Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Айқұлақ ұлттық ойыны



Дата10.11.2018
өлшемі28.88 Kb.
Қазақ тілі 5 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Айқұлақ ұлттық ойыны
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін молайту.
Түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту.
2.Дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып,өз беттерінше
жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру,ұлттық ойынды көрсете отырып қызығушылықтарын арттыру.
3.Тәрбиелік: Адамгершілік,ұлттық сыйластық,дене тәрбиесін беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, түсіндіру,баяндау,аудару, жекелей,
жұптық жұмыстар орындау,кесте толтыру,суретпен танысу,сөздік диктант.
Сабқтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте,смайлик,тест,қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі,әдебиет,математика, дене шынықтыру.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу.(көңіл-күйлерің қалай? смайлик)
ә)Оқушыларды түгелдеу.
б)Сұхбаттасу.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
- Қыста далада ойналатын қандай ойынның түрлерін білесіңдер?
- Қыста далада қармен ойнаймыз,шаңғы тебеміз,мұзда сырғанаймыз.
Сабақтың мақсатын,барысын айту.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Асық» сөзін фонетикалық талдау.
2.Ойын туралы мақал-мәтелдерді сұрау,оқыту.
Айқұлақ ұлттық ойыны туралы түсінік беру,жаңа тақырыпты меңгере отырып түрлі тапсырмалар орындау,жаңа сөздермен танысу,грамматикалық тақырыпты еске түсіру жұмыс жасау.
III.Жаңа тақырып. Айқұлақ ұлттық ойыны.
Сабақтың эпиграфы:
Ұлттық ойындар – батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке,
төзімділікке, адамгершілік қасиеттерге баулыйды.
Ахмет Жүнісов
Инсерт әдісі.
Білемін Нені білгім келеді? Нені білдім?
Қазақтың ұлттық ойын түрлерін. Тағы ұлттық ойын түрлерін
білгім келеді

Өткен сабақтармен байланыстыру: Кластер құрастыру

Сөздікпен жұмыс.
Айқұлақ-лунное ухо (игра)
Жыртық-рваный (чапан)
Кешқұрым-вечером (играют)
Бөрік-шапка (одел)
Ойналады-играют (летом)
Орамал-платок (завязивает)
Қойшы-чабан,пастух (будеть)
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру. Жақша ішіндегі сөздерді аударып,байланыстыру
Айқұлақ ойыны,жыртық шапан,кешқұрым ойнайды,бөрік киді,жазда ойналады,орамал байлайды,қойшы болады
Оқулықпен жұмыс:
1-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын анықтаңдар.
Ұлттық ойын разделить
Ойналады платок
Кешкұрым сшить одежду
Орамал вечером
Киім-кешек тігу рваный чапан
Жыртық шапан плохая шапка
Жаман бөрік играют
Айырып алу национальная игра
Сергіту сәті:
Дос болайық бәріміз,
Жарассын достық әніміз.
Иықтасып жүреміз,
Қиындықта бәріміз.
Тән дыбыстарды қайталау.
Сөздік диктант жазу.
- Ұлттық,ханталапай,тоғызқұмалақ,асық,тобық,ақсүйек, хан ату,омпы,айқұлақ, көкпар, қыз қуу,бәйге.
- Тән дыбыстардың астын сыз.
- Тән дыбыстарға дыбыстық талдау жаса.

2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.


1.Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды;
2.Оқушылар тізбектеп оқиды;
3.Мәтінді сөздікке сүйене отырып,орыс тіліне аударады;
4.Мәтінге сұрақ қоямыз.
5. Дайындалған презентация бойынша ойынның кейіпкерлерімен танысу.
Дәптермен жұмыс. «Айқұлақ» сөзін талдау
Айқұлақ жуан сөз
т/к ай-құ-лақ
=? т.б - а.б - б.б
=? ай-
құ-
лақ
үш жолмен тасымалданады
екпін соңғы –а дыбысына түседі.
7о=3 +4
Жаңа тақырып бойынша миға шабуыл.
1.Айқұлақ қандай ойын?
- Айқұлақ ұлттық ойын.
2.Оны қай кезде ойнайды?
- Бұл ойын көктем,жаз айларында түнде ойналады.
3.Ойынға кімдер қатысады?
- Ойынға балалар,қойшы,қасқыр,ит қатысады.
4.Ойынның шарты қандай?
- Ойынның шарты:қасқыр қойларды ұрлап бір
жерге жинап таусуы керек.
5.Ұлттық ойындар неге баулиды?
- Батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке, адамгершілік қасиеттерге баулиды.
- Өте жақсы.Міне,көрдіңдер ме,балалар, қазақ халқында балаларға арналған қаншама тәрбиелі,денсаулықты шынықтыратын ұлттық ойындар бар екенін.
Жазылым. 3-тапсырма.
Мәтіннен етістіктерді тауып,келер шақ,өткен шақ,осы шақ түрінде үш бағанаға бөліп, дәптерге жазу.
Келер шақ Өткен шақ Осы шақ
Ойналады ойнады ойнап жатыр
шығарады шығарды шығарып жатыр
Ойналады-ойнады, шығарады-шығарды, болады-болды, байлайды-байлады, томпайтады-томпайтты, жасырады-жасырды, кигізеді-кигізді, айырып алады-айырып алды.
IV.Сабақты бекіту.
1.Айқұлақ қандай ойын?
2.Оны қай кезде ойнайды?
3.Ойынға кімдер қатысады?
4.Ойынның шарты қандай?
5.Сабақты бекіте отырып тақтаға сөзжұмбақ ілінеді:
1.месяц
2.игра
3.интересный
4.нация
5.козленок
6.альчик
7.ягненок

А й
о Й ы н


Қ ы з ы қ
Ұ л т
Л а қ
А с ы қ
Қ о з ы

V.Қорытындылау.


Инсерт әдісі.
Білемін Нені білгім келеді? Нені білдім?
Қазақтың ұлттық ойын түрлерін. Тағыда басқа ұлттық ойын түрлерін Айқұлақ ойынын
Жазда ойнайды
Қойшы,қасқыр,ит,бір топ бала.
Қасқыр қойларды жеп таусады
Спорттық ойын,
Жылдамдыққа үйретеді.

VI.Үйге тапсырма:


117-бет. Мәтінді оқып мазмұндау.Жаңа сөздерді жаттау.
VII.Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау.
Көңіл-күйлерің қалай? (смайлик)
VIII.Қоштасу.
Сау болыңдар!
Каталог: 073976709BB5F50E
073976709BB5F50E -> Қазақтың ұлттық ойындары халықтың мәдени мұрасы
073976709BB5F50E -> Поэмадан үзінді жаттау "Кебек пенен Еңлік Махабаттағы ұлылық Алауы боп сенімнің Маздай берер, мәңгілік"
073976709BB5F50E -> “Тапқыр достар” Ойнымыз 7 айналымнан тұрады
073976709BB5F50E -> Сабақ барысында оқушыларға берілетін іздендіру сұрақ: Сабақ барысында оқушыларға берілетін іздендіру сұрақ
073976709BB5F50E -> Проблеманы өз бетімен шеше білу
073976709BB5F50E -> Көкпар –национальная спортивная игра,скачки с козлом
073976709BB5F50E -> 1. Жіңішке сөзді белгіле
073976709BB5F50E -> Аталмыш терминнің мәні XX ғасырда кеңiдi. Алдыңғы уақыттарда «наркотик» деген мағынаны беретін сөз, уақыт өте көпмағыналы бола бастады


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет