Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы


§ 1. Ұйым басшысының (жұмыс берушінің) функциялары



бет2/15
Дата24.01.2017
өлшемі2.52 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
§ 1. Ұйым басшысының (жұмыс берушінің) функциялары

 

27. Ұйым басшысы (жұмыс беруші):

1) өндірістік үй-жайлардың, құрылыстардың, жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес технологиялық үрдістердің қауіпсіздігін;

2) ұжымдық және жеке қорғану құралдарын тиімді пайдалануды;

3) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сай қызметкерлердің еңбек және демалыс режимін сақтауын;

4) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен жабдықтың қажетті санымен, олардың жұмысын бақылауды және мақсаты бойынша пайдалануды;

5) жұмыс орнында Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының, осы Ереженің және басқа нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарына сәйкес еңбек жағдайын;

6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеуді және орындауды;

7) ұйым қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес алдын ала және кезеңді медициналық тексерулерден өтуін;

8) қызметкерлердің өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасына сәйкес өндірістік объектілерді кезеңдік және міндетті аттестаттауды жүргізу;

9) қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды болдырмауға бағытталған іс-шаралар өткізуді;

10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтардың әзірленуін, бекітілуін, сондай-ақ олармен барлық қызметкерлердің танысуын қамтамасыз етуді;

11) оқытуды, уақтылы нұсқаулардың өткізілуін және қызметкерлердің еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша нормалар мен нұсқаулықтарды білуін тексеруді;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қызметкерлерді өз қаражаты есебінен сапалы арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа жеке қорғану құралдарымен, оларды уақтылы жуу (химиялық тазарту) мен жөндеуді, сондай-ақ жуатын және залалсыздандыратын құралдармен;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қолайсыз және қауіпті еңбек жағдайының салдарынан қызметкерлердің денсаулығына келтірілген зиянның өтелуін;

14) қызметкерлерді жұмыс орнындағы жағдай мен еңбекті қорғау жай-күйі туралы, денсаулыққа залал келтірудің нақты тәуекелі және қызметкерлерге тиесілі жеке қорғану құралдары, өтемақылар мен жеңілдіктер туралы хабардар етуді;

15) мамандардың арасында еңбекті қорғау бойынша функцияларды бөлуді;

16) ұйым қызметкерлерімен өндірісте болған жазатайым оқиғалардың уақтылы тексерілуін;

17) мемлекеттік қадағалау және бақылау, сондай-ақ қоғамдық бақылау органдарының өкілдерін тексерулер жүргізу, ұйымдағы жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды тексеру үшін кедергісіз жіберуді;

18) авариялық жағдайлар туындаған кезде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды, оның ішінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдастыру бойынша шараларды;

19) қызметкерлердің еңбек қызмет міндетін атқару кезіндегі денсаулығы мен өміріне зиян келтірілгені үшін, жұмыс беруші жауапкершілігінің міндетті сақтандырылуын немесе міндетті әлеуметтік сақтандырылуын;

20) еңбек жағдайы зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сай сүтпен және басқа ұқсас тамақ өнімдерімен;

21) бақылау органдарының ұйғарымдарын орындауды және оларға ұйымдағы еңбек жағдайлары мен ұйымда болған жазатайым оқиғалар туралы ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

 

§2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті



қорғау бойынша мамандардың функциялары

 

28. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандар:

1) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің әзірленуі мен жұмыс істеуін;

2) әдістемелік басшылық және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін жүзеге асыруды;

3) осы Ереже, Қазақстан Республикасының еңбек туралы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнамасы талаптарының стандарттардың, ережелердің және еңбек қауіпсіздігі нормаларының сақталуын бақылаудың жүзеге асырылуын;

4) инженерлік-техникалық және басқа қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігімен еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелерін оқытуын ұйымдастыруды;

5) тетіктердің, электр қондырғыларының, жабдықтың және ұжымдық және жеке қорғану құралдарының белгіленген сынау мерзімдерінің сақталуын бақылауды;

6) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жағдайда, жекелеген учаскелерде, машиналарда, тетіктерде және станоктарда істелетін жұмыстарға тыйым салынуын;

7) басшыға (жұмыс берушіге), құрылымдық бөлімшелердің басшыларына орындау үшін еңбек қауіпсіздігімен еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілуін;

8) Өнеркәсіп қауіпсіздігі ережесінің, осы Ереженің талаптарын және еңбек қауіпсіздігі нормаларын бұзуға жол берген тұлғалардың жұмыстан шеттетілуін;

9) жазатайым оқиғалар, кәсіби аурулар мен кәсіби улануларды тексеруге қатысуды, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар әзірлеу және олардың орындалуын бақылауды;

10) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасын басшының (жұмыс берушінің), ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің сақтауын;

11) еңбек жағдайын және қауіпсіздік техникасын жақсартудың кешенді жоспарларын әзірлеуді және олардың орындалуын бақылауды;

12) жинақ есептерін, ақпараттарды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жұмысты ұйымдастыру туралы анықтамалар дайындауды;

13) ұйымда жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нормативтік құжаттардың, ережелердің және де нұсқаулықтардың жобаларын әзірлеуге қатысуды; оларды өзгерту мен толықтыру бойынша ұсыныстар дайындауды;

14) ұйымды еңбек жағдайын жақсартатын жабдықпен және тетіктермен, сондай-ақ ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен жарақтауды бақылаудың жүзеге асырылуын;

15) өзінің құзыретіне кіретін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлердің ұсыныстары мен арыздарын қарауды қамтамасыз етеді.

 

§3. Ұйым қызметкерлерінің функциялары



 

29. Ұйым қызметкерлері:

1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қондырғылар және жоғары қауіпті нысаналарды - қысым арқылы жұмыс істейтін жүккөтергіш құрылыстары, қазандықтар, ыдыстар және су құбырлары, пайдалану қауіпсіздігі бойынша нормаларды, ережелерді және нұсқаулықтарды сақтайды;

2) Ереженің талаптарын сақтайды;

3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамаға сәйкес ұжымдық және жеке қорғану құралдарын мақсатқа сай қолданады;

4) өзінің тікелей басшысына, өзі куә болған өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға мен кәсіби улану, сондай-ақ кәсіби аурудың белгілері мен адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайдың туындауы туралы дереу хабарлайды;

5) зардап шегушіге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді және оны медициналық ұйымға (медициналық пунктке) жеткізуге көмектеседі;

6) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасына сай міндетті медициналық куәләндіруден өтеді.

 

4. Алаңға, аумаққа, өндірістік және



қосалқы үй-жайларға қойылатын талаптар

 

§1. Алаңға, аумаққа, өндірістік және қосалқы

үй-жайларға қойылатын жалпы талаптар

 

30. Аумақ, өндірістік, қосалқы, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар және автокөлік құралдарын сақтауға арналған алаңдар, уақытша тұрақтар, автокөлік құралдарына және агрегаттарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін үй-жайлар, автокөлік құралдарын сақтау, автокөлік құралдарының ұйымның аумағынан өтуі, жанар-жағармай материалын құю пункті, газды құю және шығару және қойма үй-жайлары өнеркәсіп ұйымдарын жобалаудың Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген санитарлық нормаларына құрылыс нормаларына және ережелеріне (бұдан әрі - ҚНжЕ), Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылы 10 тамызда № 866 болып тіркелген "Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігінің ережесін бекіту туралы. Негізгі талаптар ҚР ОҚЕ 08-97" Қазақстан Республикасының төтенше жағдай жөніндегі агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 19 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрт қауіпсіздігі талаптарына (бұдан әрі - ҚР ӨҚЕ 08-97), мемлекетаралық стандарттарға (бұдан әрі - МЕМСТ), мемлекеттік стандарттарға (бұдан әрі - ҚР СТ) және осы Ережеге сәйкес келеді.

31. Жаңадан салынған және қайта жаңартылған өндірістік объектілер мен жекелеген өндірістік үй-жайлар (цехтар), учаскелер бақылаушы мемлекеттік органдардың рұқсатымен қолданысқа енгізіледі.

32. Техникалық қызмет көрсетуге, диагностикаға, жөндеуге және газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар белгіленген талаптарға сәйкес келеді. Үй-жайдағы газдың шоғырлануы сығылған табиғи газ үшін үй-жайдың бос көлемінің бір текше метріне (бұдан әрі - г/м3) 1,1 г аспайды, ал сұйытылған мұнай газы үшін - 1,45 г/м3.



Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың қоспасы санитарлы-эпидемиялық саласында құзыретті орган бекіткен шектеулі-рұқсат шоғырлануынан аспауы тиіс.

33. Егер келіп түскен газдың есептік саны көрсетілген шамадан асса, онда үй-жай:



1) сигнал беретін, ауа кеңістігін автоматты бақылау жүйесімен;

2) жарылыстан қорғайтындай етіп орындалған авариялық желдету мен авариялық жарықтандыру жүйесімен қосымша жабдықталады.

34. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге және сақтауға арналған үй-жайлардың кіреберіс қақпаларының үстінде, автокөлік құралының қауіпсіздік шарттары бойынша рұқсат етілген ең жоғарғы тік көлемдік өлшемдерін көрсететін жазулар ілінеді (белгілер қойылады).



Ұйымның аумағы мен өндірістік үй-жайларда темекі шегу үшін арнайы орындар бөлінеді.

35. Өндірістік және қосалқы үй-жайлардың аумағында:



1) өрт сөндіретін суларға, гидранттарға, өрт сөндіру мүкәммалы мен жабдығы орналасқан орындарға және өрт сигналын беру хабарлағыштары мен электр қондырғыларына баратын жолдар мен өтпелерді ыбырсытуға;

2) үй-жайларда және ашық тұрақтарда автокөлік құралдарын нормадан артық мөлшерде қоюға, сондай-ақ олардың қойылу тәсілін бұзуға;

3) газбен жұмыс істейтін автомобильдерді сақтауға арналған үй-жайларда ашық отты пайдалануға;

4) қосалқы қақпаларды ішінен және сыртынан заттармен үйіп тастауға;

5) үй-жай ішінде қосалқы қақпаларға тура жақындықта техникалық істен шыққан автокөлік құралдарын орналастыруға;

6) жоғарғы вольтті электрлік тарату желісі аймағында желіні пайдаланатын ұйыммен келіспей, материалдарды қоймаға қоюға, автокөлік құралдарының тұрақтарын орнатуға;

7) ғимараттар, құрылыстар және қоршаулар элементтері жанында материалдарды, агрегаттарды, қосалқы бөлшектерді, шиналарды бейберекет қоюға және сақтауға (сүйеуге, тіреуге) тыйым салынады.

36. Өндірістік үй-жайлар мен аумақта түрлі металды, бөлшектерді және агрегаттарды сақтау арнайы орындарда - сөрелерде ұйымдастырылады. Қоймаға қойылатын материалдар, олардың қасиеттеріне (жанғыштық, сумен және атмосфералық ауамен әрекеттесу) байланысты тиісті МЕМСТ талаптарына сәйкес топталады.

37. Есептен шығаруға немесе жөндеуге жататын автокөлік құралдары, агрегаттар үй-жайлардан тыс сақталған кезде тегістелген және қатты төсемі бар, ал қысқы мезгілде қардан тазартылған алаңдарда орналастырылуы тиіс. Агрегаттардың құлауын және автокөлік құралдарының еріксіз жылжып кетуін болдырмау үшін арнайы тіректер орнатылады.

38. Өндірістік және қосалқы үй-жайлардың сыртқы кірісінде аяқ киімді батпақтан тазалауға арналған құрылғылар орнатылады.

39. Автокөлік құралдарын сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және ағымдық жөндеуге арналған үй-жайлар Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 467 бұйрығымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы" туралы ҚНжЕ 2.02-15-2003 сәйкес автоматты өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.

40. Автомобиль көлігі кәсіпорындары ҚР 1174-2003 СТ Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Комитетінің 2003 жылғы 27 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген "Нысананы қорғау үшін өрт техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету" талаптарына сай өрт сөндіру техникасымен және жабдықтарымен жинақталуы тиіс.



 

§2. Өндірістік объектілердің



аумағына қойылатын талаптар

 

41. Өндірістік объектілер орналасатын аумақтың биіктігі 2 метрден (бұдан әрі - м) кем емес қоршауы болады, түнгі мезгілде жарықтандырылады және таза әрі тәртіппен күтіп ұсталады. Қоқыс, өндіріс қалдықтары, жарамсыз қосалқы бөлшектер уақытында арнайы бөлінген орындарға жиналады.

42. Өндірістік объектілер орналасатын аумақ су бұрғыштармен және суағарлармен жабдықталады. Суағарлардың және басқа жерасты құрылыстарының қақпақтары жабық күйде болады. Аумақта жөндеу, жер қазу және басқа жұмыстарды жүргізу кезінде ашық қақпақтар, жыралар және шұңқырлар қоршалады. Жыралар арқылы өтетін жерлерде ені кемінде 1 м, биіктігі кемінде 90 сантиметр (бұдан әрі - см) қанаттары бар өтпе көпіршелер орнатылады.

43. Ұйымның бос жатқан аумағы көгалдандырылады. Өндірістік, әкімшілік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға жақын тар жолдар мен өтпе жолдар жазғы кезеңде оқтын-оқтын ылғалды өңдеуден (ылғалдаудан) өтеді, ал қысқы кезеңде қардан тазаланады және мұз қатқан жағдайда құм немесе күл шашылады.

44. Ұйымның аумағында автокөлік құралдарының қозғалысына арналған жолдар мен жаяу жүргіншілер өтпелері белгіленеді, ал жолдардың бойында "Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамту ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы" (бұдан әрі - Жол қозғалысы ережесі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына сәйкес жол белгілері қойылады. Стандартты емес жол белгілерін қоюға рұқсат етілмейді.

Ұйым аумағына адамдар өту үшін қақпалардан тура жақындықта өту орны немесе есікше орнатылады. Автокөлік құралдары өтуге арналған қақпалар арқылы адамдардың өтуіне рұқсат етілмейді.

45. Ұйымның аумағы бойынша автокөлік құралдары мен персоналдың қозғалуы үшін рұқсат етілген және тыйым салынған бағыттарын, бұрылыстарды, автокөлік құралдарының айналуын, шығыстарды, келістерді көрсету арқылы қақпаның жанына тәуліктің қараңғы мезгілінде жарықтандырылатын "Автомобильден сақтан" деген жазумен бірге қойылатын арнайы сүлбелі жоспар жасалады.

46. Автокөлік құралдарының саны елу және одан артық және (немесе) техникалық қызмет көрсету мен жөндеу посттарының саны он және одан артық ұйымның аумағында автокөлік құралдарының бір бағытта қарама-қарсы және қиылысатын лектерсіз қозғалысы көзделеді.

47. Аумақ бойынша барынша жылдамдығы сағатына 50 км (бұдан әрі - км/сағ) аспайтын қозғалыс кезінде автокөлік құралдарының қарама-қарсы және қиылысатын ағындарына жол беріледі. Барлық кіріс жолдарының төсемі қатты болуы тиіс. Ұйым аумағындағы жолдардың ені Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сәулет құрылысының 1992 жылғы 6 қаңтардағы АК-6-20-19 хатымен бекітілген "Өндіріс кәсіпорындарының бас жоспары" ҚНжЕ ІІ-89-80* талаптарына сәйкес белгіленеді. Ұйым аумағындағы жаяу жүргіншілер жолдарының қатты төсемі, тар жолдармен қиылыстардың ең аз мөлшері, ең кемі бір метр ені болады.

48. Кіріс жолдарының жыралармен, темір жол желілерімен қиылысатын жерлерінде, жүріп өту үшін Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің 2002 жылғы 23 мамырдағы № 181 бұйрығымен бекітілген "Дабыл түстері, қауіпсіздік белгілері және дабыл таңбасы. Жалпы техникалық жағдайы мен пайдалану тәртібі" МЕМСТ Р12.4.026-02 ҚР СТ сәйкес ескерту белгілері бар төсемдер мен көпірлер орнатылады (бұдан әрі - "Дабыл түстері, қауіпсіздік белгілері және дабыл таңбасы. Жалпы техникалық жағдайы мен пайдалану тәртібі" МЕМСТ Р12.4.026-02 ҚР СТ).

 

§3. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған



үй-жайларға және ашық алаңдарға қойылатын талаптар

 

49. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар жұмыс істеушілер тұрақты болатын басқа өндірістік және қосалқы үй-жайлармен тікелей қатынаспайды. Мұндай қатынас қажет кезде, шлюз тамбуры арқылы жүзеге асырылады.

Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлардағы температура Цельсий бойынша плюс 5 градустан (бұдан әрі - оС) төмен орнатылады.

Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлардың сыртқа қарай ашылатын қақпалары болады. Өтетін жол әрқашан бос болады.

50. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған ашық алаңдар ғимараттар мен құрылыстардан бөлек орналасады.



Олардың су ағып кету үшін арнайы ылдиы бар қатты және тегіс төсемі болады. Алаңдардың бетін үнемі тазалықта күтіп ұстау қажет.

51. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлардың едендері қатты, тегіс, науалар жағына қарай ылдиы болады.



Едендерді жасауға қолданылатын материалдар тазалау үшін қолайлы тегіс және тайғақ емес бетті қамтамасыз етеді, осы үй-жайдың гигиеналық және пайдалану талаптарын қанағаттандырады.

52. Жанында автокөлік құралдары тұратын қабырғалардың бойында доңғалақ тоқтататын құрылғылар көзделеді.

53. Автокөлік құралдарын ашық сақтауға арналған үй-жайлар ауаның температурасы (қыста) минус 15оС төмен аудандарда қозғалтқышты қыздыруға арналған, жылдың қысқы мезгілінде оларды іске қосуды жеңілдететін құралдармен жабдықталады.

54. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлардың биіктігі еденнен асып тұрған құрылыс конструкцияларының төменгі бөлігіне немесе ілінетін жабдықтың төменгі бөлігіне дейін автомобильдің биіктігінен ең кемі 20 см артық белгіленеді.



Сығылған табиғи немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын сақтауға арналған алаңдарды қыздыру құралдарымен жабдықтау кезінде, қыздырғыш құрылғылардың конструкциясы газ баллондарының қызып кету мүмкіндігін болдырмайды.

Жылдың суық мезгілінде қозғалтқыштардың іске қосылуын жеңілдететін құрылғылар қызмет көрсетуші персонал мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

55. Автокөлік құралдарын сақтауға арналған ашық алаңдар мен үй-жайлардың едендерінде жуылып кетпейтін бояумен немесе басқа тәсілмен жасалған және автокөлік құралдарының қойылған орындары мен өтпе жолдарды анықтайтын белгі болады. Белгілерді жасаған кезде, қатар тұрған автокөлік құралдарының арасында, кабиналардың есіктері еркін ашу үшін жеткілікті қашықтық ескеріледі.

56. Автокөлік құралдарын ашық сақтауға арналған үй-жайлардың көрнекті жерінде түнгі мезгілде жарықтандырылатын, көшіру тәртібі мен кезегі көрсетілген, өрт, табиғи апат жағдайында автокөлік құралдарын қою және көшіру жоспары ілінеді.

Автокөлік құралдарын ашық сақтауға арналған үй-жайлар мен алаңдарда автокөлік құралдарын тез көшіруге кедергі болуы мүмкін бұйымдар мен жабдықты үюге рұқсат етілмейді.

Автокөлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар мен ашық алаңдар он автомобильге бір трос (штанга) есебінен, буксир тростарымен және штангалармен жарақталады.

57. Автокөлік құралдарын ашық сақтауға арналған үй-жайлардың табиғи желдеткіші мен ауаны жоғарғы және төменгі аймақтардан кетіруді қамтамасыз ететін механикалық ауа кіру-ауа тарту вентиляциясы болады, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2002 жылғы 22 ақпандағы № 44 бұйрығымен бекітілген "Жылыту, желдету және салқындату" ҚНжЕ 4.002-05.2001 (бұдан әрі - "Жылыту, желдету және салқындату" ҚНжЕ 4.002-05.2001) сәйкес қақпалар ауа-жылыту бүркемесімен жарақталады.

58. Улы және жұқпалы заттарды, фекалды сұйықтық пен қоқыс тасымалдауға арналған автокөлік құралдарын сақтайтын алаңдар бір-бірінен және басқа автокөлік құралдарын сақтайтын алаңдардан ең кемі 10 м қашықтықта орналастырылады.

Жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған автокөлік құралдарын сақтайтын алаңдар бір-бірінен және басқа автокөлік құралдарын сақтайтын алаңдардан ең кемі 12 м қашықтықта орналасады және оларда 50 аспайтын автокөлік құралы сақталуы мүмкін.

59. Сұйық отынмен және сығылған (сұйытылған) газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдары бөлек сақталады.



Сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдарын жерасты қабаттарында (ярустарында), сондай-ақ басқа ұйымдардың ғимараттарына жапсарлас салынған құрылыстарда сақтауға тыйым салынады.

 


Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы
npa -> Авиация қызметкерлерге денсаулық жағдайы бойынша
npa -> Регламенті Жалпы ережелер «аитв-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру»
npa -> Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі №156-xiii
npa -> Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темiр жол көлiгiмен тасымалдау қағидасын бекiту туралы
npa -> «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет