«Ауылшаруашылық дақылдарының апробациясы»


Дәріс 8. Тұқымдық алқаптарды жинаудың биологиялық негіздері



бет5/15
Дата25.11.2018
өлшемі2.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Дәріс 8. Тұқымдық алқаптарды жинаудың биологиялық негіздері.
1.Тұқымдық егістіктің жинау мерзімі мен тәсілдері.

2.Пісу кезендерін және жинау мерзімін анықтау әдістемелері.



1.Тұқымдық егістіктің жинау мерзімі мен тәсілдері.

Өсірілген өнімді (егінді) жинау. Солтүстік Қазақстан негізінен астық өсіретін аймақ болғандықтан, біз бұл оқулықта астық алқаптарын жинау ерекшеліктеріне ғана тоқталмақпыз, басқа дақыл өнімдерін жинау технологиясы жоғарыда аталған бөлімде көрсетілген.

Егінді жинау тәсілдері. Егіншілік дамуының алғашқы сатысында астық көп кезеңді тәсілмен жиналды: балауызданып пісу кезеңінде егін орақпен, шалғымен немесе жинағыш машиналармен (лобогрейка), т.б. шауып, қолмен немесе жинағыш машиналармен бауға түсірді.

Соңынан баулар кескестеп қаланатын да, кейіннен қырман басына маяға үйілетін. Одан әрі қарай астық шыншырларды пайдаланып қолмен немесе астық бастырғыштармен (молотилкалармен) бастырылатын. Бұл тәсіл көп шығын, адам күшін талап ететін әрі өнімсіз болатын.

Техникалық прогрестің нәтижесінде біздің еліміз де дамыған елдер сияқты, комбайнмен бір кезеңді астық жинап бастыру тәсіліне көшті (өткен ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап). Егінді комбайнмен жинаудың нәтижесінде астық шығыны 2-3 есе азайды, бүкіл жұмыс механикаландырылып, қол күші босады. Еңбек өнімділігі ондаған есе артты. Бұл тәсіл ұзақ уақыт қолданылып келді. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, оның да кемшіліктері жоқ емес. Атап айтқанда, осы заманғы комбайн тек қана піскен, құрғақ егінді ғана жинай алады, басқаша айтқанда егін жинау кеш басталады. Бұл тікелей орып бастырудағы үлкен кемшілік, өйткені өсімдік биологиясымен қайшылыққа ұрынады. Мәселе мынада: толық піскеннен кейін дәнді дақылдар астығының биологиялық өнімі мен сапасы қысқа уақытта ғана тамырында тұрып (5-6 тәулік) бұл көрсеткіштерді өзгеріссіз сақтайды, ал содан кейін өнімі төмендеп, сапасы нашарлайды. Тамырында тұрып қалған дақылдың дәндері шашылып, масақтары опырылып түседі, астық шығыны артады. 1000 дәннің массасы мен көлемдік салмағы кемиді, технологиялық сапа көрсеткіштері төмендейді.

Бір танаптағы егіннің біркелкі піспеуі жалпы дәнді дақылдарға тән. Астықтың біркелкі піспейтіндігінен дәннің бір бөлігі әлі піспегенде, ал негізгі массасы піскенде оны тікелей орып бастыруға тура келеді. Барлық дәннің пісуін күткен жағдайда астың өнімінің бір бөлігі жоғалады, өйткені бүрын піскен дәндер шашылып қалады. Шығынды азайту үшін тікелей орып бастыруды ерте бастауға тура келеді, мұндай жағдайда дәннің бәрі пісіп үлгермейді. Осының әсерінен комбайн бункеріне түскен астықтың ылғалдылығы жоғары болады. Оған бункерге түскен арамшөптер мен өркен-сабан да әсер етеді. Әр түрлі қоспалары бар ылғалды астыңғы қырманда тазалап, саңтау өте қиын. Ылғалды астықтың сапасы нашарлап кетпеуі үшін қосымша кептіру, аударыстыру және күрделі астық тазалау жұмыстарын жүргізу қажеттігі туады.

Балауызданып піскен кезінде көпшілік дәнді дақылдар дәннің сапа көрсеткіштері — 1000 дәннің массасы, көлемдік салмақ, өсу күші, технологиялық, т.б. барынша жоғары екендігі ғылыми әдебиеттерден белгілі (Г. В. Коренев, 1971;М.К.Сүлейменов, 1988). Дақылдың мұндай биологиялық ерекшеліктерінен мынадай технологиялық және экономикалық маңызды қорытындылар туындайды: дәнді дақылдарды барлық дәндері толық пісіп шашыла бастағанда емес, дәндер масақша қауызында нық отырғанда, шашылмай және сапасы жоғары кезінде балауызданып піскенде жинаған дұрыс. Мұндай күйдегі астық егінін бөлектеп, екі кезеңде жинаған абзал. Оның мәні мынада: бүтін егін жинау үрдісі екі кезеңде жүргізіледі, астық қатардағы жатқалармен шабылып дестеге түсіріледі де, соңынан дән мен сабанның кебуіне қарай 3-5 тәуліктен кейін десте жинағыштар /подборщиктер/ мен жабдықталған комбайндармен олар бастырылады. Бұл тәсілдің төмендегідей артықшылықтары бар:


  1. Балауызданып піскенде шабылған астықтың /дәннің/ шашылуынан болатын шығыны азаяды, астың өнімі 2-3 ц / га артады.

  2. Астың қырманға құрғақ және арамшөптермен аз ластанған күйінде түседі.

  3. Бөлектеп жинағанда аймақ пен ауа райының ерекшеліктеріне қарай егінді 3-11 тәулік ерте шабуға мүмкіндік туады, соның нәтижесінде егін жинау науқаны тездетіледі.

  4. Комбайн агрегаттарының ауысымдық еңбек өнімділігі артады.

  5. Егін жинағаннан кейін астық өңдеу шығындары азаяды, еңбек өнімділігі артады.

  6. Күшті желдер егістікті шамалы зақымдайды.

  7. Сабан мен мекеннің шығыны азаяды, танаптар олардан ерте босайды әрі жыртылған жер дайындау да ерте басталады.

Бөлектеп жинаудың жоғарыда аталған артықшылықтары оның экономикалық тиімділігін де анықтайды. Алайда, бөлектеп жинағанда қосымша еңбек және жағар май шығыны болады, өйткені бір танапта егін жинау агрегаттары екі рет өтеді. Бұл бөлектеп жинаудың кемшілік жағы. Дегенмен қосымша шығындар толығынан қайтарылады.

Солтүстік Қазақстан аймағында дәнді дақылдарды бөлектеп жинау кеңінен қолданылады.



2.Пісу кезендерін және жинау мерзімін анықтау әдістемелері.

Егінді жинау мерзімі. Дестеге шабу мерзімін дұрыс анықтау — егінді бөлектеп жинаудағы маңызды агротехникалық шара. Ерте шабылған астықтың өнімі кемиді, дәндері семіп қалуы мүмкін, ал кеш шабылғанда бөлектеп жинаудың барлық артықшылықтары жойылады (астық шығыны артады, дән және тұқым сапасы төмендейді). Ауыл шаруашылығы өндірісі жағдайында дестеге шабуды көпшілік жағдайда кеш бастайды, әсіресе шаруашылықтың егістік көлемі үлкен болғанда, әрине, бұл құптарлық шаруа емес.

Іссанада /практикада/ бидайды дестеге шабудың ең жақсы мерзімін қалай анықтауға болады? Қолайлы жинау мерзімін анықтау үшін бірнеше әдістер қолданылады: дәннің ылғалдылығы, меншікті салмағы, сыртқы белгілері мен консистенциясы. 1000 шикі дәннің массасы бойынша және эозин тәсілі.

Дәннің пісу кезеңін бақылауды өсімдік гүлдегеннен кейін бастайды да, егін жинауға дейін жалғастырады. Дәннің массасы, ылғалдылығы мен оның тұқымдық және тауарлық сапасында болатын өзгерістерді білу мақсатымен әрбір бес тәулік сайын егістіктің әр жерінен 100 өнімді сабақ /негізгі сабақтардан/ үлгі алынып, этикеткамен бірге бауға байланады. Бауға алынған күні дән үгітіледі де, әр түрлі әдістермен оның пісу кезеңі анықталады.

Танаптарды жинауға дайындау. Бұл жұмыс егін жинаудың басталуынан 7-8 тәулік бұрын жүргізіледі. Танаптар айналдыра шабылады, арамшөптермен ластанған алқапты шауып алады, басқа да мүмкін кедергілер аластатылады. Осыдан кейін танаптар қашаларға /загонкаларға/ бөлінеді. Комбайндарға астық түсіру магистралдары және бұрылыс жолақтары дайындалады.

Танаптарды айналдыра шабу шапқыштармен немесе жатқалармен дестелерді шабылмаған алқаптан 3-4 м қашықтықта түсіріледі. Бұрылыс жолақтары мен астық түсіру магистралдары ЖНС-6-12, ЖВН-6, т.б. жатқалар мен шабылған дестені шалғын жолының ортасына масақтар бір жаққа бағытталған тәртіппен шабылады.

Тікелей орып бастырылатын танаптарда қаша /загонка/ бөлу, бұрылыс жолақтары немесе астық түсіру магистралдарын шабуды егін жинаудың тура алдында жүргізуге болады. Мұндайда сабан мен мекенді 2ПСТ-4887А тіркегіш-арбаларға жинақтап, танаптардан алып кеткен жөн.

Қашаларды танаптардың бүкіл ұзындығына енін біркелкі етіп бөледі:

Комбайндар бөлімдік тәсілмен жұмыс істегенде - 50-150 м, ал ірі топтық тәсілде - 400 м. Бұл жұмыстың нәтижесінде комбайн жатқасымен шауып, бүкіл танап ұзындығына бір шалғы жолы жасалады. Қашаларды жинау қарсаңында шалғы жолы дестелерін жинап, бастырады.

Сабан мен мекенді тіркеме арбаларға жинап танаптан шығарылады.



Тікелей орып бастыруға қойылатын агротехникалық талаптар.

Бидай астығын жинауды оңтайлылықпен жүргізіп, оның пісіп-жетілу ерекшеліктерін ескере отырып, кең тараған екі тәсілдің - тікелей орып бастыру және бөлектеп жинау қай қолайлысын, тиімдісін таңдап алған жөн. Сондықтан Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-нің және басқа ғылыми мекемелердің ғалымдары ұсынған кепілдемелерді мұқият ескерген дұрыс.

Өнімі 7-11 ц/га аралығындағы аласа, сирек өскен, арамшөптер мен сабан өркендерден таза және біркелкі піскен (өсімдіктердегі негізгі дәндердің 95% толық пісу кезеңіне жеткенде) егістік алқап комбайнмен тікелей орып бастырылады. Ғылыми деректерге қарағанда, комбайнмен тікелей орып бастырғанда жаздық бидайдың әр түрлі сорттарында толық пісуден 10 тәуліктен соң, астық шығыны 1,0-8,0 ц/га, ал 30 тәулікте 3,2-12,8 ц/га болған. Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бақылауларында піскеннен кейін тамырында 10 тәулік тұрып қалған егін шығыны дәннің шашылуынан 16% асқан(М.К.Сүлейменов, 1981).

Тікелей орып бастырғанда сабақтардың кесу биіктігі және агрегаттың жұмыс жылдамдығы шабылмай қалған масақтағы дән мен комбайн молотилкасының шығар аузынан болатын шығынды болдырмайтындай етіп таңдаған дұрыс. Дәнді дақылдар егістігін шабуға кең алқымды хедерлерді пайдалану қажет, мұның өзі комбайн молотилкасын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Егінді тікелей орып бастырғанда сабан мен астық мекенін жинау операцияларында өнім массасын танапаралық жолға және көрші танаптарға шашуға рұқсат етілмейді. Кесілмей қалған сабақтар (масақтар) және дән шығыны қалыпты жағдайда 0,5% , ал жапырылып қалған алқаптарда 1,5% асырылмайды, үгітілген дәннің, мөлшері2,0% аспауға тиіс.

Бидай егістігін бөлектеп жинауға қойылатын агротехникалық талаптар. Солтүстік Қазақстан аймағында дәнді дақылдарды бөлектеп жинау кеңінен қолданылады. Бұл дақылдың дамуы мен егін жинау кезеңіндегі ауа-райының ерекшеліктеріне көп байланысты. Аталған аймақта астық дақылдары біркелкі піспейді, себебі әр қилы: жекелеген жағдайларда топырақтың беткі қабатының кеуіп кетуінен тұқымның далалық өнгіштігі төмен болады; көктемде көктемеген тұқымдар жауын-шашынның әсерінен маусым айының соңында егін көгін береді; мамыр-маусым айларындағы ұзақ қуаңшылықтың шілдедегі мол жауын-шашынмен алмастырылуы өсімдіктерде жаңадан қосымша өркендердің қалыптасуына әкеліп ұрындырады; тұқымның топырақ қабатына біркелкі сіңірілмеуі; бір агрегаттағы сепкіштердің әр түрлі тұкым мөлшерін себуі, т.б. Жоғарыда келтірілген себептерден астық алкабының пісу мерзімінде айтарлықтай ауытқушылың байқалады: құрғақшылық жылдары балауызданып пісу мерзімі 10-15 тамыз, ал салқын және жаңбырлы жылдары оның пісуі 10-15 қыркүйекке дейін, тіпті одан да ұзақ мерзімге созылады. Сондықтан шаруашылықтардың бұл аймақта дәнді дақылдардың көпшілігін негізінен бөлектеп жинауы түсінікті.

Егіс алқабын шабуға негізінен ЖВН-6, ЖВР-10, ЖНС-6-12 және басқа жаткалары, ал дестелерді бастыруға ППГ-ЗА және басқа десте жинағыш тіркелген комбайндар (СК-5 НИВА, ЕНИСЕЙ-1200, ДОН-1200 және олардың модификациялары) пайдаланылады. Кесу биіктігі танаптағы сабақ жиілігі мен егін тазалығына қарай белгіленеді. Сабаң биік кесілгенде аңыз паясының дестені ұстау қабілеті төмен және ылғалды ауа-райы қалыптасқанда дестелер жерге жатып қалады да, бөлектеп жинаудың сапасы нашарлайды. Сондықтан көптеген дәнді астық дақылдары сабағының қолайлы кесу биіктігі 15-22 см деп есептеледі. Сабақ бітіктігі мен ауа-райы ерекшеліктеріне байланысты жалқы, қосарланған (десте үстіне десте) және жалғастырылған (десте жанына десте) дестелер қалыптастырылады, қосарланған дестелерде гүл шоғырларын бір бағытқа жатқызады.

Төмен өнімді алқаптарды 10ц/га дейін) амалсыздан бөлектеп жинауға мәжбүр болғанда қосарланған дестелер калыптастырылады. Зерттеулер көрсеткендей, бір шаршы метр алаңнан шабылған сабақтардың жиынтық ұзындығы 100-130 м (қатардағы сепкішпен сепкенде 100 м, ал паялы-аңызды сепкіштерде 130 метрден кем емес) болғанда десте аңызда орнықты жатады. Дестелерді егістікте себу бағытына көлденең немесе қиғаш бағытта шауып түсірген дұрыс. Дақылды жолақты танаптарда орналастырғанда себу мен егін жинауда біршама өзгешеліктер бар, өйткені жолақтың ені (50-100 метрден) себу мен жинауды бір бағытта ғана жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда сүрі танабын (пар жолағын) СЗ-3,6 немесе оның модификацияларымен сепкен жөн (аңызды сепкіштерге қарағанда олардың қатараралықтары тарлау -15 см). Сүрі танабының жолақтарын және оларға көрші сүріден кейінгі 2 — бидай танабын бір мезгілде сепкенде (екі жылдан кейін) СЗС-2,1, СЗС-6-12 немесе СЗС-2ДЛ сепкіштерінің бірін пайдаланған дұрыс және себу бағыты жолақтарға көлденең жүргізіледі. Себу тереңдігі біркелкі болу үшін сүрі танабы жолақтарында қосымша тығыздау жұмысы (ЗКК-6А тығыздағыштарымен) іске асырылады. Егін жинаған кезде жолақтардың әркелкі пісуінен оларды жеке-жеке себу бағытына көлденең шауып дестеге түсіреді.

Жақсы ауа-райы қалыптасқанда дестедегі масса 3-7 тәулікте кеуіп үлгереді, осыдан кейін оны бастырған дұрыс. Дестеде дәнді ұзақ уақыт бойы қалдыруға болмайды, өйткені өнімнің сапасы төмендеп кетеді. Дестелерді астық ылғалдылығы 22% аспағанда бастыра бастайды. Дәннің тым кеуіп кетпеуін (14% төмен емес) қадағалау қажет.

Астық өнімі гектарына 11,0 центнерден жоғары болғанда, ең дұрысы дақылды балауызданып пісудің орта кезеңінде (дән ылғалдылығы 30% бөлектеп жинау болып табылады. Шаруашылықтардағы комбайндардың (жаткалардың) еңбек өнімділігі ең қолайлы нұсқада себу жұмыстарындағы өнімділікке жетуге тиіс, осыған ұмтылу керек, басқаша айтқанда шабуды 10 тәулікте аяқтау қажет. Техника қуаты жеткіліксіз болған жағдайда егіннің бір бөлігі қолайлы нұсқадан ауытқып шабылады.

Мұндай ауытқушылық мәселесін шешуге күнтізбелі пісу мерзімі айтарлықтай маңызға ие болады. Ерте және орташа мерзімде піскенде бидай шабуды балауызданып пісудің орта кезеңінде бастайды. Егер егіннің пісуі 7-10 тәулікке кешіксе, онда Республикамыздын, солтүстік облыстарында дестеге шабуды балауызданып пісудің басына қарай дән ылғалдылығы 35-37% , ал пісу кезеңі екі аптаға кешіккенде шабуды дәннің 38-40% ылғалдылығына сәйкес келтіреді.

Бөлектеп жинауды тым ерте бастағанда да егін шығыны байқалады. Қолайлы пісу кезеңімен салыстырғанда балауызданып пісудің бас кезінде жинағанда астық өнімі 1,6-2,3 ц/га (өнімнің 8-10%), ал сүттене пісудің соңында жекеленген жылдары ол 3,1-7,6 ц/га кемиді. Ерте жиналған астық өнімінің төмендеуі 1000 дән массасының азаюына байланысты. М.К.Сүлейменовтің деректері бойынша (1981) Саратовская 29 жаздың бидайы 1000 дәннің массасы балауызданып пісудің ортасында жинағанда 39,5 г, ал сүттене піскенде, сүттене пісудің соңында және қамырлана піскен күйінде немесе балауызданып пісудің ортасынан 20-10 және 5 тәулік ерте жинағанда тиісінше 27,5; 34,1 және 36,5 г болды. Қысқасы, тым ерте жиналған егін өнімі қалыпты жағдайдағыдан 24% дейін кемитіндігі дәлелденді. Егін жинаудың астык, шығыны өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне де байланысты: жекелеген өсімдіктер, гүл шоғырындағы масақшалар, олардағы гүлдер өркелкі гүлдеп піседі. Негізгі дәндер толың піскеннің өзінде олардың 15-20% өлі балауызданып пісудің басы, ал бір бөлігі тіпті сүттене пісу кезеңінде болады. Мұндай жағдай көбінесе жазғы мол жауын-шашынды жылдары өркен сабақтардың көп қалыптасуынан байқалады.

Өркен сабан (подгон) төменгі қабатта дамыған жылдары бөлектеп жинау мерзімін негізгі масақ белгілері бойынша анықтайды. Егер өркен сабанның масақтары жоғары қабатта (негізгі сабақтан биік) және дәні пісіп үлгеретін болса, онда егін жинау мерзімін осы жағдай анықтайды. Алайда мұндай дәндердің толық пісуін күтіп қалуға болмайды, өйткені ол кезең қыркүйектің ортасына қарай, тіпті оның соңына дәл келуі мүмкін. Мұндай астықты күнтізбелік мерзіммен орайластырып шапқан жөн: уақыт мүмкіндік берсе (тамыздың соңына дейін) онда күту керек. Сүттене пісу кезеңіндегі дәндер кейбір жылдары өнімге айтарлықтай қосымша үлес қосады (М.К.Сүлейменов, 1988).
Дәріс 9. Тұқымның жарақаттануы және оны азайту жолдары.
1.Жарақаттану түрлері, олардың белгілері.

2.Жарақаттану себептері.

3.Жарақаттануды анықтау тәсілдері.

4.Тұқым жарақаттануын азайту жолдары.


Астық бастыру, екпе дақылдардың тұқымын өңдеу жұмыстары негізінен механикаландырылған. Комбайындар мен молотилкалардың, тұқым тазалағыш және сорттағыш машиналардың, кептіргіштердің әртүрлі тиеу құралдарының сеялкалар мен басқа машиналардың жұмыс органдары тұқымдармен түйісу және оларға әсер етудің нәтижесінде белгілі бір дәрежеде оларды жарақаттайды. Әсіресе астық бастырғанда тұқымның ең көп жарақаттануы байқалады.

1 .Жарақаттану түрлері,олардың белгілері. Зақымдану дәрежесіне қарай тұқым жарақаттануының екі түрі ажыратылады:

а) Макро-жарақаттар-тұқымның бір бөлігінің шығынына байланысты анық көрінетін зақымдар (уатылған, ұрылған, езілген, ұрықтың толық немесе бір бөлігінің болмауы). Тұқым тіршілігіне ен қауіптісі осылар, кебінесе шығымдылықты жоғалтуымен байланысты. Макрозақымданған тұқымдарды себуге дейіп тазалау мен сорттаудың нәтижесінде бөліп алуға болады.

ә) Микрожарақаттар — көрінбейтін, көзге шалынбайтын зақымдар. Бұл қабықтар мен ішкі жасушалардың жарықшағы, олар микроорганизмдер мен ішкі зиянкестердің әсерінен пайда болады. Микрозақымдардан олардың айырмашылығы сол, қазіргі тұқым тазалағыш машиналармен оларды бөліп алуға болмайды. Олардың тұқым сапасына тигізетін теріс әсері, айтарлықтай, әсіресе ұрықтың зақымдары қауіпті.

2.Жарақаттану себептері. Тұқымның жарақаттануы, тек қана олардың қабығы жарақаттанса да, тұқымның қоректік заттарына микроорганизмдердің кіруіне жол береді. Зақымданған тұқымдардың тыныс алу энергиясы да жоғары. Мұның өзі сақтауга қойған тұқымнын көгеріп зеңденуіне, өздігінен қызуына және басқа бүлінулерге әкеліп соғады.

Тұқымның ең көп зақымдануы астық бастырумен байланысты екендігін ескере келіп, жарақттанудың себептері мен оларды болдырмаудың мүмкіндіктеріне тоқталған жөн. Астық бастырғанда тұқымның жарақаттануының себептері сан алуан, бірақ олардың негізіне астық бастырудың технологиялық процесі мен тұқымның физикалық-механикалық қасиеттерінің сәйкессіздігі жатады.

Тұқымның пісуіне қарай олардың аналық өсімдікпен байланысы әлсірейді. Бұл бір мезгілде болмайтындықтан жекелеген тұқымды бөліп алуға жұмсалатын күш пен жұмыстын мөлшері әртүрлі болады. Алайда, астык, бастырудың қазіргі технологиясы мен бастыру аппараттарының кұрылысы гүл шоғырындағы ең мықты бекіген тұқымдарды бөліп алуға бағытталған. Осының натижесінде тұқымның көп бөлігі артык салмақ алады да закымданады. Сондықтан астық бастырғаңда тұқымнын, жарақттануына әсер ететін факторлар:

1. Барабанның айналу жылдамдығының шамасы (айналу сапы). Орталық машина сынау станциясыныц деректері бойынша комбаин барабанының айналу жылдамдығын минутына 1200-ден 900-ге дейін азайтқанда бидай тұқымының закымдануы екі есе кемиді, оның үстіне негізінен бұл микрозақымданудың, әсіресе ұрықтың, азаю есебінен болады. Сондықтан тұқымдық егістікті жинағанда барабанның айналу жылдамдығын азайту ұсынылады және мүмкіндігінше бастырудан болатын шығынды азайтуға тырысу қажет. Барабанның айналым саны көп болғанда дәндібұршак, және майлы дақылдардың, қарақұмықтың т. б. Тұкымдары ерекше катты уатылады. Осы жағдайларды еске ала келе тұқымдық егісті жинағанда барабанның айналу жиілігі әртүрлі дақылдарда мына шамадан аспауға тиіс: бидай мен сұлыда 800—900; қара бидай, арпада — 700—800, тарыда 600— 700, қарақұмық пен асбұршақта — 450—500, күнбағыста —400-450 айналым/мин.

2. Барабан қырлары меи барабан асты жұқа тактайшаларының кіру және шығу санылауларының шамасы. Тұқымды жарақаттамау мақсатымен, дәннің үлгілуін қамтамасыз ете отырып аталған тетіктердің арасындағы сақылауды барынша үлкейту кажет. Егер аталған реттеу жұмысы нәтиже бермесе, барабанның айналу санын өзгертуге тура келеді.

3.Бастыру аппаратына 1 сек. берілетін астық массасы, немесе оның жұмыс


німділігі. Жиналатын дақылдын, бастыру аппаратына берілетін массасын кебейткен сайын тұқымның макро-және микрозақымдануы азаяды.

Алайда берілетін массаны белгілі бір, комбайн бастырғышына есептелген, шегіне дейін ғана арттыруға болады. Берілетін массаны мүмкін дәрежесінен жоғарылатса астықтың сабанмен топанға кететін шығыны күрі артады, өйткені сабан екшеуіш пен тазалау белгілі бір берілетін массаға есептелген.

4. Жаңа комбайында және жаңа бөлшектерді орнатқанда бастыру аппаратының жұмысшы органдарында кездесетін өткір жиектер мен шығыңқы жерлер тұқымның жарақаттануын біршама арттырады. Сондықтан тұқымдық егістіктерді жинауға жүргізіліп, жаттыққан комбайндарды пайдалану қажет.

5. Әртүрлі дақылдар мен сорттар тұқымдарының морфологиялық анатомиялық ерекшеліктері тұқымның әртүрлі механикалық әсерлерге төтеп беруін анықтайды. Мысалы, қара бидай бидайға қарағанда көбірек зақымданады, өйткені оның дәнінің ұрығы шығынқы орналасқан және қабыршағы борпылдақ болып келеді. Жылтырлығы (шынылығы) жоғары болғандықтан қатты бидай жұмсық бидайға қарағанда күштірек зақымданады. Кабыршағы жұқалау ақ бидай қызыл бидайға қарағанда біршама қаттырақ зақымданады. Тіс тәрізді жүгерінің тұқымы ұзын әрі эндоспермдегі крахмал дәндері борпылдақ болып келетіндіктен көбірек зақымданады.

Тұқымдары қабықты болып келетіп дақылдардың жарақаттануы қабықтарының опырылуымен байланысты және ол ұрықтың зақымдануына әкеліп соғады. Барлық осы ерекшеліктерді астық бастыру алдында комбайнды дайындап реттегенде ескеру қажет.

6. Астық бастырған кездегі тұқымның ылғалдылығы көп дәрежеде олардың жарақаттануға төзімділігін анықтайды. Тұқым бастырарда тым құрғақ немесе тым ылғалды болса да жарақаттанады. Құрғақ тұқымдар қатты соққыдан жарылып кетсе, ылғалды тұқымдар деформацияға ұшырап микрозақымдар алады. Астық бастырған кездегі дәнді, дәндібүршақ дакылдарының жеке мал азығындық шөптердің тұқым ылғалдылығы15—21 %, ал майлы дақылдарда 13—15% болғанда тұқымдардың ең аз зақымданатыны анықталды. Егер егістіктің күйі мен ауа райы жағдайлары мүмкіндік берсе тұқымдық алқаптарды екі кезенді әдіспен жинаған жөн, бұл тұқымды қалыпты ылғалдылықта бастыруға көмектеседі.



3. Жарақаттануды анықтау тәсілдері. Тұқым жарақаттануын, ең алдымен микрожарақаттануын, анықтайтын бірнеше әдістер бар. Негізгі әдіс — тұқымды үлкейткіш лупалармен қарау. Көптеген дақылдарға 10 есе үлкейту жеткілікті. Ол үшін негізгі дақылдардан 100 тұқымнан екі үлгі бөлініп лупа арқылы тыңғылықты түрде байқалады. Екі үлгінің (қайталаудың) микрозақымдануының арасындағы алшақтық 10 проценттен аспауы керек. Егер алшақтық көбейіп кетсе, үшінші үлгі саналын алып қайта тексеріледі

Микрожарақаттануды жеңіл табу үшін тұқымды бояу әдісімен бояғыш заттардың ертінділерінде, соңынан суда шайып аныктайды. Мысалы, бидай мен қара бидай тұқымы, 0,5 процент, конгорот ертіндісінде, жүгері — 0,5 процент индиго кармин, дәндібүршақ дақылдары 0,5 процент қызыл анилип ертіндісінде жақсы боялады. Боюғыш заттар тұқымның жарақаттанған жерінде шоғырланып бояйды да жарақатталған жерлерін анық көрсетеді. Тұқымды байқап микрожарақаттарды анықтау үшін диафоноскоп пен тұқымды жарықтандыру әдісін пайдалануға болады. Тұқымның жарақаттануын жанама әдіспен де анықтауға болады, ол үшін шығымдылық пен өсу күшінің нәтижелерін пайдаланады. Бірақ есте ұстайтын жәйт тұқымның шығымдылығы мен өсу күшінің нашарлауы жарақаттанудан ғана емес, басқа да бірқатар себептерге байланысты.



4.Тұқым жарақаттануын азайту жолдары.Тұқымның жарақаттануы егін жинағаннан кейінгі тұкым өңдеу (сорттау,тазалау, кептіру) техиологиялық процестермен де байланысты. Егер қажеттілік болмаса астық тазалағыш машиналардан тұқымды артық көп өткізуден аулақтаған дүрыс.Триерлі машиналар тұқымды қаттырақ жарақаттайды.Тұқымдық материалды өңдегенде тыңғылықты түрде машина тетіктерін, аспирациясып реттеу қажет, қажетті өлшеуіштерді, қолайлы жұмыс режимін таңдап алған жөн. Тұқымдық материалды ылғалдылығы жоғары болғанда ғана арнаулы машинада көптіруге тырысу керек, өйткені жоғары ылғалды тұқым сақтағанда тез бұзылады. Тұқымдық материалды кептіру технологиясы арнаулы режимді талап етеді, мұның өзі механикалық зақымданудың теріс әсерлерімен байланысты. Жұмыс органдары арқылы (шнек, кептіргіш және салқындатқыш барабандар, шахталар) өткенде тұқым уатылу мен микрозақымдануға ұшырайды. Кептіргіш машинаның өткізгіш қабілеті өскен саиып, тұқымдардың механикалық зақымдануы күшейеді. Барабанды астық кептіргіштерде шахталы кептіргіштерге қарағанда тұқым аз зақымданатынын тәжірибе көрсетін отыр. Сондықтан тұқымды кептіргенде мүмкіндігінше барабанды кептіргіштерді пайдаланған жөп
Дәріс 11 Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы
1.Тұқымдық егістікте агротехникалық жұмыстар

2.Көпжылдық шөптердің егістік сапасы

Ауыл шаруашылық кешендері мен ұжымдарында шалғындықтар мен егістік жерлерде мал азығын өндіруді қарқынды жолға қою мәселесі көпшілік жағдайларда көпжылдық шөптердің тұқымдарының жетіспеуіне әкеліп тіреледі. Табиғи шабындықтар мен жайылымдардағы өнімі төмендеп тозып кеткен жерлерді түбегейлі жақсартуға, егістіктердегі ескіріп, өнімі азайып кеткен екпе шөптерді жаңартып отыруға жыл сайын көп мөлшерде шөп тұқымдары қажет. Сол себепті шөп тұқымдарын өндіретін арнайы мамандандырылған шаруашылықтардың алатын орны ерекше. Мұндай шаруашылықтар әр аймақтарда экологиялық жағдайларды еске ала отырып орналастыру ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан шешілуі тиісті.

Орманды-далалық, таулы аймақтарда, ылғал мөлшері қанағаттанарлықтай жағдайда, мезафильді астық және бұршақ тұқымдас шөптердің (жоңышқа, эспарцет, қылтықсыз арпабас, шалғындық бетеге т.б.) тұқымдарын өндіру тиімді. Далалық аймақта мезоксерофитті және ксерофитті көпжылдық шөптердің (еркек шөп, тарлау, түйе жоңышқа т.б.) тұқымын өндіру маңызды. Шөлейт және шөл аймақтарда ксерофитті астық тұқымдастарынан басқа жартылай бұталы мал азықтық өсімдіктердің (изень,кейреуік, теріскен, жусан, жантақ, т.б.) тұқымы өсіріледі.

Мал азықтық өсімдіктердің селекциялық жолмен шығарылған сорттары болсын, немесе тұқымдарын табиғи өсімдік қауымынан жинап мәдениелендірілген түрі болсын, сол жердің өсу ортасына бейімделген (суыққа, қысқа төзімді, құрғақшылыққа төзімділігі т.б.) және өнімділігі жоғары болатынын ескеру керек. Шаруашылықты шөп тұқымымен толық қамтамасыз ету үшін жыл сайынғы егістіктің 100 гектарына шамамен 10-12 га тұқымдық егістік болуы шарт.


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет