«Ауылшаруашылық дақылдарының апробациясы»



бет7/15
Дата25.11.2018
өлшемі2.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Тұқым жинау және сақтау. Тұқымдық егістікті әдетте тікелей немесе бөлектеп жинайды. Бұл тәсілдерді таңдау тұқым жинау кезіндегі ауа-райына және ұрықтың сабақтардағы тұқым дәндерінің пісуінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты келеді. Мысалы еркекшөпті тікелей немесе бөлектеп жинауға да болады. Жіңішке масақты еркекшөптің өздігінен шашылып қалу қаупы болмағандықтан піскенде тікелей комбайнмен жинауға болады. Жалпақ масақты еркекшөп өздігінен шашылуға бейім болуына байланысты тікелей және бөлектеп жинауды үйлестіре жүргізу керек. Сол сияқты тұқымдары біркелкі піспеуіне байланысты көпшілік көпжылдық шөптерді (жима тарғақ, тарлау, қылтықсыз арпабас, түйе жоңышқа, мүйізбас шөп т.б.) бөлектеп жинау тиімді келеді. Бөлектеп жинауды тұқымы балауызданып пісу сатысында (35-55% толық піскенде), ал тұқымдары 70-80% толық піскенде тікелей жинайды.

Тұқымдықты ЖАС-6-12, ЖВН-6, ЖВН-10 және басқа да дестегіштерімен дестеге шабады. Сүттеніп-балауызданып пісу сатысында егістік жердің жалпы түсі сары, бірақ жақыннан қарағанда өсімдіктердің сабақтарының жартысы әлі жасыл, масақтары негізінен сары (35-40% жасыдау) келеді.

Орып алынған шөп тұқымдарын тазарту да маңызды жұмыс. Тазарту жұмыстары негізінен күрделі желкереге көзді және триерлік машиналармен (КОС-0,5, «Петкус-Супер», СУ-0,1, ОС-4,5А, т.б.) іске асырылады.

Тұқымды қоймада жақсы сақталуын қамтамасыз ету үшін тұқым ылғалдылығы 14-15 пайыздан аспауы қажет. Жақсы тазартылған және егістік сапаға жеткізіліп қапталған тұқымдар ғана сақтауға қойылады.


Дәріс 12. Тұқымның өнуі және егін көгінің қалыптасуы

1. Тыныс алу

2.Тұқымның өнуі және егін көгінің пайда болуы.

1. Тыныс алу Тұқым-тірі организм, сондықтан ондағы жүретін тіршілік процесі тынбастан жүріп жатады. Тұқымның жиналғаннан кейінгі пісіп жетілуі,үзіліссіз тыныс алуы, дымкылдылығы мен сақтау кезіндегі химиялық құрамындағы өзгерістер қандай тұқымға болса да тән құбылыстар. Кулещовтың пікірінше тұқымның салыстырмалы тынығуы егіннің пісіп, жиналып алынуы,себіліп егіншілікте өсіп өнгеніне дейін созылады. Пісіп жетілген тұқым өз құрамындағы құрғақ заттарды (негізінен углеводтарды) тыныс алу үшін пайдаланып, қоршаған ортаға көмір қышқыл газын,су және жылу бөліп тұрады. Тұқымның тыныс алу қарқыны сақталу жағдайының қолайлығына тікелей байланысты. Жарақаттанбаған,сақтауға жақсы кептіріліп салынған тұқымның тыныс алуы бірқалыпты болса, ылғалдығы (15 жоғыры) көтерілген жағдайда тыныс алуы жиіліді, себебі бос судың қөбеюі биохимиялық процестерді тездете түседі. Сондықтан тұқымның 14-16 ылғалдылығын қауіпті,аумалы ылғалдылық дейді.

Тұқымды қоршаған ортаның дымқылдылығы мен қызуының ерекше көтерілуі, тұқым тынысын күшейтін қана қоймай, оның өздігінен қызуына, микроорганизмдердің көбеюіне жағдай туғызады. Мұндай тұқым одан әрі қыза түссе көгеріп, құндылығын жояды.

Өнім жиналғаннан кейін, қырманда не қоймада сақтау кезінде, екінші рет ылғалдану қай дақыл тұқымының болса да, кептірілгеніне карамастан, тыныс алу процесін күшейтеді.

Сондықтан сұрыпталған тұкымдардың ылғалдылық шегі көрсетіледі, мысалға бидай 14, күнбағыс 10, бұршақ тұқымдастарға 15-16, аспауы керек. Тұқым өзін қоршаған ауадан ылғал сіңіруімен қатар, өз ылғалдылығын азайтуы да мүмкін. Бұл процестің қай бағытта жүруі ауа ылғалдылығы мен қызуының көрсеткіштеріне байланысты. Ауа ылғалдылығының жоғарылауы, не температурасының төмендеуі тұқым дымқылдылығын көтеріп, ал ауаның қызуы тұқымның құрғауын тездетеді.

Көптеген екпе дақылдарыңың тұқымы толық піскен кезде жиналғанына қарамастан, лабораториялық өсіру жағдайында өте төмен өнгіштік пен шығымдылық өсіру жағдайында өте төмен өнгіштігі. Мұндай тұқымдар сырт карағанда толық піскен сиякты болса да, физиологиялық жағынан шикі, піспеген болады, ал өнгіштік қасиетін біршама уакыт сақтағаннан кейін ғана

көрсете алады.

Тұқымдағы биохимиялық құбылыстар егін орынғаннан кейін де жалғасып жүре береді, сақтау кезінің бастамасында тұқым кұрамындағы жай органикалық заттарға - крахмал, майларға айналады. Осымен катар белоктардың синтезі аякталып, ферменттердің белсенділігі мен дән қабығының өткізгіштігі төмендейді, ал жетілу кезеңінің ұзақтығы өсімдіктің түрі мен сортына, пісу, жинау және сақтау жағдайларына байланысты. Астық тұқымдарында 30-40 одан да көп созылады.Пісу және жинау кезеңдері қолайсыз болса, бұл көрсеткіш ұзарып, колайлы (құрғақ, жылы) болса қыскарып отырады. Егін орылмай, дақыл тамырында тұрғанда немесе ол дестеге жатқанда пісіп- жетілу құбылысы жүрмейді.

2.Тұқымның өнуі және егін көгінің пайда болуы.

Дақылдың өсуі өсімдік өміріндегі маңызды қүбылыс. Тұқымның (жемістің) өнуі —күрделі физиологиялық процесс, эидоспермдегі қорлық қоректік заттарды пайдалана отырып ұрық өскінге айналады. Әрі карай дамудың нәтижесінде өскін автотрофты қоректену кабілетіне ие болатын егін көгіне айналады.

Тіршілікке кабілетті тұқымның өнуіне су, жылу және міндетті түрде оттегі кажет. Жинап алғаннан кейінгі пісуін еткен (биологиялық тыныштық) тіршілікке қабілетті тұқымдар ғана қолайлы жағдай туғанда қалыпты есе алады. Өніп-өсудың әсерінен тұқымның бөрткен кезінен басталады. Құрғақ топырақта тұқым өнбейді. Судың әсерінен ұрықтағы ферменттік процестер активтенеді де суда ерімейтін қоректік заттардың ұрықта сіңімді түрге айналуы тездетіледі. Тұқымның бөртуіне қажетті судың мөлшері оның химиялық құрамына байланысты, өйткені оған кіретін заттар әр түрлі мөлшерде су сініреді: белоктар 150, крахмал 70, катайып кеткен клетчатка 30 % (В. В. Гриценко, 3. М. Калошина, 1984).Тұқымның өнуіне қажетті судың ең аз мөлшері дәнді дақылдар мен астық тұқымдас өсімдіктерде тұқымның ауалы құрғақ массасының шамамен 50 процентіне тең, дәнді бұршақ дақылдар мен бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдарында 100% артығырақ. Майдың суды жуытпайтындығынан майлы дақылдар тұқымына қажетті су ондағы белок пен крахмалдын, мөлшеріне және жамылғы жасушасының ерекшелігіне байланысты.

Ылғалмен қатар тұқымның қалыпты өнуіне қолайлы температура жағдайлары қажет. Температура дәрежесінің 3 түрі ажыратылады: ең аз (минимум), одан төмен болғанда тұқымның өнуі мүмкін емес; қолайлы (оптимум), өсіп-өнуге ең қолайлысы, ең көп (максимум), бұдан жоғары болғанда тұқымның өнуі тоқтайды. Әр дақылда өзінің минимум, оптимум және максимум өсу температурасы болады. Қолайлы (оптимум) температура бөрту жылдамдығын арттырады және ферменттер қызметін күшейтеді.

Екпе дақылдардың жылуға қажеттілігі жөнінен бір-бірінен айырмашылықтары анағұрлым көп. Ол тұңғыш рет көптеген екпе дақылдар тұқымының ен аз, қолайлы және ең көп өну температураларын белгілеп берді.

Сонымен қоса оның дәлелдегені, дала жағдайына егін көгінің пайда болуына кажетті ең аз температура лабораториялық жағдайда тұқым өну температурасынан анағүрлым жоғары болатындығы. Көптеген дақылдар үшін бұл айырмашылык 2-3°С денгейінде.



Сыртқы орта және әртүрлі факторларға тәуелділігі. Тұқымның өнуіне ең қажетті жағдайдың бірі тұқымның, тыныс алуына және эндоспермдегі корлық қоректік заттардың тотығуына жеткілікті мөлшерде оттегінің қажеттігі болып табылады. Оттегі жетімсіз болғанда анаэробтық тыныс күшейеді, мұның өзі өсуге кедергі келтіретін тотықпаған метаболиттердің жинақталуына экеліп соғады. Аэрацияның болуынан және көмірқышқыл газының 17 процент көбеюінен тұқымның өнуі қысымшылықпен өтеді, ал ол 35 процентке жеткенде тұқымдар өліп қалады. Тұқым өнуінің бірінші көрінетін морфологиялық белгісі — шоқылуы, ал содан кейін тамыршалардың пайда болуы. Тамыршалардың ұзына бойына өсуі олардың ұштарындағы өсу аймағында жүретін қарқынды клетка бөлінуі арқылы іске асады. Астықтың бірінші тобы (бидай, қара бидай, арпа, сұлы) бірнеше ұрықтық тамыршалармен өнеді, ал екінші тобы (тары, жүгері, күріш, қонақтары) жалғыз ұрықтық тамыршамен өнеді.

Бірінші (үрықтық) тамыршалардын, соңынан өркен (сабақ өркені) өсе бастайды және бірте-бірте жер бетіне шығады, сөйтіп, егін көгіне айналады. Егер дәнді дақылдарда егін көгі өркеннің (өскіннің) ұзаруы есебінен жүрсе, көпшілік қос жарнақты өсімдіктерде тұқым жарнактың астыңғы қалтасы жайыла өседі де жарнақтарды топырақ бетіне шығарады, басқаша айтканда егін көгі нағыз жапырақтар емес, жарнақты жапырақтар түзеді (қарақұмық, астра, аскабақ т. б. туыстар).

Егін көгі кезеңінің басталуы деп алқаптағы өсімдіктердің 10 проценті бірінші жапырақтар пайда болған күнді, ал толық көктеуі деп 75 проценті бірінші жапырақтар пайда болған кезенді есептейді.

Өну-көктеу кезенңінің ұзақтығы (сонымен қатар себу-көктеу) топырақ пен ауаның температурасына, тұқым ірілігі мен себу сапасына топырақтың механиқалық құрамы мен ылғалдылығына, тұқым себу терендігіңе т.б. факторларға байланысты.



Дәріс 13. Егін жинағаннан кейінгі кезенде тұқымды сақтау және сапасын жақсарту шаралары.
1. Ылғалдылықтың тұқым сапасына әсері сақтау кезеңінде және оны төмендету жолдары.

2. Жиналған астықты өндеу және сақтау.


1. Ылғалдылықтың тұқым сапасына әсері сақтау кезеңінде және оны төмендету жолдары. Дәннің пісу кезеңін оның ылғалдылығы бойынша анықтау. Дәннің ылғалдылығы - оның пісу кезеңін анықтайтын барынша объективті көрсеткіш. Балауызданып піскенде дәннің ылғалдылығы 36-40% (пайыз) болады. Орташа ылғалдылықты 3-4 қайталаныммен /үлгімен/ анықтайды. Сұрыпталған дән үлгілерін 105°С температурада тұрақты салмаққа дейін кептіргіш шкафта кептіреді. Дәннің ылғалдылығын мына анықтамамен табады:

Ы= /а-б/ х 100, мүнда а

ы - дәннің ылғалдылығы, %

а — дән үлгісінің кептіргенге дейінгі массасы, г.

б - дән үлгісінің кептірілгеннен кейінгі массасы, г.

Дәннің пісу кезеңін оның сыртқы белгілері мен консистенциясы бойынша анықтау. Дән балауызданып пісу кезеңінің басында жасыл түсінен толық арылады көлемі біршама үлкейген, балауыз консистенциясы тән, тырнақпен жеңіл кесіледі, оның ішіндегі заты қысқанда бөлініп шықпайды. Бұл уақытта танаптағы өсімдіктер негізінен сары түсті, тек қана сабақтың жоғарғы түйіндері жасыл күйін сақтайды, ал масақша қауыздарында жасыл түс өте әлсіз түрде сақталады.

Пісу кезеңін 1000 шикі дәннің массасы бойынша анықтау. 1000 шикі дәннің ең жоғарғы массасы қамырланып піскенде, яғни балаусызданып пісуге 2-3 тәулік қалғанда байқалады. Сондықтан бақылаулармен 1000 шикі дәннің массасы төмендей бастағаны белгілі болсымен танаптарды айнала шабу мен қаша /загон/ тілуді жедел түрде бастаған жөн, ал 2-3 тәуліктен кешіктірмей егінді жаппай дестеге жығуды бастау қажет.



Эозин тәсілін қолданудың әдістемесі. Эозин тәсілі дәннің пісу кезеңі мен өсімдік транспирацияның қарқындылығы арасындағы биологиялық байланысқа негізделген. Дән дамуының алғашқы кезеңдерінде масақтың түсі қарқындырақ, ал мұның өзі эозинмен боялу дәрежесін анықтайды. Эозин — синтетикалық қызыл түсті, суда және спиртте еритін ұнтақ, өсімдікті қызыл түске бояйды. Оның 1%-ті судағы ерітіндісі дайындалады, оған жедел түрде талдауға алынған өсімдік үлгілері /сабанның ұзындығы 20-25 см 20-25 масақ/ 10-15 см тереңдікке батырылады. Ерітіндіде үлгілер 3 сағ. бойы ұсталады. Соңынан масақтың /масақшалар мен гүл қауыздарының, масаң білігі, қылтықтары мен масақ астық сабанының/ боялу қарқынына қарай дәннің пісу кезеңі мен жинауға жарамдылығы анықталады. Балауызданып пісудің басында масаққа бояу сылбыр сіңеді, ал ортасында масақтар мүлде боялмайды.

Бұл тәсілді қолданғанда, әсіресе бидай үшін бақылаулар мен талдауларды дәннің қамырланып піскен күйінен бастаған жөн және оларды балауызданып піскенге дейін, егін жинауды бастағанша жүргізген дұрыс.



2. Жиналған астықты өндеу және сақтау.

Қырманға жеткізілген астықтың құрамы біркелкі емес, негізгі дақылдан және қоспалардан тұрады. Жиналған астықты өңдеуді кешіктіруге болмайды. Қырмандарда астықты алғашқы тазалаудан өткізгенде, одан әлі қоспалар түгел, ал арамшөп тұқымдары және астық қоспасының кем дегенде 60% аластатылуы қажет. Екінші қайтара тазалағанда күрделі астық тазалағыш қондырғылар азық-түліктік астықтық тазалағыш базистік кондицияға жеткізгені жөн. Қырманға түскен астық құрамындағы арамшөп қоспасының мөлшері 5% аспағанда, тазалағыш машиналардан бір рет өткізгенде-ақ ол базистік кондицияға жетуге тиіс. Астықты кептіргіш қондырғысы бар агрегаттардан өткізіп, тиісті базистік кондицияға жеткізгенде астықтың сапасы толық сақталуға немесе жақсаруға тиіс. Қоспалардағы құнды астық дәндерінің мөлшері 3% асырылмайды. Тиегіш-түсіргіш машиналар мен қондырғылар дәнді зақымдамауға және үгітпеуге тиіс. Қырманда тазалап, өңдегеннен кейін астық ұзақ уақыт бүлінбейді, сақталуға жарамды болуы керек. Аталған талаптарды орындау үшін комбайннан қырманға түскен астықты жедел түрде өңдеу шарт және кептіруге дейін немесе сатқанға дейін дұрыс сақталуын қамтамасыз ету керек.

Жекелеген жылдары Солтүстік Қазақстан аймағында астық жинау науқаны жауын-шашынды ауа-райында жүргізілуде. Мұның өзі астық ысырабына әкеліп соғуда, ал мұны болдырмау үшін қазіргі кезеңде егін жинағаннан кейін тұқымдық және тауарлы астықты өңдеуде еңбек өнімділігі әр түрлі механикаландырылған дән тазартқыш-кептіргіш пункттерін кеңінен пайдалану негізге алынып отыр. Мұндай пункттердің әрқайсысы бірнеше жобамен жұмыс істей алады. Соның нәтижесінде, астық массасын керекті кондицияға жеткізе алады (ЗАВ-25, ЗАВ-50, Целинный,Петкус т.б)

Астық арнаулы қоймаларда сақталады, ол қүрғақ болуға тиіс: тұқымдық астықтың ылғалдылығы дақыл түріне қарай 11-13% -дан 14-16% -ға дейінгі аралықтан аспағаны абзал. Қоймалар тұқым құяр алдында арнаулы тазалау мен дезинфекциядан өтеді. Сақталатын тұқым тобының биіктігі 1,5-2,5 м-ден асырылмайды, оған сақтау мерзімі аралығында астық күйіне үздік-үздік бақылау жасалып отырылады.


Дәріс 14. Танаптық (далалық) өнгіштігі және оны жоғарылатудын жолдары.

І. Танаптық өнгіштік пен егін көгінің толықтығы.

2.Тұқым сапасы мен топырақ жағдайлары танаптың өнгіштіке әсер ететін факторлар .

І.Танаптық өнгіштік пен егін көгінің толықтығы.

Тұқымның далалық өнгіштігі, оның әртүрлі факторлар мен жағдайларға байланыстылығы. Ауыл шаруашылығы тәжірибесінде оптимальды жиіліктегі толық бағалы егін көгін өз мезгілінде алып және сақтаудың манызы зор. Алайда жоғары лабораториялық өнгіштігі бар тұқымды белгіленген себу нормасымен сепкенде жақсы егін көгін бере бермейді. Далалық жағдайда лабораториялық өнгіштігі жоғары тұқымдардын, барлығы бірдей көктеп шықпайды және егін көгінің жиілігі мен сабақ бітіктігі себу нормасымен ғана емес, сонымен бірге оның далалық өнгіштігімен анықталады.



Далалык, өнгіштік—далалық жағдайда пайда болған егін көгінің себілген өнгіш тұқым санының қатынасымен керсетілген процент мөлшері. Далалық өнгіштікті «барлық себілген тұқым санымен» анықтауды құптаған кейбір
авторлармен келісуге болмайды, өйткені бұл үғым егін көгіне тек қана далалық жағдайдың, әсерін ескеруді талап етеді.

Далалық өнгіштік барлық жағдайларда лабораториялық көрсеткіштен төмен және көптеген факторларға тәуелді. Бұл факторларды бес топқа бөледі: тұқым сапасы, метеорологиялық жағдайлар, топырақ жағдайлары; агротехника: тұқым мен өскінді зақымдайтын аурулар мен зиянкестер. Тұқымның далалық өнгіштігінің төмендеуі белгілі бір дәрежеде дәнді және басқа дақылдардың өнімін азайтады. Есептеулер көрсеткендей, далалық өнгіштік 1 процент төмендегенде егін өнімінің төмендеуі жаздық дақылдарда 1,5-2,0 процент, ал күздіктерде — 1,0-1,5 процент . Өнімнің азаюы әрі сабақ бітіктігінің есебінен, әр өсімдік өнімділігінің төмендеуінен болады. Далалық өнгіштік төмен болғанда, аңызға себілген көп тұқым зая кетеді.

Көптеген зерттеушілердің деректері бойынша Солтүстік Қазақстан аймағында дәнді дақылдардың далалық өнгіштігі бірталай факторларға байланысты 67-78 процент шеңберінде, майлы дақылдарда 41-81, мал азығындық шөптерде 36-69, мал азығындық таміржемістерде 31-60 процент. Сондықтан тұқымның далалық өнгіштігін арттыру —оптималды егіс жиілігін кұраудың манызды шарты және ауылшаруашылық дақылдарының өнімін молайтудың басты көзі.

2.Тұқым сапасы мен топырақ жағдайлары танаптын өнгіштіке әсер ететін факторлар Тұқымның далалық өнгіштігіне әсер ететін көптеген факторлардың ішінен ауылшаруашылығында ерекше манызы бар мыналарды бөліп алуға болады: тұқым сапасы, топырақ жағдайлары және агротехника әдістері (өсіру жағдайлары)

Толық бағалы әрі біркелкі егін көгін алу көп жағдайда тұқым сапасына байланысты: өну энергиясы мен өнгіштігіне, жарақаттануына, физикалык пісіп-жетілуіне, біркелкілігіне, ірілігіне т.

а) тұқымның лабораториялық өнгіштігі айтарлықтай дәрежеде далалық өнгіштікті анықтайды. Әдетте, лабораториялық өнгіштік төмендеген сайын далалық өнгіштік те төмендейді. Н. Н. Кулешов белгілегендей, лабораториялық өнгіштіктің аздап төмендеуінің өзі далалық өнгіштікке қатты әсерін тигізеді.

Егістікті лабораториялық өнгіштігі төмен бірақ жоғары себу нормасымен себу мына себептермен анықталмайды: біріншіден, бұл үлкен тұқым шығынына әкеліп ұрындырады; екіншіден, өнгіштігі төмен тұқымдардың тіршілігіне қабілеттілігі нашар және жоғары өнгіштегі тұқымға қарағанда далалық өнгіштігі анағұрлым төмен болады. Сонымен қатар далалык, өнгіштік пен егін сиреуінің арасында тікелей байланыс бар. Сондықтан кондициясыз тұқымдарды кондициялы тұқымға айырбастаған жөн.

ә) тұқымның жарақаттануы далалық өнгіштіктің төмендеуінің басты себептерінің бірі. Егін жинау кезінде және жинағаннан кейін өндегенде жарақаттанған тұқымдар тұқымның өнуі мен қалыптасуына ғана зиянын тигізіп қоймайды, сонымен бірге өсу процесін кешеуілдетеді, өсімдік өнімін азайтады. Далалық өнгіштікті әсіресе тұқым ұрығының жарақатталуы төмендетеді және олар сепкеннен кейін қолайсыз өну жағдайына кездессе бұл кұбылыс күшейе түседі (ылғал жетімсіздігінен, температураның төмен болуынан т. б.).

Соған қоса, жарақаттанған тұқымдар, әсіресе қабықсыздары, микроорганизмдердің өнуі мен көбеюінің негізгі объектісі болып шығады. Олар қорлық қоректік заттарды шығындап, әр түрлі аурулар қоздырады, ұрықтың өлуіне әкеліп соқтырады. Қазіргі заманғы егін жинау мен жинағаннан кейінгі астықты механикаландырылған әдіспен баптаудың нәтижесінде тұқым жарақаттануын болдырмау мүмкін емес, бірақ егін жинауды қолалайлы және қажетті мерзімінде өткізу, барабанның айналуын дүрыс реттеу, барабан мен деканың арасындағы кеңістікті және астық тазалағыш машиналардың дұрыс реттелуі арқылы жарақатталуды анағүрлым төмендетуге болады.

б) тұқым ірілігі мен ауыр салмақтылығы далалық өнгіштіке айтарлықтай өсер етеді, бірақ әртүрлі жағдайларда бұл біркелкі байқалмалды. Тұкым эндоспермі қоректік заттармен неғүрлым көп корланса, солғүрлым олармен ұрық жақсы қамтамасыз етіледі де куаттырақ өркен пайда болады. Далалық жағдайда мұндай өркендер (өскіндер) қолайсыз кедергілерді жеңіл женеді және топырақ бетіне жылдамырақ шығады.

Тұқымның орташа, ірі фракциялары мен олардың қоспасы далалык өнгіштігі мен өніміне айтарлықтай ықпал жасаған жоқ. Бірақ ұсақ тұқымдардың далалық өнгіштігі мен егін өнімі ерекше төмен болды, әсіресе тұқымды 10 см терендікке -сініргенде. Тұқымның далалық өнгіштігі мен топыраққа сініру тереңдігі арасындағы, сонымен бірге далалық өнгіштік пен өнімнің арасындағы тікелей тәуелділік өте анық байкалады.

Бұл сұрақ төнірегінде соңғы жылдары жүргізілген зерттеулерді қорытындылай келіп мынаны еске салу керек: ұзақ уақыт бойы ірі тұқымның артықшылығы және оларды жеке бөліп алып тұқымдық мақсатка пайдалану қажет деген қағитаны дәнді дақылдар үшін-шешілген мәселе деп қарауға болмайды. Себу үшін ірі тұқымды бөліп алудың қажеті жоқ, жалпы кондициялы тұкымнан ұсақ және сенген дәндерді аластатса жеткілікті. Алайда тұқым ірілігін мүлде есептен шығарып тастауға болмайды, өйткені өну күші мен әртүрлі фракциялар арасында анық шекара байқалады тұқым неғүрлым ірі болса, солғүрлым өну қуаты мол (бір дакыл немесе сорт шеңберінде). Мұның өзі далалык өнгішке әсер етеді.

в) өнімдегі тұқымның әр түрлі сапалылығы (эртектілігі) тұқым бөлігіндегі далалық өнгіштіктің төмендеуі мен лабораториялық және далалық өнгіштіктің арасындағы айырмашылықтың себептерінің бірі. Тұқымдардың физикалык және физиологиялық қасиетерінің әртектілігі олардың гүл шоғыры мен масақша орналасқан орынымен түсіндіріледі, сонымен қоса гүл шоғыры (масақ, сіпсебас) сабақ бітіктігінің қай қабатында қалыптасқанына негізгі, қуатты дамыған, немесе қосалқы әр мезгілде құралған сабақтарда—байланысты.

Қөптеген зерттеулермен ең ірі тұқымдар мен олардың жоғары себу сапасы сұлы мен тарыда сіпсебастың жоғары бөлігінде, қара бидай, бидай, арпада— масақтың орта бөлігінде, ал қарақұмық, ас бұршақ, ноқат, ноғатықта — төменгі бүршіктерде калыптасатыны анықталды.

Тұқым әртүрлі сапалылығының далалық өнгіштігін арттыру үшін ірілігіне қарай ең жақсы фракцияларды іріктеу арқылы бөліп алу және ұсақ әрі сенген тұкымдарды аластату қажет.

г) тұқымның физиологиялық піскендігі далалық өнгіштікке айтарлықтай әсер етеді. Биологиялық тыныштық кезеңін өтпеген тұқымдарды егіске пайдаланғанда олардың далалық өнгіштігінің айтарлықтай төмендейтіндігі байқалады. Бұл құбылыс күздік астық дақылдарын жаңа жиналған тұқыммен сепкенде және жаздық дәнді дақылдарды еліміздің солтүстік-шығыс аудандарында тұқымның толысуы мен пісу кезеңінде температурасы мен ылғалдылығы құбылмалы ауа райы тұрғанда байқалады.

Топырақтың құнарлылығы мен оны кұнарландыру күйі, оның механикалық құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері тұқымнын, далалық өнгішгігіне барынша әсер етеді.

Тым төменгі,сол сияқты тым жоғарғы температуралар тұқымның өнгіштігін азайтады.Далалық өнгіштік кенеттен салқындап және ұзаққа созылғанда, толассыз ақ жаңбырларда және сепкеннен кейін топырақтың

тығыздалуынан ерекше төмендеп кетеді.Мұның бәрі өскіннің пайда

болуын кен уақытқа дейін кешеуілдетеді.

Топырақтын физикалық, механикалық қасиеттері де тұқымның өнуі мен өсуіне тікелей де, өсіп келе жатқан өркендерге белгілі кедергі келтіріп, жанама түрде де, топырақтың су, жылу және ауа режимдерін өзгертіп әсер етеді.

Тұқымның өнуі мен өркеннің пайда болуына топырақтың егістік қыртысынын, тығыздығы маңызды рөл атқарады. Топырақ қыртысының өзгеруіне қарай оның жылу, су және ауа режімдері де өзгереді, ал бұл өркеннің пайда болу динамикасы мен тұкымның далалық өнгіштігің өзгертеді. Қорытылған деректер бойынша көпшілік далалык, дақылдар үшін орташа саздақ топырактарда ең қолайлы тығыздық 1,1-1,2 г/см3.



Топырақ тығыздылығының өркендерге әсерін тексерген көптеген зертеушілер топырақтың егіс кыртысының ылғалдылығы төмен болғанда топырақты тығыздау жақсы нәтиже беретіндігін дәлелдеді: соның әсерінен тұқымның топырақпен түйісуі, тұқымның, топыраққа сініру біркелкілігі, олардың сумен қамтамасыз етілуі жақсарады. Топырақтың қалыпты және мөлшерден тыс ылғалдығында тығыздықтың қолайлы мөлшерден жоғары көтеру өскіннің пайда болуын бөгейді, әрі өнгіштікті темендетеді. Сондықтан топыракты тығыздаушы құралдармен өңдегенде олардың оған әсер ету дәрежесін, сонымен қоса қалыптасқан ауа райы мен топырақ жағдайларын білген жөн.

Топыраққа сінірген тұқымдар және олардың өркендері әтүрлі топырақ зиянкестерімен зақымданады, мұның өзі далалық өнгіштікті төмендетеді. Бұл орайда проволочниктер (шыртылдақ қонызыдың личинкалары) (жалған-проволочниктер чернотелка қонызының личинкасы) өте қауіпті. Егер бір шаршы метрде 8-ден көп жоғарыда аталған қоныздардың личинкасы болса, онда олар көптеген өсімдіктердің далалық өнгіштігі мен тірі калуын төмендетеді.


15. Танаптық (далалық) өнгіштігі әсер ететін факторлар
1.Танаптық өнгіштіке агротехникалық әсер ететін факторлар

2. Әсер ететін факторларды арттырудың жолдары.



1.Танаптын өнгіштіке агротехникалық әсер ететін факторлар

Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, тәжірибе станцияларының қөп жылдық зерттеулері; аудара жыртуды, сыдыра жыртқышпен алмастыру топырақты жел эрозиясының құртуынан сақтайды, топырақ ылғалы мен атмосфералық жауын шашынды тиімді пайдалана отырып дәнді дақылдардың мол өнім алуға мүмкіндік береді, сонымен қоса /біркелкі өркендер мен өнім құруға әсер етеді.

Ең қолайлы агротехникалық мерзімде себу — тұқымның далалық өнгіштігін арттырудың басты шарттарының бірі. Себу мерзімі дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, сонымен қатар температура мен егілетін топырақ қыртысының ылғалдылығына байланысты. Сепкен уақыт пен өркеннің пайда болған кезеңіндегі топырақ пен ауаның температурасы арасында тура тәуелдік бар. Ал тұқымның топырақта жатқан мерзімінің ұзақтығы мен оның далалық өнгіштігінің арасында кері қатынас байқалады. Мәселен, ен, қолайлы (оптимальды) уақыттан ерте, қызбаған, салқын топыраққа сепкенде тұқымдар бертеді, бірақ сылбыр өнеді, өркеннің пайда болу уақыты созылады. Мұндай егістіктер арамшөптермен ластанады, тұқымның далалық өнгіштігі қатты төмендейді.

Ерте себілген тұқымның далалық өнгіштігінің азаюы ұзақ уақыт салыстырмалы төмен температуранын, ( + 14,5°) әсерінен, ал кеш себілгенде — топырақтың беті қыртысының кеуіп кетуінен болады. Егіс нормасы мен себу әдісі де әр түрлі далалық өнгіштік көрсеткішіне әкеліп соғады.



Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет