Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет14/16
Дата18.03.2018
өлшемі2.87 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

«Өзіңізді білесіз бе?»
Ғалымдардың айтуынша, егер адам миының оң жарты шар жетекші болып табылса, онда эмоцияның басым болғаны. Ал, егер мидың сол жақ бөлігі жетекшілік рөл атқарса, онда аналитикалық ақыл қабаты басым. Ұсынылып отырған тест адамдағы жетекші ми сыңарын анықтауға мүмкіндік береді. Және де бұл туа біткен нышан болып табылады, сондай-ақ өмір бойы өзгермейді. Алайда, қатты толқығанда мидың жетекші бөлігі орын ауыстырып, өзгеріске түсуі мүмкін екендігін де ескерген жөн.

1-нұсқау. Қолыңыздың саусақтарын айқастырыңыз. Сіз бір (оң немесе сол) бас бармақтың ұдайы үстінде тұратынын аңғарасыз. Егер, ол сол саусақ болса – сіз тым әсерленгіш адамсыз. Ал, ол оң саусақ болса, онда сізде аналитикалық ойлау басым.

2-нұсқау. Бір нысананы таңдап, оны қалам немесе қарындаш арқылы көздеп көріңіз. Оң көз жетекші роль атқарса, онда сіздің мінезіңіз бірбеткей, табанды болғаны, сол көздің жетекшілігі мінез-құлқыңыздың жұмсақ және көнгіштігі туралы хабардар етеді.

3-нұсқау. Егер қолдарыңызды кеуде тұсына айқастырғанда сол қол үстінде тұрса, назды қылықтарға бейімсіз, егер, оң қол үстінде тұрса, сізге қарапайымдылық, ақкөңілділік тән.

4-нұсқа. Егер сізге оң қолымен шапалақ ұрған ыңғайлырақ болса, онда сізге батылдық тән, ал, сол қолмен шапалақтау ыңгайлырақ болса, онда шешім қабылдар алдында сіздің жиі қобалжитындығыңызды білдіреді.

Әрбір нұсқаудан кейін қайсы қол (ми бөлігі) – оң (О) немесе сол (С) сіз үшін жетекші болып табылатынын жазыңыз. Сіз төрт әріптен тұратын формула алдыңыз. Өзіңізге тән формуланы тауып, мінез-құлық ерекшелігіңізді анықтаңыз.



ОООО – Сіздің мінезіңізге кертартпалық тән жалпы қабылданған пікірге (стереотипке) мойынсұнуға бейімсіз. Дау-жанжалды, айтысуды ұнатпайсыз.

ОООС – Сіздің мінезіңізге жасқаншақтық тән.

ООСО – Сізге назданғыштық, бірбеткейлік тән, әзілдеуді ұнатасыз,. Сізбен қарым-қатынас жасау үшін де осы қасиеттер керек. Бұлар тез тіл табысқыш адамдар. Мінездің бұл түрі, әсіресе, әйел адамдарда жиі кездеседі.

ООСС – мінездің сирек ұшарасатын түрі, жұмсақтық тән. Алайда, тартыншақтық (сол қолмен шапалақтау) пен қатаң мінез (оң көздің жетекшілік роль атқаруы) арасында қайшылық байқалады.

ОСОО – ой орамдылығы мен мінез жайлылығын біріктіретін мінез-құлық түрі. Бұл мінез «іскер әйелдерде» жиі ұшырасады. Мұндай адамдар өзгелерге баяу үреніседі, сақ болып келеді, қарым-қатынаста төзімді және салқынқанды.

ОСОС - әлсіз, өте сирек кездесетін мінез түрі. Мұндай мінез-құлық иелері дәрменсіз, түрлі ықпалдарға түскіш. Әйелдер арасында жиі кездесетін мінез.

СООО – мұндай үйлесімділік жиі кездеседі. Оған тұрақсыздықпен ұштасып жататын әсерленгіштік нысандары тән.

СООС – Сізге жұмсақтық, аңғалдық тән. «Кішкентай ханшайым» типі - өзіңізге ерекше ұқыпты қарым-қатынасты талап етесіз.

ССОО – Сізге жылышырайлылық пен қарапайымдылық тән. Қызығушылықтарыңыз шашыраңқы, өз іс-қимылыңызға жиі есеп беріп жүруге бейімсіз.

ССОС – Сіздің мінезіңізге қарапайымдылық, кішіпейілділік, сенгіштік тән. Өте сирек кездесетін мінез. Ер адамдарда мүлде кездеспейтін деуге болады.

СССО – Сіз сезімтал, қимылыңыз ширақ, батыл адамсыз, алайда шешімді асығыс қабылдайсыз. Сіз өзіңізді тежеп ұстауыңыз қажет. Мұндай мінезді ер адамдардың сезімге берілуі сирек кездеседі.

СССС – Сізге тез бейімделгіштік тән. Кез келген құбылысқа жаңаша қарауға қабілеттісіз. Сізге әсерленгіштік, өзімшілдік және бірбеткейлік тән. Кейде ол тұйықтыққа әкеліп соғады.

СОСО – мінездің ең күшті түрі. Сізді бір нәрсеге иландыру мүмкін емес. Сіз өз көзқарасыңызды тек күшпен өзгертесіз. Ширақсыз, алға қойған мақсатқа жетуде қажырлылық көрсетесіз.

СОСС – Сіз қойылған мақсатқа жетуде табандысыз. Мұндай мінезді адамдар ырыққа көнбейді, оларды өз айтқанынан қайтару мүмкін емес. Мұндай адамдар үшін дос табу қиын.

ОССО – Сіз икемделгішсіз. Дау-жанжалдан алыс жүресіз, саяхаттағанды ұнатасыз. Дос табу Сіз үшін оңай. Алайда, жиі әуестенуге құмарсыз.

ОССС – Сізге тұрақсыздық пен тәуелсіздік тән, бәрін өзіңіз істегіңіз келіп тұрады. Талдай білу бейімділігіңіз арқасында күрделі міндеттерді табысты шешесіз. Әдетте, жұмсақ көрінгенмен, істі аяғана дейін жеткізу қажет болғанда та.

Сауалнама №2.

Мақсаты: мұғалімнің өзін-өзі дамытуға қабілетін анықтау.

Келесі баллдарды қоя отырып, сұрақтарға жауап беріңіз:

5 — егер берілген тұжырым шындыққа толығымен сәйкес келсе;

4 — сәйкестенбеуден гөрі, сәйкестенеді;

3 — иә да емес, жоқ та емес;

2 — сәйкестенуден гөрі, сәйкестенбейді;

1 — сәйкес емес.

1. Мен өзімді зерттеуге тырысамын.

2. Жұмыстың және үй жұмысының көптігіне қарамастан, мен өзімді дамытуға уақыт қалдырамын.

3. Туындайтын кедергілер менің белсенділігімді ынталандырады.

4. Мен кері байланысты іздеймін, өйткені бұл өзімді тануға және бағалауға көмектеседі.

5. Мен арнайы уақыт бөле отыра, өз қызметіме сын көзбен қараймын.

6. Мен өзімнің сезімдеріме, тәжірибеме талдау жасаймын.

7. Мен көп оқимын.

8. Мені қызықтыратын мәселелер жөнінде молынан пікірлесемін.

9. Мен өз мүмкіншіліктеріме сенемін.

10. Мен ашықтау болуға тырысамын.

11. Қоршаған адамдардың маған тигізетін ықпалын жете түсінемін.

12. Мен өзімнің кәсібі дамуымды басқарамын және оң нәтижелер аламын.

13. Мен жаңа нәрселерді игеруден рақат аламын.

14. Жауапкершіліктің артуы мені қорқытпайды.

15. Мен қызметте көтерілуіме жағымдылықпен қарар едім.


Жалпы саны: ____

Баллдардың жалпы санын санаңыз:

75-55 — өзін-өзі дамыту қабілеті жоғары;

54-36 — өзін-өзі дамытудың қалыптасқан жүйесі жоқ, өзін-өзі дамытуға бағыттылығы жағдайларға күшті байланысты;

35-15 — өзін-өзі дамыту қабілеті төмен.

10. тақырып.Педагогикалық квалиметрия және шеберлік.


Сауалнама№ 1.

Мақсаты: Мектепте мұғалімдердің оқуын, дамуын, өзін-өзі дамытуын ынталандыратын және кедергі жасайтын факторларды анықтау.

Сіздің оқуыңызды және дамуыңызды ынталандыратын және кедергі жасайтын факторларды бес баллдық жүйемен бағалаңыз:

5 — иә, (кедергі жасайды немесе ынталандырады);

4 — жоқ дегеннен гөрі, иә;

3 — иә да емес, жоқ та емес;

2 — иә дегенен гөрі, жоқ;

1 — жоқ.

Кедергі жасайтын факторлар

1. Өзіндік салғырттық.

2. Бұрын болған сәтсіздіктердің нәтижесіндегі түңілу.

3. Осы мәселеге басшылар тарапынан қолдаудың және көмектің болмауы.

4. Сіздегі өзгерістер мен жаңаға деген ұмтылысты жақтырмайтын айналадағыларыңыздың қастығы (күншілдік, қызғаншақтық).

5. Ұжым мүшелерімен және басшылармен бірдей емес кері байланыс, яғни өзіңіз туралы объективті ақпараттың болмауы.

6. Денсаулық жағдайы.

7. Уақыттың жетіспеушілігі.

8. Шектеулі ресурстар, қиналған өмірлік жағдайлар.

Ынталандыратын факторлар

1. Мектептегі әдістемелік жұмыс.

2. Курстардағы оқу.

3. Әріптестердің өнегесі мен ықпалы.

4. Басшылардың өнегесі мен ықпалы.

5. Мектепте еңбектің ұйымдастырылуы.

6. Басшылардың осы мәселеге көңіл бөлуі.

7. Сенім.

8. Қызметтің, жұмыс жағдайының және эксперимент жүргізу мүмкіндігінің сонылығы.

9. Өз бетімен білім алумен айналысу.

10. Жұмысқа деген қызығушылық.

11. Жауапкершіліктің артуы.

12. Ұжымда қадірлеушілікке ие болу мүмкіндігі.
Микрозерттеудің деректерін өңдеу

Мұғалімнің оқуы, дамуы және өзін-өзі дамытуы



Мұғалімнің өзін-өзі дамытуға қабілеті

Мұғалімнің Т.А.Ә.

Ынталанды-ратын факторлар



Кедергі жасайтын факторлар

Шаралар жүйесі

1. Белсенді өзін-өзі дамыту













2.Жағдайларға байланысты қалыптаспаған өзін-өзі дамыту













3.Тоқтатылып қалған өзін-өзі дамыту












Сауалнамаларды өңдеу нәтижесінде мұғалімдердің үш санаты анықталады, тектері мұғалімдердің өзін-өзі дамытуға дайындығының дәрежесіне сәйкес кестеге енгізіледі. Кедергі жасайтын және ынталандыратын факторлар да орташа балл көрсеткіштері көмегімен салыстырылып (ранжируются), кестеге енгізіледі.


11. тақырып. Педагогтың беделі .

Беделді мұғалім қандай болу керек? Шығарма жазу.

Шынайы беделге ие болу үшін мұғалімде қандай қасиеттер болуы керек?

Қасиеттерді екі топқа бөліп жазып келіңіздер. Оң жаққа беделді болуға қажетті қасиеттерді, сол жаққа жағымсыз, беделді түсіретін қасиеттер тізбегін.

Педагогикалық жағдаяттарды саралау.

7 сыныпта басқа мектептен үш қиын оқушы қабылданды. Сыныта оқушылар аралықтарында іріткі туып, оқушылар топ-топқа бөліне бастады. Тәртіпте те төмендеді. Сынып жетекшісі сыныптағы беделді балаларға сүйеніп, қиын балаларды тәртіпке шақырып, сынып дәстүрін мойындауды талап етті.

Бұл жағдайда басқа сынып жетекшісі тек өз тарапынан ықпал жасап, балалар коллективі бұл істен сырт қалды. Сынып жетекшілердің іс әрекеттерін салыстырыңыз, сіз не істер едіңіз?
12. тақырып. Педагогтың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.

№1 жаттығу. Келесі сөздерге синонимдер келтіріңіз:әдемі, тез, естен кетпес, нәзік.

№2 жаттығу. Бірнеше мағынасы бар бір сөзбен бірнеше сөйлем құру.

№3 жаттығу. Бір сөйлемді түрлі көңіл күйде айтып беру.

№4 жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құру.

№5 жаттығу.Қанатты сөздердің мағынасын түсіндіру.

№6. жаттығу. Келесі сөздерден әңгіме құру: қолтырауын, жаңбыр, қайық, қолшатыр, кілт, раушан гүл, күзетші, бөлме, терезе.
13. тақырып. Кәсіптік шеберліктің құрамдас бөлігі педагогикалық карым- қатынас.

Жаттығу№1. «Бізді Сізбен біріктіретін ...» Мақсаты: топты жұмыс үшін «қыздыру», келісу, бірдейлік даласын қалыптастыру. Жүргізушінің қолындағы допты әрбір қатысушыға мына сөздермен лақтыру керек: «Бізді Сізбен біріктіретін ...» (одан әрі мінез бітістері, бет-әлпетінің бөлшектері және киімнің немесе тәртіптің айырмашылықтары қосылады). Допты алған топ қатысушысы: «Мен келісемін», егер де ол келіспейтін болса: «Мен келіспеймін» немесе егер де ол күмәнді болса: «Мен ойланайын» деп жауап береді.

Рефлексия. Әрбір істелінген жаттығудан кейін болып жатқан іс-әрекеттерге рефлексия жасалынады. Сонда әрбір қатысушы міндетті:

• жаттығуды орындау барысында өзінің сезімдері жайында айту;

• жұмыс барысында пайда болған ойлаулар жөнінде хабарлау;

Немесе


• жүргізуші ұсынған сұрақтарға жауап беру керек.

«Толерантты мұғалім» топтық жұмыс. Мақсаты: Педагогтарға бір адамның да 100%-ға толерантты болуына мүмкін еместігіне толеранттылықтың пайда болуына мүмкіндік туғызатын және мұндай мүмкіндікті төмендететін факторлары бар екендігін жете түсіндіру:

• мұғалімді толерантты тұлға екендігін сипаттайтын қасиеттерді шеңбер бойынша қатысушылар айтады немесе жүргізуші бұларды қалың қағазға не тақтаға жазып алады.

• Әрбір қатысушы 0%-дан 100%-ға дейінгі шкалада өзін қаншалықты толерантты мұғалім екендігін есептейтінін белгілейді.

• Әрбір қатысушы педагогикалық әрекетте толеранттылыққа мүмкіндік туғызатын және мұғалімге толерантты болуға не кедергі болатыны жайында өз пікірін айтады. Жүргізуші пікірлермен алмасу үшін ынталандырушы сияқты келесі сұрақтарды енгізуі мүмкін:

• Егер әр мұғалімге 25-35 оқушыдан келсе, «Толеранттылық педагогикасы» іске асады ма?

• Мына сөздерді қалай түсінеді? Адамның бағалануы мен оның әрекетінің бағалануы бір ме?

• Бір адамды екінші адаммен салыстыратын болсақ, ол интолераттылыққа әкеліп соқтырмай ма?

• Мектептегі баға жүйесі толерантты сананы қалыптасуына әсер ете ме?



Жаттығу№2. «Жауапкершілік сезімі» жаттығуы. Мақсаты: топ қатысушыларына өзінің мәселесін шешілмеуіне жауапкершілікті сезуге мүмкіндік беріңіз. Әрбір қатысушы өзінің кәсіби тәжірибесінен бір оқиғаны еске түсіреді, егер ол дау-жанжалды жағдайда болса немесе қиын жағдайға түскен кезде. Кейін ол туралы «жағдай құрбаны» позициясында айту керек (Мысалы, «менің бөлмемде не телевизор, не видеомагнитафон жоқ. Сондықтан мен сабақты ойдағыдай соншалықты қызықты ете алмаймын»). Ал «жоғарыда емес жерде болып қалған жоғары құрметті жауапкершілікті адам» позициясында (мысалы: Менде оқытудың техникалық құрамдар туралы сұрақ туындаған кезде орынбасармен қатынаста қайсарлығым жетпейді). Топ қатысушылары сөзсіз бір-бірін тыңдайды.

Рефлексия.__Жаттығу№5._«Екі_портрет»_жаттығуы._Мақсаты'>Рефлексия.

– Бұл сәтте өзініңзді қалай сезінесіз?

– Мәселені қайта қарастырған кезде өзіңізді қалай сезіндіңіз?

– Өзіңіз-өзіңізді құрметтеуіңіздің қорытындысы не болды?



Жаттығу№3. Материалдар мен құрал – жабдықтар: Әннің магнитафонда жазылуы, жан-жалды жағдайды суреттеумен басылған тест, қара, ақ, қызыл, сары, жасыл және көк түсті алты ойыншық шляпалар.

«Мен қандай жақсымын» жаттығуы. Мақсаты: топ қатысушыларына басқалардан зейін белгілерін қабылдаудың жаңа тәсілін бастан кешіруге мүмкіндік беру, түсінушілік пен комфорт өрісін қалыптастыру.

Топ қатысушылардың барлығы екі шеңбер құрайды (ішкі және сыртқы) олар бір-біріне қарама-қарсы тұру керек. Олар жұп түзеді. Бірінші жұптың мүшесі екіншінің назарына белгі береді, яғни оған жылы сөз айтады. Екіншісі былай жауап береді? «Иә, әрине, бірақ одан басқа мен тағы...» ( өзіндегі бағалы қасиетін айтады). Көңіл бөлу белгісі деп, қылықтарды, дағдыларды, сыртқы келбетін айтуға болады. Кейін серіктестер рольдермен алмасады, сосын солға қарай бір қадам жасап, жаңа жұп түзеді. Толық шеңбер құрылғанша барлығы қайталада береді.



«Рефлексия». Жаттығуды орындағаннан кейін топ қатысушылары оны схема бойынша талқылайды.

  • Басқаға көңіл аударғанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  • Сізге көңіл аударғанда сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  • Мұндай көңіл аударуда сізге жеңіл болды ма? Неге?

Жаттығу№4.«Қарама – қарсы қадам басу» жаттығуы. Мақсаты: педагогтарға басқа адамның пікіріне құлақ асуына мүмкіндік беру, опоненттің көзқарасын қабылдауға үйрену. Қатысушыларға түрлі сезім мен пікір тудыратын кез-келген әнді тыңдауға мүмкіндік береді. Жүргізуші тбұл өлең ұнаған адамдарды оң жағына, ал сол жағына бұл өлең ұнамағандарды қатарымен тұрғызады.

Рефлексия.

Жаттығу№5. «Екі портрет» жаттығуы. Мақсаты: толеранттылық көрсету аспектісіндегі орнату рөлін түсіну.

Екі топқа бір – бірінен айнымайтын портрет пен тапсырмалар беріледі, онда бір топқа бір портрет – қылмыскер ретінде берілсе, екінші топқа берілген портрет – атақты ғалым. Кейін бұл адамның бет жүзін анықтау керек.



Рефлексия.
14. тақырып. Педагогтық әдеп және этика.

Педагогикалық жағдаятты шығарып, өзіңіздің әдебіңізді бағалаңыз: дұрыс жауап 60 балл, одан төмен 50,40, 30, 20, дұрыс емес жауап 0 балл.

1.

5 сыныптағы сотқар оқушы Қанат партаның астына кіріп алып жолдастарын күлдірді. Мұғалім не істейді?

1. Күнделігін алып ,тәртібіне екі қояды.

2. Қанаттың тәртібі туралы класс жетекшіге шағым жасайды.

3. « Партаның астынан шық» - деп , сабақтын әрі қарай өтпеуін ескертті.

4. «Сенен партаның астын аяймызба , тәйір , үзілістеде отыра беруіңе болады»- дейді.

5. «Сен мысық болып кеттің бе ? Балалар біздің класқа мысық кіріп кетіпті. Кіс-кіс , мысығым , шыға ғой!»-дейді.

6. Көңіл аудармай сабақты жалғастыра береді.

2.

Сабаққа тақта дайын емес , сүртілмеген. Кезекші кім деп сұрайды. Сұрағына жауап алалмайды. Не істеу керек?


  1. «Тақта сүртуде сендерге ауыр жұмыс болды ма ?» дейді.

  2. «Сабақты бастамаймын» , деп кластан шығып кетеді.

  3. «Кезекшіге сүрт» дейді.

  4. «Келесі жолы тақта таза тұрсын» дейді.

  5. Үн-түнсіз өзі сүртіп болып «Егер сендерге қиын болса мен-ақ сүртейін» дейді.

  6. Ештеңе демей өзі сүртеді.

3.

Сабақтың басында класқа кешігіп кірген оқушы қолын шекесіне қойып мұғаліммен амандасты. Мұғалім не істеуі керек?



  1. «Бос қолын басына тақамайды» дейді.

  2. «Сен казармаға кірген жоқсын ғой , бұның не ?» дейді.

  3. «Бар класс жетекшіне мен класқа кіргізбеді деп айт» деп кластан шығарып жібереді.

  4. «Саламатсыз солдат ! Тез келіп маған көрнекі құралдарды іліп жіберуге көмектес» дейді.

  5. «Отыр, сабақтың соңында сөйлесерміз» дейді.

  6. «Амалдардың жаңа түрін ойлап шығардың ба ?» дейді.

4.

Маржанның класс жетекшісі оның нашар үлгерімі туралы үйіне барып айтпақшы болды. Үйіне барса онда қонақтар отыр екен. Маржанның мамасын сыйлық алуымен құттықтауға келіпті. Мұндай жағдайда не істеуге болады?

1. Шындықты жасырып айтпай «Жәй кірдім , Маржанда жұмысым бар еді»,- дейді.

2. «Маржанның үлгерімі туралы сөйлесуге келдім» дейді.

3. «Маржанның қоғамдық жұмысындағы белсенділігі туралы айтайын деп едім» дейді.

4. Мамасын бөлек шақырып алып сөйлесті.

5. Кешірім сұрап , « Мен сіздерге ертең бір соғамын», - деп шығып кетеді.

6. Маржанды бөлек шығарып алып алдымен одан сұрау: «Маржан , менің келген себебімді білесің, мен енді не істейін?»

№5.

Мұғалім 7 сынып оқушыларынан тамаққа жинаған ақшаны столдың үстіне қояды. Енді бір қараса ақша столда жоқ екен. Не істеу керек ?



1.Оқушылардың қалтасын тексеру.

2.Олардың әрқайсысынан кім алды деп сұрап , әңгімелесу , түсіндіру керек.

3. «Біреуің байқамай қызық көріп , мұғалім не істер екен деп алған боларсыңдар. Мен шығып кетейін. Ал алған оқушы ақшаны орнына қойсын, жазаламаймын» деу.

4.Мұғалім өзі сезіктенген оқушыға «сен алдың» деп айту.

5.Ата-аналар жиналысын өткізіп , талқылау.

6. Оқушыларды шығарып жіберіп , старостадан сұрау.


14. тақырып. Педагогикалық этика.

Педагогикалық жағдаятты шығарып, өзіңіздің этикаңызды бағалаңыз: дұрыс жауап 60 балл, одан төмен 50,40, 30, 20, дұрыс емес жауап 0 балл.
1.

Математика пәнінен бақылау жұмысы жүріп жатқанда мұғалім бір оқушының «ұрлық қағазын» алып қойды. Ол ызасы келіп бақылау жұмысын мүлде жазбауға бел буды. Оның көршісі мұғалімге шағым жасады. « Тоқтар ештеңе істемей , қарап отыр», - деді. Мұғалім реакциясы қандай болуы мүмкін?



  1. «Отырсын , ол екі алуға бел буған ғой» ,- дейді.

  2. «Маған өкпелегенше жақсылап дайындалмайсыңба?» , дейді.

  3. «Бұл тақырып бойынша маған келесі күні есеп бересің» дейді.

  4. «Бәрібір екі алдың , балалардың көңілін бөлмей , бар деп кластан шығарып жібереді.

  5. «Ол ойланып отырған шығар. Ойламаса есеп шыға ма ?» дейді.

  6. Тапсырманы өзгертіп береді.

2.

Қанат мұғалімнің тапсырманы орындамай келді.(жасап кел деген көрнекілікті) Мұғалім оған дауысын көтеріп ұрысты. Мұғалімге оқушы: «Маған айқайламауыңызды сұраймын» дейді. Мұғалім не деп жауап береді?

1. « Менің не істеу керек екендігін айтатын жасқа сен әлі жеткен жоқсың» , дейді.

2. «Өкінішті , келесі жолы істеп кел» дейді.

3. «Жақсы саған дауыс көтермей-ақ қояйын, бірақ мен бекер дауыс көтеріп тұрмағанымды сен түсін» дейді.

4. «Сонда сенің орындамағанын дұрыс деуім керек пе ?» дейді

5. «Әйтеуір мектепке келуді ұмытпағаныңа шүкір», - деп кекетіпті.

6. «Балалар, сонда қанатқа не деуім керек?», деп кластан кеңес сұрайды.
3.

Математика пәнінің мұғалімі үй тапсырмасын тексеріп отыр. Қиын есеп болғандықтан үй тапсырмасын бірде бір оқушы орындамаған. Мұндай есепті қалай шығаруға болатынын олар мұғалімнен сұрады. Мұғалім олар үй тапсырмасын әдейі орындамады деп ойлайды. Тақтаға шыққан оқушыларға шетінен екілік баға қойды. Оқушылар ренжиді. Екі оқушыға кластан шық деді. Олар құлақ аспады. Мұндай жағдайда не істеуге болады?

1. Мұғалім оқу ісінің меңгерушісіне бала жұмсайды.

2. Ата-аналарына шағым жасайды.

3. Оқушылар өтінішін орындап , есепті тақтаға өзі шығарады.

4. Сол тақырыпты оқытып , балаларға қайтадан материалды түсіндірді.

5. Есептің басын бастап шығарады да , әрі қарай қалай шығаруға болады, деп, материалды түсінуге көмектесетін бірнеше сұрақтар қояды.

6. «Бір де біреуін шығара алмауларын мүмкін емес» деп ұрсып , сабақтан кейін қалдырып шығартамын дейді.

4.

7 класта бір тоқсанда класс жетекшісі ауысты (балалармен тіл табыса алмағандықтан) Директор география пәнінің мұғалімін шақырып алып сол класқа класс жетекші болуды ұсынды.

Мұғалім келісімді бермей,қашқақтап бағып еді - ол әрекетінен ештеңе шықпады. Класқа келіп , - «Мен сендердің класс жетекшілерін болам» деді. Кенет біреуінің: «Балалар жарыдық» деген сөзін естіп қалды.Екінші бір оқушы (Нұрлан) : «Ештеңе емес! Көрерміз! Алғашқысы да , ақырғысы да бұл болмас» ,- деді. Класс жым-жырт бола қалды. Не дер екен дегендей бәрінің көзі мұғалімде. Не істеу керек?

1. Кластан шығып кеткен дұрыс.

2. Ештеңе естімегендей тұра беру.

3.Басқаларын тәртіпке келтіру үшін Нұрланды кластан шығарып жіберу керек.

4. «Мен білем , сіздер мені өздеріңізге класс жетекші болғанымды қаламайсыздар. Сенсеңіздер , менің өзімнің де құлқым жоқ . Менің орным да сіздер болсаңыздар қайтер едіңіздер?Мүмкін біз үйренісе алармыз , егер солай болса мен класс жетекшіліктен бас тартамын.

5. « Көрерміз. Мен сендерді тәртіпке келтіремін , мектепте бірінші жыл істеп отырған жоқпын.» дейді.

6. Директорға барып айтып , бас тартады.
15 .Тақырып. Педагогикалық дау- дамайлар.
Тест « Шиеленістік жағдайда өз қылығын бағалау»

Әдістемелік нұсқау: « Сіз әдетте шиеленістік жағдайда немесе сөз таластыруда өзіңізді қалай ұстайсыз?», – деген сұраққа шын ниетпен жауап беріңіздер. Егер сіз шиеленіске жиі түсіп тұрсаңыз әрбір берілген жауаптың жаңына өзіңіздің мінезіңізге сәйкес баллды қойыңыз.

Олар:

ЖИІ- 3 балл қойыңыз;



Жағдайға байланысты- 2 балл;

СИРЕК- 1 балл.

СҰРАҚ:

« Сіз әдетте шиеленістік жағдайда немесе сөз таластыруда өзіңізді қалай ұстайсыз?»



ЖАУАПТАРЫ:

  1. Қорқытам немесе төбелесем.

  2. Қарсыласымның көзқарасын, өзімдікі деп қабылдауға тырысамын.

  3. Ымыра келу жолдарын іздеймін.

  4. Бұған сенбесем де, өзімді қателестім деуге жол беремін.

  5. Қарсыласыммен кездесуден қашамын.

  6. Не болмаса да, өз айтқанымды орындауға тырысамын.

  7. Қандай да бір жағдайға көніп, ал екінші жағдайға мүлде көнбейтінімді анықтаймын.

  8. Ымыраға жол беремін (достасу жолдары)

  9. Берілемін (сдаюсь)

  10. Шиеленіске түскен тақырыпты ауыстырамын

  11. Өз дегеніме келгенше, ойымды қайталай беремін.

  12. Шиеленістің шығу көздерін анықтап, түсінуге тырысамын.

  13. Қарсыласуға жол беріп, сол арқылы оның жол беруіне итермелеймін.

  14. Достасамын

  15. Шиеленісті әзілге айналдыруға тырысамын.

Тестің жауаптарын өңдеу. 1,6,11 сандарының баллдарын санаңыз– бұл қылықтың «А» типі.

«А» типі –номерлердің суммалық баллы 1,6,11

«Б» типі–номерлердің суммалық баллы 2,7,12

«В» типі–номерлердің суммалық баллы 3,8,13

«Г» типі–номерлердің суммалық баллы 4,9,14

«Д» типі–номерлердің суммалық баллы 5,10,15


«А» типі – бұл «пікірлер мен конфликтің шешілуінің қатаң типі». Өз позицияңызды қорғап, соңына дейін тұрасыз. Не де болса, жеңуге тырысасыз. Бұл жөнін, дұрысын айтатын адам типі.

«Б» типі– бұл «демократиялық» стиль. Сіз келіссөзге келесіз,оймен санасасыз.Пікірталаста екі жақты да қанағаттандыратын шешімдер іздейсіз.

«В» типі– «компромисс» стилі. Басынан сіз ымыраға келуге келісесіз.

«Г» типі–« жұмсақ» стиль. Өз көзқарасыңыздан бас тартып, дайындықпен қарсыласыңыздың көзқарасына келісесіз. Қарсыласыңызды жақсылықпен жоясыз.

«Д» типі– «кету» стилі. Сіздің кредоңыз – «уақытында кету». Жағдайды нашарлатпауға тырысасыз.


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет