«Ауыз қуысының құрылысының анатомо-гистологиялық ерекшелігі және қызметі»



Дата16.07.2017
өлшемі136.73 Kb.




С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА




ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫНЫҢ МОДУЛЬІ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА




Модуль терапиялық стоматология пропедевтикасы.

Дисциплина, дисциплина коды – терапиялық стоматология пропедевтикасы, ПДО 01

Мамандық: 051302 «Стоматология»

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА

Тақырып: «Ауыз қуысының құрылысының анатомо-гистологиялық ерекшелігі және қызметі».


Академиялық сағат көлемі – 3 академиялық сағат

Курс: 4

Семестр – 7-8

2012 ж.

Құрастырған: м.ғ.д.профессор Баяхметова А.А.,

асс. Манғытаева Б.Б.

Терапиялық стомтология пропедвтикасын модульі отырысында талқыланды

«__ » _ ___ 201.

Бекітілді:

Терапиялық стомтология пропедвтикасы модулінің жетекшісі

м.ғ.д.. профессор __________ Баяхметова А.А.



1.Тақырып «Ауыз қуысының құрылысының анатомо-гистологиялық ерекшелігі

және қызметі



2.Сабақтың мақсаты:

1)Білімін қалыптастыру:

-ауыз қуысының құрылысының анатомо-гистологиялық ерекшелігі,

-ауыз қуысының әр бөлігінің кілегей қабығының ерекшелігі,

-ауыздың кілегей қабығының қызметі бойынша білімін қалыптастыру.



2)Коммуникативті дағдыларды жетілдіру:

жаңа терминдерді ендіру арқылы: «көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителий, көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителий, базальды мембрана, кілегей қабықтың меншікті пластинкасы, кілегейасты қабаты, базальды қабат, тікенекті қабат, дәнді қабат, мүйізді қабат, кератогиалин, кератин» жаңа терминдерді ендіру арқылы Коммуникативті дағдыларды жетілдіру.

3)Студенттердің мотивациясын жетілдіру «Ауыз қуысының кілегей қабығы құрылысының анатомо-гитологиялық ерекшелігі, оның функциональді ерекшеліктерін» оқуға студенттердің мотивациясын жетілдіру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Ауыз қуысының кілегей қабығының құрылысын қарастыру.

  • ауыз қуысының әр бөлігінің кілегей қабық құрылысына салыстырмалы сипаттама беру.

  • Ауыз қуысының кілегей қабығының функцияларымен таныстыру.

  • Жаңа түсініктер ендіру және жаңа терминдерге анықтама беру: «көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителий, көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителий, базльды мембрана, кілегей қабықтың меншікті пластинкасы, кілегейасты қабаты, базальды қабат, тікенекті қабат, дәнді қабат, мүйізді қабат, кератогиалин, кератин».


4. Тақырытың негізгі сұрақтары:

1) Ауыз қуысының кілегей қабығының құрылысы.

2) Көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителидің құрылысы

3) Көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителидің құрылысы.

4) Меншікті кілегей қабықтың құрылысы.

5) Кілегей асты қабықтың құрылысы.

6) Еріннің кілегей қабығының құрылысының ерекшелігі.

7) Ұрттың кілегей қабығының құрылысының ерекшелігі.

8) Жұмсақ таңдайдың кілегей қабығының құрылысының ерекшелігі

9) Қатты таңдайдың кілегей қабығының құрылысының ерекшелігі.

10) Қызылиектің кілегей қабығының құрылысының ерекшелігі

11) Ауыз қуысы табанының кілегей қабығының құрылысының ерекшелігі

12) Тілдің кілегей қабығының құрылысының ерекшелігі

13) Ауыздың кілегей қабығының қызметі



5. Оқыту әдісі: түсіндіру, демонстрация, альбомда және жұмыс дәптерлерінде тапсырмаларды орындау, студенттердің операциональді және коммуникативті дағдаларын тікелей бақылау, кері байланыс.

Оқыту заттары: «Ауыз қуысының кілегей қабығының құрлысы» мультимедиялы презентация, «Ауыз қуысының әр бөлігінің кілегей қабық құрылысының ерекшелігі», «Ауыз қуысының кілегей қабығының функциясы» схемасы.

Сабақтың қысқаша хронометражы



п/п

Сабақ кезеңі

Сабақ кезеңінің мазмұны

Оқыту әдістері

Бақылау әдісі

(оқытушының таңдау бойынша)

Кезеңге бөлінген уақыт




1.

Кіріспе бөлімі

Амандасу, түгендеу тақырып, мотивациялық сипаттама, сабатың мақсаты мен міндеттері.

-

-

5 минут




2.

Бастапқы білімін тексеру-

Бастапқы білімін деңгейін анықтау

-

1.Ауызша сұрау

2.Жазбаша сұрау

3.Тығыздалған сұрақ

4.Блиц-сұрақ

5.Тест жүргізу


45 минут







Үзіліс










10минут




3.

Негізгі кезең

1. «Ауыз қуысының кілегей қабығының құрлысы» мультимедиялы презентациясын көрсетету.

«Ауыз қуысының әр бөлігінің кілегей қабық құрылысының ерекшелігі»,

«Ауыз қуысының кілегей қабығының функциясы» схемасын көрсету.

2.Студенттер альбомдарына сурет және схема құрастырады.




Түсіндіру,

Демонстрация.

Шағын топпен жұсыс істеу.

Операциональды ж»не коммуникативті дағдаларды тікелей бақылау



50 минут








Үзіліс




10 минут




4.

Сапасын тексеру сатысы

1. Білімді қортынды бақылау




1. Жазбаша сұрау

2.Тығыздалған сұрақ

3.Блиц-сұрақтар

4.Тестілеу

5. ситуайиялық тапсырмаларды шешу


20 минут




2.Кері байланыс құру







15 минут




3.Бағалау рубрикасын толтыру (чек-парақтарды), баллдарды санау.







10 минут




4.Бағаларды айту және оны оқу журналына қою.







5 минут




5. Келесі сабақтың үйге берілетін тақырыбына комментарии жасау.







5 минут








Барлығы

170 минут (50 минуттан 3 академиялық сағат =150 минут, үзіліс – 20 минут).




6. Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:

    1. Боровский Е.В., Макеева И.М., Вагнер В.Д. Терапевтическая стоматология. 3-е изд., перераб и доп.- М., 2002 - 544с.

    2. Р.И. Юй. Основы гистологии полости рта и зубов: учебное пособие для стоматологов. – Алматы, 1996 – 140с.

    3. Боровский Е.В., Данилевский И.Ф. Атлас заболеваний слизистой оболочки полости рта. – М., 1991. – 288с.

Қосымша:

1. Заболевания слизистой оболочки полости рта /Под ред. Л.М.Лукиных. – Н. Новгород, 2000 – 367 с.

2. Рабинович О.Ф., Эпельдимова А.Е. Методы диагностики патологии слизистой оболочки полости рта//Стоматология,2005.-№3.-с.58-60
7. Бақылау (сұрақтар, тест түріндегі тапсырма,жаттығулар)

7.1 Когнитивті компетенцияны бағалау:

Сұрақтар:


  1. Ауыз қуысының кілегей қабығының құрлысы қандай?

  2. Көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін эпителийдің құрылысы

  3. Көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін эпителийдің құрылысы

  4. Базальды мембрананың құрылысы және қызметі

  5. Меншікті кілегей қабықтың құрылысы

  6. Кілегей қабықтың меншікті пластинкасының клеткалық құрамы қандай?

  7. Кілегей қабықтың меншікті пластинкасының талшықты структурасы

  8. Кілегей қабықтың меншікті пластинкасының негізгі заты неден тұрады

  9. Кілегейасты қабаттың құрылысы,

10. Еріннің кілегей қабығының құрылысының ерекшелігі қандай?

11. Ұрттың кілегей қабығының құрылысының ерекшелігі қандай?

12. Қызылиектің кілегей қабығының құрылысының ерекшелігі қандай

13. Қатты таңдайдың кілегей қабығының құрылысының ерекшелігі қандай?

14. Жұмсақ таңдайдың кілегей қабығының құрылысының ерекшелігі қандай?

15. Ауыз қуысының табанының кілегей қабығының құрылысының ерекшелігі

16. Тілдің кілегей қабығының құрылысының ерекшелігі

17.Жіпше тәрізді тіл бүртіктерінің құрылысы, орналасуы мен қызметі қандай?

18.Саңырауқұлақ тәрізді тіл бүртіктерінің құрылысының ерекшеліктері, орналасуы

мен қызметі

19.Науа тәрізді тіл бүртіктерінің құрылысының ерекшеліктері, орналасуы мен

қызметі қандай



  1. Жапырақ тәрізді тіл бүртіктерінің құрылысы, орналасуы мен қызметі қандай?

  2. Ауыз қуысының кілегей қабығының қызметтерін атаңыз

  3. АҚКҚ қорғаныс қызметі қандай?

  4. АҚКҚ пластикалық қызметі қандай?

  5. АҚКҚ сору қызметі қандай?

  6. АҚКҚ сезімталдық қызметі қандай?


Тест түріндегі тапсырмалар

1тапсырма.

Маргинальды қызылиек кілегей қабығының эпителиі… эпителиге жатады :

1.Көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін

2.+ Көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін

3.Көпқабатты куб тәрізді мүйізгектенбейтін

4.Көпқабатты жыпылықтайтын (мерцательному) мүйізгектенбейтін

5. Көпқабатты призма тәрізді мүйізгектенбейтін

2тапсырма.

Ауыз қуысының табанының кілегей қабық эпителиі… эпителиге жатады:

1.+ Көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін

2.+ Көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін

3.Көпқабатты куб тәрізді мүйізгектенбейтін

4.Көпқабатты жыпылықтайтын (мерцательному) мүйізгектенбейтін

5. Көпқабатты призма тәрізді мүйізгектенбейтін

3 тапсырма.

Жұмсақ таңдайдың кілегей қабығының эпителиі… эпителиге жатады:

1.+ Көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін

2. Көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін

3.Көпқабатты куб тәрізді мүйізгектенбейтін

4.Көпқабатты жыпылықтайтын (мерцательному) мүйізгектенбейтін

5. Көпқабатты призма тәрізді мүйізгектенбейтін

4 тапсырма.

Тілдің астыңғы бетінің кілегей қабығының эпителиі… эпителиге жатады :

1 +Көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін

2. Көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін

3.Көпқабатты куб тәрізді мүйізгектенбейтін

4.Көпқабатты жыпылықтайтын (мерцательному) мүйізгектенбейтін

5. Көпқабатты призма тәрізді мүйізгектенбейтін

5тапсырма .

Қызылиексайының кілегей қабығының эпителиі… эпителиге жатады:

1.+ Көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін

2.+ Көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін

3.Көпқабатты куб тәрізді мүйізгектенбейтін

4.Көпқабатты жыпылықтайтын (мерцательному) мүйізгектенбейтін

5. Көпқабатты призма тәрізді мүйізгектенбейтін

6тапсырма.

Қатты таңдайдың кілегей қабығының эпителиі… эпителиге жатады:

1. Көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін

2.+ Көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін

3.Көпқабатты куб тәрізді мүйізгектенбейтін

4.Көпқабатты жыпылықтайтын (мерцательному) мүйізгектенбейтін

5. Көпқабатты призма тәрізді мүйізгектенбейтін

7тапсырма.

Маргинальды қызылиектің кілегей қабығының эпителиі… эпителиге жатады:

1. Көпқабатты жалпақ мүйізгектенбейтін

2.+ Көпқабатты жалпақ мүйізгектенетін

3.Көпқабатты куб тәрізді мүйізгектенбейтін

4.Көпқабатты жыпылықтайтын (мерцательному) мүйізгектенбейтін

5. Көпқабатты призма тәрізді мүйізгектенбейтін

8тапсырма.

Тіс-қызылиек байламының эпителиі тістің қандай структурасымен байланысқан?



  1. + кіреукемен

  2. ұлпамен

  3. дентинмен

  4. цементпен

  5. Периодонтпен

9тапсырма.

Төменде берілген құрылымдардың аймағында ауыз қуысының кілегейасты негізі, ТЕК біреуінен басқасының, барлығында бар:

1. ұртта

2. жұмсақ таңдайда

3.+қатты таңдайдың тігісінде

4.Ауыз қуысының табанында

5.өтпелі қатпарда

10.

Базальды мембрана- жіңішке талшықтардың қалың өрілімі:

1. Коллаген талшықтарының

2. +Аргирофильді талшықтардың

3. Окситаланды талшықтардың

4. Эластикалық талшықтардың

5. Фиброзды талшықтардың

11тапсырма.

Эпителиің өскін немесе базальді қабатының қатар саны :

1. +бір

2. екі


3. үш

4. төрт


5) бес

12тапсырма.

Жұлдызша тәріздес ұзын өсінділері бар Лангерганс жасушалары кездеседі:

1. эпителийдің базальды қабатында

2. эпителийдің тікенекті қабатында

3. эпителийдің дәнде қабатында

4. эпителийдің мүйізді қабатында

5. эпителийдің базальды мембранасында

13 тапсырма.

Эпителидің тікенекті қабатының қатар саны:

1. бір

2. екі


3. үш

4. төрт


5)+ бес және одан да көп
14 тапсырма.

Ауыз қуысының кілегей қабығының эпителиінің тұрақты түрде жаңарып отыруы қандай қабаттағы клеткаларлдың митотикалық белсенділігіне байланысты жүреді:

1. тікенекті

2. мүйізді

3. дәнді

4. +базальді

5. беткей

15 тапсырма.

Ауыз қуысының меншікті кілегей қабығының клетка аралық затының негізін құрайды:

1.Малеин қышқылы

2.+Гиалурон қышқылы

3.Пировиноград қышқылы

4.Пальмитин қышқылы

5. Олеин қышқылы

16 тапсырма.

Тілдің науа тәрізді бүртіктері орналасады:



  1. тілдің бүйір бетінде

  2. +тілдің тұйық тесігі аймағында

  3. тілдің астыңғы беті

  4. тілдің ұшында

  5. тілдің денесінде

17 тапсырма.

Тілдің жапырақ тәрізді бүртіктері орналасады:

1.+тілдің бүйір бетінде

2.тілдің денесі мен түбір шекарасында

3.тілдің астыңғы бетінде

4.тілдің ұшында

5. тілдің денесінде


18 тапсырма.

Ауыз қуысының кілегей қабығының жоғарғы регенерациялық қабілеттілігін қамтамасыз ететін қасиетіне… жатады :

1.Кілегей қабықтың емдік препараттарды өткізгіштігі

2.Микроорганизмдер және вирустар үшін өткізгіш еместігі

3.+Эпителий клеткаларының жоғарғы деңгейдегі митозды белсенділігі

4.Органикалық және бейорганикалық қосындыларды сорғыштығы

5.Нерв ұштары мен талшықтардың болуы

19 тапсырма

Төменде аталғандардың, ТЕК біреуінен басқасында, барлығы ауыз қуысының кілегей қабығының қорғаныс функциясын атқарушы қасиеттеріне жатады :

1.Жоғарғы механикалық күш түсетін жерлердегі эпителидің мүйізгектенуі

2.Кілегей қабықтағы зат алмасу процессінің жоғарғы деңгейде болуы

3.Эпителий клеткаларының бетінде десквамация қарқынды жүреді

4.+ Органикалық және бейорганикалық қосындыларды сорғыштығы

5. Микроорганизмдер және вирустар үшін өткізгіш еместігі

20 тапсырма.

Ауыз қуысының кілегей қабығының сенсорлы функциясын қамтамасыз ететін қасиетіне… жатады :

1.Кілегей қабықтың емдік препараттарды өткізгіштігі

2.Микроорганизмдер және вирустар үшін өткізгіш еместігі

3.Эпителий клеткаларының жоғарғы деңгейдегі митозды белсенділігі

4.Органикалық және бейорганикалық қосындыларды сорғыштығы



5.+Нерв ұштары мен талшықтардың болуы

7.2 Операциональді компетенциияны бағалау- тапсырмаларды альбомға орындау нәтижелерін тікелей бақылау арқылы жүргізіледі.
7.3 Аксиологиялық компетенцияны бағалау (коммуникативті дағдылар) –коммуникативті дағдыларын және жаңа түсініктерді және терминдерді ұғыну нәтижесін бағалау арқылы жүреді.


9 беттің беті

Каталог: 13747


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет