«Ауылшаруашылық дақылдарының апробациясы»



бет8/15
Дата25.11.2018
өлшемі2.6 Mb.
#97072
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Себу жиілігі (қоректену алаңы) өсімдік өмірінің алғашқы күндерінен ақ әсер ете бастайды. Көп жылғы зерттеулерімен мынадай заңдылық анықталады: дәнді, дәнді бұршақ, май және кейбір мал азығындық дақылдардан басқаларында, әртүрлі тұқымдар және әдістермен сепкенде далалық өнгіштің өзгермегені байқалады.

Тұқым сіңіру тереңдігі далалық өнгіштікке айтарлықтай әсер ететін фактор. Оның өзі тұқымның ірілігіне, топырақтың механикалық құрамына, топырақтың егістік қыртысының ылғалдылығы мен температурасына тәуелді. Деректері бойынша жанбырдан кейін жеңіл сазданған ауыр топырақтарда дәнді дақылдар тұқымынын. Ең жоғары далалық өнгіштігі оларды 1-2 см тереңдікке сіңіргенде байқалады. Сіңіру тереңдігін 4-5 см өсіргенде тұқымның далалық өнгіштігі жаздық бидайда — 26, арпада — 25, сұлыда — 16, қарақұмықта — 28% кемиді.

Егістік қыртысының қолайлы ылғалдылығына жаздық бидай тұқымының сініру тереңдігінің артуына қарай далалық өнгіштік азайды. Атап айтқанда, бидайының далалық өнгіштігі әртүрлі тұқым сініру терендігінде мынадай болды: 5 см —70, 7,5 см — 58, 10 см — 34, Харьков 46 сортында тиісінше 68, 53 және 31 пайыз.



2. Әсер ететін факторларды арттырудың жолдары.

Егінді баптап-кутудің агротехникалық шаралары да тұқымның дамалық өнгіштігіне үлкен ықпал жасайды. Ылғал жетімсіз, структуралы, жеңіл және орташа топырақтарда, немесе топырактың егістік қыртысы борпылдақ болып келгенде себуден кейінгі топырактың режімін жақсартады, капиллярлық байланысты қалыпқа келтіреді. Себуге дейін және сепкеннен кейін топыракты тығыздау арқылы тұқымының далалык, өнгішігін арттыру еліміздің әр түрлі, оның ішінде Солтүстік Қазақстан аймағында көптеген ғалымдармен дәлелденді.

Себу кезенде енгізілген тынайтқыштар, егер тынайтқыш түйіршіктері мен тұқым арасында ауа қабаты болмаса, тіпті аз нормасының өзі тұқымның далалық өнгіштігін төмендетеді, бұл топырақ ерітіндісің концентрациясы тұқым мен тынайтқыш түйірлерінің түйіскен жерінде жоғары болуынан.

Өсімдік өскіндері мен көктеріне аса қауіптісі минералды тынайтқыштарды тұқыммен араластырып топыраққа енгізу болып табылады. Бұл жағдайда тұқым мен тынайтқыштардың түйісу мүмкіндігі егін себуге дейін де, сепкеннен кейін де аса зор. Тұқымды тынайткыштармен, араластырып қапа себу қажеттігі туса, онда мұны дәл себер алдылда жүргізген дұрыс. Осы мақсат үшін бейтараптанған (нейтральданған) суперфосфат пайдаланылады. Ол үшін тұқым құрғақ болуы қажет. Тұқымды азот және калий тыңайткыштарымен араластыруға болмайды. Тұқым мен суперфосфатты күні бұрын араластырғанда тұқымның далалық өнгіштігі, әсіресе жалаңаш тұқымды астықтардың, барынша төмендейді.

Далалық өнгіштікке себу алдында, егін көгі пайда болғанға дейін және алдыңғы дақыл үшін енгізілген топырақ гербицидтері (егер олардың ұлылығы топырақта ұзақ уақыт сақталса) әсер етеді. Сазданатын ауыр топырақтарда суару мен жаңбырдын, әсерінен қабыршақ пайда болуы себепті егін көгінің пайда болуы тежеледі.

Дәріс16 Апробация пәні, мақсаты, міндеттері

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда, өндіріске интенсивтік технологиямен өсіру талаптарына сәйкес, ортаның жағымсыз факторларына төзімді және өнім жинаудағы механикаландыруға қолайлы жоғарғы түсімді сорттар мен будандарды енгізудің маңызы зор. Егіншіліктің дамуының қазіргі жағдайында сорттарға жаңа талаптар қойылады. Егер фермерлер мен шаруа қожалықтары егіншілік мәдениетінің деңгейін үнемі жоғары ұстаса, сорт- өндірістің басты және шешуші факторы болып, осы жағдайда сапалы тұқым өсіруге және одан жоғары өнім жинауға мүмкіндіктуады. Жыл сайын республика танаптарына жоғары өнімді сорттар енгізіп,олардың көбі үлкен көлемге себіліп, өнімділікті арттыруда тиімді құрал болуда. Тұқымтанудың да маңызы зор,себебі, тұқымның өсіп – дамуын, жоғары сапалы тұқым өсіру шараларын, оны себуге әзірлеу әдістерін және егістігік тұқымдардың сапасын анықтау керек. Оқу құралы курстың бағдарламасына сәйкес жазылып, агроном мамандығы бойынша студенттер даярлауға арналған. Құралға республиканың ғылыми – зерттеу институттарының селекционер ғалымдары зерттеулерінің нәтижелері мен жетістіктері, жоғары сапалы тұқым өсірудің алдыңғы қатарлы тәжірибелері енгізілген және соңғы жылдары тұқымның егістік сапасы мен оны анықтау әдістеріне қойылатын стандарт талаптарының (МСТ) өзгерістері ескерілген. Селекциялық тұқым шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін және ауылшаруашылығы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдаланып сорттың не екенін, сорт топтарының өзара ұқсастығы мен олардың бір – бірінен айырмашылығын білу аса маңызды. Өсімдіктер системетикасында «форма» және «сорт» бір ұғымды білдіреді. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның өндірістік қызметі арқасында шығарылады. Ол ауылшаруашылығы өңдірісінің құралы болып табылады. Сорт өнім түсімі мен өнім сапасын көтеру мақсатында тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда өсіру үшін сұрыпталған әрі көбейтілген мәдени өсімдіктердің шаруашылық – биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша ұқсас топтарын айтады. Селекция – жаңа сорттанумен, яғни бар сорттарды зерттеумен тығыз байланысты. Тек дақылдардың бар ассорттименттерін жақсы біліп, олардың селекциялық жұмыстарын дұрыс бағыттауға болады. Бар сорттарды, олардың артықшылықтарымен кемшіліктерін білмей, селекция үшін бастапқы материалды таңдап алу мүмкін емес.Сондықтан сорттануды селекциялық оқулық пәніне,оның бөлінбейтін бөлігіретінде кіргізіледі. Мынандай негізгі шарттарды атап өту қажет. Сорт құрамына кіретін өсімдік топтарының шығу тегі туралы жалпыламалық мағлұматтар бар. Ол бір немесе бірнеше өсімдік тұқымынан көбейтіледі. Өсімдіктің бастапқы тегін көбейте отырып, шыққантұқым шаруашылық -биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша сұрыптау жолымен алынады.

3)Сорт анық бір аймақтағы табиғат жағдайында өсірілу үшін шығарылады. Олбір топырақ–климат аймағында жоғары өнім үшін шығарылады. Ол бір топырақ – климат аймағында жоғары өнім берсе, екінші аймақта ондай өнім бермеуіде мүмкін.

4)Сорт нақты өндірістік жағдайда өсіру үшін жасалады және механикаландыруда қол жеткен деңгейге, егіншілік мәдениетіне сай болуы қажет.

5)Тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда сорт тұрақты және жоғары сапалы өнім беруді қамтамасыз етуі тиіс.

Ауылшаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша және шығару тәсілі бойынша бөлектенеді. Шығу тегі бойынша олар жергілікті және селекциялық болып бөлінеді. Жергілікті сорт деп, дақылдардың нақты бір жерде өсірілуіне орай ұзақ, табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды айтады. Түрлі дақылдардың жергілікті сорттарының көп бөлігі халықтық селекция әдісімен алынған.



Селекциялық сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми – зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілері және шаруашылық – биологиялық қасиеттері бойынша біркелкілі болумен ерекшеленеді.

Сорт шығару тәсілі бойынша сорт – популяция, линиялық сорт, сорт – клон, буданнан шыққан сорт, мутант сорты болып бөлінеді.



Сорт – популяция айқас және өзін -өзі тозаңдандырудың нәтижесінде жаппай сұрыптау арқылы алынады. Олар тұқым қуалаушылығы жағынан біркелкі емес.

Линиялық деп,өздігінен тозаңданатын дақылдарды жеке сұрыптау арқылы алынатын сорттарды айтады. Линиялық сорт-біртекті өсімдіктің көбеюі,сондықтан олар барлық белгілері мен қасиеттері бойынша біркелкі болады. Будан популяциясынан будандастыру және сұрыптау арқылы алынған сорттарды будандар деп атайды. Өздігінен тозаңданатын будан сорттары линиялық сорттарға қарағанда,біркелкі болмайды. Кейде олардан қайта сұрыптау жолымен жаңа сорттар шығарылады.

Сорт – клон өсімдіктердің вегетативті көбейетін түрлерін жеке сұрыптау жолымен алынады. Сорт клон өсімдіктің біртекті вегетативті көбеюінен шыққан ұрпақ,сондықтан олар біркелкі болып келеді.

Сорттық тұқымды дұрыс және тиімді пайдалануда, сорттық егістігікке танаптық апробация жасау арқылы бағалау қажет, оның мақсаты – тұқымдық егістіктің сорттық тазалығын қамтамасыз ету. Сорттық егістікте апробация жасау, апробатор – маманнан тексерілуші сорттың морфологиялық және шаруашылық – биологиялық белгілерін терең білуін қажет етеді.

Сонымен қатар, егіншілік жетістігі жақсы жолға қойылған тұқымшаруашылығының міндеті:аудандастырылған және келешегі бар сорттар тұқымының өнім сапасын бір деңгейде ұстау, тез көбейту және олармен үздіксіз қамтамасыз ету.

Сорттық бақылау – апробатордың (апробация–грек.-анықтау, мойындау) байқау арқылы немесе апробациялық бауды сараптау арқылы, өсімдіктер мен тұқымдардың қандай сортқа (буданға) жататындығын, олардың сорттық тазалығын (тәнділігін) және егістіктердің тұқымдыққа жарайтындығын анықтау.

Сорттық бақылаудың негізгі әдісі - далалық апробация, барлық ауылшаруашылық дақылдар үшін жүргізілетін шара. Далалық және қоймалық апробация- мен қатар, топырақты және зертханалық бақылау сияқты көмекші әдістер, сорттық тазалық пен түрлік өңпішінін, жүгері будандарының аталық гүл шоқтарының стирилділіктерін, күнбағыс тұқымының түсі мен панцирлығын, сұлы тұқымының түр өзгешеліктерін, қатты және жұмсақ бидай тұқымдарының айырмашылықтарын т.б. анықтау үшін қажет.

Жылда, сорттық және егістік сапалары бойынша мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес, жергілікті және аудандастырылған селекциялық жақсы сорттар, будандармен барлық егістіктерді қамтамасыз ету үшін, ауыл шаруашылық дақылдардың сорттық егістіктерінде түгелдей апробация және жүгері мен соргоның будандық учаскелерінде тексеру жұмыстары атқарылады.



Апробация мен танаптық тексерудің негізгі міндеттері – сорттық және будандық егістіктердің тұқымдық материал есебінде пайдалануға болатынын анықтау. Сорттық егістікті апробациялау нұсқауына сәйкесті сорттық егістіктер тұқымдық мақсатта пайдаланатын тұқымдар, өздігінен тозаңданатын линиялар егістіктері, сонымен қатар жай будандар егістігі, тұқым көбейтуге бағытталған арнайы тұқымшаруашылықтары егістіктері жылма – жыл апробациядан өтуілері керек.

Далалық апробацияның негізгі мақсаты – көбейтілетін сорттардың дұрыстылығын белгілеу,ол егістіктердің таза сорттылығын анықтау, олардың аурулармен залалдануын, арамшөптермен ластануын, яғни егістіктің тұқымға пайдалануға жарамдылығын анықтау, елдің барлық шаруашылықтарын аудандастырылған және келешегі мол сорттардың жоғары сапалы тұқымдарымен қамтамасыз ету.

Апробацияның міндеттері - сортық егістіктердің сапасын және олардың өнімін тұқым ретінде пайдалануға болатынын айқындау. Егістіктердің сапасын келесі көрсеткіштер арқылы шешеді: сорттық тазалық, қиын бөлінетін арамшөптер және мәдени өсімдіктер, карантиндік, улы, қауіпті арамшөптермен ластануы.

Апробатор - ауылшаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістіктерінде, тұқым-шаруашылығы бойынша апробация жүргізуге мемлекеттік уәкілдікпен аттестатталған жеке тұлға.

Сорттық егістіктерді апробациялау,апробатор- маманнан апробацияланатын сорттардың аймақтық, морфологиялық және биологиялық – шаруашылық нышандарын, олардың өсу жағдайларын жақсы білуді талап етеді. Сонымен қатар, әрбір ауылшаруашылық дақылдар сыртқы жағдайлардың әсерлерінен, өздік белгілері мен қасиеттерін өзгертіп отыратындығын ұмытпаулары керек.

Егіншіліктің жетістіктері, жақсы жолға қойылған тұқым шаруашылықтарына, химиялық, биологиялық және агротехникалық шаралар арқылы арамшөптермен, зиянкестестер және аурулармен күресе білуіне көп байланысты



Дәріс17 Апробация жүргізетін жауаптылар және тұқымдық егістіктер.
1. Апробация жүргізілетін тұқымдық егістіктер

2. Апробацияны жүргізуге жауаптылар



1Апробация жүргізілетін тұқымдық егістіктер.

1. ҒЗИ тәжірибе шаруашылықтарында және жоғарғы оқу орындарының оқу- тәжірибелік егістіктері мамандырылған тұқымды шаруашылықтардың тұқымдыққа пайдалынатын өнімдері; сондай-ақ кең таралмаған және келешегі мол сорттар.

2. ҒЗИ, жоғарғы оқу орындары мен колледждерімен оқу-тәжірибелік шаруашылықтары және арнайы тұқымдық кешендердің көбейту көшеттіктерінде, будандастыру учаскелерінде көбейту үшін егілген өздігінен тозаңданатын барлық егістіктер.

3. Будандастыру учаскелерінде, тұқымдардың жайлы бірінші ұрпақтық (тауарлық пайдаланатын) қатараралық қосқабат, үшқабаттық, бесқабаттық, алтықыбаттық, сортқабаттық және сорттаралық будандарда, алқаптық тексеріп қарау.

4. Астық және майлы дақылдардың, жүгері мен құмайдың бірінші ұрпақтық будан тұқымдарымен себілген сорттық егістіктері тіркеуге алынады.

5. ҒЗИ тәжірибе-өндірістік шаруашылықтарында және оқу орындарының оқу-тәжірибелік шаруашылықт арында, элита - тұқымдық шаруашылықтарында, элита және 1 репродукциялық тұқымдарды өндіруге тапсырыс алған жағдайда, сорттық егістіктердің апробациясын, көбейту питомнигінен бастайды.

6. Сорттар мен дақылдардың апробациялық көлемдері жылсайын АӨК бекітіледі. Ескерілетін жағдайлар: шаруашылықтарды тұқымдардың аудандастырылған жақсы және болашағы мол тұқымдар мен будандардарға, сұраныстарын қамтамасыздандыру, сақтандандыру, ауыспалық қорларды жасау, мемлекеттік астық дайындау жоспарларын орындау, соның ішінде (шет елдерге сатылатын астықтың көлемі), шаруашылықтарға керекті тұқымдардың сақтандандыру қорлары.

2. Апробацияны жүргізуге жауаптылар

А(1) ҒЗИ тәжірибе-өндірістік шаруашылықтарында және оқу орындары мен колледждердің оқу-тәжірибелік шаруашылығында сорт-тұқымдық бірлестіктердің агрономдары, дақылдардың сәйкестігіне байланысты селекциянердің қатысуымен немесе алғашқы тұқымшаруашылықтық бөлімінің жұмыскерімен.

- дақылдар бойынша, егістіктерді апробациялауда аурулармен зақымдану болса апробацияны жүргізуге өсімдіктерді қорғау станциясыларының мамандары шақырылады.

Б(2) ҒЗИ тәжірибе-өндірістік шаруашылықтарында және оқу орындары мен техникумдардың оқу-тәжірибелік шаруашылығында сорт-тұқымдық бірлестіктердің агрономдары немесе мемлекеттік тұқым инспекциясының картоп саласының агрономдары мен «Сортсемовощ» бірлестіктерінің агрономдары.

В(3) арнайы мамандандырылған тұқымдық және тұқымдық шаруашылықтарда РАӨК немесе мемлекеттік тұқымдық инспекциясының агрономдары.

- көпжылдық шөптердің тұқымдық шаруашылықтарда, өнімдері мамандандырлған тұқымдық бірлестіктерге, станцияларға тапсырғанда – аталған мекемелердің агрономдары.

- тұқымдық шаруашылықтарда – РАӨК өкілі мен шаруашылықтың өкілі бірлесіп.

- ірі астықтық корпорациялары мен басқа шаруа-қожалық шаруашылықтарда өздерінің агрономдары, олар болмаса басқа шаруашылықтар мен ұжымдардың агрономдары.

- ірі астықтық корпорациялары мен тұқымдық бригадаларда – шаруашылықтардың бас агрономы мен бригаданың агрономы бірлесіп.

- ЖШС және шаруа-қожалық шаруашылықтарда егістіктерді тіркеуді өздерінің агрономдары жүргізеді.

- өнімдерінен мемлекеттік қор жинау болса, астық қабылдауыш мекемелердің агрономдары, егістіктердің апробациясына қатынасуына құқықты.

- (А,Б және В) пункіттері бойынша, тұқыммен айналысатын агроном, көбейту питомнигінде сорттық тұқымдар өндірісін басқарса да, апробация жүргізуге құқығы жоқ.

4. Апробатор бауларды (үлгі) алып, оларды талдайды және апробациялық құжаттарды толтырады. Ол егінді жинауды бастағанша апробацияны аяқтап, егістіктіктерді тіркеуге алып, аға апробатормен тексерілген апробациялық құжаттартарды шаруашылықтарға тапсырады.

5. Дәнді дақылдардың (1 ұрпақтық буданды тұқұмдармен себілген егістіктерді қосып) және майлы дақылдардың сорттық егістіктерін өсіп тұрғанда байқап, бауды (үлгі) алмай, себілген тұқымдардың сорттық құжаттары бойынша, тір кеу актілері жасалынып есепке алынады.

6. Апробациялық бауларды (үлгілер) апробатор шаруашылықта, әдейі бөлінген орындарда талдайды.

7. Шаруашылық әкімшілігі апробацияны жіргізу кезеңінде, апробаторға жол нұсқалған тәжірибелі жұмыскерден көмекші береді (бауды жинауға, сабақтарды санау үшін көмектесуге) және жылжымалы көлікпен қамтамасыз етеді.



Дәріс18 Апробацияға дайындық жұмыстар және сорттық егістіктерді тіркеу.

1 Апробациялауға дейін, істейтін шаралар.

Апробация және егістіктерді тіркеуге алу үшін, егістіктер селекциялық, жергігілікті тұқымдардар мен өздігінен тозаңданатын топтар және будандармен себілгендігін дәлелдейтін төмендегідей құжаттар керек – апробация актісі, сорттық куәлік (213 ф), тұқым куәлігі (216 ф), немесе жергілікті сорт туралы анықтама (201ф) егер бірінші рет аудандастырылған болса.

Апробатор егістіктерді тіркеуге және апробациялауға дейін, мынандай шараларды іске асыруға міндетті:

1. Шаруашылықта себілген сорттық және будандық тұқымдардардың куәлігін тексереді, құжаттар болмаған жағдайда оларды қалпына келтіру шараларын қарастырады;

2. Тұқымдарды шаруашылықта сақтау немесе егу кезінде апробацияланатын өздігімен тозаңданатын топтардың сорттары мен будандарының басқа сорттар және будандармен араласпағанын анықтау. Себілген егістіктердің көлемін және орнын, сонымен қатар алғы егісті анықтау.

3. Сорттық егістіктерді күн бұрын байқау, керек болса егістіктердің сорттық сапасын жақсарту үшін керекті шараларды ұйымдастыру (сорттық және түрлік отаулар, арамшөптерді жою т.б.).

4. Дәнді, дәндібұршақтық және майлы дақылдардың тұқымдық егістіктерінің сорттық отауын апробацияға дейін; өздігімен тозаңданатын дақылдарды масақтану және қамырланып пісу кезінде; айқас тозаңданатындарды – гүлдеу және ору алдында.

Көбейту питомнигінде, суперэлита және элиталық егістіктердің апробациясының актісінде сорттық отауды жүргізгенде жойылған қоспалар туралы деректер көрсетіледі.

- Дәнді, дәнді-бұршақтық, тарылық және майлы дақылдардың егістіктерін шынайы бақылауда, апробатор көз мөлшерімен апробацияланған егістіктердің өнімдіктерін бағдарлап анықтайды. Апробацияланатын әр танаптардың шекарасын бөлектеп белгілейді.

5. Апробациялық бауларды алу үшін танаптармен жүру жолдарын белгілейді. Айқас тозаңданатын дақылдар үшін арақашықтық кеңістіктерді сақтау керек.

6. Сорттық және будандық тұқымдардарды көбейту ережелерін сақтамаған жағдайларда, тұқымдық егістіктер есебінен алынып тасталынатын танаптарды белгілеп, оларды бөлек оруға тапсырыс беріп, керек болса қосымша тұқымдық егістіктерді белгілеу.

7. Айқас тозаңданатын дақылдар үшін арақашықтық кеңістіктерді сақтау ережелері бұзылса, мұндай танаптар тұқымдық егістіктер есебінен алынып, бөлек орылуы қажет.

8. Жоғарыда аталған жұмыстардың бәрін орындап болғасын апробатор, апробациялық актінің керек жерлерін толтырады және сорттық егістіктердің тіркеу актісін құрастырады.
Дәріс19. Апробациялық баулар алу, оны талдау және құжаттарды толтыру.

1 Апробациялық баулар алу (сноп)

2 Апробациялық бауларды талдау (үлгілер). 3 Құжаттарды толтыру.

1Апробациялық баулар алу (сноп).Сорттық егістіктердің жарамдылығын анықтағасын апробатор, тұқымдық мақсат үшін, егістік танаптардың әрқайсысынан апробациялық бау (үлгі) алады. Апробацияның техникасы апробациялық бауды алу, оны талдау және тұқымның сорттық сапасына құжаттарды толтыру. Апробатор егістіктің ұзын диагоналы бойынша өтіп, біркелкі қашықтықтан таңдамай, өсімдіктердің қажетті санын бау үшін, собықты, дәнді және атбас бұршақты жинап алады, ал кейбір дақылдарды (көпжылдық бұршақ тұқымдас) сараптауды өсімдіктер тік тұрғанда анықтайды. Кең қатарлы себуде диагонал бойынша сатылап жүреді.

ҒЗИ ТӨШ және жоғарғы оқу орындарының оқу-тәжірибелік шаруалышығында, сондай-ақ элиталық – тұқым шаруашылықтарында екі апробациялық бау алады екі көлденеңдіктен. Әрқайсын бөлек талдайды. Сорттың тазалығымен және басқа көрсеткіштерін арифметикалық орта есеппен алады.

Егер егістік танабының көлемі бір бау алатын көлемнің шегінен асып кетсе, ол көлемді екіге не бірнешеге бөліп бау алу керек.

Шаруашылықтарда бірнеше кішкентай егістіктерден бір бау алынады, егер телімдер біркелкі болып және бір топтық тұқымдардармен егілсе. Апробатор алған бауды байлайды және бір этикетканы ішіне, екіншісін сыртына байлайды. Этикеткаға (192 ф) шаруашылықтың атауын, ауыспалы егістің танабын, көлемін, дақылдың түрін, сортты, бауды алған уақытты жазады. Апробатор бауды алумен қатар көзбен карантиндік арамшөптердің бар жоғын және барлық арамшөппен ластануды мынадай шкаламен анықтайды:

0 – ластанбаған.

1 – азғантай ғана ластанған (3-зияндану шегі).

2 – орташа ластанған.

3 – күшті ластанған.

Бауды алуды (апробацияны) өсімдіктердің сорттық қасиеттері (апробациялық) нақтылы білінген кезде жіргізу керек.

2. Апробациялық бауларды талдау (үлгілер).

1. Апробациялық бауды талдау, сұрыптап алғаннан кейін, екі күннен кешікпей, арнаулы орында жүргізілуі қажет.

2. Бауларды түгелдей топтарға бөледі, сосын топтардың әрқайсысын сараптайды.

Бауды сараптағанда анықтайтынымыз:

- сорттық тазалықпен егістіктердің тәнділігін;

- қиын бөлінетін мәдени өсімдіктермен ластануын;

- карантиндік; улы; қатерлі;

- қиын бөлінетін арамшөптер;

- аурулармен залалдануы және зиянкестестермен зақымдануы.

Карантиндік арамшөптер – ойраншөптің және арамсояның барлық түрлері, күнбағыс сұңғыласы, тікенек алқа, көгілдір укекіре.

Қатерлі арамшөптер – құмай, түлкі құйрықты ақ мия, егістік сарықалуені, дала қалуені, сүттеген, дала шырмауығы, бидайық, жау қияқ, татарлық сүттеген, қарасұлы.

Улы арамшөптер – триходема, сүйелжазар.

3.Апробатор сорттық тазалықпен егістіктердің тәнділігін анықтағанда, сорттардың кейбір нышандарының жергілікті топырақты-климаттық жағдайларға, дақылдың агротехникаға және басқа факторларға байланысты морфологиялық құбылмалығын ескеруі керек.

4. Барлық фракциялар мен бауды талдағаннан кейін әрқайсысындағы сабақтар санын есептейді. Барлық фракцияларды бөлек, негізгі сорттардың сабақтарын жүзден буады. Этикетка тағады. Этикеткада қосымша апробациялық баудың номері және сорт тазалығы процентпен көрсетіледі.

5.Жергілікті сорттарды апробациялағанда сорттық тазалықты немесе тәнділікті анықтамайды, апробациялық актіде тек жеке түрлердің құрамында, бір түрдің құрамын процентпен көрсетеді.

6. Сорттық тазалықтың процентін есептеу ондық бүтінмен аяқталады.

7.Жергілікті сорттарды апробациялағанда апробатор актіде олардың ең көбін көрсетеді. Сорттың ботаникалық бір түрінің саны 85 % кем болмауы керек, егер кем болса апробациялық актіде: «Әр түрлі немесе типтердің қоспасы» деп толтырылады.

8.Селекциялық сорттар, жеке түрлер жергіліктілер сияқты апробацияланады.

9. Масақтылар мен бұршақтық дақылдардың қоспасы апробацияланбайды.

10.Бау сұрыптаудан кейін сақтау үшін қоймаға тапсырылады, кілтші апробациялық актіге қол қояды. ҒЗИ ТӨШ және АШ оқу орындарының оқу-тәжірибелік шаруашылықтары, мамандандырылған тұқымдық және тұқымдық шаруашылықтарда бауды сақтау мерзімі 12 ай, жай шаруашылықтарда - 6 ай.

3 Құжаттарды толтыру.

1. Егістіктердің апробациясының актісін толтыру:

- тұқымдық бригада мен бөлімшелердің тұқымдық егістіктері үшін апробациялық актіні 2 дана етіп толтырады, оның біреуін шаруашылыққа қалтырады, ал екіншісін ААӨБ басқармасына жіберіледі;

-мамандандырылған тұқымдық шаруашылықтарда 3 дана, үшінші данасы жоғары тұрған мекемеге жіберіледі, тұқым мемлекеттік қорға сатылатын жағдайда төртінші дана толтырылып, астық қабылдау кәсіпорнына жіберіледі;

-мемлекеттік қор дайындайтын тұқымдық шаруашылықтарда – үш дана, оның біреуін шаруашылыққа қалтырады, ал екіншісін ААӨБ басқармасына жіберіледі, үшінші данасы сорттық және будандық тұқымдар дайындайтын астық қабылдау кәсіпорнына немесе зауытына жіберіледі;

- ҒЗИ ТӨШ және АШ оқу орындарының оқу-тәжірибелік шаруашылықтарында үш дана етіп толтырылады, оның біреуі шаруашылықта қалады, екіншісі облыстық АӨК басқармалығына немесе АШМ, үшіншісі жоғары тұрған мекемеге жіберіледі.

2. Сорттық егістіктердің апробацияланатын әрбір танабы үшін жеке апробациялық акті толтырылады.

3. Тіркеуге алынған барлық сорттық және будандық егістіктерге 199 форма бойынша тіркеу актісі екі немесе үш данада толтырылады. Оның біреуі шаруашылықта қалады, екіншісі ААӨБ басқармасына жіберіледі, ал үшіншісі, егер өнім мемлекетке сорттық тауарлық астық есебінде сатылған жағдайда, астық қабылдауыш мекемеге беріледі.

4. Тұқымдық мақсатта жарамсыз деген барлық тіркемеген егістіктерге апробация актісінің орнына 200 форма бойынша 2 дана жарамсыздық актісі толтырылады. Біреуін шаруашылықта қалтырады, екіншісін аудандық АӨК жіберіледі. ҒЗИ ТӨШ және АШ оқу орындарының оқу-тәжірибелік шаруашылықтары, мамандандырылған тұқымдық шаруашылықтарында үшінші дана акті толтырылады, оны жоғары тұрған мекемеге жіберіледі.

Тұқымдық шаруашылықтарда егер егістіктер жарамсыз деп саналса агроном-апробатор шаруашылықтың өкілімен бірлесіп бұл танаптарды басқа сорттық тазалығы және репродукциясы сәйкес жақсы, өнімді танаптармен айырбастайды.

5. Құжаттардың барлық бағаны толтырылған болуы керек, жауап қажет болмаған жағдайда сызылған болуы қажет. Апробация кезіндегі егіс категориясы және репродукциясы жазбаша жазылады. Егістіктің репродукциясы шаруашылықтың себілген тұқымдарға берген құжаттарының негізінде анықталады.

4- кесте.Апробатор мен инспектордың немесе аға апробатордың мәліметтерінің шектік қайшылыққтары (%)




Дақылдар

Элиталық

егістіктер



1 категория

2 және 3

категория



Күздік және жаздық дәнділер мен астық-бұршақтылар

01

03

06

Майлылар

01

0,5

1,0

Жүгері

02

0,4

0,8

6.Элиталық тұқымдар себілген алаңдағы өнім 1 репродукция, 1 репродукция тұқымдары себілген алаңдағы – 2 репродукция және т.с с. Егістік репродукциялары 5-ке дейін есептеледі, ал сорттық егістіктерде 3-ке дейін. Келесі репродукциялар егістігі жалпы болып саналады, жүгері – жалпы репродукциялар.


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет