41
Қазақ әдебиеті кафедрасының 50 жылдығы, ф.ғ.д., профессор Ж.Қ.Смағұловтың Ж.Қ.Смағұловтың 60 жылдық мерейтойы
Жазушының мейір тұнған жүрегі аңызды былай аяқтайды: «Күн қайта шығып, қарларды
әп-сәтте ертіп жіберген. Қойлар баурайда өскен қызғалдақтарға қозыларын жайып, кең даланың
төсінде мәңгі бақи қалып қойыпты. Оларды қасқырдан ит қорғапты».
Қиялдың құсы егіліп,
Іштегі дертті айдасын.
Бернияз Күлеевтің «Жырла да зарла, көңілім» атты өлеңінен қос жол мынау танымдық аңыз
әңгіменің түп сарынын ашуға септігі тиер.
Қазіргі қазақ санасында Тобық Жармағамбетов әңгімесінің алтын шуағындай төгілген
шынайы мейірім азайып, сарқылып барады. Бабалар орнында бар оңалар десе, ізгілікке сенімі. Отан
мейірден өседі. Түрікмен ақалтекесін қызғыштай қориды. Қазақ тілімен жылқыны сүйеміз дейді,
бірақ кейбіреулер әсіре пайда қуып, бұл жануардың тұқымын мөлшерден артық сойып сатқыш
қасапшыға айналды. Малды құдай адам несібесі үшін жаратты, сөйткенмен шектен тыс пышаққа
қия беру обал. Мұның бәрі аураға, елдікке теріс әсер етері айдан анық.
Әбубәкір Қайранның «Түйелер трагедиясы» атты ыза жыры бар. Малдың киесінен қоғамына
бағынышты кейінгі мәңгүрт қазақтың қорықпайтын болғаны; өз көрін өзі қазған нақұрыстай,
обырдай араны ашылған ет комбинатына өткізу үшін ауылдағы түйе жануарды обал жасап,
техникамен соғып өлтіргені туралы.
Қамаудағы текті түлік, киелі,
Мойындарын көкке қарап иеді.
Құлап жатыр бірінен соң біреуі,
Елестетсем, ішім от боп күйеді!
…Бұғауланған түйелерді сонан соң,
Дырылдатып «ДТ»-менен сүйретті.
Бар еді ағам түйе баққан жасынан
«Тоқтат, кәне, сұмдықты!», — деп сол ағам,
Мылтық атты директордың басынан. [4]
Әбубәкір ақын өмір бойы түйе баққан әкесі қайтыс болған соң 3000 бас түйе түлігінің құрып
кеткенімен өлеңін аяқтайды. Төрт түлік мал басы елде күрт азайып кеткені осы тектес кесірлік
зардабы. Құнарлы шұбаттан айрылу, ұлттық құндылықтарды ата түлік малмен қоса жоғалту.
Қорыта келгенде, қазақ әдебиетінде шартты-метафоралық проза әлі зерттелген жоқ. Десек
те, бұл мәселені әдебиетшілер жан-жақты зерттеп, жаңалықтар енгізуге өз септігін тигізеді деген
ойдамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы. - Алматы: Мектеп, 1966.
2. Бердібек Соқпақбаев «Ергежейлі еліне саяхат» («abai.kz» ақпараттық порталынан).
3. Рузанкина Н. «Рынок» // Странник – 1997. – №4. – Б.94-98.
4. Тобық Жармағамбетов «Отамалы» («alashainasy.kz» сайтынан).
5. Әжиев Қ.Ө., Досмаханова Р.А.Орыс постмодернистік прозаның ерекшеліктері.
6. Нефагина Г.Л. Русская проза второй половины 80-х начала 90-х гг. XX века.
ҚАСҚЫР ОБРАЗЫНЫҢ ҮШТАҒАНЫ:
«КӨКСЕРЕК», «АҚ АЗУ», «ВИННИПЕГ ҚАСҚЫРЫ»
Мырзахметов А.Ә., оқытушы, ғылым магистрі,
Құсайынова И., студент,
Жарылғасын Ә., студент
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ
Жаһандық әдебиеттің бір бөлшегі ұлттық прозамыз басқа елдердің әдебиетімен бір жазықтықта
өмір сүре отырып, өзіндік жаңалықтарын ұсынуда. Оларды саралап өзіндік ерекшеліктерін табу
бүгінгі жаһандану әдебиеттануында аса маңызды міндеттердің бірі. Бұл зерттеу мақаласының басты
мақсаты – қазақ прозасы мен шетел әдебиетіндегі қасқыр образдарының үндестігін анықтау.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
42
«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция
Американың азулы жазушысы, небәрі қырық жыл ғана ғұмыр сүрген, сол қысқа ғұмырының он
алты жылын таза шығармашылық жұмысқа арнап, жиырма төрт том еңбек қалдырған классик Джек
Лондонның «Ақ азу» романы; канадалық жазушы, суретші-анималист, зоолог ғалым, британдық
қоғам қайраткері Эрнест Сетон-Томпсеннің «Виннипег қасқыры»; ұлттық әдебиетке өткен ғасырдың
20-ыншы жылдарында қосылған Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесі. Бұл үштаған шығарманың
арасындағы ұқсастықтарын мен айырмашылықтарын, өзіндік ерекшеліктері мен үндестіктерін
айтпас бұрын төл әдебиетіміздегі қасқыр жайлы жазылған басқа шығармаларға қысқаша шолу
жасап өтсек.
Қазіргі заманғы жаңа болмысты прозадағы өзгеше жаңғырған, түрленген «қасқыр-бөрі»
бейнесі кездесетін Мұхтар Мағауиннің «Қасқыр – Бөрі», Асқар Алтайдың «Алтай элегиясы (Қызыл
бөлтірік)» повесть-притчасы, Думан Рамазанның «Көкжалы», Жанат Ахмадидың «Кезінгеннің
кезі», «Ажал аузында», «Кие» атты әңгімелері бар.
М.Мағауиннің шағын әңгімесі өзінің құрылымдық жағымен ерекшеленеді. Шағын әңгіменің
«Қазақтың қасқыры – қасқыр емес, шене, құрт кезінде, яғни бағзы заманда әлемдегі ең айбарлы
аң болған» дейтін бастауынан бастап бабамыздың байрағына түсіп, жүрек пен рухтың, қайтпас
ерліктің ұранына айналған боз құрт, шене туралы толғанысы назар аудартады. «Бөрінің орнына
қасқыр келді, бірақ шын мәнісінде екеуі – бір-ақ аң: бөрі деген – қасқыр, қасқыр деген – бөрі.
Сырттай қарағанда, атау ғана ауысқан тәрізді болып көрінеді. Ал, шын мәнісінде... бәрі өзгерді.
Кейінгі қасқыр бұрынғы бөрідей бола алмады. Абыройсыз істің бәрі қасқырға телінді. Баяғы құрт
пен шенеден, кешегі бөріден қалған бақ, көшкен рух қасқырға қонбапты. Бұрын батырды бөріге
теңесе, енді қадыр-қасиеттен ада зұлым адамды қасқырға теңейтін болыпты. Дегенмен, қасқыр мен
бөрі – атауы бір, түп негізі ортақ, бір-ақ мақлұқ емес пе? Қасқыр қанша азса да, оның бөрі атауының
ескірмеу себебі неде, қасқырға қашан, қалай айналғаны туралы ой толғайды. «Ал мен көрген
сияқтымын. Бөрінің қасқырға емес. Қасқыр атанған бөрінің қайтадан әуелгі – бөрі кейпін тапқанын»
[1, 24] – деп әңгіменің ішіндегі әңгімені бастайды. Ырсиған, арық, қу сүйек қасқырдың жалаңаш
денесі мен иленген теріні бір-біріне антитеза пішінінде қарама-қарсы алады. Ырсиған қасқырдың
жалаңаш денесі қандай аянышты болса, жаны жоқ, тіпті ішкі мүрдесі де жоқ иленген тері сондай.
Мұхтар Мағауиннің «Қасқыр – Бөрі» атты әңгімесі қазіргі қазақ әңгімесіне құрылымдық, түрлік
өзгешелік әкелген соны туынды болып табылады. Сондықтан бұл әңгімені – аманат әңгіме деп
пайымдауға толық негіз бар [2, 38].
Жанат Ахмадидің «Кие» әңгімесіндегі авторлық ой келесідей өрістеген. Хайуанаттар паркіне
қамауға түскен Қызылшолақ «М.Мағауиннің қасқырындай» өзінің бөрі қалпын сақтап қалған. Оның
хайуанат ұсынған тамақты кісі көзінше жемеуі, түз тағысына тән тектілік көрсетуі, еті бар кесек
сүйектерді алдына тастағанда оған көз қиығын ғана салып қойып, мойнын қырыс бұрып жатып
алуы, жаратылысынан сонша ашқарақ жыртқыштың тамақ үшін басын игісі келмеуі сөзімізге айғақ
бола алады.
Автор Қызылшолақтың қайсар қиқарлығынан нағыз бөріге тән тектілікті көрсеткендей. Қырыс,
қияс – деп қасқыр мінезін портрет арқылы берген жазушы Көкшұңқырдай көк мұнар тауын аңсаған
көкжал тұтқынның қамауға көнгісі келмей, тамағы тоқ болса да ыстық қамау жеп қойған арып-
аршыған жабағы түрі – табиғаттың өз таразы өлшемі бұзылғандықтан деп пайымдайды. Қызылшолақ
бейнесі осы зоопарктегі аңдар патшасы деп саналатын арыстан мен жолбарыстардың, түлкінің өзімен
психологиялық паралеллизмен қатарластыра алады да бір-біріне антитеза тәсілі арқылы қарсы қояды
[2, 39]. Автор осы үш түз тағысының тас қамауда өздерін қалай ұстайтындарына оқырман назарын
аудара отырып салыстырмалы-салғастырмалы түрде өз ойын ортаға салады. «Қасқыр атаулының
зоопаркте ұйығып, бөлтірік ертіп күшіктегенін көрген кісі бар ма екен? Ұрпағын қасіретке бөлегісі
келмегендіктен бе, әлде кекшіл, қайсарлығынан ойынды қойып, ұйығуға да қырыстана ма екен?» ¬–
деп автор риторикалық сұрақ қояды. Қасқыр өзінің еркіндігіне, еркіне шек қойғызбайтындығының
бір мысалы: цирк өнеріне қасқырдан басқа жыртқыш біткеннің бәрін де, тіпті аң патшасы арыстанды
да, сонан кейінгі жолбарысты да баулуға болады екен. Тек қасқыр ғана адам баласының айтқанына
көніп, айдауына жүрмейді екен.
Бұл айтылған шығармалардың негізгі арқауы – кие концептісі. Ш.Уәлиханов «Қазақтардағы
шамандықтың қалдығы» атты еңбегінде: «Қазақтар киеге үлкен мән береді. ...Кейбір жануарлар
мен құстар, көшпелі тұрмысқа қажет заттарды киелі деп қастерлейді. Жан-жануарлардың киесін
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
43
Қазақ әдебиеті кафедрасының 50 жылдығы, ф.ғ.д., профессор Ж.Қ.Смағұловтың Ж.Қ.Смағұловтың 60 жылдық мерейтойы
қадірлемеу киенің қаһарын туғызады. Киенің ашуы, қаһары кесір деп аталады» [3, 41], – деп
түсініктеме берген. Қазақ халқындағы «киіктің де киесі бар», «иттің иесі болса, қасқырдың тәңірі
бар» деген мақал-мәтелдер бар. Қызылшолақты құрықпен ұстаған Адырқұлды қасқырдың киесі
атады.
А.Асқардың «Қызыл бөлтірік» атты шығармасының оқиға желісі тылсым табиғаттың
қойнындағы суретке құралған. Көзін ашпай жатып қанды қол қырғыннан аман қалған қос
бөлтіріктің қаталдық көруі әсерлі жазылған. Киесіне жолыққан мергеннің өз баласын өзі жазым
етуі – фольклорлық дәстүр қалыптастырған көне мотив. Шығарма оптимистік рухта бітеді.
Д.Рамазанның «Көкжалында» адам және табиғат арасының арпалысы ешбір бояусыз, бар
қалпында суреттеледі. Олардың байланысының үзіліп қалуы адамның кінәсынан екені ашып
айтылады.
С.Сағынтайдың «Тұмақ елесі» атты әңгімесінде қасқыр – бөрі бейнесі өз болмысын танытады.
Бұл әңгімеде жас жазушы – С.Сағынтай қазақ даласының экологиялық апаттар алаңына айналғанын
мистикалық оқиғалармен береді.
«Көксерек» — қыз иісі ерен туынды. Астарлы түрде бұл өркениеттің темір етігі таптамаған,
жат пиғылдардың әлі салқыны тимеген, бірақ батуға таяу көшпенділер мәдениетінің ерен бұла сүт
аңқыған уыз иісі болатын.
Бұл біздің күн түбіне жортқан, қоғалы көлдер, қом сулар жайлаған, жарлысы мен байы тең кең
байтақ өлкенің текті ұрпағы көшпелі бабаларымыздың жұртында қалған жұрнағы тәрізді.
«Көксерек» әңгімесінің көк тәңірісіне қарап ұлитын символикасы да, оның тілмен айтып
жеткізгісіз трагедиясы да сонда еді. М.Әуезовте жыртқыштың күйреуі ұлттық тағдырды кестелейді.
Бұл сейілмейтін мұң, қара көзден аққан қанды жас, тексізденуге, тобырландыруға, жаһандануға
үкім етілген аз ғана ұлттық қайғы қасіреті мен бейнетін азалайтыны хақ. Көксеректің аталы ана
тілге, ата-баба поэзиясына төнген рухани апат болатын, аты-қазақша, баласы-орысша, немересі-
ағылшынша сөйлеуге жазған құлдық психологияның зіл-батпан салмағын ауырсынудан туған зарға
ұқсайтын. “Көксеректегі” жазушының сүйіп жазған сөзі – көк, көк күшіктер өмірдегі құштарлықтың
тұспалына айналды. Көк сөзі қазақта тәңір, аспан, табиғат, шөп, от, кие, қасиет деген ұғымдардың
да синонимі екендігі белгілі.
Джек Лондонның “Ақ азуы”. Джек Лондон қасқыр әлемін бейнелеуде Жалғызкөз бен
Кичидің күшігін шебер пайдаланған. Көк бөлтіріктің жаңа өмірі индеецтер қолына түскеннен кейін
басталған. Ендігі аты – Ақ азу. Джек Лондон қасқыр тірлігін суреттеу арқылы зұлмат орта моралін
айыптау, адамдар арасындағы қым-қиғаш сырларға емеурін жасап, меңзеу әсірелеу арқылы ішіне от
тастайды, сезімің, ойың тұтанып жүре береді.
М.Әуезов “Көксерек” әңгімесі мен Джек Лондонның «Ақ азу» романын салыстырып, біріне-
бірін байланыстыра қарасаңыз әуендес көріністер, үндес сарындар, реңдес бояуларды табу қиынға
соқпайды. Бауырда жатқанында емшектестері түгел өлтіріліп, қолға түскен күшік, иттердің
кергісінде, мойнында шынжыр кесіп өскен бөлтірік, бөлінер ортасына қайта қашып барып топ
бастаған көкжал, кісі жеген қандыауыз, ақыры адам қолынан, ит аузынан опат тапқан қасқыр. Бұл
бір жазушы екінші жазушыдан жиендік жасап, оп-оңай көшіріп ала салған дайын сюжет, өзгермес
қалып емес, құбылыс сипатынан, объекті ерекшелігінен туған жалпы ұқсастық.
Әуезов “Көксерегі” – реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы
сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен шақырту арқылы жазылған жаңа
тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған.
Эрнест Сетон-Томпсеннің таңдамалы шығармасы - «Виннипег қасқыры». «Виннипег
қасқырында» да шығарма адамдардың қасқыр апанындағы күшіктерді өлтіріп, біреуін өздерімен
бірге алып кетуімен басталады. Қалаға келген күшік атын Колдун қояды. Жетім күшікті трактиршінің
ерке баласы Джим асырайды. «Көксеректе» де күшікті бала Құрмаш бауырына басады. Көксерек те,
Колдун да адамдардан жәбір көреді. Абайдың «күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты»
дегеніндей Көксерек қолда өскенімен, қасқырдың аты қасқыр ғой табиғатына сай даланы аңсап,
қашып кетіп, одан қайта оралып, ақыры далада аш жүрген кезінде Құрмашқа кездесіп, оны өлтіреді.
Көксерек алғаш ауылдан кеткенде үйірге қосылмақшы болады, бірақ өзге ортада өскен оны
қасқырлар оп-оңай үйірге қосып алмасы түсінікті. Ауылға оралғандағы сұры: “Бұл келгенде Көксерек
екі бүйірі суалып ашыққан, өзінің үсті-басы батпақ болып сыбағысқан, сабалақ жүдеу пішінімен
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
44
«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция
келді”. Үйіріне алғаш кездесу сәтіндегі құбылыстарды жазушы көрсетпей тастап кеткен, тек қысқа
штрихпен ғана берген. «Виннипег қасқырындағы» Колдун үйірді қажет етпейді. Кішкентайынан
қала иттерінен жәбір көргендіктен әрі иттердің өздері де қасқыр болғандықтан оны тобына қоспай,
керісінше өш болады. Сондықтан Колдун үйден кеткенде не иттер, не қасқырларға да қосылмайды.
Ол үйірді қажет етпейді. Оның жалғыз досы бала болатын. Құрмаш қамқорлығы Көксерек жүрегін
жібіте алмады. Ал «Виннипег қасқырындағы» Колдун бала махаббатына махаббатпен жауап береді.
Алайда бала кенеттен ауырып қайтыс болады. Ол қайтыс болған соң Колдун түзге қашып кетеді.
Түзде жүргенмен, қалаға жақын жерде, тіпті қаланың ішінде де еркін жүре береді. «Көксеректе»
автор адам мен табиғат тартысы, табиғаттың адамға бағынбайтынын қасқыр арқылы көрсеткен.
Ал «Виннипег қасқырында» қасқыр болмысын жақсы сипаттағанымен де бұнда назар қасқырдың
балаға деген сүйіспеншілігіне аударылады. Колдунның қаладан алыстамау себебі де осы болатын.
Көксерек пен Колдунның ұқсастығы олардың таза қасқыр болуларымен екеуінің де адамдардың
қолына түсуінде. Екеуі де өздері жәбір көргендерден өшін алады. Көксерек көршінің қара иті мен
ауылдың басқа иттерінен, сондай-ақ адамдардын олардың малдарын жеумен өшін алса, Колдун өзіне
зұлымдық жасаған Польды өлтіреді. Бұл оқиғадан соң қала адамдары Колдунды қырықтан астам
итпен қоршап алады. Дегенмен ешбір ит оған бата алмағандықтан, оны атып өлтіреді. «Көксерек»
пен «Виннипег қасқыры» екеуі де трагедиямен аяқталады, адамдар қолынан қаза табады.
Сонымен қорыта келгенде, жоғарыда талданған бірнеше автордың алып отырған тақырыптары
да ұқсас шығармаларының негізі де бір, айтпақтары да бір – ортақ арнаға құйылады. Ол – ежелгі ата-
баба қастерлеген құндылықтардың бағасын, парқын білу. Бүгінгі рухани дағдарыс тұсында өскелең
ұрпаққа өнегелі тұстарын үлгі ету. Табиғат-Адам бірлігін, тұтастығын сақтаған алғашқы адам
сезімінің артықшылықтарын алға тарту. Әрине бұл мақсаттардың әртүрлі қаламгер шығармаларында
әр заманда, әр қилы дәрежеде көрініс тауып жатуы – заңдылық. Сол арқылы қазіргі қазақ прозасының
жаңарған көркемдік бітімі де бірте-бірте қалыптаспақ.
Ендігі біздің алдымызда Оралхан Бөкейдің «Құм мінезі» мен Кобе Абэнің «Құм құрсауындағы
әйелі», қос замандас Бернард Вербер мен Мұхтар Мағауиннің «Құмырсқалары» сияқты
шығармалардың үндестігін табу арқылы салыстырмалы тұрғыда ұлттық әдебиет ерекшеліктерін,
деңгейін анықтау міндеті тұр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Мағауин М. Тамыздың соңғы әңгімелер // Жұлдыз. - 2001. - С. N3.-3-55 бет
2. Ш. Елеукенов. Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде (1991-2001 жылдар): Әдебиет - ардың ісі
// Ақиқат. - 2003. - N10. - Б. 37-46
3. Какенқызы Л. Ш.Уәлиханов зерттеулеріндегі халықтық наным [Текст] : «Тәңірі»(құдай),
«Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» еңбектері бойынша / Кәкенқызы Л // Ұлағат. - 2005. - №2.
- С. 36-42
ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ
(Жазушы Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» еңбегі бойынша)
Сариева А.Ж.,магистрант,
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Рақымжан Тұрысбек
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Ұлттық әдебиеттануда Абайтану мәселелері кең көлемде қарастырылып келеді. Осы реттен
келгенде, Абайдың өмірі мен шығармашылығы қазіргі кезеңде де әдеби үдерісте, әдебиеттану
бағытында іргелі ізденістерге, тың зерттеулерге негіз етілуде. Бұл тұста, сөз жоқ жазушы
Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» роман-хамсасы маңызды орын алады. Қоғамда, баспасөзде оң
бағаланды.
«Абайдың жұмбағы» роман-хамсасы ішкі сарайы кең, образдары мен характерлері
психологиялық тереңдігін, диалектикалық даму заңдылықтарын сақтаған саңлақ та тұлғалы туынды
болғандықтан, мұнда басқа компоненттермен қатар кең құлашты романның аясында шиеленістер
мен монологтар, тебіреністер мен толғаныстар, махаббат күйлері жарасымды бірлік тапқан. Осы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
Достарыңызбен бөлісу: |