлікте актерлік шеберліктің элементтері.

1. Педагогикалық қызметпен актерлік қызметтің арасында жалпы ұқсастықтар

және айырмашылықтар.

2. К.М.Станиславскийдің жас актерлерге берген кеңестері.

3. Мұғалімдер дайындау жүйесінде педагогикалық шеберлік негіздерін қалып- тастыру жолдары.

Әдебиеттер:

1.Вигман С.Л. Педагогика в вопросах и ответах. Учебное пособие- М.: Проспект,2005.стр.55-57.

2.Андриади И.П.Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений.- М.: Издательский центр «Академия»,1999.-160с.

3.Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. Учебное пособие для спец. Высших учебных заведений. М.: Просвещение,1989.

4.Основы педагогического мастерства.Упражнения.Тесты.Советы начинающему педагогу.Учебно-методическое пособие/ Сост. Т.П. Смолькина. - Караганда, 2002.-88 стр.

5.Леонтьев А.А. Педагогическое общение.-М.: 1996.

6.Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства:учебник для студ. сред. Проф. Заведений/ С.Д.Якушева.-2-е изд.,-М.: Издательский центр «Академия», 2009.-256с.

Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы, оның шығармашылық қабілетін дамытудың шарты болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекет профессионалдықтың әр-түрлі деңгейінде жүзеге асып, түрлі нәтиже береді. Әрбір оқытушы кәсіби өсуге және педагогикалық шеберлікке ұмтылады. Педагогикалық шеберлікті игеру студенттік кезден басталады.

«Педагогика әрі ғылым, әрі өнер», - деген ой аудиторияда жиі айтылады. Олай айтылудың себебі де бар. Педагогика теориялық жағынан алғанда ғылым, ал тәжірибелік жағына келгенде - ол өнер. Өнердің талантпен шеберліктен туындайтыны баршаға белгілі. Педагогикалық өнер мен театралдық өнердің ұқсас жақтары көп. Сондықтан мұғалімге актерлік қызметтің заңдылықтарын, принциптерін білу маңызды.

«Талант - адамның еркі мен шығармашылығының жиынтығы», - деген К.М.Станиславский.

Өнер туындыларын толық, терең қабылдау үшін, белгілі бір даярлық, арнайы білім керек. Әсіресе, педагогтың шығармашылық қабілетін дамыту үшін актерлік өнерден үйренудің маңызы зор.

Педагогикалық артистизм туралы зерттеулер жургізген Ш.А. Амонашви- ли, О.С. Булатова, В.И. Загвязинский, А.С. Макаренко, Ю.П. Азаров, И,А.Зязюн, В.А. Кан-Калик, Н.Д. Никандров, Г.А. Гарипова т.б.

Шетел тілінің сөздігінде «артистизм» деген ұғым - көркемдік дарындылық, немесе бір істі жоғары деңгейде шебер орындау деген мағынаны білдіреді. Г.А. Гарипова театралдық педагогиканың жетістіктерін оқу-тәрбие процесінде қолдана білудің болашағы зор деген пікір айтқан.

Г.А. Гарипова «артистизм» деген ұғым үш маңызды қасиеттердің жүйесін құрайды деген: психофизикалық, эмоционалды – эстетикалық, көркемдік – логикалық. Педагогикалық артистизм жоғарыда аталған ғалымдардың пікірінше мұғалімнің ойлай, сөйлей, қозғала білу қабілеттеріне, оның интуициясына, фантазиясына байланысты болып келетінін сөз еткен.

Педагогикалық шеберлікті қалыптастыруда актерліқ қызметтен үйренуге болады. А.С. Макаренко: «Жаттығулар арқылы теория мен практиканың арасындағы алшақтық жойылады»,-деген. Мұғаліммен актердің қызметтерінде көптеген ұқсастықтар бар: олар өздерінің даусын, көңіл-кұйін, денесін меңгере білулері керек, екі маман иелері де аудиториямен жұмыс істеуде аудиторияның назарын өздеріне аудара білулері қажет.

Педагогикалық қызметпен актерлік қызметтің арасында жалпы төменде- гідей ұқсастықтар бар:

- мазмұндық ерекшелік - екі қызметте адамдардың дара ерекшеліктеріне қарай

ынтымақтастық әрекеттесу арқылы өтеді. Сондықтан, мамандарға жақсы ком-

муникативтік қабілеттер қажет. Бұл ерекшеліктің іске асуында үш кезең

болады: дайындық, техникалық, болашақ істі ойластыру, жоспарлау,

ойды іске асыру, орындау;

- мақсаттылық ерекшелік - басқа адамға ықпал жасауда, эмоционалдық күйзелі-

стің болуы;

- инструменталдық ерекшелік - актердің психофизикалық табиғаты ықпал

жасау инструменті ретінде;

- процессуалдық ерекшелік - шығармашылық көпшілік алдында өтеді, уақытқа

шектеулі, нәтиже өзгермелі, уайым ортақ, шығармашылықтың ұжымдық

сипатта өтуі;

- құрылымдық ерекшелік - материалды саралау, мәселені белгілеу, ойдың пайда

болуы, оның іске асуы, нәтижені саралау, тузету еңгізу;

- концептуалдық ерекшелік - тәрбиешінің әлеуметтік функциясының іске асу-

ында интуицияның, сезімнің, шабыттың кәсіби эмоциялардың болуы,

автоматандырудың орын алмауы.

Сонымен қатар, бұл қызметтердің арасында айырмашылықтар да бар: актерге сценарийді режиссер жазады, ол біреулердің рөлін ойнайды, ал мұғалім өзінің рөлін ойнайды, ол әрі актер, әрі режиссер, ол туралы пікір айтқан О. С. Булатова.

Мұғалім актердей аудиторияның алдында тұрғанда тыңдаушылардың назарын өзіне бірден аудара алатындай қабілеттерін жоғары дәрежеде дамытуға тырысуы керек.

Атақты режиссер К.М. Станиславскийдің жас актерлерге берген кеңес-тері жас мұғалімдерге де қатысы бар. Ол «Өзіңді-өзің жақсы біле отыра, дұрыс тәртіпке келтіруге тырыс», «сахнаға шығарда тек өзінің сырт келбетін жөнге келтірумен қатар, ішкі жан дүниесін дайындауы керек, сонда ғана мұғалім актер сияқты өзін ұстай алады», - деген. Аудиториямен әрекеттесу қабылдаудан басталады дей отыра К.М.Станиславский жас актерлерге төмендегідей кеңестер берген:

1. Сахнаға шығып белгілі бір объектіні белгілеу;

2. Сол объектіні тауып назарын өзіне аудару;

3. Сол адамның көзіне қарап, ішкі жан дүниесін зерттеу;

4. Өзінің ойын сол объектіге жеткізуге тырысу;

5. Объектінің қабылдауы: басын изеуі, ымдау, кірпік қағу т.б.

К.М.Станиславскийдің жас актерлерді байқағыштығына қарай төрт типке бөлген:

1. Инициативасы бар, елестету қабілеті жақсы, ондай актерлермен жұмыс істеу

жеңіл.


2. Инициативасыз, тез қабылдайды, әрі қарай өзі дамыта алады, оларға көмек

берсең, жақсы нәтиже көрсетеді.

3. Көмекті қабылдайды, бірақ әрі қарай дамыта алмайды, ондай актерлермен

жұмыс жасау қиын.

4. Өзі ештеңе ұсынбайды, бергенді дұрыс қабылдамайды, ондай адамдар актер

бола алмайды.

Бұл айтқан ойлары, кеңестері мұғалімдік қызметке де қатысты екенін байқаймыз.

Мұғалім де актер де адамгершілігі мол, еңбекқор, шығармашылығы бар адам болулары тиіс.

Педагогикалық қызметте әзілдесудің де орны ерекше.

Неміс философы И. Кант әзілдесе білу ол жақсы көңіл-күйде бола білу таланты деген. В.А. Сухомлинский тәрбиеде әзілдесу проблемасына үлкен мән берген. Оның мектебі балаларға қуаныш сыйлайтын орта болған. Жақсы әзіл мұғаліммен оқушының арасында жақсы көңіл-күй тудырып, денсаулықты сақтауға ықпал жасап, стрестік жағдайды төмендетуге әсер етеді. Оқушымен абайлап сақтықпен қарым-қатынас жасау сезімі оның тек мейірімділігінен ғана емес, талап қоя білуінен де байқалады.

Педагогтың юморлық сезімі оқушы тұлғасын өзін жетілдіруге рух, дем беруіне, оң көңіл күйді ұстап тұра білу қабілетіне негізделеді. Бірақ, юмордың теріс жақтары болмауы тиіс.

Педагогикалық шеберлікке жету жолында тәжірибеде педагогикалық артистизмнің тәсілдерін меңгерудің маңызы зор.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Педагогикалық қызметтің актерлік қызметпен ұқсастығы қандай?

2. Қандай айырмашылықтарын білесіз?

3. К.М.Станиславскидің жас актерлерді неше типке бөлді?

4. Педагогикалық қызметте юмор не үшін қажет?

5. «Артистизм» деген ұғым қалай түсінесіз?



8-ші дәріс Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзыреттілік.

1. Мұғалімнің құзырлығын қалыптатыру қажеттілігі.

2. Кәсіби құзырлықты зерттеген ғалымдар.

3. Педагог-ғалымдардың құзырлыққа берген анықтамалары.

4. Арнайы, әлеуметтік, жеке тұлғаға, мамандыққа құзыреттілік.

Әдебиеттер:

1. ҚР жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы// Егеменді Қазақстан, 2005ж,

2.Вигман С.Л. Педагогика в вопросах и ответах. Учебное пособие-М.: Проспект,2005.стр.55-57.

3.Андриади И.П.Основы педагогического мастерства: Учебное пособие для студ. Сред. Пед. учеб. Заведений.- М.: Издательский центр «Академия»,1999.-160с.

4.Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства:учебник для студ. сред. Проф. Заведений/ С.Д.Якушева.-2-е изд.,-М.: Издательский центр «Академия», 2009.-256с.

5.Шолпанқұлова А. Кәсіби құзырлылықтың мәні. //Қазақстан мектебі, №2, 2007, 42-44 бет.

6. Тұрғынбаева Б.А.Мұғалім – мектептегі негізгі тұлға. //Білім. Образование, №4,2008, 45-46 бет.

Бүгінде мұғалімнің құзырлығына үлкен мән беріліп отыр. Ол туралы ҚР жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдама-сында “жаңа қоғам мұғалімін” біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман деп сипаттайды. Сондықтан, маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әрекеті күшей-тіледі, екіншіден, білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді, үшіншіден, ізгілікті және әлемдік интегра-тивті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды. «Құзырлылық» деген ұғым 70 жылдары батыс елдерінде пайда болды, кейн біздің елдерде де қолдана басталды. Әлемдік білім беру тәжірибесі құзырлықтың төмендігідей сапаларын айқындап берді:

- интеллектуалды және іс-әрекеттерден тұратын білімді біріктіру;

- нақтыланған білім беру мақсаты ретінде көріну;

- бір-біріне жақын мәдениет пен әрекеттердің біліктіліктері мен білімдерінің интегративті табиғатын сипаттау.

Маманның кәсіби дайындығының классикалық үлгісі мазмұндық, тұл-ғалық және процессуалдық технологиялық бөліктерден тұратыны белгілі. Қазіргі білім беру стандарттары құзырлылық, құзыреттілік ұғымдары арқылы дайындауды ұсынады.

Бұл мәселелерді зерттеген ғалымдар Е.Б.Бондаревская, А.А.Деркач, И.А.

Зимняя, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, М.Чошанов, Н.В.Мясищев, Л.А.Петров-ская, Н.П. Меньшикова, т.б.

«Компетенция» - латын сөзі, аударғанда адамның жақсы хабардарлығы, мәселелер шеңбері және танымдық пен тәжірибеге ие болуы деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладан құзыретті болу – осы салаға негіздемелік талдау жасау және ондағы тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін лайықты білім мен қабілетке ие болу дегенді көрсетеді.

Осы тұрғыдан жаңа қоғамға лайықты білімді, дербес конструктивті диалогқа қабілетті, әлеуметтенген, белсенді бейімделген; өз бетімен өмір сүруге және жоғары білім алуға дайындығы бар тұлғаны тәрбиелеу үшін қажетті құзыреттіліктер негізін анықтау маңызды болып табылады.

Осы орайда педагогика ғылымдарының жетістіктеріне сәйкес “құзыр-лылық ”, “құзыреттілік” ұғымының мазмұнын анықтау мақсат етіледі. Атап айтқанда, педагог-ғалымдар берген анықтамалар төмендегідей:

- құзырлылық – оқушының меңгерген білімін, оқу біліктері мен дағдыларын,

әрекет тәсілдері өмірде тәжірибелік және теориялық міндеттерді шешу үшін

пайдалана алуы;

- құзырлеттілік – пайда болған мәселелер мен міндеттерді жедел түрде

шешуге мүмкіндік беретін, түсінікшілік жүйесінің және соған сәйкес

түсінудің, сыни ойлаудың болуын талап ететін, тәжірибелік әрекеттерді

жүзеге асыруға қабілеттілік;

- құзырлық – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі,

дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының

жиынтығы;

- құзырлылығы–адамның өзінің іс-әрекет саласына сай құзырлықтарды

меңгеруі.

Бұл анықтамалардан педагог-ғалымдардың өзінің зерттеу мақсатына

қарай “ құзырлық”, “ құзыреттілік” ұғымының мәнін әр түрлі бағытта ашып көрсеткені байқалады.

Бұл ұғым іс-әрекетті нәтижелі орындау немесе жан-жақты терең білім

Деген мағынаны білдіреді. Байденко В., Андреев А. кәсіби құзырлықты маманның мәдениетінің бір бөлігі ретінде қарастырады.

А.К.Маркова «іс әрекетті өз бетімен, жауапкершілікпен орындаудағы

Психологиялық жағдай», - деген. Ал Б.С.Гершунский кәсіби деңгеймен байланыстырады.

Г.К.Кұлжанбекова белгілі кәсіби міндеттерді шешудегі теориялық білім-дерді тәжірибеде қолдана білу қабілеттілігі деген пікір білдіреді.

Әртүрлі көзқарастың болуы мәселені әртүрлі түрғыдан қарастырумен байланыстылығында. Құзырлылық мұғалімнің толеранттылығымен тығыз бай-ланысты болып келеді. Мәселе заңды түрде, толеранттылық Декларациясында бекітілген. Мұғалімнің толеранттылық қасиеттеріне жатады: ізгілік, шыдам-дылық, адалдық, әділдік патриотизм, өзіне сын көзбен қарау, әдеп, кәсіби парыз.

В.С. Чернявская білім беру процесін жеке тұлғаға бағыттап диалог түрінде қарым-қатынасты ұйымдастыру қажет деген. Педагогикалық толеранттылық-тың тағы бір элементіне дау-дамайға бармауды да жатқызған. Толеранттықтың функциясына ізгілік, идентификация әлеуметтік адаптацияны жатқызады. Толеранттылыққа өзін-өзі танып білу, сақтану, жауапкершілік, нақты білуді қажетсіну өзіне басқаға бағыты эмпатия, әзілге жақындық, демократиялық ұстаным, т.б.

Л.В. Занина, Н.П. Меньшикованың пікірі бойынша, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде дәстүрлі кәсіби құзырлықтың келесідей түрлері белгіленген:

- саяси және әлеуметтік даярлық;

- көпмәдениеті ортада толерантты болу, басқа мәдениетке құрметпен қарау;

- қарым–қатынасқа тусуде бірнеше тілде сөйлей білу;

- ақпаратты сыни тұрғысынан қабылдау білу, жаңа технологияларды меңгеру;

- кәсіби, қоғамдық, жеке өмірге қажетті білімдерді жетілдіруге ұмтылу.

М. Чошанов «кәсіби құзырлықты», кәсіби шеберлік деңгейі жүйесінде

орындаушылық пен жетілдірушілік арасында аралық мәңге ие болу,- деп түсіндіреді.

Біріншіден, құзырлық нақты жағдайда ұтымды қолдану үшін жаңа ақпаратты меңгеріп, үнемі білімді толықтыруды ұсынады.

Екіншіден, құзырлық тек білімді меңгеруге ғана емес, білімге байланысты міндеттерді шешуге әлеуетті дайындықты көрсетеді. Демек, ол өзіне мазмұнды білім және процессуалды біліктілік компоненттерді енгізеді. Сондықтан, құзырлы маман жағдайға байланысты сай келетін әдістерді қолдануы тиіс. Ал әдістердің икемділігі құзырлықтың маңызды сапасы болып табылады.

Үшіншіден, құзырлы адам сыни тұрғыдан ойлауды меңгерген болуы қажет. Сонымен, құзырлық ұғымының мазмұны төмендегі негізгі белгілерден тұрады:

- білімнің жұмылдырылуы, білімді пайдалана білуі;

- әдістердің икемділігі;

- сыни ойлауы;

- шешімді қабылдау іскерлігі, біліктілігі.

Маманның кәсіби даярлық құрамына арнайы, әлеуметтік және тұлғалық

құзырлықты қалыптастыру айқындалған. Оны сызбадан көруге болады.



Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет