Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы



бет9/15
Дата24.01.2017
өлшемі2.52 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
§8. Ағаш өңдейтін станоктарда

істелетін жұмысқа қойылатын талаптар

 

649. Маятникті арада, араның тістерін жауып тұратын қалқымалы қоршауы болуы тиіс.

650. Сүргілеу станоктары, пышақтық саңылауды өңделетін бөлшектің еніне қарай автоматты түрде ашатын пышақ білігінің қоршауымен жабдықталуы тиіс.

651. Дөңгелек аралы станоктарда, араның дискісін жабатын және материал берілген кезде автоматты түрде көтерілетін металл қаптама, сондай-ақ жарғыш пышақ және материалдың кері шығуына кедергі жасайтын тісті сектор немесе дискі болуы тиіс.

652. Жарғыш пышақтың қалыңдығы дискінің, тістердің ажырауы ескерілген қалыңдығынан кем болмауы тиіс.

653. Егер ара дискісінде соғу, сондай-ақ жарықтар немесе сынған тіс болса, дөңгелек аралы станокта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

654. Станокта жұмысты бастау алдында барлық қоршаулар мен құралдардың жарамдылығы мен болуын, кескіш сайманның бекітілу беріктігін тексеру, сондай-ақ станокты бос жүрісінде байқау қажет.

655. 1400 мм қысқа, 50 мм жіңішке немесе 30 мм жұқа материалдарды сүргілеу станоктарында өңдеген кезде, сондай-ақ аралап бітірген кезде арнайы итергіштерді қолдану қажет; оларды пайдаланған кезде станокшының екі қолы итергіштің үстінде болуы тиіс.

656. Ұзындығы бір жарым мың миллиметрден артық материалды өңдеу үшін станоктың жанында жиылмалы роликті тіректер қойылуы тиіс; 1500 мм ұзынырақ материалдармен роликті тіректерсіз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

657. Материалдың кесегімен дискіні басу арқылы станокты тоқтатуға рұқсат етілмейді.

658. Материалдарды станокта өңдеуге, кескіш сайманы бар білікте айналымдардың толық саны болғаннан кейін ғана кірісуге болады.

659. Секциялы беруші тоқпақтардың болуына қарамастан, барлық реймусты станоктарда сақтандырғыш тіреулер қойылуы тиіс. Үстелдің алдыңғы шетінде ұстағыш тербелмелі жұқа тақтайшалардан жасалған перде қосымша орнатылуы тиіс.

660. Реймусты станокқа салынған қайрау құралының тегістегіш шеңберінің жұмыс істемейтін бөлігі толық қоршалуы тиіс.

661. Өңделетін бұйым қоршаудың астында болған кезде, станоктың кескіш сайманы өздігінен тоқтаған жағдайда, станокты сөндіру және осыдан кейін ғана қоршауды көтеріп ақаулықты жою қажет.

662. Ағаш өңдейтін станоктар жергілікті ауа тартқыш құрылғымен және қалдықтарды пневматикалық тасымалдаумен жабдықталуы тиіс.

 

14. Автокөлік құралдарын пайдалану кезіндегі



еңбек қауіпсіздігі жөніндегі талаптар

 

§1. Ұйымның аумағы бойынша қозғалыс, сапарға

шығуға дайындық және желідегі жұмыс

 

663. Қозғалтқышты іске қосар алдында, автокөлік құралының тұрақтық тежегішпен тежелгеніне, ал берілістерді ауыстыру (бақылағыш) рычагы бейтарап күйге қойылғанына көз жеткізу қажет.

664. Автокөлік құралының қозғалтқышын іске қосу стартердің көмегімен жүргізілуі тиіс. Іске қосу тұтқасын пайдалануға ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

665. Автокөлік құралының қозғалтқышын іске қосу тұтқасымен іске қосқан кезде мынадай талаптарды сақтау қажет:

1) іске қосу тұтқасын жоғарыдан төмен қарай бұру;

2) тұтқаны құшаққа алмау;

3) от алудың асып түсуін қолмен реттеген кезде кеш от алдыру күйіне қою;

4) іске қосу тұтқасына немесе иінді біліктің қырылдағына әсер ететін ешқандай рычагтар мен күшейткіштерді қолданбау.

666. Ақаулы (майысқан, тозған немесе стандартты емес) іске қосу тұтқасын пайдалануға және автокөлік құралын буксирге алу арқылы қозғалтқышты іске қосуды жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.

667. Техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚ) және ағымды жөндеу (бұдан әрі - АЖ) аймақтарына кірген және шыққан кезде автокөлік құралдарын басқаруға айдап әкелген жүргізушілерге немесе ұйым басшысы тағайындаған тұлғаларға ғана рұқсат етіледі.

668. Автокөлік құралының аумақ бойынша қозғалыс жылдамдығын ұйым басшысы, жергілікті шарттар мен жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін ескере отырып белгілейді, ал үй-жайларда - бес км/сағ. аспайды.

669. Ұйымның аумағы бойынша автокөлік құралы қозғалған кезде (сыннан өткізген, байқаған, орнын ауыстырған кезде), онда бұған тікелей қатысы жоқ адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

670. Желіге техникалық жағынан ақаусыз, осы Ереженің талаптарына сәйкес жинақталған автокөлік құралдары жіберілуі тиіс, ол автокөлік құралын желіге шығару үшін жауапты адамның және жүргізушінің жолдама парақта жазғандарымен расталады. Жүк автомобильдерінің кабинасындағы шудың деңгейі 70 децибел (дБа) аспауы тиіс.

671. Жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдау маршруттарында жұмыс істейтін жүргізушілер желіге рейс алдындағы медициналық тексеруден өткеннен және бұл туралы жолдама парақтағы тиісті белгіден кейін ғана шығуы мүмкін.

672. Әкімшілік (жұмыс беруші) жүргізушіні жолға шығардың алдында желідегі жұмыстың шарттары мен тасымалданатын жүктің ерекшеліктері туралы хабардар етуі, ал жүргізушіні ұзақтығы жиырма төрт сағаттан артық рейске жіберген кезде автокөлік құралының қажетті құралдармен, жабдықпен және мүкәммалмен жинақталуын және олардың ақаусыздығын тексеруі тиіс.

673. Басшы:

1) жүргізіушіні, егер оның автомобилінің техникалық жай-күйі мен қосымша жабдығы Жол қозғалысы ережесінің, осы Ереженің және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2004 жылы 23 наурызда № 2760 тіркелген "Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 67-1 бұйрығының талаптарына сәйкес келмесе, жолға шығуға мәжбүр етпеуі;



2) жүргізушіні, егер ол жолға шыққанға дейін, қолданылып жүрген еңбек туралы заңнамада көзделген демалысын алмаса рейске жібермеуі тиіс.

674. Жүргізушіні ұзақтығы жиырма төрт сағаттан артық рейске жөнелтуге дейін ұйымның диспетчері немесе тауар-көлік құжаттарын толтыруға уәкілетті тұлға жолдама параққа жүру бағытын жазуы, жүргізушіге жұмыс режимін, сондай-ақ жолдың қауіпті учаскелерін айтуы тиіс.

675. Санитарлық-техникалық құралдар (желдету, жылу беру тетігі, жылу оқшаулағышы, ауа баптағыш) автомобильдің кабинасында шағын климаттың оңтайлы және рұқсат етілген параметрлерін ұстап тұруды қамтамасыз етуі тиіс.

676. Елді мекендерден тыс демалуға аялдаған кезде жауапты тұлға еңбекті қорғаудың және өртке қарсы қауіпсіздіктің ережелерінің сақталуын бақылауы тиіс.

677. Тұрған уақытта жүргізушілерге, жүк тиеушілерге және басқа тұлғаларға, қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде кабинада, салонда немесе жабық шанақта демалуға және ұйықтауға рұқсат етілмейді.

678. Адамдарды тасымалдауға арналған жүк автомобиліне жолаушыларды отырғызу алдында жүргізуші жолаушыларға отырғызу және түсіру тәртібі туралы нұсқау беруге, жүріп келе жатқан автомобильдің шанағында түрегеліп тұруға рұқсат етілмейтіні туралы ескертуі тиіс.

679. Жүк автомобилінің шанағында балаларды тасымалдауға үзілді-кесілді рұқсат етілмейді.

680. Жолаушыларды тасымалдау үшін жабдықталмаған жүк автомобильдерінің шанағында жүктерді алып баратын (алатын) адамдарға ғана, ернеу деңгейінен төмен орналасқан отыруға арналған орынмен қамтамасыз етілген және олардың тегі жол құжаттарында жазылған кезде ғана рұқсат етіледі.

681. Мыналарға рұқсат етілмейді:

1) ернеусіз платформаларда, шанақ ернеулерінің деңгейінде немесе жоғары орналасқан жүктің үстінде, ұзын көлемді жүктің үстінде және онымен қатар, барлық үлгідегі цистерналарда, тіркемелер мен жартылай тіркемелерде, өзіаударғыш автомобильдің шанағында, мамандандырылған жүк автомобильдерінің (рефрижераторлардың) шанағында адамдарды тасымалдауға;

2) кабинада, шанақта, салонда адамдардың, жасаушы зауыттың төлқұжатында көрсетілгеннен үлкен мөлшерін тасымалдауға;

3) аяқ салғыштарда, қанаттарда, бамперлерде, сондай-ақ ернеулерде адамдар болған кезде автомобиль құралының қозғалысына;

4) автомобильдің кабинасынан немесе шанағынан секіріп түсуге.

682. Автокөлік құралындағы тұлғалар жүргізушінің техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауы тиіс.

683. Жүргізуші жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының объектілерінде жұмыс істеген кезде техника қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын, жазатайым оқиғаға әкелуі мүмкін дөрекі бұзушылықтарды байқаған жағдайда, ол бұл туралы тиеу (түсіру) үшін жауапты тұлғаға білдіруі тиіс.

684. Автокөлік құралын тоқтатқан кезде жүргізуші кабинадан шығып жатып, автокөлік құралын өздігінен жүріп кетуден қауіпсіздендіруі тиіс (от алдырғышты сөндіру немесе отын беруді тоқтату, берілістерді ауыстыру рычагын (бақылағыш) бейтарап күйге қою, тұрғызу тежегішімен тежеу).

685. Егер автокөлік құралы шамалы ылдида тұрса да, доңғалақтардың астына арнайы тіреулер (башмақтар) қосымша қойылуы қажет.

686. Автокөлік құралының кабинасынан жолдың жүру бөлігіне шығып жатып жүргізуші, жолай және қарсы бағыттарда қозғалыстың жоқ екеніне алдын ала көз жеткізуі тиіс.

687. Автопоездарда жұмыс істеу кезінде, автомобильдер мен тіркемелерден тұратын автопоезды тіркеуді үш адам: жүргізуші, тіркеуші қызметкер және олардың жұмысын үйлестіруші адам жүргізуі тиіс. Бұл ретте: жүргізуші үйлестіруші адамның бұйрығын қатаң орындай отырып, автомобильді ең ақырын жүріспен артқа береді.

688. Ерекше жағдайларда (алыс рейстер, ауыл шаруашылық өнімдерін егістіктерден тасымалдау) тіркеуді бір жүргізушіге жүргізуге рұқсат етіледі.

689. 688 пунктте көрсетілген жағдайда ол:

1) тіркемені тұрғызу тежегішімен тежеуі;

2) буксирге алу құрылғысының жай-күйін тексеруі;

3) тіркеменің доңғалақтарының астына арнайы тіреулер (башмактар) салуы;

4) автомобиль мен тіркемелердің гидравликалық, пневматикалық және электрлік жүйелерінің қосылуын, сондай-ақ автоматты құрылғылары жоқ тіркемелерде сақтандыру тростарының (шынжырлардың) бекітілуін қамти отырып тіркеуді жүргізуі тиіс.

690. Артқы жүріспен қозғалыс бастаудың алдында тіркеменің бұрылыс шеңберін тоқтатқыш құрылғымен бекіту қажет.

691. Жартылай тіркемелермен иінді тасымалдау кезінде жүргізуші жартылай тіркемені тіркеу алдында оны тексеруі және жарамдылығына көз жеткізуі тиіс.

692. Тіркеу және ағыту қатты төсемі бар көлденең алаңда жүргізіледі. Автомобиль-тартқыш пен жартылай тіркеменің бойлық біліктері сонымен қатар бір түзудің бойында орналасуы тиіс.

693. Жартылай тіркемелердің ернеуі тіркеу кезінде жабық болуы тиіс. Тіркеу алдында ершікті-тіркеу құрылғысының, шквореннің және олардың бекітпелерінің ақаусыз; жартылай тіркеме тұрақтық тежегішпен тежелген екеніне көз жеткізу қажет. Биіктігі бойынша жартылай тіркеменің алдыңғы бөлігі, тіркеген кезде тіреу табағының алдыңғы жиегі жылжымаға немесе ершікке тиетіндей етіп орналастырылады. Қажет кезде жартылай тіркеменің алдыңғы бөлігін көтеріп немесе түсіріп қою керек.

694. Жалғағыш шлангалар мен электр сымдары, тіркеуге кедергі болмау үшін тартқыш серіппенің көмегімен жартылай тіркеменің алдыңғы ернеуінің ілгегіне ілінуі тиіс.

695. Автокөлік құралын тиеу-түсіру эстакадасына, егер онда қоршау мен доңғалақ тоқтататын білеу болмаса, беруге, сондай-ақ шанағы көтерулі өзіаударғыш автомобильдің қозғалысы кезінде рұқсат етілмейді.

696. Еңістің, сайлардың және т.б. жанындағы өзіаударғыш автомобильдердің түсіру орындары арнайы доңғалақ тоқтататын білеулермен жабдықталуы тиіс.

697. Егер доңғалақ тоқтататын білеу қойылмаса, онда еңіске автомобиль түсірілу үшін жақындай алатын ең аз қашықтық, жұмыстарды жүргізуге арналған шартта ескерілетін нақты шарттарға және топырақ үйіндісінің конусына байланысты белгіленеді және жүргізушіге білдіріледі.

698. Жүргізуші желіде автокөлік құралын жөндеген кезде автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін белгіленген техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауы тиіс. Жүргізушіде қажетті құралдар мен саймандар жоқ кезде жөндеуге рұқсат етілмейді.

699. Желіде автокөлік құралын жөндеуге бөтен адамдарды (жүк тиеушілерді, ерушілерді, жолаушыларды) жіберуге рұқсат етілмейді.

700. Автокөлік құралын жолдың жағасында немесе жолдың жүретін бөлігінде жөндеу жүргізу үшін амалсыз тоқтатқан кезде жүргізуші автокөлік құралының артынан 25-30 м қашықтықта авариялық аялдау белгісін немесе жыпылықтайтын қызыл шам қоюы тиіс.

701. Автокөлік құралының бөлігін домкратпен көтеру алдында қозғалтқышты тоқтату, автокөлік құралын тұрақтық тежегішпен тежеу, көтерілмейтін доңғалақтардың астына екеуден кем емес арнайы тіреулер (башмақтар) қою, адамдарды салоннан (шанақтан), кабинадан шығару, есіктерді жабу қажет.

702. Автокөлік құралын топырақты жерде көтерген кезде, домкрат қойылатын орынды тегістеу, домкраттың астына өлшемі мен беріктігі жеткілікті төсеме салу, оның үстіне домкратты орнату қажет.

703. Домкратты кездейсоқ заттардың үстіне орнатуға рұқсат етілмейді.

704. Доңғалақтарын алу үшін автобусты домкраттың көмегімен көтерген кезде алдымен шанақты іліп қою, одан соң ол үшін арнайы тұғырық (тіреуіш) қою және осыдан кейін ғана домкратты алдыңғы немесе артқы белдіктегі арнайы орынның астына қою және доңғалақты ілу қажет.

705. Арнайы тұғырық (тіреуіш) қойылмай, домкратта асулы тұрған автокөлік құралының астында болып қандай да болмасын жұмыстарды орындауға, сондай-ақ асулы тұрған автокөлік құралының астына қою үшін кездейсоқ заттарды, тастарды, кірпіштерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

706. Жол жағдайында автокөлік құралынан ағытылған шиналарды үрлеп толтырған немесе үстемелеп үрлеген кезде доңғалақ дискісінің бос аралығына тиісті ұзындығы мен беріктігі бар сақтандырғыш айырды қою және доңғалақты құлыпты сақинасын төмен қаратып жатқызу қажет.

707. Техникалық көмек көрсету қызметі бар кезде қалалық автобустардың жүргізушілеріне автобустың астында қандай да болмасын жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.

708. Автокөлік құралының, жылыту жүйесіне қосылған қозғалтқышын іске қосу алдында жылытқыш элементтерді сөндіру және ажырату қажет.

709. Жүргізуші автокөлік құралын жылытқышы бар тұратын орынға қою алдында отынның ақпайтынына көз жеткізуі тиіс.

710. Отынның ағуын жойғанға дейін автокөлік құралын жылытқышы бар тұратын орынға қоюға рұқсат етілмейді.

711. Автокөлік құралын артқа берудің алдында жүргізуші, өзінен ешкімнің озып бара жатпағанына және жақын жерде адамдардың немесе қандай да болмасын кедергілердің жоқтығына көз жеткізуі тиіс.

712. Артқы жақ жеткіліксіз шолынатын жағдайда (шанақтағы жүкке байланысты, қақпалардан шыққан кезде) артқы жүріспен қозғалысты бастау алдында жүргізуші әкімшіліктен талап етуі тиіс, ал ол автокөлік құралының қозғалысын ұйымдастыру үшін қызметкер бөлуге міндетті.

713. Құрылыс учаскелеріндегі, өндірістік ұйымдардың аумағындағы автокөлік құралдарының жұмысы аталған объектілердің жауапты адамдарының рұқсатымен ғана рұқсат етіледі.

714. Карьерге жұмысқа жіберілердің алдында жүргізуші жұмыс шарттары мен карьердегі жұмыстың техника қауіпсіздігі туралы, нұсқауды тіркеу журналына жазу арқылы қосымша нұсқау алуы тиіс.

715. Автокөлік құралдарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша қандай бір жұмыстарды, тиеу-түсіру тетіктері жұмыс істейтін аймақтан 5 м жақын қашықтықта орындауға рұқсат етілмейді.

716. Сыйымдылығының төрттен үш бөлігі толтырылған автомобиль-цистернаның жүргізушісі бұрылыстардағы қозғалыс кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылдамдықты ең төменгіге дейін азайтуы тиіс.

717. Автокөлік құралдарына май құюды, май құю пункттері үшін белгіленген, көрнекті жерде ілінуі тиіс қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жүргізу керек.

718. Автоқұю пунктінде:



1) темекі шегуге және ашық отты пайдалануға;

2) жөндеу және реттеу жұмыстарын жүргізуге;

3) автокөлік құралына қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде отын құюға;

4) отынды асырып құюға жол беруге рұқсат етілмейді.

719. Автокөлік құралында өрттің туындауын болдырмау үшін:



1) отын жүйесі ақаулы кезде бензинді карбюраторға тікелей сыйымдылықтан шлангамен немесе басқа тәсілдермен беруге;

2) маймен және отынмен ластанған пайдаланылған ысқылағыш материалдарды (шүберек, қиқымдар және т.б.) кабиналар мен қозғалтқышта қалдыруға;

3) қозғалтқышты жуу үшін бензин және басқа жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға;

4) қозғалтқыш пен оның картерінде кір мен майдың жиналуына жол беруге;

5) қозғалтқыштардың қоректену жүйесінің аспаптарынан (нақты айтқанда, отын бактерінен) тікелей жақындықта темекі шегуге;

6) тетіктердің ақаулықтарын анықтау және жою кезінде ашық отты пайдалануға рұқсат етілмейді.

720. Ыстық қозғалтқыштағы радиатордың тығынын қолғаппен немесе оны шүберекпен (қиқыммен) жауып ашу қажет. Күшті будың ашқан адамның жағына шығуына жол бермей, тығынды абайлап ашу керек.

721. Жұмыс басталардың алдында автокран, құрамалы көтергіші бар автомобиль және т.б. көлденең алаңда суырмалы тіректердің міндетті түрде қойылуы арқылы орнықтыруы тиіс. Тіректердің табандықтары астына арнайы ағаш төсемелер салынуы тиіс.

722. Автомобильде орнатылған арнайы көтергіш жабдықпен жұмыс істеу кезінде:



1) автокрандарды, құрамалы көтергіштерді және тағы сол сияқтыларды топырақ мүжіліп құлауы мүмкін ордың, жағаның, жардың және тағы басқаның шетіне қоюға;

2) суырылмаған және бекітілмеген тіректерде жұмыс істеуге;

3) төсеме ретінде кездейсоқ заттарды пайдалануға;

4) люлькада тұрып тұрған адамдар немесе көтерілген жүк бар автомобильді орнынан қозғауға;

5) көтерілген люльканың ернеуінде отыруға;

6) автокрандарды, өзіаударғыш автомобильдерді, құрамалы көтергіштері бар автомобильдерді және тағы сол сияқтыларды электр берілістері желілеріне жақын қоюға;

7) тәуліктің қараңғы мезгілінде жұмыстарды жеткілікті жарықсыз жүргізуге рұқсат етілмейді.

 

§2. Автомобильдерді жылдың қысқы мезгілінде



пайдалану кезіндегі қосымша талаптар

 

723. Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық жұмыстар әдетте, жылытылатын үй-жайларда ғана жүргізіледі.

724. Бұл жұмыстарды жылытылмайтын үй-жайларда, не ашық ауада жүргізу кезінде, егер олар автомобильдің астында жүргізілсе, жылы төсеніштер қолдану қажет.

725. Жолда ақаулықтарды жойған кезде үсік шалу жағдайларының алдын алу үшін қолғаппен ғана жұмыс істеген дұрыс.

726. Автомобильге отын құйған кезде құятын пистолеттерді, ерекше сақтықты сақтай отырып және қол мен дененің терісіне отынның төгілуі мен тиюіне жол бермей қолғаппен ғана алған дұрыс.

727. Жүру жолында елді мекендер жоқ кезде (ұзақтығы екі жүз километрден астам тұрақты маршруттарда) ұйым басшысы (жұмыс беруші) жүргізушілерді жылытылатын үй-жайдағы демалыспен қамтамасыз етуі тиіс.

728. Жүргізушілер демалуға арналған үй-жай қол жуғышпен, ас су құбырының құрылғысымен, су қайнатқышпен ("титан" үлгісіндегі), дәретханамен, дәрісалғышпен (дәрі-дәрмектер мен таңу құралдарының жинағы бар сөмке) жабдықталуы тиіс.

729. Қысқы мезгілдегі жұмыс кезінде:

1) салон мен кабинаны жылытуға арналған құрылғылары ақаулы автомобильдерді рейске шығаруға;

2) металл бұйымдарға, бөлшектерге және саймандарға қолғапсыз қолмен жанасуға тыйым салынады;

3) қозғалтқышты ашық жалынмен қыздыруға;

4) жолаушыларды, жүк тиеушілерді және жүктерді алып жүретін адамдарды ашық шанақта тасымалдауға рұқсат етілмейді.

 


Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы
npa -> Авиация қызметкерлерге денсаулық жағдайы бойынша
npa -> Регламенті Жалпы ережелер «аитв-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру»
npa -> Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі №156-xiii
npa -> Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темiр жол көлiгiмен тасымалдау қағидасын бекiту туралы
npa -> «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет