«Ауылшаруашылық дақылдарының апробациясы»


Дәріс 5. Тұқымның тыныштық күйі және тіршілікке қабілеттілігі



бет4/15
Дата25.11.2018
өлшемі2.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Дәріс 5. Тұқымның тыныштық күйі және тіршілікке қабілеттілігі
1.Тұқымның тыныштық күйі

2.Тыныштық күйден шығару жолдары

3.Сапалық көрсеткіш ретінде тұқымның тіршілікке қабілеттілігі

1.Тұқымның тыныштық күйі

Толық пісу кезеңінде жиналған көптеген екпе дақылдардың тұқымдары (жемістері) қолайлы жағдайларда өсіргенде өспейді, немесе олардың өнігіштігі мен өсу куаты төмен болады. Мүндай тұқымдар морфологиялық тұрғыдан алғанда жетілсе де, физиологиялық жағынан шала піседі және өсу қабілетіне белгілі бір мерзімде сақталғаннан кейін ғана ие болады. Піскеннен толық өнгіштікке жеткенге дейінгі уақытты тұқымның физиологиялық тыныштық кезеңі немесе тұқымның жинап алынғаннан кейінгі пісуі деп аталады, ал бұл тұқым тыныштығы күйінде байқалады. Тұқым тыныштығы — тірі тұқымдардың қалыпты жағдайларда еспейтін, немесе өте ақырын өсетін күйі. Бұл ұзақ эволюциялық процестің нәтижесінде орта белдеудің өсімдіктері тудырған қасиет, ол өсімдіктер дамуына қолайлы жағдайларда тұқымның өсуін қамтамасыз етеді және түрдің сақталуына мүмкіндік жасайды. Алайда, агрономдық тәжірибеде тұқымның ұзақ тыныштығы теріс зардаптарға экеліп соғады.

Егінді жинап алынғаннан кейінгі тұқым пісуінің ұзақтығы өсімдік түрі мен сортына, дәлденіп пісу, жинау және сақтау жағдайларына байланысты. Мысалы, жүгері, қарақұмық, эспарцет т. б. тұқымдарына өте қысқа жинап алынғаннан кейінгі пісу кезеңіне тән — бірнеше күн, ал еркекшөп, арпа, күнбағыс, ж. б. — 20-30 күнге дейін, кейде одан да ұзақ мерзім қажет. Күздіктер жаздық дақылдарға қарағанда біршама қысқа тұқым жинап алынғаннан кейінгі пісу мерзімімен айқындалады. Сұрыптау және селекция процесінде адам тұқымының тыныштық кезеңін қысқартуға әсер етті.Мұның өзі кейбір астық және бұршақ тұқымдас дақылдарынын, бұл кезеңді жоғалтуына әкеліп соқты және тұқым танаптағы дестеде жатып өнетін болды. Осы жағдайдан кейін селекционерлер, әсіресе ылғалды аудандарда алдарына тыныштық кезеңі ұзақ сорттар шығару мақсатын койып отыр.

Пісу мен егін жинау жағдайларының әсері мынадан байқалады: ауа райы ылғалды әрі салқын болғанда тұқымның жинап алғаннан кейнгі пісуі ұзарады, ал ауа рай құрғақ және ыстық болғанда — кыскарады. Ауа райының бұл екі құбылысы Солтүстік Қазақстанда әлсін-әлсін байқалады және егің сапасы мен тұқымның, жинап алғаннан кейін пісуінің ұзақтығына барынша ықпал етеді.

Тұқым тыныштығының табиғаты аяғына дейін анықталмаса да зерттеулер мен бақылаулардың нәтижесінде тұқымның биологиялық тыныштығын көрсететін төмендегідей себептер анықталды.

1. Тұқым қабығының ауа, су өткізбеушілігі немесе көптеген екпе дақылдарға әсіресе дәнді бұршақ және бұршақ тұқымдас дақылдардың тұқымдарына (түйежоңышқа, жоңышқа, бөрібүршақ, маш т. б.) тән қатты тұқымдылық;

2.Тұкым құрамында ингибиторлардың, басқаша айтқанда өсуді тоқтататын заттардың (гормональдық теория) болуы. Бүл теорияға сәйкес тыныштық күйі тұкым құрамындағы ингибиторлар мен активаторлардың арақатынасына байланысты.

3. Тұқым ұрығының шала піскендігі немесе шала дамығандығы басқа сөзбен айтқанда, егің жинау кезеңіне қарай тұқым ұрығының көптеген жасушалары толық дифференцияланбайды, яғни тұқымның әрі қарай дамуына қажетті белгілі бір метаболикалық жүйе болмайды.



2.Тыныштық күйден шығару жолдары

Ғылым мен тәжірибе тыныштық күйде тұрған тұкымның өсуін тездететін бірқатар әсер ету әдістерін зерттеп тапты:

-тұқым қабығының бүтіндігін бұзу, немесе зақымдау, ол үшін құмды немесе бұдырлы заттарды пайдалануға болады (скарификациялау), бұл әдіс бұршақ тұқымдас мал азығындық шөптердің, кейбір көкөніс дақылдардың қатты тұқымдылығымен күрескенде пайдаланылады;

- тұқымға өзгермелі төменгі және жоғарғы температуралар арқылы әсер ету; зерттеулер бұл әдістін дәнді дақылдар, зығыр, қыша, сиыржонышқа, бөрібүршақ, астық тұкымдас шөптердің тұқымдары үшін тиімді екенін көрсетті;

- тұқымды жылы ауамен немесе басқа жылумен қыздыру,соның нәтижесінде тұқым қабығының өткізгіштігі мен ауа алмасуы жақсарады,
антиингибиторлардың әсері күшейеді. Өндіріс жағдайында бұл әдіс Орал, Сібір, Солтүстік Қазақстан аудандарында, әсіресе тұқымды ауа райы қолайсыз жағдайларда жинаған жылдары кеңінен қолданылады;

-тұқымды өсіру заттардың ерітіндісімен өндеу (гибберлин, ауксин, гетероауксин т. б.) қымбаттылығынан, әрі көп еңбекті қажет ететіндіктен екпе дақылдар тұқымын өңдеудің бұл әдісі шектеулі;

-тұқымның ауыспалы сақтық қорының болуы, ең алдымен күздік дақылдар үшін, өйткені тұқымның жинап алғаннан кейін пісу кезеңін өтпеген жағдайдағы ссбілген егістіктерде алқаптың сиректігіне әкеліп соғады.

3.Сапалық көрсеткіш ретінде тұқымның тіршілікке қабілеттілігі

Кейде тұкымдар екінші немесе индуцирленген тыныштыққа ауысады, бұл күйден олар тіпті қолайлы жағдай жасалса да шықпайды. Екінші тыныштық күйі кең тараған құбылыс және сыртқы ортаның қолайлы жағдайларының ұзақ уақыт әсер етуінен пайда болады (температура, жарықталу, анаэробтік күйі, төмен температура кезіндегі жоғары ылгалдылық т. б.). Себу сапасына жеткен тұқымды сақтау кезінде екінші тыныштық күйіне ұшырап, оның өнгіштігін кенеттен төмендеткен жағдайлар да белгілі. әсіресе бұл қыс уақытында байқалады, ал көктемге қарай тұқым өнгіштігі жақсарады.

Тұкым бірінші және екінші тыныштық күйінде болған кезінде оның өнгіштігін анықтағанда ісінген бірақ өспеген тұқымдар кездеседі. Егер тұқымның өнгіштігі төмен және оның арасында өспеген ісінген тұқым көп болса, онда ауыспалы төмен температурада өнгіштікті қайтадан анықтау керек, сонымен қоса мемлекеттік стандарт талабына сәйкес олардың тіршілік қабілеттілігін анықтау қажет.

Тұқым тірі организм болғандықтан шектелген тіршілік ұзактығымен сипатталады. Тұқымның белгілі бір уақыт өткеннен кейін өсуге бейімділігі өсімдік түрі мен әртүрлі басқа факторларға байланысты. Тұқым биологиялық және шаруашылық тіршілік ұзактығымен ажыратылады. Биологиялық өміршеңдігі деп тұқым қорындағы жекелеген тұқымдардың өсуге қабілетілігін атайды. Шаруашылық тіршілік ұзақтылығының маңыздылығы әсіресе тұқымның ауыспалы және сақтық, қорын жасауға тікелей байланысты. Тұқымның тірішілік ұзақтығы:


  1. Тұқым мен жемістің жабу жасушаларының қасиеттеріне тәуелді. Өткізгіштігі аз және тығызырақ қабықты тұқымдар борпылдақ қабақты тұқымдарға қарағанда ұзак өміршеңдігімен ерекшеленеді. Қолайлы жағдайда сақталған тұқымның шаруашылық ұзақ өмірлігі бұршақ тұқымдас шөптерде 20-22 жыл, дәнді бұршақ дақылдарда 18-20 жыл, бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш тұқымдарында 5-7 жыл, кара бидайда 2-3 жыл болды.

  2. Химиялық құрамына тәуелді, өйткені оған тыныс алу интенсивтілігі мен осыдан өрбитін барлық зақымдарға байланысты. Белокқа бай тұқымдардың тіршілігі ұзақ, крахмал көп тұкымдарда аздау, ал құрамында майы көп тұқымдардың тіршілік ұзақтығы қысқа болып келеді.

  3. Нақты аймақтың тұқымның толысу және пісу кезендегі метеорологиялык жағдайларына байланысты. Жарық және жылы ауа райы тұқымның жақсы пісуіне және ұзақ тіршілікті тұқым қалыптастыруға мүмкіндік береді. Керісінше, бұлыңғыр әрі салқын ауа райы пісу сапасын нашарлатады. Мұндай тұқымның тіршілігі қысқа. Тұқым ұзақ тіршілігіне табиғат әсерінен жапырылып қалған өсімдіктердің теріс әсерлілігі байқалады.

4. Сақтау жағдайларына байланысты, ең алдымен сақтау уақытындағытұқым ылғалдылығына тәуелді. Тұқым ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса,соғұрлым тыныс алу қарқынды жүреді, корлық қоректік заттар ыдырайдыжәне өнгіштігі кемиді.
Дәріс 6. Экологиялық және агротехникалық факторлардың өнімнің қалыптасуы мен тұқым сапасына әсері.
1. Экологиялық жағдайлардың тұқым сапасына әсері.

2. Шаруашылықтарда тұқымдық жадығат өсірудің ерекшеліктері.



1. Экологиялық жағдайлардың тұқым сапасына әсері.

Тұқым шаруашылығының негізгі міндеті сортты тұқымды көбейтіп, тазалығын және сапасын сақтау. Мамандандырылған тұқым шаруашылықтарында І-ІІ репродукциядағы тұқымдар себіледі. Аудандастырылған сорттары жоқ мал азықтық шөптердің шаруашылықта табиғи шабындықтар мен жайылымдардан жиналған жергілікті тұқымдарды себуге болады.



Өсімдік және өсу ортасы. Өсімдік экологиясы ғылымның бір саласы ретінде өсімдік пен өсу ортасының арақатынасын зерттейді. Өсу ортасы өсімдіктер өсуіне әсер ететін әртүрлі экологиялық факторлардан тұрады. Әрбір факторлардың тигізетін әсеріне қарай өсімдіктердің оған деген қатынастары да әртүрлі болуы мүмкін. Өсімдіктердің қоршаған өсу ортасына бейімделуі тарихи өсу жағдайына байланысты ұзақ жылдар бойы қалыптасқан. Сол себепті бірыңғай өсу орта жағдайында өскен өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері бір-біріне ұқсас болады.

Қоршаған орта жағдайының бір факторына біркелкі қатынаста болатын өсімдіктер тобын экологиялық пішін деп атайды. Мысалы, құмды топырақтарда өсуге бейімделген өсімдіктер- құм өсімдігінің экологиялық пішінін (псаммофилдер); ылғалды жерлерде өсуге бейімделген өсімдіктер ылғал сүйгіш өсімдіктердің пішінін (гигрофильдер) т.б. Өсімдіктің өсу ортасын өзгерткен жағдайда олардың өсіп дамуы күрт өзгеруі, қала берді өлуі, содан кейін басқа өсімдікпен ауысуы мүмкін. Сонымен қатар өсімдіктер өсу ортасына икемділік жаңа өсу пішіндеріне көшеді. Шөл және шөлейт жерлерде өсетін өсімдік топтарының жаздың ыстығы басталып құрғақшылық туған жағдайда жапырақтары түсіп, нәтижесінде транспирациясы азайып күрт ылғалды үнемдеуге көшеді. Астық тұқымдастарының транспирациясының азаюы жапырақтарының шиыршықтанып бүктеліп, жалпы жапырақ алақанының көлемінің азаюының салдарынан болады. Құрғақшылық аймақтарда басқа аймақтарға қарағанда эфемерлі өсімдіктер көп таралған. Өсу ортасының өсімдіктер өсуіне әсер етуімен бірге өсімдіктер де сыртқы ортаға айтарлықтай әсер ететіні анықталған. Өсімдіктер топырақтан қоректік заттарды пайдаланып оның құрамын өзгертеді, шіріп топырақты органикалық заттармен байытады. Өсімдік тамырлары топырақ қабаттарына жайылып оның құрылымын, су және ауа сіңімділігін жақсартады.

Экологиялық факторлар өсімдікке және топыраққа кешенді түрде әсер етеді. Бір экологиялық фактордың әсері басқа фактордың әсерлерінің жүруіне өзгерістер енгізеді. Табиғи шабындықтар мен жайылымдар өсімдіктеріне ауа райының, топырақтың, биотикалық, антропогендік факторлары айтарлықтай әсерін тигізеді.

Өсімдіктің жарыққа қатынасы. Өсімдіктер үшін жарықтың экологиялық түр (фактор) ретінде орны ерекше. Алдымен жарық өсімдікте фотосинтез жүруіне, органикалық заттардың қорын көбейтуге және өнім түзуге керек. Өсімдік өнімінің көлемін жарықтың сапасы, қарқындылығы және жарық түсу кезеңінің ұзақтылығы анықтайды. Шабындықтар мен жайылымдардағы көпшілік өсімдік түрлері күшті жарық түскенде жақсы өсіп дамиды. Көлеңкеде өскен өсімдіктер биік өседі және түптенуі нашар жүреді. Өсімдіктерге түсетін жарықтың азаюы тамырының қалыптасуын және өсуін тежейді. Нәтижесінде жарықтың күшті түсуінің төмендеуі салдарынан топырақ үстіндегі және астындағы өсімдік органдарының өнімі азайып, химиялық құрамы өзгеріп, көк шөбі мен пішеннің сапасы төмендейді. Төменгі түпті астықтұқымдастары жоғарғы түптілерге қарағанда көлеңкеге шыдамды келеді.

Жарық сәулесінің өсімдікке әсер етуі тұрақты емес. Бұл әсер тәулік бойы, жыл кезеңдерінде және өскен жерінің бедеріне (рельефіне) байланысты өзгеріп тұрады. Мұндай өзгерістер өсімдіктердің жарыққа қатынасын генетикалық (тұқым қуалаушылық) тұрақтылыққа дейін жеткізді. Осыған байланысты өсімдіктер үш экологиялық түрге бөлінеді.

2. Шаруашылықтарда тұқымдық жадығат өсірудің ерекшеліктері.

Жақсы тұқым алудың шешуші факторы -тұқымдың егістікті арнаулы ауыспалы егістерде орналастыру. Ауыспалы егістер егістікті алдыңғы дақылдың қалдықтарымен ластанудан, топырақ өңдеу, себу және күтіп-баптау жұмыстарын уақытында, әрі жоғары сапада жүгізуді қамтамасыз етеді, жоғары сапалы және мол өнім алуға қолайлы жағдайлар жасайды. Ауыспалы егістер танаптарында ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырғанда егістікте сорттың тұраралық ластануды және қиын ажыратылатын дақылдармен ластану жағдайларын болдырмау мүмкіндігін қарастырған жөн: арпаны сұлыдан кейін, жоңышда мен түйе жоңышқаны қырыққабат тұқымдас майлы дақылдардан, итқонақтан, қонақ тарыдан, т.б. кейін себуге болмайды.

Биологиялық ластанудың алдын алу үшін кеңістік оқшаулығын сақтаған дұрыс: айталық, қара бидай мен қарақұмықта ол 200 м-ден кем болмауы керек. Тұқымдық алқаптар көп жылдық шөптердің ескі егістігінен қашықта болғаны жөн, өйткені олар зиянкестер мен аурулардың қайнар көзіне айналуы ықтимал; жоңышқа мен бұршақ тұқымдас шөптерді 500 метрден жақын, ал қоңырбастар тұқымдас шөптердің тұқымдық алқаптарын ескі егістіктерінен 200 м-ден таяу орналастыруға болмайды. Бір сорттың әр түрлі репродукциялары себілгенде, егер олардың ауруларымен залалдану деңгейі жақын болса, онда ондай егістіктердің арасында ені 2 м себілмеген жолақ қалдырылады.

Сұлының тұқымдық егістігін қара сұлымен ластанған және оған жақын танаптарға орналастырмайды. Қазақстанда дәнді дақылдардың тұқым шаруашылығы үшін ауыспалы егістері, міндетті түрде сүрі жер (пар танабы) бар 2-3 танапты болуға тиіс. Солтүстік және Орталық Қазақстанның көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына тұқымдық мақсатта жақсы алғы дақыл болып таза сүрі жер, сүрі жерден кейінгі екінші дақыл, сүрлемдік жүгері, дәнді бұршақ дақылдары есептеледі. Тұқымдық егістерде топырақ өңдеу жүйесі аймақтық және негізінен жалпы егістікке немесе тауарлы егістіктерге ұқсас келеді. Барлық тұқымдың егістерге міндетті түрде топырақ қүнарлылырына, алғы дақылға, күтіліп отырған өнімге, метеорологиялық жағдайларға, т.б. байланысты ғылыми мекемелер белгілеген мөлшерде минералды тыңайтңыштар енгізілгені дұрыс.

Себу үшін сорттардың аудандастырылған сорттық тазалығы бірінші болмысындағы сорттық тазалықтағы және себу кондициясы бірінші, ерекше жағдайларда екінші класқа жеткізілген тұқымдар пайдаланылады. Себуді қарастырылып отырған дақылға ұсынылған оңтайлы мерзімде жүргізеді. Көптеген дәнді, дәнді бұршақ дақылдары және астык, тұқымдас көпжылдық шөптердің тұқымдық жадығатқа дәнді дақылдар немесе дәнді-шөпті тұқым сепкіштермен(СЗ-3,6; СЗС-2,1; СЗС-2ДЛ; СТС-12, т.б.) жай қатарлап егу ең жаңа себу тәсілі болып табылады. Көп жылдық шөптердің тұқымдарын жедел көбейту мақсатында таза күйінде (жамылғы даңылсыз) кең қатарлы, таспалы тәсілдермен таза сүрі жерге немесе суармалы жерлерде орналастырып өсіреді. Дақылдардың себу мөлшерін, тұқымның топыраққа сіңіру тереңдігі біркелкі егін көгі, жинау қарсаңына оңтайлы өсімдік жиілігін, т.б. қамтамасыз ететін қылып тағайындайды. Жоғары сапалы сорттың тұқым өсіруде егістікті дұрыс күтіп-баптау маңызды рөл атқарады, оның негізгі агротехникалық шаралары нақты дақылдың тауарлы егістігімен біршама ұқсас, дегенмен арнаулы күтіп-баптау жұмыстары да бар: тұқымдық егістіктерде түраралық және сорттық отау жұмыстарын жүргізген дұрыс; бидай егістігінде ол толық масақтанғаннан кейін қылтықты түрлерін, түршелерін қылтықсыздарынан, жұмсақ бидайды қатты бидайдан арылтады және керісінше гүлдену кезеңінде гүлдері қызыл күлгін түске анық енгенде далалық ас бұршақты (пелюшканы) егістік ас бұршақтан арылтады; тары егістігінде сорттың қоспаларды шашақтанғаннан кейін арылтады; қарақұмық, күнбағыс, бұршақтұқымдас шөптердің тұқымдық егістігіне гүлдену кезеңінде бал араларының ұялары орналастырылады (1 га егістікке 2-3 ұядан).

Егінді жинау - тұқымдық жадығат өсірудің бүкіл технологиясындағы маңызды және қорытынды кезең. Жақсы тұқым өсіруге болады, бірақ егінді жинау жұмыстарының толық ұйымдастырылуы нәтижесінде тұқымдык, жадығат кондициясыз күйге ұшыратылады. Бұл жауапты кезеңде ең бастысы - дер кезінде егінді ысырапсыз жинау. Егін ерте жиналғанда тұқым шала піседі, толыққанды болмайды. Кеш жиналғанда ысырап көбейеді, сонымен қатар тұқымның сапа көрсеткіштері нашарлайды. Дәнді астық, дәнді бұршақ, көптеген майлы дақылдар, көпжылдық шөптердің тұқымдың телімдері (учаскелері) бөлектеп жиналады; дәнді астық дақылдарын балауызданып пісудің орта кезінде, астык; ылғалдылығы 30-35% болғанда дестеге жыға бастайды да, кезеңнің соңында астың ылғалдылығы 24-25% -ке жеткенде аяқтайды; дәнді бұршақ дақылдарын бұршақ қаптарының 60-75% қоңырланғанда, қырыққабат тұқымдас майлы дақылдары жемістерінің 65-70% қоңырланғанда, астық тұқымдас шөптерді балауызданып пісу кезеңінде, бұршақ тұқымдас шөптердің 75-90% жемісі қоңырланғанда дестеге түсіреді. Кебуіне қарай дестелер дәнді дақылдар тұқымының ылғалдылығы 14-16% -дан, ал майлы дақылдар мен шөптерде тұқымының ылғалдылығы 11 -13 % -дан аспағанда бастырылады.



Тұқым сапасының әртүрлілігі.Әр дақылдың өзіндік гулдену ерекшеліктері, ұрықтану және оған әсер ететін жағдайлар тұқым саны мен сапасына, сайып келгенде өсімдіктің өнімділігіне елеулі түрде әсер етеді. Тұқым санының барынша байлануы өсімдіктің тұқым қуалағыш қасиеттеріне, экологиялық және агротехникалық жағдайларға байланысты.

Гүлдену және тұқымның қалыптасуы кезеңінде өсімдік мұқтажы мен биологиялық ерекшеліктері әрі сыртқы орта жағдайлары арасындағы байланысты бұзу — тұқым өнімділігін темендетеді. Сонымен бірге тұқым сапасын нашарлатады. Осы себептермен қарақұмықтың небәрі 10-15 % гүлдері әдеттегідей жеміс береді, ал басқалары өліп қалады, немесе қалыпсыз жеміс береді. Тимирязев ауылшаруашылық академиясының (В. В. Гриценко, 1984) зерттеулері көрсеткендей, қаракұмық тұқымының тек қана 40 % калыпты толық дәнді болды. Бұршақ тұқымдас дакылдарда да (ас бұршақ, майбұршақ, жонышқа т. б.) көп процент ұрықтанбаған гүлдер немесе өсіп-жетілмеген тұқымдар байқалады; дәнділік қара бидайда 30 % дейін жетеді, ал бос дәнділік күнбағыста — 10-20 %. Тұқым қалыптасуында бұл қалыпсыз құбылыстарды жою — өсімдіктердің тұқымдық өнімі мен оның сапасын жақсартудың үлкен қоры болып табылады.

Модификациялық өзгергіштіктің бір көрінісі — тұқымнын, әртүрлі сапалылығы. Түрдің сақталып қалуына пайдалы болғанымен тұқымның әртүрлі сапалылығы агрономдық көзқарас бойынша құртарлық жағдай емес. Бұл егін көгінің біркелкі еспеуін, сабақ бітіктігінін, көп қабаттылығын, біркелкі піспеуін, өсімдікте өнімнің " әртүрлілігіне әкеліп соғады.

Әртүрлі сапалылық — бір тұқым тегіндегі тұқым массасы, пішіні, көлемі және толықтық дәрежесі әртүрлі болып келуі. Олар морфологиялық, физиологиялық және генетикалық қасиеттерімен ажыратылады. Тұқымның әртүрлі сапалылығы олардың егістік және өнімділік сапаларына әсер етеді.



Өсімдік өнімділі және тұқымның әртүрлі сапалылығы.

Әртүрлі тұқым қалыптасуын және олардың әртүрлі сапалылығы немен түсіндіруге болады? Бір шоғырдағы гүлдер әр мезгілде гүлдейді, мәселен, масақта (бидай, арпа, еркекшөп т. б.) гүлдену ортасынан жоғары және төмен қарай, сіпсебастарда (сүлы, тары, судан шөбі т. б.) — жоғары бөлігінен төмен қарай, бұршақ тұқымдастарда (ас бұршақ, майбұршақ, жонышқа т. б.) — тамырынан жоғары қарай, күрделігүлдерде (күнбағыс, мақсары т. б.) қорапша гүл шоғырының шетінен ортасына қарай жүреді. Осындай жүйемен тұқым (жеміс) қалыптасып піседі, соның натижесінде оларда әртүрлі сапалылық пайда болады. Тіпті дәнді дақылдардын бір масағы шеңберіне (бидай, қара бидай, арпа) ірілігі, себу сапасы әр түрлі тұқымдар пайда болады.

Бір гүлшоғыры шенберіндегі тұқымның әр түрлі сапалылығының негізгі себебі — тканьдердің тұкым қуалаушылық әртүрлілігі, мұның өзі өсу конусы дифференциясының басынан байқалады және гүлдер мен түйіндерге қоректік заттардың біркелкі келмеуіне байланысты.
Дәріс 7.Жоғары сапалы тұкымды қарқынды өсірудің агрономиялық негіздері.

1. Тұқым өсіру агротехникасының элементтері (шаралары)

2. Тұқымның себу сапасын жақсарту.

1.Тұқым өсіру агротехникасының элементтері (шаралары)

Тұқымның өнімділік және себу қасиеттерін арттыру шаралары екі болмысқа (түрге) бөлінеді: біріншісі - тұқымның өнімділік және себу сапасын тұқымдық алқаптарға өсімдіктердің өсуі мен дамуына арнаулы жағдайлар жасау жолымен жоғарылату және бүл тұқым шаруашылығы бөлімінде оқылатын пән, екіншісі — тұқымның өнімділік қасиеттерін арттыру тазалау, іріктеу, сақтау және себу алдында тұқымды дайындау шараларымен іске асырылады.



Тұқымды тазалау. Егін жинағаннан кейін астықта әр түрлі қоспалар - арамшөптердің тұқымдары, жемістері, жеміс шоғырлары, вегетативті мүшелерінің сынықтары, негізгі дақылдардың семген дәндері, топырақ кесектері және басқалар болады. Олардың ылғалдылығы жиі түрде жоғары болуы мүмкін, ал ол қырманда астықтың өздігінен қызуына, өңезденуіне, өнуге ұрындырады. Сондықтан жалпы өнімнен барынша құнды бөлігін (фракцияларды) себу жадығаты ретінде бөліп алып сақтаған жөн, ал бұл тазалау, уақытша консервілеу, кептіру, сорттау, іріктеу және тұқым өңдеуге бірқатар қосымша үрдістерді іске асыру арқылы орындалады. Тазалау және іріктеу (сорттау) жолымен басты үш мәселе шешіледі: мемлекеттік үлгі қалыптау (МҮҚ) талаптарына сәйкес қоспаларды аластату және негізгі дақылдың таза тұқымын алу, тұқымның физикалық көрсеткіштерін жақсарту; себу үшін барынша жоғары өнімді тұқымды бөліп алу. Бұл мәселелерді шешу әр түрлі дақылдар тұқымдарының физикалық-механикалық қасиеттеріндегі айырмашылықтарды, олардың ішінде барынша іссаналық маңызы барларын - аэродинамикалық қасиеттерін, тұқымның мөлшері мен пішінін жан-жақты пайдалану негізінде іске асырылады. Тұқым тазалау және іріктеу тұқымның мөлшері, пішіні және беткі күйі бойынша астық тазалағыш күрделі машиналарда жүргізіледі. Соңғы уақытта тұқымды тазалау мен іріктеуде тұқымның электрлік қасиеттеріне негізделген жаңа тәсілдер жасалуда. Бұл тәсілдер қиын ажыратылатын қара сұлы қоспаларынан егістік сұлыны бөліп алуға мүмкіндік береді.

Тұқым мен қоспаларды бірінен-бірін бөліп алудың жаңа тәсілі - түстері бойынша фотоэлектрон жүйесінен өткізу: зарядталған қара түсті бөлшектер зарядталған ақ түстілерден оңай ажыратылады.

Тұқымды тазалап, іріктеуге елеуіштерді (решета) дұрыс таңдап алу үшін тұқымдық жадығатты қолмен үлгі елеуіште немесе классификатор құралымдарында елеп, қандайы қажет екенін анықтайды. Шамалы тұқым тобын машинадан өткізіп елеуіштердің дұрыс таңдалғанын тексереді. Іріктегенде тұқымның тек қана ірі бөліктері бөлінбейді, сонымен бірге биологиялық қасиеттері жоғары тұқымдар сұрыпталады. Астык, өнімін арттырудағы тазалау мен іріктеудің рөлін ескере отырып, әсіресе тазалау жұмысын күрделі тұқым тазалағыш машиналарда егінді жинап алысымен жүргізу қажет.

2. Тұқымның себу сапасын жақсарту.

Тұқымды, жылы ауада қыздыру. Толыққанды, піскен, зақымданбаған және біркелкі тұқымдар жаппай көктейді де, жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді. Дәнді және басқа екпе дақылдардың танаптық өнгіштігінің төмендігі кейде тұқымның ерекше физиологиялық күйіне байланысты. Егін жинау қарсаңында дәнді астық және басқа дақылдар тұқымдары шартты түрде төмен өнгіштігімен ерекшеленеді, өйткені олардағы биохимиялық күрделі үрдістердің аяқталмауынан күрделі қоректік заттар жеңіл сіңімді және жылжымалы түрге айналып үлгермейді.

Дақылға, сортқа, тұқымның қалыптасу, толысу және пісіп жетілу жағдайларына қарай егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі 1-3 аптадан 1-2 айға және одан да ұзақка созылады. Салқын тез түскенде егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі аяқталмаған және ылғалдылығы жоғары тұқымдар осы күйінде себуге дейін қалуы ықтимал. Осындай тұқымдармен себілгенде егін көгі селдір, әркелкі болады да, өнім күрт төмендейді. Егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу аяқталмаған немесе әлі де тыныштық күйіндегі тұқымдардың өнгіштігін арттыру үшін, себу алдында 2-3 апта бұрын күн көзі, жылы ауада 3-5 тәулік қыздырады. Күн көзінде, жылы ауада қыздырғанда тұқымның егін жинағаннан кеингі пісіп-жетілу кезеңі қысқарып қана қоймайды, сонымен бірге тұқым біршама залалсызданады. Өйткені күн көзі сәулелерінің бактерицидті қасиеттері бар. Мұндай тұқымның өну қуаты, танаптық өнгіштігі және түптеп келгенде дақылдың өнімі артады.

Тұқымды дәрілеу. Дәрілеудің нәтижесінде тұқымдық жадығат арқылы тарайтын әр түрлі ауру қоздырғыштардың әсері залалсыздандырылады: сақтау кезеңінде тұқымның себу сапасы сақталады және себілген тұқым мен өскіндердің өңезденуінен және топырақта тіршілік ететін зиянкестердің зақымдануынан қорғалады; тұқымның қорғаныс қасиеттерін күшейте отырып, механикалық жарақаттардың теріс әсерін төмендетеді, микроағзалардың дамуын басады; тұқымның өну қуаты мен танаптың өнгіштігі артады; препараттардың оң әсерінің нәтижесінде барлық екпе дақылдардың өнімі артады.

Тұқымды дәрілеу — тұқымды себуге дайындаудағы қорытынды кезең. Сондықтан дәрілеуге дейін барлық көрсеткіштері бойынша тұқымдық жадығат себу кондициясына жеткізілуге тиіс.

Дәрілеу үшін витовакс, байтан универсал, ТМТД, беномил, формалин, фентиурам және басқа Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және еліміздің басқа нормативтік қүжаттарымен рұқсат етілген препараттар қолданылады.

Дәрілеу "Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарын дәрілеу" жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізіледі. Әрі препараттардың физикалық күйіне ауру қоздырғыштардың биологиясына, құрылысына және тұқымдардың басқа ерекшеліктері мен залалдану деңгейіне байланысты дымқыл, құрғақ және жартылай құрғақ дәрілеу болып ажыратылады. Жартылай құрғақ дәрілеу барынша кең тараған, ол үшін ұнтақ улағыштың 1т. тұқымға арналған мөлшерін 5-10 л су араластырып, сосын тұқымды дәрілейді. Улағыштар тұқым бетіне жақсы жабысу үшін суға жабыстырғыш заттар — ерігіш шыны (100-200 г/т), сульфит бардасының концентраты (100 г/т), т.б. қосылады. Жартылай құрғақ дәрілеуден тұқым ылғалдылығы онша көтерілмейді (не бары 0,5 -1,0 %). Сондықтан дәріленген тұқымды қаптауға, үюге, тасымалдауға болады. Қабықты (қауызды) дәнді дақылдарды (арпа, сұлы) жартылай құрғақ дәрілеу үшін формалин ерітіндісін қолдануға болады; тұқымды 5% -ды формалин ерітіндісіне сулайды да, 4 сағат бойы брезент жабындысына ұстайды, соңынан араластырады; тұқымның себу сапасы төмендеп кетпеуі үшін тұқымды себуден 5 тәулік бұрын өңдейді.

Себілетін күні дәрілеу барынша тиімсіз, ал барынша тиімдісі - себуден 5-8 ай бұрын себу. Витовакс, бетомил сияқты улағыштармен тұқымды себуден 4-30 тәулік бұрын дәрілеген дұрыс. Арпа мен бидай тұқымдарын аталған улағыштармен өңдеу тиімділігі жағынан термиялық өңдеуден асып түседі; себу сапасына теріс әсер етпейді және өсу үрдістерін тездетеді. Бұл операцияның нәтижелілігі дер кезінде және сапалы жүргізілген дәрілеуге тәуелді. Сондықтан тұқым дәрілеуде улы химикаттарды қолдану жөніндегі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсыныстарын мұқият орындаған абзал.


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет