«Ауылшаруашылық дақылдарының апробациясы»


Тұқымдық егістікте агротехникалық жұмыстар



бет6/15
Дата25.11.2018
өлшемі2.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1.Тұқымдық егістікте агротехникалық жұмыстар

Жер таңдау. Тұқымдық егістіктерге жер таңдаудың маңызы зор. Ол үшін құнарлы топырақты, арамшөптерден таза танаптар таңдап алынады. Әртүрлі сорттарды өсіргенде бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдық егістіктерінің арақашықтығы 200 м, ал астық тұқымдас шөп тұқымдары егістіктерінің арақашықтығы 500 м кем болмауы керек.

Тұқымдық егістіктерді суармалы танаптарда немесе өзен алқаптарында орналастырған ыңғайлы. Кейбір жағдайларда тұқымдыққа, бұрынырақ себілген мәдени шабындықтар мен жайылымдардан әдейілеп бөліп, пайдалануға болады. Ол үшін екпе шөптерден күзде тұқымдық алаңдар таңдап алынып, тиісті шаралар қолданылады.

Мұндай егістіктерді ерте көктемде жақсы түктеніп ұрықты сабақтар түзуі үшін күзде минерал тыңайтқыштарымен қоректендіреді. Механикалық немесе химиялық әдістер қолданып арамшөптерден тазартады.

Топырақ өңдеу. Тұқым себер алдындағы топырақ өңдеу жұмыстары мәдени екпе шөп себу кезіндегіге ұқсас. Тұқымдық егістікте агротехникалық жұмыстар өте тыңғылықты, жоғары жауапкершілікпен жүргізілуі тиісті. Танаптың тазалығы – тұқымдық егіс үшін басты талап. Көпжылдық шөптердің бірінші себілген жылы өте баяу дамуына байланысты тез өсетін арамшөптерден қатты зардап шегеді. Сол себепті танаптың арамшөптерден тазалығы шешуші роль атқарады.

Танапты дайындау кезінде күзде аңызды қопсытып тиісті тереңдікте аудара жыртылады. Күзде жыртылған танаптан тұқым өнімі көктемде жыртылған танапқа қарағанда 25-35% жоғары болатыны анықталған. Шөп тұқымын тиісті тереңдікте сіңіру және егістік өнгіштігін арттыру үшін себер алдында топырақ беті тегістеліп тығыздалады. Тұқымды жамылғымен сепкен жағдайда танапты күзде жыртып, ерте көктемде тырмалайды және қопсытады. Алдымен жамылғы дақылы,содан кейін шөп тұқымы себіледі. Астықты-шөпті сепкіштерді (СЗТ-24 т.б.) пайдаланғанда тұқымдарды бір мезгілде себуге болады. Тұқымдық егістіктерді жаз мезгілінде сепкенде де жақсы нәтижелер береді. Ол үшін жаңа жинап алынған тұқымдарды пайдалануға болады.

Астық тұқымдас шөптерді (әсіресе күздік топтары) тұқымға күзде, күздік астық дақылдарын сепкен кезде себуге де болады. Шалғындық шөптерді тұқымдыққа тың жерлерге сепкенде жақсы нәтижелер береді. Ол үшін тың жерлерді 1-2 жыл өңдеп пайдаланғаннан кейін шөп тұқымын себу тиімді. Жоғары өнім алу үшін тұқымдық себер алдында танапқа органикалық және минерал тыңайтқыштарын береді. Топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерін жақсарту үшін органикалық тыңайтқыш (көң) берген тиімді. Әсіресе құнарлығы нашар құмдақ, балшықты топырақты танаптарға көң шашқан өте тиімді.

Тұқым себілетін танапқа алғы дақыл астына әр гектарға 30-40 т көң шашқан жақсы нәтиже береді. Сұйық көңді әр гектарға 7-10 т етіп көктемде шашады да, артынша тырмалайды.

Сонымен қатар тұқым себетін танапқа минералды: азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын береді. Қышқылды топыраққа әк шашылады. Органикалық және минерал тыңайтқыштарын бірге берген жағдайда тұқым өнімі айтарлықтай көтеріледі. Құнарлығы төмендеу далалық аймақта астық тұқымдас шөптер себетін танапқа тұқым себер алдында NРК тыңайтқышы беріледі. Астық тұқымдас шөптердің тұқым өнімділігіне азот тыңайтқыштары қатты әсер етеді.

Себілетін тұқым. Тұқымдық егістіктен жақсы өнім алу үшін себілетін тұқымның маңызы өте зор. Аудандастырылған және жергілікті сорттарды сепкенде жақсы өнім алынады.



2.Көпжылдық шөптердің егістік сапасы .Тұқымдық егістіктер жыл өткен сайын өнімін және тұқымдық сапасын (1000 тұқымның массасы, толықтығы т.б) жоғалтады. Мысалы Қазақтың шабындық және жайылымдық ғылыми-зерттеу институтының мәліметтеріне қарағанда еркек шөптің 1000 тұқымының салмағы бірінші жылы пайдаланғанда 2,1 г болса екінші жылы 1,8, үшінші жылы – 1,6, алтыншы жылы – 1,3 г дейін төмендейді.

Себілетін тұқымның өнгіштігі мен тазалығы да астық және бұршақ тұқымдас шөптерге қойылатын талаптарға сай стандартты болуы керек. Тұқымның өнгіштігі жоғары және таза болуы тиісті.

Бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдарының сырты көп жағдайларда қатты.

Соның салдарынан тұқымның бөртуі созылып шіріп кетеді. Сол себепті ондай тұқымның беткі қабатын механикалық жолмен зақымдау (скарификациялау) керек. Себер алдында тұқымды күн көзіне шығарып кептіру және жылыту жұмыстары оның далалық өнгіштігін көтереді.

Кесте.2 Көпжылдық шөптердің егістік сапасы (100% егістік жарамдылығына сәйкестендірілген)

Шөп түрлері



Класс

Тазалығы,%

Өнгіштігі,%

Ылғалдылығы,%

Арамшөптер тұқымдары

барлығы,%

соның ішінде

1

2

3

4

5

6

7

1.Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер

Егістік жоңышқа

1

96

80

13

0,5

100

(будандары)

2

96

70

13

1,0

200

Сарбас жоңышқа

1

95

70

13

0,5

200

(будандары)

2

95

60

13

1,0

300

Қызылбас беде

1

96

75

13

0,5

100

Түйежоңышқа

1

96

80

13

0,3

100

(ақбас, сары)

2

96

65

13

0,8

200

Егістік эспарцет

1

97

80

14

0,4

40




2

97

65

14

0,8

50

Құмдық эспарцет

1

97

75

14

0,5

40




2

97

65

14

1,0

50

Мүйізбас шөп

1

94

75

13

0,5

200

Шығыстың ешкі шөбі

-

90

50

13

1,5

200

Екпе сиыр жоңышқа

1

97

80

14

0,4

40




2

97

65

14

0,8

50

Шалғындық ноғатық

-

90

50

14

0,1

200

2.Көпжылдық астық тұқымдас шөптер

Қылтықсыз арпабас

1

95

75

15

0,6

240

(тік арпабас)

2

90

65

15

1,0

320

Жима тарғақ

1

95

75

15

0,5

200




2

90

65

15

1,0

300

Еркекшөп

1

90

80

15

0,5

200

(жалпақ, жіңішке масақты)

2

90

65

15

1,0

300

Шалғындық бетеге

1

85

65

15

0,6

400




2

80

50

15

1,0

600

Қызыл бетеге

1

90

70

15

0,5

200




2

85

60

15

1,0

300

Кәдімгі бетеге

1

90

70

15

1,0

200




2

90

50

15

1,0

240

Көгентамырсыз бидайық

1

95

75

15

0,5

200




2

90

65

15

1,0

300

Жатаған бидайық

1

95

75

15

0,5

200

(көкшіл сұр)

2

90

65

15

1,0

300

Көп орымды үйбидайық

1

95

80

15

0,6

240




2

90

70

15

1,0

320

Тарлау қияқ

1

90

70

15

1,0

240




2

70

60

15

1,5

320

Ескерту: Көбірек зиянды арамшөптерге қалуен, шытырмауық шөп т.б. жатады және тығыз болып келеді де, су сіңіруі нашарлайды.

Тұқым себу мезгілі мен әдістері. Шалғындық шөптердің тұқымын көктемде, жазда және күзде себуге болады. Тұқым себу әдісі қатарлап (15см) және кеңқатарлап (30,45,60 см). Тұқымды жамылғысыз, немесе жамылғымен себеді. Жамылғы ретінде көбінесе арпаны немесе сиыр жоңышқа – сұлы қоспасын пайдаланады. Шөп жамылғысын орып алғаннан кейін танапқа азот тыңайтқышын бергенде тұқым өнімі айтарлықтай жоғарылайды.

Кесте3. Көпжылдық шөптердің тұқымдыққа себілу мөлшері



Көпжылдық шөптер



Себілу мөлшері 1 га, кг

1000 тұқымның орташа салмағы, г

1 кг тұқым саны мың дана

Кеңқатарлап себу


Қатарлап себу



1.Көпжылдық бұршақ тұқымдастар

Егістік жоңышқа

5-7

10-12

1,95

540

Сарбас жоңышқа

5-7

10-12

1,40

730

Эспарцет

40-50

60-80

19,0

54

Ақ түйе жоңышқа

5-7

12-14

1,90

545

Мүйізбас шөп

5-6

9-10

0,95

1050

Шығыс ешкішөбі













2.Көпжылдық астық тұқымдас шөптер

Тамырсабақсыз бидайық

6-8

14-16

2,80

310

Қылтықсыз арпабас

8-10

18-20

350

285

Жима тарғақ

8-10

14-16

1,20

830

Шалғындық атқонақ

4-5

7-8

0,42

2380

Шалғындық бетеге

8-10

14-16

1,85

540

Шалғындық түлкіқұйрық

4-6

10-12

0,80

1250

Шалғындық қоңырбас

5-6

8-10

0,25

4000

Ақмамық

5-6

8-10

0,15

6666

Көпжылдық үйбидайық

6-8

12-14

2,15

465

Еркек шөп

5-7

10-12

1,85-2,10

476-540

Тарлау

5-7

10-14

2,80

310

Астық тұқымдас шөптердің тұқымын күздік жамылғы дақылдармен бір мезгілде себеді. Шөп өскіндері 10-14 күннен кейін пайда болып түптене бастайды да жақсы қыстап шығады.

Қазіргі кездері шаруашылықтарда тұқымдық шөптерді жазда және күзде себу кең қолданылып жүр. Жазда сепкенде тұқымдық егістікті таза парға, жамылғысыз орналастыру тиімді. Жазда себілген астық тұқымдастары күзге дейін жақсы өсіп-дамып, қыста жақсы сақталып келесі көктемде қарқынды өседі.

Шаруашылықта жаңадан енгізіліп жатқан шөп сорттарының тұқымын тез арада көбейту үшін кеңқатарлап, жамылғысыз себеді. Кеңқатарлап себілген тұқымдықтың қатараралығын жүйелі түрде өңдей отырып

арамшөптерден таза ұстау керек. Тек сол жағдайда ғана тұқым өнімі жоғары болады.

Тұқым себу тереңдігі және себу мөлшері. Шөп тұқымының далалық өнгіштігін көтеруде тұқым себу тереңдігін қадағалаудың маңызы зор. Ауыр топырақта терең себуге (0,5-2,0 см), ал жеңіл құмдауыт және құмбалшықты топырақта таяз (1,0-4,0 см) себуге болмайды. Төменде республикада себілетін негізгі шөп түрлерінің тұқым себу мөлшері келтірілген (кесте3).

Тұқымдық егісте шалғындық шөптерді таза жекедара себеді, шөп қоспасында оның өнімі де сапасы да төмендеу болады.



Тұқымдық егістікті күтіп-баптау. Тұқымның өнімі, сапасы және пайдалану ұзақтығы тұқымдық егістікті күтіп-баптауға тікелей байланысты келеді. Жақсы күтіп-баптағанда тұқымдық егістік 3-4 жыл бойы өнімін төмендетпей сапалы тұқым береді.

Тұқымдық егістікті күтіп-баптау жұмыстары жалпы екпе шабындықтар мен жайылымдарда жүргізілетін агротехникалық шараларға сәйкес келеді. Жоғары өнім қалыптастыру үшін ең алдымен арамшөптерді жою жұмыстары шешуші роль атқарады. Арамшөптердің өсу ортасына бейімделген, тез өсіп дамитынын және алғашқы кезеңде шөп өскіндерін өсуіне қатты тежейтінін естен шығармау керек.

Жамылғысыз себілген тұқымдық егістікте бірінші және одан кейінгі жылдары химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі де үстеп минерал тыңайтқышымен қоректендіріледі. Бірінші жылы алдымен танап бетін орып тастаған тиімді. Тұқымдық егістікті жаздық немесе күздік жамылғымен сепкен жағдайда күтіп-баптау жұмысы жамылғы дақылын жинап ала салысымен жүргізіледі. Арамшөптерге қарсы гербицидтер шашылады, өсіп кеткен шөп үстеп қоректендіреді: бұршақ тұқымдастарға фосфор-калий тыңайтқыштарын (РК); астық тұқымдастарға азот тыңайтқыштарын (N) береді. Кеңқатарлап себілген тұқымдық егістіктерді бірінші жылы культиватор жіберіп қатараралығын қопсытады, бетін шауып тастайды, қоректендіреді. Екінші және одан кейінгі жылдары егістіктің қатараралығына екі рет культиватор жіберіп өңдейді (бірінші рет – көктемде, екінші рет – тұқымды жинап алғаннан кейін) және танапқа минералды тыңайтқыштар шашады.

Тұқымдық егістіктерді үстеп қоректендіруге мынадай минерал тыңайтқыштарының мынадай мөлшері алынады (кг/га ә.з.): астық тұқымдастар үшін N Р К; Ескірген тұқымдықтарға бұдан жоғарырақ мөлшерде тыңайтқыштар беріледі. Тұқымдарды үстеп қоректендіру екі кезеңде жүргізіледі: алғашқысы – ерте көктемде, одан кейінгісі – күзде тұқым жинап алынғаннан кейін. Ұсынылған минерал тыңайтқыштары бірдей мөлшерде бөлініп шашылады.

Жоғары мөлшерде азот тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіру арқылы астық тұқымдастарының өнімін көтеру көпшілік жағдайларда өсімдіктердің жапырылып тозаңдануы, тұқым салуы және жинауына қиыншылықтар туғызады да алынатын өнімі төмендеп кетеді. Мұндай ерекшеліктер суармалы және өзен алқаптарына себілген тұқымдықтарда байқалады. Ондай жағдайларды болдырмау үшін әрине жапырылуға шыдамды сорттарды өсіру керек. Тұқымдық егістіктерге жапырылуға қарсы Түр препаратын қолданады. Көпшілік астық және бұршақ тұқымдас шөптердің айқыш тозаңдануына байланысты өнімін көтеру үшін оларды қолдан тозаңдандырудың маңызы зор. Астық тұқымдастарының желмен таралса, бұршақ тұқымдастардікі – жабайы аралармен және басқа шыбын-шіркейлермен таралады. Сол себепті шыбын-шіркейлерді тұқымдық егістікке шоғырландыру үшін мал азықтық шөп егістерін гүлдену фазасына дейін жинап алған абзал. Бұршақ тұқымдастарының жақсы тозаңдануы үшін 50 гектар тұқымдыққа 10-20 шақты ара ұяларын ұстау ұсынылған.

Күтіп-баптау жұмысына тұқымдық егістің сиреп кетекн алаңдарына үстеп тұқым себу жұмысы да жатады. Ол үшін сол өсімдік түрін және реті келсе себілген сортты пайдалану керек.

Жауын-шашын аз түсетін аймақтарда қыста егістікке қар тоқтату жұмыстары да жүргізілуі тиісті. Бұл шаралар топыраққа ылғал жинаумен қатар шөптердің қыста үсіп кетуін болдырмайды.


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет