Қазақ ҚОҒамында старшындар институтының пайда болуы мен қалыптасуы



Дата15.08.2018
өлшемі119.8 Kb.
#82355
УДК:94.574

ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА СТАРШЫНДАР ИНСТИТУТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

Селкебаева А.Т.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Алматы университетінің профессор м.а.,

Колесникова О.Е.

«тарих» мамандығының -4 курс студенті

Алматы қаласы

Қазақ старшындары өз заманының ерекше тұлғалары. Олар өз ар - ожд –нымен әкімшілік-шаруашылық қызметін жүзеге асыруда өзгешеленді. Старшындар институты жалпы түркі тілдес кеңістіктегі әлеуметтік топтың, оның ішінде билеуші топтың ішінен дараланғаны белгілі. Қазақ старшындары қоғамдағы әлеуметтік-шаруашылық істе ұрпақтар даналығы мен терең білімін меңгерген билік жүргізуші топтың бір буынын құрады. Халықтық билік жүргізу дәстүрін шебер қолдана білу, басқарушылық қасиетімен халық алдында өзін көрсете алу, халықтың тарихы мен тұрмыс-тіршілігін жетік игеру старшындардың қоғам алдыңдағы беделіне оң ықпал етті. Қазақ қоғамында старшындар институты өте маңызды рөл атқарды. Олар қазақ билігінің негізгі ұйытқысы және байланыстырушы буыны болып табылды.

Старшындар институтын патша үкіметінің қазақ қоғамына енгізген қоғамдық басқару институты ретінде ХХ ғасыр тарихнамасында қарастырыла бастады. Олардың табиғатын анықтауда тарихшылар ХVIII ғасырдың аяғы мен ХIХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық қатынастардың даму деңгейіне баға беруден шықты. Алдымен старшындар институтын сипаттаудан бұрын, старшын сөзінің пайда болуы туралы тоқтала кетсек. Старшын сөзінің мағынасын нақтылап алу үшін оның түсініктемесіне назар аударайық. «Старшын сөзі революциядан бұрыңғы белгілі бір руға тән істі басқаратын сайланып қойылған адам» [1.365-б.]. Бұл анықтама старшын деген ұғымның дәстүрлі қазақ қоғамында белгілі бір маңызды рөл атқарғандығы туралы хабар берсе керек. Патша өкіметі қазақтың ру ақсүйек өкілдерінің барлығын старшын деп атаған. Старшын мансап лауазымы ретінде қазақ қоғамында 1917 жылға дейін сақталып келді. Оны орыс патшалығы тұңғыш рет 1730 жылы қазақтарға қолданған. Бірақ бұл жүйені орыс патшалығы жасаған жоқ, оны патша шенеуніктері көшпелілердің ғасырлар бойы қолданып келген «Ақалақшы» жүйесін алып қазақ қоғамына сол күйінде енгізді. Мұны орыстардан әлде қайда бұрын Ежелгі Түрік, Алтын орда, Ақ орда, Чин патшалығы, Қытай, моңғолдар қолданған. Патша өкіметі қазақ қоғамына ежелгі «Ақалақшы» дәстүрлі жүйесін орысшаға келтірілген «старшын» сөзімен қолданды. Ол кезде орыс патшалығы қазақтың қоғамдық құрылымын мансап лауазымдарын өзгертіп, оның орнына өздерінің мансап лауазымдарын қазақтарға зорлап таңған емес. Қайта орыс патшалығы қазақ қоғамында бұрыннан қолданылып келе жатқан әр дәрежелі мансап лауазымдарды өздерінің әдеттері бойынша орысшаға аударып атағаны ғана. Ғалым Н. Мұхамедханұлы өзінің еңбегінде Чин патшалығы тұсында қолданылған «Ақалақшы» жүйесі туралы былай деп жазды: «Чин патшалығы қазақ билеушілерінің кейбіреулерін «Ақалақшы» деп атаған. Ақалақшы мансап лауазымы ретінде Қытайдың Іле аймағындаға қазақтарында 1950 жылдарға дейін сақталып келді. Ақалақшы қытайша «Ака ла кі ши» болып жазылған. Ол сөздің түбірі аха-ака-аға, оған лашы қосылып, Ахалагч- Ақалақшы болған. Оның мағынасы старшина дегенді білдіреді. Ол манжүр (шүршіт) тілінде белгілі бір мансап лауазым атауы іспетті қолданылған. Оны Чин патшалығы тұңғыш рет 1769 жылы қазақтарға қолданған [2,124-б]. Ал, зерттеуші-ғалым З.Қинаятұлының «Монғолиядағы қазақтар» атты еңбегінде Қытай әкімшілігіне хат жолдаған Сүкірбай Ақалақшы деп көрсетілген [3,101-б.]. Осы ақалақшы ұғымын патша шенеуніктері старшын деп орысшаға аударып 1822 және 1824 жылдары қабылданған ереже арқылы қазақ қоғамына еркін таратты. Бұл старшина ұғымының түбірі «стар» яғни Аға, ал «шина» Ағалық ету, басқару деген сөз, яғни Ағалық көрсету дегенді білдіреді. Патша шенеуніктері ауылдың басында немесе рудың басында тұрған басшыны-старшын деп көрсетті. Міне, осы Ақалақшы жүйесін орыс патшалығы қазақ қоғамында қайта жаңғыртып дамыта түсті.

Сонымен бірге старшындар осы топтын өкілдері ретінде ақсақалдарға теңдес болды. Себебі қазақ тарихында патша өкіметінің қазақ жеріне енер қарсанына дейінгі уақытта қазақ қоғамындағы рубасшылардың әртүрлі аттары болды–ақсақалдар, билер, байлар-деген сияқты. Көшпелі қазақ қоғамындағы ру бөлімі мен бөлімшелерді басқаратын старшындар патшалық Ресейдің шенеуніктері Қазақстан жеріне аяқ басқанға дейінгі кезенде «ақсақалдар» деп аталғаны анық.

Революцияға дейінгі кезеңде К. Солдатенкова және Н. Шепкинаның баспасында шығып тұрған «Очерки Зауральской степи и Внутренней или Букеевской орды» деп аталған журналда старшындар туралы былай деп жазылды: «Под черной костью разумеется весь простой народ и даже старшины его или по нашему старосты, а также все начальники, которые не могут похвалиться прямым происхождением от ханов» [4,104-б.]. Бұл деректе старшындар бір ғана басшы ретінде емес керісінше хан және сұлтандардан басқа барлық жергілікті жердегі бастықтарды атап көрсетіп отырғанын көреміз.

Мысалы патша үкіметінің ресми баспа органдарының бірінде: «Ауыл-бұл белгіленген жерлерде көшіп жүрген, жылжымалы күркеден немесе киіз үйлерден тұратын бөлек көшпелі қос немесе жылжымалы ауыл. Әрбір ауылдың киіз үйі ерекше ауыл старшынының немесе біздіңше старостаның қазақтар оны Ақсақал дейді яғни ақ сақалы бар адамдардың басқаруында болды.Осы мәліметтен кейін бізге патша шенеуніктерінің қазақ қоғамындағы ақсақалдарды старшындар деп атап көрсететіндері түсінікті жәйт. Себебі қазақ қоғамында ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі мықты болғандақтан олар басқарушы топтардың қатарында саналды. Рудың басшылығында тұрған ақсақалдар патша шенеуніктерінің, саяхатшыларының және оқымыстыларының жазбаларында, күнделіктерінде старшын ұғымымен тең етіп көрсетіледі.

ХVIII ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап қазақ қоғамында пайда бола бастаған старшын ұғымы және ХIХ ғасырдың бірінші жартысында қоғамда қалыптасу кезеңін аяқтаған старшындар институтының арасында түрлі түсініктер мен әжептәуір айырмашылықтар бар екендігін салыстыру барысында анықтадық. Сол себепті қазақ қоғамында старшын ұғымының пайда болуы мен қалыптасу кезеңін үш түрлі тарихи кезеңге бөлдік:

Бірінші кезең–шамамен 1730 жылдан бастап 1786 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Оның негізгі сипаты: патша әкімшілігі бұл тарихи мезгілде дәстүрлі қазақ қоғамында старшын ұғымын енгізіп және бірте-бірте патша шенеуніктерімен қолданыла бастау кезі болатын.

Деректік материалдардан старшын терминінің ХVIII ғасырдың 30-шы жылдарында, яғни Қазақстанның Ресей империясы құрамына енер қарсанында белгілі бір әлеуметтік топ ретінде енгізіле бастағанын байқау қиын емес. Бұл ретте қазақ-орыс қарым-қатынасындағы (ХVIII ғасырдың 30-шы жылдарынан бастау алатын) мына ресми құжаттар: қазақ хандары мен патша үкіметінің арасындағы дипламатиялық келісімшарттар өзара хаттар мен қатынас қағаздарында, граматаларында орыс саяхатшыларының күнделіктері мен жазбаларында осы ғасырға қатысты тарихи құжаттар мен әдебиеттерде тағы сол сияқты құжаттарға тән материалдар старшын ұғымының қазақ қоғамында пайда болуын және кімдерді көрсету үшін қолданылғанын ашып көрсететін дерек көздері бола алады. Міне осы аталған материалдарға сүйене отырып, ХVIII ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап қазақ қоғамына ене бастаған старшын ұғымын анықтауға толық мүмкіндік бар.

Патша шенеуніктері қазақ ордасына алғаш келген кездері олар өздерінің осы сапарға арнап бастаған жеке журналдары мен күнделіктерінде әр күнде болған оқиғаларды жазып отыратын болған.Тевкелевтің журналында жазып қалдырылған мәліметке қарасақ онда біз-Кіші жүз жеріндегі рубасшылар саналатын «ақсақалдарды» старшын деген ұғыммен белгілігенін көре аламыз. Мысалы Тевкелевтің журналында бұл жөнінде былай жазылған: «древних-де лет имеетца обычай, что ханы без совету старшин ничего неповинны чинит» [5,53-б.]-деп жазылған. Қазақ қоғамында старшындар кеңесі аталатын ақылдасу органы болған емес, керісінше ақсақалдар кеңесі болғандығы шыңдық. Жоғарыда Тевкелевтің журналынан алып көрсеткен деректегі старшын кеңесі біздің ертеден келе жатқан ақсақалдар жиналысын көрсетіп отырғаны бізге түсінікті. Осыдан келіп патша шенеуніктері көшпелі қазақ қоғамындағы ақсақал деген ұғымның орнына старшын деген ұғымды қолданғандығын байқаймыз.

Патша шенеуніктері «ерекше билеушілер» деп әр жүздің басшылығында тұрған хандарды атап отырғаны анық. Ал старшындар деп рудың басшылығындағы рубасшылық қызметті атқаратын адамдарды айтып отырған болар. Мұнда да орыс шенеуніктері старшын сөзін ханның жанында отыратын жасы үлкен ақсақалды адамдарды көрсетіп отырғаны айдан анық. Келесі бір деректен біз тағы да старшын ұғымының патша шенеунігімен қолданылғанын көреміз. ХVIII ғасырдың 40-50-шы жылдарында қазақ ордасында көп уақытқа дейін саяхатта болған поручик Д. Гладышев былай деп жазды: «Аралда Әбілхайыр хан ставкасында «арал княздері» және оның хан старшындары отырды» [6,177-б.]. Бұл жерде Гладышев старшындарды құрметті бастықтар деп атап отыр. Оның хан старшындары деп жазып отырғаны, Әбілхайыр ханның жанындағы жасы үлкен адамдар болатын – ол дегеніміз ордадағы «ақсақалдар» - старшын сөзін патша шенеуніктері қазақ қоғамындағы жасы үлкен адамдарды көрсету үшін пайдаланды. Олар ру ақсүйек өкілдері саналатын ақсақалдар болатын. Міне осы топтағы адамдарды көрсету үшінде старшын ұғымы пайдаланылды.

Старшын ұғымы қазақтың сөзі емес және де қазақтың топырағынан жаралмаған, ол орыс тілінен енген сөз. Бұл ұғымды патша шенеуніктері қазақ жеріне алғаш аяқ басқаннан бастап қолдана бастады. Академик С.З. Зиманов «старшын сөзі алғаш рет орыс шенеуніктерімен енгізілген» [7.206-б.] - деп жазады. Содан бастап ХVIII ғасырға қатысты қазақ халқының тарихи әдебиеттерінде старшын ұғымы кездесе бастайды.

Кеңес дәуірінде старшындар туралы алғаш сөз қозғағандардың қатарынан тарихшы М.П. Вяткинді атауға болады. Ол өзінің 1947 жылы жарық көрген «Батыр Сырым» деген көлемді зерттеуінде старшын ұғымының көшпелі қазақ қоғамында пайда болуына қысқаша болсада мағыналы түсінік беріп өтеді және де қоғамдағы әлеуметтік-саяси рөлінеде кең түрде тоқталады. М.П. Вяткиннен кейін старшындар институты туралы мәселені С.З. Зиманов қарастырды. Ол өзінің «ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы» атты монографиясында арнайы түрде қарастырған. Автордың пікірінше «ХVIII ғасырдың сонына дейін қазақ қоғамында «старшын» термині өте жиі қолданылды, ал орыс тілді деректерде, құжаттарда бұл ұғым кең таралды.

ХVIII ғасырды сипатайтын тарихи әдебиеттерде старшын сөзі өте жиі кездеседі. Бұл кезеңде старшын ұғымы ақсақалдарды көрсету үшін қолданылды. Себебі бұл тарихи уақытта старшындар белгілі бір әлеуметтік топ ретінде емес қайта керісінше көріністік түсінік берді. Яғни батырларды, билерді, ақсақалдарды, тархандарды және тағы басқа әлеуметтік топтарды көрсету үшін пайдаланылды. Белгілі батырлар старшындар деп те аталды. (Бөгенбай, Есет, Жәнібек және тағы басқалары). М.П. Вяткиннің айтуынша: « Кейде батыр термині ру старшындарына да қолданылды» [8,115-б.] - дейді. Бұл аталған есімдердің барлығында дерлік әртүрлі дәрежедегі лауазымдары болды. Соған қарамастан батырлардың барлығы орыс өкіметінің ресми құжаттарында старшындар деп жалпы аталған. Мысал келтіретін болсақ «Кіші жүздің ханы Нұралы тұсында мына батырлар: Сасықбай, Жәнібек, Ақтақұз және Қарас-старшындар деп аталды.Тек ХIХ ғасырдың бас кезінде ғана старшын ұғымының қолдану аясы біршама айқындала бастады. Осы кезден бастап старшын атағымен арнайы түрде анықталған адамдар енді белгілі бір әлеуметтік басқарушы топ болып қалыптасуын бастады. Осылайша олар бірте-бірте қазақ қоғамында жаңа құрылған әлеуметтік топқа айналды. Енді страшындардың әлеуметтік құрамы біркелкілікке түсеп, олардың араларынан басқа атақпен лауазымданғандары сирек кездесетін болды. Сол тарихи кезеңде патша шенеуніктерімен қолданылған старшын ұғымы-би, батыр, тархан, мырза тәрізді дәстүрлі лауазымдардың синониміне айналды. Патша құжаттарында старшын ұғымы осы аталған лауазымдардың кез-келгенін көрсету үшін қолданыла берілетін болған. Мысалы зерттеуші И. Ерофееваның анықтауынша: «ХVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ старшындарының кәдімгідей айтарлықтай бөлігін әлеуметтік топтардың өкілдері билер құрады». [9,61-б.] ХVIII ғасырдың 80-шы жылдарына дейін көшпелі қауымдағы ру басшылардың барлығы патшаның ресми құжаттарында старшын деп аталғанымын, олар бұл атаққа арнайы түрде анықталмады, оларды старшын ұғымымен тек патша шенеуніктері ғана өз құжаттарында белгіледі. Сонымен қатар старшын ұғымы ол кезеңде қызмет ретінде саналмады. Оның мағынасы дәл сол уақытта тек қоғамдағы белгілі бір топтарды бөліп көрсету үшін пайдаланылды. Бір сөзбен айтқанда старшын ұғымы көріністік сипатта болатын. Бірақ кіші жүз жерінде патша шенеунігі барон О.А. Игельстром реформа жүргізген кезден бастап старшын ұғымы көріністік түсініктен, белгілі бір анықталған қызметке ауыса бастады. Старшын қызметі пайда болғаннан кейін, оған сайланушы адамдардың қатарынан ақсақалдар жиі кездесті. Сондай-ақ старшын қызметінен лауазымданған әлеуметтік топтардың кейбір бөлігінде кездестіруге болады. Мұны жоғарыда нақты деректер арқылы дәлелдеп өткенбіз.

Старшындар институтының қалыптасуының келесі екінші кезеңі патша өкіметінің 1786 жылы кіші жүз қазақтарын басқару үшін енгізген реформасынан бастап 1822 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл тарихи кезеңде патша өкіметі Кіші жүз жеріндегі хандық билікті жоюдың алғашқы қадамдарын жасай отырып, жалпы губерниялық әкімшілік мекемелерін еңгізуді қолға алу жолына түскен еді. Бұл әкімшілік мекеменің құрамына бірінші болып ру старшындары кірді. Осы реформа барысында «старшын қызметі» енгізіліп, енді старшындар қазақ қоғамындағы дәстүрлі басқару жүйесінде жаңа әлеуметтік топ болып қалыптаса бастады. Нәтижесінде қазақ қоғамында алғаш рет «бас старшын», «ру старшыны» деген жаңа қызметтер пайда болды. Бұл патша өкіметінің қазақтың дәстүрлі билік жүйесіне старшын қызметін еңгізе бастаудың алғашқы жүзеге асырған сәтті қадамдары болатын. Шекаралық басшылар көшпелі қауымдағы старшындардың билік күші мен ықпалын қазақ даласына келгеннен бастап байқаған болатын. Бұл жерде старшындар деп отырғанымыз реформаның нәтижесінде старшын қызметіне келген ақсақалдар немесе лауазымыданған ордалықтар болатын. Патша үкіметі старшын атағын және старшын қызметін қазақ қоғамына еңгізудің алғашқы тәжірибесін О.А. Игелстром реформасы арқылы бастаған еді. Содан бастап старшын ұғымы қазақтың дәстүрлі басқару жүйесіне ешқандай кедергісіз-ақ тарала берді. Дегенмен патша әкімшілігі старшын қызметін таратуды ХІХ ғасырдың басында ғана қарқынды түрде жүзеге асыруды қолға алды. Осы кезеңге қатысты мұрағат құжатарына қарайтын болсақ, онда біз шекаралық басшылардың «старшын атағын» көшпелі қазақ қоғамында ерекше қызметімен және жақсы тәртібімен, сенімділігімен көріне білгендерге өте жиі сый-құрмет ретінде беруді әдетке айналдыра бастағанын байқаймыз. Бұл тарихи кезеннің қорытындылары: Жергілікті жердегі әкімшілік орындарында старшын қызметінің қалыптаса бастауы ХVIII ғасырдың 80-шы жылдарынан бастау алады. Бұл кезең старшындар институтының қазақ қоғамына кенінен тарап белгілі бір әлеуметтік топқа айнала бастағанын көрсетеді. Сонымен қатар старшын атағын Х1Х ғасырдың басында да өте ықпалды адамдарға ұсынуды қолға алған болатын.

Келесі үшінші кезең, 1822 және 1824 жылдары Сібір (Орта жүз) және Орынбор (Кіші жүз) қазақтары үшін енгізген ережелерінен бастап 1867-1868 жылдары бүкіл қазақ жерін қамтыған әкімшілік-саяси басқару реформасы аралығындағы мерзімді қамтыды. Бұл тарихи кезеңде отарлаушы өкіметпен жүргізілген әкімшілік-саяси реформаларының негізінде старшын ұғымы жергілікті жердің төменгі басқару сатысы саналатын ауылды басқару үшін бекітілді. Бұл уақытта старшын ұғымы қазақтар арасында кең түрде таралып және белгілі бір лауазым ретінде көшпелі қауымда біржола қалыптасуын аяқтап және патша заңымен нақты жергілікті әкімшіліктегі қызмет ретінде заңдастырылған болатын.

Міне осы арада старшындар институтының көшпелі қоғам өмірінде қалыптасып үлгеруіне тікелей ықпалы болған мынандай жағдайларға тоқталуға тура келеді. Біріншіден 1822 және 1824 жылдары Орта жүз және Кіші жүз жерінде орнатылған әкімшілік-саяси басқару жүйесі, яғни ертеден қалыптасып келген дәстүрлі басқару жүйесін жойып, империялық басқару жүйесін қалыптастыру болатын. Осы жылдары жүргізілген реформалар жергілікті жердегі басқару жүйесіне старшын қызметін енгізді. Енді старшын қызметіне сайланушы үміткерлер жаңа қабылданған ереже арқылы келетін болды Сондай-ақ старшын болып сайланған үміткерлердің алдында олардың орындайтын функционалдық міндеттері нақты анықталды. Мұнын барлығы ережедегі баптармен заңдастырылып жүргізілді.

Патша өкіметі старшын қызметін қазақ даласына еркін таратқандығы соншалықты ХIХ ғасырдың ортасында олардың саны басқа қызметтегі адамдарға қарағанда едәуір басымдырақ болды. Старшын қызметі тек Орта жүз жерін ғана емес, сонымен қатар Кіші жүзге, Ішкі Бөкей ордасына және Ұлы жүз жерінеде таралды. Старшындар институтының толық саяси-қоғамдық инситут ретінде қалыптасу кезеңі осы ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарынан жүргізілген реформалардан бастау алап, Қазақстанның барлық жерін қамтыған 1868 жылғы уақытша рефрмаға дейінгі уақытта толыққанды қалыптасып үлгерген еді. Қазақ қоғамында ХVIII ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап кездесе бастаған және ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарында әлеуметтік институт болып қалыптасқан старшын қызметі 1917 жылы патша үкіметі құлағанша өмір сүрді.

Әдебиеттер:

1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алма-Ата: - 1985. - Т.8. - 365 б.

2. Мұхаметжанұлы Н. Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860-1920 жж.). Алматы: ҚАЗақпарат, - 2000. – 336 б.

3.Қинаятұлы З. Моңғолиядағы қазақтар. Алматы, - Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, - 2007. – 2-кітап.- 256 б.

4. Букеевской орде 200 лет. 3-книга. Алматы: Изд-во Өлке, - 2001. – 204 с.

5. Казахско-русские отношение в ХVI- ХVIII веках (Сборник документов и материалов) /Сост: Ф.Н. Киреев, А.Н. Алейникова, Г.И. Семенюк, Т.Ж. Шоинбаев. Алма-Ата: Изд-во АН. Каз ССР. - 1961. – 743 с.

6. Казахско-русские отношение в ХVIII-ХIХ веках. (Сборник документов и материалов) // Сост: Ф.Н. Киреев, В.Я. Басин, Т.Ж. Шоинбаев, К.Ж. Жунисбаев, Б.С. Мусаева Алма-Ата: Изд-во АН. Каз ССР. - 1964. – 654 с.

7. Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины ХIХ века. Алма-Ата: Изд-во АН. Каз ССР. - 1958. – 294 с.



8. Вяткин М.П. Батыр Срым. М.-Л.: Изд-во АН. СССР. - 1947.- 391 с.

9. Ерофеева И. В Социальные отношения в казахском обществе второй половины ХVIII – первой четверти ХIХ в. в освешении русских ученых и путешественников. // Вестник АН Каз ССР. - 1979. - №12. – С. 59-63 .
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет