«Ауылшаруашылық дақылдарының апробациясы»


Өздігінен тексеру сұрақтары



бет3/15
Дата25.11.2018
өлшемі2.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Өздігінен тексеру сұрақтары:

  1. Тұқым сапасының өнім мен келесі ұрпағындағы байланыс.

  2. ҚР-ғы тұқымдық-бақылау қызметінің құрылымы.

  3. ҚР-ның тұқымдық қызметінің міндеттері.

  4. ҚР-ның тұқымтану және тұқым шаруашылығы саласына байланысты заңнамалық актілері, олардың мәні.

  5. Тұқым өнімділігі мен әртүрлі сапалылығы түсінігі.


Әдебиет:

І.Аринов К.К., Шестакова Н.А. Агрономические основы семеноведения и семенного контроля на Севере Казахстана. Астана, 2006.

2.Растениеводство// Под ред. академика ВАСХНИЛ П.П.Вавилова - М.,Агропромиздат, 1986.

З.Можаев Н.И., Аринов К.К.и др. Растениеводство. Акмола, 1996.

4.Гриценко В.В., Калошина З.М. «Семеноведение полевых культур». М.:Колос, 1984.

5.Кулешов Н.Н. Агрономическое семеноведение. М., Сельхозгиз, 1963.

б.Нургалиев А.Н., Сорокина Т.А., Аринов К.К., Искаков М.А. Вопросы семеноведения полевых культур в Северном Казахстане. Целиноград,1984.

7.Строна Н.Г. Общее семеноведение полевых культур. М., Колос, 1966.

8.Цепенко А.А. Промышленное семеноводство и индустриальная технология производства семян зерновых культур и трав в Северном Казахстане. Целиноград, 1983.

9.Ларионов Ю.С. Теоретические основы современного семеноводства и

семеноведения. Челябинск, 2003.
Дәріс 2. Тұқымдық материалға қойылатын талаптар.

1. Тұқымдық материалдын сапасы және оны анықтау.

2.Тұқымның себу жарамдылығы.

1. Тұқымдық материалдын сапасы және оны анықтау.

Тұқымның себу сапасы. Ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін танаптарды жоғары сапалы тұқымдармен сепкен абзал. Өкінішке орай, Қазақстанда соңғы жылдары бұл мәселеге көңіл аз бөлінді, соның нәтижесінде егістіктерде кондицияға жеткізілмеген тұқымның үлесі көбейіп кетті. Атап айтқанда, Қазақстан бойынша 1991 жылы дәнді дақылдар егістігінің 74,0% I және II класты тұқымдармен себілген болса, 2001 жылы ол көрсеткіш 37,0% ғана болды. Бұл деген сөз күні бұрын астық өнімі мен сапасын төмендетіп, оның бәсекелестік қабілетін азайту болып табылады.

Шаруашылықтар мен агрономия мамандары бірінші кезекте тұқым сапасының көрсеткіштерін, олардың егін өніміне әсерін жақсы білуге міндетті.

Тұқымның себу сапасының көрсеткіштері мемлекеттік үлгі қалыппен (МҮҢ) мөлшерленетін (тұқымның тазалығы, лабораториялық өнгіштігі, тұқымның ылғалдылығы, арамшөптер және басқа мәдени өсімдіктер тұқымдарымен ластануы, т.б.) және мөлшерленбейтін (тұқымның өну энергиясы, 1000 тұқымның массасы, тіршілікке қабілеттілігі, тұқымның өсу күші, т.б.) болып ажыратылады.

Тұқымның тазалығы — егістік жадығаттың (материалдың) негізгі сапа көрсеткіштерінің бірі. Өлі деп аталатын (сабан, топырақ кесектері, тас, т.б.) қоспалар тұқымдық жадығатта ең әуелі артың балласт болып табылады, әрі қарастырылып отырған тұқымның тазалық көрсеткішін (пайызын) төмендетеді, әрі сақтау мүмкіндігін нашарлатады, ал тірі қоспалар (тіршілікке қабілетті арамшөп және басқа мәдени өсімдіктердің тұқымдары) өсірілетін дақыл егістігін ластайды және осыған байланысты өнім мен оның сапасы төмендейді.

Егістік жадығаттың (тұқымның) тазалығы деп ондағы негізгі дақылдың пайызбен көрсетілген массасын айтады. Көптеген дақылдардың, шөптерден басқа, тазалығын анықтағанда 1 кг талданған үлгіге есептегендегі басқа мәдени өсімдіктер мен арамшөптер тұқымдарының саны да (дана) есепке алынады. Тұқымдық жадығатты тазалаудағы мақсат — мүмкіндігінше барлық қоспаларды аластату. Қазіргі қолданыстағы тұқым тазалағыш машиналар да мұны толық іске асыра алмайды. Сондықтан тұқымның себу сапасын мемлекеттік үлгі қалыптаумен (МҮҚ) аздаған мөлшерде қоспа рұқсат етіледі. Көптеген ауыл шаруашылығы дақылдары үшін (дәнді, бірқатар майлы, т.б. дақылдар) тұқымдық үлгі қалыптың 3-класы, ал мал азықтық шөптерге 2-класс белгіленген. Егер бірінші топ дақылдарына кластарына қарай 1-4% қоспалар қарастырылса, екінші топта ол көрсеткіш 5-10%. Негізгі дақылдың тұқымдарына мыналар жатады: түсіне қарамай, қалыпты дамыған бүтін тұқымдар, шала толысқан, семген тұқымдар, соғылған және астық қоры зиянкестерімен залалданған тұқымдар, ұрығының бар-жоғына қарамай тұқымның жартысынан үлкен бөлігі сакталған болса, шоқылған немесе тамыршалар мен өскін қабықшаны жарып шыққан, бірақ сыртқа шықпаған, т.б. Қоспалар - бөтен қоспалар, басқа мәдени өсімдіктер мен арамшөп тұқымдары, қара күйе қапшықтары, топырақ кесектері, тірі және өлі зиянкестер, т.б. және негізгі дақылдың кемсін тұқымдары (тиісті елеуіштен өткен ұсақ және семген тұқымдар, езілген, шіріген, жарты бөлігінен көбі жоғалған, үгітілген және т.б.). Көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарында мемлекеттік үлгі-қалыппен (МҮҚ) басқа мәдени өсімдіктер мен арамшөптер тұқымдары 1 кг талданған үлгіге саны, ал мал азықтың шөптерге (пайыз) бойынша көрсетіледі.



Тұқымның өнгіштігі. Бұл - егістік жадығаттың себуге жарамдылығын анықтайтын басты көрсеткіш. Тұқымның өнгіштігі деп талдауға алынған үлгідегі қалыпты өскіндердің (өркендердің) пайыз (%) мөлшерін атайды. Зертханалық (лабораториялық) өнгіштікті оңтайлы жағдайда белгілі бекітілген мерзімде зертханада анықтайды. Өнгіштікпен бірге тұқымның өну энергиясын (қуатын) белгілі бір мерзімдегі (3-4 тәуліктен кейін) қалыпты өскіндердің % санын анықтайды. Өну энергиясы тұқымның танаптың (далалың) жағдайда біркелкі және тегіс егін көгін беруін сипаттайды, мұның өзі өсімдіктің тірі қалуының кепілі болып есептеледі. Мемлекеттік үлгі қалыптың шарттары бойынша көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының өнгіштігі бірінші класты тұқымда >95% болуы қажет. Мал азықтық шөптерде тұқым өнгіштігі бірінші класс үшін 87-85%, ал екінші класта 70-65%.

Кондицияға жеткізілмеген тұқымдарды себуге рұқсат етілмейді, өйткені ондай тұқымдар селдір және тіршілікке қабілеті нашар егін көгін береді.



Тұқымның ылгалдылығы - сақтау мүмкіндігін анықтайтын тұқым сапасының басты көрсеткіштерінің бірі. Жоғары ылғалдылықта тұқымның тыныс алуы күшейеді, температурасы жоғарылайды, соның салдарынан тұқым өздігінен қызады да өнгіштігін жоғалтады. Ылғалдылық деп пайызбен көрсетілген тұқымдағы судың мөлшерін айтады. Тұқым ылғалдылығын анықтағанда алынған үлгілерді белгіленген температура ережесінде арнаулы кептіргіш шкафтарда кептіреді. Жалпылама талдауда тұқым ылғалдылығын электрлі ылғал өлшегіш құрылымдарда анықтайды. Даулы жағдайда тұқым ылғалдылығын тек қана негізгі тәсілмен анықтайды.

Мемлекеттік үлгі қалыптар бойынша тұқымның кондициялық ылғалдылығы еліміздің аймақтарына, жекелеген дақылдарға мөлшерленеді. Атап айтқанда, Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс облыстарында дәнді дақылдардың көпшілігінің тұқым ылғалдылығы 16-17% , жармалық (тары, қарақүмық) 15-16%, майлы дақылдарда 10-13% , астық тұқымдас малазықтың шөптерде 13-дан жоғары болмауға тиіс. Еліміздің оңтүстік облыстары үшін бұл көрсеткіштер біршама төмен.



Тұқымның тіршілікке қабілеті егістік жадығаттағы тірі тұқымның пайызбен алынған шамасын сипаттайды. Тұқымның тіршілікке қабілетін мына жағдайларда анықтайды: тұқым сапасын шұғыл түрде анықтау қажет болғанда және тұқымның төмен өнгіштігінің себептерін анықтағанда жүргізіледі. Бұл көрсеткішті жаңа жинап алынған күздік дәнді дақылдардың тұқым сапасы бағаланғанда жиі қолданылады. Өйткені жинап алынғаннан кейін пісіп-жетілуден өтпеген тұқымды егістікке пайдалану қажеттілігі туындайды.

Тұқымның тіршілікке қабілетін бояғыштарды (тетразол, индигокармин, қышқыл фуксин) пайдаланып, ал жоңышқа мен қызыл беденің тұқымдарының тіршілікке қабілетін бөрту төсілімен анықтайды.



Тұқымның өсу куші (қуаты) — тұқым өскіндерінің белгілі бір құм немесе топырақ қабатын жарып шығу мүмкіншілігімен және жасыл өскіндердің массасымен сипатталады. Бұл — көрсеткіш егістік жадығаттың бірқатар сапа көрсеткіштері, әсіресе тұқымның өну энергиясы төмен болғанда, аурулармен залалданғанда және тұқымның зақымдануы мен олардың қалыпсыз өскіндері көп болғанда, тұқымды бағалаудың қосымша әдісі. Тұқымның өсу күші 10 тәулік дегенде беткі қабатқа шыққан сау өскіндердің саны мен жасыл өскіндердің 100 өскінге есептегендегі массасымен өлшенеді.

1000 тұқымның массасы тұқымның ірілігі, оның толық салмақтылығы мен ұрықтың қоректік заттармен қамтамасыз етілуі жөнінде түсінік береді. Бұл көрсеткіш кондициялы тұқымның құрғақ ауалы массасы күйінде белгілі бір тәсілмен анықталады. Іссанада 1000 тұқымның массасын гектарлық себу мөлшерінің сандық мәнін (себу коэффициентін) салмақтың мәнге (массаға) айналдыру үшін пайдаланады.

2.Тұқымның себу жарамдылығы.

Тұқым тазалығы мен өнгіштігінің көрсеткіштері бойынша тұқымның себу жарамдылығы есептеледі. Тұқымның себу жарамдылығы деп түқым тобындағы процентпен көрсетілген таза және өнгіш тұқымдарды айтады. Есептеу мына анықтама бойынша жүргізіледі (% есебімен): Сж== (Өт-Тт) : 100, мұнда Сж — себу жарамдылығы, Өт— тұұым өнгіштігі; Тт — тұқым тазалығы.

Себу жарамдылығы тек қана кондициялы тұкымдарға есептеледі. Бұл көрсеткішті себу мөлшеріне түзету енгізу үшін пайдаланады: Сн= (Кс-М- Ю0) : Сж, мүнда Сн — тұқымның себу нормасы, кг/га; Қс — тұқымның себу коэффициенті, млн/өнгіш тұқым 1 га; М— 1000 тұқымның массасы, г; Сж — тұқымның себу жарамдылығы, %•

Егіске арналған барлық тұқым себу сапасына тексерілуі керек. Мемлекеттік стандарттардың (МСТ) шарттарына сәйкес келетін тұқымдар ғана себуге рұқсат етіледі.

Тұқым тобынын, немесе бақылау өлшемі себу сапасын белтіленген тәсіл бойынша (МСТ 12036-84) алынған екі орта үлгіні талдау нәтижелерімен Мемлекеттік тұқым инспекциясында анықтайды.

Өздігінен тексеру сұрақтары:


  1. Тұқымның тазалығын анықтау әдістемесі.

  2. Тұқымның өңгіштігін анықтау әдістемесі.

  3. Тұқымның ылғалдылығын анықтау әдістемесі.

  4. Тұқымның тіршілікке қабілеттілігін анықтау әдістемесі.

  5. Тұқымның өсу күшін анықтау әдістемесі.

  6. 1000 тұқымның массасын анықтау әдістемесі.

  7. Құжаттар толтыру


Дәріс 3. Тұқым сапасы жөніндегі құжаттар және оларды дайындау
1. Тұқымның себу сапасын аныңтау (МҮҚ немесе МСТ) нормативтік құжаттар.

2. Тұқым кондициялығы жөніндегі куәлік

3.Тұқым талдаудың нәтижесі

1. Тұқымның себу сапасын анықтау (МҮҚ немесе МСТ) нормативтік құжаттар.

Тұкымның себу сапасы және мемлекеттік стандарттар (МСТ). Сапа құжаттары. Біздің елімізде тұқымды себу сапасына талдау бірыңғай тәсілмен мемлекеттік тұқым инспекцияларында жүргізледі, ал сапа көрсеткіштері (кластар) жалпы мемлекеттік стандарттар (МСТ) арқылы тағайындалады. Себу сапасының көрсеткішеріне мыналар жатады тұқым өнгіштігі мен өну энергиясы, ылғалдылық, өмірге бейімдігі (тіршілік қабілеті), өсу күші (қуаты), 1000 тұқымнын. массасы, аурулар және зиянкестермен залалдануы.

Тұқымның себу сапасын анықтау шараларына тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік үлгі қалыптау (МҮҚ немесе МСТ) және басқа нормативтік құжаттар талаптарының жүзеге асырылуына бақылау жасау тұқымдық бақылау деп аталады. Ол - тұқым шаруашылығы жүйесінің негізгі буындарының бірі. Тұқымдық бақылаудың екі түрі ажыратылады: ішкі шаруашылық аралық бақылау тұқым өсірумен айналысатын шаруашылықтарда жүргізіледі және мемлекеттік тұқымдық бақылау.

Мемлекеттік тұқымдық бақылау тұқым инспекцияларымен іске асырылады. Олар аудандық, облыстық және республикалық деңгейлерде құрылады, алайда негізгі бақылау аудандық тұқым инспекцияларымен атқарылады.



2. Тұқым кондициялығы жөніндегі куәлік

Егістікке арналған барлық тұқым себу сапасына тексерілуі керек. Мемлекеттік үлгі қалыптардың шарттарына сәйкес келетін тұқымдар ғана себуге рұқсат етіледі.

Тұқым тобының немесе бақылау бірлігінің себу сапасын мемлекеттік тұқым инспекциясында белгіленген тәсіл бойынша (МҮҚ 12036-84) орташа үлгіден сұрыпталған екі шөкімді талдау нәтижелерімен анықтайды.

Мемлекеттік үлгі қалыппен (МҮҚ) себу сапасының мөлшерленетін көрсеткіштері бойынша дәнді, дәнді бұршақ, майлы дақылдардың тұқымдары үш класқа, мал азықтык, шөптер, қант қызылшасы, мал азыңтық тамыржемістер; картоп, бақшалық дақылдардың тұқымдары екі класқа бөлінеді. Көрсетілген кластардың біріне жататын тұқымдарды кондициялы деп атайды, олар себуге жарамды. Себу сапасының көрсеткіштері үшінші (екінші) класты үлгі қалыптың шарттарына (талаптарына) сәйкес келмейтін тұқымдарды кондициялы емес тұқымдар деп есептейді де, оларды себуге рүқсат етілмейді.

Арнаулы тұқым шаруашылықтарында, басқа шаруашылықтардың тұқымдың учаскелерінде бірінші класты тұқымдар және тек ерекше жағдайларда ғана екінші класты тұқымдар себіледі.

Тұқымның орташа үлгісін талдаудың нәтижелеріне қарай мемлекеттік тұқым инспекциясы (ал ол аграрлық өнеркәсіп кешенінің әрбір ауданында болуға тиіс) "Тұқым кондициялылығы жөніндегі куәлік" немесе "Тұқым талдаудың нәтижесі" деген құжаттар береді. "Тұқым кондициялылығы жөніндегі куәлік" себу сапасы тексерілген және барлық көрсеткіштері үлгі қалыптың (стандарттың) талаптарына сәйкес келетін тұқымдарға беріледі. Куәлікте тұқым класы мөлшерленетін тұқым сапасының ең төменгі көрсеткіші бойынша анықталады.

Егер күздік дәнді дақылдар жиналған жылы себілетін болса, онда өнгіштіктің орнына тұқымның тіршілікке қабілеттілігі анықталады да, ерекшелік ретінде "Тұқым кондициялылығы жөніндегі куәлік" қағазын беруге рұқсат етіледі. Сондай-ақ тұқым тобын егін себуден 10-15 тәулік бұрын ылғалдылығы мен зиянкестер санын анықтамай-ақ тексергенде де жоғарыда аталған құжатты береді. "Тұқым кондициялылығы жөніндегі куәлік" құжатының әсер ету мерзімі берілген уақыттан санағанда көпшілік ауыл шаруашылығы дақылдары үшін (көкөніс,бақшалық дақылдар және мал азыктық тамыржемістерден басқалары) төрт ай және ол мерзім тұқымның өнгіштік көрсеткіші бойынша белгіленеді.

"Тұқым талдаудың нәтижесі" құжаты себу сапасы мемлекеттік үлгіқалыптың шарттарына сәйкес келмеген тұқымдарға және мөлшерленетін көрсеткіштер түгел тексерілмегенде беріледі. Бүл құжатта тұқымды талдаудың нәтижесі келтіріледі және қандай себептермен үлгі-қалыптың талаптарына жауап бермейтіндігі көрсетіледі, сонымен бірге кондицияға жеткізу үшін тұқымдарға қандай өңдеу жұмысын жүргізу қажет екендігі айтылады.
1-к е с т е Тұкымның себу сапасына мемлекеттік стандарт (12047-85 МСТ)


Дақыл

МСТ

нөмірі


Негізгі

дақыл тұқы-мы, %



Класы

Негізгі

дақылдың қоспасы, %



Оның ішінде көп

басқа өсімдіктің тұқымы

басқа өсімдіктің тұқымы

өнгшітігі ,

% кем


Жұмсақ бидай

10467-76

99

98

97



1

2

3



1,0

2,0


3,0

10

40 200


5

20

70



95,0

92,0


90,0

Қатты бидай

10467-63

99

98

97



1

2

3



10,

2,0


3,0

10

10

200



5

20

70



90,0

87,0


85,0

Қара бидай

10468-76

99

98

97



1

2

3



1,0

2,0


3,0

10

80

200



5

40

70



95,0

92,0


90,0

Сұлы

10470-75

99

98

97



1

2

3



1,0

2,0


3,0

10

80 300


5

20 70


95,0

92,0 90,0



Арпа

10469-76

99

98

97



1

2

3



1.0

2,0


3,0

10

60

300



5

20 70


95,0

92,0


90,0

Тары

10469-90

99

98

97



1

2

3



1,0

1,5


3,0

16

100 300


10

75 200


95,0

90,0


85,0

Қара құмық

10247-76

99

98

97



1

2 3


1,0

1,5


3,0

10

40 150


5 20 100

93,0

90,0 87,0



Ас бұршақ

10246-76.

99

98,5


96

1

2

3



1

2

4



5

10

50



0

2

5



95,0

92,0 90,0



Еркекшөп

19449-80

95

90


1

2


5,0

10,0


:

200 300

80,0

65,0


Қылтық-сыз арпабас

19449-80

85

90


1

2


5.0

10,0


-

240 320

75,0

65,0


Егістік жоңышқа

19450-80

96

96


1

2


4,0

4,0


-

100 200

80,0

70,0


Эспарцет

19450-80

97

97


1

2


3,0

3,0


-

40

50


75,0

65,0


Түйежо-ңышқа

19450-80

96

96


1

1


4,0

4,0


-

100 200

80,0 65,0

Итқонақ

19450-80

97

93


1

2


3,0

7,0


-

120 240

85,0 75,0

Судан шөбі

19451

98

95


1

2


2,0

3,0





20

20


80,0

70,0



Дәріс 4 Тұқым даму кезендері.

І.Тұқымның қалыптасуы

2.Тұқымның пісуі

З.Тұқымның жетілуі



Тұқымның қалыптасуы, толысуы, пісуі.

Гүлдену уақытынан өсімдіктердің жыныстық даму кезені басталады, бұл кезде тозаңдану мен ұрықтану өрбиді, осы жағдайдың өзіде тұқым сапасына әсерін тигізеді.

Тұқым пайда болғаннан бастап піскен уақытқа дейін күрделі құбылыстарға ұшырайды және оларды даму фазалары деп атайды.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша (Кулешов Н.Н.) тұқымдар мен жемістердің пайда болуы мен дамуындағы бүкіл физиологиялық процесс кезеңдерге, фазалар мен дәуірлерге бөлінеді. Дәнді дақылдар жемістерінің бүкіл пайда болу мен даму процесін үш кезеңге біріктіруге болады: қалыптасу, толысу, пісіп жетілу. Бұл кезеңдердің барлығы әр түрлі даму фазаларына бөлінеді : қалыптасу кезені -қоймалжың - сүйық күйі , толысу - сүттене пісуі, қамырлана пісуі, балауызданып пісуі, пісіп жетілуі - толық пісуі.



Қалыптасу кезенінде тұқым негізінен ұзындығына өседі, дәннің барлық бөліктері құралады да ұрықтын дербестелінуімен аяқталады. Дәннің ішіндегісі сулы жағдайдан сүтті күйге айналады, эндоспермада крахмал дәндері болады және дән қабығы жасылданады. Бұл кезеңнің ұзақтығы ауа райына байланысты шамамен 10-14 күнге созылады. Тұқымда ажырамайтын су көп, құрғақ заттар аз, бұл кезеңнңң аяғына қарай толық пісудің 15-35 % құрғақ заттары жинақталады. Тұқым ылғалдығы қалыптасуының бас кезінде 80%шамасында ал соңында 65 % дейін төмендейді. Эндосперм күйіне сәйкес бұл кезеңді екі фазаға бөлуге болады қоймалжың, сұйық және сүттену алдындағы күйлері.

Тұқымның / дәнннің/ толысуы қоректік заттардың қарқынды түрде жинақталуымен сипатталады. Тұқым бұл кезеңде негізінен ұзындығы мен колденеңіне барынша ұлғайып өседі, қабық жасушалары толығымен құралады. Құрғақ заттардың молаюына байланысты тұқым ылғалдылығы 40 % - ке дейін төмендейді. Ұзақтығы 20 күндей, ал ауа райы құрғақ және ыстық болғанда 12-15, ауа райы салқын және ылғалды болса - 25-30.

Тұқымның пісіп жетілуі дәннің толысуы аяқталғанша басталады. Бұл кезеңде пластикалық заттардың жүруі әлі тоқтамайды, бірақ қарқыны төмендейді, балауызданып пісудің ортасына қарай толық тоқтайды. Тұқым аналық өсімдіктен бөліне бастайды, бұл кездегі оның ылғалдылығы сыртқы ортаға байланысты. Тұқым ылғалдылығы 40-20%-ке дейін төмендейді. Бұл кезеннің ұзақтығы метеорологиялық жағдайға байланысты 6-12 күнге созылады.

Пісіп жетілу екі фазаға бөлінеді : балауыздануы және толық пісуі. Балауызданып пісудің өзі үшке бөлінеді : басы, ортасы және соңы. Бас кезінде дән жасыл түсін мүлде жоғалтады, іріленіп жылтырланады, тырнақпен жеңіл кесіледі. Ортасында - дән элі тырнақпен кесіледі, эндосперм ақ, ұнды немесе жылтыр. Соңында - дән тырнақпен кесілмейді, бірақ тырнақтың ізі қалады. Ылғалдылығы 25-20% төмендейді. Тұқымдық учаскілерде дестеге осы кезенде түсірген дұрыс.

Толық пісу кезеңі екіге бөлінеді: толық пісудің басы және толық пісу. Бас кезінде тұқым қатты, тырнақпен ізі салынбайды, ылғалдылығы 20-18%). Бұл кезенде егінді комбайынмен тура орып жинау ұсынылады. Толық пісу кезендегі ылғалдылық 17-16%. Тұқым жеңіл, аздаған шығынмен үгітіледі, құрғақ, сапалы.

Егер тұқымның қалыптасуы мен толысуы кезеңінде ауа райы ыстық, әрі құрғақ болса топырақта ылғал аз болса – дәнді «ыстық ұрады» немесе ол «демікпеге» ұшырайды. Кейде өсімдіктің әлсіруі одан әрі созылып, дәннің қатты сусыздануына әкеліп соғады, биохимиялық процестер өзгереді, солардың салдарынан семіп қалған 1000 дәннің массасы төмен тұқым алынады.

Тұқымның калыптасу, толысу және пісу процесінде оның химиялық құрамында көп өзгерістер болады, бұларға тұқымның биологиялық сапасы да тәуелді.

Тұқымның пісуіне қарай бірте-бірте май, углевод және белок /ақуыз/ түріндегі пластикалық заттар жиналады. Егер толысу кезінде олар жеңіл ерігіш жай қосылыстар интенсивті түрде кірсе, пісу соныңда олар нашар еритін күрделі қосылыстарға айналады да қоректік заттардың қоры ретінде жинақталады. Негізгі коректік заттардан басқа тұқымда ферменттер, өсіргіш заттар, органикалық қышқылдар, алкалоидтар, минералды заттар т.б. жинақталады .Дәнді бұршақ және майлы дақылдарда, мал азығындық шөптерде тұкым мен жемістің пайда болуы жобамен дәнді дақылдарға ұқсас. Бұл екпе дақылдарда тұқымның өзіне тән қоректік заттар синтезіне байланысгы біраз ерекшеліктер байқалады.

Сонымен, тұқым және жеміс түзу процесі әртүрлі дақылдарда бәріне ортақ биологиялық заңдылықтарды өтеді.

Толысу-пісу ұзақтығына және қоректік заттардың тұқымға келіп түсу интенсивтілігіне ауа райы және агротехникалық жағдайлар елеулі әсер етеді. Ауа райы ыстық және құрғақ, топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда тұқымға түсетін пластикалық заттар азаяды «демікпе» және «ыстық ұруы» кезінде мүлде тоқтайды, осылардың натижесінде егін өнімі мен сапасы нашарлайды. Мұндай жайт Солтүстік Қазақстан жағдайында толысу-пісу кезенінде құрғақшылық ұзаққа созылғанда дүркін-дүркін байкалып тұрады.

Салқын әрі жаңбырлы ауа райы тұқымның толысуы мен пісуін ұзартады, дәннің химиялық құрамы өзгереді, өйткені кейбір заттар өзінің түпкі күйіне айналып үлгермейді. Төменгі температура да және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында тұқымда белоктың мөлшері азаяды.


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет