Аурудан өзгерген және жарақатталған шаштарды жарықтандыру микроскопиясымен нақтылап ажырату әдісі



Дата16.07.2017
өлшемі24.07 Kb.
                               ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰЖАТЫ

1.

Әдістеменің атауы

Аурудан өзгерген және жарақатталған шаштарды жарықтандыру микроскопиясымен нақтылап ажырату әдісі

2.

Әдістеменің мамандық шарт белгісі

Сот-биологиялық зерттеу (медициналық) 25.1

3.

Әдістемені құрастырған автор (лар) (құрастырушы (лар)) туралы мәлімет

ҚРӘМ «СМО» РМҚК сот-биологиялық бөлімінің жетекшісі- Итбаева Ж.Ж.

4.

Әдістеменің мәні

Жарақат әсерінен зақымдалған шашқа тән өзгерістер, микроқұрылысының анық еместігі, көптеген тізбекшелердің болуы, фазалық-контрасты микроскоппен қарағанда ала түсті өң береді, бұл ауруға ұшыраған шаштан ең басты ерекшелігі болып саналады.

4.1

Әдістемемен шешілетін сарапшылық тапсыпмалар

Шаштың аурудан болатын өзгерістерін және жарақатын нақтылап ажырату.

4.2

Зерттеу нысандары

Шаштар

4.3

Зерттеу әдістері

Физикалық.

4.4

Әдістеменің кезең бойынша қысқаша сипаттамасы



Трихоптилоз кезінде тарамдалған шаштардың ұштары анықтығы және бояу қанықтығы зақымдалмаған шашпен салыстырғанда бірдей болады.Жарақат алған шаштың тарамдалған ұштарында көптеген ашық, аз контрасты ала аудандар пайда болады, осыған байланысты ашық және қанық сызықшалардың кезектесіп орналасуына байланысты өзіне тән ала-құла суреттеме пайда болады.

Түйінделіп сыну ауруы кезінде қыртысты қабаттың талшықтары шаш өзегінің тарамдалған жерінде жарақат алған шашқа қарағанда, белгілі бір тәртіппен орналасқан, контрастылығы және зақымдалған жердің өзегінің білінуі зақымдалмаған шашпен бірдей болады.

Жарақат әсерінен өзгерген шаштың ауданында кезектесіп орналасқан ашық және қанық қысқа сызықшалар көрінеді, контрастылығы және құрылысының анықтылығы түйінделіп сынған және зақымдалмаған жерлерге қарағанда аздау білінеді.

Ауру әсерінен аша түрінде тарамдалған шашта (бифуркация) бұтақтардың анықтылығы контрастылығы, бояу қанықтығы бірдей болады, жарақат әсерінен болған аша түрінде тарамдалған шашта (бифуркация) пайда болған бұтақтарда ала-құла сурет анық білінеді және сақина тәріздес талшықтар созылған пружина түрінде көрінеді, контрастылығы және бояу қанықтығы әлсіздеу білінеді.



Шаштың контрастылығы, анықтылығы және бояу қанықтығы трихонодозбен ауруынан зардап шеккен жері шаштың басқа бөлігінен айырмашылығы болмайды.Трихонодозбен ұқсас жарақат алған жердің ауданы қатты білінетін ала-құла сурет береді, соққы күші қатты болса ашық жері көптеу болады.


5.

ҚР ӘМ ССО Ғалымдар кеңесімен әдістемені мақұлдау күні

№ 2 хаттама «5» желтоқсан 2016 ж.

6.

Әдістеме құжатын құрастырған адам туралы мәлімет

« ҚР ӘМ СМО» РМҚК Батыс –Қазақстанның филиалының сот-биологиялық бөлімшесінің жетекшісі, жоғары санатты маман Зайнулина Р.В.

Каталог: sites -> default -> files -> u27175
u27175 -> Гистологиялық препараттардағы А,В және н антигендерін аралас агглютинация әдісімен анықтау
u27175 -> Әдістеменің ҚҰжаты әдістеменің атауы
u27175 -> Қанның бар екендігін микроспектральді әдіспен айқындау.
u27175 -> Әдістеменің атауы Сүйек тіндерінде А, В, н топтық антигендерін анықтау әдісі
u27175 -> Әдістеменің ҚҰжаты әдістеменің атауы
u27175 -> Әдістің ТӨЛҚҰжаты
u27175 -> Әдістеменің куәлігі
u27175 -> Мәйіт материалдарын алу әдісі және лабораториялық зерттеуге жолдау
u27175 -> Әдістеменің куәлігі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет