«Қазақ прозасы және ұлттық идея»



Дата13.10.2018
өлшемі13.39 Kb.
#86197
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 14 қыркүйек күні М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақ прозасы және ұлттық идея» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Ж. Молдағалиев атындағы Облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілген дөңгелек үстелге республикалық көлемде аталып өтіп жатқан жазушы Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы арқау болды. Қазақ прозасының төлбасы жайында С.Ғ. Шарабасов ой толқытты. Қиыншылық көріп, тағдыр талқысына мойымай өз мақсатына жеткен роман кейіпкері Ақбілектің басынан өткен оқиға желісі арқылы жазушының оқырманға ұлттық идеясын тастауы жайында әңгімелеп, жастарға романнан алатын мол дүние бар екеніндігін түсіндіріп, жастарды кітап оқуға үндеді. Романның көркемдік идеясы, этнолингвистикалық сипаты, мұндағы кейіпкерлердің рухани әлемі жағынан филология ғылымдарының кандидаты, доцент З.Ж. Мүтиев, филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Р.Б. Сұлтанғалиева, магистр-оқытушы Г.Г.Тұрғаналиева өз баяндамаларын оқып, әдемі ой бөлісті. Сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің бір топ студенттері прозадан үзінділер оқып берді. Университет кітапханасының директоры Т.Е. Әлімбекерова «Бір ел – бір кітап» акциясы елімізде бесінші жыл аталып өтіп отырғандығын, биылғы жылы Ж. Аймауытовтың осы аталмыш шығармасының таңдалынып алынғандығын айтып, жас оқырмандарды әдеби көркем шығармаларды оқуға шақырды. Ж. Молдағалиев атындағы облысық кітапхана директоры Р.Ж. Исатаева да қорытынды сөз сөйлеп, бұл кітаптың облыстық кітапхана сайтында электронды нұсқасынан оқи алатындығын жеткізіп, үзінді оқыған студенттерге алғыс хаттар мен естелік кітаптарды сыйға тартты. Әдемі кештің куәсі болған жастар «Ақбілек» романының толық нұсқасымен танысуға асықты.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет